Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін ЗҚАИ мазмұнды жасады.
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ПРОЦЕСТІК ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қылмыстық-процестік кодексiнде айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге де заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге жатады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық-процестік құқықтың құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқыққа сәйкес шешiлуге тиiсті мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiмен шешiледi.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде артықшылық күшi бар құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заңдық күшке ие және тiкелей қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының Конституциясы арасында қайшылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерi қолданылады.
2. Осы Кодекстің қағидалары мен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы арасында қайшылықтар болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекстің қағидалары мен өзге де заңдар арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Кодекстiң ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие және, халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етілетіндігі туындайтын жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
3-бап. Қылмыстық-процестік заңның кеңiстiкте қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу, қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерге қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше қағидалары белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық-процестік құқығын қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеп-тексеру органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процесті жүргiзетiн органның шет мемлекеттiң қылмыстық-процестік құқығын қолдануға, егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген болса, жол беріледі.
5-бап. Қылмыстық-процестік заңның уақыт тұрғысында қолданылуы
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу процестік әрекетті орындау, процестік шешiмді қабылдау кезіне қолданысқа енгізілген қылмыстық-процестік заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Дәлелдемелердiң жол берілетіндігі олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.
6-бап. Қылмыстық-процестік заңның шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы
1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 57-тарауына сәйкес айқындалады.
7-бап. Осы Кодекстегi кейбiр ұғымдарды түсiндіру
Осы Кодекстегі ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:
1) адамды ұстап беру (экстрадициялау) – қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындау үшін іздестіріліп жатқан адамды мемлекетке ұстап беру;
2) айыптаушы тарап – қылмыстық қудалау органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жекеше айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi;
3) алқаби – соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
4) апелляциялық саты – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар мен прокурордың апелляциялық өтінішхаттары бойынша істі мәні бойынша қарайтын сот;
5) арнаулы бiлiм – адам кәсiптік оқудың не практикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын, қылмыстық процесте жалпыға бірдей белгiлi емес бiлiм;
6) арнаулы ғылыми білім – мазмұнын сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған ғылыми білім құрайтын арнаулы білім саласы;
7) арыз иесі – сотқа немесе қылмыстық қудалау органдарына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлаған не өзiнiң нақты немесе болжалды құқығын немесе өзі өкілдік ететін тұлғаның құқығын қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен қорғау үшiн жүгінген тұлға;
8) басты сот талқылауы – бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;
9) бiрiншi сатыдағы сот – сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін не сот актісінің күшін жоғары тұрған сот жойғаннан кейін не оның күші жекеше айыптаушының шағымы бойынша жойылғаннан кейін келіп түскен қылмыстық істерді соттылығына сәйкес қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары), сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, жедел-іздестіру қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайтын, осы Кодексте көзделген жағдайларда процестік әрекеттерді санкциялайтын, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын мамандандырылған тергеу соттары, мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары;
10) ғылыми-техникалық құралдар – дәлелдемелердi табу, тіркеу, алып қою және зерттеу үшiн құқыққа сыйымды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы құрылғылар, материалдар;
11) жақын туыстар – ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер, ата, әже, немерелер;
12) жасырын тергеу әрекеті – осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда, сотқа дейінгі іс жүргізу барысында, мүдделеріне қатысы бар тұлғаларға алдын ала хабарламай жүргізілетін әрекет;
13) заңды өкiлдер – күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің ата-аналары (ата-анасы), асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ күдіктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14) тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) кассациялық саты – iстi бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына өтінішхаттар, ұсынулар, наразылықтар бойынша қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы;
15) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
16) қаулы – соттың үкiмнен басқа кез келген шешiмі, анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша іс жүргізу барысында қабылдаған шешiмі;
17) қорғау – қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтiрiлген, айыпталған адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, күдікті, айыптауды теріске шығару немесе жұмсарту, сондай-ақ қылмыстық қудалауға құқыққа сыйымсыз түрде ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет;
18) қорғаушы тарап – күдіктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;
19) қорытынды шешiм – қылмыстық процесті жүргiзетін органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болғызбайтын, сондай-ақ істі мәні бойынша түпкілікті түрде болмаса да шешетін кез келген шешiмі;
20) құзыретті орган – осы Кодекстің 12-бөліміне сәйкес құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) өтініш жасайтын немесе сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) орындалуын қамтамасыз ететін, қылмыстық процесті жүргізетін орган;
21) құқықтық көмек – бір мемлекеттің құзыретті органдарының екінші мемлекеттің құзыретті органдарының немесе халықаралық сот мекемелерінің сұрау салуы (тапсырмасы, өтінішхаты) бойынша істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сотта талқылау немесе сот актісін орындау үшін қажетті процестік әрекеттерді жүргізуі;
22) қылмыстық қудалау (айыптау) – қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті және оны жасаған адамды, соңғысының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ осындай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет;
23) қылмыстық қудалау органдары (лауазымды адамдары) – прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;
24) қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдар – сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы, медиатор;
25) қылмыстық процеске қатысушылар – қылмыстық қудалауды және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделердi қорғайтын тұлғалар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, күдіктi, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жәбiрленушi, жекеше айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi;
26) қылмыстық процесті жүргiзетін орган – сот, сондай-ақ сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;
27) қылмыстық iс – бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық қудалау органы және (немесе) сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;
28) мемлекеттік айыптау – прокурордың бірінші және апелляциялық сатыдағы соттағы, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында айыптауды дәлелдеуден тұратын процестік қызметі;
29) нақты ұстап алу – жүріп-тұру бостандығын қоса алғанда, ұстап алынған адамның бостандығын шектеу, оны белгілі бір орында мәжбүрлеп ұстау, анықтау және тергеу органдарына мәжбүрлеп жеткізу (қолға түсіру, үй-жайға қамау, қандай да бір жерге баруға немесе орнында қалуға мәжбүрлеу және сол сияқтылар), сондай-ақ ұстап алынған адамға қандай да бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдердің орындалуына қарамастан, көрсетілген шектеулер нақты болған кезден бастап адамның бас бостандығын минутқа дейінгі дәлдікпен елеулі түрде шектейтін қандай да бір өзге де әрекеттер;
30) наразылық, прокурордың өтінішхаты – прокурордың қылмыстық іс бойынша тергеу судьясының сот шешіміне өз құзыретi шегiнде және осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзетін, тиісінше прокурорлық қадағалау және ден қою актісі;
31) орталық орган – осы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекет атынан шет мемлекеттің құзыретті органының немесе халықаралық сот мекемесінің сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) қарауға және оның орындалуын ұйымдастыру мақсатында шаралар қолдануға немесе құзыретті органның құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) шет мемлекетке жіберуге уәкілеттік берілген орган;
32) өкiлдер – жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің, жекеше айыптаушының, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай бiлдiруге уәкілеттік берiлген адамдар;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!33) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
33) өтінішхат – тараптың немесе арыз иесінің қылмыстық процесті жүргізетін органға жолдаған, процестік әрекеттер жүргізу немесе процестік шешім қабылдау туралы өтінуі, ал кассациялық сатыда – заңды күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш;
34) прокуратура органының басшысы – өз құзыреті шегінде әрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, сондай-ақ аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары;
35) процесс прокуроры – прокуратураның басшысы осы Кодекске сәйкес қылмыстық іс бойынша заңдардың қолданылуын қадағалауды жүктеген прокурор;
36) процестік әрекеттер – осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн әрекеттер;
37) процестік келісім – қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурор мен күдікті, айыпталушы немесе сотталушы немесе сотталған адам арасында осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жасалатын келісім;
38) процестік шешiмдер – қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға байланысты шығарылған актiлері;
39) санкция – қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процестік әрекет жасауына соттың рұқсаты;
40) сот – сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалы түрде немесе жеке-дара қарайтын, кез келген заңды түрде құрылған сот;
40-1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның жиналған нақты деректерге негізделген, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау және айыптау актісін жасау және істі сотқа жіберу үшін істі прокурорға жіберу туралы қысқа тұжырымдары;
Ескерту. 40-1) тармақпен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде)
41) сотқа дейінгі іс жүргізу – қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан бастап оны прокурор мәні бойынша қарау не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін сотқа жібергенге дейін іс бойынша іс жүргізу, сондай-ақ жекеше айыптаушының және қорғаушы тараптың қылмыстық іс бойынша материалдар дайындауы;
42) судья – сот билiгiн жүргізуші; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiби судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы);
43) сұрау салушы тарап – құзыретті органы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) өтініш жасайтын мемлекет немесе халықаралық сот мекемесі;
44) сұрау салынатын тарап – құзыретті органына сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) жолданатын мемлекет;
45) тараптар – сот талқылауында жарыспалылық және тең құқылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық қудалауды) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен тұлғалар;
46) тергеулік – осы қылмыстық құқық бұзушылықты тергеп-тексеруді қандай да бір қылмыстық қудалау органының құзыретiне жатқызатын, осы Кодексте белгiленген белгілердің жиынтығы;
47) тергеу судьясы – сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыратын бірінші сатыдағы сот судьясы;
48) төрағалық етушi – қылмыстық iстi алқалы түрде қарау кезiнде төрағалық ететiн не істі жеке-дара қарайтын судья;
49) тұрғынжай – бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, купе; көппәтерлi тұрғын үйдi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын верандалар, террасалар, галереялар, балкондар, мансардалық құрылыстар, тұрғын құрылысының жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi және басқалар;
50) туыстар – арғы атасы бір, үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн туыстық байланыстағы адамдар;
51) түнгi уақыт – жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы;
52) үкiм – айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi, апелляциялық сатыдағы сот шығарған сот шешiмi;
53) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);54) хаттама – қылмыстық процесті жүргізетін орган жасайтын процестік әрекет тіркелетін процестік құжат, ал осы Кодекстің баптарында тікелей көзделген жағдайларда – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның процестік шешімі;
55) шағым – процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу органдарының, прокурордың немесе соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне ден қою актiсi, сондай-ақ тұлғаның қылмыстық қудалауды жекеше немесе жекеше-жариялы тәртіппен жүзеге асыру туралы талабы;
56) іздестіру шаралары (іс-шаралары) – анықтау органының қылмыстық процесті жүргізетін органнан жасырынып жүрген және (немесе) қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген адамдардың, хабарсыз кеткен адамдардың, іс үшін маңызы бар нәрселер мен құжаттардың тұрған жерін анықтауға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды анықтауға бағытталған, қылмыстық процесті жүргізетін органның тапсырмасы бойынша орындалатын әрекеттері;
57) iс бойынша iс жүргiзу – нақты қылмыстық iс бойынша оның сотқа дейінгі және соттағы іс жүргізуі барысында жүзеге асырылатын процестік әрекеттер мен шешiмдердiң жиынтығы;
58) экстрадициялық қамақ – шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен қамау туралы шешімін орындау бойынша соттың іздестірілудегі адамға қатысты оны шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында қолданатын қамтамасыз ету шарасы.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.2-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
8-бап. Қылмыстық процестің мiндеттерi
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің мiндеттерi болып табылады.
2. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, ал кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуге тиiс.
9-бап. Қылмыстық процестің қағидаттары және олардың мәнi
1. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын және қылмыстық процестің өзінің алдында тұрған міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін қылмыстық процесс сатыларының, институттары мен нормаларының жүйесі мен мазмұнын айқындайтын оның іргелі бастаулары қағидаттар болып табылады.
2. Қылмыстық процестің қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулі болуына қарай процестік әрекетті немесе шешімді заңсыз деп тануға, осындай iс жүргiзу барысында шығарылған шешiмдердiң күшін жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдемелік күшi жоқ деп немесе іс бойынша болып өткен іс жүргізуді жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
2. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасауға мiндеттi.
3. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде соттың, қылмыстық қудалау органдарының заңды бұзуына жол берiлмейдi және ол заңда белгiленген жауаптылыққа, заңсыз актiлердi жарамсыз деп тануға және олардың күшiн жоюға әкеп соғады.
4. Осы Кодекс нормаларының коллизиясы болған жағдайларда, олардың қылмыстық процестің қағидаттарына сай келетіндері қолданылуға жатады, ал нормаларда тиісті регламенттеу болмаған кезде сот ісін жүргізу мәселелері тікелей қылмыстық процесс қағидаттары негізінде шешіледі.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.11-бап. Сот төрелігiн соттың ғана жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот төрелігiн сот қана жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiн кiмнiң де болса иемденіп алуы заңда көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Соттың үкiмінсіз және заңға сәйкес емес түрде ешкiмді де қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тануға, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартуға болмайды.
3. Соттың құзыретi, оның юрисдикциясының шектерi, қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңда айқындалады және оны өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қылмыстық iстердi қарау үшiн қандай атаумен болсын төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкiмдерi мен басқа да шешiмдерiнiң заңдық күшi болмайды және олар орындалуға жатпайды.
4. Өзінің соттылығына жатпайтын iс бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыратын, өз өкiлеттiктерiн асыра қолданған немесе осы Кодексте көзделген қылмыстық процесс қағидаттарын өзгедей түрде бұзған соттың үкiмi мен басқа да шешiмдерi заңсыз болады және олардың күшi жойылуға жатады.
5. Соттың қылмыстық iс бойынша үкiмi мен басқа да шешiмдерiн тиiстi соттар ғана осы Кодексте көзделген тәртiппен тексере алады және қайта қарай алады.
12-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау
1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар.
2. Ешкiмнің өзі үшін заңмен көзделген соттылығы оның келісімінсіз өзгертiле алмайды.
3. Мемлекет заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен әркімнің сот төрелігiне қол жеткізуін және оған келтiрiлген залалдың өтелуiн қамтамасыз етедi.
13-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процеске қатысатын адамның абыройын түсіретін немесе қадiр-қасиетiн кемiтетiн шешiмдер мен әрекеттерге тыйым салынады, жеке өмiр туралы мәлiметтердi, сол сияқты адам құпия сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi.
2. Адамға қылмыстық процесті жүргiзетін органдардың заңсыз әрекеттерiнен келтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге жатады.
14-бап. Жеке басқа қолсұғылмаушылық
1. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша болмаса, ешкiмдi де қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстап алуға, күзетпен қамауға алуға немесе өзгеше түрде бас бостандығынан айыруға болмайды.
2. Күзетпен ұстауға және үйқамаққа алуға осы Кодексте көзделген жағдайларда ғана және күзетпен қамауға не үйқамаққа алынған адамға сотқа шағым жасау құқығын бере отырып, соттың санкциясымен ғана жол берiледi.
Осы Кодексте адамды соттың санкциясынсыз жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алуға жол берілетіні тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, адам соттың санкциясынсыз – қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге, ал кәмелетке толмаған адам жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімге ұсталуға ұшырауы мүмкін.
Күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптамалар жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешiмiмен ғана жол берiледi.
3. Әрбiр ұстап алынған адамға ұстап алудың негiздерi, сондай-ақ оған қылмыстық заңда көзделген қандай іс-әрекетті жасады деп күдік келтiрiлгені туралы дереу хабарланады.
4. Сот, қылмыстық қудалау органдары, күзетпен ұстау орны әкімшілігінің, медициналық ұйымның басшысы заңсыз ұстап алынған немесе күзетпен ұсталып отырған немесе медициналық ұйымға заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкiмде көзделгендегiден артық мерзiмге күзетпен ұсталып отырған адамды дереу босатуға мiндеттi.
5. Қылмыстық процеске қатысатын адамдардың ешқайсысын азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас немесе жазалау түрлерiне ұшыратуға болмайды.
6. Ешкiмдi де адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндіретін процестік әрекеттерге қатысуға тартуға болмайды. Жеке басқа қолсұғылмаушылықты бұзатын процестік әрекеттер осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана адамның не оның заңды өкiлiнiң еркiне қарсы жүргiзiлуi мүмкiн.
7. Адамды, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды күзетпен ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төндірмейтін жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.
8. Азаматқа бас бостандығынан заңсыз айыру, оны өмiрi мен денсаулығына қауiптi жағдайларда ұстау, оған қатыгез қарым-қатынас жасау салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген тәртiппен өтелуге жатады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).15-бап. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
1. Қылмыстық процесті жүргiзетін орган қылмыстық процеске қатысатын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға, қылмыстық процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Азаматқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарын бұзу салдарынан келтiрiлген зиян осы Кодексте көзделген негiздер бойынша және тәртіппен өтелуге жатады.
3. Жәбiрленушiнi, куәны немесе қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдарды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн немесе өзге де жақын туыстарын өлтiрумен, күш қолданумен, мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не өзге де құқыққа қарсы қауiптi әрекеттермен қорқытты деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде қылмыстық процесті жүргiзетін орган өз құзыретi шегiнде бұл адамдардың өмiрiн, денсаулығын, абыройын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғауға заңда көзделген шараларды қолдануға мiндеттi.
16-бап. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылық. Жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарлардың құпиясы
1. Азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарлардың құпиясына құқығы бар.
2. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде әркімге жеке (жеке және отбасылық) өміріне қолсұғылмаушылық құқығы қамтамасыз етіледі. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.
3. Заңда көзделген жағдайлардан басқа, ешкім адамның келісімінсіз оның жеке өмірі туралы ақпарат жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға құқылы емес.
4. Адамның жеке өмірі туралы осы Кодексте көзделген тәртіппен алынған ақпаратты қылмыстық процесс міндеттерін орындаудан басқаға пайдалануға болмайды.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).17-бап. Тұрғынжайға қолсұғылмаушылық
Тұрғынжайға қол сұғылмайды. Тұрғынжайға онда тұратын адамдардың еркiне қарсы кiруге, оған қарап-тексеру мен тiнту жүргiзуге заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана жол берiледi.
18-бап. Меншiкке қолсұғылмаушылық
1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де соттың шешiмi болмайынша өз мүлкiнен айыруға болмайды.
2. Процестік әрекеттер барысында адамдардың екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында орналастырылған салымдарына және басқа да мүлкiне тыйым салу, сондай-ақ оларды алып қою осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.19-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы
1. Әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.
2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
3. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кiнәлiлiгiне сейiлмеген күмән олардың пайдасына түсiндiрiледi. Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану кезiнде туындаған күмәндар да күдіктінің, айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлуге тиiс.
4. Айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс.
20-бап. Қайтадан соттауға және қылмыстық қудалауға жол бермеушілік
Ешкiмдi де бір сол қылмыстық құқық бұзушылық үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа ұшыратуға болмайды.
21-бап. Сот төрелігiн заң мен сот алдындағы теңдiк бастауларында жүзеге асыру
1. Сот төрелігі баршаның заң мен сот алдында теңдiгi бастауларында жүзеге асырылады.
2. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ешкiмдi де шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсiтушiлiкке ұшыратуға болмайды.
3. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
22-бап. Судьялардың тәуелсiздiгi
1. Судья сот төрелігін іске асыру кезiнде тәуелсiз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Соттың сот төрелігін іске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бір араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.
3. Судьялар тәуелсiздiгiнiң кепiлдiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңда белгiленген.
23-бап. Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу айыптаушы және қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қылмыстық қудалау, қорғау және соттың iстi шешуi бiр-бiрiнен бөлiнген және оларды әртүрлi органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асырады.
3. Адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кiнәлiлiгiн дәлелдеу және оның өзін қорғайтын дәлелдерін теріске шығару мiндетi – қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жекеше айыптаушыларға жүктеледi.
4. Қорғаушы күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаудың заңда көзделген барлық құралдары мен тәсілдерін пайдалануға мiндеттi.
5. Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және құқық мүдделерiнен басқа қандай да болсын мүдделердi бiлдiрмейдi.
6. Сот объективтiлiктi және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз процестік мiндеттерін орындауы және өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдайларды жасауға міндетті.
7. Қылмыстық процеске қатысатын тараптар тең құқылы, яғни оларға Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Кодекске сәйкес өз ұстанымын қорғауға бiрдей мүмкiндiктер берілген. Сот процестік шешiмді тек тараптардың әрқайсысына бiрдей негiзде зерттелуіне қатысу қамтамасыз етiлген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.
8. Тараптар қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында өзiнiң ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, басқа да органдар мен адамдарға тәуелсiз таңдайды. Сот тараптың өтiнiшхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртiппен қажеттi материалдарды алуға жәрдем көрсетедi.
9. Мемлекеттiк айыптаушы және жекеше айыптаушы белгiлi бiр адамды қылмыстық қудалауды жүзеге асыра алады немесе заңда көзделген жағдайларда қылмыстық қудалаудан бас тарта алады. Күдіктi, айыпталушы, сотталушы өзiнiң кiнәсiн еркін түрде теріске шығаруы немесе өзiн кiнәлiмiн деп мойындауы, жәбірленушімен татуласуы, процестік келісімді, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімді жасасуы мүмкін. Азаматтық талапкер талап қоюдан бас тартуға немесе азаматтық жауапкермен татуласу келісімін жасасуға құқылы. Азаматтық жауапкер талап қоюды мойындауға немесе азаматтық талапкермен татуласу келісімін жасасуға құқылы.
10. Сот тараптардың істі бiрiншi және апелляциялық сатыларында қарау құқығын қамтамасыз етедi; сотталушы мен оның қорғаушысы және процеске басқа да қатысушылар істі кассациялық тәртіппен қарау кезiнде, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру және үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарау кезінде қатысуға жіберіледі. Сот әрбiр қылмыстық iстi қараған кезде айыптаушы тарап атынан мемлекеттiк не жекеше айыптаушы өкілдік етуге тиiс. Сот iстi қарағанда тараптардың қатысуы мiндеттi болатын басқа да жағдайлар осы Кодексте айқындалады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).24-бап. Iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу
1. Сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi.
Бұл ретте сот істе бар және ұсынылған дәлелдемелерді осы Кодексте көзделген тәсілдермен зерттейді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толымсыздығын жою мақсатында сот өз бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелер жинауға құқылы емес.
2. Қылмыстық қудалау органдары нақты деректердi айқындайды, солардың негiзiнде iс үшiн маңызы бар мән-жайлар анықталады.
3. Қылмыстық iстi қарайтын сот объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, айыптаушы және қорғаушы тараптарға олардың iстің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге деген құқықтарын жүзеге асыруы үшiн қажеттi жағдай жасайды.
4. Осы Кодекстің 380-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот істе бар және сот отырысында тараптар ұсынған дәлелдемелерді зерттеудің қажеттілігі мен жеткіліктілігі мәселелері бойынша тараптардың пікірімен байланысты емес.
5. Іс бойынша күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны әшкерелейтiн де, ақтайтын да, сондай-ақ олардың жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталуға жатады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктінің, айыпталушының, сотталушының кінәсіздігі немесе кінәлілік дәрежесінің аздығы туралы, сондай-ақ оларды ақтайтын не олардың жауаптылығын жеңілдететін дәлелдемелердің бар-жоғы туралы барлық мәлімдемелерді, сондай-ақ дәлелдемелердің жиналуы мен бекітілуі кезінде тергеудің рұқсат етілмеген әдістерінің қолданылғаны туралы мәлімдемелерді тексеруге тиіс.
25-бап. Дәлелдемелердi iшкi сенiм бойынша бағалау
1. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады.
Алқаби дәлелдемелердi қаралған дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өзiнің iшкi сенімі бойынша бағалайды, бұл ретте ол ар-ожданды басшылыққа алады.
2. Ешқандай дәлелдемелердiң күнi бұрын белгiленген күшi болмайды.
26-бап. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету
Ескерту. 26-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалуға құқығы бар. Олар бұл құқықты осы Кодексте белгiленген тәртiппен жеке өздерi де, сол сияқты қорғаушының, заңды өкiлiнiң көмегiмен де жүзеге асыра алады.
2. Қылмыстық процесті жүргiзетiн орган күдіктiге, айыпталушыға олардың құқықтарын түсiндiруге және олардың күдіктен, айыптаудан заңда тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке бас құқықтары мен мүлiктiк құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық процесті жүргiзетін орган iске күдіктiнің, айыпталушының қорғаушысының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғаушысы мен заңды өкiлiнiң қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы алдыңғыларға тиесiлi құқықтарды кемiтпейдi.
5. Қорғалуға құқығы бар куә, күдіктi, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарына айғақтар беруге, қандай да бір материалдарды ұсынуға, оларға қандай да бiр жәрдем көрсетуге мәжбүр етiлмеуге тиiс.
6. Күдіктiнiң, айыпталушының олармен бiрлесiп қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған адамға қатысты қылмыстық iстi қарау кезiнде де өздерiне тиесiлi қорғалу құқығының барлық кепiлдiктерi сақталады.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.27-бап. Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету
1. Әркімнің қылмыстық процесс барысында осы Кодексте көзделген тәртіппен білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
28-бап. Куәлiк айғақтар беру мiндетiнен босату
1. Ешкiм өзiне, жұбайына (зайыбына) және аясы осы Кодексте айқындалған өзінің жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге мiндеттi емес.
2. Дiни қызметшiлер тәубаға келу үстінде өздерiне iшкi сырын ашқан адамдарға қарсы куәлiк беруге мiндеттi емес.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда көрсетілген адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшiн оларды қандай да бір жауаптылыққа тартуға болмайды.
1. Қылмыстық iстердi талқылау барлық соттарда және сот сатыларында ашық жүргiзiледi. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі. Іске қатысатын адамдардың өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтердің жария етілуін болғызбау мақсатында, кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы істер бойынша және басқа да істер бойынша, сондай-ақ оны жәбірленушінің, куәның немесе іске қатысатын басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының қауіпсіздігі мүдделері талап ететін жағдайларда, соттың уәжді қаулысы бойынша жабық сот талқылауына жол беріледі. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген, тергеу судьясы шешетін шағымдар да жабық сот отырысында қаралады.
2. Жабық отырыста істерді талқылау осы Кодексте белгіленген барлық қағидалар сақтала отырып жүзеге асырылады.
3. Соттың үкімі және іс бойынша қабылданған қаулылар барлық жағдайларда көпшілік алдында жарияланады. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша үкімнің кіріспе және қарар бөліктері ғана көпшілік алдында жария етіледі.
30-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.
3. Іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға ана тілінде немесе өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктемелер және айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар беру, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсететін қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
4. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын адамдарға істің олар үшiн қажеттi, басқа тiлде жазылған материалдарын қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiне аудару тегiн қамтамасыз етiледi. Сот процесiне қатысатын адамдарға сотта айтылғандардың басқа тiлде болған бөлiгiнiң сот iсiн жүргiзу тiлiне аудармасы өтеусіз қамтамасыз етiледi.
5. Қылмыстық процесті жүргiзетін органдар процеске қатысушыларға осы Кодекске сәйкес оларға сот iсiн жүргiзу тiлiнде табыс етілуге тиiс құжаттарды табыс етеді. Бұл ретте қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлiн бiлмейтiн адамдар үшiн құжаттардың сот iсiн жүргiзудiң осы адамдар таңдаған тiлiнде жазылған, куәландырылған көшiрмесi қоса беріледi.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.31-бап. Процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы
1. Сот пен қылмыстық қудалау органының әрекеттерi мен шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
2. Әрбiр сотталған адамның, ақталған адамның үкiмдi жоғары тұрған сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар.
3. Шағымды оны берген немесе өзінің мүддесінде шағым берілген тұлғаға зиян келтіретіндей етіп қолдануға жол берілмейді.
3-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ
32-бап. Жекеше, жекеше-жариялы және жариялы қудалау және айыптау iстерi
1. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына және ауырлығына қарай қылмыстық қудалау мен сотта айыптау жекеше, жекеше-жариялы және жариялы тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 114 (бірінші және екінші бөліктерінде), 123 (бірінші бөлігінде), 131, 147 (бірінші және екінші бөліктерінде), 149 (бірінші бөлігінде), 150 (бірінші бөлігінде), 198 (бірінші бөлігінде), 199(бірінші бөлігінде), 321 (бірінші бөлігінде)-баптарында, сондай-ақ осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 152-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше айыптау iстерi болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады және оның айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1 (бірінші бөлігінде), 110 (бірінші бөлігінде), 115, 120 (бірінші бөлігінде), 121 (бірінші бөлігінде), 121-1, 126 (бірінші бөлігінде), 138, 139, 145, 148 (бірінші бөлігінде), 152 (үшінші бөлігінде), 153 (бірінші бөлігінде), 154, 155 (бірінші бөлігінде), 157 (бірінші бөлігінде), 158 (бірінші бөлігінде), 159, 187, 189 (бірінші және екінші бөліктерінде), 190 (бірінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 198(екінші бөлігінде), 199 (екінші бөлігінде), 201 (бірінші бөлігінде), 202 (бірінші бөлігінде), 204, 205 (бірінші бөлігінде), 206 (бірінші бөлігінде), 207 (бірінші бөлігінде), 208 (бірінші бөлігінде), 209(бірінші бөлігінде), 211 (бірінші бөлігінде), 223, (бірінші және екінші бөліктерінде), 248 (бірінші бөлігінде), 250, 251 (бірінші бөлігінде), 317 (бірінші бөлігінде), 319 (бірінші және екінші бөліктерінде),321 (екінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 389(бірінші бөлігінде)-баптарында, сондай-ақ, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешімін орындамаумен байланысты болса, 152 (бірінші бөлігінде)-бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жекеше-жариялы айыптау iстері болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 68-бабында көзделген жағдайларда ғана жәбiрленушiнiң күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылуға жатады.
4. Прокурор жекеше және жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша және іс-әрекет дәрменсіз немесе тәуелді күйдегі не басқа да себептермен өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамның мүдделерін қозғаса, жәбірленушінің шағымы болмаған кезде не қоғамның немесе мемлекеттің мүдделері қозғалатын жекеше-жариялы айыптау ісі бойынша іс жүргізуді бастайды не жалғастырады.
5. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін жәбірленушінің шағымы болмаған кезде жекеше және жекеше-жариялы айыптау және қудалау істері бойынша іс жүргізу хабар тіркелген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға жатады.
6. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілгендерді қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер жариялы айыптау iстерi болып есептеледі. Бұл iстер бойынша қылмыстық қудалау жәбiрленушiнiң шағым бергеніне-бермегеніне қарамастан жүзеге асырылады.
Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.33-бап. Коммерциялық немесе өзге де ұйымның арызы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту
1. Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 9-тарауында көзделген іс-әрекет коммерциялық ұйымның немесе мемлекеттiк кәсiпорын болып табылмайтын өзге де ұйымның мүдделерiне ғана зиян келтiрсе және басқа ұйымдардың мүдделерiне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне зиян келтiрмесе, қылмыстық жауаптылыққа тарту осы ұйым немесе уәкiлеттi орган басшысының, құрылтайшысының (қатысушысының) арызы немесе олардың келiсуi бойынша жүзеге асырылады.
2. Алып тасталды – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн орындау мақсатында қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерiн тапқан әрбiр жағдайда өз құзыретi шегiнде қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын белгiлеу, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi адамдарды әшкерелеу, оларды жазалау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға, сол сияқты кiнәсiз адамды ақтау үшін шаралар қолдануға мiндеттi.
2. Қылмыстық қудалау органы жәбiрленушiнің сот төрелігіне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрілген зиянды өтеткізу үшін шаралар қолдануға мiндеттi.
3. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық процестегі өзiнiң өкiлеттiктерiн қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсiз және осы Кодекстiң талаптарына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырады.
4. Қылмыстық iс бойынша объективтi тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi келтiру мақсатында қылмыстық қудалау органына қандай да бір нысанда ықпал ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
5. Қылмыстық қудалау органының заңға сәйкес қойған талаптары барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті және олар белгілеген мерзімде, бірақ үш тәуліктен кешіктірілмей орындалуға тиіс. Күдіктіні ұстап алу, күзетпен ұстау туралы шешім қабылдау қажет болған жағдайда, қылмыстық қудалау органының талабы жиырма төрт сағат ішінде орындалуға тиіс. Көрсетілген талаптарды дәлелді себептерсіз орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
35-бап. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар
1. Қылмыстық iс:
1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан;
2) іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауынан;
3) егер рақымшылық жасау актiсi жасалған іс-әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, соның салдарынан;
4) қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай;
5) осы Кодекстің 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 32-бабының екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымының болмауынан, сондай-ақ осы Кодекстің 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 32-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқан кезде;
6) егер жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілген болса не Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын, іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық ретінде саралануы оған байланысты болатын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп таныған жағдайда;
7) егер адамға қатысты соттың нақ осы айыптау бойынша заңды күшiне енген үкiмi не соттың қылмыстық қудалаудың мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн, күшi жойылмаған қаулысы бар болса;
8) егер адамға қатысты қылмыстық қудалау органының нақ осы күдік бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күшi жойылмаған қаулысы бар болса;
9) iс бойынша іс жүргізу өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, егер қылмыстық заң тыйым салатын іс-әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасаған адамға қатысты болса;
10) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары немесе иммунитетi бар адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi органның немесе лауазымды адамның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;
11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе iстi басқа адамдарға қатысты тергеп-тексеру, сондай-ақ заңсыз жолмен табылған мүлікті, тәркіленуге жататын, келтірілген зиянның өтелуін қамтамасыз ететін ақша қаражатын және өзге де құндылықтарды анықтау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты;
12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты тоқтатылуға жатады.
2. Іс бойынша іс жүргізу қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшiн барлық мүмкiндiктер қолданылса, олардың болуы дәлелденбеген кезде де осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады.
3. Іс бойынша іс жүргізу осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармағында көзделген негіз бойынша және күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының зиян келтiруi құқыққа сыйымды болып табылған не күдікті, айыпталушы немесе сотталушы іс-әрекетті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес оны қылмыстық құқық бұзушылық деп тануды және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын мән-жайлар кезінде жасаған жағдайларда тоқтатылады.
4. Егер арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсететін адам (қорғалуға құқығы бар куә), күдікті, айыпталушы, сондай-ақ сотталушы немесе оның заңды өкілдері, ал осы баптың бірінші бөлігінің 11) тармағында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінде санамаланған, адвокатпен қатар күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны қорғауды жүзеге асыру құқығы бар адамдар бұған қарсылық бiлдiрсе, қылмыстық істі осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4) және 11) тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатуға жол берiлмейдi. Бұл жағдайда іс бойынша iс жүргiзу жалғастырылады және оған негiздер болған кезде адамды жазадан не қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығару арқылы аяқталады.
Қылмыстық iстi осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3), 4), 9), 10) және 11) тармақтарында көрсетiлген негiздер бойынша тоқтату туралы шешiм қабылдау үшiн жәбiрленушiнiң немесе оның өкілінің келiсiмi талап етiлмейдi.
