Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Ермекұлы Омаровқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 851 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы
арасындағы техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы
келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Үкімет» деп аталатын) мен Біріккен Ұлттар Ұйымы атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті (бұдан әрі «ЭӘМД» деп аталатын), бұдан әрі бірлесе отырып «Тараптар», ал жеке «Тарап» деп аталатындар, осы Келісімге В қосымшада сипатталған «Біріккен Ұлттар Ұйымының «электрондық үкіметінің» жаһандық форумы 2014» атауымен жобаны (бұдан әрі «Жоба» деп аталатын) іске асыру барысында ынтымақтастық туралы уағдаласқанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
Үкімет Жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қолайлы жағдайлар мен қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы өз ниетін Біріккен Ұлттар Ұйымына хабарлағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасында ЭӘМД-ның Үкімет Жоба бойынша шығыстарды жабу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына берген ақша қаражатын басқару үшін жауаптылықта болатыны туралы шешім қабылданғанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
ЖОҒАРЫДА ЖАЗЫЛҒАНДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымы мыналар туралы уағдаласты:
1-бап
1. Үкімет осы Келісімге В қосымшада сипатталған Жоба бойынша ЭӘМД көтеретін шығыстарды жабу үшін 500 000 (бес жүз мың) АҚШ долларына тең соманы ЭӘМД билік етуіне ұсынады.
2. Үкімет осы депозиттің Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін кредиттеуге арналғанын көрсете отырып, көрсетілген қаражатты шектеусіз пайдаланылатын айырбасталатын валютада Морган Чейз банкіне енгізеді, Халықаралық банк мекемелері, Парк Авеню 277, 23-қабат, Нью-Йорк, NY 10172-0003, АҚШ, шот № 485-000-865, АВА коды: 021-000-021; SWIFT коды: CHASUS33. Үкімет жоғарыда көрсетілген соманы осы Келісімге өзара қол қойылғаннан кейін енгізеді.
3. ЭӘМД көрсетілген қаражатты алу және басқару үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қағидаларына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының есепке алу жүйесінде нысаналы қор (бұдан әрі «нысаналы қор» деп аталатын) шотын ашады.
4. Нысаналы қорды және одан қаржыландырылатын қызметті ЭӘМД-ге қолданылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының нормаларына, қағидаларына және директиваларына сәйкес ЭӘМД басқаруға тиіс. Тиісінше осы нормалардың, қағидалар мен директивалардың ережелеріне сәйкес персонал жалданатын және басқарылатын, жабдық, материалдар мен көрсетілетін қызметтер сатып алынатын, сондай-ақ шарттар жасалатын болады. Жоба аяқталғаннан кейін осы нысаналы қордан қаржыландырылатын жабдық, материалдар және мүлік, егер Тараптар арасында өзгеше келісілмесе, Үкіметке берілетін болады.
5. Барлық қаржылық шоттар мен ведомостар АҚШ долларында болуға тиіс.
2-бап
1. Нысаналы қордан осы Келісім бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты ЭӘМД көтерген шығыстар үшін сома алынады.
2. Нысаналы қордан, сондай-ақ осы нысаналы қордан қаржыландырылатын жобаны іске асыру кезінде ЭӘМД қамтамасыз еткен, Жобаны қолдау бойынша әкімшілік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлем ретінде болатын нысаналы қордың барлық шығыстарының он үш пайызы алынатын болады.
3. Нысаналы қордан, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының қолданыстағы нормаларына және қағидаларына немесе шарттарына сәйкес жұмысты жүзеге асыру кезінде қайтыс болған, жарақат алған немесе ауырған жағдайда кез келген талап қоюды жабу үшін резервті қамтамасыз ету үшін ЭӘМД тартқан және қатысуы нысаналы қордан қаржыландырылатын жұмыскерлер сыйақысының немесе үстемақысыз айлықақысының бір (1) пайызына тең сома алынатын болады, оның резерві Үкіметке өтелмейді.
3-бап
1. ЭӘМД осы Келісімге сәйкес салымдар алған кезде осы Келісім бойынша жұмысты бастауға және оның жүргізілуін жалғастыруға тиіс.
2. ЭӘМД осы Келісімге В қосымшадағы шығыстар үшін көрсетілген сомалар бойынша өзіне міндеттемелер алмауға тиіс.
4-бап
1. Үкімет пен ЭӘМД-ның бірлескен бағалауын қоса алғанда, нысаналы қордан қаржыландырылатын қызметті бағалау В қосымшада көрсетілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Осы нысаналы қор Біріккен Ұлттар Ұйымының қаржылық нормаларында, қағидалары мен директиваларында көрсетілген ішкі және сыртқы аудит рәсімдерінің әрекеттеріне ғана жатады.
5-бап
1. Әр жылдың 30 маусымына дейін Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымының бухгалтерлік есебі мен есептілігіне сәйкес дайындалған төмендегі жылдық баланстар мен есептерді алуға тиіс:
(a) Жұмыстардың барысы туралы жылдық есеп;
(b) 1 қаңтарға ақша қаражатының балансы, алынған қосымша салымдар, жиынтық шығыстар, бағдарламаны қолдау және әр жылдың 31 желтоқсанына қаражат қалдығы жиынтық деңгейде көрсетілген жылдық қаржылық есеп;
(c) осы Келісімге В қосымшада көрсетілген форматта кейінгі жылдарға арналған ағымдағы және өткен есептік кезеңдер және болашақтағы бюджеттік талаптар үшін 31 желтоқсанға нақты шығыстар көрсетілген жылдық міндетті бюджетті талдау.
(d) осы Келісімнің мерзімі өткен немесе ол бұзылған күннен кейінгі жылдың 30 маусымына дейін осы Келісімге В қосымшада көрсетілген форматтағы қорытынды есеп және түпкілікті бюджетті талдау.
Осы баптың (b) тармақшасын, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бухгалтерлік есеп бөлімі жасайтын Жылдық қаржылық есепті қоспағанда, барлық есептерді ЭӘМД ұсынатын болады.
6-бап
1. ЭӘМД Тараптардың өзара келісімі бойынша бұл үшін нысаналы қор құрылған мақсаттардың қашан іске асырылатыны туралы дипломатиялық арналар арқылы Үкіметті хабардар етуге тиіс. Осы хабардар ету күні осы құжатта көрсетілген мақсаттар үшін 10-баптың қолданысының жалғасатыны ескеріле отырып, осы Келісім мерзімінің аяқталу күні болып есептеледі.
7-бап
1. Осы Келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Бас Ассамблея бекіткен 1946 жылғы
13 ақпандағы Біріккен Ұлттардың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы БҰҰ конвенциясының ережелері ЭӘМД-ға, оның іссапардағы лауазымды адамдары мен сарапшыларына, мүлкі мен активтеріне, олардың қай жерде және кімнің иелігінде болғанына қарамастан қолданылуға тиіс.
2. Үкімет үшінші тұлғалардың ЭӘМД-ға, оның мүлкіне және персоналына немесе ЭӘМД атынан көрсетілетін қызметтерді орындайтын басқа да адамдарға берілуі мүмкін кез келген шағымдарды қарауға жауаптылықта болады және Үкімет пен ЭӘМД мұндай шағымдар мен борыштық міндеттемелер персоналдың немесе басқа да адамдардың немқұрайлы немесе әдейі жасаған әрекеттерінің нәтижесі болып табылады деп таныған жағдайларды қоспағанда, кез келген шағымдар немесе осы Келісімнің шеңберінде орындалатын жұмыстардың салдарынан туындайтын борыштық міндеттемелері болған жағдайда, ЭӘМД, оның мүлкі, персоналы немесе басқа да адамдары үшін залалдың болмауын қамтамасыз етуге тиіс.
3. Үкімет жоба шеңберінде ұйымдастырылатын қандай да бір семинарға, симпозиумға, практикалық семинарға, конференцияға немесе өзге де ғылыми және тренинг іс-шараларына қатысты А қосымшада жазылған ережелерді қолдануға тиіс.
8-бап
1. Үкімет пен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы осы Келісімді түсіндіруге және қолдануға қатысты, келіссөздер немесе өзге де әдістердің көмегімен реттелуі мүмкін емес кез келген дау осы Келісімнің кез келген Тарапының сұрау салуы бойынша төрелік сотқа ұсынылуға тиіс. Әрбір Тарап бір төреші тағайындауға тиіс, осылайша тағайындалған екі төреші төраға болатын үшінші төрешіні тағайындауға тиіс. Егер төрелікке сұрау салынған 30 (отыз) күн ішінде Тараптардың бірі төреші тағайындамаса немесе егер екі төреші тағайындалған кезден бастап 15 (оң бес) күн ішінде үшінші төреші тағайындалмаса, осы Келісімнің кез келген Тарапы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сотының Президентіне төреші тағайындауға өтініш білдіре алады. Төрелік соттың рәсімін төрешілер белгілейді, ал төрелік үшін шығыстарды төрешілердің бағалауы бойынша Тараптар көтеретін болады. Төрелік шешімде осыған негізделген себептер көрсетілуге және оны Тараптар даудың түпкілікті шешімі ретінде қабылдауға тиіс.
2. Кез келген ережедегі не кез келген бапқа не осы Келісімге қатысты ештеңе де Біріккен Ұлттар Ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттерінен бас тарту ретінде қаралмауға тиіс.
9-бап
1. Осы Келісімнің қолданысын кез келген Тарап екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы оның осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама жіберу жолымен тоқтата алады және ол осындай хабарлама алынған күннен бастап 60 (алпыс) күн өткен соң тоқтатылуға тиіс. Осы Келісімнің шеңберінде Тараптар қабылдаған міндеттемелер Келісімнің қолданысы тоқтатылғаннан кейін кез келген қосалқы мердігерлерге, консультанттарға немесе өнім берушілерге қатысты қажетті қызметтің реттелген аяқталуын қамтамасыз ету, персоналды, құралдар мен мүлікті шығару үшін, Тараптар арасындағы шоттарды реттеу және шарттық міндеттемелерді реттеу үшін қажетті көлемде күшінде қалады.
10-бап
1. Жобаның аяқталуына дейін пайдаланылмаған кез келген қаражат Үкіметпен кеңес өткізілгенге дейін осы Келісімнің 1-бабының 2-тармағында аталған ЭӘМД шотында сақталуға тиіс.
11-бап
1. Осы Келісім бойынша талап етілетін немесе рұқсат етілген кез келген әрекетті Үкімет атынан Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы және ЭӘМД атынан Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменттің Бас хатшысының орынбасары немесе оның уәкілетті өкілі орындауға тиіс.
2. Осы Келісімнің ережелерінде көзделген кез келген хабарламаларды немесе сұрау салуларды Тараптар біріне-бірі жазбаша нысанда жолдайды. Осы хабарлама немесе сұрау салу Тараптың төменде көрсетілген мекенжайына немесе хабарламаны немесе сұрау салуды беру кезінде жазбаша түрде көрсетілген басқа мекенжайына талап етілген екінші Тарапқа жеке, почта, жеделхат арқылы жеткізілгенде немесе телекс бойынша жіберілгенде тиісті түрде жасалған болып есептеледі.
ЭӘМД:
Винченцо Акуаро мырза
Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті
Мемлекеттік басқару және дамуды басқару бөлімінің жауапты
қызметкері
2 United Nations Plaza, Room DC2-1714
Нью-Йорк, NY 10017
Факс (212) 963-3393
Үкімет:
Асқар Жұмағалиев мырза
Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат
агенттігінің төрағасы
010000 Астана қаласы
Орынбор көшесі 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс
тел: +7 (7172) 74-10-12, факс: +7(7172) 74-03-64
12-бап
1. Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
2. Осы Келісімге екі Тарап қол қояды. Ол қол қойылған күнінен бастап осы Келісімнің 12-бабының 3-тармағына сәйкес оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау аяқталғанға дейін уақытша қолданылады.
3. Осы Келісім ЭӘМД оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы Үкіметтің жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғарыда жазылғанды растау үшін Үкімет пен Бірікккен Ұлттар Ұйымы өздерінің уәкілетті өкілдері арқылы әрекет ете отырып, осы Келісімге қол қойды.
20____жылғы «____» _____________ __________________ қаласында ағылшын тілінде екі төлнұсқа данада жасалды.
_____________________________ ____________________________
Аты: Аты:
Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін
Үкіметі үшін
А қосымша
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасында өткізілетін
«Біріккен Ұлттар Ұйымының «электрондық үкіметінің» жаһандық
форумы 2014» атауымен нысаналы қор шеңберіндегі техникалық
ынтымақтастық туралы келісімге қатысты артықшылықтар мен
иммунитеттерге және кездесулерге орай басқа белгілі бір
мәселелерге қатысты іс-шаралар
Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі осы арқылы нысаналы қор шеңберіндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісім туралы А қосымшада сипатталған жоба шеңберіндегі кез келген семинарларға, симпозиумдарға, ғылыми конференцияларға және басқа да ғылыми-зерттеу және оқыту қызметіне қатысты мынадай ережелер қолданылуға тиіс екеніне келіседі:
1-бап
Анықтамалар
а) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы «Тараптар» болып табылады;
б) «Кеңес» немесе «Кеңестер» Біріккен Ұлттар Ұйымының жәрдемдесуімен Қазақстанда өткізілетін кез келген семинарларды, симпозиумдарды, курстарды, практикалық семинарларды немесе шағын ауқымдағы қатысумен отырыстардың басқа да түрлерін білдіреді;
в) «Өтетін орны» формальды емес кездесулер үшін конференц-залдарын, офистерді, жұмыс орындарын және тиісінше әрбір жеке алынған кездесуге қатысты Қазақстан Республикасының тарапынан жоба шеңберінде көзделген басқа да үй-жайларды қоса алғанда, барлық үй-жайларды қамтуға тиіс.
2-бап
Артықшылықтар мен иммунитеттер
1. 1946 жылғы 13 ақпанда Бас Ассамблея бекіткен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Артықшылықтары мен иммунитеттері жөніндегі конвенция Қазақстанда өткізілетін кеңестерге қатысты қолданылуға тиіс. Атап айтқанда,
а) Мемлекеттер өкілдерінің Конвенцияның IV Бабына сәйкес қамтамасыз етілетін артықшылықтар мен иммунитеттері болуға тиіс;
б) Кеңеске Біріккен Ұлттар Ұйымы шақырған қатысушылардың, Конвенцияның VI және VII Бабтарына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымының істері жөніндегі іссапардағы сарапшылар ретінде артықшылықтары мен иммунитеттері болуға тиіс;
в) Кеңеске байланысты функцияларды орындауға қатысатын Біріккен Ұлттар Ұйымының лауазымды адамдарының Конвенцияның V және VII Бабтарына сәйкес артықшылықтары мен иммунитеттері болуға тиіс.
2. Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелері өкілдерінің 1947 жылғы 21 қарашада Бас Ассамблея бекіткен Артықшылықтар мен иммунитетер туралы конвенцияға сәйкес және 1959 жылғы 1 шілдедегі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісіміне сәйкес артықшылықтары мен иммунитеттері болуға тиіс.
3. Барлық алдыңғы тармақтарға нұқсан келтірместен, кеңеске байланысты белгілі бір функцияларды орындайтын барлық қатысушылар мен адамдардың кеңеске қатысты өз функцияларын тәуелсіз орындау үшін қажетті осындай артықшылықтары, иммунитеттері және жағдайлары болуға тиіс.
4. Кеңесте Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған персоналдың, осы келісімге сәйкес кеңеске байланысты ресми тәртіппен айтылған сөздеріне немесе жазбаша құжаттарына және өздері жүзеге асырған кез келген басқа да әрекеттеріне қатысты сот процестерінен иммунитеті болуға тиіс.
3-бап
Кіру және шығу құқығы
1. Қазақстан Республикасында өткізілетін кеңеске байланысты функцияларды жүзеге асыратын барлық қатысушылар мен адамдардың Қазақстан Республикасына еркін кіру және одан шығу құқығы болуға тиіс. Қажет болған жағдайда, визалар мен кіруге рұқсат тегін және мүмкіндігінше жылдам берілуге тиіс. Егер өтініш кеңес ашылғанға дейін төрт апта бұрын берілсе, визалар кеңес ашылатын күнге дейін екі аптадан кешіктірілмей берілуге тиіс. Егер өтініш, ашылғанға дейін төрт аптадан аз уақытта берілсе, визалар мүмкіндігінше жылдам және кеңестің ашылуына дейін үш күннен кешіктірілмей берілуге тиіс. Егер кеңеске қатысушылар визаны мерзімінде алмаған жағдайда, олар визаларды әуежайға келісімен алуға тиіс.
2. Қажет болған кезде шығуға рұқсат тегін және мүмкіндігінше жылдам және кез келген жағдайда кеңестің жабылғанына дейін үш күннен кешіктірілмей беріледі.
4-бап
Полицияның күшімен қорғау
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Кеңестің тиімді жұмыс істеуі және сырттан кез келген түрдегі араласудан қауіпсіз әрі тыныш атмосфераны қамтамасыз ету үшін қажетті қорғанысты полицияның күшімен қамтамасыз етуге тиіс. Полицияның қорғау жөніндегі осыған ұқсас көрсетілетін қызметтерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан жоғары дәрежелі лауазымды адам бақылауға тиіс және бұл адам Біріккен Ұлттар Ұйымы тағайындаған жоғары дәрежелі лауазымды адаммен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге тиіс.
5-бап
Міндеттер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
а) адамдарға келтірілген зиян немесе Үкімет ұсынған немесе оның бақылауындағы кеңес өткізілетін үй-жайдағы мүліктің зақымдалуы не жоғалуы;
б) адамдарға келтірілген зиян немесе кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған немесе оның бақылауындағы көліктік көрсетілетін қызметтерді пайдалану кезінде мүліктің зақымдалуы не жоғалуы;
в) кеңес үшін Қазақстан Республикасы ұсынған немесе жолдаған персоналды жалдау салдарынан туындаған Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның өкілдеріне қатысты кез келген талап қоюларды, шағымдарды және басқа да талаптарды реттеуге жауапты.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі кез келген мұндай талап қоюларға, шағымдар мен басқа да талаптарға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымын және оның лауазымды адамдарын залалдан және шығындардан қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
6-бап
Қорытынды ережелер
Қажет болған кезде тараптар Қазақстан Республикасында өткізілетін әрбір кеңеске қатысты ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелер бойынша арнайы келісімдер жасаса алады.
В қосымша
Біріккен Ұлттар Ұйымының
Экономикалық және әлеуметтік
мәселелер жөніндегі департаменті
Жобаның атауы: 2014 Біріккен Ұлттар Ұйымының «электрондық үкіметінің» жаһандық форумы
Жобаның нөмірі: INT/14/X46/A
Орындаушы ұйым: Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент (ЭӘМД)
Басталу күні: 2014 жылғы тамыз
Ұзақтығы: 5 ай
Жобаның сомасы: 500,000 АҚШ доллары
Қолы Күні Аты/Лауазымы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Үкіметі үшін Байланыс және ақпарат
агенттігінің төрағасы
Асқар Жұмағалиев
мырза
__________________ ________________
ЭӘМД үшін ЭӘМД/МБДББ
жауапты қызметкері
__________________ _________________ Винченцо Акуаро мырза
1. Алғышарт
Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті (ЭӘМД) мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының «электрондық үкіметінің» жаһандық форумы 2014 барысында тәжірибе және озық әдістемелер алмасу арқылы «электрондық үкіметтің» стратегияларын, мүше мемлекеттердің қағидаттары мен іс-қимылдарын күшейтуге жәрдемдесуге бағытталған. Халықаралық форумды ЭӘМД Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігімен серіктесе отырып ұйымдастырады.
Бұл ЭӘМД ұйымдастырған үшінші форум. Алдыңғы екеуі 2012 жылғы қазанда және 2013 жылғы қазанда Корея Республикасы, Сеулде өткізілді. Алдыңғы екі форум мүше мемлекеттерге «электрондық үкіметтің» тиісті жетістіктерімен алмасуға және «электрондық үкіметтің» жаңа үрдістері туралы хабардар болу дәрежесін арттыруға мүмкіндік берді. 2013 жылғы форум барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының «электрондық үкіметінің» жаһандық форумы 2014 өз аумағында өткізуді ұсынды. Форум 2014 мүше мемлекеттерге «Smart Society» дамытуға қолдау көрсету процесін жалғастыруға ұмтылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) мүше мемлекеттерді Мыңжылдықты дамыту мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ұлттық саясаты және практикаларды дамытуда қолдады. Осының жаршысы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы тәжірибе, білім және әлеуметтік-экономикалық дамуға үлес қоса отырып, мемлекеттік басқарудағы инновацияларға қатысты тәжірибе алмасуды ілгерілетуді жақтайды. Бас ассамблея Мыңжылдық декларациясында қамтылғандарды қоса алғанда, халықаралық деңгейде келісілген мақсаттарды іске асыруда мемлекеттік басқару рөліне қатысты тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылуға тиіс екенін атай отырып, 57/277 қарардағы білім алмасу жөніндегі іс-қимылдардың маңыздылығын атап көрсетті. 50/225 қарарда халықаралық ынтымақтастықтың Оңтүстік және Өңіраралық ынтымақтастықты қоса алғанда, мемлекеттік басқару саласында да нығаюы тиіс екендігі аталған.
ЭӘМД басшылыққа алатын қағидаттардың деректеріне сәйкес Мемлекеттік басқару және дамуды басқару бөлімі (МБДББ) арқылы әлеуетті өрістету бойынша семинарлар, сарапшылар тобының жиналыстары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттік басқару желісінің (БҰҰ МБЖ) және жарияланымдары мен онлайн ақпараттық қоймалары арқылы мемлекеттік басқарудағы олардың мүмкіндіктерін кеңейтуде мүше мемлекеттерге белсенді жәрдемдесті. 2003 жылдан бастап МБДББ БҰҰ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер наградалары (БҰҰ МҚН) және форум арқылы мемлекеттік басқарудың инновациялық практикасын жинады, таратты және алмасты. Оның үстіне, адал басқаруды нығайтудың күшті құралы ретінде «электрондық үкіметтің» пайда болуымен МБДББ 2003 жылдан бастап «электрондық үкіметтің» үрдістерін және бүкіл әлем бойынша «электрондық үкіметке» дайын елдердің дамуын көрсететін БҰҰ-ның «электрондық үкімет» бойынша зерттеуін жариялады. Алғашқы басылымынан бастап зерттеу халықаралық, өңірлік және жергілікті деңгейлерде «электрондық үкіметті» дамыту жөніндегі әрекеттерге басшылыққа алу үшін пайдалы сілтемеге айналды.
1. Қазақстандағы «электрондық үкімет» және мемлекеттік сектор туралы
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы әкімшілік басқару
жүйесін түрлендіруге мүмкіндік берген ақпараттық коммуникациялық технологиялар (АКТ) қоса алғанда, мемлекеттік секторды жаңғырту үшін үлкен күш салды. 2012 жылғы БҰҰ «электрондық үкіметті» зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық Азия өңірі елдерінің арасында жетекші ел болып табылады. БҰҰ МҚН 23 маусымды Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттік қызмет күні деп белгілеген Бас ассамблеяның 57/277 қарарына сәйкес 2003 жылдан бастап аталып өтетін мемлекеттік қызмет сапасын аса беделді халықаралық деңгейде тану болып табылады. Басты мақсаты мерекелеу және азаматтарға, бүкіл дүниежүзі бойынша мемлекеттік қызметтің үздік қызметкерлеріне жоғарғы деңгейде қызмет көрсеткені үшін берілген сыйлықтармен марапаттау болып табылады.
Қазақстан Республикасы соңғы бірнеше жылда азаматтарға кешенді әдіспен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін онлайн қызметтер ұсынуға қатысты айтарлықтай жетілді. Қазақстандық онлайн қызметтердің қызықты аспектілерінің бірі Үкімет блогы болып табылады. Азаматтар мемлекеттік басқарудың ашық болуына ықпал ететін және азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартатын түсініктемелер мен сұрақтар арқылы мемлекеттік органдардың басшыларымен байланыса алады. Сайт мекемелердің басшылары алған сұрақтар және түсініктемелер бойынша статистикалық ақпаратты, сондай-ақ тиісті бақылаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін олардың жауаптарының санын да қамтиды.
