Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.10.2015 № 829 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 304-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкаларында:
мына:
«
7601 20 910 0 |
- - - құйма немесе сұйық түрдегі |
- |
15 %, бірақ 1 тоннасы үшін 100 евродан кем емес |
15 %, бірақ 1 тоннасы үшін 100 евродан кем емес |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7601 20 910 0 |
- - - құйма немесе сұйық түрдегі |
- |
3 %, бірақ 1 тоннасы үшін 22 евродан кем емес |
3 %, бірақ 1 тоннасы үшін 22 евродан кем емес |
»;
мына:
«
8607 |
Темір жол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері |
- |
20 %, бірақ 1 тоннасы үшін 15 евродан кем емес |
15 %, бірақ 1 тоннасы үшін 100 евродан кем емес |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
86078 |
Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері |
- |
20 %, бірақ 1 тоннасы үшін 15 евродан кем емес |
20 %, бірақ 1 тоннасы үшін 15 евродан кем емес |
»;
ескертпе мынадай мазмұндағы «8» сілтемемен толықтырылсын:
«8 Өзіне қатысты кедендік құнының 10 %-ы мөлшерінде, бірақ 1 тоннасы үшін кемінде 7,5 евро кедендік әкету бажының ставкасы қолданылатын СЭҚ ТН 8607 19 100 9 кодын қоспағанда».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің хатшылығы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов