Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 872 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1355 қаулысымен.

      «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне Таран ауданы Таран ауылы Аят өзенінің оң жағалауын қоршайтын бөген салуға нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін Қостанай облысының әкімдігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 196419720 (бір жүз тоқсан алты миллион төрт жүз он тоғыз мың жеті жүз жиырма) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.09.2014 № 985 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Қостанай облысының әкімдігі 2014 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы туралы есеп берсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.09.2014 № 985 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады