"Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1100 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 846 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 23.12.2016 № 846 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап төрт ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 188-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, бағалау және бақылау ережесінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) салааралық және ведомствоаралық сипаттағы маңызды міндеттерді шешу мақсатында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған салалық бағдарламаларды әзірлейді.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Салалық бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, оларды әзірлеу кезінде осы қаулыда белгіленген талаптар сақталады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Салалық бағдарламаларды мониторингілеу және бағалау жүргізу жөніндегі әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:

      "1-1. Салалық бағдарламалардың тізбесі

      7-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган салалық бағдарламалар тізбесін мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының тұжырымдалған стратегиялық мақсаттары негізінде қалыптастырады және түзетеді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Салалық бағдарламалардың тізбесі бағдарламалардың атауын, салалық бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның көрсетілуін, салалық бағдарламалардың іске асырылу мерзімдерін қамтуға тиіс.

      Салалық бағдарламалардың тізбесінде көзделмеген салалық бағдарламаларды әзірлеуге және бекітуге жол берілмейді.

      Салалық бағдарламалар тізбесінің жобасы Қазақстан Республикасының алдағы онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспары бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізіледі.

      Салалық бағдарламалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша қалыптастырылады.

      Салалық бағдарламалар тізбесін түзету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын мониторингілеу мен бағалау нәтижелері бойынша және салалық бағдарламалар аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.Салалық бағдарлама мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

      1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын іске асыру мақсатында әзірлену;

      2) салааралық және ведомствоаралық сипаттағы маңызды міндеттерді іске асыруға бағдарлануы;

      3) игілік алушылардың нысаналы тобының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлану;

      4) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін мақсаттардың, міндеттердің, нысаналы индикаторлар мен шаралардың мерзімдері, ресурстары мен орындаушылары бойынша келісілген жүйесін қамту;

      5) шаралардың атаулылығын, оларды іске асыру мерзімдері мен дәйектілігі нақты айқындалғанын, орындаушылар қызметінің бағдарламалық мақсаттарға қол жеткізуге қатаң бағдарлану қамтамасыз ету;

      6) қаржы, еңбек және техникалық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10.Салалық бағдарламаның құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) паспорты (негізгі параметрлері);

      2) кіріспе;

      3) ағымдағы жағдайды талдау;

      4) бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштері;

      5) бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар;

      6) бағдарламаны іске асыру кезеңдері;

      7) қажетті ресурстар;

      8) бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.";

      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. "Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде мыналар көрсетіледі:";

      17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салалық бағдарламалар іс-шаралар бойынша қаржыландырудың болжанатын көлемдері, оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Салалық бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу үшін оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      Іс-шаралар жоспары осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады және мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) "Салалық бағдарламаның атауы" деген жолда салалық бағдарламаның толық атауы көрсетіледі;

      2) бірінші бағанда салалық бағдарлама мақсатының, нысаналы индикаторларының, міндеттерінің, нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шараларының реттік нөмірі көрсетіледі;

      3) екінші бағанда жазылу реттілігі "Бағдарламаның іске асырылу мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімнің жазылу реттілігіне негізделетін мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштер, іс-шаралар келтіріледі;

      4) үшінші бағанда өлшем бірлігі көрсетіледі;

      5) төртінші бағанда жоспарланған орындалу мерзімдері көрсетіледі;

      6) бесінші бағанда іс-шараның аяқталу нысаны көрсетіледі;

      7) алтыншы бағанда салалық бағдарламаның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар, олардың ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдар (ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар) көрсетіледі;

      8) жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бағандарда:

      "Нысаналы индикаторлар" деген жолда салалық бағдарламаның мақсатына қол жеткізілу дәрежесін айқындауға мүмкіндік беретін, санмен өлшенетін мәндер көрсетіледі;

      "Нәтижелер көрсеткіштері" деген жолда міндеттің шешілу дәрежесін сипаттайтын санмен өлшенетін нәтижелердің мәндері көрсетіледі;

      "Іс-шаралар" деген жолда салалық бағдарламаны іске асырудың әрбір жылы бөлінісінде, шығыстар көлемі көрсетіледі, мың теңге;

      9) он үшінші бағанда болжанатын шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі, мың теңге;

      10) он төртінші бағанда болжанатын сомалардың қаржыландыру көздері көрсетіледі:

      республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, мемлекеттік кепілмен тартылатын мемлекеттік қарыздар, мемлекеттік емес қарыздар, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдардың немесе донор-елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері, ұйымдардың меншікті қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздері;

      11) бесінші, он үшінші және он төртінші бағандарынан "Нысаналы индикатор", "Нәтижелер көрсеткіштері" деген жолдар толтырылмайды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Салалық бағдарламаны оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган әзірлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және инвестиция және индустриялық-инновациялық даму бөлігінде индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органмен келіседі.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Салалық бағдарламалардың іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, оны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган және осы бағдарламаны іске асыруға қатысқан бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган салалық бағдарламалардың іске асырылуы жөніндегі мониторингінің, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының негізінде жүзеге асырады.";

      көрсетілген Ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов



  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2014 жылғы 16 қазандағы
  № 1100 қаулысына
  қосымша


  Салалық бағдарламаларды
  әзірлеу, іске асыру,
  мониторингілеу, бағалау және
  бақылау ережесіне
  қосымша

________________________________________________ іске асыру жөніндегі
(салалық бағдарламаның атауы)
іс-шаралар жоспары

Р/с №

Іс-шара

Өлшем бірлігі

Орындау мерзімдері

Аяқтау нысаны

Орындауға жауап-тылар

Оның ішінде жылдар бойынша

Қаржыланыру көздері

1-жыл

2-жыл

3-жыл

4-жыл

5-жыл

n-жыл

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


Мақсат


Нысаналы индикатор














Міндет


Нәтижелер көрсеткіштері














Іс-шара

























О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2010 года № 218 "Об утверждении Правил разработки, реализации, проведения мониторинга, оценки и контроля отраслевых программ"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2014 года № 1100. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 декабря 2016 года № 846

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.12.2016 № 846 (вводится в действие по истечении четырех месяцев со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2010 года № 218 "Об утверждении Правил разработки, реализации, проведения мониторинга, оценки и контроля отраслевых программ" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 25-26, ст. 188) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах разработки, реализации, проведения мониторинга, оценки и контроля отраслевых программ, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Отраслевые программы разрабатываются центральными государственными органами (далее – государственные органы) на среднесрочный и долгосрочный периоды в реализацию вышестоящих документов Системы государственного планирования в целях решения важных задач межотраслевого и межведомственного характера.";

      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:

      "6-1. При внесении изменений и дополнений в отраслевую программу соблюдаются требования, установленные настоящим постановлением при разработке.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Методологическое сопровождение по проведению мониторинга и оценки отраслевых программ осуществляется уполномоченным органом по государственному планированию.";

      дополнить главой 1-1 следующего содержания:

      "1-1. Перечень отраслевых программ

      7-1. Перечень отраслевых программ формируется и корректируется на основе выработанных стратегических целей вышестоящих документов Системы государственного планирования уполномоченным органом по государственному планированию с учетом предложений заинтересованных государственных органов и утверждается Правительством Республики Казахстан.

      Перечень отраслевых программ должен включать наименование программ, указание государственного органа, ответственного за разработку отраслевой программы, сроки реализации отраслевых программ.

      Не допускаются разработка и утверждение отраслевых программ, не предусмотренных в Перечне отраслевых программ.

      Проект Перечня отраслевых программ вносится на утверждение в Правительство Республики Казахстан в месячный срок после утверждения Стратегического плана развития Республики Казахстан на предстоящий десятилетний период.

      Перечень отраслевых программ формируется по поручению Премьер-Министра Республики Казахстан.

      Корректировка Перечня отраслевых программ осуществляется по поручению Премьер-Министра Республики Казахстан, результатам мониторинга и оценки Стратегического плана развития Республики Казахстан и завершению отраслевых программ.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Отраслевая программа должна соответствовать следующим требованиям:

      1) разрабатываться в целях реализации вышестоящих документов Системы государственного планирования;

      2) ориентироваться на реализацию важных задач межотраслевого и межведомственного характера;

      3) ориентироваться на удовлетворение потребностей целевой группы благополучателей;

      4) содержать систему согласованных по срокам, ресурсам и исполнителям целей, задач, целевых индикаторов и мер, обеспечивающих достижение целей, поставленных в вышестоящих документах Системы государственного планирования;

      5) обеспечивать адресность мер, четкое определение сроков и последовательность их реализации, строгую ориентацию деятельности исполнителей на достижение программных целей;

