Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1220 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.

      2014 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 177 және 178-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 1220 қаулысымен
бекітілген

Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны,
сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 177-бабының 9) тармақшасына және 178-бабына сәйкес әзірленді және тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу тәртібін айқындайды.

      2. Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты процестік шығындар есептеуге жатады және мыналардан:

      1) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамдарының іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі қызметтік іссапарларына арналған шығыстардан;

      2) тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының ұсталған жерінен қылмыстық жауапқа тарту орнына дейін теміржол, су, автомобиль және әуе көлігімен жол жүру құнынан;

      3) ұсталған жерінен қылмыстық жауапқа тарту орнына жеткізу жолында тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тұруы қажет болған жағдайда тәуліктік шығыстардан тұрады.

2. Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны,
сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу
тәртібі

      3. Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеуді қылмыстық қудалау органы мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

      1) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарларға шыққан жағдайда:

      қылмыстық қудалау органы лауазымды адамының iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы өтеледі;

      көрсеткен растау құжаттары бойынша (фискалдық чек, кіріс кассалық ордер, шот-фактура, шот, жүкқұжат, хабарлама, ал тұрғаны үшін дара кәсіпкер берген құжаттарды ұсынған жағдайда, адамның мүлікті жалға беру құқығын растайтын құжаттар (жалдау шарты, патент, куәлік) және қонақүй қызметтерін берушілер ұсынатын басқа да растау құжаттары қосымша беріледі) тұрғын үй-жайды жалдауы бойынша:

      қылмыстық қудалау органдарының басшылары мен басшыларының орынбасарлары үшiн тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстардың сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауы тиіс;

      қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары үшiн тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстардың сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауы тиіс;

      растаушы құжаттар болмаған кезде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамдары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегi шығыстар, лауазымды адамдар тегін берiлген тұрғын үй-жайды пайдаланғаннан басқа жағдайларда, қызметтiк iссапарлар бойынша тәулiкақы нормасының 50 пайызы мөлшерiнде өтеледi;

      iссапарға жiберiлген орынға жетуі және тұрақты жұмыс орнына қайтып келуi бойынша (әкiмшiлiк iссапарға жіберілушіге қозғалыс құралдарын берген жағдайлардан басқа жағдайларда) көрсетілген жол құжаттарының негiзiнде:

      темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" сыныпты вагондарын қоспағанда) тарифі бойынша;

      су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жердегi қолданылып жүрген жол құны бойынша;

      ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өту кезінде, көрсетiлген көлік құралдарының болмауы немесе іссапардың шұғылдығы) мемлекеттiк мекеме басшысының рұқсатымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" сыныпты вагондарының тарифтері бойынша темiржол көлiгiмен және әуе көлiгiмен – экономикалық сынып тарифі бойынша;

      жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды алдын ала броньдағаны үшiн, сондай-ақ iссапарға жiберiлген орнына бару және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу кезiнде поездарда төсек-орын жабдықтарын пайдалану құны осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;

      жол жүру құжаттары болмаған кезде iссапар орнына бару және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу шығыстары жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша есептеледі (әуе көлігін қоспағанда);

      темiржол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекеннен тыс жерде орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жүруi бойынша;

      қылмыстық қудалау органының бірінші басшысының немесе оның орынбасарының рұқсатымен жақын маңдағы аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберген кезде көлік шығыстары;

      2) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасынан тыс жерге қызметтік іссапарға шыққан жағдайда процестік шығындар:

      темiржолмен жүргенде – купе вагоны құнының мөлшерiнде ("Турист" және "Бизнес" сыныптарын қоспағанда);

      су жолдарымен, тас және топырақты жолдармен жүргенде – сол жерде қолданылатын жол жүру құны бойынша есептеледі;

      қызметкерлерге басқа көлiк шығыстары, тұрғын үй-жайды жалға алу жөнiндегi шығыстар, тәулiктiк шығыстар "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 108 қаулысында белгiленген нормаларға сәйкес өтеледi;

      3) тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қылмыстық жауапқа тарту орнына баруы кезіне жол жүру құжаттарының негізінде:

      темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" сыныпты вагондарын қоспағанда) тарифі бойынша;

      су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жердегi қолданылып жүрген жол құны бойынша;

      ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өту кезінде, көрсетiлген көлік құралдарының болмауы немесе іссапардың шұғылдығы) қылмыстық қудалау органы басшысының рұқсатымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" сыныпты вагондарының тарифтері бойынша темiржол көлiгiмен және әуе көлiгiмен – экономикалық сынып тарифі бойынша;

      темiржол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекеннен тыс жерде орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жүруi бойынша.

      Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының ұсталған жерінен қылмыстық жауапқа тарту орнына дейін жол жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы өндіріледі.

      4. Тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны іздестіруге байланысты жұмсалған сомаларды есептеу адамды ұстаған немесе қылмыстық жауапқа тарту орнына жеткізген сәттен бастап бір ай мерзімде жүзеге асырылады.

      5. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көзделген процестік шығындардың сомаларын растайтын құжаттар қылмыстық процесті жүргізетін органның қылмыстық іс материалдарына қосылады.

Об утверждении Правил исчисления сумм, израсходованных в связи с розыском подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, скрывшихся от следствия или суда

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 1220.

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 января 2015 года

      В соответствии со статьями 177 и 178 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан от 4 июля 2014 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила исчисления сумм, израсходованных в связи с розыском подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, скрывшихся от следствия или суда.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2015 года и подлежит официальному опубликованию.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 ноября 2014 года № 1220

Правила
исчисления сумм, израсходованных в связи с розыском
подозреваемого, обвиняемого, подсудимого,
скрывшихся от следствия или суда
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила исчисления сумм, израсходованных в связи с розыском подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, скрывшихся от следствия или суда (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 9) статьи 177 и статьей 178 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан от 4 июля 2014 года и определяют порядок исчисления сумм, израсходованных в связи с розыском подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, скрывшихся от следствия или суда.

      2. Исчислению подлежат процессуальные издержки, связанные с розыском подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, скрывшихся от следствия или суда, состоящие из:

      1) расходов на служебные командировки должностных лиц органа уголовного преследования при проведении розыскных мероприятий;

      2) стоимости проезда на железнодорожном, водном, автомобильном и воздушном видах транспорта подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, скрывшихся от следствия или суда, с места задержания к месту привлечения к уголовной ответственности;

      3) суточных расходов, при необходимости для проживания подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, скрывшихся от следствия или суда, в пути следования с места задержания к месту привлечения к уголовной ответственности.

2. Порядок исчисления сумм, израсходованных
в связи с розыском подозреваемого, обвиняемого,
подсудимого, скрывшихся от следствия или суда

      3. Исчисление сумм, израсходованных в связи с розыском подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, скрывшихся от следствия или суда, осуществляется органом уголовного преследования в следующем порядке:

      1) в случаях выезда должностных лиц органа уголовного преследования в служебные командировки в пределах Республики Казахстан:

      за каждый день нахождения должностного лица органа уголовного преследования в командировке изыскиваются суточные в размере двух месячных расчетных показателей;

      по найму жилого помещения по предъявленным подтверждающим документам (фискальный чек, приходный кассовый ордер, счет-фактура, счет, накладная, извещение, а в случае представления документов за проживание от индивидуального предпринимателя, дополнительно представляются документы, подтверждающие право лица сдавать в аренду имущество (договор аренды, патент, свидетельство) и другие подтверждающие документы, представляемые поставщиками гостиничных услуг):

      для руководителей и заместителей руководителей органов уголовного преследования, сумма расходов по найму жилого помещения в сутки не должна превышать десятикратного размера месячного расчетного показателя в городах Астане, Алматы, Атырау, Актау и Байконыр, семикратного размера месячного расчетного показателя – в областных центрах и городах областного значения и пятикратного размера месячного расчетного показателя – в районных центрах и городах районного значения;

      для должностных лиц органа уголовного преследования сумма расходов по найму жилого помещения в сутки не должна превышать семикратного размера месячного расчетного показателя в городах Астане, Алматы, Атырау, Актау и Байконыр, шестикратного размера месячного расчетного показателя – в областных центрах и городах областного значения, четырехкратного размера месячного расчетного показателя – в районных центрах и городах районного значения и двукратного размера месячного расчетного показателя – в сельских округах;

      при отсутствии подтверждающих документов расходы по найму жилого помещения для должностных лиц органа уголовного преследования исчисляются в размере 50 процентов от норм суточных по служебным командировкам, кроме случаев, когда должностные лица пользовались бесплатно предоставленным жилым помещением;

      по проезду к месту командирования и обратно к месту постоянной работы (кроме случаев, когда администрацией предоставляются командированному соответствующие средства передвижения) на основании предъявленных проездных документов при проезде:

      по железным дорогам – по тарифу купированного вагона (за исключением вагонов с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения (СВ), а также классов "Турист" и "Бизнес" скоростных поездов);

      по водным путям, шоссейным и грунтовым дорогам – по существующей в данной местности стоимости проезда;

      в исключительных случаях (при транзитном переезде в случае командирования за пределы Республики Казахстан, отсутствии названных транспортных средств или срочности командировки) с разрешения руководителя государственного учреждения железнодорожным транспортом – по тарифу вагонов с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения (СВ), а также классов "Турист" и "Бизнес" скоростных поездов и воздушным транспортом – по тарифу экономического класса;

      стоимость бронирования проездных билетов и места в гостинице, а также пользования постельными принадлежностями в поездах при проезде к месту командирования и обратно к месту постоянной работы, при наличии документов, подтверждающих эти расходы;

      при отсутствии проездных документов к месту командирования и обратно к месту постоянной работы расходы исчисляются по минимальной стоимости проезда транспортом (за исключением воздушного);

      по проезду автотранспортом (кроме такси) к железнодорожной станции, пристани, аэропорту, если они находятся за пределами населенного пункта, при наличии подтверждающих документов;

      транспортные расходы с разрешения первого руководителя органа уголовного преследования или его заместителя в командировку на служебном автотранспорте в близлежащие районные и областные центры;

      2) в случаях выезда должностных лиц органа уголовного преследования в служебные командировки за пределы Республики Казахстан, процессуальные издержки исчисляются:

      по железным дорогам – в размере стоимости купированного вагона (за исключением классов "Турист" и "Бизнес");

      по водным путям, шоссейным и грунтовым дорогам – по существующей в данной местности стоимости проезда;

      другие транспортные расходы, расходы по найму жилого помещения, суточные расходы работникам возмещаются в соответствии с нормами, установленными постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 февраля 2008 года № 108 "О возмещении государственным служащим расходов на служебные заграничные командировки за счет средств республиканского и местных бюджетов";

      3) по проезду подозреваемого, обвиняемого и подсудимого к месту привлечения к уголовной ответственности, на основании проездных документов при проезде:

      по железным дорогам – по тарифу купированного вагона (за исключением вагонов с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения (СВ), а также классов "Турист" и "Бизнес" скоростных поездов);

      по водным путям, шоссейным и грунтовым дорогам – по существующей в данной местности стоимости проезда;

      в исключительных случаях (при транзитном переезде в случае нахождения разыскиваемого лица за пределами Республики Казахстан, отсутствии названных транспортных средств или срочности доставления) с разрешения руководителя органа уголовного преследования железнодорожным транспортом – по тарифу вагонов с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения (СВ), а также классов "Турист" и "Бизнес" скоростных поездов и воздушным транспортом – по тарифу экономического класса;

      по проезду автотранспортом (кроме такси) к железнодорожной станции, пристани, аэропорту, если они находятся за пределами населенного пункта, при наличии подтверждающих документов.

      За каждый день в пути следования подозреваемого, обвиняемого, подсудимого с места задержания к месту привлечения к уголовной ответственности взыскиваются суточные в размере двух месячных расчетных показателей.

      4. Исчисление сумм, израсходованных в связи с розыском подозреваемого, обвиняемого, подсудимого, скрывшихся от следствия или суда, осуществляется в месячный срок с момента задержания лица или доставления к месту привлечения к уголовной ответственности.

      5. Документы, подтверждающие суммы процессуальных издержек, предусмотренных подпунктами 1) – 3) пункта 2 настоящих Правил, приобщаются к материалам уголовного дела органа, ведущего уголовный процесс.