Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке
қарсы және өтемақы шаралары туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негізгі терминдер
1. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын ала арнайы баж – оған қатысты тергеу жүргізетін орган тергеу барысында мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірген немесе келтіру қаупін төндірген өспелі импорттың болуы туралы алдын ала қорытынды жасалған Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауардың импорты кезінде қолданылатын баж;
2) алдын ала демпингке қарсы баж – оған қатысты тергеу жүргізетін орган тергеу барысында демпингтік импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залал туралы алдын ала қорытынды жасалған Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауардың импорты кезінде қолданылатын баж;
3) алдын ала өтемақы бажы – оған қатысты тергеу жүргізетін орган тергеу барысында субсидияланатын импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залал туралы алдын ала қорытынды жасалған Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауардың импорты кезінде қолданылатын баж;
4) арнайы баж – арнайы қорғау шарасын енгізген кезде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
5) арнайы қорғау шарасы – импорттық квотаны, арнайы квотаны немесе арнайы бажды, оның ішінде алдын ала арнайы бажды енгізу арқылы Комиссияның шешімі бойынша қолданылатын Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауардың өскен импортын шектеу жөніндегі шара;
6) арнайы квота – оның шеңберінде Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауар арнайы бажды төлеусіз, осы көлемнен артық арнайы баж төлемімен жеткізілетін Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауар импортының белгілі бір көлемін белгілеуі;
7) демпингке қарсы баж – демпингке қарсы шараны енгізу кезінде қолданылатын және мүше мемлекеттерінің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
8) демпингке қарсы шара – демпингке қарсы баж, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы баж енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған еркін баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы Комиссия шешімі бойынша қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл шарасы;
9) демпингтiк маржа – тауардың экспорттық бағасын шегергенде мұндай тауардың оның экспорттық бағасына қалыпты құнының пайызымен көрсетілген қатынасы не тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасының арасындағы абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген айырмасы;
10) мүше мемлекет – Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі және Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың Тарапы болып табылатын мемлекет;
11) Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – өз қызметін Кеден одағының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өкілеттіктер шеңберіңде жүзеге асыратын ұлттықтан жоғары орган;
12) импорттық квота – тауардың санына және (немесе) құнына қатысты оның Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына импортын шектеу;
13) мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал – атап айтқанда, мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндiрiсi көлемiнiң және мүше мемлекеттердiң нарығында оны өткiзу көлемiнiң қысқаруымен, мұндай тауар өндiрiсi рентабельдiлiгiнiң төмендеуiмен, сондай-ақ мүше мемлекеттер экономикасының осы саласындағы тауар қорларына, жұмыспен қамтуға, жалақының деңгейiне және мүше мемлекеттер экономикасының осы саласына инвестициялардың деңгейiне келеңсiз әсер етуден көрінетін мүше мемлекеттер экономикасы саласы ахуалының дәлелдемелермен расталған нашарлауы;
14) мүше мемлекеттер экономикасының саласы – мүше мемлекеттерде ұқсас тауардың (демпингке қарсы және өтемақылық тергеу мақсаттары үшін) не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау тергеуінің мақсаттары үшін) барлық өндірушілері не солардың арасында мүше мемлекеттердегі өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі тиісінше ұқсас тауардың не ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың елеулі бөлігін, бірақ кемінде 25 пайызын құрайтын өндірушілері;
15) мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтіру қаупі – мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;
16) мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтіру қаупі – мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтірудің дәлелдемелермен расталған шарасыздығы;
17) мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал – әдетте, алдыңғы кезең ішінде айқындалатын мүше мемлекеттердің экономика саласының өндірістік, сауда және қаржы жағдайының айтарлықтай нашарлауынан көрінетін, мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелесуші тауарды өндіруге байланысты жағдайдың жалпы нашарлауы;
18) өтемақы шарасы – Комиссияның шешiмi бойынша өтемақы бажын, оның iшiнде алдын ала өтемақы бажын енгізу не субсидиялаушы үшінші елдің уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті мiндеттемелерді мақұлдау арқылы қолданылатын мүше мемлекеттердің экономикасы саласына экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидия әсерiн бейтараптандыру шарасы;
19) өтемақы бажы – өтемақы шарасын енгізу кезінде қолданылатын және мүше мемлекеттердің кеден органдары кедендік әкелу бажына қарамастан алатын баж;
20) субсидияланатын импорт – өндірілуі, экспортталуы немесе тасымалдануы кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылған тауардың Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына импорты;
21) субсидиялаушы орган – экспорттаушы үшінші елдің мемлекеттік органы не жергілікті өзін-өзі басқару органы не тиісті мемлекеттік органның не жергілікті өзін-өзі басқару органының тапсырмасы бойынша әрекет ететін немесе құқықтық актіге сәйкес немесе нақты мән-жағдайларға орай тиісті мемлекеттік орган не жергілікті өзін-өзі басқару органы уәкілеттік берген тұлға;
22) экспорттық баға – Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына тауардың импорты кезінде төленген немесе төленуі тиіс баға.
23) тергеу – арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын енгізу алдында тергеу жүргізетін орган жүзеге асыратын рәсім;
24) тергеу жүргізетін орган – Еуразиялық экономикалық Одақтың кедендік аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық тергеулерді жүргізуге жауапты ретінде Комиссиямен белгілеген орган;
25) тікелей бәсекелес тауар – өзінің мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша, сондай-ақ тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарды тұтыну процесінде сатып алушы оны ауыстыратындай немесе ауыстыруға дайын болатындай басқа да негізгі қасиеттері бойынша тергеу (қайта тергеу) объектісі болып табылатын немесе болуы мүмкін тауарға сай келетін тауар;
26) уәкілетті орган – сыртқы сауда қызметін реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
27) үшінші елдер – Еуразиялық экономикалық Одақ туралы Шарттың қатысушылары болып табылмайтын елдер және (немесе) елдер бірлестіктері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін Әлем елдерінің сыныптаушына енгізілген аумақтар;
28) ұқсас тауар – тергеу (қайта тергеу) объектiсi болып табылатын немесе болуы мүмкiн тауарға толықтай сәйкес келетiн тауар не мұндай тауар болмағанда тергеу (қайта тергеу) объектiсi болып табылатын немесе болуы мүмкiн тауардың сипаттамасына жақын сипаттамасы бар басқа тауар;
29) сауданың әдеттегі барысы – өндірістің орташа өлшемді шығындарына және орташа өлшемді сауда, әкімшілік және жалпы шығындарға негізделе отырып айқындалатын соған ұқсас тауардың орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен емес баға бойынша экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы соған ұқсас тауарды сатып алу-сату;
30) төлеушілер – Қазақстан Республикасы Кеден кодексіне сәйкес айқандалған тұлғалар;
31) алдыңғы кезең – қажетті статистикалық деректері бар тергеуді жүргізу туралы өтініш берілген күннің тікелей алдындағы үш күнтізбелік жыл;
32) байланысты тұлғалар – төменде келтірілген бір немесе бірнеше өлшемдерге сай келетін тұлғалар:
осы тұлғалардың әрқайсысы басқа тұлғаның қатысуымен құрылған ұйымның қызметкері немесе басшысы болып табылады;
тұлғалар іскер әріптестер болып табылады, яғни шарттық қатынастармен байланысты болады, кіріс алу мақсатында іс-әрекет жасайды және бірлескен қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтереді;
тұлғалар бір ұйымның жұмыс берушілері және жұмыскерлері болып табылады;
қандай да бір тұлға дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп пайызының немесе екі тұлғаның үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленеді, бақылайды немесе атаулы ұстаушысы болып табылады;
тұлғалардың біреуі екінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
екі тұлғаны да үшінші тұлға тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
екі тұлға бірлесіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама түрде бақылайды;
тұлғалар неке қатынастарында, туыстық немесе бала асыраушы немесе асырап алынған, сондай-ақ қамқоршы және қамқорлықтағы қатынастарда болады.
33) тікелей бақылау – заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі төменде келтірілген бір немесе бірнеше әрекеттер:
оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;
заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;
заңды тұлғаның жарғылық (қоймалық) капиталын (қорын) құрайтын акцияларға (үлестерге) тиесілі дауыстардың жалпы санының
бес пайызынан астамына иелік ету іс-қимылдарының бірі немесе бірнешеуі арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындауы мүмкіндігі түсініледі;
34) жанама бақылау – жеке немесе заңды тұлға арқылы не арасында тікелей бақылау бар бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді заңды немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі.
2-бап. Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты
арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы
шаралары туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның мақсаты және қолданылу аясы
1. Осы Заңның мақсаты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану арқылы мүше мемлекеттердің экономикасының саласын қорғау мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық және (немесе) елеулі залал жою болып табылады.
2. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен реттелетін зияткерлік меншік объектілеріне қызметтер көрсетумен, жұмыстар орындаумен, айрықша құқықтарды берумен немесе зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға құқық берумен, инвестицияларды, валюталық және экспорттық бақылауды жүзеге асырумен байланысты қатынастарға қолданылмайды.
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) тергеу жүргізетін органмен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
2) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеулерге бастама жасау жөніндегі ұсыныстарды тергеу жүргізетін органға енгізеді;
3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі;
5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы
шарасын енгізу, қолдану, қайта қарау немесе жою
туралы шешімдер
Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізуді және қолдануды қоса алғанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шарасын енгізу және қолдану туралы, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қайта қарау немесе жою туралы не шараны қолданбау туралы шешімді Комиссия қабылдайды.
2-тарау. Арнайы қорғау шаралары
6-бап. Арнайы қорғау шарасын қолданудың жалпы қағидаттары
1. Егер тергеу жүргізетін орган жүргізген тергеу нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық Одақтың кедендік аумағына осы тауардың импорты өскен мөлшерде (мүше мемлекеттердің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісінің жалпы көлеміне абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіштерде) және мүше мемлекеттің экономика саласына қауіпті залал келтіретін немесе осындай залал келтіру қауіпін туғызатын жағдайда жүзеге асырылатынын анықтаған жағдайда тауарға, арнайы қорғау шарасы қолданылуы мүмкін,
2. Арнайы қорғау шарасы олардың шығарылатын еліне қарамастан:
1) әрқайсысының үлесіне Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің көп дегенде үш пайызынан келетін дамушы немесе аз дамыған үшінші елдерден шығарылатын осы тауар импортының жиынтық үлесі Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің тоғыз пайызынан аспайтын жағдайда, дамушы және аз дамыған елден шығарылатын осы тауар импортының үлесі Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына осы тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аспайынша, мүше мемлекеттердің бірыңғай преференциялар жүйесін пайдаланатын, дамушы немесе аз дамыған үшінші елден шығарылатын тауарды;
2) 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шарттың Тарапы болып табылатын, осы Шарттың 8-бабында белгіленген талаптарды орындаған кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше мемлекетінен шығатын тауарды қоспағанда, экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына импортталатын тауарға қолданылады.
7-бап. Өспелі импорт салдарынан мүше мемлекеттердің
экономика саласына елеулі залалды немесе осындай
залал келу қаупін белгілеу
1. Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына өспелі импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе осындай залалдың келу қаупін белгілеу мақсатында тергеу жүргізетін орган тергеу барысында сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін және мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайына, оның ішінде:
1) тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің немесе тұтынудың жалпы көлеміне қатысты абсолюттік көрсеткіштердегі және салыстырмалы көрсеткіштердегі өсу қарқыны мен көлеміне;
2) тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауардың мүше мемлекеттердің нарығындағы осы тауардың және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы сатылу көлеміндегі үлесіне;
3) тергеу объектісі болып табылатын импорттық тауардың мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар бағалары деңгейімен салыстырғандағы бағалар деңгейіне;
4) мүше мемлекеттерде өндірілетін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды мүше мемлекеттер нарығында сату көлемінің өзгеруіне;
5) мүше мемлекеттердің экономика саласындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісі көлемінің, өнімділігінің, өндірістік қуаттардың жүктемесінің, пайда мен зиян мөлшерлерінің, сондай-ақ жұмыспен қамту деңгейінің өзгертуіне әсер ететін объективті факторларды бағалайды.
2. Өспелі импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал немесе осындай залалды келтіру қаупі іске қатысты және тергеу жүргізетін органның иелігінде бар барлық дәлелдемелер мен мәліметтерді талдау нәтижелерінің негізінде белгіленуі тиіс.
3. Тергеу жүргізуші орган сол кезеңде өскен импорттан басқа мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіретін немесе осындай залал келтіру қаупі туындайтын басқа белгілі факторларды талдайды. Аталған залал Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына өскен импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілетін залалға жатқызылмауы тиіс.
8-бап. Алдын ала арнайы бажды енгізу
1. Арнайы қорғау шарасын қолдануды кешіктіру мүше мемлекеттердің экономика саласына кейіннен жойылуы қиын болатын залал келтіруге әкеліп соғуы мүмкін күрделі жағдайларда Комиссия тиісті тергеу аяқталғанға дейін, тергеуді жүргізуші органның алдын ала қорытындысының негізінде оған сәйкес тергеу объектісі болып табылатын тауардың өскен импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтіргенінің немесе келтіру қаупін төндіргенінің айқын дәлелдемелері болғанда екі жүз күннен аспайтын мерзімге алдын ала арнайы баж енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Тергеуді жүргізуші органның түпкілікті қорытындысын алу мақсатында тергеу жалғасуы тиіс.
2. Уәкілетті орган тергеу жүргізетін органның алдын ала қорытынды негізінде дайындаған алдын ала арнайы бажды енгізу туралы ұсынысын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
3. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкiлеттi органын, сондай-ақ басқа да оған белгiлi мүдделi тұлғаларды алдын ала арнайы бажды енгізу мүмкіндігі туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.
4. Экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органының алдын ала арнайы бажды енгiзу мәселесi бойынша консультациялар өткiзу туралы сұрау салуы бойынша мұндай консультациялар Комиссия алдын ала арнайы бажды енгiзу туралы шешiмдi қабылдағаннан кейiн басталуы тиiс.
5. Тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екені анықталған немесе осы Заңның 42-бабына сәйкес арнайы қорғау шарасын қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда алдын ала арнайы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушiге қайтарылуға жатады.
Тергеуді жүргізуші орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын арнайы қорғау шарасын енгізу үшін негіздер жоқ екені анықталған немесе арнайы қорғау шарасын қолданбау туралы Комиссия шешімдердің қабылданғаны туралы уақтылы хабардар етеді.
6. Егер тергеу нәтижелері бойынша арнайы қорғау баж шарасын (оның ішінде импорт немесе арнайы квотасын енгізу арқылы) қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзіміне есептеледі, ал тергеу нәтижелері бойынша қабылданған арнайы қорғау шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала арнайы баж сомалары осы Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес есептелуге және бөлінуге тиіс.
7. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала арнайы баж сомалары осы Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес есептелуге және бөлінуге тиіс.
Арнайы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген арнайы баж сомаларынан асатын алдын ала арнайы баж сомалары
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушiге қайтарылуға жатады.
8. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала арнайы баж мөлшерлемесіне қарағанда, арнайы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, арнайы баж бен алдын ала арнайы баж сомалары арасындағы айырмашылық алынбайды.
9. Алдын ала арнайы бажды енгізу туралы шешім, негізінен, тергеу басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қабылданады.
9-бап. Арнайы қорғау шарасын қолдану
1. Арнайы қорғау шарасы Комиссияның шешімі бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе осындай залалды келтіру қаупін жою үшін, сондай-ақ өзгермелі экономикалық жағдайларға мүше мемлекеттердің экономика саласын бейімдеу процесін жеңілдету үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
2. Егер арнайы қорғау шарасы импорттық квотаны белгiлеу арқылы қолданылса, мұндай импорттық квотаның мөлшері мүше мемлекеттердiң экономикасы саласына елеулi залалды немесе осындай залалды келтiру қаупiн жою үшiн импорттық квотаның аз мөлшерiн белгiлеу қажеттiлiгi жағдайларын қоспағанда, алдыңғы кезеңде жүргізілген тергеу объектiсi болып табылатын тауар импортының (сандық немесе құндық мәнінде) орташа жылдық көлемiнен төмен болмауы тиiс.
3. Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асыруға мүдделі экспорттаушы үшінші елдер арасындағы импорттық квотаны бөлу кезінде олардың арасында импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу үшін мүмкіндік беріледі.
4. Егер осы баптың 3-тармағында көзделген импорттық квотаны бөлу мәселесі бойынша консультациялар жүргізу мүмкін болмайтын немесе аталған консультациялар барысында мұндай уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда импорттық квота сандық немесе құндық көріністегі осы тауар импортының жалпы көлемі негізіндегі тергеу жүргізуге өтінішті беру күнін алдындағы күнтізбелік үш жыл үшін экспорттаушы үшінші мемлекеттен осы тауардың импорты кезінде қалыптасқан шамада тергеу объектісі болып табылатын тауарды Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына аумағына экспортқа мүдделігі бар экспорттаушы үшінші мемлекеттердің арасында бөлінеді.
Бұл ретте осы тауардың саудасы барысына ықпал етуі мүмкін немесе ықпал ете алатын кез келген ерекше факторлар есепке алынады.
5. Егер жекелеген экспорттаушы үшінші елдерден тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының пайыздық қатынастағы өсуі тергеу жүргізу туралы өтінішті беру күнінің алдындағы үш жыл үшін осындай тауар импортының жалпы өсуіне қатысты тең емес мөлшерде ұлғайған жағдайда Комиссия осындай экспорттаушы үшінші елдерден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына осы тауардың импорты өсуінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін есепке ала отырып, мұндай экспорттаушы үшінші елдер арасындағы импорттық квотаны бөле алады.
Осы тармақтың ережелері тергеу жүргізетін орган мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың болуын белгілеген жағдайда ғана қолданылады.
6. Импорттық квота көлемдерін бөлу Комиссия шешімдерінде көзделген жағдайларда осы Заңның баптарына және (немесе) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Импорттық квота көлемдерін бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
7. Арнайы қорғау шаралары ретінде импорттық квотаны белгілеу туралы Комиссия шешім қабылдайды. Егер тауардың импортына сандық шектеулер белгіленген тауарлар үшін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
8. Егер арнайы қорғау шарасы арнайы квотаны белгiлеу арқылы қолданылса, мұндай квотаның мөлшерін белгiлеу, бөлу және қолдану осы Заңның 1 – 7-тармақтарында импорттық квотаға көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
10-бап. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі және
қайта қарау
1. Арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі осы баптың
2-тармағына сәйкес осындай шараның қолданылу мерзімін ұзарту жағдайын қоспағанда, төрт жылдан аспауға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі, егер тергеу жүргізетін орган жүргізген қайта тергеу нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалды немесе мұндай залал келтіру қаупін жою үшін арнайы қорғау шарасын қолдану мерзімі ұзартылуы қажет және мүше мемлекеттердің тиісті экономика саласының өзгермелі экономикалық жағдайларға осы саланың бейімделуіне ықпал ететін шаралар қолдануы туралы дәлелдемелер бар екендігі белгіленсе, Комиссияның шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
3. Комиссияның арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдауы кезінде мұндай шара арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешімді қабылдау күніне қолданылатын арнайы қорғау шарасынан аса шектелмеуге тиіс.
4. Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі бір жылдан асқан жағдайда, Комиссия осындай шараның қолданылу мерзімі ішіндегі тең уақыт аралығымен осындай арнайы қорғау шарасын біртіндеп жеңілдетеді.
Егер арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзімі үш жылдан асқан жағдайда, мұндай шараның қолданылу мерзімінің жартысы аяқталғаннан кейін тергеу жүргізетін орган нәтижесінде арнайы қорғау шарасы сақталуы, жеңілдетілуі немесе жойылуы мүмкін қайта тергеуді жүргізеді.
Осы баптың мақсаттары үшін арнайы қорғау шарасын жеңілдету деп импорттық квотаның немесе арнайы квотаны көлемін ұлғайту не арнайы баждың мөлшерлемесін төмендету түсініледі.
5. Алдын ала арнайы баждың қолданылу мерзімі мен арнайы қорғау шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзімді қоса алғанда, арнайы қорғау шарасы қолданылуының жалпы мерзімі сегіз жылдан аспауға тиіс.
6. Арнайы қорғау шарасы бұрынғы арнайы қорғау шарасының қолданылу мерзіміне тең мерзім ішінде оған бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылған тауарға қайта қолданылуы мүмкін емес. Бұл ретте, бұрынғы арнайы қорғау шарасы қолданылмайтын мерзім екі жылдан кем бола алмайды.
7. Осы баптың 6-тармағында белгіленген ережелерге қарамастан қолданылу мерзімі жүз сексен немесе одан аз күнді құрайтын арнайы қорғау шарасы, егер алдыңғы арнайы қорғау шарасын енгізген күннен бастап кемінде бір жыл өтсе және арнайы қорғау шарасы жаңа арнайы қорғау шарасын енгізген күннің тікелей алдындағы бес жыл ішінде екі реттен астам мұндай тауарға қолданылмаса, сол тауарға қайта қолданылуы мүмкін.
3-тарау. Демпингке қарсы шаралар
11-бап. Демпингке қарсы шараны қолданудың жалпы
қағидаттары
1. Егер тексеру жүргізетін орган жүргізген тексерудің нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қатерін тудыратыны немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды елеулі бәсеңдететіндігі белгілі болса, демпингке қарсы шара, демпингтік импорттың нысанасы болып табылатын осындай тауарға қолданылады.
2. Тауар, егер осындай тауардың экспорттық бағасы тауардың қалыпты құнынан төмен болса, демпингтік импорттың мәні болып табылады.
3. Демпингтік импорттың болуын айқындау мақсаттары үшін мәліметтер талданатын тергеу кезеңін тергеуді жүргізетін орган белгілейді.
Бұл ретте мұндай кезең, әдетте тергеу жүргізу туралы өтініш берілген күннің алдындағы он екі айға тең мерзімге белгіленеді, бірақ кез келген жағдайда алты айдан кем болмауға тиіс.
12-бап. Демпингтік маржаны айқындау
1. Тергеу жүргізетін орган мыналарды:
1) тауардың орташа өлшемді қалыпты құнын тауардың орташа өлшемді экспорттық бағасымен;
2) жеке мәмілелер бойынша тауардың экспорттық бағаларының жеке мәмілелері бойынша тауардың қалыпты құнымен;
3) сатып алушыларға, өңірге немесе тауарды жеткізу кезеңіне байланысты тауардың бағасында елеулі айырмашылықтар болған жағдайда тауардың жеке мәмілелер бойынша экспорттық бағаларымен тауардың орташа өлшемді қалыпты құнымен салыстыру негізінде демпингтік маржаны айқындайды.
2. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру сауда операциясының сол сатысында және бір уақытта мүмкіндігі бойынша орын алған тауарды сату жағдайына қатысты жүзеге асырылады.
3. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде бағаның салыстырмалылығына әсер ететін айырмашылықтарды, оның ішінде, жеткізулердің, салық салудың жағдайлары мен сипаттамаларын, сауда операциялары кезеңдерінің, сандық көрсеткіштердің, физикалық сипаттамалардың айырмашылықтарын, сондай-ақ оларға қатысты бағалардың салыстырмалылығына олардың әсер етуіне дәлелдемелер берілетін басқа кез келген айырмашылықтарды есепке ала отырып, оларды түзету жүзеге асырылады.
Тергеу жүргізетін орган жоғарыда аталған факторлар ескерілген түзетулер тауардың қалыпты құнымен экспорттық бағаны салыстыру нәтижесін бұрмалай отырып, бір-бірін қайталамайтындығына көз жеткізеді. Тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін, тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғалардан қажетті ақпарат сұратуға құқылы.
4. Экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатып алу-сату мәмілелері болмаған жағдайда не егер сауданың әдеттегі барысы кезінде ұқсас тауарды сату көлемінің төмен болуына байланысты немесе экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы ерекше жағдайға байланысты экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сату кезінде тауардың экспорттық бағасын ұқсас тауардың бағасымен тиісті салыстыру жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, тауардың экспорттық бағасы ұқсас тауардың бағасы репрезентативтік болып табылатын жағдайда, экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге импортталатын ұқсас тауар бағасымен немесе қажетті әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды және пайданы есепке ала отырып, оның шығу еліндегі тауар өндірісінің шығындарымен салыстырылады.
5. Егер тауар оның шығу елі болып табылмайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына импортталған жағдайда, осындай тауардың экспорттық бағасы үшінші елдің нарығындағы ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен салыстырылады.
Тауардың экспорттық бағасын салыстыру, егер осы тауар Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына экспортталып, үшінші ел арқылы қайта жіберілсе ғана немесе мұндай тауарды өндіру осы үшінші елде жүзеге асырылмаса не онда ұқсас тауардың салыстырмалы бағасы жоқ болса, оның шығу елінде ұқсас тауардың салыстырмалы бағасымен жүргізілуі мүмкін.
6. Егер, тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру кезінде олардың шамасын бір валютадан екіншісіне қайта есептеу талап етілсе, мұндай қайта есептеу валютаның тауарды сату күніндегі ресми бағамын пайдаланумен жүргізіледі.
Егер шетел валютасын сату тауарды тиісті экспорттық жеткізумен тікелей байланысты болған және мерзімінде жүзеге асырылған жағдайда, мерзімде валютаны сату кезінде қолданылатын валюта бағамы пайдаланылады.
Тергеу жүргізетін орган валюта бағамдарының ауытқуын ескермейді және тергеу барысында экспорттаушыларға тергеу кезеңінде валюта бағамдарының тұрақты өзгерістерін есепке ала отырып, олардың экспорттық бағаларын түзету үшін кемінде күнтізбелік алпыс күннен береді.
7. Тергеу жүргізетін орган, әдетте, жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметтерді берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі үшін жеке демпингтік маржа айқындайды.
8. Егер тергеу жүргізетін орган тауарларды экспорттаушылардың, өндірушілердің немесе импорттаушылардың жалпы санының, тауардың әртүрлілігі немесе қандай да бір басқа себеп бойынша тауарды әрбір белгілі экспорттаушы және (немесе) өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келген жағдайда, ол мүдделі тұлғалардың қолайлы санына сүйене отырып, жеке демпингтік маржаны айқындау шектігін пайдалануы не статистикалық репрезентативтік және тергеу барысын бұзбай зерттелуі мүмкін болып табылатын тергеу жүргізетін органның иелігіндегі бар ақпарат бойынша әрбір экспорттаушы үшінші елден тауарды таңдауға қатысты демпингтік маржаны айқындауы мүмкін.
Осы тармақтың ережелерінде белгіленген жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеу мақсаты үшін мүдделі тұлғаларды іріктеуді тергеу объектісі болып табылатын тауарды тиісті шетелдік экспорттаушылардың, өндірушілердің және импорттаушылардың консультациясы негізінде және олардың келісімімен тергеу жүргізетін орган жүзеге асырады.
Егер тергеу жүргізетін орган да осы тармақтың ережелеріне сәйкес шектеуді пайдаланса, шетелдік экспорттаушылар және (немесе) шетелдік өндірушілер санының көптігінен тергеу жүргізу органының тиісті тергеу жүргізу мерзімін бұзуға әкелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, бастапқыда таңдалмаған, бірақ қажетті мәліметтерді қараудың белгіленген мерзімінде оларды ұсынған әрбір шетелдік экспорттаушыға немесе шетелдік өндірушіге қатысты жеке демпингтік маржаны айқындайды.
Осындай шетелдік экспорттаушылардың және (немесе) шетелдік өндірушілердің ерікті түрде ұсынған жауаптарын тергеу жүргізетін орган қайтармауға тиіс.
9. Егер тергеуді жүргізетін орган осы баптың 8-тармағына сәйкес жеке демпингтік маржаны айқындауды шектеуді пайдаланса, демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты есептелген демпингтік маржаның мөлшері жеке демпингтік маржаны айқындау үшін таңдалған демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушыларға немесе шетелдік өндірушілерге қатысты айқындалған орташа өлшемді демпингтік маржаның мөлшерінен аспауы тиіс.
10. Егер тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші тергеу жүргізетін органға талап ету түрінде және белгіленген мерзімде сұралған ақпаратты бермесе немесе олар берген ақпарат тексеруге келмейтін не шындыққа сәйкес келмейтін жағдайда, тергеу жүргізетін орган оның иелігіндегі басқа қолда бар ақпараттың негізінде демпингтік маржаны айқындай алады.
11. Жеке демпингтік маржаны айқындауға мүмкіндік беретін қажетті мәліметті берген тауардың әрбір белгілі экспорттаушысы және (немесе) өндірушісі үшін жеке демпингтік маржаны айқындаудан басқа, тергеу жүргізетін орган тергеу барысында айқындалған ең жоғары демпингтік маржаның негізінде тергеу объектісі болып табылатын тауардың барлық басқа экспорттаушылары және (немесе) өндірушілері үшін бірыңғай демпингтік маржаны айқындай алады.
13-бап. Тауардың қалыпты құнын айқындау
1. Тауардың қалыпты құнын тергеу жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылмайтын сатушыларға сату кезінде, сауданың әдеттегі барысында экспорттаушы үшінші елдің кеден аумағында пайдалану үшін ұқсас тауар бағаларының негізінде айқындайды.
Қалыпты құнды айқындау мақсаттары үшін осындай үшінші елдің резиденті болып табылатын өндірушілермен және экспорттаушылармен байланысты тұлғалар болып табылатын сатып алушыларға сату кезінде, егер аталған байланыс шетелдік өндірушінің және (немесе) экспорттаушының баға саясатына әсер етпейтіндігі белгіленген жағдайда, ұқсас тауардың бағалары есепке алынуы мүмкін.
2. Экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатудың көлемі, егер бұл көлем экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауар экспортының жалпы көлемінің кемінде бес пайызын құраса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін жеткілікті көлем ретінде қаралады.
Сауданың әдеттегі барысында ұқсас тауарды сатудың барынша төменгі көлемі, егер мұндай көлем сауданың әдеттегі барысында тауардың экспорттық бағасын осындай тауардың бағасымен тиісті салыстыруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті деген дәлелдемелер болса, тауардың қалыпты құнын айқындау үшін қолайлы деп саналады.
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде сатып алушының экпорттаушы үшінші елдің ішкі нарығында сатуы кезіндегі тауардың бағасы тергеу кезеңі ішінде сатып алушыларға экспорттаушы сатқан ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы немесе осы кезең шеңберіндегі сатып алушының әрбір жеке сатуы бойынша бағасы болып табылады.
4. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен бағалар бойынша экспорттаушы үшінші елдің нарығында немесе экспорттаушы үшінші елден өзге үшінші елге ұқсас тауарды сату, егер тергеу жүргізетін орган ұқсас тауарды мұндай сату осы кезеңде барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз етпейтін елеулі көлемде және бағалар бойынша тергеу кезеңінде жүзеге асырылатынын белгілейтін жағдайда ғана, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілмеуі мүмкін.
5. Егер оны сату сәтінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауар бірлігін өндірудің өзіндік құнынан төмен осындай тауардың бағасы, тергеу кезеңінде әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, тауар бірлігінің орташа өлшемді өзіндік құнынан асып кеткен жағдайда, мұндай баға тергеу кезеңі ішіндегі барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз ету ретінде қаралады.
6. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, ұқсас тауарды өндірудің өзіндік құнынан төмен баға бойынша ұқсас тауарды сату, егер тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша ұқсас тауардың орташа өлшемді бағасы әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, осындай тауардың бірлігін өндірушінің орташа өлшемді өзіндік құнынан төмен және бағалар бойынша сату көлемі осындай өзіндік құнынан төмен жағдайда, тауардың қалыпты құнын айқындау кезінде ескерілетін мәмілелер бойынша сату көлемінің кемінде жиырма пайызын құрайды.
7. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды есепке ала отырып, тауар бірлігін өндірудің өзіндік құны мұндай деректердің экспорттаушы үшінші елдегі бухгалтерлік есеп пен есептіліктің жалпы қабылданған қағидаттары мен қағидаларына сәйкес келуі және тауарды шығаруға және сатуға байланысты шығындарды толық көрсету шартымен тауарды экспорттаушы және өндіруші берген деректер негізінде есептеледі.
8. Тергеу жүргізетін орган, шығындарды мұндай бөлу әдетте, тергеу объектісі болып табылатын, атап айтқанда, амортизацияның тиісті кезеңін, өндірісті дамытуға басқа да шығындарды жабу мен капитал салуға аударымдар белгілеуге қатысты осындай тауарды экспорттаушыға немесе өндірушіге қолданылуы шартымен тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші берген деректерді қоса алғанда, өндіріс шығындарын әкімшілік, сауда және жалпы шығындарды бөлу дұрыстығының оның иелігіндегі барлық дәлелдемелерін есепке алады.
9. Өндіріс шығындары, әкімшілік, сауда және жалпы шығындар өндірісті дамытуға байланысты бір жолғы шығыстарды немесе өндірісті ұйымдастыру кезеңінде жүзеге асырылатын тергеу кезіндегі операциялар әсер ететін шығындардың жағдайларын есепке ала отырып, түзетіледі. Мұндай түзетулер өндірісті ұйымдастыру кезеңінің аяғындағы, ал егер өндірісті ұйымдастыру кезеңі тергеу кезеңінен асып кеткен болса, тергеу жүргізу кезеңіне келетін өндірісті ұйымдастырудың барынша кеш кезеңі үшін шығындарды көрсетуі тиіс.
10. Әкімшілік, сауда және жалпы шығындардың жиынтық сандық көрсеткіштері және экономиканың осы саласына тән пайда демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші беретін сауданың әдеттегі барысында осындай тауарды өндіру және сату туралы нақты деректердің негізінде айқындалады.
Егер мұндай жиынтық сандық көрсеткіштерді көрсетілген жолмен айқындауға болмайтын болса, олар мыналардың:
1) экспорттаушы үшінші елдің нарығында тауардың сол санатын өндіруге және сатуға байланысты тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы немесе өндіруші алған және жұмсаған нақты сомалар;
2) осындай тауарды басқа да экспорттаушы немесе өндіруші экспорттаушы үшінші елдің нарығында ұқсас тауарды өндіруге және сатуға байланысты алған және жұмсаған орташа өлшемді нақты сомалар;
3) осындай жолмен айқындалған пайда сомасы экспорттаушы үшінші елдің нарығындағы сол санаттағы тауарды сату кезінде әдетте басқа да экспорттаушылар немесе өндірушілер алатын пайдадан аспайтын жағдай кезіндегі өзге әдіс негізінде айқындалуы мүмкін.
11. Демпингтік импорт нарықтағы бағаларды мемлекет тікелей реттейтін немесе сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясы бар экспорттаушы үшінші елден болған жағдайда, тауардың қалыпты құны бағаның немесе тиісті үшінші елде есептелген ұқсас тауар құнына (көрсетілген экспорттаушы үшінші елмен тергеу мақсаттары үшін салыстырылатын) не мұндай үшінші елден экспортқа жеткізу кезіндегі ұқсас тауар бағасының негізінде белгіленуі мүмкін.
Егер тауардың қалыпты құнын айқындау осы тармақтың ережелеріне сәйкес мүмкін болмаған жағдайда, тауардың қалыпты құны Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағындағы ұқсас тауарға төленген немесе төленуге жататын және пайданы есепке ала отырып түзетілген бағаның негізінде айқындалуы мүмкін.
14-бап. Тауардың экспорттық бағасын айқындау
1. Тауардың экспорттық бағасы тергеу кезеңінде оны сату туралы деректердің негізінде айқындалады.
2. Демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың экспорттық бағасы туралы деректер жоқ болған кезде не тергеу жүргізетін органның осындай тауардың экспорттық бағасы туралы мәліметтердің дұрыстығына негізді күмәндары пайда болып, осының салдарынан тауарды экспорттаушы мен импорттаушы тұлғалармен, оның ішінде олардың әрқайсысының үшінші тұлғамен байланысына орай не осындай тауардың экспорттық бағасына қатысты ымыраласу нысанында шектеулі іскери практика болған кезде, оның экспорттық бағасы, егер импортталушы тауар тәуелсіз сатып алушыға қайта сатылмаса немесе Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына импортталған түрінде қайта сатылмаса, тергеу жүргізетін орган қандай да бір әдіспен айқындайтын импортталушы тауар бірінші рет тәуелсіз сатып алушыға сатылатын баға негізінде есептелуі мүмкін. Бұл ретте тауардың экспорттық бағасын оның қалыпты құнымен салыстыру мақсаттары үшін, сондай-ақ шығыстар, оның ішінде тауардың импорты мен қайта сату арасындағы кезеңде төленген кедендік баждар мен салықтар, сондай-ақ алынған пайда есепке алынады.
15-бап. Демпингтік импорттың салдарынан мүше
мемлекеттердің экономика саласына залалды
белгілеу
1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы деп мүше мемлекеттердің экономика саласының материалдық залалы, осындай залалды келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай тежеу түсініледі.
2. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залал демпингтік импорт көлемін талдау нәтижелері, мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағаларына және мүше мемлекеттердің ұқсас тауар өндірушілеріне әсері негізінде белгіленеді.
3. Демпингтік импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы болуын айқындау мақсаттары үшін мәліметтер талданатын тергеу кезеңін тергеуді жүргізуші орган белгілейді.
4. Демпингтік импорт көлемін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган тергеу объектісі болып табылатын (абсолюттік көрсеткіштерде не мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге немесе тұтынуға қатысты) тауардың демпингтік импортының едәуір ұлғаюының болғанын не болмағанын айқындайды.
5. Мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауардың бағасына демпингтік импорттың әсер етуін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган:
1) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауар бағалары мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағаларынан айтарлықтай төмен болғанын не болмағанын;
2) демпингтік импорт мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келгенін не келмегенін;
3) демпингтік импорт осындай импорт болмаған жағдайда орын алатын, мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағаларының айтарлықтай өсуіне кедергі келтірген не келтірмегенін белгілейді.
6. Егер бір уақытта жүргізілген тергеудің мәні бір экспорттаушы үшінші елден көп Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауардың импорты болып табылатын жағдайда, тергеу жүргізетін орган мұндай импорттың жиынтық әсер етуін, егер:
1) тергеу объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты айқындалған демпингтік маржа әрбір эспорттаушы үшінші елден ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржасынан асса, ал әрбір экспорттаушы үшінші елден осы тауар импортының көлемі осы Заңның 34-бабының 2-тармағының ережелерін есепке ала отырып, елеусіз болып табылмайтыны;
2) тауар импортының жиынтық әсер етуін бағалау импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттарын және мүше мемлекеттерде өндірілген импорттық тауар мен ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке ала отырып, мүмкін болып табылатыны белгіленген жағдайда бағалауы мүмкін.
7. Мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуін талдау мүше мемлекеттердің экономика саласының жай-күйіне қатысы бар барлық экономикалық факторларды:
1) оған бұрын орын алған демпингтік немесе субсидияланған импорттың әсер етуінен кейін мүше мемлекеттердің экономика саласының экономикалық жағдайын қалпына келтіру дәрежесін;
2) болған немесе болашақта болуы мүмкін өндірістің қысқаруын, тауардың сатылуын, оның мүше мемлекеттердің нарығындағы үлесін, пайдасын, өнімділігін, тартылған инвестициялардан түсетін кірістерді немесе өндірістік қуаттарды пайдалануды;
3) мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар бағаларына әсер ететін факторларды;
4) демпингтік маржаның мөлшерін;
5) болған немесе болашақта болуы мүмкін тауар өндірісінің өсу қарқынына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, жалақыға, инвестииялар тарту мүмкіндігіне және қаржылық жағдайға жағымсыз әсерді қоса алғанда бағалаудан тұрады.
Бұл ретте, бір де бір фактор демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залалды белгілеу мақсаты үшін шешуші мәнге ие бола алмайды.
8. Мүше мемлекеттердің экономика саласындағы демпингтік импорт пен залал арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуы туралы қорытынды тергеу жүргізетін органның иелігіндегі, іске қатысты барлық дәлелдемелер мен мәліметтердің талдауына негізделуге тиіс.
9. Тергеу жүргізетін орган демпингтік импорттан басқа, оның салдары сол кезеңде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін кез келген басқа белгілі факторларды да талдайды.
Іске қатысты ретінде қаралуы мүмкін факторлар, атап айтқанда, демпингтік бағалар бойынша сатылмаған импортталатын тауардың көлемі мен бағасын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың қысқаруын немесе өзгерісті, шектеулі сауда практикасын, технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ, мүше мемлекеттердің экономика саласының экспорттық көрсеткіштері мен өнімділігін қамтиды.
Мүше мемлекеттердің экономика саласының осы факторлары салдарынан келтірілген залал демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалға жатқызылмауы тиіс.
10. Мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, оны өндірушілердің ұқсас тауарды сатуы және пайда сияқты осындай критерийлер негізінде ұқсас тауарды өндіруді бөліп көрсетуге мүмкіндік берсе, мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды өндіруге қатысты бағаланады.
Егер қолда бар деректер ұқсас тауар өндірісін бөліп көрсетуге мүмкіндік бермеген жағдайда, мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың әсер етуі ұқсас тауарды қамтитын және ол туралы қажетті деректер бар тауарлардың неғұрлым шағын тобын немесе номенклатурасын шығаруға қатысты бағаланады.
11. Демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін анықтаған кезде тергеу жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде:
1) мұндай импорттың бұдан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын демпингтік импорттың өсу қарқынын;
2) демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарды экспорттаушыда жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау мүмкіндігін есепке ала отырып, осы тауардың демпингтік импортын ұлғайтудың нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын оларды ұлғайтудың анық бұлтартпаушылығының болуын;
3) егер мұндай баға деңгейі мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының төмендеуіне немесе оны ұстап тұруға және тергеу объектісі болып табылатын тауарға сұраныстың одан әрі өсуіне алып келуі мүмкін болса, тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
4) тергеу объектісі болып табылатын тауар қорының экспорттаушыда болуын есепке алады.
12. Мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің болуы туралы шешім, егер осы баптың 11-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеу барысында тергеу жүргізетін орган демпингтік импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импортқа демпингке қарсы шараны қабылдамаған жағдайда мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіргені туралы қорытындыға келген жағдайда қабылданады.
16-бап. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу
1. Егер тергеу аяқталғанға дейін алынған ақпарат демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласы залалының болуы туралы куәландырса, тергеу жүргізетін органның баяндамасы негізінде тергеу жүргізілген кезеңде демпингтік импорт келтірген мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын болдырмау мақсатында алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылдайды.
2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен тергеу жүргізетін орган дайындаған алдын ала қорытынды негізінде алдын ала демпингке қарсы баж енгізу ұсынысын келіседі.
3. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеу басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен ерте енгізілуі мүмкін емес.
4. Алдын ала демпингке қарсы баждың мөлшерлемесі мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті, бірақ, алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен жоғары болмауы тиіс.
5. Егер алдын ала демпингтік баждың мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржаның мөлшеріне тең болған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тергеу объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде алты айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, төрт айдан аспауы тиіс.
6. Егер алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесі алдын ала есептелген демпингтік маржадан аз болған жағдайда, алдын ала демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі, егер бұл мерзім, үлесі тергеу объектісі болып табылатын тауардың демпингтік импорты көлемінде үлкен бөлігін құраған экспорттаушылардың өтініші негізінде тоғыз айға дейін ұзартылатын жағдайды қоспағанда, алты айдан аспауы тиіс.
7. Егер тергеу жүргізетін орган тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздер жоқ деп белгілесе не демпингке қарсы шараны қолданбау туралы шешім қабылдаса, алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Заңның 42-бабына сәйкес қосымшада айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
Тергеу жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпигке қарсы шараны енгізу үшін негіздің жоқтығын немесе Комиссияның демпингке қарсы шарасын қолданбауы туралы уақтылы хабардар етеді.
8. Егер тергеу нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіру немесе оны құруды елеулі тежеу қаупінің болуы негізінде демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала демпингке қарсы бажының сомалары осы Заңның 31-бабының 6-тармағына сәйкес қосымшада айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
9. Егер тергеу нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болуы немесе мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіру қаупінің болуы негізінде, алдын ала демпингке қарсы бажды енгізбеу мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болуын айқындауға алып келуінің мүмкіндігі негізінде демпингке қарсы қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала демпингке қарсы баж сомалары демпингке қарсы бажды қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап осы Заңның 10 және 11-тармақтарының ережелерін есепке ала отырып, 31-баптың 5-тармағына сәйкес есептеуге және бөлуге жатады.
10. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, алдын ала демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасына сәйкес келетін алдын ала демпингке қарсы баж сомалары осы Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес есептелуге және бөлінуге тиіс.
Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасынан асатын алдын ала демпингке қарсы баж сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
11. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесіне қарағанда, демпингке қарсы баждың неғұрлым жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, демпингке қарсы баж бен алдын ала демпингке қарсы баж сомалары арасындағы айырма алынбайды.
12. Алдын ала демпингке қарсы баж тергеуді бір мезгілде жалғастырған жағдайда қолданылады.
13. Алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім, негізінен, тергеу басталған күннен бастап жеті айдан кешіктірілмей қабылданады.
17-бап. Тергеу объектісі болып табылатын тауар
экспорттаушысының баға міндеттемелерін қабылдауы
1. Тергеуді тергеу жүргізетін орган тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушыдан осындай тауарға бағаларды қайта қарау немесе Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына оның қалыпты құнынан төмен бағалар бойынша экспорттауды тоқтату туралы жазбаша нысанда баға міндеттемелерін алған кезде (мүше мемлекеттерде экспорттаушымен байланысты адамдар болған кезде бұл адамдардың осы міндеттемелерді қолдайтыны туралы өтініші де қажет), егер тергеу жүргізетін орган осындай міндеттемелерді қабылдау демпингтік импортпен келтірілген залалды қалпына келтіреді деген қорытындыға келсе және Комиссия оларды мақұлдау туралы шешім қабылдаса, тоқтатуы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
Тауар бағасының деңгейі осы міндеттемелерге сәйкес демпингтік маржаны жою үшін бұл қажетті деңгейге қарағанда жоғары болмауы тиіс.
Тауар бағасының көтерілуі егер, мұндай көтерілу мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса демпингтік маржадан аз болмауы мүмкін.
2. Комиссия баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді тергеу жүргізетін орган демпингтік импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болуы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін қабылдамайды.
3. Комиссия баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді, егер тергеу жүргізетін орган тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша оларды мақұлдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келмейінше, қабылдамайды.
Тергеу жүргізетін орган мүмкіндігінше экспорттаушыларға олардың баға міндеттемелерін мақұлдау қолайсыз деп танылған себептерді хабарлайды және оларға осыған байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндігін ұсынады.
Тергеу жүргізетін орган баға міндеттемелерін қабылдаған әрбір экспорттаушыға тиісті сұрауды алған жағдайда оны мүдделі тұлғаларға ұсыну мүмкіндігі болу үшін олардың құпия емес нұсқасын беру туралы сұрау жібереді.
4. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыларға баға міндеттемелерін қабылдауды ұсына алады, бірақ оны талап ете алмайды.
5. Баға міндеттемелерін мақұлдаған жағдайда, демпингке қарсы тергеу тауар экспорттаушының өтініші бойынша немесе тергеу жүргізетін органның шешімі бойынша жалғастырылуы мүмкін.
Егер тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізуші орган демпингтік импорттың немесе осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың жоқтығы туралы қорытындыға келсе, егер көрсетілген қорытынды айтарлықтай дәрежеде осы міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайды қоспағанда, баға міндеттемелерін қабылдаған экспорттаушы осындай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды айтарлықтай дәрежеде осы міндеттемелердің болуының нәтижесі болып табылатын жағдайда, осындай міндеттемелер қажетті уақыт кезеңінің ішінде күшінде қалуға тиіс екендігі туралы шешім қабылданады.
6. Егер тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингтік импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына залалдың болғаны туралы қорытындыға келсе, экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелері олардың шарттарына және осы Заңның ережелеріне сәйкес әрекет етуді жалғастырады.
7. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыдан экспорттаушының баға міндеттемелерін орындауына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осындай мәліметтерді тексеруге келісім сұрауға құқылы.
Сұрау салынатын мәліметтерді тергеу жүргізетін орган белгілеген мерзімде бермеу, сондай-ақ мәліметтерді тексеруге келіспеу экспорттаушының өзі қабылдаған баға міндеттемелерін бұзғаны болып есептеледі.
8. Экспорттаушы баға міндеттемелерін бұзған немесе қайтарып алған жағдайда, егер тергеу әлі аяқталмаса, алдын ала демпингке қарсы бажды немесе тергеудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіз бар екендігі туралы куәландырса, демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданады.
Экспорттаушы қабылданған баға міндеттемелерін бұзған жағдайда, оған осындай бұзушылыққа байланысты өзінің түсініктемесін беруге мүмкіндік беріледі.
9. Баға міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімінде алдын ала демпингке қарсы баж мөлшерлемесі немесе осы баптың 1-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін демпингке қарсы баж айқындалуы тиіс.
10. Уәкілетті орган тексеру жүргізген органның алдын ала қорытындысы негізінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген баға міндеттемелерін мақұлдау туралы дайындаған ұсынысын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
18-бап. Демпингке қарсы бажды енгізу және қолдану
1. Демпингке қарсы баж баға міндеттемелері осы Заңның
17-бабына сәйкес экспорттаушылар жеткізетін тауарларды қоспағанда, барлық экспорттаушылар жеткізетін және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауарға қатысты қолданылады.
2. Уәкілетті орган тексеру жүргізген органның алдын ала қорытындысы негізінде демпингке қарсы бажды енгізу туралы дайындаған ұсынысын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
3. Демпингке қарсы баждың мөлшері мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болуға тиіс, бірақ есептелген демпингтік маржадан жоғары болмауы тиіс.
Егер мұндай мөлшер мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, Комиссия есептелген демпингтік маржаның мөлшерінен аз мөлшерде демпингке қарсы бажды енгізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
4. Демпингтік маржа есептелген демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың әрбір экспорттаушысы немесе өндірушісі жеткізетін тауарға қатысты демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшері белгіленеді.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің жеке мөлшерінен басқа, тергеу барысында есептелген ең жоғарғы демпингтік маржа негізінде жеке демпингтік маржа есептелмеген экспорттаушы үшінші елдерден тауардың басқа барлық экспорттаушылары немесе өндірушілері жеткізілетін тауарға демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесін белгіленеді.
6. Демпингке қарсы баж, егер тергеу нәтижелері бойынша осы тауарға қатысты төмендегілер анықталған болса, алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу күніне дейін, бірақ тоқсан күнтізбелік күннен ерте емес, Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына еркін айналымға шығарылған тауарға қатысты қолданылуы мүмкін:
1) бұрын залал келтірген демпингтік импорт болған немесе экспорттаушының тауарды оның қалыпты құнынан төмен бағамен жеткізгенін және тауардың мұндай импорты залал келтіруі мүмкін екендігін және
2) залалдың салыстырмалы қысқа уақыт кезеңі ішінде елеулі өскен демпингтік импортпен келтірілгенін, ол ұзақтығы мен көлемдерін, сондай-ақ басқа жағдайларын (соның ішінде импортталатын тауардың қоймалық қорларының жылдам өсуі) есепке ала отырып демпингке қарсы бажды енгізуден қалпына келтіру тиімділігін айтарлықтай азайтуы мүмкін екендігін импорттаушы білген немесе білуі тиіс болған кезде осы тауардың импорттаушыларына түсініктемелер беру мүмкіндігі берілуі тиіс.
7. Тергеу жүргізетін орган тергеу басталғаннан кейін Заңда көзделген ресми көздерде осы баптың 6-тармағына сәйкес тергеу объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты демпингке қарсы бажды қолдану мүмкіндігі туралы ескертуі бар хабарлама жариялайды.
Осындай хабарламаны жариялау туралы шешімді осы баптың
6-тармағында көзделген шарттарды орындауға жеткілікті дәлелдемелері бар мүше мемлекеттердің экономика саласының сұрауы бойынша тергеу жүргізетін орган немесе тергеу жүргізетін орган құзырында осындай дәлелдемелер бар болса жеке бастамашылығымен қабылдайды.
Демпингке қарсы баж төлеу орын ауыстыру шарты болып табылатын кедендік рәсімдер арқылы орын ауыстырған тауарларға осы тармақта белгіленген хабарлама ресми жарияланатын күніне дейін демпингке қарсы баж қолданылуы мүмкін емес.
19-бап. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және
қайта қарау
1. Демпингке қарсы шара демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін қажетті мөлшерде және мерзім ішінде қолданылады.
2. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі осындай шараны қолдану басталған күннен немесе өзгермелі жағдайларға байланысты бір мезгілде демпингтік импорттың талдауына қатысты және мүше мемлекеттердің экономика саласына келген залалға байланысты немесе демпингке қарсы іс-қимыл мерзімінің өтуіне байланысты өткізілген қайта тергеу аяқталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиіс.
3. Демпингтік шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу осы Заңның 32-бабының ережелеріне сәйкес берілген жазбаша нысандағы өтініштің негізінде не тергеу жүргізетін органның өз бастамашылығы бойынша жүргізіледі.
Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу өтініште демпингтік импортты жаңарту не жалғастыру және демпингке қарсы шараның қолданысын тоқтату кезінде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болған кезде жүргізіледі.
Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін алты айдан кешіктірілмей беріледі.
Қайта тергеу демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуға тиіс және ол басталған күннен бастап он екі ай ішінде аяқталуға тиіс.
Осы тармақтың ережелеріне сәйкес жүргізілетін қайта тергеу аяқталғанға дейін демпингке қарсы шараны қолдану шешімі бойынша ұзартылады. Алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен тиісті демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылатын мерзім ішінде қолданылу мерзімі қайта тергеу жүргізуге байланысты ұзартылатын, демпингке қарсы шараны қолдануға байланысты белгіленген демпингке қарсы баж мөлшерлемелері бойынша демпингке қарсы баждар төленеді.
Егер демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты тергеу жүргізетін орган қайта тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараларды қолдануға негіз болмаған жағдайда не осы Заңның 42-бабына сәйкес демпингке қарсы қолдану туралы шешім қабылданса, демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж сомалары осы Заңның 31-бабының
6-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
Тергеу жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпингке қарсы шараны енгізу үшін негіздің жоқтығы немесе Комисссияның демпингке қарсы шараны енгізбеу туралы шешімдердің қабылданғаны туралы уақтылы хабардар етеді.
Демпингке қарсы шараның қолданылуын, егер тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты қайта тергеу жүргізуінің нәтижесінде мүше мемлекеттердің экономика саласына демпингтік импорттың жалғасуы және қайта қауіп келтірілуі мүмкіндігі анықталатын болса, ұзартылады. Демпингке қарсы шараны ұзарту туралы шешім күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баждар сомалары демпингке қарсы шараны қолдану ұзартылған мерзімнің ішінде осы Заңның 31-бабының 5-тармағында айқындалған тәртіппен есептеуге және бөлуге жатады.
4. Мүдделі тұлғаның өтініші бойынша егер демпингке қарсы шараны енгізгеннен кейін кемінде бір жыл өткен жағдайда немесе тергеу жүргізетін органның бастамасы бойынша демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастырудың орындылығын айқындау және (немесе) оны қайта қарау, оның ішінде өзгерген жағдайларға байланысты жеке демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің мөлшерін қайта қарау мақсатында қайта тергеу жүргізіледі.
Көрсетілген қайта тергеуді жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына байланысты мұндай өтініш өзгерген жағдайларға байланысты:
1) демпингке қарсы шараны қолдануды жалғастыру демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтін;
2) демпингке қарсы шараның қолданыстағы мөлшері демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асатын;
3) қолданыстағы демпингке қарсы шара демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл және демпингтік импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіз деген дәлелдемелерді қамтуы тиіс.
Осы тармаққа сәйкес жүргізілетін қайта тергеу басталған күнінен бастап он екі ай ішінде аяқталуы тиіс.
5. Қайта тергеу тергеу жүргізу кезеңінде демпингтік импорт мәні болып табылатын тауарды жеткізуді жүзеге асырмаған экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында да жүргізілуі мүмкін.
Тергеу жүргізетін орган мұндай қайта тергеуді аталған экспорттаушы немесе өндіруші оны жүргізу туралы, экспортаушы немесе тауар өндіруші демпингке қарсы шара қолданылатын экспорттаушы және өндірушімен байланысты еместігін және осы экспорттаушы немесе өндіруші тергеу объектісі болып табылатын тауарды Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына жеткізуді жүзеге асыратындығын немесе тоқтатылуы немесе кері қайтарылуы осы экспорттаушы немесе тауар өндіруші үшін едәуір шығынға немесе айтарлықтай айыппұл санкциясына әкеп соқтыратын Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағында мұндай тауардың елеулі көлемін жеткізу туралы шартты міндеттемелерімен байланысты екендігін дәлелдейтін дәлелдемелерін қамтитын өтініш берген жағдайда бастауы мүмкін.
Экспорттаушы немесе өндіруші үшін жеке демпингтік маржаны белгілеу мақсатында қайта тергеу жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тергеу объектісі болып табылатын тауарды жеткізуге қатысты демпингке қарсы бажды мұндай қайта тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылданғанша осы экспорттаушы немесе өндіруші төлемейді. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына әкелінген (кіргізілген) мұндай тауарға қатысты қайта тергеу жүргізу кезеңінде осы тармақта белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып, кіргізу кедендік баждарын төлеуді қамтамасыз ету үшін демпингке қарсы бажды төлеуді Еуразиялық экономикалық Одақтың кедендік құқықтық қатынастарын реттейтін құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен қамтамасыз ету беріледі.
Тергеу жүргізуші орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын қайта тергеудің басталатын күні туралы уақтылы хабардар етеді.
Демпингке қарсы бажды төлеуді қамтамасыз ету осы Заңның 31-бабына сәйкес белгіленген демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасының мөлшерінде ақшалай қаражатпен (ақшамен) беріледі.
Егер қайта тергеу нәтижелері бойынша демпингке қарсы шараны қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда демпингке қарсы баж мұндай қайта тергеу жүргізу кезеңі үшін төлеуге жатады. Қамтамасыз ету сомасы қайта тергеу нәтижелері бойынша қабылданған демпингке қарсы шара қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесіне сүйене отырып, айқындалған мөлшерде демпингке қарсы бажды төлеу есебінен есепке алуға және осы тармақтың ережелерін есепке ала отырып осы Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес есептеуге және бөлуге жатады.
Егер қайта тергеу нәтижелері бойынша одан демпингке қарсы бажды төлеуді қамтамасыз ету мөлшерінен айқындалған мөлшерлемеге қарағанда демпингке қарсы баждың барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, қайта тергеу нәтижелері бойынша белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомалары мен демпингке қарсы баждың бірыңғай мөлшерлемесі арасындағы айырма алынбайды.
Демпингке қарсы баждың белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген демпингке қарсы баж сомасынан артық қамтамасыз ету сомасы Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінде айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтаруға жатады.
Осы тармақта көзделген қайта тергеу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі және кез келген жағдайда бұл мерзім он екі айдан аспайтын болады.
6. Дәлелдемелерді ұсыну мен демпингке қарсы тергеу жүргізуге қатысты осы хаттаманың 5-бөлімінің ережелері тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып, осы Заңның 1–7-тармақтарында көзделген қайта тергеуге қолданылады.
7. Осы тармақтың 1–6-тармақтарының ережелері тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып, осы Заңның 17-бабына сәйкес экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге қолданылады.
20-бап. Демпингке қарсы шараны айналып өтуді белгілеу
1. Демпингке қарсы шарадан айналып өту деп демпингке қарсы бажды төлеуден не экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін орындаудан айналып өту үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту түсініледі.
2. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу мүдделі тұлғаның өтінішінің негізінде не тергеу жүргізетін органның жеке бастамасы бойынша жүргізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш мынадай дәлелдемелерді қамтуы тиіс:
1) демпингке қарсы шарадан айналып өту;
2) демпингке қарсы шараның әрекетін одан айналып өту және осы фактордың ұқсас тауар өндірісінің көлеміне және (немесе) оны сатуға және (немесе) оның бағасына әсер ететіндігінің салдарын бейтараптау;
3) демпингке қарсы шарадан айналып өту нәтижесінде тауардың (осындай тауардың құрамдас және (немесе) туынды бөліктерінің) демпингтік импортының болуы. Бұл ретте тауардың, оның құрамдас және туынды бөліктерінің қалыпты құны ретінде салыстыру мақсатында нәтижелері бойынша тиісті түзетулерді есепке ала отырып, демпингке қарсы шара енгізген тергеу барысында айқындалған олардың қалыпты құны қабылданады.
4. Демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу ол басталған күннен бастап тоғыз ай ішінде аяқталуы тиіс.
5. Осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу кезеңінде экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағынан импортталатын, демпингтік импорттың мәні болып табылатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ басқа экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына импортталатын демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын демпингке қарсы баж енгізілуі мүмкін.
6. Егер осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеудің нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы шарадан айналып өтуді белгілемесе, осы бапқа сәйкес және алдын ала демпингке қарсы бажды алу үшін белгіленген тәртіппен төленген демпингке қарсы баж сомалары осы Заңның 31-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға тиіс.
Тергеу жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын демпингке қарсы шарадан айналып өту белгіленбегені туралы уақтылы хабардар етеді.
7. Демпингке қарсы шара осы бапқа сәйкес жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша қолданылатын демпингке қарсы шарадан айналып өту анықталған жағдайда демпингтік импорттың мәні болып табылған тауардың экспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына импортталатын құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ демпингтік импорттың мәні болып табылған тауарға және (немесе) басқа экспорттаушы үшінші мемлекеттен Еуразиялық экономикалық Одақтың бірыңғай кеден аумағына импортталатын оның құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Осы тармақта көрсетілген демпингке қарсы шараны енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала демпингке қарсы баждарды, демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте төленген сомалар осы Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес есептелуге және бөлінуге тиіс.
4-тарау. Өтемақы шаралары
21-бап. Өтемақы шарасын қолданудың жалпы қағидаттары
Өтемақы шарасы, егер тексеру жүргізетін орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына осындай тауардың импорты Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі, осындай залалды келтіру қатерін тудыратындығы немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды елеулі тежейтіндігі белгіленсе, өтемақы шарасы өндіру, экспорттау немесе тасымалдау кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы қолданылған импортталатын тауарға қолданылуы мүмкін.
22-бап. Субсидияны айқындау
1) субсидиялаушы орган жүзеге асыратын, субсидия алушыға қосымша артықшылықтар беретін және экспорттаушы үшінші елдің аумағы шегінде мынадай нысанда көрсетілетін қаржылық жәрдемдесу:
ақша қаражатын (оның ішінде дотация, қарыздар және акцияларды сатып алу түрінде) немесе осындай қаражатты (оның ішінде қарыздар бойынша кепілдеме түріндегі) аудару бойынша міндеттемелерді тікелей аудару;
экспортталатын тауарды ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауардан алынатын салықтар мен баждардан босату не осындай салықтардың немесе баждардың мөлшерін нақты төленген сомалардан аспайтын мөлшерде азайту немесе қайтару жағдайларын қоспағанда, экспорттаушы шетел мемлекетінің кірісіне түсуге тиіс болатын (оның ішінде салықтық кредиттерді ұсыну) арқылы қаражатты есептен шығару немесе алып қоюдан толық немесе жартылай бас тарту;
жалпы инфрақұрылымды, яғни нақты өндірушімен және (немесе) экспорттаушымен байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарларды не қызметтерді қоспағанда, тауарларды не қызметтерді жеңілдікпен немесе өтеусіз ұсыну;
тауарларды жеңілдікпен сатып алу;
2) субсидия алушыға қосымша артықшылықтар беретін тікелей немесе жанама нәтижесі экспорттаушы үшінші елден ұлғайту немесе осы үшінші мемлекетке ұқсас тауар импортын қысқарту болып табылатын кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген нысаны субсидия болып табылады.
23-бап. Экспорттаушы үшінші елдің субсидияларын ерекше
субсидияларға жатқызу қағидаттары
1. Егер субсидияланатын органмен немесе экспорттаушы үшінші елдің заңнамасымен субсидияны пайдалануға тек жекелеген ұйымдар жіберілетін болса, экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы ерекше болып табылады.
2. Осы бапта жекелеген ұйымдар деп нақты өндірушіні және (немесе) экспорттаушыны не экспорттаушы үшінші ел экономикасының нақты саласын не өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар тобын (одағын, бірлестігін) не экспорттаушы үшіншің елдің экономика салаларын білдіреді.
3. Егер осы субсидияны пайдалануға жіберілген жекелеген ұйымдардың саны субсидиялаушы органның заңды иелігіндегі географиялық өңірде орналасқан ұйымдармен шектелсе, субсидия ерекше болып табылады.
4. Егер экспорттаушы үшінші елдің заңнамасында немесе субсидиялаушы орган субсидияны алуға сөзсіз құқығын және оның мөлшерін (оның ішінде өнім өндірумен айналысатын қызметкерлер санына немесе өнім шығару көлеміне байланысты) айқындайтын жалпы объективті критерийлерді не шарттарды белгілесе және ол қатаң сақталса, субсидия ерекше болып табылмайды.
5. Кез келген жағдайда экспорттаушы үшінші елдің субсидиясы ерекше субсидия болып табылады, егер мұндай субсидияны ұсыну:
1) субсидияны пайдалануға рұқсат берілген жекелеген ұйымдар санының шектелуімен;
2) жекелеген ұйымдардың субсидияны артықша пайдалануымен;
3) жекелеген ұйымдарға субсидияның тепе-тең емес үлкен сомасын ұсынуымен;
4) субсидиялаушы органның жекелеген ұйымдарға субсидияны ұсынудың жеңілдік (преференциялық) тәсілін таңдап алуымен сүйемелденсе, ерекше субсидия болып табылады.
6. Экспорттаушы үшінші елдің кез келген субсидиясы егер:
1) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не жалғыз немесе бірнеше шарттың біреуі ретінде тауар экспортымен байланысты болса. Субсидия, егер оны беру экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес тауар экспортымен байланысты болмаса, іс жүзінде тауардың болған немесе болашақта мүмкін болатын экспортымен не экспорттан түсетін түсіммен байланысты болса, нақты тауар экспортымен байланысты болып есептеледі. Экспорттаушы кәсіпорындарға субсидияны ұсыну фактісінің өзі осы тармақтың ұғымында тауар экспортына байланысты субсидияны ұсынуды білдірмейді;
2) субсидия экспорттаушы үшінші елдің заңнамасына сәйкес не импортты тауарлардың орнына экспорттаушы үшінші елде шығарылған тауарларды пайдаланудың жалғыз шарты немесе бірнеше шарттары ретінде нақты байланысқан болса.
24-бап. Ерекше субсидиялардың мөлшерін айқындаудың
қағидаттары
1. Ерекше субсидия мөлшері мұндай субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері негізінде айқындалады.
2. Ерекше субсидия алушыға түсетін пайданың мөлшері мынадай қағидаттар негізінде айқындалады:
1) субсидиялаушы органның ұйымның капиталына қатысуы егер мұндай қатысу экспорттаушы үшінші елдің аумағындағы қалыпты инвестициялық практикаға (тәуекел капиталын ұсынуды қоса алғанда) жауап бермейтін қатысу ретінде бағалануы мүмкін болмаса пайданы беру ретінде қарастырылмайды;
2) субсидиялайтын орган берген кредит, егер кредит алушы ұйым мемлекеттік кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым экспорттаушы үшінші елдің кредиттік нарығында алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін соманың арасында айырма жоқ болса – пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда, осы екі соманың арасындағы айырма пайда болып саналады;
3) субсидиялаушы органның кредитті кепілдендіруі, егер кепілдікті алушы ұйым субсидиялаушы орган кепілдендірген кредит үшін төлейтін сома мен осы ұйым коммерциялық кредит үшін мемлекеттік кепілдіксіз төлеуі мүмкін соманың арасында айырма жоқ болса, пайданы беру ретінде қаралмайды. Бұлай болмаған жағдайда комиссиялық айырмада осы екі соманың арасындағы түзетуі бар айырма пайда болып саналады;
4) субсидиялайтын органның тауарларды немесе қызметтерді жеткізуі не тауарларды сатып алуы, егер тек тауарларды немесе қызметтерді баламалы төлемнен кем жеткізсе не сатып алу кемінде баламалы төлемнен асырып жүзеге асырылмаса, пайда беру ретінде қаралмайды. Төлемнің баламалылығы осындай тауарлар мен қызметтерді экспорттаушы үшінші елдің нарығында сатып алу және сатудың бағаны, сапаны, қолжетімділікті, өтелімділікті, тасымалдауды және тауарды сатып алудың немесе сатудың басқа да шарттарын қоса алғанда, сол кездегі нарықтық жағдайларға сүйене отырып айқындалады.
25-бап. Субсидияланатын импорттың салдарынан мүше
мемлекеттердің экономика саласына залалды
белгілеу
1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы деп материалдық залал, осындай залалды келтіру қаупі немесе мүше мемлекеттердің экономика саласының құрылуын елеулі тежеу түсіндіріледі.
2. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына залал субсидияланатын импорттың көлемін және субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауардың бағасы мен осындай импорттың мүше мемлекеттердің ұқсас тауар өндірушілеріне әсерін талдау нәтижелерінің негізінде белгіленеді.
3. Субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды айқындау мақсатында мәліметтер талданатын тергеу кезеңін тергеу жүргізетін орган белгілейді.
4. Субсидияланатын импорттың көлемін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импортта айтарлықтайі ұлғаю болғанын не болмағанын белгілейді (абсолютті көрсеткіштерде не өндіріске немесе мүше мемлекеттердің ұқсас тауарын тұтынуға қатысты).
5. Егер бір уақытта жүргізілген тергеулердің мәні қандай да бір тауарды көп дегенде бір эспорттаушы үшінші елден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына субсидияланатын импорт болып табылса, тергеу жүргізетін орган, егер:
1) осы тауарға әрбір экспорттаушы үшінші елдегі субсидияның мөлшері оның құнының бір пайызынан астамын құрайды, ал әрбір эспорттаушы үшінші елден субсидияланатын импорт көлемі осы Заңның 35-бабының 4-тармағына сәйкес елеусіз болып табылмайды;
2) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар импортының жиынтықты әсер етуінің бағасы импорттық тауарлар арасындағы бәсекелестік шарттары мен импорттық тауар және мүше мемлекеттерде шығарылған ұқсас тауар арасындағы бәсекелестік шарттарын есепке алғанда мүмкін болып табылатыны анықталса, осындай импорттың жиынтықты әсерін бағалай алады.
6. Мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасына субсидияланатын импорттың әсерін талдау кезінде тергеу жүргізетін орган:
1) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар бағасы мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауардың бағасынан айтарлықтай төмен болғандығын;
2) субсидияланатын импорт мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауар бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келгендігін;
3) субсидияланатын импорт мұндай импорт болмаған жағдайда орын алатын мүше мемлекеттердің нарығында ұқсас тауарлардың бағасының айтарлықтай өсуіне кедергі келтіргендігін белгілейді.
7. Субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін әсерін талдау мүше мемлекеттердің экономика саласынының жағдайына қатысы бар экономикалық факторларды, оның ішінде:
1) болған немесе жақын арада болуы мүмкін өндірістің қысқартылуын, тауардың сатылуын, мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар үлесін, тартылған инвестициялардан табыстарды, өнімділікті, кірістерді немесе өндірістік қуаттарды пайдалануды;
2) мүше мемлекеттердің нарығындағы тауар бағасына әсер ететін факторларды;
3) болған немесе келешекте ақша ағыны қозғалысына, тауар қорына, жұмыспен қамту деңгейіне, еңбекақыға, өндірістің өсу қарқынына, инвестицияларды тарту мүмкіндігіне теріс әсерін бағалауды білдіреді.
8. Мүше мемлекеттердің экономика саласына субсидияланатын импорттың әсері, егер қолда бар деректер өндірістік процесс, тауарды оның өндірушілерінің сатуы мен пайдасы сияқты критерийлердің негізінде ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік берсе, мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды шығаруға қатысты бағаланады.
Егер қолда бар деректер ұқсас тауарларды өндіруді бөліп алуға мүмкіндік бермесе, субсидияланатын импорттың мүше мемлекеттердің экономика саласына ықпалы өндіріске неғұрлым шағын топ немесе өзіне ұқсас тауарлар мен олар туралы қажетті деректерді қамтитын тауарлар номенклатурасын қолдана отырып бағаланады.
9. Субсидияланатын импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупін белгілеу кезінде тергеу жүргізетін орган қолда бар барлық факторларды, оның ішінде мынадай факторларды:
1) субсидияның сипатын, мөлшерін немесе субсидияларды және олардың саудаға келтіруі мүмкін әсерін;
2) мұндай импорттың одан әрі ұлғаюының нақты мүмкіндігі туралы куәландыратын субсидияланатын импорттың өсу қарқынын;
3) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушысында жеткілікті экспорттық мүмкіндіктердің немесе басқа экспорттық нарықтардың осы тауардың кез келген қосымша экспортын қабылдау қабілетін есепке ала отырып, осы тауардың субсидияланатын импортының ұлғаюының нақты мүмкіндіктері туралы куәландыратын олардың ұлғаюының айқын бұлтартпастығының болуын;
4) егер мұндай баға деңгейі ұқсас тауар бағасын төмендетуге немесе мүше мемлекеттердің нарығындағы ұқсас тауар бағасының өсімін кідіртуге және субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарға сұраныстың бұдан әрі өсуіне алып келетін болса, субидияланған импорттың мәні болып табылатын тауар бағасының деңгейін;
5) субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауар экспорттаушыдағы қорды есепке алады.
10. Мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіру қаупінің бар екендігін белгілеу туралы шешімді, егер осы баптың 9-тармағында көрсетілген факторларды талдау нәтижелері бойынша тергеу барысында тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импортты жалғастырудың бұлтартпастығы және мұндай импорттың өтемақы шараларды қабылдамаған жағдайда, мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залал келтіретіндігі туралы қорытындыға келген жағдайда қабылдайды.
11. Мұндай импорттың салдарынан субсидияланатын импорт пен мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуын белгілеу іске қатысы бар барлық талдауға және тергеу жүргізетін органның өкіміндегі дәлелдемелер мен мәліметтерге негізделуге тиіс.
12. Тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импорттан басқа оның салдарынан дәл сол кезеңде мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтірілетін басқа да белгілі факторларды талдайды.
Тергеу жүргізетін орган мүше мемлекеттердің экономика саласының көрсетілген залалды субсидияланатын импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалға жатқызбауға тиіс.
26-бап. Алдын ала өтемақы бажын енгізу
1. Егер тергеу аяқталғанға дейін тергеу жүргізетін орган алған ақпарат субсидияланатын импорттың болуы және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласының залалы туралы куәландырса, Комиссия тергеу жүргізетін органның баяндамасы негізінде тергеу жүргізілген кезеңде субсидияланатын импорт келтірген мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын болдырмау мақсатында төрт айға дейінгі мерзімде алдын ала өтемақы бажын енгізу арқылы өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды.
2. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен тергеу жүргізетін орган дайындаған алдын ала қорытынды негізінде өтемақы бажын енгізу туралы ұсынысын келіседі.
3. Алдын ала өтемақы бажы тергеу басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен бұрын енгізілмеуі тиіс.
4. Алдын ала өтемақы бажы субсидияланатын және экспортталатын тауардың бірлігіне есептелген экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының алдын ала есептелген шамасына тең мөлшерде енгізіледі.
5. Егер тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шараларын енгізу үшін негіз жоқ екендігі анықталса, немесе осы Заңның 42-тармағына сәйкес өтемақы шараларын қолданбау туралы шешім қабылданса алдын ала өтемақы бажының сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
Тергеу жүргізетін орган мүше мемлекеттердің кеден органдарын өтемақы шараларын енгізу үшін негіздің жоқтығы туралы немесе өтемақы шарасын енгізу туралы шешімді Комиссияның қабылдағаны туралы уақтылы хабардар етеді.
6. Егер тергеу нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залал келтіру немесе оны құруды елеулі тежеу қаупінің болуы негізінде өтемақы шараларын қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала демпингке қарсы бажының сомалары осы осы Заңның 31-бабының 6-тармағына сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
7. Егер тергеу нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болуы немесе мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтіру қаупінің болуы негізінде (алдын ала демпингке қарсы бажды енгізбеу мүше мемлекеттердің экономикасы саласына залалдың болуын айқындауға алып келуінің мүмкіндігі негізінде) өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданса, алдын ала демпингке қарсы баж сомалары өтемақы бажын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап осы Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес осы баптың 8 және 9-тармақтарының ережелерін есепке ала отырып есептелуге және бөлінуге тиіс.
8. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажының мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының барынша төмен мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажы сомасына сәйкес келетін алдын ала өтемақы бажының сомалары осы Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес есептелуге және бөлінуге тиіс.
Өтемақы бажының белгіленген мөлшерлемесі бойынша есептелген өтемақы бажы сомаларынан асатын алдын ала өтемақы бажының сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
9. Егер тергеу нәтижелері бойынша алдын ала өтемақы бажы мөлшерлемесіне қарағанда, өтемақы бажының барынша жоғары мөлшерлемесін енгізу орынды деп танылса, өтемақы бажымен алдын ала өтемақы бажы сомалары арасындағы айырма алынбайды.
10. Алдын ала өтемақы бажы тергеуді бір уақытта жалғастырған жағдайда қолданылады.
11. Алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы шешім, негізінен, тергеу басталған күннен бастап жеті айдан кешіктірілмей қабылданады.
27-бап. Тергеу объектісі болып табылатын субсидиялаушы
үшінші елдің немесе тауар экспорттаушының ерікті
міндеттемелерді қабылдауы
1. Тергеуді Комиссия тергеу жүргізетін органның (жазбаша нысандағы) ерікті міндеттемелерді мақұлдағаны туралы шешім қабылдаған кезде өтемақы бажын енгізбей-ақ тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін, оған сәйкес:
1) экспорттаушы үшінші ел субсидиялауды жоюға немесе қысқартуға немесе субсидиялау салдарын жою мақсатында тиісті шаралар қабылдауға келіседі;
2) тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушы мұндай тауарға олар белгілеген бағаны қайта қарауға келіседі (мүше мемлекеттердегі тұлғалар экспорттаушымен байланысты болғанда, осы тұлғалардың экспорттаушының бағаларды қайта қарауы туралы міндеттемелерін қолдауын қамтамасыз етеді), осылайша экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерді талдау нәтижесінде тергеу жүргізетін орган осындай ерікті міндеттемелерді қабылдау мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жояды деген қорытындыға келеді.
Тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, мұндай ерікті міндеттемелерге сәйкес экспорттаушы үшінші елдің субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне қатысты есептелген ерекше субсидия мөлшерінен аспауға тиіс.
Тергеу объектісі болып табылатын тауар бағасын арттыру, егер мұндай арттыру мүше мемлекеттердің экономика саласының залалын жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы үшінші елдің субсидияланатын және экспортталатын тауар бірлігіне есептелген ерекше субсидия мөлшеріне қарағанда аз болуы мүмкін.
2. Комиссия ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді субсидияланатын импорт пен тергеу жүргізетін орган осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласы залалының болуы туралы алдын ала қорытындыға келмегенге дейін қабылдамайды.
Комиссия тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушының ерікті міндеттемелерін мақұлдау туралы шешімді экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органы осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген міндеттемелерді экспорттаушылар қабылдауға келісім алғанға дейін қабылдамайды.
3. Комиссия ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімді, егер тергеу жүргізетін орган тергеу объектісі болып табылатын тауарды нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың өте көп болуына байланысты немесе өзге де себептер бойынша мұндай ерікті міндеттемелерді қабылдаудың қолайсыздығы туралы қорытындыға келсе қабылдамайды.
Тергеу жүргізетін орган экспорттаушыларға мұндай экспорттаушылардың ерікті міндеттерінің мақұлданбағаны жөніндегі себептерін хабарлайды және экспорттаушыларға осыған байланысты өз түсініктемелерін беруге мүмкіндік береді.
4. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушылардың әрқайсысына және ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына оны мүдделі тұлғаларға беруге мүмкіндік алу үшін мұндай міндеттемелердің құпия емес болжамын ұсыну туралы сұрау жібереді.
5. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елге немесе тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысына ерікті міндеттемелерді қабылдауды ұсына алады, бірақ оны қабылдауды талап ете алмайды.
6. Комиссия ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешім қабылдаған жағдайда тергеуді экспорттаушы елдің өтініші бойынша немесе тергеу жүргізетін органның шешімінің негізінде жалғастыруы мүмкін.
Егер тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импорттың немесе осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына бұдан келген залалдың жоқ екендігі туралы қорытындыға келген жағдайда, экспорттаушы үшінші ел немесе ерікті міндеттемелерді қабылдаған экспорттаушылар, аталған қорытынды айтарлықтай дәрежеде мұндай жағдайлардың болуының нәтижелері болып табылатын жағдайды қоспағанда, мұндай міндеттемелерден автоматты түрде босатылады. Егер жасалған қорытынды айтарлықтай дәрежеде ерікті міндеттемелер болуының нәтижесі болып табылатын жағдайда, Комиссия мұндай жағдайлар қажетті уақыт кезеңі ішінде қолданыста қалуы тиіс деген шешімді қабылдауы мүмкін.
7. Егер тергеу жүргізетін орган тергеу нәтижелері бойынша субсидияланатын импорттың немесе осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына бұдан келген залалдың бар екендігі туралы қорытындыға келген жағдайда, қабылданған ерікті міндеттемелер солардың шарттарына және осы Заңның ережелеріне сәйкес қолданысын жалғастырады.
8. Тергеу жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елден немесе экспорттаушыдан, егер олардың ерікті міндеттемелерін Комиссия мақұлдаса, олардың орындалуына қатысты мәліметтерді, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісімін сұрата алады.
Тергеу жүргізетін орган белгілеген мерзімде сұратылған мәліметтерді ұсынбау, сондай-ақ осы мәліметтерді тексеруге келісім бермеу экспорттаушы үшінші елдің немесе экспорттаушының қабылданған ерікті міндеттемелерін бұзуы болып саналады.
9. Экспорттаушы үшінші ел немесе экспорттаушы қабылданған ерікті міндеттемелерін бұзған немесе мұндай міндеттемелерді кері шақыртып алған жағдайда, Комиссия (егер тексеру әлі аяқталмаса) алдын ала өтемақы бажын немесе (егер тексерудің түпкілікті нәтижелері оны енгізу үшін негіздемелердің бар екендігін куәландырса,) өтемақы бажын енгізу жолымен өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Экспорттаушы үшінші елге немесе экспорттаушыға, ол қабылдаған ерікті міндеттемелерді бұзған жағдайда, осы бұзушылыққа байланысты өз түсініктемелерін беру мүмкіндігі беріледі.
10. Комиссияның ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы шешімінде алдын ала өтемақы бажының немесе өтемақы бажының мөлшерлемесі белгіленуі тиіс, ол осы баптың 9-тармағына сәйкес енгізілуі мүмкін.
11. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен тергеу жүргізетін орган дайындаған осы баптың 1-тармағында көрсетілген ерікті міндеттемелерді мақұлдау туралы алдын ала қорытынды негізінде өтемақы бажын енгізу ұсынысын келіседі.
28-бап. Өтемақы бажын енгізу және қолдану
1. Комиссия өтемақы бажын енгізу туралы шешімді экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы кері қайтарылып алынса қабылдамайды.
2. Өтемақы бажын енгізу туралы шешім ерекше субсидияны беретін экспорттаушы үшінші елге консультациялар жүргізу ұсынылған, алайда бұл ел ұсынылған консультациялардан бас тартқан немесе мұндай консультациялар барысында өзара қабылдауға тұрарлық шешімге қол жеткізілмеген соң қабылданады.
3. Өтемақы бажы барлық экспорттаушылар жеткізетін тауарға қатысты қолданылады және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретін субсидияланатын импорттың мәні болып табылады (ерікті міндеттемелерін Комиссия мақұлдаған экспорттаушылар жеткізетін тауарды қоспағанда).
Жекелеген экспорттаушылар жеткізетін тауарларға қатысты Комиссия өтемақы бажы мөлшерлемесінің дербес мөлшерін белгілеуі мүмкін.
4. Өтемақы бажының мөлшерлемесі субсидияланатын және эскпортталатын тауар бірлігіне есептелген экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының мөлшерінен артық болмауы тиіс.
Егер субсидиялар түрлі субсидиялау бағдарламаларына сәйкес берілетін жағдайда, олардың жиынтық мөлшері ескеріледі.
Өтемақы бажының мөлшерлемесі, егер мұндай мөлшерлеме мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін залалды жою үшін жеткілікті болып табылса, экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының мөлшерінен кем болуы мүмкін.
5. Өтемақы бажының мөлшерлемесін айқындаған кезде мүше мемлекеттердің өтемақы бажын енгізу олардың экономикалық мүдделеріне әсер етуі мүмкін тұтынушыларының тексеру жүргізіп жатқан органға жазбаша түрде келіп түскен пікірлері ескеріледі.
6. Өтемақы бажы тергеу жүргізетін органның тергеу нәтижесі бойынша алдын ала өтемақы бажын енгізу күніне дейін тоқсан күнтізбелік күннен ерте емес орын ауыстыру шарты өтемақы бажын төлеу болып табылатын кедендік рәсімдер арқылы орын ауыстырған тауарларға қатысты қолданылу мүмкін, егер осы тауарға қатысты бір уақытта:
1) ерекше субсидиялар ұсынылатын немесе төленетін тауарлардың импортына қатысты салыстырмалы қысқа уақыт кезеңі ішінде елеулі өскен салдарынан жою қиынға соғатын залал;
2) осы баптың 6-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген импортталатын тауарға қатысты заладың қайталануын болдырмау мақсатында өтемақы бажын қолдану қажет болып белгіленсе.
7. Тергеу жүргізетін орган тергеу басталғаннан кейін Заңда көзделген ресми көздерде осы баптың 6-тармағына сәйкес тергеу объектісі болып табылатын тауар импортына қатысты өтемақы бажын қолдану мүмкіндігі туралы ескертуі бар хабарлама жариялайды.
Осындай хабарламаны жариялау туралы шешімді осы баптың
6-тармағында көзделген шарттарды орындауға жеткілікті дәлелдемелері бар мүше мемлекеттердің экономика саласының сұрауы бойынша тергеу жүргізетін орган немесе тергеу жүргізетін орган құзырында осындай дәлелдемелер бар болса жеке бастамашылығымен қабылдайды.
Өтемақы бажын төлеу орын ауыстыру шарты болып табылатын кедендік рәсімдер арқылы орын ауыстырған тауарларға осы тармақта белгіленген хабарлама ресми жарияланатын күніне дейін өтемақы бажы қолданылуы мүмкін емес.
29-бап. Демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі және
қайта қарау
1. Өтемақы шарасы Комиссияның шешімі бойынша субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін залалды жою үшін қажетті мөлшер мен мерзімде қолданылады.
2. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімі мұндай шараны қолданған күннен бастап немесе өзгерген жағдайларға байланысты және бір мезетте субсидияланатын импорттың талдауына және онымен байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына келтіретін залалға қатысты болған немесе өтемақы шарасының қолданыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты жүргізілген қайта тергеу аяқталған күннен бастап бес жылдан аспауы тиіс.
3. Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу осы Заңның 32-тармағына сәйкес (жазбаша нысандағы) өтініш негізінде не тексеру жүргізіп жатқан органның жеке бастамасы бойынша жүргізіледі.
Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу өтініште өтемақы шарасының қолданылуы тоқтатылған жағдайда субсидияланатын импорттың қайта басталу не жалғасу және мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіру мүмкіндігі туралы мәліметтер болғанда жүргізіледі.
Өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтініш өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірілмей беріледі.
Қайта тергеу өтемақы шарасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін басталуы және ол басталған күннен бастап он екі ай ішінде аяқталуы тиіс.
Осы тармақ ережелеріне сәйкес жүргізіліп жатқан қайта тергеу аяқталғанға дейін өтемақы шарасының қолданылуы Комиссия шешімі бойынша ұзартылады. Тиісті өтемақы шарасының қолданылуы ұзартылатын мерзім ішінде алдын ала өтемақы бажын алу үшін белгіленген тәртіппен өтемақы бажының мөлшерлемелері бойынша өтемақы шарасының қолданылуына байланысты белгіленген өтемақы баждары төленеді, бұл шараның қолданылу мерзімі қайта тергеудің жүргізілуіне байланысты ұзартылады.
Егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган өтемақы шарасын қолдану үшін негіздемелер жоқ деп белгіленген немесе осы Заңның 42-тармағына сәйкес өтемақы шарасын қолданбау туралы шешім қабылданған жағдайда, өтемақы шарасын қолдану ұзартылған мерзім ішінде алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын өтемақы бажының сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен төлеушіге қайтарылуға жатады.
Тергеу жүргізетін орган осы тармақтың 6-абзацында көрсетілген шешімдердің қабылдануы туралы мүше мемлекеттердің кеден органдарын уақтылы хабардар етеді. Егер өтемақы шарасының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қайта тергеу нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган субсидияланатын импорт пен мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалдың қайта басталу немесе жалғасу мүмкіндігін анықтайтын жағдайда Комиссия өтемақы шарасының қолданысын ұзартады. Өтемақы шарасын ұзарту туралы Комиссия шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен өтемақы шарасын қолдануға ұзартылған мерзім ішінде өтемақы баждарының сомалары осы Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес есептелуге және бөлінуге тиіс.
4. Егер өтемақы шарасы енгізілгеннен кейін кемінде бір жыл өткен жағдайда мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тегеу жүргізетін органның бастамасы бойынша өтемақы шарасын қолданудың орындылығын анықтау және (немесе) оны қайта қарау, оның ішінде өзгерген жағдайларға байланысты өтемақы бажының мөлшерлемесінің дербес мөлшерін қайта қарау мақсатында өзгерген жағдайларға байланысты қайта тергеу жүргізілуі мүмкін.
Өзгерген жағдайларға байланысты қайта тергеу жүргізу туралы өтінішті беру мақсатына қарай мұндай өтініште мыналар:
1) өтемақы шарасын қолдануды жалғастырудың субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимылы және экономика саласына келтірілген залалды жою үшін талап етілмейтіндігінің; өтемақы шарасының қазіргі мөлшерінің субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимылы және субсидияланатын импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткілікті мөлшерден асып түсетіндігінің;
қазіргі өтемақы шарасының субсидияланатын импортқа қарсы іс-қимылы және субсидияланатын импорттың салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген залалды жою үшін жеткіліксіздігінің дәлелдемелері болуы тиіс.
Өзгерген жағдайларға байланысты қайта тергеу ол басталған күннен бастап он екі ай ішінде аяқталуы тиіс.
5. Осы Заңның 5-тарауының дәлелдемелерді ұсынуға және тексеруді жүргізуге қатысты ережелері осы бапта көзделген қайта тергеуге тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып қолданылады.
6. Осы Заңның 27-бабына сәйкес экспорттаушы үшінші ел немесе экспорттаушы қабылдаған міндеттемелерге тиісті айырмашылықтарды есепке ала отырып қолданылады.
7. Қайта тергеу оған қатысты өтемақы шарасы қолданылып отырған, бірақ ынтымақтасудан бас тартудан басқа, өзге себептер бойынша тексеру жүргізілмеген экспорттаушы үшін өтемақы бажының дербес мөлшерлемесінің мөлшерін белгілеу мақсатында жүргізілуі мүмкін. Мұндай қайта тергеуді аталған экспорттаушының өтініші бойынша тергеу жүргізетін орган бастауы мүмкін.
30-бап. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу
1. Өтемақы шарасын айналып өту дегеніміз өтемақы бажын өтеуден немесе қабылданған ерікті міндеттемелерді орындаудан жалтару үшін тауарды жеткізу тәсілін өзгерту.
2. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатында қайта тергеу мүдделі тұлғаның өтініші бойынша немесе тергеу жүргізетін органның жеке бастамасы бойынша басталуы мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініште:
1) өтемақы шарасын айналып өтудің;
2) өтемақы шарасының (оны айналып өтудің салдарынан) өндіріс көлеміне және (немесе) мүше мемлекеттер нарығындағы ұқсас тауарлардың сатылуына және (немесе) бағаларына әсерін бейтараптандырудың;
3) тауар (осындай тауардың құрамдас бөліктерінің және (немесе) туындыларының) өндірушісінде және (немесе) экспорттаушысында ерекше субсидияны беру пайдасы сақталатындығының дәлелдемелері болуы тиіс.
4. Қайта тергеу кезеңіне Комиссия алдын ала өтемақы бажын алу үшін белгіленген тәртіппен алынатын субсидияланатын импорттың мәні болған, экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына арналған, сондай-ақ өзге экспорттайтын үшінші елден кеден аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына арналған өтемақы бажын енгізуі мүмкін.
5. Егер осы бапқа сәйкес тергеу жүргізетін орган жүргізген қайта тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шарасын айналып өту анықталмаған жағдайда, алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен төленген өтемақы бажының сомалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлеушіге қайтарылуға жатады.
Тергеу жүргізетін орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің қабылданғаны туралы мүше мемлекеттердің кеден органдарын уақтылы хабардар етеді.
6. Осы Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізілген қайта тергеу нәтижелері бойынша өтемақы шарасын айналып өту белгіленген жағдайда, өтемақы шарасы субсидияланатын импорттың мәні болған, экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына импортталатын тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына, сондай-ақ субсидияланатын импорттың мәні болған, өзге экспорттайтын үшінші елден Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына импортталатын тауарға және (немесе) тауардың құрамдас бөліктеріне және (немесе) туындыларына қолданылуы мүмкін. Осы тармақта аталған өтемақы шарасын енгізу туралы Комиссия шешімі күшіне енген күннен бастап алдын ала өтемақы баждарын алу үшін белгіленген тәртіппен өтемақы шарасын қолдануға ұзартылған мерзім ішінде өтемақы баждарының сомалары осы Заңның 31-бабының 5-тармағына сәйкес есептелуге және бөлінуге тиіс.
7. Өтемақы шарасын айналып өтуді белгілеу мақсатындағы қайта тергеу ол басталған күннен бастап тоғыз ай ішінде аяқталуы тиіс.
31-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы
баждарын төлеу (өндіріп алу), есептеу, бөлу,
қайтару және есепке жатқызу
1. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу, бұл баждарды төлеу бойынша міндеттердің туындауы мен тоқтатылуы, олардың төлену мерзімін және тәртібін анықтау әкелінетін кеден баждары үшін Қазақстан Республикасының «Кеден ісі туралы» Кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімін ұзарту немесе бөліп-бөліп төлеу нысандарында өзгерту жүргізілмейді.
Осы тармақтың қағидалары алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын есептеуге, төлеуге және өндіріп алуға қолданылады.
2. Арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шарасын қолдану туралы шешім күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты төлеу міндеті осы шараны қолдануды бастаған күннен туындаған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының (алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын қоспағанда) сомалары Еуразиялық экономикалық Одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен және нормативтер бойынша мүше мемлекеттердің бюджетіне есептеледі және бөлінеді.
Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, оның ішінде осы баждарды өндіріп алу кезінде Қазақстан Республикасының «Кеден ісі туралы» Кодексіне сәйкес олар төленуге тиіс Қазақстан Республикасының бюджетті орындау бойынша кассалық қызметті іске асыратын уәкілетті органның бірыңғай шотына ұлттық валютада есепке жатқызылады.
Қазақстан Республикасында бюджетті орындау бойынша кассалық қызметті іске асыратын уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасында бюджетті орындау бойынша кассалық қызметті іске асыратын уәкілетті органның бірыңғай шотына арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының түсімдер (қайтарымдар, берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу) сомаларын;
2) басқа мүше мемлекеттердің шоттарына шетел валютасында аударылған арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының бөлінген сомаларын;
3) осы мүше мемлекеттің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен түсімдерінің мүше мемлекеттің бюджетіне есепке жатқызылған сомаларын;
4) Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа мүше мемлекеттерден түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын;
5) мүше мемлекеттің арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен сомаларды аудару бойынша міндеттемені орындамауға, толық және (немесе) уақытылы орындамауға әкеп соққан осы баптың ережелерін бұзғаны үшін мүше мемлекеттердің бюджетіне түскен сомаларын;
6) басқа мүше мемлекеттердің шоттарына шетел валютасында арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы баждарын аудару тоқтатылған сомаларын ерекше ескереді.
Жоғарыда көрсетілген түсімдер Қазақстан Республикасында бюджетті орындау бойынша кассалық қызметті іске асыратын уәкілетті органның бюджеттің атқарылуы туралы есептерінде ерекше көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында бюджетті орындау бойынша кассалық қызметті іске асыратын уәкілетті органның бірыңғай шотына күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасы есепті жылдың бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
Мүше мемлекеттердің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күні үшін бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары сомасы сол мүше мемлекеттің бюджетіне және басқа мүше мемлекеттердің шетелдік валютадағы шоттарына мүше мемлекеттердің ағымдағы жылдың екінші жұмыс күнінен кешіктірілмей аударылады, сондай-ақ есепті жылдың бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан басқа мүше мемлекеттердің күнтізбелік жылдың соңғы жұмыс күнінде түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын бөлуден түскен табыстар ағымдағы жыл бюджетінің атқарылуы туралы есепте көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында бюджетті орындау бойынша кассалық қызметті іске асыратын уәкілетті органның бірыңғай шотындағы ақшалай қаражаттарды Қазақстан Республикасының Кедендік кодексіне сәйкес кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, сонымен қатар өсімпұлдарды (пайыздарды) төлеу бойынша берешектерді өндіріп алу жағдайларын қоспағанда, сот актілерін орындау тәртібімен немесе қандай да бір өзге тәсілмен өндіріп алу мүмкін емес.
4. Қазақстан Республикасының кедендік органдарымен алынатын алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарын Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шотқа ұлттық валютада төленеді (өндіріп алынады).
5. Осы Заңда белгіленген жағдайларда алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы, алдын ала өтемақы баждарының төленген (өндіріп алынған), сомалары, сондай-ақ алдын ала баждардың тиісті түрлерін алу үшін белгіленген тәртіппен төленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы баждарына есепке жатқызылуға және арнайы қорғау, демпингке қарсы өтемақы шарасын қолдану (құрамдас бөліктерге және (немесе) туындыларға ұзарту, қолдану) туралы Комиссияның тиісті шешімдері күшіне енген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасында бюджетті орындау бойынша кассалық қызметті іске асыратын уәкілетті органның бірыңғай шотына есептелуге тиіс.
6. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомасын төлеушіге қайтару, берешекті жабу есебіне оларды есепке жатқызу Қазақстан Республикасында бюджетті орындау бойынша кассалық қызметті іске асыратын уәкілетті органның бірыңғай шотына түскен (өндіріп алынған) және қайтару күні (есепке жатқызылған) есепке алынған Қазақстан Республикасында бюджетті орындау бойынша кассалық қызметті іске асыратын уәкілетті органның бірыңғай шотынан ағымдағы күні арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары шегінде жүзеге асырылады.
Ағымдағы күні қайтарылуға жататын арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының қайтарылатын және (немесе) берешекті жабу есебіне есепке алу сомасын айқындау келіп түскен арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлгенге дейін жүзеге асырылады.
Егер арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын қайтаруды жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес қайтаруды Қазақстан Республикасы кейінгі жұмыс күндері жүзеге асырады. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары төлеушіге уақтылы қайтарылмағаны үшін өсімпұлдар (пайыздар) төлеушіге Қазақстан Республикасының бюджетінен төленеді және арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының құрамына енгізілмейді.
7. Осы бапта белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын есептеу және мүше мемлекеттердің арасында бөлу тәртібі өсімпұлдарға да қатысты қолданылады.
8. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында осы Заңды іске асыруға қажетті ақпарат алмасу, осындай ақпарат алмасу тәртібі, нысандары және мерзімдері Комиссияның шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. Тексеру жүргізу
32-бап. Тексеру жүргізу үшін негіздемелер
1. Өспелі импорттың болуын және содан туындаған мүше мемлекеттердің экономика саласына келтірілген елеулі залалды немесе осындай залалды келтіру қатерін анықтау мақсатында, сондай-ақ демпингтік немесе субсидияланатын импортты және содан туындаған материалдық залалды, осындай залалды келтіру қатерін немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың айтарлықтай баяулауын анықтау мақсатында тексеруді жазбаша нысандағы осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтініш берген тұлғалардың негізінде не өз бастамасы бойынша тексерулер жүргізетін орган жүргізеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтінішті:
1) мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіруші немесе оның уәкілетті өкілі;
2) қатысушылары қатарына өндірудің жалпы көлемінің айтарлықтай, бірақ мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы арызды берген кезде) немесе ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіру көлемінің кем дегенде жиырма бес пайызын өндірушілер кіретін өндірушілер бірлестігі немесе оның уәкілетті өкілі береді.
Мұндай өндірушілер мен бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің түпнұсқалары өтінішпен бірге тексерулер жүргізетін органға ұсынылатын құжаттармен расталған тиісті түрде ресімделген өкілеттіктері болуы тиіс.
3. Өтінішке мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды немесе ұқсас тауарды өндірушінің өтінішін қолдайтын дәлелдемелер қоса беріледі. Өтінішті жеткілікті қолдайтын дәлелдемелер болып:
1) өтініш берушімен бірге мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндіру көлемінің айтарлықтай бөлігін, бірақ ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың жалпы көлемінің кем дегенде жиырма бес пайызын өндіретін басқа өндірушілердің өтінішіне қосылу туралы құжаттар (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде);
2) өтінішті қолдайтынын білдірген мүше мемлекеттердегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіріс үлесі өтінішке қатысты өз пікірін (қолдайтындығын немесе келіспейтіндігін) білдірген мүше мемлекеттерде ұқсас тауарларды өндірушілердің өндіру көлемінің елу пайыздан астамын құрайды деген шартпен (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өтінішке қолдау білдірген мүше мемлекеттерде ұқсас тауарларды өндірушілердің (оның ішінде өтініш берушінің) өндіру үлесі мүше мемлекеттерде ұқсас тауарларды өндіру көлемінің кемінде жиырма бес пайызын құрайтындығын растайтын құжаттар танылады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген өтініш:
1) өтініш беруші туралы, өтініш берілген күннің алдындағы тікелей 3 жыл ішінде мүше мемлекеттер экономика саласының ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіру көлемі туралы сандық және құндық мәндегі өндіріс көлемі туралы, сондай-ақ мүше мемлекеттердегі өтінішті қолдаған өндірушілердің ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндіру көлемі туралы сандық және құндық мәндегі өндіріс көлемі туралы және мүше мемлекеттердегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде), ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірудің жалпы көлеміндегі олардың үлесі туралы мәліметтерді;
2) оған қатысты КО СЭҚ ТН кодын көрсете отырып, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын Одақтың кеден аумағына импортталатын тауардың сипаттамасын;
3) кедендік статистика деректері негізінде шығарған немесе осы тауарды жөнелткен экспорттаушы үшінші елдердің атауын;
4) экспорттаушы үшінші елдегі осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауардың белгілі өндірушілері және (немесе) экспорттаушылары туралы және белгілі импорттаушылар және мүше мемлекеттердегі осы тауардың белгілі тұтынушылары туралы мәліметтерді;
5) өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге қарағандағы репрезентативтік статистикалық деректер қол жеткізілімді болатын кейінгі кезеңдегі оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауардың Одақтың кеден аумағына импорты көлемінің өзгеруі туралы мәліметтерді;
6) өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге қарағандағы репрезентативтік статистикалық деректер қол жеткізілімді болатын кейінгі кезеңдегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) Одақтың кеден аумағынан экспорты көлемінің өзгеруі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар өтініште ұсынылған шараға байланысты өтініш беруші:
1) тауардың өспелі импорты болуының дәлелдемелерін, тауардың өспелі импортының салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелерін, шараның қолданыста болу мөлшерін және мерзімін көрсете отырып, арнайы қорғау шарасын енгізу туралы ұсынысты және өтініш беруші ұсынып отырған арнайы қорғау шарасы қолданыста болатын мерзім ішінде мүше мемлекеттердің экономика саласын шетелдік бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде);
2) тауардың экспорттық бағасы және қалыпты құны туралы мәліметтерді, тауардың демпингтік импорты салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру не саланы құруды айтарлықтай баяулату қатері болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ оның мөлшері мен қолданыста болу мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шараны енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтінішті берген кезде);
3) экспорттаушы үшінші елдің айрықша субсидиясының болуы және сипаттамасы және егер мүмкін болса, оның мөлшері туралы мәліметтерді, тауардың субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру не саланы құруды айтарлықтай баяулату қатері болуының дәлелдемелерін, сондай-ақ оның мөлшері мен қолданыста болу мерзімін көрсете отырып, өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты (өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) көрсетеді.
6. Демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелері (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) және мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе осындай залалды келтіру немесе саланы құруды айтарлықтай баяулату қатері болуының дәлелдемелері мүше мемлекеттер экономика саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті факторларға негізделуі тиіс және өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берілген күнге қарағандағы репрезентативтік статистикалық деректер қол жеткізілімді болатын кейінгі кезеңдегі сандық және (немесе) құндық көрсеткіштермен берілуі тиіс (оның ішінде тауарды өндіру көлемі және оны өткізу көлемі, мүше мемлекеттер нарығындағы тауардың үлесі, тауарды өндірудің өзіндік құны, тауардың бағасы, өндіріс қуаттылықтарын жүктеу дәрежесі, жұмыспен қамту, еңбек өнімділігі, пайда мөлшері, өндіріс рентабельділігі, тауарды өткізу көлемі, мүше мемлекеттердің экономика саласына салынатын инвестициялар көлемі).
7. Өтініште ұсынылған мәліметтер мұндай мәліметтер алынған көздерге сілтемелермен берілуі тиіс.
8. Өтініште қамтылатын көрсеткіштерді көрсеткен кезде салыстыру мақсатында бірыңғай ақшалай және сандық бірліктер қолданылуы тиіс.
9. Өтініште қамтылатын мәліметтерді мұндай мәліметтерді берген басшылар, сондай-ақ олардың бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есептілікті жүргізу үшін жауапты қызметкерлері осы өндірушілерге тікелей қатысты мәліметтер бөлігінде растауы тиіс.
10. Өтініш оның құпия емес нұсқасын қоса бере отырып (егер өтініште құпия ақпарат қамтылса), осы Заңның 33-бабы 24-тармағының ережелеріне сәйкес тексерулер жүргізетін органға ұсынылады және өтініш осы органға түскен күні тіркелуі тиіс.
11. Өтініш беру күні ретінде осындай өтінішті тексеру жүргізетін органында тіркелген күн есептеледі.
12. Арнайы қорғау шарасын, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш мынадай негіздемелер бойынша қабылданбайды:
1) өтініш берген кезде осы баптың 3–5-тармақтарында көрсетілген материалдардың ұсынылмауы;
2) өтініш беруші ұсынған, осы баптың 3–5-тармақтарында көзделген материалдардың дәйексіздігі;
3) өтініштің құпия емес нұсқасын ұсынбау.
Өзге негіздемелер бойынша кері қайтаруға жол берілмейді.
33-бап. Тексеруді бастау және оны жүргізу
1. Тексеру жүргізетін орган тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін осы Заңның 32-бабының ережелеріне сәйкес дайындалған демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініштің түскені туралы экспорттаушы үшінші елді жазбаша нысанда хабардар етеді.
2. Тексеру жүргізетін орган тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішті тіркеген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы Заңның 32-бабының 3 – 5-тармақтарына сәйкес осы өтініште қамтылған дәлелдемелер мен мәліметтердің дәйексіздігін зерделейді. Мұндай мерзім тексеру жүргізетін органға қосымша мәліметтер алу қажеттілігі жағдайында ұзартылуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда ол күнтізбелік алпыс күннен аспауы тиіс.
3. Өтініш беруші тексеру басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында өтінішті кері қайтарып алуы мүмкін.
Өтініш тексеру басталғанға дейін кері қайтарып алынса, ол берілмеген болып саналады.
Егер өтініш тексеруді жүргізу барысында кері қайтарып алынған жағдайда, тексеру арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізбестен тоқтатылады.
4. Тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін өтініште қамтылған мәліметтер жария етуге жатпайды.
5. Тексеру жүргізетін орган осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тексеруді бастау немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған кезде тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына, сондай-ақ оған мәлім мүдделі тұлғаларға қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды және тексеруді бастау туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексеруді бастау туралы хабарламаның Шартта көзделген ресми көздерде жариялануын қамтамасыз етеді.
7. Тексерудің басталғаны туралы хабарламаның интернет желісінде, Комиссиясының ресми сайтында жарияланған күні тексеру басталған күн болып танылады.
8. Тексеру жүргізетін орган, егер оның қарамағында өспелі импорттың болуының немесе содан туындаған елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелері немесе демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залалдың немесе мұндай залалды келтіру қатері болуының дәлелдемелері болған жағдайда ғана тексеруді бастау туралы шешімді, оның ішінде өз бастамасы бойынша қабылдауы мүмкін.
Егер қолда бар дәлелдемелер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай тексеру басталмауы мүмкін.
9. Егер тексеру жүргізетін орган өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Занның 32-бабының 4 – 5-тармақтарына сәйкес ұсынылған мәліметтер Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауардың өспелі, демпингтік немесе субсидияланатын импортының және/немесе осыдан туындайтын мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе материалдық залалды келтіру қатерінің немесе демпингтік немесе субсидияланатын импорт салдарынан мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарлықтай баяулатудың немесе Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына өспелі импорттың салдарынан мүше мемлекеттер экономика саласына елеулі залалдың (елеулі залал келтіру қатерінің) болуын айғақтамайтындығы анықталса, тексеруді жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
10. Тексеру жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде тексеру жүргізетін орган мұндай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда тексеруді жүргізуден бас тарту себебі туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
11. Мүдделі тұлғалар өзінің тексеруге қатысу ниеті туралы жазбаша нысанда және осы Заңға сәйкес белгіленген мерзімде өтініш білдіруге құқылы. Олар тексеру жүргізетін органға олардың тексеруге қатысу ниеті туралы өтінішті берген күннен бастап тексеру қатысушылары болып танылады.
Өтініш беруші және мүше мемлекеттерде өтінішті қолдау білдіргендер тексеру басталған күннен бастап тексеруге қатысушылар болып танылады.
12. Мүдделі тұлғалар тексеру барысын бұзбайтын мерзімде тексеруді жүргізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты, мұндай мәліметтер алынған көзді көрсетіп, ұсынуға құқылы.
13. Тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғадан тексеру мақсаттары үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
Сұрау салулар сондай-ақ мүше мемлекеттердегі өзге ұйымдарға да жіберілуі мүмкін.
Сұрау салу мүдделі тұлғаның уәкілетті өкіліне тапсырылған сәттен бастап не сұрау салу почта байланысы арқылы жөнелтілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн өткен соң мүдделі тұлға алған болып саналады.
Мүдделі тұлғаның жауабы сұрау салу алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тексерулер жүргізетін органға ұсынылуы тиіс.
Егер жауап тексеру жүргізетін органға осы тармақтың үшінші абзацында көрсетілген отыз күндік мерзім аяқталған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей келіп түссе, тексеру жүргізетін орган жауапты алды деп саналады.
Көрсетілген мерзім өткен соң мүдделі тұлға ұсынған мәліметтерді тексеру жүргізетін орган назарына алмауы мүмкін.