Қазақстан Республикасы 2012 жылғы БҰҰ «электрондық үкімет» зерттеуіне сәйкес «электрондық үкімет» дамуының барлық төрт кезеңінің: пайда болудың, өрістетудің, транзакцияның және байланыстың сипаттамаларына ие. Мұны халықаралық қоғамдастық Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі дүниежүзілік кездесу (АҚЖДК) сияқты халықаралық және өңірлік рейтингтерде Қазақстан Республикасының үздіксіз жетілуінің дәлелі ретінде таныды.
2. ЭӘМД рөлі
БҰҰ-ның «электрондық үкімет» жөніндегі зерттеуі ЭӘМД-ге «электрондық үкіметтің» үрдістері, стратегиялары, саясаты, мазмұнын дамыту, әлеуметтік өзара іс-қимыл құралдары мен азаматтарды тарту туралы терең білім алуға және осы білімді дамыған елдерде, экономикасы өтпелі елдерге және дамушы елдерге беруге мүмкіндік берді. ЭӘМД-нің өз «электрондық үкіметінің» стратегияларына, саясаттары мен жоспарларына бастамашылық етуде не жетілдіруде елдердің әлеуетін дамыту бойынша күш-жігерді қолдауда үлкен тәжірибесі бар. ЭӘМД форум арқылы елдер үшін «электрондық үкіметтің» саясаты саласындағы олардың жекелеген міндеттері мен жетістіктерін талқылау және әсіресе тиімді болып табылатын жұмыс әдістерін көрсету мүмкіндігін береді.
Осы форум Бас Ассамблея мен Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭӘК) қабылдаған қарарлар мен шешімдерде, сондай-ақ әлемдік конференциялардың ұсынымдарында анықталғандай, мемлекеттік басқарудың жүйелерін де және мекемелерін де басқару бойынша әртүрлі әлеуетті күшейту жөніндегі МБДББ-ның қоданылу аясында болады. Елдерді олардың «электрондық үкіметі» саясаты бойынша қолдау МБДББ әлеуетін дамыту стратегиясында анықталғандай, МБДББ әлеуетін дамыту жөніндегі бағдарламаның негізгі басымдығы болып табылады.
«Электрондық үкіметті» қоса алғанда ЭӘМД-ның дамыту жөніндегі АКТ-дағы жұмысы жалпы ұлттық даму мақсаттары мен дамудың халықаралық келісілген мақсаттарына қол жеткізу үшін дамушы елдердегі басқару әлеуеті мен мемлекеттік-әкімшілік қызметті нығайтуға ұмтылады. Ол үкіметаралық келісімдерден, атап айтқанда, БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясынан нұсқау жасайды. Мемлекеттік басқару жөніндегі сарапшылар комитеті қолдаған, ЭӘМД-ның зерттеу және талдау жұмысы Департаментке халықаралық ауқымда мемлекеттік сектордың басқару жүйесі мен мекемелері саласындағы үрдістер, мәселелер, инновациялар мен озық әдістемелер туралы өзекті білімдерді уақтылы жинақтауға және оларды саяси бағыттың үкіметаралық тұжырымымен байланыстыруға мүмкіндік береді.
«Электрондық үкіметтің» жаһандық форумы 2014 «электрондық үкімет» бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет наградаларын ұсынады. Награда «электрондық үкімет» саласында көшбасшылықты көрсететін елдерге беріледі және қатысушыларға «электрондық үкімет» наградаларын тікелей шолуды ұсынады. Форум өңірлер бойынша 2014 жылы «электрондық үкіметті» зерттеуді ресми ұсынады.
2. Проблемаларды талдау
Қазіргі уақытта басқару нысандары бұрынғыға қарағанда, өте күрделі проблемаларға тап болды. Азаматтардың мемлекет ішіндегі басқару нысандарына қоятын талаптарының әртүрлі болғандығы соншалықты, көрсетілетін қызметтерді беруші ғана ретіндегі басқару нысандарының дәстүрлі рөлі азаматтардың әртүрлі мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін елеулі кедергілерге тап болды. Қазір олар өз үкіметінен (а) азаматтардың күткенін қанағаттандыруға нақты бейімделген, оларға бір орталықтан қызметтер ұсынуды; (b) бірқатар үкіметтік іс-әрекеттердің ашықтығы мен есептілігінің үлкен дәрежесін көрсетуді; және (с) көптеген азаматтарға мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесіне қатысуға мүмкіндік беруді өтінеді. Үкімет тарапынан әлемдік экономикалық рецессия мен жаһандық жылыну сияқты құбылыстар халықаралық дағдарысқа өте бейім.
Үкімет жергілікті мәселелерді қаншалықты ойдағыдай басқарғанымен, ол күтпеген сыртқы факторлар салдарынан қауіпке ұшырауы өте ықтимал. АҚШ-та 2008 жылы басталған әлемдік қаржы дағдарысы осал отандық үкімет сыртқы жағдайға қалай ден қоя алатындығын айқын көрсетті.
БҰҰ-ның «электрондық үкімет» жаһандық форумы 2014 басқару нысандарынан барлық осы міндеттерді ұтымды шешу үшін аса жіті, ашық және жауапты болуды талап ететін уақытта өтіп жатыр. Сондықтан осы жылғы форумның тақырыбы «Тұрақты даму үшін жетік басқару: желілік қоғамда әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер» толықтай уақыт талабына сай. Форум АКТ-ның күшейтілген әлеуеті үкіметтер мен қоғамның дәстүрлі нысандарының кешенді мұқтаждыққа және түрлі міндеттерге ден қоюға болатын жетік нысандарға қалай өзгеретінін талқылайтын болады.
«Smart Government» пен «Smart Society» департаменттер мен министрліктер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді интеграцияланған қосымшалар (яғни әмбебап портал) арқылы ұсынатын жоғары дамыған үкімет пен қоғам болып табылады, сондықтан азаматтар оңайлатылған және интеграцияланған нысанда ала алатын көрсетілетін қызметтердің басымдығын пайдалана алады. «Smart Government» қоғамды түпкі соңында қолайлы және тиімді болуға әкелетін азаматтар үшін арнайы ұқыпты әзірленген орталықтандырылған қызметтерді де ұсынады. Тәжірибе мен зерттеу үкімет пен қоғамның осы типі мемлекеттік шешімдерді қабылдауда аса белсенді өзара іс-қимылда азаматтарды көтермелеу арқылы мемлекеттік қызмет сапасын айтарлықтай жақсартатынын көрсетеді.
«Smart Government» тұжырымдамасына қол жеткізу үшін қатысушы мемлекеттер азаматтардың мұқтаждықтарын білуге және әзірлеу мен енгізу кезінде қағидаттар жоғарыда тұрған және туындайтын тәсілдердің ескерілуін қадағалауға тиіс.
3. Жобаның стратегиясы:
1. Жоба бойынша мақсаттар және қызмет
Сеулде өткен алдыңғы екі форумда құрылған Астанадағы форум тиісті білім алмасу және мемлекеттік басқаруға қатысу үшін әлеуетті арттыру үшін басқарудың ақылды формалары және «Smart Society» құру үшін жетекші мамандарды бірге жинайды.
Мақсаты: мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін интеграцияланған АКТ шешімдерін бағалауда дамушы елдерді қолдау.
Күтілетін жетістіктер:
КЖ 1. Жоғары басшылықтың елдердің «электрондық үкімет» бойынша саясаты, үрдістері, шешімдері және озық практикалары туралы білімін арттыру.
КЖ 2. Жоғары басшылықтың «электрондық үкіметті» дамытудың өз елдері үшін жарамды инновациялық стратегияларды әзірлеу үшін олардың алған білімі мен тәжірибесін бейімдеу үшін міндеттемелерін жаңарту.
Жетістік индикаторы:
(ЖИ 1) Басқарудың ақылды формалары және «Smart Society» іске асыру кезінде сілтемелер үшін мүше мемлекеттерге нұсқау ретінде форумның қорытындысына енгізілген ұсынымдар мен ұсыныстар.
(ЖИ 2) Форумда жарияланған «электрондық үкіметтің» интеграцияланған қызметтеріне бағыты бойынша ұлттық бастамалардың саны.
Әрекеттер: Әрекеттердің мынадай түрлері екі тармақ бойынша іске асыруға қол жеткізуге үлес қосады.
1) 1-әрекет – Форумды ұйымдастыруға және іске асыруға қатысты барлық мәселелер бойынша БҰҰ МҚН және Қазақстан Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл ретінде әрекет ететін Жобаның үйлестірушісін белгілеу/жалдау;
2) 2-әрекет – «Smart Government» белгілі бір назар аудара отырып, «электрондық үкімет» саласындағы консультанттарды/сарапшыларды белгілеу;
3) 3-әрекет – Форум үшін барлық елеулі кіріспе ресурстарды бастау және аяқтау;
4) 4-әрекет – Форум үшін елеулі және ұйымдастырушылық талаптарға қатысты шешімдерді аяқтау үшін Қазақстан Республикасы бойынша ЭӘМД даярлық миссиясын жасау;
5) 5-әрекет – ЭӘМД форумға шақырту жібереді;
6) 6-әрекет – Форумды өткізу;
7) 7-әрекет – Форум бойынша жарияланымды бастау және аяқтау;
8) 8-әрекет – Форум бойынша жарияланымды басып шығару.
4. Жобаны басқару және іске асыру тетігі
БҰҰ-ның «электрондық үкімет» форумын 2014, ЭӘМД Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп ұйымдастырады.
1.1. ЭӘМД
БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті (ЭӘМД) орындаушы ұйым ретінде жобаны іске асыру процесін басқаруға жалпы жауапты болады және жобалау құжаттамасында сипатталған күтілетін жетістіктердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Жоғарыда атап өтілген әрекеттер ЭӘМД-ның техникалық-консультациялық қызметтерін және жобаны іске асыруды басқару мен есепті қамтитын жобаны толық басқаруды қамтуға тиіс. ЭӘМД-ның мемлекеттік басқару және дамыту бөлімі «электрондық үкімет» бөлімшесі басшысының жетекшілігімен елде жоба бойынша жұмыстарды үйлестіруге және іске асыру мониторингіне жауапты Жобаның үйлестірушісін (ЖҮ) ЭӘМД тағайындайды.
ЖҮ толықтай:
1) Консультанттарды жалдау бойынша құзырет шегін (ҚШ) анықтауы және оның жобасын жасауы;
2) Мазмұнын әзірлеуді қолдау үшін ЭӘМД-ның консультациялық миссиясын жоспарлауы және үйлестіруі;
3) Форум бойынша елеулі логистикалық шаралардың барлық нұсқаларын Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісуі;
4) Форумның соңғы жарияланымының жобасын даярлауы тиіс.
1.2 Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық жергілікті кіріспе факторларды ұсынады және қажет болғанда ЭӘМД персоналы мен жоба үйлестірушісі үшін логистика мен кеңсе жабдықтарын қоса алғанда, ұйымдастырушылық мәселелерге жауапты болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі форумды ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша ЭӘМД Жобасының үйлестірушісімен тығыз жұмыс істейтін өз Жоба үйлестірушісін (ЖҮ) тағайындайды.
2 Мониторинг, бағалау және есеп
ЭӘМД және Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ЖҮ арқылы форумның табысты өтуіне алып келетін даярлық процесінің мониторингіне жауапты болады. ЭӘМД Жобасының үйлестірушісі форумның соңғы жарияланымын бастама жасайды және жоба бойынша жұмыс барысы туралы есепті ЭӘМД Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін болады.
3 Өзгерістер
Жобалау құжаттамасындағы өзгерістер хат алмасу арқылы тараптар арасында келісілуі мүмкін.
5. Жоба жөніндегі қызмет және бюджет
Бюджеттің жолы | Қызмет | Ұзақтығы | Сипаттамасы | 1 жыл ($) |
---|---|---|---|---|
Мақсаты: «Smart Government» үшін құрылымдық элементтер мен негіздерді бекіту | ||||
1101 |
Жоба үйлестірушісі |
4 ай |
Қазақстан Республикасында тағайындалған Жобаның уақытша үйлестірушісі үшін жалақы және соған байланысты тиесілі төлемдер |
88,000 |
1150 |
Консультанттар/Сарапшылар |
8 апта |
Сарапшылар/өкілдер үшін төлем/ жолақы |
50,000 |
1601 |
ЭӘМД персоналын ауыстыру |
1 апта |
Дайындық кездесуі үшін жол шығыстары (1 қызметкер) және форумға қызмет көрсету үшін 3 қызметкер |
40,000 |
Бір персоналға жұмсалатын шығыстар үшін кіші деңгейдің жиыны |
178,000 |
|||
3201 |
БҰҰ халықаралық |
1 апта |
Дамушы мүше мемлекеттерден келетін халықаралық қатысушылар үшін жол шығыстары |
240,000 |
Форумға жұмсалатын шығыстар үшін кіші деңгейдің жиыны |
418,000 |
|||
5201 |
Есептер |
Есепті дайындау және жариялау |
18,000 |
|
5301 |
Әртүрлі |
6,478 |
||
Әртүрлі үшін кіші деңгейдің жиыны |
24,478 |
|||
Жиыны |
442,478 |
|||
5601 |
Бағдарламаны қолдауға жұмсалатын шығыстар |
57,522 |
||
Жиыны (АҚШ долл. $) |
500,000 |
Жобаның мақсатына қол жеткізу үшін қаражат бюджеттік баптар арасында қайта бөлінуі мүмкін.
6. Логикалық құрылым
Мақсаты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін АКТ-ның интеграцияланған шешімдерін бағалауда дамушы елдерге көмектесу
1-күтілетін жетістік | Жетістік көрсеткіші | Тексеру тәсілі | Болжамдар және тәуекелдер |
---|---|---|---|
Жоғары басшылықтың «электрондық үкіметтің» саясаты, үрдістері, шешімдері және озық практикалары туралы артқан білімі |
«Smart Government» және «Smart Society» іске асыру кезінде сілтемелер үшін мүше мемлекеттерге нұсқау ретінде форумының қорытындысына енгізілген ұсынымдар мен ұсыныстар |
Форумның есебі, қорытынды құжат |
|
2-күтілетін жетістік | Жетістік көрсеткіші | Тексеру тәсілі | Болжамдар және тәуекелдер |
Жоғары басшылықтың «электрондық үкіметті» дамытудың өз елдері үшін инновациялық стратегияларды әзірлеу үшін олардың алған білімі мен тәжірибесін бейімдеу үшін жаңарған міндеттемелері |
Форумда жарияланған «электрондық үкіметтің» интеграцияланған қызметтеріне бағыты бойынша ұлттық бастамалардың саны |
Форумның есебі, қорытынды құжат |