      6) обеспечивать сбалансированность финансовых, трудовых и технических ресурсов и источников их обеспечения.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Структура отраслевой программы содержит следующие разделы:

      1) паспорт (основные параметры);

      2) введение;

      3) анализ текущей ситуации;

      4) цели, целевые индикаторы, задачи и показатели результатов реализации программы;

      5) основные направления, пути достижения целей и задач программы, соответствующие меры;

      6) этапы реализации программы;

      7) необходимые ресурсы;

      8) план мероприятий по реализации программы.";

      абзац первый пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "14. В разделе "Цели, целевые индикаторы, задачи и показатели результатов реализации программы" указываются:";

      часть вторую пункта 17 изложить в следующей редакции:

      "Отраслевые программы должны содержать сведения о предполагаемых объемах финансирования по мероприятиям, срокам их реализации.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. Для достижения поставленных целей отраслевой программы разрабатывается План мероприятий по ее реализации.

      План мероприятий заполняется по форме, согласно приложению к настоящим Правилам, и включает в себя следующую информацию:

      1) в строке "Наименование отраслевой программы" указывается полное наименование отраслевой программы;

      2) в первой графе указывается порядковый номер цели, целевых индикаторов, задач, показателей результатов и мероприятий отраслевой программы;

      3) во второй графе приводятся цели, целевые индикаторы, задачи, показатели результатов, мероприятия, последовательность изложения которых исходит из последовательности изложения раздела "Цели, целевые индикаторы, задачи и показатели результатов реализации программы";

      4) в третьей графе указывается единица измерения;

      5) в четвертой графе указываются запланированные сроки исполнения;

      6) в пятой графе указывается форма завершения мероприятия;

      7) в шестой графе указываются государственные и иные органы, ответственные за достижение целей, целевых индикаторов, задач и показателей результатов отраслевой программы, в т.ч. подведомственные организации (государственные предприятия, акционерные общества с государственным участием, включая национальные управляющие холдинги, национальные холдинги и национальные компании);

      8) в седьмой, восьмой, девятой, десятой, одиннадцатой и двенадцатой графах:

      в строке "Целевые индикаторы" указываются количественно измеримые значения, позволяющие определить степень достижения цели отраслевой программы;

      в строке "Показатели результатов" указываются количественно измеримые значения результатов, характеризующие степень решения задачи;

      в строке "Мероприятие" указываются объемы расходов в разрезе каждого года реализации отраслевой программы, тыс. тенге;

      9) в тринадцатой графе указывается общая сумма предполагаемых расходов, тыс. тенге;

      10) в четырнадцатой графе указываются источники финансирования предполагаемых сумм:

      средства республиканского и местных бюджетов, государственные займы, негосударственные займы, привлекаемые под государственную гарантию, прямые иностранные и отечественные инвестиции, гранты международных финансово-экономических организаций или стран-доноров, кредиты банков второго уровня, собственные средства организаций и другие, не запрещенные законодательством Республики Казахстан;

      11) в пятой, тринадцатой и четырнадцатой графах строки "Целевые индикаторы" и "Показатели результатов" не заполняются.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Отраслевая программа разрабатывается государственным органом, ответственным за ее разработку, и согласовывается с уполномоченным органом по государственному планированию и уполномоченным органом в области индустриально-инновационного развития в части инвестиций и индустриально-инновационного развития.";

      пункт 42 изложить в следующей редакции:

      "42. Контроль за реализацией отраслевых программ осуществляется Правительством Республики Казахстан, государственным органом, ответственным за их разработку, и государственным органом-соисполнителем, участвующим в реализации данной программы на основе результатов мониторинга, оценки и проведенных контрольных мероприятий по реализации отраслевой программы.";

      дополнить указанные Правила приложением согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.


Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов



  Приложение
  к постановлению Правительства
  Республики Казахстан
  от 16 октября 2014 года № 1100


  Приложение
  к Правилам разработки,
  реализации, проведения
  мониторинга, оценки и контроля
  отраслевых программ

      План мероприятий

      по реализации ____________________________________

      (наименование отраслевой программы)

Наименование

Ед. измере-ния

Сроки испол-нения

Форма завершения

Ответственные за исполнение

В том числе по годам

Источники финансирования

1-й год

2-й год

3-й год

4-й год

5-й год

n-й год

Все-го


2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


Цель


Целевой индикатор














Задача


Показатель результатов














Мероприятие














....