"Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгiзу және "Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 1092 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгiзу және «Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов

«Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгiзу және «Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 590 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасында:
      «1. Қазақстан Республикасындағы жаңа бюджет саясатының пайымы» деген бөлімде:
      «Ағымдағы ахуалды талдау» деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы отыз сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Сондай-ақ, абсолюттік мәнде де, сол сияқты салыстырмалы мәнде де елдің сыртқы борышының өсуі байқалады. Айталық, 2011 жылдың соңында сыртқы борыш көлемі 125,3 млрд. АҚШ долларын немесе ЖІӨ-ге қатысты 66,7 %, ал 2013 жылдың соңында – 148,7 млрд. АҚШ долларын немесе ЖІӨ-ге қатысты 67,6 % құрады.»;
      «Тұжырымдаманың мақсаттары, міндеттері, іске асыру кезеңі және оны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген кіші бөлімде:
      үшінші бөліктің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстау;»;
      «2. Қазақстан Республикасында жаңа бюджет саясатын қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері» деген бөлімде:
      «Мемлекеттік борышты және квазимемлекеттік сектордың борышын қауіпсіз деңгейде ұстау» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстау
      Бюджет тапшылығының мөлшері үкіметтік борыштың тұрақтылығын қамтамасыз етуді және ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытуды ескере отырып айқындалатын болады.
      Бюджет тапшылығы 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 1,4 %-ға дейін азайған кезде, мемлекеттік борыш 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 13,9 %-дан аспауы тиіс, оның ішінде үкіметтік борыш ЖІӨ-ге қатысты 13,7 %-дан аспайды.
      Бұл ретте, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың борышы жиынтығында 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 22 %-дан аспайды.
      Мемлекет бақылайтын ұйымдар борышының өсуіне жол бермеу мақсатында мынадай мәселелер пысықталатын болады:
      1) мемлекет бақылайтын ұйымдардың белгілі бір сомадан астам сыртқы қарыздарды тартуын, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару жолымен тартуын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен міндетті түрде келісуді және оның рұқсатын алуды көздейтін норманы белгілеу мүмкіндігі;
      2) тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін, мемлекет бақылайтын ұйымдарға сыртқы қарыз алуға, оның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару жолымен алуға тыйым салу мүмкіндігі;
      3) мүдделі мемлекеттік органдар арасында жекелеген субъектілер бөлінісінде квазимемлекеттік сектордың борышы туралы ақпарат алмасу мүмкіндігі.
      Елдің борыштық тұрақтылығын қолдау мақсатында сыртқы борыштың ЖІӨ-ге қатынасы орта мерзімді кезеңде 100 %-дан аспауы тиіс, сондай-ақ мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі жиынтығында ЖІӨ-ге қатысты 60 %-дан аспауы тиіс. Борыштың жоғарғы шегін есептеуде мемлекет бақылайтын ұйымдардың өзара міндеттемелері және резидент емес бақылайтын ұйымдардың міндеттемелері енгізілмейді.
      ЖІӨ-ге қатысты сыртқы борыштың көрсетілген деңгейінен асып кеткен жағдайда мемлекеттік органдар:
      1) елдің даму бағдарламаларымен байланыста сыртқы борыштың жай-күйі мен құрылымын егжей-тегжейлі талдауға;
      2) қажет болған жағдайда, сыртқы қаржыландыруды тарту және/немесе шетел қатысатын жобаларды іске асыру мерзімдері бөлігінде көрсетілген бағдарламаларға түзетулер енгізуге;
      3) резиденттердің сыртқы қарыз алуын ынталандырмауға бағытталған қазіргі кездегі жанама шараларды күшейтуге тиіс.
      Елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы қарызы үшін белгіленген шектер индикативтік параметрлер болып табылады, өйткені халықаралық әдіснама мен практикаға сәйкес елдің борыштық тұрақтылығы кешенді талдау жүргізуді талап ете отырып, бір немесе бірнеше параметрлердің мәнімен біркелкі сипатталмауы мүмкін.
      Мүдделi мемлекеттiк органдар жүргiзетiн борыштың жай-күйiн мониторингтеу мен бағалау борыштың жай-күйiн егжей-тегжейлi талдауды, оның iшiнде ықтимал қатерлер мен дағдарысты жағдайлардың басталуын, резидент-қарыз алушылардың дағдарысты жағдайларды, олар туындаған жағдайда еңсеруге әзірлігін және т.б. қамтуы тиiс.
      Елдің мемлекеттiк, квазимемлекеттік және сыртқы борышын басқару жөнiндегi мемлекеттік функциялар бірқатар мемлекеттік органдар бойынша, олардың қолданыстағы функционалдық міндеттерін ескере отырып бөлінген.
      Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган басқару саясатын айқындайды және мүдделi мемлекеттiк органдардың борышты (ішкіні қоса алғанда, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың ортақ борыштарын, сол сияқты елдің сыртқы борышын) реттеу бойынша қызметін үйлестiредi.
      Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқару секторының борышын және мемлекеттің шартты міндеттемелерін реттеу жөніндегі мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекет бақылайтын ұйымдар борышының жай-күйіне мониторинг жүргізеді.
      Мемлекет бақылайтын ұйымдардың тiзбесiн кейіннен өзінің ресми сайтында орналастыра отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады және жарты жылдық негізде өзектілендіреді.
      Ұлттық Банк мемлекет бақылайтын ұйымдардың және жеке сектордың сыртқы борышының жай-күйіне мониторинг жүргiзедi, сыртқы борыштың жай-күйiне бағалау жүргiзедi, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп, елдің сыртқы борышының жай-күйiн жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Үкiметіне, оның тиiстi шаралар қабылдауы үшiн ұсыныстар енгiзедi, өз құзыреті шегінде қаржы секторы ұйымдарының борышын реттеу жөніндегі мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз етеді.
      Иелену және/немесе басқару құқығын жүзеге асыратын уәкілетті органдар және/немесе тиісті жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат ұсына отырып, мемлекет қатысатын ұйымдардың борышын реттеу жөніндегі мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз етеді.
      Қажет болған жағдайда, борышты басқару қызметiне өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар тартылуы мүмкін.
      Мемлекет бақылайтын ұйымның борышын және қаржылық тұрақтылығын басқару саясатын акционерлік қоғамдар үшін - директорлар кеңесі бекітеді.
      Бұл ретте, қарыздарды тарту тәуекелдің төрт негізгі түрін қамтитын мемлекет бақылайтын ұйымның борышты басқару және қаржылық тұрақтылықтығы саясаты негізінде жүзеге асырылады:
      1) өтімділік тәуекелі (белгілі бір уақыт кезеңінде қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің теңгерілмегендігі);
      2) кредиттік тәуекел (өз міндеттемелерін орындамау немесе толық орындамау);
      3) валюталық тәуекел (шетелдік валюта бағамдарының ауытқуы);
      4) пайыздық тәуекел (құбылмалы пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуы).
      Мемлекеттік бағалы қағаздар (бұдан әрі – МБҚ) нарығын дамыту перспективалары.
      Борыш саясаты бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қолайлы шарттар мен үкіметтік қарыз алуды жүзеге асыруға, сондай-ақ борыш құралдарының ішкі нарығының дамуына жәрдемдесуге бағытталатын болады. МБҚ белсенді нарығын дамыту бағалы қағаздардың отандық нарығының дамуына жағымды ықпалын тигізеді. Мұның өзі нарықтағы жеткілікті өтімділікті қолдауға ықпал ететін МБҚ-ның бастапқы және қайталама нарықтарының одан әрі дамуын білдіреді.
      Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру қажеттігіне сәйкес МБҚ шығаруда ашық және болжамды саясат жүргізілетін болады.
      МБҚ қоржынының құрылымы мейлінше фрагментті болады. Қазіргі уақытқа дейін МБҚ орналастыру негізінен жаңа шығарылымдарды жасау жолымен жүргізілді, бұл қайталама нарықтың өтімділігін төмендетуге әсерін тигізді. Осылайша салымдардың қазіргі көлемі МБҚ-ның салыстырмалы түрде үлкен мөлшердегі шығарылымдары арасында бөлінді.
      Өтімділікті арттыру үшін МБҚ шығару стратегиясы МБҚ орналастыру бойынша қайталама аукциондарды белсенді жүргізуге бағытталады. Қайта ашылулар айналымдағы МБҚ шығарылымын ірілендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ шығарылым санын қысқартуға ықпал ететін болады. Осы мақсатта қайталама нарықта МБҚ сатып алуды (мерзімінен бұрын өтеуді) және міндеттемелерді басқару бойынша басқа құралдарды қоса алғанда, міндеттемелерді басқару бойынша операциялар жүргізілетін болады. Бұл аталған нарық сегментінде стандартты құралдардың пайда болуы мен өтімділіктің артуына ықпал ете отырып, құралдардың түрлері бойынша құрылымдалған нарықты және мерзімі мен бағасы бойынша нарықтағы эталонды көрсеткіштерді жасауға мүмкіндік туғызады. МБҚ шығару стратегиясы да ақша нарығындағы ұзақ мерзімді трендтерді ескеруге тиіс.
      Тұтастай алғанда, борыштық бағалы қағаздардың ұлттық нарығын одан әрі дамыту орта мерзімді кезеңде мемлекеттік борыш саясатының түйінді басымдықтарының бірі болмақ. Бұдан басқа, МБҚ нарығының жұмыс істеуін жақсарту мен инвесторлық базаны әртараптандыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.»;
      «3. Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі» деген бөлімде 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) елдің мемлекеттік, квазимемлекеттік және сыртқы борышын қауіпсіз деңгейде ұстау:
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
      2005 жылғы 13 маусымдағы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;».
      2. «Мемлекеттiк және жалпы сыртқы борышты басқару жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 234 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 510-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Н.Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 26 июня 2013 года № 590 "Об утверждении Концепции новой бюджетной политики Республики Казахстан" и признании утратившим силу Указа Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2006 года № 234 "О Концепции по управлению государственным и валовым внешним долгом"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 октября 2014 года № 1092

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 26 июня 2013 года № 590 «Об утверждении Концепции новой бюджетной политики Республики Казахстан» и признании утратившим силу Указа Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2006 года № 234 «О Концепции по управлению государственным и валовым внешним долгом».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. Масимов

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики
Казахстан от 26 июня 2013 года № 590 «Об утверждении Концепции
новой бюджетной политики Республики Казахстан» и признании
утратившим силу Указа Президента Республики Казахстан
от 29 декабря 2006 года № 234 «О Концепции по управлению
государственным и валовым внешним долгом»

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 26 июня 2013 года № 590 «Об утверждении Концепции новой бюджетной политики» следующие изменения и дополнение:
      в Концепции новой бюджетной политики Республики Казахстан, утвержденной вышеназванным Указом:
      в разделе «1. Видение новой бюджетной политики в Республике Казахстан»:
      в подразделе «Анализ текущей ситуации»:
      дополнить частью тридцать восьмой следующего содержания:
      «Также наблюдается рост внешнего долга страны, как в абсолютных, так и относительных значениях. Так, объем внешнего долга на конец 2011 года составил 125,3 млрд. долларов США или 66,7 % к ВВП, а на конец 2013 года – 148,7 млрд. долларов США или 67,6 % к ВВП.»;
      в подразделе «Цели, задачи, период реализации и ожидаемые результаты от реализации Концепции»:
      подпункт 5) части третьей изложить в следующей редакции:
      «5) поддержание государственного, квазигосударственного и внешнего долга страны на безопасном уровне;»;
      в разделе «2. Основные принципы и подходы к формированию и реализации новой бюджетной политики в Республике Казахстан»:
      подраздел «Поддержание государственного долга и долга квазигосударственного сектора на безопасном уровне» изложить в следующей редакции:
      «Поддержание государственного, квазигосударственного и внешнего долга страны на безопасном уровне.
      Размер дефицита бюджета будет определяться с учетом обеспечения устойчивости правительственного долга и развития рынка государственных ценных бумаг в долгосрочной перспективе.
      При снижении дефицита бюджета к 2020 году до 1,4 % к ВВП государственный долг к 2020 году не должен превысить 13,9 % к ВВП, в том числе долг правительства не выше 13,7 % к ВВП.
      При этом государственный долг и долг квазигосударственного сектора в совокупности к 2020 году составит не более 22 % к ВВП.
      В целях недопущения роста долга организаций, контролируемых государством, будут проработаны следующие вопросы:
      1) возможность установления нормы, предусматривающей обязательное согласование и получение разрешения центрального уполномоченного органа по государственному планированию организациями, контролируемыми государством, на привлечение внешних займов, в том числе путем выпуска долговых ценных бумаг, свыше определенной суммы;
      2) возможность введения запрета на внешнее заимствование, в том числе путем выпуска долговых ценных бумаг, организациям, контролируемым государством, перечень которых будет утвержден центральным уполномоченным органом по государственному планированию;
      3) возможность обмена информацией о долге квазигосударственного сектора в разрезе отдельных субъектов между заинтересованными государственными органами.
      В целях поддержания долговой устойчивости страны отношение внешнего долга к ВВП в среднесрочном периоде не должно превышать 100 %, а также верхний предел государственного долга и долга квазигосударственного сектора должен составлять в совокупности не более 60 % к ВВП. В расчет верхнего предела долга не включаются взаимные обязательства организаций, контролируемых государством, и обязательства контролируемых организаций – нерезидентов.
      В случае превышения указанного уровня внешнего долга к ВВП государственные органы должны:
      1) детально проанализировать состояние и структуру внешнего долга в увязке с программами развития страны;
      2) при необходимости внести корректировки в указанные программы в части привлечения внешнего финансирования и/или сроков реализации проектов с иностранным участием;
      3) усилить имеющиеся косвенные меры, направленные на дестимулирование внешнего заимствования резидентов.
      Пределы, установленные для государственного, квазигосударственного и внешнего долга страны, являются индикативными параметрами, так как согласно международной методологии и практике долговая устойчивость страны может однозначно не характеризоваться значением одного или нескольких параметров, требуя проведения комплексного анализа.
      Мониторинг и оценка состояния долга, проводимые заинтересованными государственными органами, должны включать детальный анализ состояния долга, в том числе возможные угрозы и наступление кризисных ситуаций, состояние готовности резидентов-заемщиков преодолеть кризисные ситуации в случае их возникновения и т.д.
      Государственные функции по управлению государственным, квазигосударственным и внешним долгом страны рассредоточены по ряду государственных органов с учетом их действующих функциональных обязанностей.
      Уполномоченный орган по государственному планированию определяет политику управления и координирует деятельность государственных органов по регулированию долга (как общего долга государственного и квазигосударственного секторов, включая внутренний, – так и внешнего долга страны).
      Уполномоченный орган по исполнению бюджета обеспечивает выполнение государственной политики по регулированию долга сектора государственного управления и условных обязательств государства, ведет мониторинг состояния долга организаций, контролируемых государством.
      Перечень организаций, контролируемых государством, формируется и актуализируется на полугодовой основе уполномоченным органом по исполнению бюджета с последующим размещением на его официальном сайте.
      Национальный Банк ведет мониторинг состояния внешнего долга организаций, контролируемых государством, и частного сектора, проводит оценку состояния внешнего долга, совместно с уполномоченным органом по государственному планированию вносит предложения в Правительство Республики Казахстан по вопросам улучшения состояния внешнего долга страны для принятия последним соответствующих мер, обеспечивает в пределах своей компетенции выполнение государственной политики по регулированию долга организаций финансового сектора.
      Уполномоченные органы, осуществляющие права владения и/или управления, и/или соответствующие местные исполнительные органы обеспечивают выполнение государственной политики по регулированию долга организаций с участием государства с представлением информации в уполномоченный орган по государственному планированию.
      При необходимости в деятельность управления долгом страны могут быть привлечены иные государственные органы и организации.
      Политика управления долгом и финансовой устойчивостью организации, контролируемой государством, утверждается для акционерных обществ – советом директоров.
      При этом привлечение займов осуществляется на основе политики управления долгом и финансовой устойчивостью организации, контролируемой государством, содержащей четыре основных вида риска:
      1) риск ликвидности (несбалансированность финансовых активов и финансовых обязательств в определенном временном промежутке);
      2) кредитный риск (неисполнение либо ненадлежащее исполнение своих обязательств);
      3) валютный риск (колебания курсов иностранных валют);
      4) процентный риск (колебания плавающих ставок процента).
      Перспективы развития рынка государственных ценных бумаг (далее – ГЦБ).
      Долговая политика будет направлена на осуществление правительственного заимствования на приемлемых условиях для финансирования дефицита бюджета, а также содействие развитию внутреннего рынка долговых инструментов. Развитие активного рынка ГЦБ будет благоприятно влиять на развитие отечественного рынка ценных бумаг. Это способствующее поддержанию достаточной ликвидности на рынке.
      В соответствии с потребностями финансирования дефицита республиканского бюджета будет проводиться прозрачная и предсказуемая политика выпуска ГЦБ.
      Структура портфеля ГЦБ достаточно фрагментирована. Размещение ГЦБ до настоящего времени происходило в основном путем создания новых выпусков, что способствовало снижению ликвидности вторичного рынка. Так имеющийся объем вложений распределялся среди сравнительно большого количества выпусков ГЦБ.
      Для повышения ликвидности стратегия выпуска ГЦБ будет сфокусирована на активном проведении повторных аукционов по размещению ГЦБ. Повторные открытия позволят укрупнить выпуски ГЦБ в обращении, а также будут способствовать сокращению количества выпусков ГЦБ. В этих целях будут проводиться операции по управлению обязательствами, включая выкуп ГЦБ (досрочное погашение) на вторичном рынке и другие инструменты по управлению обязательствами. Это будет способствовать построению структурированного рынка по видам инструментов и созданию эталонных показателей на рынке, как по срокам, так и ценам, способствуя появлению стандартных инструментов и повышению ликвидности на данном сегменте рынка. Также, стратегия выпуска ГЦБ должна учитывать долгосрочные тренды на денежном рынке.
      В целом, дальнейшее развитие национального рынка долговых ценных бумаг является одним из ключевых приоритетов государственной долговой политики в среднесрочном периоде. Кроме того, будет продолжена работа по улучшению функционирования рынка ГЦБ и диверсификации инвесторской базы.»;
      в разделе «3. Перечень нормативных правовых актов, посредством которых предполагается реализация Концепции» подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      «5) поддержание государственного, квазигосударственного и внешнего долга страны на безопасном уровне:
      Бюджетный кодекс Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года;
      Закон Республики Казахстан от 13 июня 2005 года «О валютном регулировании и валютном контроле»;».
      2. Признать утратившим силу Указ Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2006 года № 234 «О Концепции по управлению государственным и валовым внешним долгом» (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 49, ст. 510).
      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

Президент
Республики Казахстан



Н.Назарбаев