Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 780 қаулысы

      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2) тармақшасына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының уақтылы және нысаналы пайдаланылуын;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы және бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 780 қаулысымен
бекітілген    

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік
кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған
«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2014
жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 228 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы, 100 «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» кіші бағдарламасы, 101 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру» кіші бағдарламасы және 102 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» кіші бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін 2014 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына және:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін агроөнеркәсіптік кешен субъектілері инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 228 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, жеке қаржыландыру жоспарының негізінде республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер аударуды жүргізеді.
      Қандай да бір облыс және Астана мен Алматы қалалары бөлінген қаражатты, оның ішінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелері бойынша толық игермеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі нысаналы трансферттер сомаларын өңірлер арасында қайта бөлу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен енгізеді.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскеннен кейін Министрлік жыл қорытындысы бойынша – 2014 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей, ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану туралы есептерді, ал олар толық игерілмеген жағдайда себептерін көрсете отырып ұсынады.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары Министрлікке жылдың қорытындысы бойынша – келесі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірмей, ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынады.
      6. Министрлік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде есептілікті ұсынады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 780 қаулысына 
қосымша       

Нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы қорытынды есеп 20___ ж. «____» _________

Мемлекеттік органның атауы __________________________________________
Нысаналы трансферттің атауы _________________________________________
Есеп кезеңі _________________________________________________________
Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражат сомасы ______________________
_____________________________________________
       (бюджеттік бағдарламаның атауы)
_____________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды)

Р/с

Тікелей нәтиже

Көрсеткіштердің атауы
(жоспарланып отырған іс-шаралар)

Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы

Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері

Жоспар, мың теңге

Нақты, мың теңге

Ауытқуы, мың теңге








Түпкі нәтиже


Жоспарланып отырған көрсеткіштер (іс-шаралар)

Нәтижелерге нақты қол жеткізу

Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері





М.О.
Әкім ___________________________________            _________________
     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                (қолы)
Бірінші басшы – төмен тұрған
бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі
_____________________________________________  ______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                     (қолы)

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на 2014 год на поддержку субъектов агропромышленного комплекса в регионах в рамках Программы по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013 - 2020 годы "Агробизнес - 2020"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июля 2014 года № 780.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года "О республиканском бюджете на 2014 – 2016 годы" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2013 года № 1329 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2014 – 2016 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования целевых текущих трансфертов областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на 2014 год на поддержку субъектов агропромышленного комплекса в регионах в рамках Программы по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013 – 2020 годы "Агробизнес – 2020".

      2. Акимам областей, городов Астаны и Алматы обеспечить:

      1) своевременное и целевое использование выделенных сумм целевых текущих трансфертов;

      2) представление в Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан отчетов об использовании выделенных сумм целевых текущих трансфертов и о прямых и конечных результатах, достигнутых за счет использования выделенных целевых текущих трансфертов.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 8 июля 2014 года № 780

Правила
использования целевых текущих трансфертов областными бюджетами,
бюджетами городов Астаны и Алматы на 2014 год на поддержку
субъектов агропромышленного комплекса в регионах в рамках
Программы по развитию агропромышленного комплекса
в Республике Казахстан на 2013 – 2020 годы "Агробизнес – 2020"
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила использования целевых текущих трансфертов областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на 2014 год на поддержку субъектов агропромышленного комплекса в регионах в рамках Программы по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013 – 2020 годы "Агробизнес – 2020" (далее – Правила) определяют порядок использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы по республиканской бюджетной программе 228 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на поддержку субъектов агропромышленного комплекса в регионах в рамках Программы по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013 – 2020 годы "Агробизнес – 2020", подпрограмме 100 "Субсидирование затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки", подпрограмме 101 "Возмещение части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса, при инвестиционных вложениях" и подпрограмме 102 "Субсидирование в рамках страхования и гарантирования займов субъектов агропромышленного комплекса".

      2. Использование целевых текущих трансфертов осуществляется в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан и правилами субсидирования:

      1) затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки, утверждаемых Правительством Республики Казахстан;

      2) по возмещению части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса при инвестиционных вложениях, утверждаемых Правительством Республики Казахстан;

      3) в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса, утверждаемых Правительством Республики Казахстан.

      3. Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – Министерство) производит перечисление целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на основании Соглашения о результатах по целевым текущим трансфертам, индивидуального плана финансирования по платежам по республиканской бюджетной программе 228 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на поддержку субъектов агропромышленного комплекса в регионах в рамках Программы по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2013 – 2020 годы "Агробизнес – 2020".

      В случае неполного освоения выделенных средств какой-либо областью и городами Астаны и Алматы, в том числе по результатам достижения прямых и конечных показателей областей, городов Астаны и Алматы, Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке вносит предложение в Правительство Республики Казахстан о перераспределении сумм целевых трансфертов между регионами.

      4. Местные исполнительные органы областей, городов Астаны и Алматы после поступления целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета представляют в Министерство по итогам года – не позднее 30 декабря 2014 года отчеты об использовании целевых текущих трансфертов, в соответствии с соглашениями о результатах по целевым текущим трансфертам, а в случае неполного их освоения – с указанием причин.

      5. Местные исполнительные органы областей, городов Астаны и Алматы представляют в Министерство по итогам года – не позднее 15 февраля следующего финансового года итоговый отчет о прямых и конечных результатах, достигнутых за счет использования выделенных целевых текущих трансфертов в соответствии с соглашениями о результатах по целевым текущим трансфертам.

      6. Министерство представляет в Министерство финансов Республики Казахстан отчетность в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан.

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 8 июля 2014 года № 780

Итоговый отчет
о достижении показателей результатов
"____" _________ 20___г.

      Наименование государственного органа _______________________________

      Наименование целевого трансферта ___________________________________

      Период отчета ______________________________________________________

      Полученная сумма средств из вышестоящего бюджета ___________________

      ____________________________________________________________________

      (наименование бюджетной программы)

      ____________________________________________________________________

      (код бюджетной программы (подпрограммы)

п/п

Прямой результат

Наименование

показателей

(планируемые

мероприятия)

Фактическое

выполнение

мероприятий,

стадия

достижения

результатов

Причины

недостижения

результатов

План,

тыс.

тенге

Факт,

тыс.

тенге

Отклонение,

тыс.

тенге









Конечный результат


Запланированные показатели

(мероприятия)

Фактическое

достижение

результатов

Причины

недостижения

результатов






      М.П.

      Аким ____________________________________ ____________

      (фамилия, имя, отчество (при наличии) (подпись)

      Первый руководитель –

      администратор бюджетных программ

      нижестоящего бюджета __________________________________ _____________

      (фамилия, имя, отчество (при наличии) (подпись)