Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 758 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 758 қаулысымен  
бекітілген     

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және
банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік
шығыстарды өтеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 61-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды сот шешімімен өтеу тәртібін айқындайды.
      Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – салық органдары) болып табылады.
      2. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды сот шешімі бойынша салық органы, егер мынадай:
      1) борышкерде активтердің болмауы;
      2) борышкерде жарамсыз деп тануға жататын мәмілелердің болмауы;
      3) міндетіне Заңның 11-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау кіретін борышкердің лауазымды адамдарында активтердің болмауы мән-жайларының жиынтығы болған жағдайда өтейді.

2. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімді
жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу тәртібі

      3. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу туралы сот шешімін орындау мақсатында салық органдары банкроттықты басқарушы тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде онымен банкроттық рәсімдерді жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасады.
      4. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуді салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ұсынған өтінішхаты негізінде республикалық бюджеттен сот шешімі бойынша жүргізеді.
      5. Салық органының әкімшілік шығыстарды өтеуі туралы көрсетілген, заңды күшіне енген борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі әкімшілік шығыстарды өтеуге негіз болады.
      6. Банкроттықты басқарушы салық органына борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдардың заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн, ал банкрот дара кәсіпкер болып табылған жағдайда – банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін ұсынады.
      7. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу салық органының банкроттықты басқарушының Шартта көрсетілген банк шотына ақшалай қаражатты аударуы арқылы жүргізіледі.
      8. Банкроттықты басқарушы банкроттық туралы іс қозғауға байланысты әкімшілік шығыстарды мынадай іс-шараларды жүзеге асырған:
      1) борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді оның төлем қабілетсіздігі белгілерінің бар не жоқ екендігін растау мақсатында бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік құжаттарының негізінде сот шешімі шығарылғанға дейін жинаған;
      2) сотқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытындыны ұсынған;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырған;
      4) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастырған және өткізген уақытша басқарушының банк шотына аударады.
      9. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуді салық органы банкроттық рәсімі жүргізілген ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін жүргізеді.
      Банкроттық туралы іс қозғауға байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуді банкроттықты басқарушы салық органы оның банк шотына ақшалай қаражатты аударған сәтінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Об утверждении Правил возмещения кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 758. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 573

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.07.2015 № 573 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 61 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года «О реабилитации и банкротстве» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила возмещения кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 2 июля 2014 года № 758

Правила
возмещения кредитором по налогам и другим обязательным платежам
в бюджет административных расходов, связанных с возбуждением
дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила возмещения кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 61 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года «О реабилитации и банкротстве» (далее – Закон) и определяют порядок возмещения административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства, по решению суда кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет.
      Кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет являются – территориальные подразделения Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан по областям, городам Астана и Алматы (далее – налоговые органы).
      2. Административные расходы, связанные с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства, возмещаются по решению суда налоговым органом, если имеются в совокупности следующие обстоятельства:
      1) отсутствуют активы у должника;
      2) отсутствуют сделки у должника, подлежащие признанию недействительными;
      3) отсутствуют активы у должностных лиц должника, в обязанности которых входит выполнение требований, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) пункта 2 статьи 11 Закона.

2. Порядок возмещения расходов, связанных с возбуждением дела о
банкротстве и проведением процедуры банкротства

      3. В целях исполнения решения суда о возмещении административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства, налоговые органы в течение пяти рабочих дней со дня назначения банкротного управляющего заключают с ним договор об оказании услуг по проведению процедуры банкротства (далее – Договор).
      4. Возмещение административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства производится по решению суда налоговым органом на основании его ходатайства по форме и в порядке, установленном уполномоченным органом из республиканского бюджета.
      5. Основанием для возмещения административных расходов служит вступившее в законную силу решение суда о признании должника банкротом с указанием о возмещении административных расходов налоговым органом.
      6. Банкротный управляющий представляет в налоговый орган решение суда о признании должника банкротом, после внесения сведений о ликвидации юридического лица в Национальный реестр бизнес-идентификационных номеров органами, осуществляющими государственную регистрацию юридических лиц, а в случае если банкротом является индивидуальный предприниматель – после вступления в законную силу определения суда о завершении процедуры банкротства.
      7. Возмещение административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства производится налоговым органом путем перечисления денежных средств на банковский счет банкротного управляющего, указанного в Договоре.
      8. Административные расходы, связанные с возбуждением дела о банкротстве перечисляются банкротным управляющим на банковский счет временного управляющего, осуществившего следующие мероприятия:
      1) сбор сведений о финансовом состоянии должника на основании документов бухгалтерского учета и финансовой отчетности с целью подтверждения наличия либо отсутствия признаков его неплатежеспособности до вынесения решения суда;
      2) представление в суд заключения о финансовом положении должника;
      3) формирование реестра требований кредиторов по форме, в порядке и сроке, установленных Правительством Республики Казахстан;
      4) организация и проведение первого собрания кредиторов.
      9. Возмещение административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства налоговым органом производится до 31 декабря текущего финансового года, в котором была проведена процедура банкротства.
      Возмещение административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве производится банкротным управляющим в течение пяти рабочих дней с момента перечисления налоговым органом на его банковский счет денежных средств.