"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 797 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:

      39-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Қарыз туралы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобалары мүдделі орталық мемлекеттік органдармен қарыз туралы халықаралық шарттардың жобаларымен бір мезгілде келісілуге тиіс. Мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Әділет министрлігімен келісілгеннен кейін көрсетілген қаулылардың жобалары Сыртқы істер министрлігімен келісілуге тиіс.";

      45-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) қарыз туралы халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы қаулылардың жобалары - 5 жұмыс күні.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1300 "О Регламенте Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2014 года № 797. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 355.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.06.2022 № 355.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1300 "О Регламенте Правительства Республики

      Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 44, ст. 443) следующие дополнения:

      в Регламенте Правительства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 39 дополнить частью следующего содержания:

      "Проекты постановлений Правительства по вопросам заключения, выполнения, изменения и прекращения международных договоров о займах подлежат согласованию с заинтересованными центральными государственными органами одновременно с проектами международных договоров о займах. После согласования с заинтересованными центральными государственными органами и Министерством юстиции указанные проекты постановлений подлежат согласованию с Министерством иностранных дел.";

      пункт 45 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) проекты постановлений о внесении на рассмотрение Парламента Республики Казахстан законопроектов о ратификации и денонсации международных договоров о займах - 5 рабочих дней.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов