Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1355 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 872 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Таран ауданы Таран ауылы Аят өзенінің оң жағалауын қоршайтын бөген салуға нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін Қостанай облысының әкімдігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 196419720 (бір жүз тоқсан алты миллион төрт жүз он тоғыз мың жеті жүз жиырма) теңге сомасында қаражат бөлінсін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қостанай облысының әкімдігі 2014 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы туралы есеп берсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов