"Цемент зауытын жаңғырту" басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгілеу және "Цемент зауытын жаңғырту" басым жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектің № 1026 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған «Цемент зауытын жаңғырту» жобасын (өтініш беруші – «Шымкент цемент» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1026 қаулысына    
қосымша         

«Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс
күшін тартуға 2014 жылға арналған квота

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота (адам)

1

2

3

4

5

Цемент зауытын жаңғырту

«Шымкент цемент» акционерлік қоғамы

Шымкент қаласы

2014 жыл

526

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1026 қаулысымен    
бекітілген        

«Цемент зауытын жаңғырту» жобасын (өтініш беруші – «Шымкент
цемент» акционерлік коғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс
күшін тартуға рұқсат беру шарттары

      1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкілетті органға жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
      1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
      2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
      3) оның бұрын істеген жұмыс берушісің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек кызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
      4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).
      2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
      3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.
      4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.

Об установлении квоты на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 год по приоритетному проекту "Модернизация цементного завода" и утверждении условий выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта "Модернизация цементного завода"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2014 года № 1026

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 год по приоритетному проекту «Модернизация цементного завода» согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Утвердить прилагаемые условия выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей силы для реализации приоритетного проекта «Модернизация цементного завода» (заявитель – акционерное общество «Шымкент цемент»).
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. МАСИМОВ

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 25 сентября 2014 года № 1026

Квота на привлечение иностранной рабочей силы на 2014 год по
приоритетному проекту «Модернизация цементного завода»

Наименование проекта

Заявитель

Место реализации

Срок реализации

Квота (чел.)

1

2

3

4

5

Модернизация цементного завода

акционерное общество «Шымкент цемент»

город Шымкент

2014 год

526

Утверждены           
    постановлением  
Правительства Республики Казахстан
от 25 сентября 2014 года № 1026

Условия выдачи разрешений на привлечение иностранной рабочей
силы для реализации приоритетного проекта «Модернизация
цементного завода» (заявитель – акционерное общество
«Шымкент цемент»)

      1. Документы, прилагаемые к заявлению на привлечение иностранной рабочей силы, представляемые работодателем либо уполномоченным им лицом в уполномоченный орган, на территории которого реализуется приоритетный проект, должны содержать:
      1) сведения о привлекаемых иностранных работниках с указанием фамилии, имени, отчества (в том числе латинскими буквами), даты рождения, гражданства, номера, даты и органа выдачи паспорта (документа, удостоверяющего личность), страны постоянного проживания, страны выезда, образования, наименования специальности, квалификации (должности) в соответствии с применяемыми в Республике Казахстан квалификационным справочником должностей руководителей, специалистов и других служащих, типовыми квалификационными характеристиками должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций, единым тарифно-квалификационным справочником работ и профессий, рабочих, тарифно-квалификационными характеристиками профессий рабочих и государственным классификатором Республики Казахстан 01-99 «Классификатор занятий», утверждаемыми уполномоченным государственным органом по труду;
      2) нотариально заверенные переводы (копии, если документ заполнен на государственном или русском языке) документов об образовании, легализованных в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, за исключением случаев, предусмотренных вступившими в силу международными договорами Республики Казахстан;
      3) информацию о трудовой деятельности работника (при наличии квалификационных требований по стажу работы по соответствующей профессии) с приложением письменного подтверждения о трудовой деятельности работника на официальном бланке работодателя, у которого ранее работник работал, или иных подтверждающих документов, признаваемых в Республике Казахстан;
      4) нотариально заверенную выписку из договора, свидетельствующего об участии в реализации приоритетного проекта, либо копию с предъявлением оригинала для сверки (для подрядных и субподрядных организаций).
      2. Въезд иностранных работников осуществляется при соблюдении условий, предусмотренных статьей 35 Закона Республики Казахстан «О миграции населения».
      3. Иностранные работники, на которых получены разрешения по 3 и 4 категориям, не могут направляться в командировку на предприятия, в организации, находящиеся на территории других административно-территориальных единиц.
      4. Иные условия привлечения иностранной рабочей силы, не урегулированные настоящими условиями, регламентируются Правилами и условиями выдачи разрешений иностранному работнику на трудоустройство и работодателям на привлечение иностранной рабочей силы, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 января 2012 года № 45.