Мүдделі тұлғаның дәлелденген және жазбаша нысанда мазмұндалған өтініші бойынша тексеру жүргізетін орган жауапты беру мерзімін ұзартуы мүмкін.
14. Егер мүдделі тұлға тексерулер жүргізетін органға қажетті ақпаратты беруден бас тартқан жағдайда, оны белгіленген мерзімде ұсынбай немесе дәйексіз ақпаратты беріп, осылайша, тексерудің жүргізілуін айтарлықтай қиындатса, мұндай мүдделі тұлға ынтымақтаспайтын тұлға болып танылады және алдын ала немесе түпкілікті қорытындыларды тексеру жүргізетін орган қолда бар ақпарат негізінде жасай алады.
Сұратылған ақпараттың электронды түрде немесе тексеру жүргізетін орган белгілеген электронды форматта ұсынылмауын тексерулер жүргізетін органның сұрау салуында белгіленген ақпаратты ұсыну критерийлерін толық орындаудың мүмкін еместігін немесе оның елеулі материалдық шығындармен байланысты екендігін дәлелдей алады деген шартпен тексеру жүргізетін орган ынтымақтасудан бас тарту ретінде бағаламауы тиіс.
Егер тексеру жүргізетін орган осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгендерден ерекшеленетін себептер бойынша мүдделі тұлға ұсынған ақпаратты ескермеген жағдайда аталған тұлға мұндай шешімді қабылдау себептері мен негіздері туралы хабардар етілуі тиіс және оған осыған байланысты тексеру жүргізетін орган белгілейтін мерзімде өз түсініктемелерін беру мүмкіндігі берілуі тиіс.
Егер, тауардың қалыпты құнын анықтауды қоса алғанда, тексеру жүргізетін органның алдын ала немесе түпкілікті қорытындысын дайындаған кезде (демпингке қарсы тексеруді жүргізген кезде), осы тармақтың бірінші абзацының ережелері қолданылса және оның ішінде өтініш беруші ұсынған ақпарат пайдаланылса, онда мұндай қорытындыларды дайындаған кезде қолданылатын ақпарат мұндай тексеруді жүргізу тексеру барысын қиындатпайды және оны жүргізу мерзімдерінің бұзылуына алып келмейді деген шартпен, үшінші көздерден немесе мүдделі тұлғалардан алынатын қолжетімді ақпаратты қолдана отырып тексерілуі тиіс.
15. Тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын барынша қысқа мерзімде демпингке қарсы немесе өтемақы тексерісін бастау туралы шешім қабылдаған соң экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына және өзіне мәлім экспорттаушыларға өтініштің немесе, егер өтініште құпия ақпарат болған жағдайда, оның құпия емес нұсқасының көшірмелерін жібереді, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғаларға олардың сұрау салуы бойынша осындай көшірмелерін ұсынады.
Егер белгілі экспорттаушылардың саны көп болған жағдайда, өтініштің немесе оның құпия емес нұсқасының көшірмесі экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына ғана жіберіледі.
Тексеру жүргізетін орган, егер өтініште құпия ақпарат қамтылған жағдайда, арнайы қорғану тексерісіне қатысушыларға олардың сұрау салуы бойынша өтініштің немесе оның құпия емес нұсқасының көшірмесін береді.
Тексеру барысында тексеру жүргізетін орган құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып, тергеу мәніне қатысы бар дәлелдеме ретінде кез келген мүдделі тұлға жазбаша түрде берген мәліметтерді тексеруге қатысушыларға олардың сұрау салуы бойынша осы мәліметтермен танысу үшін береді.
Тексеру барысында тексеру жүргізетін орган тексеруге қатысушыларға тексеруге қатысы бар және олар тексеру барысында пайдаланатын, бірақ құпия емес ақпарат болып табылатын өзге мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.
16. Тексеру жүргізетін орган мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша жүргізіліп жатқан тексеру мәні бойынша консультациялар жүргізеді.
17. Тексеру барысында барлық мүдделі тұлғаларға өз мүдделерін қорғау мүмкіндігі беріледі. Осы мақсатпен тексеру жүргізетін орган барлық мүдделі тұлғаларға қарама-қарсы пікірлерін және жоққа шығаруды ұсыну үшін олардың сұрау салулары бойынша кездесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіндік ақпараттың құпиялығын сақтау қажеттілігін ескере отырып беріледі. Кездесуге барлық мүдделі тұлғалар қатысуға міндетті емес және қандай да бір мүдделі тұлғаның болмауы оның мүдделеріне залал көрсетуге алып келмейді.
18. Өнімді өндіру кезінде тексеру объектісі болып табылатын тауарды қолданатын тұтынушылар, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік билік (басқару) органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ өзге тұлғалар тексеруге қатысы бар мәліметтерді тексеру жүргізетін органға беруге құқылы.
19. Тексеруді жүргізу мерзімі мынадан аспауы тиіс:
1) арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш негізінде тексеру басталған күннен бастап тоғыз ай ішінде. Бұл мерзімді тексеру жүргізетін орган, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін;
2) демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш негізінде тексеру басталған күннен бастап он екі ай. Бұл мерзімді тексеру жүргізетін орган, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
20. Тексеруді жүргізу тексеру объектісі болып табылатын тауарға қатысты кедендік операциялардың жүргізілуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
21. Уәкілетті орган тексеру жүргізуді қамтамасыз ету және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және мүдделі тұлғалардан мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді сұрата алады.
22. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу және арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді:
1) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша;
2) уәкілетті орган арқылы тексеру жүргізетін органның сұрау салуы бойынша береді.
Уәкілетті орган және/немесе тексеру жүргізетін орган сұрау салыған ақпаратты беру мүмкіндігі болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары негіздемелерді көрсете отырып, бұл туралы уәкілетті органды хабарлар етеді.
23. Уәкілетті орган тексеру жүргізетін орган сұрау салған мәліметтерді, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді жинауды, өңдеуді және беруді қамтамасыз етеді.
24. Тексеруге қатысты дәлелдемелер, мәліметтер және хат алмасулар тексеру жүргізетін органға орыс тілінде беріледі, ал шет тілінде жасалған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған аудармасы растала отырып, орыс тіліндегі аудармасымен қоса берілуге тиіс.
25. Уәкілетті органның өкілдері тексеру жүргізетін органның тексеруі барысында өткізілетін кездесулерге, консультацияларға, сондай-ақ жария тыңдауларға қатысады.
26. Комиссияның тексеру қорытындылары бойынша баяндаманы және осы Заңның 5-бабында көрсетілген Комиссия шешімінің жобасын қарау күні тексерудің аяқталу күні болып табылады.
Егер тексеру жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану, қайта қарастыру немесе күшін жою үшін негіздемелер жоқ екендігі туралы түпкілікті қорытынды жасаған жағдайда тексеру жүргізетін органның тиісті хабарлама жариялаған күні тексерудің аяқталу күні болып танылады.
Алдын ала арнайы баж, алдын ала демпингке қарсы баж немесе алдын ала өтемақы баж енгізілген жағдайда тексеру тиісті алдын ала баждың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін аяқталуға тиіс.
27. Егер тексеру жүргізетін орган тексеру барысында Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына өспелі импорттың және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залалдың немесе оны келтіру қаупінің болуының, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына демпингтік немесе субсидияланатын импорттың болуын және осыған байланысты мүше мемлекеттердің экономика саласына материалдық залалдың немесе оны келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың баяулауы қаупінің болуының жоқ екендігі туралы қорытындыға келген жағдайда, тексеру арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізбестен аяқталады.
34-бап. Демпингке қарсы тексеру жүргізудің ерекшеліктері
1. Егер тексеру жүргізетін орган демпингтік маржа ең төменгі рұқсат етілген демпингтік маржадан аз екендігін не жасалған немесе мүмкін болатын демпингтік импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың мөлшері немесе материалдық залал келтіру қатері немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының қалыптасуын елеулі тежеудің мөлшері елеусіз болып табылатындығын белгілеген болса демпингке қарсы тексеру шараларды енгізусіз демпингке қарсы тексеру тоқтатылады.
Бұл ретте ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржа деп мөлшері екі пайыздан аспайтын демпингтік маржа түсініледі.
2. Белгілі бір эскпорттаушы үшінші елден демпингтік импорт көлемі, егер Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аз көлемін құраса, ол елеусіз болып табылады, бұл ретте эскпорттаушы үшінші елдердің тауар импортының жалпы көлеміндегі әрбірінің жеке үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аз көлемін құраса, жиынтығында Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тексеру объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің жеті пайыздан аспайды.
3. Тексеру жүргізетін орган демпингке қарсы тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдағанға дейін құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып мүдделі тұлғаларға тексеру нәтижелері бойынша жасалған негізгі қорытындылар туралы хабарлайды және өз түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігін береді.
Мүдделі тұлғалар түсініктемелерін ұсыну мерзімін тексеру жүргізетін орган белгілейді, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен кем бола алмайды.
35-бап. Өтемақылық тексеруді жүргізу ерекшеліктері
1. Тексеру жүргізетін орган өтінішті қарауға қабылдаған соң және тексеруді бастау туралы шешім қабылдағанға дейін болжалды айрықша субсидияның болуын, мөлшерін және оны беру салдарын нақтылау және өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында соған қатысты өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауар экспортталатын экспорттаушы үшінші елдің уәкілетті органына консультациялар жүргізуді ұсынуы тиіс.
Мұндай консультациялар тексеру барысында да жалғасуы мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген консультацияларды жүргізу тексеруді бастау және өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдауға кедергі келтірмейді.
3. Егер тексеру жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің айрықша субсидиясының мөлшері ең төмен болып табылатынын не болған немесе ықтимал субсидияланатын импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындайтын материалдық залалдың мөлшері немесе мұндай залалдың не мүше мемлекеттердің экономика саласын құрудың баяулау қатері айтарлықтай емес деп анықтаса, өтемақылық тексеру өтемақы шарасын енгізбестен тоқтатылады.
4. Ерекше субсидияның мөлшері, егер тексеру объектісі болып табылатын тауар құнының кемінде бір пайызын құрайтын болса ең аз деп танылады.
Субсидияланған импорт көлемі, әдетте, егер Кеден одағының бірыңғай кеден аумағындағы ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің бір пайызынан кем көлемін құраса, елеусіз болып танылады, бұл ретте экспорттаушы үшінші елдердің әрбірінің импорттағы жеке үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағындағы ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің бір пайызынан кем көлемін құраса, жиынтығында Кеден одағының бірыңғай кеден аумағындағы ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аспайды.
5. Субсидияланған импорт көлемінің мәні болып табылатын және Кеден одағының тарифтік преференциялық жүйесін дамушы не аз дамыған пайдаланушы-елдер шығаратын тауарға қатысты өтемақылық тексеру, егер тексеру жүргізетін осы тауарға қатысты ұсынылған экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидияларының жалпы мөлшері тауар бірлігіне есептегенде оның құнының екі пайызынан аспайтынын немесе осындай үшінші елден келген аталған тауар импортының үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағындағы аталған тауар импортының жалпы көлемінің төрт пайызынан аспайтынын белгілесе, тоқтатылады, бұл ретте Кеден одағының бірыңғай кеден аумағындағы осы тауар импортының үлесі жалпы көлемінің төрт пайызынан аспайтын дамушы және аз дамыған елдің әрбірінің Кеден одағының бірыңғай кеден аумағындағы осы тауар импортындағы жиынтық үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағындағы осы тауар импортының жалпы үлесінің тоғыз пайызынан аспайды.
6. Тексеру жүргізетін орган өтемақылық тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдағанға дейін құпия ақпаратты қорғау қажеттілігін есепке ала отырып барлық мүдделі тұлғаларға тексеру нәтижелері бойынша жасалған негізгі қорытындылар туралы хабарлайды және өз түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігін береді.
Мүдделі тұлғалар түсініктемелерін ұсыну мерзімін тексеру жүргізетін орган белгілейді, бірақ ол күнтізбелік он бес күннен кем бола алмайды.
36-бап. Демпингтік немесе субсидияланған импорт жағдайында
Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы
саласын айқындау ерекшеліктері
1. Демпингке қарсы немесе өтемақылық тексеру жүргізу кезінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласы осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 1-бабында белгіленген мағынада түсініледі.
2. Егер мүше мемлекеттерде болжалды түрде демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын ұқсас тауарларды өндірушілер бір мезетте тауарлардың импорттаушылары болып табылған жағдайда мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың қалған өндірушілері ғана мүше мемлекеттердің экономика саласы деп түсінілуі мүмкін.
Мүше мемлекеттердің экономика саласы болып мына жағдайларда, сондай-ақ егер:
1) мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың жекелеген өндірушілері тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын тікелей немесе жанама бақыласа;
2) тексеру объектісі болып табылатын тауардың жекелеген экспорттаушылары немесе импорттаушылары мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың өндірушілерін тікелей немесе жанама бақыласа;
3) мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың жекелеген өндірушілерін және тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушыларын немесе импорттаушыларын үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақыласа;
4) тексеру жүргізетін органның байланысты емес тұлғадан ерекшеленетін мұндай өндірушілердің мінез-құлқы осындай байланыстан туындайды деуге негіздемесі бар деген шартпен мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлардың жекелеген өндірушілері мен шетелдік өндірушілер, тексеру объектісі болып табылатын тауар экспорттаушылары немесе импорттаушылары үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақыласа, мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарларды қалған өндірушілер ғана түсінілуі мүмкін.
3. Мүше мемлекеттердің экономика саласын анықтаған кезде ерекше жағдайларда, егер мұндай өндірушілер мұндай нарықта тұтыну немесе ұқсату мақсаттары үшін өздері өндіретін ұқсас тауардың кем дегенде сексен пайызын сатса және мұндай нарықтағы ұқсас тауарға деген сұранысты мүше мемлекеттердің қалған аумағындағы мұндай тауардың өндірушілері айтарлықтай түрде қанағаттандырмаса, бұл мемлекеттердің аумағы екі немесе одан артық аумағы оқшауланған бәсекелес нарық жұмыс істейтін аумақ ретінде қаралуы мүмкін, ал аталған нарықтардың біреуінің шегінде мүше мемлекеттердегі өндірушілер мүше мемлекеттер экономикасының бөлек саласы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда демпингтік немесе субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын тауарды сату аталған бәсекелес нарықтардың бірінде шоғырланып әрі бір осындай нарық шегінде мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарлар өндірушілерінің барлығына немесе барлығына дерлік залал келтіреді деген шартпен, тіпті егер мүше мемлекеттердің экономика саласының негізгі бөлігіне залал келтірілмесе де, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың салдарынан туындайтын материалдық залалдың, мұндай залады келтіру немесе мүше мемлекеттердің экономика саласын құруды айтарықтай баяулату қатерінің болуы анықталуы мүмкін.
4. Егер мүше мемлекеттердің экономика саласы осы баптың
3-тармағында белгіленген мағынада түсінілген және тексеру нәтижелері бойынша демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда, мұндай шара Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына тауардың бүкіл импортына қатысты қолданылуы мүмкін.
Мұндай жағдайда демпингке қарсы немесе өтемақы бажы тексеру жүргізетін орган тауар экспорттаушыларына осы аумаққа мұндай тауардың демпингтік бағалар (демпингтік импорт кезінде) немесе субсидияланатын бағалар (субсидияланатын импорт кезінде) эскпортын тоқтатуға немесе мұндай мүмкіндікті экспорттаушылар пайдаланбады деген шартпен Еуразиялық экономикалық Одақтың кеден аумағына экспорт шарттарына қатысты тиісті міндеттемелер алуына мүмкіндік берген соң ғана енгізіледі.
37-бап. Жария тыңдау
1. Тергеуге қатысушылардың кез келгені ұсынған қолдау хаттың негізінде жазбаша нысанда және осы Заңға сәйкес белгіленген мерзімде тергеу жүргізетін орган жария тыңдауларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Тергеу жүргізетін орган тергеуге қатысушыларға жария тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны, сондай-ақ жария тыңдауды өткізу барысында қарастырылатын мәселелердің тізбесін жіберуге міндетті.
Жария тыңдауды өткізу уақыты тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен бұрын емес тағайындалады.
3. Жария тыңдауға тергеуге қатысушылар немесе олардың өкілдері, сондай-ақ олар өздеріндегі тергеуге қатысты мәліметтерді беру мақсатында тартқан тұлғалар қатысуға құқылы.
Тергеуге қатысушылары жария тыңдау барысында өз пікірлерін білдіре алады және тергеуге қатысты дәлелдемелер ұсына алады. Тергеу жүргізетін органның өкілі олар мәлімдеген фактілердің мәніне қатысты жария тыңдауға қатысушыларға сұрақтар қоюға құқылы. Тергеуге қатысушылар сонымен қатар бір-біріне сұрақтар қоюға құқылы және оларға жауап беруге міндетті. Жария тыңдауға қатысушылар құпия деп танылған ақпаратты жарияламауға міндетті.
4. Жария тыңдау барысында ауызша нысанда берілген мәліметтер егер жария тыңдау өткізілген күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде олар тергеу жүргізетін органға тергеуге қатысушылармен жазбаша ұсынылған болса, тергеу жүргізу барысында назарға алынады.
38-бап. Тергеу жүргізу барысында ақпарат жинау
1. Демпингке қарсы немесе өтемақы тергеулерін бастау туралы шешім қабылданғаннан кейін тергеу жүргізетін орган тергеу объектісі болып табылатын оған белгілі тауарды экспорттаушыларға және (немесе) өндірушілерге олар жауап берулері тиіс сұрақтардың тізбесін жібереді.
Сұрақтар тізбесі сонымен қатар Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғаныс тергеуін жүргізген жағдайда) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтем тергеуін жүргізген жағдайда) өндірушілерге жіберіледі.
Қажет болған жағдайда сұрақтар тізбесі тергеу объектісі болып табылатын тауардың импорттаушыларына және тұтынушыларына жіберілуі мүмкін.
2. Сұрақтар тізбесі жіберілген осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалары көрсетілген тізбені алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өз жауаптарын тергеу жүргізетін органға ұсынуға міндетті.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың дәлелденген және жазылған өтініштері бойынша көрсетілген мерзімді тергеу жүргізетін орган күнтізбелік он төрт күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
3. Сұрақтар тізбесі почта арқылы жөнелтілген күннен бастап немесе экспорттаушының және (немесе) өндірушінің өкіліне тікелей тапсырылған күні алынған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кейін деп есептеледі.
Тізбеге енгізілген сұрақтарға жауаптар, егер олар тергеу жүргізетін органға құпия және құпия емес нұсқаларда осы баптың 2-тармағында көрсетілген отыз күндік мерзім өткен күннен немесе оны ұзарту мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей келіп түскен болса, тергеу жүргізетін орган алды деп есептеледі.
4. Тергеу жүргізетін орган тергеу жүргізу барысында мүдделі тұлғалар ұсынылған ақпараттың дәлдігіне және дәйектілігіне көз жеткізеді.
Тергеу барысында ұсынылған мәліметтерді немесе жүргізіліп жатқан тергеуге байланысты қосымша мәліметтер алу мақсатында тергеу жүргізетін орган қажет болған жағдайда:
1) үшінші елдің аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауардың тиісті шетелдік экспорттаушыларының және (немесе) өндірушілерінің келісімін алған және алдағы тергеу туралы ресми түрде алдын ала хабардар етілген үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда;
- Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттің аумағында тергеу объектісі болып табылатын тиісті тауар импорттаушыларының және (немесе) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірушілердің келісімін алған жағдайда тексеріс жүргізуі мүмкін.
Шетелдік өндіруші немесе экспорттаушы осындай жауаптарды жібергенге дейін жүргізуге өз еркімен келіскен жағдайларды қоспағанда және тиісті үшінші елдің тарапынан қарсылық болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес тергеу жүргізетін орган жіберген сұрақтар тізбесіне жауаптар алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Тергеуге тиісті қатысушылардың келісімін алғаннан кейін және тексеріс басталғанға дейін оларға жүргізуге жіберілген қызметкерлерге ұсынылуы тиіс құжаттар мен материалдардың тізімі жіберіледі. Тергеу жүргізетін орган үшінші елді жоспарланған шетелдік экспорттаушылардың немесе өндірушілердің мекенжайлары және атаулары, сондай-ақ осындай тексерістерді жүргізу күндері туралы хабардар етеді.
Тергеу жүргізу барысында сұрақтар тізбесіге жауаптарында ұсынылған ақпараттың дәйектілігін растау үшін қажетті басқа да құжаттар мен материалдар сұратылуы мүмкін.
Егер тергеу жүргізу кезінде тергеу жүргізетін органның осындай тергеу мақсаттары үшін аталған органның қызметкерлері болып табылмайтын сарапшыларды шақыру ниеті болса, оларға қатысты тергеу әрекеттерін жүзеге асыру көзделген тергеуге қатысушылар тергеу жүргізетін органның бұл шешімі туралы алдын ала хабардар етілуі тиіс. Осындай сарапшылардың тергеуге байланысты алынған ақпараттың құпиялылығын бұзғаны үшін оларға санкция қолдануға мүмкіндік болған жағдайда ғана тергеуге қатысуына жол беріледі.
5. Тергеу жүргізетін орган тергеу жүргізу барысында берілген мәліметтерді немесе жүргізілетін тергеумен байланысты қосымша мәліметтерді алу мақсатында өз өкілдерін мүдделі тұлғалардың тұратын жеріне жіберуге, ақпараттар жинауды, мүдделі тұлғалармен консультациялар мен келіссөздер жүргізуге, тауардың үлгілерімен танысуға және тергеу жүргізу үшін қажетті өзге әрекеттерді қолдануға құқылы.
39-бап. Құпия ақпарат
1. Құпия ақпарат деп мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) қоспағанда, коммерциялық және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де ақпаратты (құпияны) қамтитын шектеулі рұқсаты бар ақпарат түсініледі.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құпия ақпаратты уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес береді.
3. Уәкілетті органға мүдделі тұлға ұсынатын ақпарат осы тұлға негіздемелерді, оның ішінде осындай ақпаратты ашу үшінші тұлғаға бәсекелестік басымдық беретіні не осындай ақпаратты ұсынған тұлға үшін немесе осындай ақпаратты алған тұлға үшін қолайсыз салдарға әкеліп соғатындығын куәландыратын негіздемені ұсынған кезде құпия ретінде қарастырылады.
Негіздемелер жазбаша түрде ұсынылуға тиіс.
4. Уәкілетті органға құпия ақпаратты ұсынатын мүдделі тұлға онымен бірге осындай ақпараттың құпия емес нұсқасын ұсынуға міндетті.
Құпия емес нұсқа құпия түрде ұсынылған ақпараттың мәнін түсіну үшін жеткілікті түрде толық болуға тиіс.
Ерекше жағдайларда мүдделі тұлғалар құпия ақпаратты құпия емес нұсқада берудің мүмкін еместігінің негіздемелерін құпия емес нұсқаны беру мүмкін емес себептерді баяндай отырып, ұсынуы қажет.
5. Уәкілетті орган тергеу жүргізетін органды қоспағанда, үшінші тұлғаларға құпия ақпаратты бере алмайды.
Мүдделі тұлғалар ұсынған құпия ақпарат оның жазбаша рұқсатынсыз жария етіле алмайды.
Құпия ақпаратты уәкілетті органның лауазымды тұлғалары жеке басының мақсаттарына пайдалана алмайды.
40-бап. Мүдделі тұлғалар
1. Тергеу жүргізу кезінде:
1) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) мүше мемлекеттерде ұқсас тауарды өндіруші (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде);
2) қатысушыларының көпшілігі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) не ұқсас тауарды өндірушілер (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) болып табылатын мүше мемлекеттердегі өндірушілердің бірлестігі;
3) қатысушылары ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) мүше мемлекеттерде ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) өндірісінің жалпы көлемінің жиырма бес пайызынан астамын өндіруді жүзеге асыратын мүше мемлекеттер өндірушілерінің бірлестігі;
4) тергеу объектісі болып табылатын тауарды экспорттаушы, шетелдік өндіруші немесе импорттаушы және қатысушыларының елеулі бөлігі осы тауарды өндірушілер, экспорттаушылар немесе экспорттаушы үшінші елден немесе тауар шығаратын мемлекеттен импорттаушылар болып табылатын шетелдік тауар өндірушілерінің, экспорттаушыларының немесе импорттаушыларының бірлестігі;
5) экспорттаушы үшінші елдің не тауар шығарылатын мемлекеттің уәкілетті органы;
6) егер өнімді өндірген кезде осындай тауарды пайдаланса, тергеу объектісі болып табылатын тауардың тұтынушылары және Еуразиялық экономикалық Одағына мүше мемлекеттердегі осындай тұтынушылардың бірлестіктері;
7) егер тауар басым түрде жеке тұлғалардың тұтыну нысанасы болып табылса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мүдделі тұлғалар болып табылады.
2. Мүдделі тұлғалар тергеу жүргізу барысында дербес немесе нотариаттық ресімделген өкілеттіктері бар өз өкілдері арқылы әрекет етеді.
Егер мүдделі тұлға тергеу барысында уәкілетті өкіл арқылы әрекет ететін болса, тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаға осы өкіл арқылы ғана тергеу мәні туралы барлық ақпаратты жеткізеді.
41-бап. Тергеуге байланысты қабылданатын шешімдер туралы
хабарламалар
1. Тергеу жүргізетін орган тергеуге байланысты қабылданатын шешімдер туралы Еуразиялық экономикалық Одақтың ресми сайтында:
1) тергеудің басталғаны туралы;
2) алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізуді туралы;
3) осы Заңның 18-бабына сәйкес демпингке қарсы бажын немесе осы Занның 28-бабына сәйкес өтемақы бажын қолдану мүмкіндігі туралы;
4) арнайы қоргау тергеудің аяқталғаны туралы;
5) нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізуге негіздердің бар екендігі туралы не тиісті міндеттемелерді мақұлдаудың орындылығы туралы қорытынды жасалған тергеудің аяқталғаны туралы;
6) тиісті міндеттемелерді мақұлдау туралы тергеуге байланысты қабылданатын шешімдер бойынша тергеудің тоқтатылғаны немесе аяқталғаны туралы;
7) нәтижелерi бойынша тергеу жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізуге негіздердің жоқ екендігі туралы қорытынды жасалған тергеудің аяқталғаны туралы;
8) тергеуге байланысты басқа қабылданатын шешімдер туралы хабарламаны Интернет желілерде жариялайды.
Мұндай хабарламаларды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына және хабарламада көрсетілген қабылданған шешімдер мүдделерін қозғауы мүмкін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілерге жібереді.
2. Тергеу басталғаны туралы хабарлама тергеу жүргізетін орган тергеу басталуы шешімін қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жариялауға тиіс және ол:
1) тергеу объектісі болып табылатын тауардың толық сипаттамасы;
2) экспорттаушы үшінші елдің атауы;
3) Еуразиялық экономикалық Одақтың бірыңғай кедендік аумағына импорттың өсуінің дәлелдемелердің және мүше мемлекеттер экономикасының саласына келтірілген елеулі залалдың немесе елеулі залал келтіру қатерінің болуын куәландыратын мәліметтердің қысқаша баяндалуы (арнайы қорғау тергеуін бастау туралы шешім қабылданған кезде);
4) демпингтік немесе субсидияланатын импорттың барлығы туралы оң қорытынды үшін негіздеменің және мүше мемлекеттер экономикасының саласына материалдық залалдың немесе материалдық залал келтіру қатерінің не Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттер экономикасының саласын құрудың ерекше кешіктірілуінің болуын куәландыратын мәліметтердің қысқаша баяндалуы (демпингке қарсы немесе өтемақылық тергеуін бастау туралы шешім қабылданған кезде);
5) мүдделі тұлғалар өздерінің пікірлерін және тергеуге қатысты мәліметтерді жібере алатын мекенжай;
6) тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғалардан тергеуге қатысу ниеті туралы өтініштерді қабылдайтын күнтізбелік жиырма бес күнді құрайтын мерзім;
7) тергеу жүргізетін орган тергеуге қатысушылардан жария тыңдауларды жүргізу туралы қолаухаттарды қабылдайтын күнтізбелік қырық бес күнді құрайтын мерзім;
8) тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғалардан жазбаша нысанда түсініктемелер және тергеуге жататын мәліметтерді қабылдайтын алпыс күнді құрайтын мерзім қамтылуға тиіс.
3. Алдын ала арнайы, алдын ала демпингке қарсы немесе алдын ала өтемақы бажын енгізу туралы хабарлама Комиссия осы шешімін қабылданған күннен бастап үш жұмыс күндері ішінде жариялауға тиіс және ол мынадай ақпарат:
1) тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысының атауы не егер бұл деректерді келтіру мүмкін болмаса, экспорттаушы үшінші елдің атауы;
2) тергеу объектісі болып табылатын тауардың кедендік ресімдеу мақсаттары үшін жеткілікті сипаттамасы;
3) демпингтік маржаның көлемі көрсетілген және тауардың қалыпты құны мен оның экспорттық бағасын есептеу және салыстыру әдіснамасын таңдау негіздемесінің сипаттамасы бар демпингтік импорттың барлығы туралы оң қорытындының негіздері (алдын ала демпингке қарсы бажды енгізген кезде);
4) субсидияның болу фактісінің сипаттамасы бар және тауар бірлігіне есептелген субсидия мөлшері көрсетілген субсидияланатын импорттың болуы туралы оң қорытындының негіздері (алдын ала өтемақы бажын енгізген кезде);
5) материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қатерінің немесе Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттер экономикасының саласын құрудың елеулі кешіктірілуінің болуын анықтаудың негіздері;
6) өскен импорт, демпингтік немесе субсидияланатын импорт пен материалдық залалдың, осындай залалды келтіру қатерінің немесе Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттер экономикасының саласын құрудың елеулі кешіктірілуінің арасындағы себеп-тергеу байланысын анықтаудың негіздері;
7) өспелі импорттың бар болуы туралы оң қорытынды үшін негіздеме (алдын ала арнайы бажды енгізу кезінде) қамтылуға тиіс.
4. Осы Заңның 18-бабына сәйкес демпингке қарсы бажын немесе осы Занның 28-бабына сәйкес өтемақы бажын қолдану мүмкіндігі туралы хабарлама:
1) тергеу объектісі болып табылатын тауардың кедендік ресімдеу мақсаттары үшін жеткілікті сипаттамасы;
2) тергеу объектісі болып табылатын тауар экспорттаушысының атауы не егер бұл деректерді келтіру мүмкін болмаса, экспорттаушы үшінші елдің атауы;
3) осы Заңның 18 немесе 28-баптарында көрсетілген жағдайдың орындалуын куәландыратын мәліметтердің қысқаша баяндалуы қамтылуға тиіс.
4. Арнайы қорғау тергеуінің нәтижелері бойынша хабарламада тергеу жүргізетін орган оның иелігіндегі ақпаратты талдау негізінде жасаған негізгі қорытындылар қамтылуға тиіс және тергеу жүргізетін орган тергеу аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жариялауға тиіс.
5. Нәтижелері бойынша тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы немесе өтемақы бажын енгізуге негіздердің бар екендігі туралы не тиісті міндеттемелерді мақұлдаудың орындылығы туралы қорытынды жасалған тергеудің аяқталғаны туралы хабарлама тергеу аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жарияланады және ол:
1) тергеу жүргізетін органның тергеу нәтижелері туралы соңғы қорытындысын түсіндіруді;
2) негізінде осындай қорытынды жасалған фактілерді көрсетуді;
3) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ақпаратты;
4) тергеу объектісі болып табылатын экспорттаушылардың және импорттаушылардың аргументтері мен талаптарын тергеу барысында қабылдау немесе қабылдамау себептерін көрсетуді;
5) осы Заңның 12-бабының 7–11-тармақтарына сәйкес шешімдер қабылдау себептерін көрсетуді қамтуға тиіс.
6. Тиісті міндеттемелерді мақұлдау туралы тергеуге байланысты қабылданатын шешімдер бойынша тергеудің тоқтатылғаны немесе аяқталғаны туралы туралы хабарлама тергеуді тоқтатылған немесе аяқталған күннен бастап үш жұмыс күндері ішінде жариялауға тиіс және ол осы міндеттемелердің құпия емес нұсқасы қамтуға тиіс.
7. Нәтижелерi бойынша тергеу жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізуге негіздердің жоқ екендігі туралы қорытынды жасалған тергеудің аяқталғаны туралы хабарлама тергеу аяқталған күннен бастап үш жұмыс күндері ішінде жариялауға тиіс және ол:
1) тергеу жүргізетін органның тергеу нәтижелері туралы түпкілікті қорытындысын түсіндіруді;
2) негізінде осы тармақтың 1-тармақшасында көзделген қорытынды жасалған фактілерді көрсетуді қамтуға тиіс.
8. Нәтижелері бойынша осы Занның 42-тармағына сәйкес шараны қолданбау туралы тергеудің аяқталғаны туралы хабарлама тергеуді аяқталған күннен бастап үш жұмыс күндері ішінде жариялауға тиіс және ол Комиссиясының негізінде осындай шараны қабылдалған фактілерді және қорытындыларды көрсетудімен арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараны қолданбау себептерін түсіндіруді қамтылуға тиіс.
9. Тексеру жүргізетін орган жүргізілетін тексерулер мен қолданылатын шаралар бөлігінде 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуы туралы Марракеш келісімінде көзделген барлық хабарламалардың Дүниежүзілік сауда ұйымының құзыретті органдарына белгіленген тәртіппен жіберілуін қамтамасыз етеді.
10. Осы баптың ережелері тиісті айырмашылықтарды ескере отырып, қайтадан тергеулердің басталғаны және аяқталғаны туралы хабарламаларға қолданылады.
42-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы
шараларын қолданбау
1. Комиссиясы тергеу нәтижелері бойынша, егер мұндай шараларды қолдану осы Заңда белгіленген критерийлерге сәйкес келген жағдайда да, арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолданбау туралы шешім қабылдай алады.
Көрсетілген шешім егер тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғалар ұсынған барлық ақпаратты талдау нәтижелері бойынша осындай шараны қолдану мүше мемлекеттердің мүдделеріне залал келтіруі мүмкін деген қорытынды дайындаған болса қабылдануы мүмкін. Мұндай шешім оны қабылдауға негіз болған себептер өзгерген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.
Тиісті шараны қолдану орындылығы туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүше мемлекеттер экономикасы саласының, егер өнімді өндірген кезде осы тауарды пайдаланса, тергеу объектісі болып табылатын тауар тұтынушыларының және мүше мемлекеттердегі осындай тұтынушылар бірлестіктерінің, егер тауар басым түрде жеке тұлғалардың және осы тауарды импорттаушылардың тұтыну нысанасы болса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің мүдделерін жиынтық бағалаудың нәтижелеріне негізделуге тиіс. Бұл ретте көрсетілген тұлғаларға осы баптың 3-тармағының ережелеріне сәйкес осы мәселе бойынша өзінің түсініктемелерін ұсыну мүмкіндігі берілгеннен кейін ғана осындай қорытынды жасауы мүмкін.
Осындай қорытындыны дайындаған кезде өспелі, демпингтік немесе субсидияланатын импорттың сауданың әдеттегі барысына және мүше мемлекеттердің тиісті тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне және мүше мемлекеттер экономикасы саласының жағдайына бұрмалаушы әсерін жою қажеттілігіне ерекше мән берілуге тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерін қолдану мақсаттары үшін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды (арнайы қорғау тергеуін жүргізген кезде) не мүше мемлекеттердегі ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы тергеуін жүргізген кезде) өндірушілер, олардың бірлестіктері, тергеу объектісі болып табылатын тауарды импорттаушылар және импорттаушылар бірлестіктері, егер өнімді өндірген кезде осындай тауарды пайдаланса, тергеу объектісі болып табылатын тауар тұтынушылары және мүше мемлекеттердегі мұндай тұтынушылардың бірлестіктері, егер тауарды басым түрде жеке тұлғалардың тұтыну нысанасы болса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері осы Заңның 41-бабының 2-тармағына сәйкес жарияланатын хабарламада белгіленген мерзім ішінде осы мәселе бойынша өз түсініктемелері мен ақпаратты ұсынуға құқылы. Тиісті жағдайларда мұндай түсініктемелер мен ақпарат немесе олардың құпия емес нұсқасы осы тармақта көрсетілген, өздерінің жауап түсініктемелерін ұсынуға құқылы басқа мүдделі тұлғаларға танысу үшін ұсынылуға тиіс.
Осы тармақтың ережелеріне сәйкес ұсынылатын ақпарат оның дәйектілігін растайтын объективті фактілер болған жағдайда алынған көзге қарамастан, назарға алынуы тиіс.
6-тарау. Қорытынды ережелер
43-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы
шараларын қолдану туралы шешімдерді сот
тәртібімен шағымдануының ерекшеліктер
Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдануға байланысты Комиссиясының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы сотта істерді қарау тәртібі және ерекшеліктері Еуразиялық экономикалық Одақ Сотының Статутында және Еуразиялық экономикалық Одақ Сотының Регламентінде айқындалады.
44-бап. Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты
арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы
шаралары туралы заңнамасын бұзғаны үшін
жауаптылық
Қазақстан Республикасының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
45-бап. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші
жойылды деп танылсын:
1) «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 446-құжат; 1999 ж., № 21, 763-құжат; 2005 ж., № 11, 40-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; 2013 ж., № 15, 81-құжат);
2) «Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 22-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 15, 81-құжат);
3) «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат).
46-бап. Күшіне енуі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті