Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 5-тармағына және 18-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.01.2023 № 10 қаулысымен.

      2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Регламенттің 111 және 112-тармақтарының қолданысы заңнамалық актілерді іске асыру үшін бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне Регламенттің көрсетілген тармақтары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады деп белгіленсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта:

      "1. Жалпы ережелер" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Құрылған комиссиялар консультативтік-кеңесші органдар тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізіледі, оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      Тізілім Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және консультативтік-кеңесші органдар құрылған немесе таратылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзектілендіріліп отырады.";

      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық және/немесе жабық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыс беру осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын ЭЦҚ қойылған электрондық құжат форматында жіберу арқылы жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға/жетекші дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.";

      көрсетілген Нұсқаулыққа қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы
консультациялық-кеңесші
органдар мен жұмыс топтарын
құру тәртібі, қызметі мен
таратылуы туралы нұсқаулыққа
2-қосымша";

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген Нұсқаулыққа 1-қосымшамен толықтырылсын.

      5. Мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.

      6. Осы қаулы:

      1) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 1, 3, 7, 8, 11, 13, 18, 20, 27, 29, 31, 38, 41, 43, 46, 48, 53, 54, 56, 58, 61, 64, 66, 67, 70, 73, 75, 78, 83, 84 және 87-тармақтарын;

      2) 2022 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін Регламенттің 76-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасын, 111 және 112-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2022 жылғы 2 маусымдағы
№ 355 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң регламeнті

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.01.2023 № 10 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 маусымдағы
№ 355 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 шілдедегі № 635 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 шілдедегі № 635 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 12 тамыздағы № 804 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 1 наурыздағы № 190 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi № 678 және 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 маусымдағы № 643 қаулысы.

      9. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 256 қаулысы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 382 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 550 қаулысы.

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № 535 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № 535 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2206 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 641 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 641 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 931 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 2) тармақшасы.

      21. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 931 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3) тармақшасы.

      22. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1198 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы.

      23. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 359 қаулысы.

      24. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 590 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      25. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 шілдедегі № 885 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      26. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 1067 қаулысы.

      27. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1575 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      28. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1575 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      29. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      30. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      31. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 540 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      32. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 540 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      33. "Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 838 қаулысының 2-тармағы.

      34. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 1335 қаулысы.

      35. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1685 қаулысы.

      36. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 126 қаулысы.

      37. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және "Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 213 қаулысы.

      38. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 450 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      39. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 450 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      40. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1524 қаулысы.

      41. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 270 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      42. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 270 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      43. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 647 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      44. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 647 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      45. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 797 қаулысы.

      46. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 910 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      47. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 тамыздағы № 910 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      48. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      49. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.

      50. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 288 қаулысы.

      51. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 346 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      52. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 қаулысы.

      53. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1119 қаулысы.

      54. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1155 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      55. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1155 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      56. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1195 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      57. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1195 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      58. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 45 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      59. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 45 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      60. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және "Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 380 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 672 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      61. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамын және "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріcтердің 2-тармағы.

      62. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 904 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      63. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.

      64. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 тамыздағы № 491 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      65. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 19 тамыздағы № 491 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      66. "Электрондық құжат айналымының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 943 қаулысының 5-тармағы.

      67. "Электрондық құжат айналымының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 943 қаулысына 3-қосымшаның 1-тармағы.

      68. "Электрондық құжат айналымының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 943 қаулысына 3-қосымшаның 2-тармағы.

      69. "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      70. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 455 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      71. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 455 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      72. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 804 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      73. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      74. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      75. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 371 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      76. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 371 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      77. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 707 қаулысы.

      78. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 136 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      79. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 136 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      80. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 385 қаулысы.

      81. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 451 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      82. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және "Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 668 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      83. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      84. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      85. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы.

      86. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 149 қаулысы.

      87. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 318 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      88. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 318 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      89. "Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысының 2-тармағы.

      90. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 429 қаулысы.

      91. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 шiлдедегi № 511 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      92. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      93. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 2 маусымдағы
№ 355 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы
консультациялық-кеңесші
органдар мен жұмыс топтарын
құру тәртібі, қызметі мен
таратылуы туралы
нұсқаулыққа
1-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың тізілімі

Р/с №

Комиссия атауы

Комиссияның жұмыс органы

Комиссияға басшылық жасайтын лауазымды адам

Комиссияның функциялары мен міндеттері

Комиссия құру туралы актінің деректемелері

1

2

3

4

5

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады