Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Латвия тарапын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 19 мамырда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Латвия Республикасының Үкiметi арасындағы транзиттік тәртіп туралы келiсiмнiң және 2004 жылы 15 наурызда Астанада және 2004 жылы 9 маусымда Ригада жасалған 1998 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Транзиттік тәртіп туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың қатысушысы болмау ниетi туралы хабардар етсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов