"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 786 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2015 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 1529 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 41, 401-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 9 шілдедегі
№ 786 қаулысына 
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 5 қазандағы
№ 1529 қаулысымен 
бекітілген    

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін
жүзеге асыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі - ЖЭК) пайдалану мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ЖЭК пайдалану мониторингі - ЖЭК энергетикалық әлеуеті және электр мен (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК пайдалану нәтижелері туралы ақпаратты жүйелі жинау, есепке алу және талдау;
      2) ЖЭК пайдалану жөніндегі объекті - ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
      3) уәкілетті орган - ЖЭК пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      4) ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйым (бұдан әрі - энергия өндіруші ұйым) - ЖЭК пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      5) шағын СЭС - жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан аспайтын, бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар және реттеудің тәуліктік мерзімінен астамын қамтамасыз ететін су қоймалары жоқ су электр станциялары.
      3. Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мониторингін
жүзеге асыру тәртібі

      4. Уәкілетті орган ЖЭК пайдалану мониторингін:
      1) Қазақстан Республикасында электр және (немесе) жылу энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату үлесін есепке алу;
      2) ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштерге сәйкестігін айқындау үшін жүзеге асырады.
      5. Энергия өндіруші ұйым тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзінің әрбір ЖЭК пайдалану жөніндегі объектісі бойынша электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату жөнінде ақпарат береді.
      6. Жүйелік оператор тоқсан сайын уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасында өндірілген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көлемі туралы ақпарат береді.
      7. Уәкілетті орган алынған ақпараттың негізінде талдау жүргізеді және Қазақстан Республикасындағы электр және (немесе) жылу энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үлесін айқындайды.
      8. Тиісті облыстың жергілікті атқарушы органдары Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілерді салуға берілген жер учаскелері туралы, сондай-ақ іске қосылған ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер туралы ақпарат береді.
      9. ЖЭК пайдалану мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті орган ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген нысаналы көрсеткіштермен сәйкестігін айқындайды.
      10. ЖЭК пайдалану мониторингінің нәтижелері уәкілетті органның интернет-ресурстарында есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-күнінен кешіктірмей орналастырылады.
      11. ЖЭК пайдалану мониторингі шеңберінде уәкілетті орган ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды есепке алуды жүргізеді және олардың тізбесін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
      12. ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне энергия өндіруші ұйымдарды қосу үшін қажетті құжаттар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану мониторингін    
жүзеге асыру ережесіне     
1-қосымша            

20__ жылғы____-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану
жөніндегі объектілердің электр және (немесе) жылу энергиясын
өндіру және босату туралы ақпарат

      1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
      2. Энергия өндіруші ұйымның орналасқан жері ___________________
      3. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің атауы ___________________
      4. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің орналасқан жері _________
      5. ЖЭК пайдалану жөніндегі объектінің белгіленген қуаты (кВт) _
      6. Пайдаланатын ЖЭК түрі ______________________________________

Көрсеткіштер

Болжам

Нақты

Электр энергиясын өндіру, мың кВтс



Жылу энергиясын өндіру, Гкал



Электр энергиясын босату, мың кВтс



Жылу энергиясын босату, Гкал



Электр энергиясының орташа босату бағасы, теңге/кВтс ҚҚС-сыз



Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, теңге/Гкал ҚҚС-сыз



      Ескертпе:
      Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тің екі және одан көп түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп әр түрі бойынша жеке беріледі.
_____________________________________________________________________
                      (Басшы, Т.А.Ә, қолы, күні)

Жаңартылатын энергия көздерін
пайдалану мониторингін    
жүзеге асыру ережесіне    
2-қосымша            

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді
салуға берілген жер учаскелері, сондай-ақ іске қосылған
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер
туралы ақпарат

      20__ жылғы ___-тоқсанда _____________ әкімдігі ЖЭК пайдалану
жөніндегі объектілерді салу үшін мынадай жер учаскелерін берді

Р/с

жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

жер учаскесінің ауданы, га

жер учаскесінің орналасқан жері, га

берілген құқық түрі және мерзімі

жер учаскесіне құқықты иеленушінің атауы және БСН

жер учаскесінің мақсаты*

1







2







3







      Ескертпе:
      * мақсатының бір түрін көрсету: жобалау-зерттеу жұмыстары үшін,
құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін, ЖЭК пайдалану жөніндегі объектіні
пайдалану үшін.

      20__ жылғы _____ -тоқсанда ______________ облысы аумағында
мынадай ЖЭК пайдалану жөніндегі объектілер іске қосылды:

Р/с

объектінің атауы

объектінің орналасқан орны

объектіні іске қосу мерзімі

объектінің негізгі жобалық сипаттамалары

құрылыс салушының атауы және БСН

1






2






3






_____________________________________________________________________
                     (Басшы, Т.А.Ә, қолы, күні)

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 октября 2009 года № 1529 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2014 года № 786. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2015 года № 475

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.06.2015 № 475 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 5 октября 2009 года № 1529 «Об утверждении Правил осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии» (САПП Республики Казахстан 2009 г., № 41, ст. 401) следующие изменения:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с подпунктом 6) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2009 года «О поддержке использования возобновляемых источников энергии» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:»;
      Правила осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 9 июля 2014 года № 786 

Утверждены          
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 5 октября 2009 года № 1529

Правила
осуществления мониторинга за использованием
возобновляемых источников энергии 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 июля 2009 года «О поддержке использования возобновляемых источников энергии» (далее - Закон) и определяют порядок осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии (далее - ВИЭ).
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) мониторинг за использованием ВИЗ - систематический сбор, учет и анализ информации об энергетическом потенциале ВИЗ и результатах использования ВИЗ для производства электрической и (или) тепловой энергии;
      2) объект по использованию ВИЗ - технические устройства, предназначенные для производства электрической и (или) тепловой энергии с использованием ВИЗ, и взаимосвязанные с ними сооружения и инфраструктура, технологически необходимые для эксплуатации объекта по использованию ВИЗ и находящиеся на балансе собственника объекта по использованию ВИЗ;
      3) уполномоченный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области поддержки использования ВИЗ;
      4) энергопроизводящая организация, использующая ВИЗ (далее - энергопроизводящая организация) - юридическое лицо, осуществляющее производство электрической и (или) тепловой энергии с использованием ВИЗ;
      5) малые ГЭС - гидроэлектростанции с установками, расположенными в одном гидроузле, суммарной мощностью не более тридцати пяти мегаватт и без водохранилищ, обеспечивающие более чем суточный срок регулирования.
      3. Иные понятия, использованные в настоящих Правилах, применяются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок осуществления мониторинга за использованием
возобновляемых источников энергии

      4. Уполномоченный орган осуществляет мониторинг за использованием ВИЗ для:
      1) учета доли производства и отпуска электрической и (или) тепловой энергии объектами по использованию ВИЗ в общем объеме производства электрической и (или) тепловой энергии в Республике Казахстан;
      2) определения соответствия объемов производства электрической энергии с использованием ВИЗ целевым показателям, предусмотренным документами Системы государственного планирования Республики Казахстан.
      5. Энергопроизводящая организация ежеквартально по запросу уполномоченного органа представляет информацию по производству и отпуску электрической и (или) тепловой энергии по каждому своему объекту по использованию ВИЗ, по форме согласно приложению 1 к Правилам.
      6. Системный оператор ежеквартально по запросу уполномоченного органа представляет информацию об объеме электрической энергии, произведенной в Республике Казахстан и приобретенной из-за пределов Республики Казахстан.
      7. На основе полученной информации уполномоченный орган проводит анализ и определяет долю производства электрической и (или) тепловой энергии объектами по использованию ВИЗ в общем объеме производства электрической и (или) тепловой энергии в Республике Казахстан.
      8. Местные исполнительные органы соответствующей области в срок до 25 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, представляют в уполномоченный орган информацию о земельных участках, представленных для строительства объектов по использованию ВИЗ, а также об объектах по использованию ВИЗ, введенных в эксплуатацию, по форме согласно приложению 2 к Правилам.
      9. По результатам мониторинга за использованием ВИЗ уполномоченный орган определяет соответствие объемов производства электрической энергии с использованием ВИЗ целевым показателям, предусмотренным документами Системы государственного планирования Республики Казахстан.
      10. Результаты мониторинга за использованием ВИЗ размещаются на интернет-ресурсе уполномоченного органа не позднее 10 числа второго месяца, следующего за отчетным кварталом.
      11. В рамках мониторинга за использованием ВИЗ уполномоченный орган ведет учет и публикует на своем интернет-ресурсе перечень энергопроизводящих организаций, использующих ВИЗ.
      12. Перечень необходимых документов для включения энергопроизводящих организаций в перечень энергопроизводящих организаций, использующих ВИЗ, определяется уполномоченным органом.

Приложение 1        
к Правилам осуществления   
мониторинга за использованием
возобновляемых источников энергии

                       Информация о производстве и отпуске
                      электрической и (или) тепловой энергии
                    объектами по использованию возобновляемых
                   источников энергии за ___ квартал 20__ года

      1. Наименование, бизнес-идентификационный номер
энергопроизводящей организации _____________________________________.
      2. Местонахождение энергопроизводящей организации ____________.
      3. Наименование объекта по использованию ВИЗ _________________.
      4. Местонахождение объекта по использованию ВИЗ ______________.
      5. Установленная мощность объекта по использованию ВИЗ (кВт)__.
      6. Вид используемого ВИЗ _____________________________________.

Показатели

Прогноз

Факт

Производство электрической энергии, тыс. кВтч



Производство тепловой энергии, Гкал



Отпуск электрической энергии, тыс. кВтч



Отпуск тепловой энергии, Гкал



Средневзвешенная отпускная цена электрической энергии, тенге/кВтч без НДС



Средневзвешенная отпускная цена тепловой энергии, тенге/Гкал без НДС



      Примечание:
      В случае использования двух и более видов ВИЗ для производства электрической и (или) тепловой энергии, отчет представляется отдельно по каждому виду.

      _____________________________________________________
               (Руководитель, ФИО, подпись, дата)

Приложение 2        
к Правилам осуществления   
мониторинга за использованием
возобновляемых источников энергии

                      Информация о земельных участках,
               представленных для строительства объектов по
                   использованию возобновляемых источников
               энергии, а также об объектах по использованию
                      возобновляемых источников энергии,
                          введенных в эксплуатацию

      В _______ квартале 20 __ года акиматом _______ были представлены для строительства объектов по использованию ВИЗ следующие земельные участки


п/п

кадастровый номер земельного участка

площадь земельного участка, га

место нахождение земельного участка

вид и срок предоставленного права

наименование и БИН обладателя права на земельный участок

назначение земельного участка*

1







2







3







      Примечание:
      * указать один из видов назначений: для проектно-изыскательских работ, для строительно-монтажных работ, для эксплуатации объекта по использованию ВИЗ.

      В _________ квартале 20 __ года на территории _________ области были введены в эксплуатацию следующие объекты по использованию ВИЗ:


п/п

наименование объекта

место нахождение объекта

дата ввода объекта в эксплуатацию

основные проектные характеристики объекта

наименование и БИН застройщика

1






2






3






      _________________________________________________________
                   (Руководитель, ФИО, подпись, дата)