«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына және «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалан қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
3. Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері:
1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
2) жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ағымдағы жылғы 30 шілдеден кешiктiрмей және жылдың қорытындылары бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде есептілікті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 834 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1.
Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 жылға арналған республикалық бюджеттен жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 029 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.
2.
Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1)
электр және (немесе) жылу энергиясын жеке тұтынушылар (бұдан әрі – жеке тұтынушылар) – орталықтандырылған электрмен жабдықтау экономикалық жағынан орынсыз, электрлендірілмеген елді мекендерде және (немесе) қоныстарда автономды режимде жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінен электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынатын жеке тұлға;
2)
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары (бұдан әрі – ЖЭК қондырғылары) – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін арналған техникалық жабдықтар;
3)
уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3.
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4.
Нысаналы трансферттер жеке тұтынушылардың жиынтық қуаты бес киловаттан аспайтын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғылары құнының елу пайызын өтеуге пайдаланылады.
5.
Уәкілетті орган:
1)
Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерді (бұдан әрі – келісімдер) Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы тиісті заңға қол қойған күнінен бастап бiр ай мерзiмде жасасады;
2)
бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті бюджет бағдарламасының төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары мен келісімдер негізінде республикалық бюджеттен Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне нысаналы трансферттер аударуды жүргізеді;
3) Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді тиімді пайдалануын мониторингтеуді жүзеге асырады.
6. Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдары белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті бюджеттік бағдарламаның төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес және жасалған келісімдердің негізінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің сомаларын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады.