Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квота белгіленсін.
2. Қоса беріліп отырған «Цемент зауытын жаңғырту» жобасын (өтініш беруші – «Шымкент цемент» акционерлік қоғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары бекітілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1026 қаулысына
қосымша
«Цемент зауытын жаңғырту» басым жобасы бойынша шетелдік жұмыс
күшін тартуға 2014 жылға арналған квота
Жобаның атауы |
Өтініш беруші |
Іске асыру орны |
Іске асыру мерзімі |
Квота (адам) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Цемент зауытын жаңғырту |
«Шымкент цемент» акционерлік қоғамы |
Шымкент қаласы |
2014 жыл |
526 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1026 қаулысымен
бекітілген
«Цемент зауытын жаңғырту» жобасын (өтініш беруші – «Шымкент
цемент» акционерлік коғамы) іске асыру үшін шетелдік жұмыс
күшін тартуға рұқсат беру шарттары
1. Аумағында басым жоба іске асырылатын уәкілетті органға жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуы тиіс:
1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері);
3) оның бұрын істеген жұмыс берушісің ресми бланкісіндегі қызметкердің еңбек кызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілген, қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
4) басым жобаны іске асыруға қатысуы туралы куәландыратын шарттан нотариалды расталған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсынумен көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін).
2. Шетелдік қызметкерлердің келуі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген шарттар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
3. 3 және 4-санаттар бойынша рұқсаттар алынған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуге болмайды.
4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттармен реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларымен және шарттарымен регламенттеледі.