Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 834 қаулысы

      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалан қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
      3. Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
      2) жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ағымдағы жылғы 30 шілдеден кешiктiрмей және жылдың қорытындылары бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде есептілікті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

       Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2014 жылғы 28 шілдедегі 
№ 834 қаулысымен     
бекітілген        

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

       1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 029 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.
       2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
       1) электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушылар (бұдан әрі – жеке тұтынушылар) – орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға;
       2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары (бұдан әрі – ЖЭК қондырғылары) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін арналған техникалық жабдықтар;
       3) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
       3. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
       4. Нысаналы трансферттер жеке тұтынушылардың жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызын өтеуге пайдаланылады.
       5. Уәкілетті орган:
       1) Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерді (бұдан әрі – келісімдер) Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы тиісті заңға қол қойған күнінен бастап бiр ай мерзiмде жасасады;
       2) бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджет бағдарламасының төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары мен келісімдер негізінде республикалық бюджеттен Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне нысаналы трансферттер аударуды жүргізеді;
      3) Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді тиімді пайдалануын мониторингтеуді жүзеге асырады.
      6. Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдары белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламаның төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес және жасалған келісімдердің негізінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің сомаларын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на поддержку использования возобновляемых источников энергии

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июля 2014 года № 834

      В соответствии со статьей 14 Закона Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года «О республиканском бюджете на 2014 – 2016 годы» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2013 года № 1329 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2014 – 2016 годы» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на поддержку использования возобновляемых источников энергии.
      2. Министерству окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан обеспечить перечисление утвержденных сумм целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы в установленном законодательством порядке.
      3. Акимам Алматинской, Атырауской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской, Мангистауской и Южно-Казахстанской областей обеспечить:
      1) своевременное и целевое использование выделенных сумм целевых текущих трансфертов;
      2) представление отчетов об использовании выделенных сумм целевых текущих трансфертов по итогам полугодия не позднее 30 июля текущего года и по итогам года не позднее 15 февраля следующего финансового года в Министерство окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан.
      4. Министерству окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан обеспечить представление в Министерство финансов Республики Казахстан отчетности в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2014 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан 
от 28 июля 2014 года № 834

Правила
использования целевых текущих трансфертов из республиканского
бюджета на 2014 год областными бюджетами, бюджетами
городов Астаны и Алматы на поддержку использования
возобновляемых источников энергии

      1. Настоящие Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2014 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на поддержку использования возобновляемых источников энергии (далее – Правила) определяют порядок использования целевых текущих трансфертов (далее – целевые трансферты), выделяемых областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы из республиканского бюджета по республиканской бюджетной программе 029 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на поддержку использования возобновляемых источников энергии».
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) индивидуальные потребители электрической и (или) тепловой энергии (далее – индивидуальные потребители) – физические лица, потребляющие электрическую и (или) тепловую энергию от объекта по использованию возобновляемых источников энергии, работающего в автономном режиме в неэлектрифицированных населенных пунктах и (или) поселениях, где централизованное электроснабжение экономически нецелесообразно;
      2) установки по использованию возобновляемых источников энергии (далее – установки ВИЭ) – технические устройства, предназначенные для производства электрической и (или) тепловой энергии с использованием возобновляемых источников энергии;
      3) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области поддержки использования возобновляемых источников энергии.
      3. Использование целевых текущих трансфертов, выделенных областным бюджетам на поддержку использования возобновляемых источников энергии, осуществляется в порядке, установленном бюджетным законодательством Республики Казахстан.
      4. Целевые трансферты используются на возмещение индивидуальным потребителям пятидесяти процентов от стоимости установок по использованию возобновляемых источников энергии суммарной мощностью не более пяти киловатт.
      5. Уполномоченный орган:
      1) заключает соглашения о результатах по целевым трансфертам (далее – соглашения) с акимами Алматинской, Атырауской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской, Мангистауской и Южно-Казахстанской областей в месячный срок со дня подписания Президентом Республики Казахстан соответствующего закона о республиканском бюджете;
      2) производит перечисление целевых трансфертов из республиканского бюджета бюджетам Алматинской, Атырауской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской, Мангистауской и Южно-Казахстанской областей на основании индивидуального плана финансирования соответствующей бюджетной программы по платежам и соглашений в порядке, установленном бюджетным законодательством;
      3) обеспечивает мониторинг за эффективным использованием целевых трансфертов из республиканского бюджета бюджетами Алматинской, Атырауской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской, Мангистауской и Южно-Казахстанской областей.
      6. Местные исполнительные органы Алматинской, Атырауской, Восточно-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Карагандинской, Кызылординской, Мангистауской и Южно-Казахстанской областей используют суммы целевых трансфертов из республиканского бюджета по целевому назначению в соответствии с индивидуальными планами финансирования соответствующей бюджетной программы по платежам, утвержденными в установленном порядке, и на основании заключенных соглашений.