"Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 1162 Қаулысы. Күші жойылды – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 № 140 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасын қоса бере отырып, Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық ізгілік көмек берушімен дәрілік заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, медициналық ұйымдарға арналған жабдықтардың тізбесін шешу және келісіп алу құқығы Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ғана беріледі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 қазандағы
№ 1162 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1880 қаулысымен
мақұлданған

Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 1880 "О Комиссии по вопросам международной гуманитарной помощи"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2014 года № 1162. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 140.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.03.2017 № 140..

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 1880 "О Комиссии по вопросам международной гуманитарной помощи" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., № 41, ст. 512) следующие изменения:

      в Положении о Комиссии по вопросам международной гуманитарной помощи, утвержденном указанным постановлением:

      пункты 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "5. Рабочим органом Комиссии является Министерство национальной экономики Республики Казахстан.

      Рабочий орган Комиссии осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам Комиссии за три рабочих дня до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола.

      6. По поручению Комиссии в Республике Казахстан предоставляется право только Министерству здравоохранения и социального развития Республики Казахстан решать и оговаривать с поставщиком международной гуманитарной помощи перечень лекарственных препаратов, оборудования и медицинских изделий, оснащения для медицинских организаций.";

      состав Комиссии по вопросам международной гуманитарной помощи, утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 31 октября 2014 года № 1162
Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 декабря 1995 года № 1880

Состав
Комиссии по вопросам международной
гуманитарной помощи

      Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель;

      вице-министр национальной экономики Республики Казахстан, заместитель председателя;

      заместитель Министра иностранных дел Республики Казахстан, заместитель председателя;

      заместитель председателя Комитета по государственным материальным резервам Министерства национальной экономики Республики Казахстан, секретарь;

      вице-министр финансов Республики Казахстан;

      вице-министр здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      заместитель Министра юстиции Республики Казахстан;

      первый вице-министр по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      вице-министр энергетики Республики Казахстан;

      вице-министр образования и науки Республики Казахстан;

      вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан;

      заместитель Министра внутренних дел Республики Казахстан;

      вице-министр культуры и спорта Республики Казахстан;

      заместитель Министра обороны Республики Казахстан.