"Байқоңыр" кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 1032 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1113 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан «Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, қол қоюға өкілеттік берілсін.»;
      көрсетілген қаулымен мақұлданған «Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімнің жобасында:
      3-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;».
      2. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады