"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 884 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту және "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013 – 2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 435-құжат; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 1-2, 10-құжат; Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 37-38, 227-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару, құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Тұрғын үй және СОО бойынша жобалау компаниялары 2016 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, жылжымайтын мүлік объектілері мен СОО пайдалануға беруді, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілеріне әрбір қатысушының салымына пропорционал меншік құқығын және СОО үлестік ортақ меншікті тіркеуді қамтамасыз етеді.";
      12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) 2016 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды, жылжымайтын мүлік объектілері мен СОО пайдалануға беруді, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілеріне әрбір қатысушының салымына пропорционал меншік құқығын және СОО үлестік ортақ меншікті тіркеуді қамтамасыз ету;".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады