Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1880 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2017 № 140 қаулысымен.

      "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысының 4-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

      2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссияның

      құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
1880 қаулысымен
бекiтiлген

Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы
Ереже
I. Жалпы ережелер

      1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1090 қаулысына сәйкес құрылады.

      1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы

      халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.

      2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 72 қаулысымен, 2004.03.03. N 267 қаулысымен.

      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.

      4. Комиссия заң тәртiбiмен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасын қоса бере отырып, Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.10.31 № 1162 қаулысымен.

      6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық ізгілік көмек берушімен дәрілік заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, медициналық ұйымдарға арналған жабдықтардың тізбесін шешу және келісіп алу құқығы Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ғана беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.10.31 № 1162 қаулысымен.
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.05.18 N 390 қаулысымен.

II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi

      8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

      Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және

      шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу;

      iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.

      9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды:

      Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге

      халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөнiндегi ұсыныстарды қарайды;

      адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек

      жүктерiн алушыларды айқындайды;

      алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң

      лимиттерiн белгiлейдi.

      халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы

      қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау

      үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.

      9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.

III. Комиссияның құқықтары

      10. Комиссияның:

      iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай

      пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға;

      тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге;

      iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге;

      лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге;

      ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде

      Үкіметке ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.03. N 267 қаулысымен.

      11. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.

      Ескерту. Ереже 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      12. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. Ереже 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      13. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 13-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1880 қаулысымен
мақұлданған

Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2014.10.31 № 1162 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы;

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады