Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 - 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысы.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамына", "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ" деген сөздер тиісінше "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамына", "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2021 № 958 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 63-1-жолмен толықтырылсын:

      "

63-1.

Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 аумағында cауда ойын-сауық орталығының құрылысы бойынша ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ақпарат

ЭБЖМ, "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ (келісім бойынша)

2014 жылғы шілде

талап етілмейді


      ".

      3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      (келісім бойынша):

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың қайтарылуын жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығы объектілерін сату есебінен қамтамасыз етсін;

      2) Жартыжылдық және жылдың қорытындылары бойынша Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 30 шілдеден және 30 қаңтардан кешіктірмей жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жартыжылдық және жылдың қорытындылары бойынша Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне 15 тамыздан және 15 ақпаннан кешіктірмей берсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 1 шілдедегі
№ қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО – 2017 халықаралық
мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және
сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру,
басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету
жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "Бәйтерек девелопмент" акционерлік қоғамы", "Бәйтерек девелопмент" АҚ" деген сөздер тиістік септіктегі "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы", "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ" деген сөздермен тиісінше ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2020 № 557 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының (бұдан әрі – СОО) объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі (бұдан әрі – ЭКСПО-2017) аумағында жылжымайтын мүлік (машина орындарын қоса алғанда, тұрғын үйдің жалпы алаңының ажырамас бөлігі болып табылатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар) және СОО объектілерін қаржыландырудың, басқарудың, құрылысын салудың және сатудың негізгі шарттарын айқындау мақсатында қабылдады.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – ҚР ҰҚБК шешімі) 2014 жылғы 11 маусымдағы № 01-7.7 шешіміне сәйкес осы Жоспардың 1-тармағында көрсетілген объектілердің құрылысын қаржыландыру үшін қаражаттың Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамына бөлінуін қамтамасыз етеді.

      3. "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 01-7.7 шешіміне сәйкес "Люкс недвижимость Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, "BI Group Corporation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі – тұрғын үй бойынша жобалау компаниялары) және "Mega Plaza" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі – СОО бойынша жобалау компаниясы) (бұдан әрі бірге – тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары) қаржыландыру үшін "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ) қаражаттың бөлінуін қамтамасыз етеді.

      4. "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларымен осы Жоспарда және ҚР ҰҚБК шешімінде айқындалған негізгі талаптарда инвестициялау шарттарының жасалуын қамтамасыз етеді. Инвестициялау шарттарының кейінгі талаптарын "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ айқындайды және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатының қайтарымдылығы шараларын қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары үшін міндетті болып табылады.

      5. Көрсетілген компаниялар аванстық төлемді сақтандыру шарттарын берген жағдайда тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларына инвестициялаудың жалпы сомасының 20 %-дан аспайтын мөлшерде аванстық төлем берілетін болады.

      Бұл ретте аванстық төлемді сақтандыру шарты сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде бөлінген қаражат мақсатсыз пайдаланылған және инвестициялау шарты бұзылған жағдайларда сақтандыру сомасын төлеу жөніндегі сақтандыру компаниясының сөзсіз міндеттемесін көздеуі тиіс.

      Құрылысты кейіннен қаржыландыру тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің нақты орындалуына қарай жүзеге асырылады.

      Тұрғын үй бойынша жобалау компанияларына көрсетілген компаниялар ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына инвестициялау шарттары бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданылатын мерзіммен кері қайтарылмайтын банк кепілдігін берген, сондай-ақ "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ -мен қосымша аванстық төлемнің сомасына жоспарланатын шығыстарды келіскен жағдайда, әрбір компания бойынша инвестициялаудың жалпы сомасының 30%-ынан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.

      Банк кепілдігін Standard&Poor’s, Fitch Ratings, Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған, Standard&Poor’s және Fitch Ratings шәкілі бойынша "B-" төмен емес және Moody’s Investors Service шәкілі бойынша "B3" төмен емес шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банк беруге тиіс, көрсетілген рейтингтер "кері қайтарып алынған" немесе "тоқтатылған" жағдайында болмауға тиіс.

      Бірнеше рейтингтік агенттіктердің рейтингі болған жағдайда, ең төмен рейтинг есепке алынады.

      СОО бойынша жобалау компаниясына көрсетілген компания ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шартын, корпоративтік кепілдікті және бұрын ұсынылған жылжымайтын мүлік кепілдіктерін ұсынған жағдайда, инвестициялаудың жалпы сомасының 60 %-нан аспайтын мөлшерде қосымша аванстық төлем берілетін болады.

      Бұл ретте, ұсынылатын қосымша аванстық төлемнің бүкіл сомасына сақтандыру шарты сақтандыру шартында көзделген жағдайларда, оның ішінде бөлінген қаражат мақсатсыз пайдаланылған және инвестициялау шарты бұзылған жағдайларда сақтандыру компаниясының сақтандыру сомасын төлеу бойынша сөзсіз міндеттемесін көздеуге тиіс.

      СОО бойынша жобалау компаниясына қосымша аванстық төлем екінші деңгейдегі банктегі эскроу шотта орналастырылады. Эскроу шотта орналастырылған қаражатты пайдалану "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ-мен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.01.2016 № 12; 30.06.2016 № 386 қаулыларымен.

      6. Жылжымайтын мүлік және СОО объектілерінің құрылысы, оның ішінде құрылыс құнының қымбаттауы жөніндегі барлық тәуекелдер тиісінше тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларына жүктеледі.

      7. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары техникалық қадағалауды және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ айқындаған мамандандырылған компанияны тартады.

      8. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-мен келісім бойынша "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және олардың құрылыс жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындауына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалануына байланысты ақпаратты, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты кез келген уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беруіне мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

      Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ-ға қаражаттың игерілуі және құрылыс бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы есептерді, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ белгіленген нысан бойынша және мерзімде жібереді.

      9. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен меншікті қаражаты есебінен жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.01.2016 № 12 қаулысымен.

      10. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары 2016 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, жылжымайтын мүлік объектілері мен СОО пайдалануға беруді, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілеріне әрбір қатысушының салымына пропорционал меншік құқығын және СОО үлестік ортақ меншікті тіркеуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2016 № 884 қаулысымен.

      11. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары "Астана ЭКСПО 2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – ұлттық компания) заңнамада белгіленген тәртіппен жер учаскелерін тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының меншігіне төлемді бөліп төлеу арқылы (ұлттық компанияның пайдасына екінші ауыртпалықта болу құқығы беріледі) ақылы беру және жылжымайтын мүлік объектілеріне, іргелес аумаққа, әрлеуге, қолданылатын технологиялар мен жабдықтарға қойылатын талаптар жөніндегі мәселені пысықтайды.

      12. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары үшін құрылыс және бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындау критерийлері:

      1) 2016 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, жылжымайтын мүлік объектілері мен СОО пайдалануға беруді, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілеріне әрбір қатысушының салымына пропорционал меншік құқығын және СОО үлестік ортақ меншікті тіркеуді қамтамасыз ету;

      2) ЖСҚ-ға сәйкес тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының техникалық қадағалау және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапты мамандандырылған компания растаған құрылыс-монтаж жұмыстарын уақтылы орындауы;

      3) техникалық қадағалау және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапты мамандандырылған компанияның орындалған жұмыстардың құнын растауы бар қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      4) нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, ЖСҚ беруді қамтамасыз ету;

      5) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде:

      жер учаскелерін;

      тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының жарғылық капиталындағы қатысушылардың қатысу үлестерінің 100 %;

      ЖСҚ;

      аяқталмаған құрылыс объектілерін беру болып табылады.

      Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары құрылыс жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындамаған және/немесе бөлінген қаражатты мақсатсыз пайдаланған, сондай-ақ "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ және тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары арасындағы инвестициялау шарттарында көзделген жағдайлар туындаған жағдайда, "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ бұл инвестициялау шарттарын мерзімінен бұрын бұзуға құқылы және тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компанияларының мақсатсыз пайдаланған қаражатты қайтаруын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.12.2016 № 884 қаулысымен.

2. Жылжымайтын мүлік объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын
салу және сату шарттары "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ
ЭКСПО-2017 үшін

      13. жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын жүзеге асыратын тұрғын үй бойынша жобалау компанияларын мынадай негізгі шарттарда қаржыландыруды қамтамасыз етеді:

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ инвестициялайтын қаражат сомасы

-

40 000 000 000 (қырық миллиард) теңгеден аспайды;

Құрылыс кезеңіне сыйақы мөлшерлемесі

-

инвестициялау сомасына есептелетін жылдық 0,5 % және жартыжылдық төлемдермен төленеді;

Сыйақыны алғашқы төлеу күні

Қамтамасыз ету

-

-

2014 жылғы 1 желтоқсан;

құрылыс жүзеге асырылатын жер учаскелері (жер учаскелері "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ-да бастапқы кепілде болуы тиіс), аяқталмаған құрылыс объектілері және ЖСҚ;

Міндетті шарттар

-

1) Тұрғын үй бойынша жобалау компаниялары меншікті қаражаты есебінен ЖСҚ әзірлейді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алады және жер телімдерін сатып алады;

2) пайдалануға берілгеннен кейін жылжымайтын мүлік объектілері салынған қаражатқа барабар бөлінеді, бұл ретте тұрғын үй бойынша жобалау компаниялары "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ-ның меншігіне 1 шаршы метрі үшін 370 000 теңгеден аспайтын өзіндік құны бойынша кемінде 96 000 шаршы метр тұрғын үй жайларының (кем дегенде 1 300 пәтерді) және 1 машина-орын үшін өзіндік құны бойынша 3 330 000 теңгеден аспайтын 1 300 машина-орындардың берілуін қамтамасыз етуі тиіс.


      ЭКСПО-2017 өткізу кезеңінде "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тану үшін тіркеу дерекнамасының шарттарын ескере отырып, салықтарды қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектілеріне қызмет көрсетуге байланысты барлық шығыстарын өтей отырып, тұрғын үй объектілерінің құнынан жылдық 0,5 % мөлшеріндегі сыйақы үшін ұлттық компанияға "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ-ға тиесілі тұрғын үй объектілерін, Астана қаласындағы қолданыстағы ресми тарифтер бойынша уақытша пайдалануға береді.

      "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ бөлінген қаражаттың қайтарылуын меншікке берілген жылжымайтын мүлік объектілерін сату жолымен қайтаруды қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ тұрғын үй бойынша жобалау компанияларына жылжымайтын мүлік объектілерін 2 жыл мерзімге және бөліп төлеу мүмкіндігімен сату құқығын бере алады.

3. Сауда ойын-сауық орталығын қаржыландыру, басқару, құрылысын
салу және сату шарттары

      14. "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ СОО (өзіндік құны бойынша 1 ш.м. үшін 310000 теңгеден аспайтын құн бойынша жалпы алаңы кемінде 138000 ш.м.) құрылысын салу үшін СОО бойынша жобалау компаниясына мынадай негізгі шарттармен қаржыландыруды қамтамасыз етеді:

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ инвестициялайтын қаражат сомасы

-

37 000 000 000 (отыз жеті миллиард) теңгеден аспайды;

Құрылыс кезеңіне сыйақы мөлшерлемесі

-

жылдық 2,5 % инвестицияланған қаражаттың сомасына және капиталдандырылған пайыздардың сомасына есептеледі және жартыжылдық негізде капиталдандырылады;

жылдық 0,5 % инвестицияланған қаражаттың сомасына және капиталдандырылған пайыздардың сомасына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді;

Жылдық 0,5 % мөлшеріндегі сыйақыны алғашқы төлеу күні

-

2014 жылғы 1 желтоқсан;

Қамтамасыз ету

-

құрылыс жүзеге асырылатын жер учаскелері (жер учаскелері "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ-да бастапқы кепілде болуы тиіс), аяқталмаған құрылыс объектілері және ЖСҚ;

Міндетті шарттар

-

СОО бойынша жобалау компаниясы құрылыстың жалпы құнына ЖСҚ қоса алғанда, СОО құрылысының жалпы құнының кемінде 15 %-ын ақша қаражаты түрінде салады;

-

СОО пайдалануға берілгеннен кейін СОО бойынша жобалау компаниясы "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ меншігіне ҚҚС-ты ескере отырып, СОО-ғы үлесті "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ инвестициялау сомасына барабар береді.


      15. "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ СОО-ны үлестік меншігіне алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде сатып алу-сату шартына сәйкес өз үлесін СОО бойынша жобалау компаниясына мынадай негізгі шарттармен сатады:

Шарттың нысанасы

-

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ-ның

СОО-дағы үлесін бөліп төлеу мүмкіндігімен сату;

Шарттың бағасы

-

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ-ның СОО құрылысына инвестицияларының құрылыс кезеңінде жиналған пайыздар ескерілген мөлшері;

Бөліп төлеу кезеңі

-

инвестициялау шартына қол қойылған күннен бастап 19 жыл 10 ай;

Төлем тәртібі

-

кестеге сәйкес;

Үлесті сатып алу бойынша бірінші төлем күні

-

2018 жылғы 1 желтоқсан;

Бөліп төлеу кезеңіндегі сыйақы

-

2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін:

- жылдық 2,5 % инвестицияланған қаражат сомасына және капиталдандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық негізде капиталдандырылады;

- жылдық 0,5 % инвестицияланған қаражат сомасына және капиталдандырылған пайыз сомасына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді, 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап:

- жылдық 3 % инвестицияланған қаражат құнының қалдығына есептеледі және жартыжылдық төлемдермен төленеді;

Қамтамасыз ету

-

СОО ғимараты, СОО бойынша жобалау компаниясының жарғылық капиталындағы СОО бойынша жобалау компаниясы қатысушыларының қатысу үлесінің 100 %;

Айрықша шарттар

-

СОО бойынша жобалау компаниясының СОО қызметінен алған таза табысы "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ үлесін сатып алуға жұмсалады.".


      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.06.2016 № 386 қаулысымен.

Об утверждении Плана совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан по обеспечению мер для финансирования, управления, строительства и реализации объектов недвижимости и торгово-развлекательного центра для Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 января 2013 года № 10 "Об утверждении Национального плана организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО - 2017 на 2013 - 2018 годы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 2014 года № 753.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый План совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан по обеспечению мер для финансирования, управления, строительства и реализации объектов недвижимости и торгово-развлекательного центра для Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане (далее – План).

      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 января 2013 года № 10 "Об утверждении Национального плана организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 на 2013 – 2018 годы" следующее дополнение:

      Национальный план организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 на 2013 – 2018 годы, утвержденный указанным постановлением:

      дополнить строкой, порядковый номер 63-1, следующего содержания:

      "

63-1.

Выработка предложений по строительству торгово-развлекательного центра в г. Астане на территории ЭКСПО-2017

Информация
в Правительство

МЭБП, АО "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" (по согласованию)

июль
2014 года

не требуется


      ".

      3. Акционерному обществу "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (по согласованию):

      1) обеспечить возврат выделенных средств в Национальный фонд Республики Казахстан за счет реализации объектов недвижимости и торгово-развлекательного центра;

      2) направлять в Министерство экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан информацию об исполнении Плана по итогам полугодия и года, не позднее 30 июля и 30 января.

      4. Министерству экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан представлять в Правительство Республики Казахстан сводную информацию об исполнении Плана по итогам полугодия и года, не позднее 15 августа и 15 февраля.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 1 июля 2014 года № 753

План
совместных действий Правительства Республики Казахстан
и Национального Банка Республики Казахстан по обеспечению
мер для финансирования, управления, строительства и реализации
объектов недвижимости и торгово-развлекательного центра на
территории Международной специализированной выставки
ЭКСПО-2017 в городе Астане

      Сноска. По всему тексту слова "акционерному обществу "Байтерек девелопмент", "АО "Байтерек девелопмент" заменены соответственно словами "акционерному обществу "Ипотечная организация "Казахстанская Ипотечная Компания", "АО "ИО "Казахстанская Ипотечная Компания" в соответствии с постановлением Правительства РК от 08.09.2020 № 557.
      Сноска. по всему тексту слова "акционерному обществу "Ипотечная организация "Казахстанская ипотечная компания", "АО "ИО "Казахстанская ипотечная компания" заменены, соответственно, словами "акционерному обществу "Казахстанская жилищная компания", "АО "Казахстанская жилищная компания" в соответствии с постановлением Правительства РК от 29.12.2021 № 958.

1. Общие положения

      1. Настоящий План совместных действий Правительства Республики Казахстан и Национального Банка Республики Казахстан по обеспечению мер для финансирования, управления, строительства и реализации объектов недвижимости и торгово-развлекательного центра (далее – ТРЦ) для Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане (далее – План) принят Правительством Республики Казахстан в целях определения основных условий финансирования, управления, строительства и реализации объектов недвижимости (жилые и нежилые помещения, являющиеся неотъемлемой частью общих площадей жилого дома, включая машиноместа) и ТРЦ на территории Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 в городе Астане (далее – ЭКСПО-2017).

      2. Правительство Республики Казахстан совместно с Национальным Банком Республики Казахстан обеспечит выделение средств акционерному обществу "Национальный управляющий холдинг "Байтерек" (далее – АО "НУХ "Байтерек") из Национального фонда Республики Казахстан для финансирования строительства объектов, указанных в пункте 1 Плана, в соответствии с протоколом заседания Совета по управлению Национальным фондом Республики Казахстана от 11 июня 2014 года № 01-7.7 (далее – решение СУНФ РК).

      3. АО "НУХ "Байтерек" в соответствии с решением СУНФ РК обеспечит выделение средств акционерному обществу "Казахстанская жилищная компания" (далее – АО "Казахстанская жилищная компания") для финансирования товарищества с ограниченной ответственностью "Люкс недвижимость Group", товарищества с ограниченной ответственностью "BI Group Corporation" (далее – проектные компании по жилью) и товарищества с ограниченной ответственностью "Mega Plaza" (далее – проектная компания по ТРЦ) (далее совместно – проектные компании по жилью и ТРЦ).

      4. АО "Казахстанская жилищная компания" обеспечит заключение договоров инвестирования с проектными компаниями по жилью и ТРЦ на основных условиях, определенных Планом и решением СУНФ РК. Дальнейшие условия договоров инвестирования определяются АО "Казахстанская жилищная компания" и являются обязательными для проектных компаний по жилью и ТРЦ в целях обеспечения мер возвратности средств Национального фонда Республики Казахстан.

      5. Проектным компаниям по жилью и ТРЦ будет предоставлен авансовый платеж в размере не более 20% от общей суммы инвестирования в случае представления указанными компаниями договора страхования авансового платежа в полном размере.

      При этом, договор страхования авансового платежа должен предусматривать безусловное обязательство страховой компании по выплате страховой суммы в случаях, предусмотренных в договоре страхования, в том числе нецелевого использования выделенных средств и расторжения договора инвестирования.

      Последующее финансирование строительства осуществляется по мере фактического выполнения работ и услуг проектными компаниями по жилью и ТРЦ.

      Проектным компаниям по жилью будет предоставлен дополнительный авансовый платеж в размере не более 30 % от общей суммы инвестирования по каждой компании в случае предоставления указанными компаниями безотзывной банковской гарантии на всю сумму предоставляемого дополнительного авансового платежа со сроком действия до полного исполнения обязательств по договорам инвестирования, а также согласования с АО "Казахстанская жилищная компания" планируемых расходов на сумму дополнительного авансового платежа.

      Банковская гарантия должна быть выдана банком второго уровня, имеющим действующий долгосрочный кредитный рейтинг в иностранной валюте, присвоенный одним из международных рейтинговых агентств Standard&Poor`s, Fitch Ratings, Moody`s Investors Service, с рейтингом не ниже "В-" по шкале Standard&Poor`s и Fitch Ratings, и не ниже "В3" по шкале Moody`s Investors Service, указанные рейтинги не могут находиться в состоянии "отозван" или "приостановлен".

      В случае наличия рейтинга от нескольких рейтинговых агентств, учитывается минимальный рейтинг.

      Проектной компании по ТРЦ будет предоставлен дополнительный авансовый платеж в размере не более 60 % от общей суммы инвестирования в случае предоставления указанной компанией договора страхования на всю сумму предоставляемого дополнительного авансового платежа, корпоративной гарантии и ранее предоставленных залогов недвижимого имущества.

      При этом договор страхования на всю сумму, предоставляемого дополнительного авансового платежа должен предусматривать безусловное обязательство страховой компании по выплате страховой суммы в случаях, предусмотренных в договоре страхования, в том числе нецелевого использования выделенных средств и расторжения договора инвестирования.

      Дополнительный авансовый платеж проектной компании по ТРЦ размещается на эскроу счете в банке второго уровня. Использование средств, размещенных на эскроу счете, осуществляется по согласованию с АО "Казахстанская жилищная компания".

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 13.01.2016 № 12; от 30.06.2016 № 386.

      6. Все риски по строительству объектов недвижимости и ТРЦ, в том числе удорожание стоимости строительства, возлагаются на проектные компании по жилью и ТРЦ, соответственно.

      7. Проектные компании по жилью и ТРЦ привлекут специализированную компанию, определяемую АО "Казахстанская жилищная компания", для обеспечения технического надзора и контроля целевого использования средств.

      8. АО "Казахстанская жилищная компания" по согласованию с АО "НУХ "Байтерек" обеспечит мониторинг и контроль за целевым использованием проектными компаниями по жилью и ТРЦ выделяемых средств, своевременным исполнением ими обязательств по строительству и предоставлением любым уполномоченным государственным органам и организациям информации, связанной с использованием средств Национального фонда Республики Казахстан, в том числе, информации, составляющей охраняемую законом тайну.

      Проектные компании по жилью и ТРЦ направляют в АО "Казахстанская жилищная компания" отчеты об освоении средств и исполнении обязательств по строительству, в том числе, сведения, составляющие охраняемую законом тайну, по форме и в сроки, определяемые АО "Казахстанская жилищная компания".

      9. Проектные компании по жилью и ТРЦ в установленном законодательством порядке разработают проектно-сметную документацию (далее – ПСД) за счет собственных средств с получением заключения государственной экспертизы в соответствии с нормативными сроками.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 13.01.2016 № 12.

      10. Проектные компании по жилью и ТРЦ обеспечат в срок не позднее 30 декабря 2016 года завершение строительно-монтажных работ, ввод объектов недвижимости и ТРЦ в эксплуатацию, а также регистрацию собственности на объекты недвижимости пропорционально вкладу каждого участника и общей долевой собственности на ТРЦ.

      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 28.12.2016 № 884.

      11. Проектные компании по жилью и ТРЦ проработают с акционерным обществом "Национальная компания "Астана ЭКСПО-2017" (далее – национальная компания) вопрос по возмездной передаче в установленном законодательством порядке земельных участков в собственность проектных компаний по жилью и ТРЦ c рассрочкой платежа (с правом вторичного обременения в пользу национальной компании) и по требованиям к объектам недвижимости, прилегающей территории, отделке, применяемым технологиям и оборудованию.

      12. Критериями своевременного исполнения обязательств для проектных компаний по жилью и ТРЦ по строительству и целевому использованию выделяемых средств являются:

      1) обеспечение завершения строительно-монтажных работ, ввод объектов недвижимости и ТРЦ в эксплуатацию, а также регистрацию собственности на объекты недвижимости пропорционально вкладу каждого участника и общей долевой собственности на ТРЦ в срок не позднее 30 декабря 2016 года;

      2) своевременное выполнение проектными компаниями по жилью и ТРЦ в соответствии с ПСД строительно-монтажных работ, подтвержденных специализированной компанией, ответственной за технический надзор и контроль за целевым использованием средств;

      3) обеспечение целевого использования средств с подтверждением стоимости выполненных работ специализированной компанией, ответственной за технический надзор и контроль за целевым использованием средств;

      4) обеспечение представления ПСД с получением заключения государственной экспертизы в соответствии с нормативными сроками;

      5) предоставление в качестве обеспечения исполнения обязательств:

      земельных участков;

      100% доли участия участников в уставном капитале проектных компаний по жилью и ТРЦ;

      ПСД;

      объектов незавершенного строительства.

      В случае несвоевременного исполнения проектными компаниями по жилью и ТРЦ обязательств по строительству и/или нецелевого использования выделяемых средств, а также наступления случаев, предусмотренных договорами инвестирования между АО "Казахстанская жилищная компания" и проектными компаниями по жилью и ТРЦ, АО "Казахстанская жилищная компания" вправе досрочно расторгнуть данные договоры инвестирования и обеспечивает возврат проектными компаниями по жилью и ТРЦ средств, использованных не по целевому назначению.

      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 28.12.2016 № 884.

2. Условия финансирования, управления,
строительства и реализации объектов недвижимости

      13. АО "Казахстанская жилищная компания" обеспечит финансирование проектных компаний по жилью, осуществляющих строительство объектов недвижимости для ЭКСПО-2017, на следующих основных условиях:

Сумма инвестируемых средств АО "Казахстанская жилищная компания"

-

не более 40000000000 (сорок миллиардов) тенге;

Ставка вознаграждения на период строительства

-

0,5% годовых, начисляемая на сумму инвестирования и выплачиваемая полугодовыми платежами;

Дата первой выплаты вознаграждения

-

1 декабря 2014 года;

Обеспечение

-

земельные участки (земельные участки должны находиться в первичном залоге у АО "Казахстанская жилищная компания"), на которых осуществляется строительство, объекты незавершенного строительства и ПСД;

Обязательные условия

-

1) проектные компании по жилью за счет собственных средств разрабатывают ПСД, получают положительное заключение государственной экспертизы и приобретают земельные участки;

2) распределение объектов недвижимости после ввода в эксплуатацию осуществляется пропорционально вложенным средствам, при этом проектные компании по жилью должны обеспечить передачу в собственность АО "Казахстанская жилищная компания" не менее 96000 квадратных метров жилых помещений (не менее 1300 квартир) по себестоимости не более 370000 тенге за 1 квадратный метр и 1300 машиномест по себестоимости не более 3330000 тенге за 1 машиноместо.


      В период проведения ЭКСПО-2017 АО "Казахстанская жилищная компания", за вознаграждение в размере 0,5% годовых от стоимости переданных жилых объектов, предоставит национальной компании во временное пользование жилые объекты, принадлежащие АО "Казахстанская жилищная компания", с возмещением всех расходов, связанных с обслуживанием объектов недвижимости, включая налоги, с учетом условий Регистрационного досье для признания международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 Астана, по официальным тарифам, действующим в городе Астане.

      АО "Казахстанская жилищная компания" обеспечивает возврат выделенных средств путем реализации переданных в собственность объектов недвижимости.

      При этом, АО "Казахстанская жилищная компания" может предоставить проектным компаниям по жилью право на реализацию объектов недвижимости сроком на 2 года и право реализации в рассрочку.

3. Условия финансирования, управления, строительства
и реализации торгово-развлекательного центра

      14. АО "Казахстанская жилищная компания" обеспечит финансирование проектной компании по ТРЦ в целях строительства ТРЦ (общей площадью не менее 138000 кв.м. по себестоимости не более 310000 тенге за 1 кв.м.) на следующих основных условиях:

Сумма инвестируемых средств АО "Казахстанская жилищная компания"

-

не более 37000000000 (тридцать семь миллиардов) тенге;

Ставка вознаграждения на период строительства

-

2,5% годовых начисляется на сумму инвестированных средств и капитализированных процентов и капитализируется на полугодовой основе,

0,5% годовых начисляется на сумму инвестированных средств и капитализированных процентов и выплачивается полугодовыми платежами;

Дата первой выплаты вознаграждения в размере 0,5% годовых

-

1 декабря 2014 года;

Обеспечение

-

земельные участки (земельные участки должны находиться в первичном залоге у АО "Казахстанская жилищная компания"), на которых осуществляется строительство, объекты незавершенного строительства и ПСД;

Обязательные условия


-

проектная компания по ТРЦ вкладывает в общую стоимость строительства не менее

15% от общей стоимости строительства ТРЦ в виде денежных средств, включая ПСД;

-

после ввода ТРЦ в эксплуатацию проектная компания по ТРЦ передает в собственность АО "Казахстанская жилищная компания" с учетом НДС долю в ТРЦ пропорционально сумме инвестирования АО "Казахстанская жилищная компания".


      15. В течение 30 календарных дней после получения ТРЦ в долевую собственность АО "Казахстанская жилищная компания" реализует свою долю в соответствии с договором купли-продажи проектной компании по ТРЦ на следующих основных условиях:

Предмет договора

-

продажа доли АО "Казахстанская жилищная компания" в ТРЦ в рассрочку;

Цена договора

-

размер инвестиций АО "Казахстанская жилищная компания" в строительство ТРЦ с учетом процентов, накопленных в период строительства;

Период рассрочки

-

19 лет 10 месяцев с даты подписания договора инвестирования;

Порядок оплаты

-

в соответствии с графиком;

Дата первой оплаты по выкупу доли

-

1 декабря 2018 года;

Вознаграждение в период рассрочки

-

до 1 декабря 2018 года:

- 2,5 % годовых начисляется на сумму инвестированных средств и сумму капитализированных процентов и капитализируется на полугодовой основе;

- 0,5 % годовых начисляется на сумму инвестированных средств и сумму капитализированных процентов и выплачивается полугодовыми платежами;

с 1 декабря 2018 года:

- 3 % годовых начисляется на остаток стоимости инвестированных средств и выплачивается полугодовыми платежами;

Обеспечение

-

здание ТРЦ, 100 % доли участия участников проектной компании по ТРЦ в уставном капитале проектной компании по ТРЦ;

Особые условия

-

чистый доход проектной компании по ТРЦ от деятельности ТРЦ направляется на выкуп доли

АО "Казахстанская жилищная компания".


      Сноска. Пункт 15 в редакции постановления Правительства РК от 30.06.2016 № 386.