«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына бекітілген республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен «Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 10 қарашадағы
№ 1190 қаулысына
қосымша
«Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамының акцияларын
төлеуге берілетін республикалық мүлік тізбесі
Р/с |
Атауы |
Жер учаскенің кадастрлық |
Жер |
Ғимараттың |
Орналасқан |
1 |
Маягтағы БРО |
20-317-040-063 |
0,844 |
293,6 |
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, |
2 |
МК-52 |
20-317-081-125 |
0,3397 |
74,1 |
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Федосеев көшесі, |