Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
«Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1113 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан «Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
көрсетілген қаулымен мақұлданған «Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімнің жобасында:
3-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;».
2.
Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
К. Мәсімов |