Қылмыстық істі тоқтату сонымен бір мезгілде қылмыстық қудалауды тоқтатуға әкеп соғады.
5. Іс-әрекет жасалған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көрсетілген негiз бойынша қабылдануға жатады. Іс-әрекет жасалған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толса да, психикалық дамуы жағынан психикасының бұзылуына байланысты емес артта қалуы салдарынан өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толық түйсіне алмаған және оларды игере алмаған, кәмелетке толмаған адамға қатысты қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм де осы негiз бойынша қабылдануға жатады.
6. Қылмыстық қудалау органы қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез келген сатысында қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шығарады.
Прокурор істі басты сот талқылауында қарау басталғанға дейін оны соттан кері қайтарып алуға және осы бапта көзделген негіздер бойынша тоқтатуға да құқылы. Прокурор істі соттан кері қайтарып алғаннан кейін оны тоқтату үшін ол бойынша жаңадан сотқа дейінгі іс жүргізу өткізуге және оны сотқа қайтадан жіберуге жол берілмейді.
7. Мемлекеттiк айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдеуге мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдемесi, егер жекеше айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық iстi қарауды жалғастыруға кедергi келтiрмейдi.
8. Сот қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайларды анықтағанда қылмыстық iстi тоқтату туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
9. Қылмыстық қудалау органдары және соттар қылмыстық іс тоқтатылған кезде, адамның әрекеттерінде әкімшілік немесе тәртіптік құқық бұзушылық белгілері болған кезде материалдарды әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін он тәулік ішінде уәкілетті органдарға (лауазымды адамдарға) жіберуге міндетті.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.36-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 65-бабының бірінші бөлігінде, 66, 67, 67-1-баптарында, 68-бабының екінші, үшінші бөліктерінде, 83-бабының бірінші, үшінші бөліктерінде, сондай-ақ 441, 442, 444 – 448, 453-баптарының ескертпелерінде көзделген жағдайларда, қылмыстық қудалау органы, сот тиісті мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық қудалауды тоқтатуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы.
2. Мемлекеттiк айыптаушы сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайларды анықтағанда айыпталушыны қылмыстық қудалаудан бас тартатынын мәлiмдеуге құқылы. Мемлекеттiк айыптаушы мәлiмдеген қылмыстық қудалаудан бас тарту жекеше айыптаушының қылмыстық iс материалдарын пайдалана отырып, айыпталушыны қылмыстық қудалауды жалғастыруына кедергi келтiрмейдi.
3. Қылмыстық iс тоқтатылғанға дейiн күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға iстi тоқтатуға негiз, оның құқықтық салдары және істі осы негiз бойынша тоқтатуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс.
4. Қылмыстық iстi тоқтату туралы жәбірленуші және (немесе) оның өкілі хабардар етіледі, олар қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен прокурорға не сотқа шағым жасауға құқылы.
5. Қылмыстық iстi осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша тоқтатуға, егер күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе жәбірленуші бұған қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша iс жүргiзу әдеттегi тәртiппен жалғастырылады.
6. Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін соттың депозитіне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделген кепіл енгізілген жағдайда, сот кепілгерлік белгілеп, адамды жазасын өтеуден босата отырып, айыптау үкімін шығаруға құқылы.
Сот іс бойынша басқа қорытынды шешім қабылдаған жағдайда, кепіл нысанасы кепіл енгізген адамға дереу қайтарылады. Кепіл нысанасы қайтарылған кезде, оның сақталуын қамтамасыз етуге жұмсалған сома кепіл берушіден өндіріп алынбайды. Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және оны мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Егер айыпталушы немесе жәбірленуші бұған қарсы болса, кепілгерлік белгілей отырып, адамды жазасын өтеуден босатуға жол берілмейді.
Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 4-тарау. АҚТАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗЕТІН ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ
ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ
37-бап. Күдікті, айыпталушы, сотталушы ретiнде тартылған адамды ақтау
1. Сот бойынша ақталған адам, сол сияқты өздеріне қатысты қылмыстық iстi осы Кодекстiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтату туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдікті, айыпталушы, сотталушы ақталуға, яғни олардың құқықтары қалпына келтірілуге тиіс және оның Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр шектеуге болмайды.
2. Сот, қылмыстық қудалау органы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамды ақтау және оған қылмыстық процестi жүргiзетін органның заңсыз әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу бойынша заңда көзделген барлық шараларды қолдануға тиiс.
38-бап. Қылмыстық процестi жүргiзетiн органның заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеткізуге құқығы бар адамдар
1. Адамға заңсыз ұстап алудың, күзетпен ұстаудың, үйқамақтың, лауазымынан уақытша шеттетудiң, арнаулы медициналық ұйымға орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың салдарынан келтірілген зиян қылмыстық процестi жүргiзетін органның кiнәсi бар-жоғына қарамастан, толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi.
2. Қылмыстық процестi жүргiзетін органның тиісті заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеткізуге:
1) осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың;
2) егер осы Кодекстiң 32-бабының төртінші бөлiгiнде көзделген мән-жайлардың жоқтығына қарамастан, қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайлар анықталған кезден бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылмаса, өздеріне қатысты қылмыстық іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылуға жататын адамдардың;
3) өздеріне қатысты қылмыстық iс осы Кодекстiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) және 4) тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылуға тиiс, бiрақ қылмыстық қудалауды болғызбайтын мән-жайлар анықталған кезден бастап тоқтатылмаған және мұндай адамдардың қылмыстық iстi тоқтатуға келiскенiне қарамастан, қылмыстық қудалау заңсыз жалғастырылған адамдардың;
4) жасаған іс-әрекетiнiң саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң оны жасағаны үшiн күдік келтiру немесе айыптау кезiнде осы Кодексте ұстап алуға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгертілген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптау бөлiгi алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайларда, сол сияқты соттың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын немесе мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану туралы заңсыз шешiмiнің күші жойылған жағдайда қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған, ұстап алынған немесе күзетпен ұсталған адамның құқығы бар. Қамаққа алудың немесе бас бостандығынан айырудың нақты өтелген мерзiмi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң кiнәлi адам жасаған іс-әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамаққа алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып есептеледі;
5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында заңды негiзсiз тиiстi мерзiмiнен артық күзетпен ұсталған, сол сияқты кез келген өзге де процестік мәжбүрлеу шараларына заңсыз ұшыраған адамның;
6) өзіне қатысты кейіннен сот тәртібімен заңсыз деп танылған жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамның құқығы бар.
3. Азамат қайтыс болған жағдайда, зиянды өтеткiзу құқығы белгiленген тәртiппен – оның мұрагерлерiне, ал төленуi тоқтатыла тұрған зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу бөлiгiнде – отбасының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етiлетiн адамдар тобына жататын мүшелерiне ауысады.
4. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында адамның ерiктi түрде өзiне өзi жала жабу жолымен ақиқатты анықтауға кедергi келтiргендiгi және сол арқылы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген салдарлардың басталуына ықпал еткендігі дәлелденсе, оған зиян өтелмеуге тиіс.
5. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 3) тармағында көрсетілген мән-жайлар болмаған кезде осы баптың қағидалары адамға қатысты қолданылған процестік мәжбүрлеу шараларының немесе шығарылған айыптау үкiмiнің күші рақымшылық жасау немесе кешiрiм жасау актiлерiнiң шығуына, ескіру мерзiмдерiнiң өтуiне, қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты жойылған немесе олар өзгертiлген жағдайларға қолданылмайды.
6. Өзге мән-жайлар зиянды өтеткізуге негіз болып табылмайды.
Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).39-бап. Зиянды өтеткiзу құқығы және талап қою мерзімдері
1. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның зиянды өтету құқығын тануға тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi тұлғаға табыс етіледі не пошта арқылы жiберiледi. Сонымен бір мезгілде оған зиянды өтеу туралы талаптар қою тәртібі мен мерзімдері түсiндiрiлген хабарлама жіберіледі. Залалды өтетуге құқығы бар қайтыс болған адамның мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жері туралы мәлiметтер болмаған кезде, оларға хабарлама қылмыстық процестi жүргiзетін органға олар өтiнiш жасаған күннен бастап бес тәуліктен кешiктiрiлмей жіберіледі.
2. Осы Кодекстің 38-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген адамдардың мүліктік зиянды толық көлемде өтеткізуге, моральдық зиянның салдарын жойғызуға және еңбек, зейнетақы, тұрғынжай және өзге де құқықтарын қалпына келтіртуге құқығы бар. Соттың үкімі бойынша құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныптан, сондай-ақ мемлекеттік наградалардан айырылған адамдардың атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі, біліктілік сыныбы қалпына келтіріліп, мемлекеттік наградалары қайтарып беріледі.
3. Қылмыстық процесті жүргізетін органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеткізу туралы талаптар осы тарауда көзделген тәртіппен құқықтарды қалпына келтіру тәртібі түсіндірілетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде қойылуы мүмкін. Осы мерзім дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда, оны мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот қалпына келтіруі мүмкін.
Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.1. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян:
1) олар айырылған жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды, өзге де қаражаттар мен табыстарды;
2) соттың үкiмi немесе өзге де шешiмi негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi;
3) соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiп алынған айыппұлдарды; заңсыз әрекеттерге байланысты адам төлеген сот шығындары мен өзге де сомаларды;
4) заң көмегін көрсету үшiн адам төлеген сомаларды;
5) қылмыстық қудалау салдарынан шегілген өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды.
2. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды күзетпен ұстауға, қамаққа алуды немесе бас бостандығынан айыруды өтеу орындарында ұстауға жұмсалған сомалар, бұл адамдарды қылмыстық қудалауға байланысты сот шығындары, сол сияқты олардың күзетпен ұсталуы, қамаққа алуды немесе бас бостандығынан айыруды өтеуi уақытында қандай да бiр жұмыстарды орындағаны үшiн алған жалақысы қылмыстық процестi жүргiзетін органның заңсыз әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу төлемiне жататын сомадан шегеріле алмайды.
3. Осы Кодекстiң 38-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған адамдар осы Кодекстiң 39-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн зиянды өтеу тәртiбi туралы хабарламамен бiрге алған кезде қылмыстық істі тоқтату туралы үкім шығарған, қаулы шығарған сотқа, не адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа не сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi тоқтату туралы қаулы шығарған органның орналасқан жері бойынша сотқа мүлiктiк зиянды өтеттіру туралы не өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы талаппен жүгiнуге құқылы. Егер жоғары тұрған сот қылмыстық iстi тоқтатса немесе үкiмдi өзгертсе, зиянды өтеу туралы талап үкiм шығарған сотқа жiберiледi. Кәмелетке толмаған адамның атынан зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi мәлiмдеуге құқылы.
4. Судья арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп-қисап сұрата отырып, зиянның мөлшерiн айқындайды, содан кейiн инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеу үшiн төлем жүргiзу туралы қаулы шығарады. Егер сот iстi апелляциялық немесе кассациялық тәртiппен қарау кезiнде тоқтатса, iстi бiрiншi сатыда қараған соттың судьясы көрсетiлген әрекеттердi сот талқылауын өткiзбестен жеке-дара жүргiзедi.
5. Соттың мүліктік зиянды өтеу үшін төлем жүргізу туралы заңды күшіне енген қаулысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалады.
6. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).7. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың заңсыз әрекеттерімен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу туралы талап осы бапта көзделген тәртіппен қаралады және мемлекет зиянды белгіленген көлемде өтейді.
Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі; 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.41-бап. Моральдық зиянның салдарын жою
1. Қылмыстық процестi жүргiзетін, адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган келтiрілген зиян үшiн одан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi.
2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай мәнде өтемақы туралы талаптар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылады.
3. Егер адам заңсыз қылмыстық қудалауға ұшырап, ал қылмыстық қудалау, ұстап алу, күзетпен ұстау, лауазымынан уақытша шеттету, медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, соттау және оған қатысты қолданылып, кейiннен заңсыз деп танылған басқа да әрекеттер туралы мәлiметтер масс-медиада, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жарияланса, онда осы адамның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда, оның туыстарының немесе оның құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім қабылдаған, қылмыстық процестi жүргiзетін органның талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары бiр айдың iшiнде бұл туралы қажеттi хабар жасауға мiндеттi.
4. Қылмыстық процестi жүргiзетін орган осы Кодекстiң 38-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдардың талап етуi бойынша он төрт күндік мерзiм iшiнде олардың жұмыс iстейтiн, оқитын, тұрғылықты жерi бойынша заңсыз шешiмдердiң күшi жойылғаны туралы жазбаша хабарлама жіберуге мiндеттi.
Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.42-бап. Құқықтарды талап қою тәртiбiмен қалпына келтiру
Егер зиянды өтеу туралы талапты осы тарауда көзделген тәртіппен беруге арналған алты айлық мерзім өткізіп алынса, адам азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгінуге құқылы.
5-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
42-1-бап. Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы
1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қағаздағы және (немесе) электрондық форматтарда жүргізіледі.
2. Қылмыстық процесті жүргізуші адам қылмыстық процеске қатысушылардың пікірін және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізуге құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
Қылмыстық процеске қатысушының пікірі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, судьяға өтінішхат түрінде енгізіледі, ол осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралады.
Қылмыстық сот ісін одан әрі электрондық форматта жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізуші адам қағаздағы форматқа көшеді, ол туралы уәжді қаулы шығарады.
Қылмыстық процесті электрондық форматта жүргізу туралы қаулыға қылмыстық процеске қатысушылар осы Кодекстің 100-бабында көзделген тәртіппен шағым жасай алады.
3. Қылмыстық сот ісі қағаз форматта жүргізілген кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы процестік шешімдер қабылдауға және оларды прокурорға келісуге не бекітуге жіберуге, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда, құпиялылықты сақтауды талап ететіндерін қоспағанда, қабылданған шешімдер туралы прокурорды хабардар етуге және процестік шешімдер мен қылмыстық істің басқа да материалдарының көшірмелерін электрондық форматта жіберуге құқылы.
Ескерту. 5-тарау 42-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.43-бап. Қылмыстық iстердi бiрiктiру
1. Бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайласып жасаған бірнеше адамға қатысты қылмыстық iстер, бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты істер, сондай-ақ осы қылмыстарды күнi бұрын уәде бермей жасырғандығы немесе олар туралы айтпағандығы үшін күдік келтірілетін, айыпталатын адамға қатысты істер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрілуi мүмкiн.
2. Күдікті анықталмаған, бірақ бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бір адам немесе адамдар тобы жасады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайларда да қылмыстық істерді біріктіруге жол беріледі.
3. Қылмыстық істердi бiрiктiру қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде жүргізіледі. Қылмыстық қудалау органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және қорғаушы тарапқа жіберіледі.
4. Мыналар:
1) әртүрлі адамдарға қатысты бірдей күдіктенулер, айыптаулар;
2) жекеше айыптау ісі қаралып жатқан жағдайлардан басқа, бір-біріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адамдарға қатысты күдіктенулер, айыптаулар;
3) біреуі бойынша қылмыстық қудалау – жекеше тәртіппен, ал екіншісі бойынша – жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын істер;
4) бірге қаралуы істі объективті қарауға кедергі келтіруі мүмкін барлық басқа да күдіктенулер, айыптаулар бір іс жүргізуге біріктірілмеуге тиіс.
5. Бiрнеше iс бiрiктiрiлген iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi уақыты бойынша бiрiншi қылмыстық iс жүргізу басталған күннен бастап есептеледi. Егер бiрiктiрiлген iстердiң бiреуi бойынша бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау не үйқамақ қолданылса, тергеу мерзiмi көрсетілген бұлтартпау шаралары қолданылған істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап есептеледi.
6. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқығы адамдарға өздеріне қатысты бiрiктiрiлген iстер бойынша ғана тиесiлi болады.
44-бап. Қылмыстық iстi бөлектеп алу
1. Сот, қылмыстық қудалау органы қылмыстық iстен:
1) мемлекеттiк құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшiн негiздер өздеріне қатысты болатын, бiрақ басқа күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты емес жекелеген күдіктілерге немесе айыпталушыларға;
2) ересектермен бiрге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған күдіктіге немесе айыпталушыға;
3) қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын жекелеген анықталмаған адамдарға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 45-бабында көзделген басқа да жағдайларда;
4) прокурор ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасқан күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты басқа қылмыстық iстi жеке іс жүргiзуге бөлектеп алуға құқылы.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе күзетпен ұстау мерзiмдерi аяқталып келе жатқан көп эпизодты қылмыстық iстi тергеп-тексеру жағдайында тергеушi, анықтаушы, анықтау органы күдіктену бөлiгiнде тергеп-тексеру жан-жақты, толық және объективті жүргiзiлді деп тани отырып, iстiң бiр бөлiгiн, егер бұл iстiң қалған бөлiгiн тергеп-тексеруге және қарауға кедергi келтірмесе, сотқа жіберу үшiн жеке iс жүргiзуге бөлектеп алуға құқылы.
3. Егер қылмыстық iс бойынша тергелетін iске байланысты емес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер туралы мәлiметтер алынса, олар туралы барлық материалдар осы Кодексте көзделген тәртiппен сотқа дейінгі жаңа тергеп-тексеру бастау үшiн дереу бөлектеп алынуға тиiс.
4. Қылмыстық iстердi бөлектеп алуға, егер бұл мән-жайларды зерттеу мен істі шешудiң жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне әсер етпесе, жол беріледі.
5. Iстi бөлектеп алу қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жіберіледі. Қаулыға төлнұсқалар немесе көшiрмелер түрінде бөлектеп алынатын материалдардың тiзбесi қоса берілуге тиiс.
6. Бөлектеп алынған iс бойынша iс жүргiзудiң мерзiмi қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар жаңа қылмыстық құқық бұзушылық бойынша, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген күннен бастап есептеледi. Қалған жағдайларда мерзiм негiзгi қылмыстық iс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап есептеледi.
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.45-бап. Іс бойынша сот ісін жүргiзудi тоқтата тұру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:
1) айыпталушы соттан жасырынған не оның жүрген жері басқа себептермен анықталмаған;
2) сотталушының психикасының уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы заңда көзделген тәртiппен куәландырылған;
3) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған;
4) қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi келтiретiн еңсерілмейтін күштің әрекетi;
5) осы Кодекстiң 59-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық көмек алуға байланысты процестік әрекеттер орындалып жатқан;
6) сотта прокурор сотталушының дәлелдемелердің заңсыз әрекеттерді қолдана отырып немесе қатыгез қарым-қатынас жасала отырып алынғаны туралы арызын қараған және оның шешіміне шағым жасалған жағдайларда, егер бұл ретте басты сот талқылауын жалғастыру мүмкін болмаса, сот қаулысымен тоқтатыла тұрады.
2. Сот осы қылмыстық iсте қолданылуға жататын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасаған жағдайда, сот іс бойынша іс жүргізуді толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға міндетті.
Егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын заңды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынуды басқа соттың бастамасымен іс жүргізуге қабылдаса, сот іс бойынша іс жүргізуді тараптардың өтінішхаты бойынша толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтата тұруға міндетті.
3. Сотта қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, егер жекеше айыптау iсi бойынша жекеше айыптаушы өзінің ауыр науқас екендiгiне, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде iссапарда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық қудалауды жүзеге асыра алмаған жағдайда да, сот қаулысымен толықтай немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұрады.
4. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу оны тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады, бұл ретте істі сотта қарау мерзімі үзіледі. Олар жойылған соң, іс жүргізу соттың қаулысымен қайта басталады.
5. Процеске қатысушыларға іс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарланады.
6. Тоқтатыла тұрған iс, егер iс бойынша ескiру мерзiмiнің өтуін үзу туралы мәлiметтер болмаса, қылмыстық заңда белгiленген ескiру мерзiмiнiң аяқталуы бойынша тоқтатылуға жатады.
7. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмаған;
2) күдікті, айыпталушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болған;
3) күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған не олардың болатын жері басқа да себептер бойынша анықталмаған;
4) күдіктінің, айыпталушының жүйкесiнің уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы заңда көзделген тәртiппен куәландырылған;
5) осы Кодекстiң 59-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық көмек алуға байланысты процестік әрекеттер орындалған;
6) хабарсыз кеткен адам табылмаған;
7) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық қудалаудан иммунитеттен айыру не оларды шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) туралы мәселені шешуге байланысты іске нақты қатысу мүмкіндігі болмаған;
8) қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен;
9) қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған жағдайларда үзіледі.
7-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу іс бойынша "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге және олардың нәтижелерін қылмыстық іс материалдарына қосып тігуге кедергі келтірмейді.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулы шығарылғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір тәулік ішінде оны прокурорға келісу үшін жібереді.
8-1. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны үш тәулік ішінде келіседі не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады және қажетті тергеу әрекеттерін және процестік әрекеттерді жүргізу туралы көрсете отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулы прокурормен келісілген жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұл туралы процеске қатысушыларды хабардар етеді.
Қылмыстық істің материалдарын талап етіп алдыру және зерделеу қажет болған жағдайларда, келісу немесе келісуден бас тарту туралы шешімді прокурор он тәулік ішінде қабылдайды.
9. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің үзілген мерзімдері оларды үзуге негіз болған мән-жайлар жойылған кезден бастап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысымен қайта басталады, бұл туралы прокурор жазбаша хабардар етіледі.
Ескертпе: Қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге кедергi келтiретiн еңсерілмейтін күштің әрекеті деп табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды түсiнген жөн.
Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.46-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi аяқтау
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудің толық тоқтатылғаны туралы қаулы күшiне енген;
2) егер iс бойынша үкiмді немесе басқа да қорытынды шешiмді орындау бойынша арнаулы шаралар қабылдау талап етілмесе, ол күшіне енген;
3) егер iс бойынша үкiмді немесе басқа да қорытынды шешiмді орындау бойынша арнаулы шаралар қабылдау талап етілсе, оның орындауға келтірілгені туралы растау алынған кезден бастап аяқталады.
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында осы Кодексте және басқа да заңнамада көзделген, мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынатын мәлiметтердi қорғау жөнiндегi шаралар қолданылады.
2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi хабарлауды немесе беруді ұсынған тұлғалар көрсетiлген талапты орындаудан мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қажеттiгiне сiлтеме жасай отырып бас тарта алмайды. Қылмыстық процестi жүргізетін орган тұлғадан көрсетілген хабарларды немесе мәліметтерді алғанға дейін тиісті процестік әрекеттің хаттамасында жазба жасауға және тұлғадан көрсетілген мәліметтерді қылмыстық іс бойынша іс жүргізу үшін ғана алу қажеттілігі туралы және алынған мәліметтерге қатысты құпиялықты заңда көзделген тәртіппен сақтау туралы қол қойдыра отырып, онымен таныстыруға міндетті.
3. Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге жіберу тәртiбi заңнамада айқындалады.
4. Егер алқабилер қатысатын сот қарайтын қылмыстық iстiң материалдарында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер болған жағдайда, сот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган төрағалық етушінің жазбаша өкiмi бойынша алқабилерді мемлекеттік құпияларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жіберудi ресiмдейдi.
5. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қамтитын дәлелдемелер соттың жабық отырысында зерттеледi.
6. Заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын, сондай-ақ жеке өмiрдiң интимдік жақтарын ашатын мәлiметтерді қамтитын дәлелдемелер көрсетілген мәлiметтердiң жариялану қаупi төнген адамдардың өтінішхаты бойынша соттың жабық отырысында зерттелуi мүмкiн.
7. Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты бұзудың, жеке немесе отбасылық құпияны жариялаудың салдарынан адамға келтiрiлген зиян заңда көзделген тәртiппен өтелуге жатады.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiнiң құпиялығын сақтау тәртiбi осы Кодекстiң 201-бабында айқындалады.
9. Істегі қылмыстық процеске қатысушыларға табыс етілуге жататын, мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтер бар процестік құжаттардың көшірмелері олармен танысқаннан кейiн iспен бiрге сақталады және сот отырысы кезiнде қылмыстық процеске қатысушыларға табыс етіледі.
10. Сот үкімде немесе қаулыда мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын іс материалдарына сілтеме жасай отырып, олардың мазмұнын ашпайды.
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6-тарау. ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР
1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу, күзетпен ұстау, үйқамақ және медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыстан тыс уақыт та кiредi.
4. Тәуліктермен есептелетін мерзім оның соңғы тәуліктерінің жиырма төрт сағатында бітеді. Айлармен есептелетін мерзім оның соңғы айының тиісті айы мен күнінде бітеді. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Жылдармен есептелетін мерзім оның соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Ұстап алу, күзетпен, ұстау, үйқамақ және медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу кезіндегі мерзімдерді есептеу жағдайларын қоспағанда, мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.
5. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдiк бойынша ұстап алған кезде мерзiм осы шара нақты қолданылған кезден (минутына дейін дәлдікпен сағаттан) бастап есептеледi. Күзетпен ұстау, үйқамақ, сондай-ақ медициналық мекемеде немесе ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымында болу мерзімдерін есептеу кезінде мерзімнің бірінші тәулігі мерзімге қосылады.
49-бап. Мерзiмдi сақтау және ұзарту
1. Егер шағым, өтiнiшхат немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн поштаға тапсырылса, оны қабылдауға уәкiлеттi тұлғаға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталатын не медициналық ұйымға орналастырылған адамдар үшiн, егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өткізіп алынған болып есептелмейді. Шағымды немесе өзге де құжатты поштаға тапсыру уақыты – пошта мөртабаны бойынша, ал оларды қабылдауға уәкiлеттi тұлғаға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне тапсыру уақыты осы ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады.
2. Лауазымды адамдардың белгiленген мерзiмдi сақтауы процестік құжаттардағы тиiсті нұсқаумен расталады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын адамдарға табыс етілуге жататын құжаттардың алынғандығы олардың iске қоса тiгiлген қолхатымен расталады.
3. Процестік мерзiмдер осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана ұзартылуы мүмкін.
50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбi
1. Қылмыстық процеске қатысушылардың мерзiм аяқталғаннан кейiн жасаған процестік әрекеттерi жарамсыз болып есептеледі.
2. Дәлелдi себеппен өткiзiлiп алынған мерзiм мүдделi тұлғаның өтiнiшхаты бойынша, іс жүргізуінде іс жатқан анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл ретте мерзiм, егер қылмыстық процестi жүргізетін органның тиiстi шешiмiнде өзгеше көзделмесе, басқа тұлғалар емес, оны өткiзiп алған тұлға үшiн қалпына келтiрiледi.
3. Белгiленген мерзiмді өткiзiп алып шағым жасалған шешiмдi орындау мүдделi тұлғаның өтiнiшхаты бойынша өткізіп алынған мерзiмдi қалпына келтiру туралы мәселе шешiлгенге дейiн тоқтатыла тұруы мүмкiн.
4. Мерзiмдi қалпына келтiруден бас тартуға осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК
ОРГАНДАР МЕН АДАМДАР
7-тарау. СОТ
1. Сот билiгi органы бола отырып, сот қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін жүзеге асырады.
2. Кез келген қылмыстық iсті соттың заңды, тәуелсiз, құзыреттi және бейтарап құрамы ғана қарай алады, бұл осы Кодексте белгiленген:
1) нақты iстердiң соттылығын айқындау;
2) нақты қылмыстық iстердi қарау үшiн соттың құрамын жасақтау;
3) судьяларға қарсылық білдіру;
4) iстi шешу функциясын айыптау және қорғау функцияларынан бөлектеу қағидаларын сақтау арқылы қамтамасыз етiледi.
3. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлік үшінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
облыстық және оларға теңестiрiлген соттар, Әскери сот;
аудандық және оларға теңестірілген соттар;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, мамандандырылған тергеу соттары, мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары жүзеге асырады.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды – судья жеке-дара, ал аса ауыр қылмыстар бойынша:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, айыпталушының өтінішхаты бойынша сот алқабилердің қатысуымен бір судья және он алқаби құрамында жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді де айыпталушының өтінішхаты бойынша сот алқабилердің қатысуымен бір судья және он алқаби құрамында қарайды.
2. Ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау құрамында алқаның кемінде үш судьясы болатын алқалы түрде жүзеге асырылады, ал қысқартылған тәртіппен немесе бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралған қылмыстық терiс қылықтар және онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша, үкімді орындау мәселелері бойынша соттың үкімдеріне, қаулыларына, тергеу судьясының қаулыларына берілген шағымдарды, прокурорлардың өтінішхаттарын қарау кезінде судья жеке-дара жүзеге асырады.
Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе сырқаттанып қалуына байланысты болмаған кезде көрсетілген істерді алқалы түрде қарау кезінде оған сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасының міндеттерін атқаруды жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді.
Егер апелляциялық алқаның төрағасы осы Кодекстің 87-бабында көзделген негіздер бойынша немесе өзге де мән-жайлардың болуына байланысты істі апелляциялық сатыда қарауға қатыса алмаса, онда оның тапсырмасы бойынша осы істі алқалы қарау кезінде алқа судьяларының бірі төрағалық етеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Кассациялық сатыдағы сотта iстердi қарау алқалы сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьяларының тақ санды (кемінде үш) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлікті екінші абзацпен толықтыру көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Осы Кодекстің 484-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша істерді қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен судьялардың тақ санды (кемінде жеті) алқалы сот құрамымен жүргізіледі.
5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстің 504-бабында көзделген қағидаларға сәйкес айқындалады.
6. Үкімді орындау және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде туындайтын мәселелерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.
7. Бір алқада судьялардың саны олардың істі қарауға қатысуға кедергі болатын мән-жайларға байланысты істі алқалы түрде қарауды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісінше Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстық және оған теңестірілген соттың төрағалары істі қарауға қатысуға басқа алқаның судьяларын тартуға құқылы.
Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.53-бап. Соттың өкілеттіктері
1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттіктері заңда айқындалады.
2. Тек сот қана:
1) адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп тануға және оған жаза тағайындауға;
2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;
3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге;
4) сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға;
5) күдіктіге, айыпталушыға қатысты тергеуші, анықтаушы, анықтау органы, прокурор таңдаған күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауға және олардың мерзімдерін ұзартуға;
5-1) жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді және оның мерзімдерін ұзартуды санкциялауға, сондай-ақ адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімін ұзартуға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім беруге;
6) күдіктіге, айыпталушыға қатысты лауазымынан уақытша шеттету және жақындауға тыйым салу түрінде процестік мәжбүрлеу шараларын санкциялауға;
7) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға;
8) мәйітті эксгумациялауды санкциялауға, халықаралық іздестіру жариялауға, мүлікке тыйым салуға, қарап-тексеруге, тінтуге, алуға және жеке тінтуге;
9) үлгілерді мәжбүрлеп алуды және мәжбүрлеп куәландыруды санкциялауға құқықты.
3. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен:
1) қылмыстық қудалау органының, прокурордың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды;
2) прокурордың, қорғаушының өтінішхаты бойынша куә мен жәбірленушінің айғақтарын сақтауға қояды;
3) ақшалай және әкімшілік өндіріп алуларды қолданады;
4) үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарайды;
5) прокурордың заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы өтінішхатын қарайды.
4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға ықпал еткен мән-жайлар, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жекеше қаулы шығарып, онда қажетті шаралар қолдануды талап ететін осы мән-жайлар мен заң бұзу фактілеріне тиісті ұйымдардың немесе тұлғалардың назарын аударады. Егер сот мұны қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жекеше қаулы шығаруға құқылы.
5. Төмен тұрған соттың (судьяның) атына жекеше қаулы шығарылмайды. Төмен тұрған сот жол берген, үкімнің, қаулының күшін жоюға немесе оны өзгертуге әкеп соққан, заң бұзушылықтар туралы жоғары тұрған сот сатысының сот актілерінде көрсетіледі. Басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар не әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын іс-әрекеттер құрамын құрайтын іс-әрекеттер жасау фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қолдану үшін тиісті прокурордың атына жекеше қаулы шығарады.
6. Заңда көзделген жағдайларда, судьяның қаралып жатқан істер бойынша, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін және жасырын тергеу іс-қимылдарын ұйымдастыру, нақты жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу іс-қимылдары, ақпарат көздері мен оларды алу тәсілдері туралы жария етуге жатпайтын мәліметтерді қоспағанда, анықтау органдарының қаралып жатқан іске қатысты жедел есепке алу істерін, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу іс-қимылдарының материалдарын талап етіп алдыруға және олармен танысуға құқығы бар.
Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.1. Өз құзыретi шегiнде iстi жеке-дара қарайтын, соттың отырысын дайындау немесе оның үкiмiнiң немесе басқа да шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде өкім жасау әрекеттерін жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 53-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген өтiнiшхаттар мен шағымдарды шешетiн судьяға соттың өкiлеттiктерi тиесiлi болады.
2. Iстi судьялар алқасының құрамында қарайтын судья қаралатын іске байланысты туындайтын барлық мәселелердi шешу кезiнде төрағалық етушiмен және басқа да судьялармен тең құқықтарды пайдаланады. Судья қаралатын мәселелер бойынша басқа судьялардың пікірімен келіспеген кезде, өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы, ол конвертке салынып мөрленіп, қылмыстық іске қосып тігіледі. Тек жоғары тұрған соттың ғана істі қарау кезінде конвертті ашуына және судьяның ерекше пікірімен танысуына жол беріледі.
3. Тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адамдар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жатады. Тергеу судьясын алмастыру қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін.
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктері
1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте көзделген жағдайларда мынадай:
1) күзетпен ұстауды санкциялау;
2) үйқамақты санкциялау;
3) лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау;
4) жақындауға тыйым салуды санкциялау;
5) экстрадициялық қамақты санкциялау;
5-1) жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін ұзартуды санкциялау;
5-2) осы Кодекстің 234-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурордың өтінішхаты бойынша жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату;
6) күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту;
7) кепіл қолдануды санкциялау;
8) мүлікке тыйым салуды санкциялау;
9) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру;
10) бұрын өзіне қатысты күзетпен ұстау қолданылған адамның психикалық ауру фактісі анықталған кезде, оны ауруларды қатаң оқшаулау жағдайында ұстауға лайықталған, психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру;
11) мәйітті эксгумациялау;
12) күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау мәселелерін қарайды;
13) қарап-тексеруді санкциялау;
14) тінтуді санкциялау;
15) алуды санкциялау;
16) жеке тінтуді санкциялау;
17) мәжбүрлеп куәландыруды санкциялау;
18) үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау мәселелерін қарайды.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу судьясы:
1) анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды қарайды;
2) тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ сақталуы елеулі материалдық шығындарды қажет ететін заттай дәлелдемелерді өткізу туралы мәселені қарайды;
3) сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәның айғақтарын сақтауға қояды;
4) адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, сотқа дейінгі іс жүргізуде процестік міндеттерді орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын тұлғаларға ақшалай өндіріп алуды қолданады;
5) прокурордың ұсынуымен қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені қарайды;
6) сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы, жәбiрленушiнiң өкілі ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру және қылмыстық іске қосып тігу туралы мәселені қарайды;
7) қорғаушы, жәбiрленушiнiң өкілі ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша сараптама тағайындау не қылмыстық қудалау органының, жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, оның ішінде, егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылдамаса, өзге тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы мәселені қарайды;
8) қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куәні, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, мәжбүрлеп әкелу туралы мәселені қарайды;
8-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімін бір жылға дейін ұзарту туралы мәселені қарайды;
8-2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісім береді;
9) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.
3. Алып тасталды - 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
56-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін осы Кодекстің осы бабының қағидаларына және тиісті баптарында көзделген ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырады.
2. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.
Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, не прокурордың немесе қорғау тарапының өтінішхаты болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы мәселені шешеді.
Осы Кодекстiң 55-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 5) және 6) тармақтарында, екiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi қарау кезiнде сот отырысын өткiзу мiндеттi.
Қорғау тарапының, жәбірленуші өкілінің өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілген мәселені қарау үшін сот отырысын тағайындау, сол бір мәселе бойынша қайта берілген, жаңа дәлелдер қамтылмаған шағымдарды қоспағанда, қорғау тарапы, жәбірленушінің өкілі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешіміне шағым жасайтын адамдарды тергеу судьясының тыңдауы қажет болған жағдайда міндетті болып табылады.
Сот отырысы тағайындалған жағдайда оның уақыты мен орны туралы қорғау тарапына, жәбірленушінің өкіліне және прокурорға алдын ала хабарланады.
Сот отырысы тергеу судьясының өкімі бойынша бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.
3. Тергеу судьясы:
1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын органнан қаралып жатқан мәселе бойынша қосымша ақпаратты талап етуге;
2) тиісті сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға және оларды зерттеуге;
3) процеске қатысушыларды сот отырысына шақыруға және олардан қылмыстық іс бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы.
4. Тергеу судьясы осы Кодекске сәйкес істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеп-тексеру бағыты және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың және қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ істі мәні бойынша қарайтын соттың орнына әрекет жасауға және шешім қабылдауға тиіс емес.
5. Күдікті өзіне азаптау және басқа да заңсыз әрекеттер қолданылғаны туралы арызданған немесе онда күш қолданудың іздері болған кезде тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға көрсетілген фактілерді дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті.
6. Адамның құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу немесе өзге де бұзу фактілері анықталған кезде тергеу судьясы заң бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін жекеше қаулы шығарады.
Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.57-бап. Iс бойынша төрағалық етушi
1. Қылмыстық iстi судьялар алқасының құрамында қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не заңда көзделген тәртiппен осыған уәкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi.
Iстi жеке-дара қарап жатқан судья төрағалық етушi болып есептеледі.
2. Төрағалық етушi сот отырысының барысына басшылық етедi, қылмыстық iстiң әдiл қаралуын қамтамасыз ету және осы Кодекстiң басқа да талаптарының, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық тұлғалардың тиісті мінез-құлқының сақталуы үшін барлық шараларды қолданады.
3. Сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерi процестің барлық қатысушылары және сот залында қатысып отырған өзге де тұлғалар үшiн мiндеттi.
8-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАР
1. Прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ мемлекет атынан қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық қудалауды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына және осы Кодекске сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам: осы Кодексте белгіленген өкілеттіктерге сәйкес әрекет ететін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары, орынбасарлары, олардың аға көмекшілері мен көмекшілері, прокуратура органдарының активтерді қайтару жөніндегі ведомствосының бірінші басшысы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Бас әскери және Бас көлік прокурорлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың прокурорлары және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары, олардың орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорлары, аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға прокурорлар мен прокурорлар. Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысатын прокурор айыптауды қолдау арқылы мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекеттiк айыптаушы болып табылады.
2. Прокурор күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе олардың әрекеттері үшiн мүлiктiк жауаптылықта болатын тұлғаға:
1) өзiнiң дәрменсiз күйіне, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға тәуелдi болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетiнше пайдалануға қабiлетсіз жәбiрленушiнiң;
2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғап талап қоюға құқылы.
3. Негіздер болған кезде және осы Кодексте көзделген тәртіппен, прокурор өз қаулысымен істерді өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте, тергеушінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды осыған уәкілеттік берілген прокурор жүзеге асырады.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және соттың істі қарауы кезіндегі прокурордың өкілеттіктері 158 (сегізінші бөлікте), 165 (сегізінші бөлікте), 186 (екінші және үшінші бөліктерде), 187 (сегізінші бөлікте), 190 (жетінші бөлікте), 192, 192-2 (алтыншы және жетінші бөліктерде), 193, 194 (үшінші бөлікте), 195 (бесінші бөлікте), 196 (екінші бөлікте), 202, 203, 234 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерде), 290, 301, 302, 302-1, 303, 304 және 305, 321 (алтыншы бөлікте), 337, 414 (екінші бөлікте), 428 (алтыншы бөлікте), 429 (жетінші бөлікте), 478 (бесінші бөлікте), 480 (алтыншы бөлікте), 484, 486, 494 (бесінші бөлікте), 502 (бірінші бөлікте), 518 (бесінші бөлікте)-баптарда, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-тарауларда, 628 (бірінші бөлікте), 643 (сегізінші бөлікте), 668 (алтыншы бөлікте)-баптарда, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге жағдайларда айқындалады.
5. Прокурор өзiнiң процестік өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде тәуелсiз болады және заңға ғана бағынады.
6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз құзыретi шегiнде осы Кодекстің нормаларын қолдану мәселелерi бойынша, оның ішінде қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу мәселелері бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз құзыретi шегiнде қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер қылмыстық қудалау органдарының орындауы үшін міндетті.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi олардың құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсу бойынша қабылданады.
Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.59-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы
1. Тергеу бөлiмiнiң бастығы – сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң бастығы және оның өз құзыретi шегiнде әрекет ететін орынбасарлары.
2. Тергеу бөлiмiнiң бастығы:
1) тергеу жүргізуді немесе сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді тергеушiге тапсыруға;
2) тергеушiнiң өз іс жүргiзуiндегi iстер бойынша тергеу әрекеттерін орындауының уақтылығына, тергеушiнiң тергеп-тексеру және күзетпен ұстау мерзiмдерiн сақтауына, прокурор нұсқауларының, басқа да тергеушiлер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
3) тергеп-тексеру жүргiзудi бiрнеше тергеушiге тапсыруға;
4) тергеушiнi iс бойынша iс жүргiзуден шеттетуге;
5) қылмыстық істерді зерделеуге және олар бойынша нұсқаулар беруге;
6) өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты, алдын ала тергеудi жүзеге асыратын органның бiр тергеу бөлiмшесiнен қылмыстық iстi алуға және алдын ала тергеудi жүзеге асыратын, өзiне бағынысты осы не өзге органның басқа тергеу бөлiмшесiне беруге;
7) прокурорға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істерді, сондай-ақ бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен аяқталған қылмыстық істерді жіберуге;
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
8) тергеушінің негізсіз процестік шешімінің күшін жою туралы өтінішхатпен прокурорға өтініш жасауға;
8-1) прокурорға тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы өтініш жасауға;
9) өз құзыреті шегінде анықтау органдарына орындау үшін міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар беруге;
10) тергеушінің әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдарды қарауға уәкілетті.
3. Тергеу бөлiмiнiң бастығы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте тергеушiнiң өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргiзуге құқылы.
4. Тергеу бөлiмi бастығының iс бойынша нұсқаулары тергеушiнiң осы Кодекстiң 60-бабында белгiленген дербестiгiн, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқауларды орындау мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде жоғары тұрған тергеу бөлімінің бастығына немесе прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануы және күдік келтіру көлемі, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық істі тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, тергеушiнiң тергеу бөлiмi бастығының әрекеттерiне шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 4-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
1. Тергеушi – қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам: iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі және экономикалық тергеу қызметінің тергеушiсi, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – прокурор.
2. Тергеушi өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап, ол бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға және осы Кодексте көзделген барлық тергеу әрекеттерін орындауға құқылы.
3. Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдануға, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды күдіктінің іс-әрекетін саралау, осы Кодекске сәйкес оған бұлтартпау шараларын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары баяндалған, жинақталған дәлелдер сипатталған сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда, тергеуші прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді. Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде тергеуші бұйрықтық іс жүргізуді қолданады.
Ескерту. 3-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
4. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолдануға міндетті.
5. Қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа тұлғалардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолдануға міндетті.
6. Тергеушi анықтау органдарының кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн орындауын күтпей-ақ, кез келген сәтте өз қаулысымен iсті өзінің іс жүргiзуіне қабылдауға және оны тергеп-тексеруге кiрiсуге құқылы.
7. Заңда прокурордың келісімін, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеушi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде барлық шешiмдi өзі дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы орындалуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа алып келеді.
Қылмыстық іс бойынша тергеуші өз өкілеттіктері шегінде шығарған қаулы, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы тапсырмалар мен нұсқаулар барлық ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауы үшін міндетті.
8. Тергеуші тергеп-тексерілетін іс бойынша прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол жоғары тұрған прокурорға бұл жөнінде шағым жасауға құқылы.
Прокурордың процестік шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған прокурорға шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
9. Тергеушiнің өзі тергеп-тексеретін iстер бойынша анықтау органдарының тергеп-тексерілiп жатқан iске қатысты жедел есепке алу істерімен және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен танысуға, оларды осы Кодексте белгіленген тәртіппен осы іске қосып тігу үшін талап етіп алдыруға, анықтау органдарына орындау үшiн мiндеттi, iздестiру, тергеу және жасырын тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге құқығы бар.
Ескерту. 60-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына:
1) заңда белгiленген құзыретiне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын қолдану;
2) алдын ала тергеу жүргiзілетін iстер бойынша осы Кодекстiң 196-бабында көзделген тәртiппен қылмыстық-процестік және iздестiру іс-шараларын орындау;
3) алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша осы Кодекстiң 191-бабында көзделген тәртiппен анықтау;
4) осы Кодекстiң 190-бабында белгіленген сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүзеге асыру;
5) қылмыстық теріс қылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді хаттамалық нысанда жүзеге асыру;
6) осы Кодекстің 189-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу ісін жүргізу жүктеледі.
2. Мыналар анықтау органдары болып табылады:
1) iшкi iстер органдары;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;
3-1) экономикалық тергеу қызметі;
4) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);5) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персонал адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – әскери полиция органдары;
арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша да – Қарулы Күштердің әскери полиция органдары;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – шекаралық қызмет органдары;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген, өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персонал адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – әскери полиция органы болмаған жағдайда, әскери бөлiмдердiң, құрамалардың командирлерi, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
8) өздерiнiң қызметкерлерi болу елдерінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары;
9) күзетілетін іс-шаралар өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
10) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);11) өртке байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша – мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары.
3. Көлiк қатынасы болмаған кезеңде – анықтау органының барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгі iс жүргiзу және кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерін орындау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi алысқа жүзу сапарындағы теңiз кемелерiнiң капитандарына, геологиялық-барлау партияларының, осы баптың екiншi бөлiгiнде тізбеленген анықтау органдарынан алыстағы басқа мемлекеттiк ұйымдар мен олардың бөлiмшелерiнiң басшыларына да жүктеледi.
Ескерту. 61-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.62-бап. Анықтау органының бастығы
1. Осы Кодекстiң 191-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша сотқа дейiнгі тергеп-тексеру барысында анықтау органы бастығының өкiлеттiктеріне өз құзыретi шегiнде Бас анықтау органы басқармасының (департаментінiң), анықтау органы басқармасының, бөлімінің бастығы және олардың орынбасарлары ие болады.
2. Анықтау органының бастығы қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерiн және оларды жасаған адамдарды анықтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажеттi жедел-iздестiру, қылмыстық-процестік, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастырады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жедел-іздестіру іс-шараларының, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұсынады.
3. Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша:
1) кезек күттiрмейтiн тергеу әрекеттерiн жүргiзудi қамтамасыз етедi;
2) прокурордың, тергеу бөлімі бастығының, тергеушiнiң тапсырмаларын, оның iшiнде жекелеген тергеу ісін және өзге де әрекеттер жүргiзу және жәбiрленушiлердi, куәларды, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдарды қорғау шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауды ұйымдастырады;
3) сот тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады.
Анықтау органының бастығы прокурордың процестік шешімдерімен, әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, ол жоғары тұрған прокурорға бұл жөнінде шағым жасауға құқылы.
4. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерілуін анықтау органдары жүзеге асыратын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау органының бастығы анықтаушылардың әрекеттерiнiң уақтылығын және заңдылығын бақылайды және:
1) олардың iс жүргiзуiндегi iстердi тексеруге;
2) жекелеген тергеу және өзге де процестік әрекеттерді жүргiзу, күдіктінің іс-әрекетін саралау, iстердi, материалдарды бiр анықтаушыдан екiншiсiне беру туралы нұсқау беруге;
3) анықтауды бiрнеше анықтаушыға тапсыруға;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға және бұл ретте iстi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдап не жекелеген процестік әрекеттерді орындай отырып, анықтауды жеке өзі жүргiзуге;
5) анықтаушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарауға;
6) прокурорға тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы өтініш жасауға құқылы.
5. Анықтау органының бастығы мүлiкке тыйым салуды қолдану, халықаралық іздестіру жариялау, күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, айыпталушыны стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жiберу, күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасын таңдау, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту; күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою; тінту жүргізу; күдіктіні, айыпталушыны лауазымынан шеттету; жақындауға тыйым салу; күдіктіні, айыпталушыны этаппен апару; күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулыларды келіседі; қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтiрiлген адамдарды ұстап алу туралы хаттаманы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыны бекітеді; сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді; прокурорға қылмыстық теріс қылықтар туралы хаттамалық нысандағы және бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істерді жібереді; бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыларды келіседі және оларды прокурорға жібереді; қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою жөнiнде шаралар қабылдауды қамтамасыз етедi.
Осы Кодексте көзделген жағдайларда анықтау органының бастығы прокурорды процестік келісім жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлардың анықталғаны туралы хабардар етеді.
Осы Кодексте көзделген негіздер болған кезде анықтау органының бастығы бұйрықтық іс жүргізуді қолданады.
Ескерту. 5-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
6. Анықтау органы бастығының іс бойынша нұсқаулары анықтаушының осы Кодекстiң 63-бабында белгiленген дербестiгiн, оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқаулар жазбаша нысанда берiледi және олардың орындалуы мiндеттi, бiрақ бұл жөнiнде прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Осы Кодекстің 63-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, анықтаушының прокурорға анықтау органы бастығының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым жасауы олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.1. Анықтаушы – iс бойынша өз құзыретiнiң шегiнде сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адам.
2. Анықтаушы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне қабылдап алуға және осы Кодексте айқындалған нысандарда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға, заңда тергеу және басқа да процестік әрекеттерді анықтау органы бастығының бекiтуi не келісуі көзделген не прокурордың келісімі, соттың, тергеу судьясының санкциясы немесе соттың шешiмi көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жүргiзу туралы шешiмді дербес қабылдауға құқылы.
3. Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде анықтаушы осы Кодекстің 190, 191, 192-1 және 192-2-баптарында көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, алдын ала тергеу жүргiзу үшiн осы Кодексте көзделген қағидаларды басшылыққа алады.
4. Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргiзiлетін iстер бойынша анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерiн жүргiзуге уәкілетті, ол туралы жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге мiндеттi.
5. Анықтаушы соттың, прокурордың, алдын ала тергеу органының және анықтау органының жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы, қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті. Үкімнің азаматтық талап қою, басқа да мүліктік өндіріп алулар немесе мүлікті ықтимал тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында анықтаушы күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкін анықтауға шаралар қолдануға міндетті.
6. Анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшiн мiндеттi. Анықтау органы бастығының қылмыстық iстер жөнiндегi нұсқауларына прокурорға шағым жасалуы мүмкiн. Нұсқауларға шағым жасалуы, күдіктінің іс-әрекетін саралау және күдік көлемi, қылмыстық істі айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық iстi тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 6-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
9-тарау. ӨЗ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІН НЕМЕСЕ ӨЗДЕРІ ӨКІЛДІК
ЕТЕТІН ҚҰҚЫҚТАР МЕН МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАП ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
1. Мыналар:
1) өзіне қатысты күдікті ретінде тану туралы прокурормен келісілген қаулы шығарылған;
1-1) прокурор адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тартқан кезге дейін осы Кодекстің 202-бабының 1-2-бөлігінде көзделген тәртіппен күдікті ретінде жауап алынған;
2) осы Кодекстің 131-бабының тәртібімен ұстап алынған;
3) өзіне қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы прокурор не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурормен келісілген қаулы шығарған;
4) қылмыстық теріс қылық немесе осы Кодекстің 191-бабының екінші – 11-1-бөліктерінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген күдіктің болуына байланысты жауап алынған адам күдікті болып табылады.
2. Қылмыстық қудалау органы ұстап алу кезінде, күдіктінің қатысуымен кез келген тергеу әрекеттерін жүргізуді бастамас бұрын дереу күдіктіге оның осы Кодексте көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, ол туралы ұстап алу хаттамасында, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады.
3. Күдікті ұстап алынған жағдайда ұстап алу туралы хаттама жасалған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрiлмей, оның өзi таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен алғашқы жауап алуға дейiн оңаша және құпия кездесу құқығы қамтамасыз етiле отырып, одан жауап алынуға тиiс. Ұстап алынған күдікті өзiнiң тұрғылықты жерiне немесе жұмыс орнына өзiнiң ұсталғандығы және ұсталып отырған жерi туралы телефон арқылы немесе өзге де тәсiлмен дереу хабарлауға құқылы.
Ұстап алу туралы хабар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауға негіздер болған кезде, ұстап алуды жүзеге асырған қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы ұстап алынған адамның кәмелетке толған отбасы мүшелерін, жақын туыстарын өзі хабардар ете алады. Мұндай хабарлау кейінге қалдырылмай жасалуға тиіс.
Осындай хабарлау фактісі туралы ұстап алу хаттамасында белгі жасалады, онда ұстап алынғаны туралы хабарлаудың уақыты мен тәсілі көрсетіледі.
4. Күдікті қылмыстық қудалау органына келуден жалтарған жағдайда, одан күдіктің мәні бойынша ол күштеп әкелінгеннен кейін дереу, ал қалған жағдайларда – қорғаушымен оңаша кездесу құқығын сақтай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталардан кешіктірілмей жауап алынуға тиіс.
5. Күдіктіден оған қарсы қолда бар күдікке қатысты, сол сияқты іс бойынша маңызы бар, оған белгілі өзге де мән-жайлар және дәлелдемелер жөнінде жауап алынуға тиіс.
6. Егер күдікті бірінші жауап алу басталғанға дейін өзінің айғақтар беруден бас тарту құқығын пайдаланбаса, оған өзінің айғақтары қылмыстық процесте, оның ішінде кейіннен ол осы айғақтардан бас тартқан кезде де дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы ескертілуге тиіс.
7. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдікті негізсіз деп тапса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен оған қатысты қолданылған процестік мәжбүрлеу шараларының күшін жоюға дереу шаралар қолдануға міндетті.
8. Адамның күдікті жағдайында болуы ол айыпталушы мәртебесін алған немесе оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
9. Күдікті:
1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге;
6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге;
7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға;
8) айғақ беруден бас тартуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;
10) дәлелдемелерді ұсынуға;
11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
13-1) өзіне қатысты сотқа дейінгі пробацияны жүргізу үшін пробация қызметіне жүгінуге;
14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға;
15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға;
16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға;
16-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге;
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 04.05.2024 № 43-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.
17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге;
18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге;
19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға;
21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;
22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;
23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға;
24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы.
10. Күдіктiнiң қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң болуы күдiктiнiң қандай да бір құқығын жоюға немесе шектеуге негiз бола алмайды.
Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 30.12.2016 № 39-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Өзiне қатысты:
1) прокурор айыптау актісін жасаған;
Ескерту. 1) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
2) прокурор бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын бекіткен және қылмыстық істі қылмыстық заңның тиісті бабы (баптары) бойынша сотқа жіберу туралы шешім қабылдаған;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 617-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен процестік келісім жасасу арқылы аяқталған адам айыпталушы болып танылады.
4) алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.2. Өзіне қатысты сот талқылауы тағайындалған, ал жекеше айыптау істері бойынша өзіне қатысты шағымды сот өзінің іс жүргізуіне қабылдаған айыпталушы сотталушы деп аталады.
3. Өзіне қатысты айыптау үкiмi шығарылған сотталушы сотталған адам деп аталады.
4. Өзіне қатысты ақтау үкiмi шығарылған айыпталушы ақталған адам деп аталады.
5. Айыпталушы осы Кодекстің 64-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген құқықтарды пайдалануға, сондай-ақ:
1) өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуге;
2) прокурор жасаған айыптау актісінің, прокурор бекіткен қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманың, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін алуға;
Ескерту. 2) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
3) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндікке ие болуға;
4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;
5) тергеп-тексерудің кез келген сатысында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға, процестік келісімнің көшірмесін алуға;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда, қылмыстық істі алқабилер қатысатын соттың қарауы туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
6. Сотталушының:
1) бірінші және апелляциялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;
2) қорғаушы тараптың барлық құқықтарын, сондай-ақ соңғы сөз құқығын пайдалануға;
3) сот талқылауының кез келген сатысында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға;
4) жасалған процестік келісімнен сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткен кезге дейін бас тартуға;
5) жария сот талқылауын талап етуге;
6) істі тоқтатуға қарсылық білдіруге құқығы бар.
7. Сотталған адамның немесе ақталған адамның:
1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
2) соттың үкіміне, қаулысына, судьяның қаулысына шағым жасауға және шағым жасалған шешімдердің көшірмелерін алуға;
3) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге;
4) келтірілген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
5) ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға құқығы бар.
8. Айыпталушыда қорғаушысының немесе заңды өкiлiнiң болуы айыпталушының қандай да бір құқығын жоюға немесе шектеуге негiз бола алмайды.
Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.65-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куә
1. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған адам ретінде көрсетілсе не қылмыстық процеске қатысатын куә оған қарсы айғақтар берсе, бірақ бұл адамға процестік ұстап алу қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, онда ол қорғалуға құқығы бар куә мәртебесін алады.
2. Қорғалуға құқығы бар куәнің:
1) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан қорғалуға құқығы бар куәнің мәртебесі туралы түсіндірме алуға;
3) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптама тағайындау туралы қаулымен танысуға;
4) осы Кодексте көзделген жағдайларда сараптаманың қорытындысымен танысуға;
5) айғақтар беруден бас тартуға;
6) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірілген адамдары арқылы қорғаушы ретінде адвокат шақыруға;
7) қорғаушысының қатысуымен айғақтар беруге;
8) ана тiлiнде немесе өзi білетін тiлде айғақтар беруге;
9) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;
10) жауап алу хаттамасына өз айғақтарын өз қолымен жазуға;
11) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарын, сондай-ақ оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен танысуға;
12) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге, дәлелдемелер ұсынуға;
13) өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты, оның ішінде сараптама жүргізу және қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
14) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
15) өзіне қарсы куә болғандармен беттесуге;
16) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге құқығы бар.
3. Қорғалуға құқығы бар куә: соттың, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша келуге; тергеу әрекеттері жүргізілген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
4. Осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, қорғалуға құқығы бар куәні сараптамаға немесе куәландырылуға тартуға болмайды.
5. Қорғалуға құқығы бар куәге қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.
Ескерту. 65-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Қорғаушы – қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның құқықтары мен мүдделерiн заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оларға қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде заң көмегiн көрсететiн адам.
2. Адвокат қорғаушы ретiнде қатысады. Адвокат қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысқан кезде қорғалуға құқығы бар куәның, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның жазбаша арызы бойынша оларды адвокатпен қатар қорғауды мына адамдардың біреуі: жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы, қорғаншысы, қамқоршысы не қорғалатын адамды қорғаншылыққа немесе асырауына алған ұйымның өкілі жүзеге асыра алады. Шетелдiк адвокаттардың iске қорғаушылар ретiнде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара түсіністік негiзде көзделсе, заңнамада белгiленген тәртiппен жол берiледi.
3. Адамның қорғалуға құқығы бар куә, күдіктi, айыпталушы мәртебесін алған кезінен бастап, сондай-ақ қылмыстық процестің кез келген келесі кезінде қорғаушы қылмыстық процеске қатысуға құқылы.
4. Егер қорғалуға құқығы бар куәлардың, күдіктiлердiң, айыпталушылардың, сотталушылардың бiреуiнiң мүддесi екiншiсiнiң мүддесiне қайшы келетiн болса, бiр сол адам олардың екеуiне бiрдей қорғаушы бола алмайды.
5. Адвокаттың өзi мойнына алған қорғалуға құқығы бар куәны, күдіктiні немесе айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды қорғаудан бас тартуға құқығы жоқ.
67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы
1. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер:
1) бұл туралы күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам өтiнiшхат берсе;
2) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелеттік жасқа толмаса;
3) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам дене немесе психикалық кемiстiгi салдарынан өзiнiң қорғалу құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса;
4) күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе;
5) адамға жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкiн болатын қылмыс жасады деп күдік келтірілсе, айып тағылса;
6) күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылса немесе олар стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберiлсе;
7) күдіктiлердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың мүдделерi арасында қайшылықтар болып, олардың бiреуiнiң қорғаушысы болса;
8) қылмыстық процеске жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының) немесе азаматтық талапкердің өкiлi қатысса;
9) iс сотта қаралған кезде оған мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса;
10) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және қылмыстық қудалау органдарына немесе сотқа келуден жалтарса;
11) процестік келісім және оны жасасу туралы өтінішхат мәлімделсе, міндетті.
2. Қорғаушының қатысуы осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 6), 10) тармақтарында көзделген жағдайларда – адамды күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам деп таныған кезден бастап, 7) тармағында көзделген жағдайларда – күдіктiлердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, ақталғандардың мүдделерi арасында қайшылық анықталған кезден бастап, 8), 9) тармақтарда көзделген жағдайларда – іске жәбірленушінің өкілі, прокурор қатысқан кезден бастап, 11) тармақта көзделген жағдайларда – күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеген кезден бастап қамтамасыз етiледi.
3. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсыруы бойынша басқа да тұлғалар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргізетін орган процестiң тиiстi сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, бұл туралы ол адвокаттардың кәсiби ұйымы үшiн мiндеттi қаулы шығарады.
Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.68-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, алмастыру, оның еңбегiне ақы төлеу
1. Қорғаушы ретінде адвокатты қорғалуға құқығы бар куә, күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәның, күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның тапсыруы бойынша немесе келiсуiмен басқа да тұлғалар шақырады. Күдiктi, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам қорғалу үшiн бiрнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы.
2. Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның өтініші бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісті қаулыны адвокаттардың кәсіптік ұйымына қағаз жеткізгіште не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжат нысанында жіберу арқылы қамтамасыз етеді.
3. Таңдалған немесе тағайындалған қорғаушы ұзақ мерзiм (кемiнде бес тәулiк) бойы қатыса алмайтын жағдайларда, қылмыстық процестi жүргізетін орган қорғалуға құқығы бар куәға, күдiктiге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны шақыруды ұсынуға немесе адвокаттардың кәсiби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындау шараларын қолдануға құқылы. Қылмыстық процестi жүргізетін органның қорғаушы ретiнде белгiлi бiр адамды шақыруға ұсыныс жасауға құқығы жоқ.
4. Ұстап алу немесе күзетпен қамауға алу жағдайында, егер күдiктi, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам таңдаған қорғаушы жиырма төрт сағаттың iшiнде келе алмайтын болса, қылмыстық процесті жүргізетін орган күдiктiге, сотталушыға, сотталған адамға, ақталған адамға басқа қорғаушыны шақыруды ұсынады, ал одан бас тартылған жағдайда, адвокаттардың кәсiби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушыны тағайындау шараларын қолданады.
5. Адвокаттың еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Қылмыстық процестi жүргізетін орган осыған негiздер болған кезде күдiктiні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған адамды, ақталған адамды заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға міндетті. Бұл жағдайда еңбекке ақы төлеу мемлекет есебiнен жүргiзiледi.
6. Адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе сотқа осы Кодекстiң 67-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда да адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар мемлекеттiң есебiне жатқызылуы мүмкiн.
7. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге бiрнеше қорғаушы қатысқан жағдайда, өзіне қорғаушының қатысуы қажеттi процестік әрекет оған тиiстi күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның қорғаушыларының түгел қатыспауынан заңсыз болып таныла алмайды.
8. Адвокат "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде іске қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады. Осы Кодекстің 66-бабының екінші бөлігінің ережелеріне сәйкес басқа адам өзінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжатты (неке туралы куәлікті, күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.
Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Күдіктi, айыпталушы, сотталушы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде қорғаушыдан бас тартуға құқылы. Осындай бас тартуға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысушы қорғаушының не осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде белгіленген тәртіппен тағайындалған қорғаушының қатысуымен күдіктінің, айыпталушының, сотталушының бастамасы бойынша ғана жол беріледі. Қорғаушыдан заң көмегіне ақы төлеу үшiн қаражаттың жоқтығы себептерінен бас тарту қабылданбайды. Бас тарту жазбаша нысанда ресiмделедi немесе тиiстi тергеу немесе сот әрекетiнiң хаттамасында көрсетiледi.
2. Осы Кодекстiң 67-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 2), 3) 4) және 5) тармақтарында (адамға жазалау шарасы ретiнде өмiр бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкiн қылмыстарды жасады деп күдік келтірілген кезде), 6) тармағында (күдіктіні стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға мәжбүрлеп жiберу кезiнде) көзделген жағдайларда, қылмыстық процестi жүргізетін орган күдіктінің, айыпталушының қорғаушыдан бас тартуын қабылдай алмайды.
3. Қорғаушыдан бас тарту адамды бұдан әрі қорғаушыны қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуға жіберу туралы өтiнiшхат беру құқығынан айырмайды. Қорғаушының процеске кірісуі осы уақытқа дейiн тергеп-тексеру немесе сот талқылауы барысында жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды.
Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.70-бап. Қорғаушының өкiлеттiктерi
1. Қорғаушы күдіктi, айыптауды теріске шығаратын немесе күдіктінің, айыпталушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтау мақсатында қорғаудың барлық заңды құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға және оларға қажетті білікті заң көмегін көрсетуге мiндеттi.
2. Қорғаушы:
1) күдіктімен, айыпталушымен саны мен ұзақтығы шектелмейтін оңаша және құпия кездесуге;
2) осы Кодексте көзделген тәртіппен, қылмыстық іс материалдарына міндетті түрде қоса тігілуге жататын, заң көмегін көрсету үшін қажетті нәрселерді, құжаттарды, мәліметтерді, сондай-ақ өзге де деректерді жинауға және ұсынуға;
3) күдіктіден, айыпталушыдан жауап алуға, сондай-ақ олардың қатысуымен немесе олардың өтінішхаты не қорғаушының өз өтінішхаты бойынша жүргізілетін өзге де тергеу әрекеттеріне және процестік әрекеттерге, оның ішінде қарап-тексеруге, тінтуге, алуға қатысуға, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды жариялау кезінде күдіктіге қатысуға, сондай-ақ осы қаулыларды прокурор келіскеннен кейін олардың көшірмелерін алуға;
4) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 04.05.2024 № 43-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.
5) жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шаралары, жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер қамтылған іс материалдарын қоспағанда, іске кіріскен кезден бастап өзінің қорғауындағы адамға қатысты істің мынадай материалдарымен:
адамның жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызында, хабарында қамтылған дербес деректерді қоспағанда, осындай арызбен, хабармен;
осындай арызда, хабарда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, оларды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу туралы баянатпен;
қорғаудағы адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің және процестік әрекеттердің хаттамаларымен;
бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулымен және бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру туралы сот алдындағы өтінішхатпен танысуға құқылы.
Өзінің қорғауындағы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының:
сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын іс жүргізуге қабылдау;
тергеу, жедел-тергеу тобын құру;
қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізу тілін белгілеу;
оларда қамтылған дербес деректерді қоспағанда, жәбірленуші деп тану;
азаматтық талапкер деп тану;
күдікті деп тану;
күдіктінің іс-әрекетін саралау;
бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қозғау;
қорытынды беру үшін маманды тарту;
сот сараптамасын тағайындау;
мүлікке тыйым салуды қолдану;
сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу;
сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату;
тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау;
қорғау тарапының шағымдарын, өтінішхаттарын қарау нәтижелері;
тінту, алу (олар аяқталғаннан кейін) жүргізу;
тергеу экспериментін жүргізу;
сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу туралы қаулыларының көшірмелерін ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіруге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан алуға құқылы.
Сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен:
маман, сарапшы қорытындысының, өзінің қорғауындағы адамға қатысты қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабардың;
тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығын түсіндіру туралы хабарламаның көшірмелерін түсіруге құқылы.
Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді және айыптау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істің барлық материалымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметтерді жазып алуға, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен көшірмелерін түсіруге құқылы;
6) өтінішхаттарды, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге;
7) кез келген сатыдағы сотта істі алдын ала тыңдауға, сот талқылауына қатысуға, сот жарыссөздерінде сөйлеуге, істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау кезінде, соттың бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы кезінде, күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттарды қарау кезінде, тергеу судьясы қорғаушы тараптың шағымдары мен өтінішхаттарын қараған кезде, айғақтар сақтауға қою кезінде сот отырысына қатысуға;
8) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға құқылы, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға және оған ескерту енгізуге;
9) өзіне және өзінің қорғауындағы адамға табыс етілуге жататын процестік құжаттардың көшірмелерін алуға;
10) қылмыстық процесті жүргізетін адамның және қылмыстық процеске қатысатын өзге де адамдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарсылық білдіруге, бұл қарсылықтарды процестік құжаттарға енгізуді талап етуге;
11) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым келтіруге және оларды қарауға қатысуға;
12) заңға қайшы келмейтін кез келген басқа да қорғау құралдары мен тәсілдерін пайдалануға;
13) қорғауындағы адамның қатысуымен процестік әрекеттің өткізілетін уақыты мен орны туралы, сондай-ақ қорғаушы тараптың шағымдарын, бұлтартпау шарасын қолдану, күзетпен ұстау мерзімін ұзарту, айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхаттарды қарауға байланысты барлық сот отырыстары туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган арқылы күні бұрын хабардар етілуге құқылы.
3. Іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокат осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқықтармен қатар, сондай-ақ:
1) тергеу судьясы алдында куәның және жәбірленушінің айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат беруге;
2) сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда тергеу судьясы алдында, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, күдіктіге, айыпталушыға, қорғалуға құқығы бар куәға білікті заң көмегін көрсету және олардың мүдделерін қорғау үшін қажет кез келген мәліметтерді, құжаттарды, нәрселерді талап етіп алдыру туралы өтінішхат беруге;
3) жасырын тергеу әрекетін қоспағанда, оның ішінде қылмыстық қудалау органы осындай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаса, тергеу судьясының алдында сараптама тағайындау не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тергеу әрекетін жүргізуі туралы өтінішхат беруге;
4) істің мән-жайлары туралы бірдеңе білетін адамдардан сұрақ алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, сұрақ алуға және осылайша алынған нақты деректерді іс материалдарына қосып тігу туралы өтінішхат беруге;
5) сарапшының, маманның іс бойынша қорытындыларын шарттық негізде алуға және осындай қорытындыларды іс материалдарына қосып тігу туралы өтінішхат беруге;
6) тергеу судьясы алдында өзі бұрын сұрақ алған айғақ беру үшін келуін қамтамасыз ету қиындық туғызатын куәны қылмыстық процесті жүргізетін органға мәжбүрлеп әкелу туралы өтінішхат беруге құқылы.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алуды аяқтағаннан кейін тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысатын қорғаушы жауап алынып жатқан адамдарға сұрақтар қоюға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қорғаушының сұрақтарын қабылдамауына болады, бiрақ берiлген сұрақтардың бәрiн хаттамаға енгiзуге мiндеттi. Қорғаушы тергеу әрекетiнiң хаттамасына оның жазбаларының дұрыстығы мен толықтығына байланысты жазбаша ескертулер жасауға құқылы.
Қорғаушы ретінде процестік әрекетті жүргізуге қатысатын адвокат сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қатысуымен қорғалатын адамның өтініші бойынша қысқаша консультациялар беруге құқылы.
5. Қорғаушы: өзiнiң қорғауындағы адамның мүдделерiне қарсы қандай да бір әрекеттер жасауға және оған тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруына кедергi келтіруге; қорғауындағы адамның ұстанымына қарамастан, оның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы барын және оны жасауда кiнәлi екенін мойындауға, қорғауындағы адамның жәбiрленушiмен татуласқаны туралы мәлiмдеуге; азаматтық талап қоюды мойындауға; қорғауындағы адам берген шағымдар мен өтiнiшхаттарды керi қайтарып алуға; заң көмегін көрсетуге өтiнiш бiлдiру және оны жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жариялауға құқылы емес.
6. Қорғаушының осы Кодексте көзделген басқа да құқықтары бар және басқа да мiндеттерi болады.
Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Қылмыстық құқық бұзушылық өзіне тікелей моральдық, тәндік немесе мүлiктiк зиян келтiрдi деп пайымдауға негiзі бар тұлға қылмыстық процесте жәбiрленушi деп танылады.
1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда адамды жәбірленуші деп дереу тануға міндетті.
2. Есi дұрыс емес адам жасаған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекетпен оған зиян келтiрiлген жағдайларда да тұлға жәбiрленушi деп танылады.
3. Тұлға қылмыстық процесте тиісті қаулы шығарылғаннан кейін жәбірленуші деп танылады. Егер қылмыстық процесс барысында оның бұл жағдайда болуына негiздер жоқ екенi анықталса, қылмыстық процестi жүргізетін орган өз қаулысымен тұлғаның жәбiрленушi ретiнде қатысуын тоқтатады.
4. Жәбiрленушiге қылмыстық процесте азаматтық талап қою құқығы түсіндіріледі және оған қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген мүлiктiк зиянды, сондай-ақ оның осы Кодексте белгiленген қағидалар бойынша өкiлге арналған шығыстарын қоса алғанда, қылмыстық процеске қатысуына байланысты шеккен шығыстарын өтеу қамтамасыз етiледi.
5. Жәбiрленушiнiң өзiне моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы қылмыстық процесте қаралады. Егер ол мұндай талап қоймаса не ол қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен беруге құқылы.
6. Жәбірленушінің:
1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге;
2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге;
3) дәлелдемелерді ұсынуға;
4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
6) өкілінің болуына;
7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға;
8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға;
8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;
11) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға;
12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
13) өзін жәбірленуші деп тану немесе одан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға;
14) бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға;
15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге;
16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға;
17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы;
18) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге;
19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға;
20) іс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы білуге, оларға қарсылықтар беруге және оларды қарауға қатысуға;
21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға;
22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге;
23) Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасына сәйкес өтемақы алуға;
24) Қазақстан Республикасының адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алуға құқығы бар.
Осы Кодекстің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге заң көмегі тегін ұсынылады.
7. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда – оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмысы үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені үкім шығарған сот жәбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша шешеді. Көрсетілген жағдайларда, егер залал бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспаса, жәбірленушінің залалды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар.
8. Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.
9. Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол осы Кодекстiң 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.
10. Жәбiрленушi айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергенi үшiн заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.
11. Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша жәбiрленушiнiң осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) жүзеге асырады. Егер жәбiрленушiнiң құқықтарын беруге қылмыстық құқық бұзушылық арқылы моральдық зиян келтiрiлген бiрнеше адам үмiткер болып отырса, олардың бәрi не олардың арасындағы келiсiм бойынша олардың бiреуi жәбiрленушi болып таныла алады.
12. Қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.
Ескерту. 71-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Жекеше айыптау iсi бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдайтын тұлға, сондай-ақ жариялы және жекеше-жариялы айыптау iстерi бойынша мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда, сотта айыптауды жеке өзі қолдайтын жәбiрленушi жекеше айыптаушы болып табылады.
2. Жәбiрленушi кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсіз болған жағдайда, оның өтiнiшхатты, өтінуді мәлімдеген немесе шағым берген заңды өкiлi жекеше айыптаушы болып саналады.
3. Жекеше айыптаушы жәбiрленушiнiң барлық құқықтарын пайдаланады және барлық мiндеттерiн көтереді, сондай-ақ оған осы Кодекстiң 411-бабының үшiншi және бесінші бөлiктерiнде көзделген құқықтар беріледі.
4. Жекеше айыптаушы өзіне тиесiлi құқықтарды пайдаланады және өзiне жүктелген мiндеттердi жеке өзі немесе, егер бұл құқықтар мен мiндеттердiң сипатына сәйкес келсе, өкiлі арқылы атқарады.
1. Қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның іс-әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап қойған жеке немесе заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады.
2. Азаматтық талапкердің өзi қойған талапты қолдау мақсатында:
1) күдіктің, айыптаудың мәнiн бiлуге;
2) дәлелдемелердi ұсынуға;
3) қойылған талап бойынша түсiнiктеме беруге;
4) қылмыстық iске қосып тігу үшiн материалдарды ұсынуға;
5) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлiмдеуге, ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар мен түсiнiктемелер беруге;
6) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға, өкiлiнің болуына;
7) өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға;
8) өзiнiң өтiнiшхаты бойынша немесе өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша жүргiзiлген тергеу әрекеттерiне прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға;
8-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
9) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн iстiң азаматтық талап қоюға қатысты материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға;
10) өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға;
11) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға;
12) сот жарыссөздерiнде сөйлеуге;
13) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
14) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағым келтіруге;
15) соттың үкiмi мен қаулыларына азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiнде шағым жасауға;
16) азаматтық талап қою бөлiгiнде iс бойынша келтірілген шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;
17) мәлiмделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
18) алып тасталды - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);19) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.
3. Азаматтық талапкер осы Кодекстiң 71-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттерді көтереді.
4. Азаматтық талапкер, сондай-ақ заңда көзделген басқа да құқықтарға ие болады және басқа да мiндеттерді көтереді.
Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Қылмыстық iсте өзіне талап қойылған жеке немесе заңды тұлға азаматтық жауапкер болып танылады.
2. Азаматтық жауапкердің өзіне қойылған талапқа байланысты өз мүдделерiн қорғау мақсатында:
1) күдіктің, айыптаудың және азаматтық талап қоюдың мәнiн бiлуге;
2) талап қоюға қарсылық бiлдiруге, қарсы талап қоюды беруге;
3) қойылған талаптың мәнi бойынша түсiнiктемелер мен айғақтар беруге;
4) өкiлiнің болуына;
5) қылмыстық iске қосып тігу үшiн материалдарды ұсынуға;
6) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;
6-1) қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс туралы іс бойынша бұйрықтық іс жүргізуді қолдануға келісім білдіруге;
7) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн азаматтық талап қоюға қатысты материалдармен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға;
8) өзiнiң мүдделерiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға;
9) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға;
10) сот жарыссөздерiнде сөйлеуге, қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағым келтіруге;
11) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге;
12) соттың үкiмi мен қаулысына азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiнде шағым жасауға;
13) азаматтық талап қою бөлiгiнде iс бойынша келтiрiлген наразылықтар, прокурордың өтінішхаттары және шағымдар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;
14) мәлiмделген шағымдардың, прокурор өтінішхаттарының және наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға;
15) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.
3. Азаматтық жауапкер осы Кодекстiң 71-бабының сегізінші бөлiгiнде көзделген мiндеттерді көтереді.
4. Азаматтық жауапкер, сондай-ақ заңда көзделген басқа да құқықтарға ие болады және басқа да мiндеттерді көтереді.
Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.75-бап. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның заңды өкiлдерi
1. Кәмелетке толмаған немесе есі дұрыс еместігін жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша iске қатысуға олардың заңды өкiлдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен тартылады.
2. Егер сотқа дейінгі іс жүргізу немесе сот талқылауы осы Кодексте көзделген жағдайларда күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылса, қылмыстық іске олардың заңды өкілдері қатыса алады.
76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi
1. Қылмыстық процесте жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқықты және қылмыстық процестi жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберілген адвокаттар мен өзге де тұлғалар жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi бола алады.
2. Кәмелетке толмағандар болып табылатын немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін процеске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады.
Мұндай жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокат жіберіледі. Егер адвокатты жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі шақырмаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшесі үшін міндетті қаулы шығару арқылы адвокаттың қатысуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық процесті жүргізетін орган қорғаушы ретінде нақты адвокатты шақыруды ұсынуға құқылы емес.
Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
3. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының заңды өкiлдерi мен өкiлдерi өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалар сияқты, осы Кодексте көзделген шектерде, процестік құқықтарға ие болады.
4. Жәбiрленушiнің, азаматтық талапкердің, жекеше айыптаушының өкiлi өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да бір әрекеттер жасауға құқылы емес.
5. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының процеске өзiнiң қатысуы оларды осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығынан айырмайды.
77-бап. Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi
1. Қылмыстық процесте азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқықты және қылмыстық процестi жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберiлген адвокаттар және өзге де тұлғалар азаматтық жауапкердiң өкiлдерi болып танылады.
2. Азаматтық жауапкердің өкiлдерi Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес өздерi өкiлi болып отырған жеке немесе заңды тұлғалар сияқты процестік құқықтарға ие болады.
3. Азаматтық жауапкердің өкiлi өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да бір әрекеттер жасауға құқылы емес.
4. Азаматтық жауапкердiң процеске жеке өзiнiң қатысуы оны осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығынан айырмайды.
10-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР
78-бап. Куә
1. Іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.
2. Мыналар:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби;
2) төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы — төрешi;
3) өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – күдіктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты;
4) тәубаға келу үстінде өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы – дiни қызметшi;
5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне байланысты іс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабiлетсiз адам;
6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор;
7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы;
8) лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл куә ретінде жауап алынуға жатпайды.
3. Куәнiң:
1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға;
2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;
3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;
4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға;
6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.
Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.
Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.
4. Куә:
1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге;
2) іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;
3) егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;
4) тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
5. Алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.6. Алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Куә осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.
8. Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Сарапшы ретінде арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 273-бабының бірінші бөлігінде белгіленеді.
2. Сарапшыны шақыру, сараптаманы тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 35-тарауында, сондай-ақ 373-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Сарапшының:
1) сараптаманың нысанасына жататын материалдармен (іс материалдарымен) танысуға;
2) қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдарды беру туралы, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
3) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен процестік әрекеттерді жүргізуге және сот отырысына қатысуға және оларға қатысатын тұлғаларға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;
4) өзі қатысқан процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс тіркелуіне қатысты, хаттамаларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;
5) сараптаманы тағайындаған органның келісімі бойынша, сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қамтылған мәселелердің шегінен шығатын мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге;
6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
7) қылмыстық процесті жүргізетін органның және іс бойынша іс жүргізуге қатысатын өзге де тұлғалардың сараптама жүргізу кезінде өзінің құқықтарына қысым көрсететін шешімдері мен әрекеттеріне шағым жасауға;
8) сараптама жүргізу кезінде шегілген шығыстарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.
4. Сарапшы:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органды хабардар етпестен, процеске қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
2) зерттеу үшін материалдарды өз бетінше жинауға;
3) егер сараптама тағайындаған органның бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеліп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.
5. Сарапшы:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;
2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге;
3) осы Кодекстің 284-бабында көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы уәжді жазбаша хабар жасауға және оны қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберуге;
4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге;
5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге;
6) істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге;
7) сараптаманы тағайындаған органға шығыстар сметасын және сараптама жүргізуге байланысты шегілген шығыстар туралы есепті ұсынуға міндетті.
6. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
7. Сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге маман ретінде қатысу үшін қылмыстық процестің қатысушыларына өзінің арнайы құзыретіне кіретін мәселелерді түсіндіру, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жолымен дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар, іске мүдделі емес адам тартылуы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамның қатысуымен болатын тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын педагог та, психолог та, сол сияқты оны сарапшы етiп тағайындаған жағдайларды қоспағанда, тергеу және өзге де процестік әрекеттерге қатысатын дәрiгер де мамандар болып табылады.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 20.07.2023 № 24 нормативтік қаулысын қараңыз.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің қызметкері зерттеу жүргізу және қорытынды беру үшін маман ретінде тартылуы мүмкін.
3. Маманның:
1) зерттеу нысанасына жататын материалдармен танысуға;
2) қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдар беру туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;
3) өзiнiң шақырылу мақсатын бiлуге;
4) егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға;
5) тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға қылмыстық процестi жүргiзетін органның рұқсатымен сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындауға материалдар дайындау кезiндегі өзiнiң әрекеттерiне байланысты мән-жайларға аударуға;
6) қылмыстық процесті жүргізетін органның, соттың тағайындауы бойынша іс материалдарына, салыстырма зерттеулердi қоспағанда, оның барысы мен нәтижелерін осы Кодекстiң 199-бабының тоғызыншы бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосып тігілетін хаттамада не ресми құжатта көрсете отырып, объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не олардың сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің маманы қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сот-сараптамалық зерттеулердің барысы мен нәтижелерін осы Кодекстің 117-бабының талаптарына сәйкес ресімделген маманның қорытындысында көрсете отырып, осы объектілер бойынша оны жүргізуді жоққа шығармайтын көлемде осы объектiлердiң iшiнара жойылуына әкелетін салыстырмалы зерттеулер жүргiзуге;
7) өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң тіркелуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға;
8) қылмыстық процестi жүргiзетін органның әрекеттерiне шағым келтіруге;
9) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
10) аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;
11) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге;
12) егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар.
4. Маман:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органға хабардар етпестен, процеске қатысушылармен зерттеу жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
2) зерттеу материалдарын өз бетінше жинауға құқылы емес.
Осы шектеулер осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
5. Маман:
1) қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;
2) дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдем көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, тергеу әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысуға;
3) өзi орындаған әрекеттерге қатысты түсiнiк беруге, ал осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге;
4) iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және iске қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеуге;
5) тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға;
6) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Өзiнiң мiндеттерiн орындаудан дәлелді себептерсіз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн маманға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда маман заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.
1. Аударма жасау үшiн білу қажет тiлдi меңгерген және күдікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайларда, сол сияқты жазбаша құжаттарды аудару үшiн тергеу және сот әрекеттерiне қатысуға тартылған, iске мүдделi емес адам аудармашы ретiнде шақырылады.
2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган адамды аудармашы етiп тағайындау туралы қаулы шығарады.
3. Аудармашының:
1) аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысатын адамдарға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға;
2) жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу әрекеттерінің немесе өзге де процестік әрекеттердiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын ескертулер жасауға;
3) егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға;
4) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттерiне шағым келтіруге;
5) егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзінің тергеу әрекеттеріне және өзге де процестік әрекеттерге қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуға;
6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқығы бар.
4. Аудармашы:
1) қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге;
2) өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға;
3) өзінің қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiлiндегi немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасымен бірге табыс етілетін процестік құжаттарда аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға;
4) аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жария етпеуге;
5) тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi.
5. Дәлелді себептерсіз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн аудармашыға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін. Көрінеу дұрыс аудармаған жағдайда аудармашы қылмыстық жауаптылықта болады.
6. Осы баптың қағидалары сөйлеу және (немесе) есту қабілетінен толық айырылған адамдардың ым-белгiлерiн түсiнетiн және iс бойынша iс жүргiзуге қатысу үшiн шақырылған адамға қолданылады.
Ескерту. 81-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Қылмыстық қудалау органы осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу әрекетiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адам куәгер болып табылады.
2. Өздерiнiң қатысуымен болып жатқан әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi және осы Кодекстің 90-бабына сәйкес өздеріне қарсылық білдірілуге жатпайтын, iске мүдделi емес және қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсiз кәмелеттiк жасқа толған азаматтар ғана куәгер бола алады.
3. Тергеу әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады.
4. Куәгердiң:
1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға;
2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға;
3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысуға;
4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіруге;
5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алуға;
6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқығы бар.
5. Куәгер:
1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келуге;
2) тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысуға;
3) тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыруға;
4) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеуге;
5) тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтауға мiндеттi.
6. Дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн куәгерге осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
83-бап. Сот отырысының хатшысы
1. Сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, сондай-ақ сот отырысының аудио-, бейнетіркелуін қамтамасыз ететін, қылмыстық iске мүдделi емес мемлекеттiк қызметшi сот отырысының хатшысы болып табылады.
2. Сот отырысының хатшысы:
1) өзi хаттамалауды қамтамасыз етуi қажеттi барлық уақытта сот отырысының залында болуға және сот отырысынан төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз кетпеуге;
2) хаттамада соттың әрекеттерi мен шешiмдерiн, соттың отырысына қатысушы барлық тұлғалардың өтiнiшхаттарын, қарсылықтарын, айғақтарын, түсiнiктемелерiн, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетілуге жататын басқа да мән-жайларды толық және дұрыс жазуға;
3) сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгiленген мерзiмде дайындауға;
4) төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;
5) жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.
3. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшiн жеке жауаптылықта болады.
4. Сот отырысының хаттамасына анық емес не шындыққа сай келмейтiн мәлiметтердi енгiзген жағдайда, хатшы заңда көзделген жауаптылықта болады.
1. Өзiне соттар қызметiнiң белгiленген тәртiбiн қамтамасыз ету жөнiндегi заңмен жүктелген мiндеттердi орындайтын лауазымды адам сот приставы болып табылады.
2. Сот приставы сот талқылауы кезiнде залдағы тәртiптi сақтап тұрады, төрағалық етушiнiң өкiмдерiн орындайды және соттарда судьяларды, куәларды және процеске басқа да қатысушыларды қорғауды жүзеге асырады, оларды бөгде адамдардың ықпалынан қорғайды, соттың процестік әрекеттер жүргiзуiне жәрдемдеседi, сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелуді жүзеге асырады, өзiне заңмен жүктелген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
1. Тараптар заң талаптарына сәйкес медиацияны жүргізу үшін тартатын тәуелсіз жеке тұлға медиатор болып табылады.
2. Медиатор:
1) медиация тараптарына қылмыстық процесті жүргізетін орган беретін ақпаратпен танысуға;
2) медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылар туралы деректермен танысуға;
3) қылмыстық-процестік заңға сәйкес кездесулердің саны мен ұзақтығын шектемей, медиация тараптары болып табылатын қылмыстық процеске қатысушылармен оңаша және құпия кездесуге;
4) тараптарға медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасуға жәрдемдесуге құқылы.
3. Медиатор:
1) медиация жүргізген кезінде медиация тараптарының келісуімен ғана әрекет жасауға;
2) медиация басталғанға дейін медиация тараптарына оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
3) медиация рәсімін өткізуге байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
4. Медиатор тараптардың келісуімен медиация рәсімін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз бен хабар тіркелген кезден бастап және қылмыстық процестің үкім заңды күшіне енгенге дейінгі кейінгі сатыларында жүзеге асыруға құқылы.
11-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН
БОЛҒЫЗБАЙТЫН МӘН-ЖАЙЛАР. ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУ
86-бап. Қарсылық бiлдiру және қылмыстық процеске қатысудан шеттету туралы өтiнiшхаттар мен оған қатысудан босату
1. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң өкiлi, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге өздерiнiң қатысуын болғызбайтын мән-жайлар бар болған кезде қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шет қалуға мiндеттi не оларға қылмыстық процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiретіні мәлiмделуге тиiс.
2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган iс бойынша iс жүргiзуден шеттету туралы мәлiмделген қарсылық бiлдiрулер мен өтiнiшхаттарды өз құзыретiнiң шегiнде шешуге немесе адамның қылмыстық процеске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар анықталған кезде тиiстi қаулы шығару арқылы оны өз бастамасы бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттетуге құқылы. Егер процеске өзге де қатысушыларға қатысты қарсылық бiлдiрулердi шешуге уәкiлеттi адамға қарсылық бiлдiрумен бiр мезгілде процеске басқа да қатысушыларға қарсылық бiлдiру мәлiмделсе, онда бiрiншi кезекте осы уәкілетті адамға қарсылық бiлдiру туралы мәселе шешiледi.
3. Егер қылмыстық сот iсiн жүргiзуге бiр мезгiлде бiрнеше адамның қатысуы олардың туыстық қатынастарына немесе басқа да жеке тәуелділік қатынастарына байланысты бола алмайтын жағдайда, процеске қатысушы жағдайына басқалардан кейiнiрек ие болған адамдар қылмыстық процестен шет қалуға тиiс. Егер туыстық немесе басқа да жеке тәуелділік қатынастармен байланысты адамдар соттың құрамында болса, төрағалық етушi таңдаған адам қылмыстық iс бойынша іс жүргiзуден шеттетiлуге жатады.
4. Қылмыстық процеске қатысуын осы Кодексте көзделген қандай да бір мән-жайлар жоққа шығармайтын сот отырысының хатшысын, сот приставын, аудармашыны, маманды, сарапшыны олардың өтінуі бойынша өздерінің процестік функцияларын орындауына кедергі келтiретiн дәлелдi себептерiнiң болуына орай мұндай қатысудан қылмыстық процестi жүргізетін орган босатуы мүмкін.
87-бап. Судьяға қарсылық бiлдiру
1. Судья, егер ол:
1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iс соттылығына жатқызылған судья болып табылмаса;
2) осы қылмыстық іс бойынша тергеу судьясы ретінде қатысқан болса, тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған болса;
3) осы iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса;
4) осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, күдіктінің, айыпталушының заңды өкілі, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде қатысса;
5) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, күдіктінің, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы не процеске қатысушылардың қайсыбіреуінің жекжаты болса;
6) егер судья осы iске жеке, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi деп санауға негiз болатын өзге де мән-жайлар болса, iстi қарауға қатыса алмайды.
2. Қылмыстық iстi қарайтын соттың құрамына туыстық немесе басқа да жеке тәуелдiлік қатынастарымен байланысқан адамдар кiре алмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Қылмыстық iстi бiрiншi сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья бұл iстi апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қарауға қатыса алмайды, сол сияқты өзінің қатысуымен шығарылған үкімнің немесе істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда, істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Істi апелляциялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін осы істі бірінші және апелляциялық сатыларда қарауға, сондай-ақ істі кассациялық сатыда қарау кезінде қатыса алмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Істi кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған қаулының күші жойылғаннан кейін бұл iстi бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қарауға қатыса алмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Iстi алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол iсті кассациялық сатыда қарауға қатыса алмайды. Істі кассациялық сатысында қарауға қатысқан судья сол істі төмен тұрған сатылардағы соттарда қарауға, сондай-ақ осы Кодекстің 484-бабының төртінші бөлігіндегі тәртіппен кассациялық сатының қаулыларын қайта қарауға қатыса алмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қарауға қатысқан судья осы істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарауға қатыса алмайды.
7-1. Егер судья қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайлас қатысушыларға қатысты бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарауға бұрын қатысқан болса, ол жаңадан келіп түскен қылмыстық істі қарау кезінде бірінші сатыдағы сотқа қатыса алмайды.
7-2. Егер апелляциялық және кассациялық сатының судьясы қылмыстық құқық бұзушылыққа басқа сыбайлас қатысушыларға қатысты қылмыстық істі алдыңғы қарауға қатысқан болса, ол тиісінше апелляциялық және кассациялық сатыдағы сотқа қатыса алмайды.
8. Қарсылық бiлдiру қылмыстық процестің кез келген сатысында судьяның іске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар туралы белгілі болғанда мәлімделуге тиіс.
9. Судьяға қарсылық бiлдiру, сондай-ақ қарсылық бiлдiрiлуге жататын сот талқылауына қатысушылар туралы мәселенi сот кеңесу бөлмесiнде қаулы шығару арқылы шешедi.
10. Судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi қалған судьялар қарсылық бiлдiрiлген судьяның қатысуынсыз шешедi, ол судьялар кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн өзіне мәлiмделген қарсылық бiлдiру жөнiнде өзiнiң түсiнiктемесiн көпшiлiк алдында айтуға құқылы. Бiрнеше судьяға немесе соттың бүкiл құрамына мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi сот толық құрамда көпшiлiк дауыспен шешедi. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық бiлдiрiлген болып саналады.
11. Бұлтартпау шараларын қолдану немесе тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы өтiнiшхатты шешетiн, сондай-ақ шағымдарды осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен қарайтын тергеу судьясына мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi осы тергеу судьясы қаулы шығара отырып жеке-дара шешедi. Iстi осы Кодекстiң 52-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес жеке-дара қарайтын судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi сол соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы, ал олар болмаған жағдайда, жоғары тұрған соттың судьясы шешедi. Қарсылық бiлдiру туралы мәлiмдеме қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық iс, шағым не өтiнiшхат белгiленген тәртiппен басқа судьяның iс жүргiзуiне берiледi.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағым жасауға (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге) жатпайды. Қаулымен келiспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына немесе сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатқа, наразылыққа енгiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 87-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.88-бап. Прокурорға қарсылық бiлдiру
1. Прокурор осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде қылмыстық процеске қатыса алмайды.
2. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысуы, сол сияқты оның сотта айыптауды қолдауы оның осы қылмыстық iске одан әрi қатысуына кедергi болып табылмайды.
3. Сотқа дейiнгі тергеп-тексеру кезiнде прокурорға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi – жоғары тұрған прокурор, ал сотта iс жүргiзу кезiнде iстi қараушы сот шешедi.
89-бап. Тергеушiге және анықтаушыға қарсылық бiлдiру
1. Осы Кодекстiң 87-бабында көзделген негiздер болған кезде тергеушi және анықтаушы iстi тергеп-тексеруге қатыса алмайды.
2. Осы қылмыстық iс бойынша бұрын жүргiзiлген тергеп-тексеруге тергеушiнің және анықтаушының осындай тиісті түрде қатысуы олардың осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Тергеушіге немесе анықтаушыға қарсылық білдіру туралы мәселенi тергеу бөлімінің бастығы немесе анықтау органының бастығы не прокурор шешедi.
90-бап. Куәгерге қарсылық бiлдiру
1. Осы Кодекстiң 87-бабында және осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде куәгер сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатыса алмайды.
2. Қылмыстық процестi жүргізетін органға жеке өзі немесе қызметi бойынша тәуелді болса, куәгер сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатыса алмайды. Сонымен қатар құқық қорғау органдарының, соттардың қызметкерлері, арнаулы заң оқу орындарының білім алушылары, пробациялық бақылаудағы сотталғандар және басқа қылмыстық істер бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдар куәгер ретінде қатыса алмайды.
3. Куәгерлердiң қандай да бiреуiнiң қатысуы жүйелi сипат алған жағдайларды қоспағанда, куәгердiң осының алдында тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуы, оның осы қылмыстық iс бойынша басқа тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
4. Куәгерге қарсылық бiлдiруді тергеу әрекетiн жүргізетін адам шешедi.
5. Өзінің іс бойынша іс жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайларды жасырғаны және іс жүргізуге қатысудан осы Кодекстің 86-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзін өзі шеттету міндетін орындамағаны үшін куәгер осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады.
91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру
1. Сот отырысының хатшысы және сот приставы:
1) осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;
2) олардың құзыреттi еместiгi анықталса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.
2. Адамның осының алдында сот отырысына сот отырысының хатшысы немесе сот приставы ретiнде қатысуы оның сот отырысына осындай тиісті түрде одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру туралы мәселенi iстi қараушы сот шешедi.
92-бап. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру
1. Аудармашы және маман:
1) осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;
2) егер олардың құзыреттi еместiгi анықталса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.
2. Адамның осының алдында аудармашы немесе маман ретiнде қатысуы олардың осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге осындай тиісті түрде одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Аудармашыға және маманға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi қылмыстық процестi жүргізетін орган шешедi.
93-бап. Сарапшыға қарсылық бiлдiру
1. Сарапшы:
1) осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;
2) егер ол анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға, судьяға, күдіктіге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, заңды өкiлдерiне, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне қызметтiк немесе өзге де тәуелді жағдайда болған болса немесе болып отырса;
3) егер ол нәтижелерi қылмыстық қудалауды бастау үшiн негiз болған ревизия немесе басқа да тексеру әрекеттерiн жүргiзген болса;
4) егер оның құзыреттi еместiгi анықталса;
5) егер ол iске, осы Кодекстiң 222-бабына сәйкес сот медицинасы саласындағы дәрiгер-маманның адамның мәйiтiн қарап-тексеруге қатысу жағдайларын қоспағанда, маман ретiнде қатысса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.
2. Тірі адамға, сондай-ақ мәйітке сараптама жүргізуге сараптама тағайындалғанға дейін тиісті адамға медициналық көмек көрсеткен дәрігер сарапшы ретінде қатыса алмайды.
3. Адамның осы іске осының алдында сарапшы ретінде қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін қайталап сараптама тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, оған іс бойынша сараптама жүргізуді тапсыруды болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
4. Сарапшыға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi қылмыстық процестi жүргізетін орган шешедi.
94-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету
1. Қорғаушы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң өкiлi мына мән-жайлардың кез келгенi болған кезде:
1) егер ол бұрын iске судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер ретiнде қатысса;
2) егер ол осы iстi тергеп-тексеруге немесе соттың қарауына қатысқан немесе қатысып отырған лауазымды адаммен туыстық немесе басқа да жеке тәуелділік қатынастарда болса;
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 09.10.2024 № 53-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.
3) егер ол қорғалушымен немесе сенiм бiлдiрушiмен мүдделері қарама-қарсы адамға заң көмегін көрсетiп жүрсе немесе бұрын көмек көрсеткен болса, сол сияқты мұндай адамдармен туыстық немесе өзге де жеке тәуелділік қатынастарда болса;
4) егер ол заңның немесе сот шешiмiнің күшіне орай қорғаушы немесе өкiл болуға құқылы болмаса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жекеше айыптаушының), азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң өкілін қатысудан шеттету туралы мәселенi – прокурор, ал сотта іс жүргізу кезінде істі қарайтын сот шешеді.
12-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
95-бап. Судьялардың, алқабилердiң, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшыларының, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Судья, тергеу судьясы, алқаби, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы, сол сияқты олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстары мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған адамдарға мемлекет сотта қылмыстық iстердi немесе материалдарды қарауға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуге байланысты олардың өмiрiне қолсұғушылыққа немесе өзге де күш қолдануға қарсы қауiпсiздік шараларын қолдануды заңда көзделген тәртiппен қамтамасыз етедi.
96-бап. Жәбірленушілердің, куәлардың, күдіктілердің, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдардың қауiпсiздiгі шараларын қолдану мiндетi
1. Қылмыстық процестi жүргізетін орган, егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге байланысты күдіктіге, айыпталушыға, жәбiрленушiге, куәге, қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарына қатысты күш қолданудың немесе қылмыстық заңда тыйым салынған өзге де іс-әрекеттiң жасалу қатері туралы деректер болса, олардың қауiпсiздiгi шараларын қолдануға мiндеттi.
Мәліметтерге қолжетімділікті шектеу түріндегі қауіпсіздік шарасы мемлекеттік құпияларды не іске қатысатын адамдар өмірінің интимдік жақтары туралы мәліметтерді жария етуден қорғау мақсатында қолданылуы мүмкін.
2. Өздерімен процестік келісім жасалған күдіктінің, айыпталушының, сотталушының не сотталған адамның, оның жақын туыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қажет болған кезде, көрсетілген адамдардың келісуі бойынша осы Кодексте және заңдарда көзделген мемлекеттік қорғау және қауіпсіздік шаралары қолданылады.
3. Қылмыстық процестi жүргізетін орган осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерінде көрсетілген адамдардың ауызша (жазбаша) арызының негiзiнде немесе өз бастамасы бойынша олардың қауiпсiздiгi шараларын қабылдап, ол туралы тиiстi қаулы шығарады.
4. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының өздерінің қауiпсiздiгi шараларын қолдану туралы арыздарын қылмыстық процестi жүргізетін орган оларды алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей қарауға тиіс. Арыз иесіне тиiстi қаулының көшiрмелері табыс етіле отырып, ол қабылданған шешiм туралы дереу хабардар етіледі.
5. Арыз иесі өзiнiң қауiпсiздiгi шараларын қолдану туралы өтiнiшхатын қанағаттандырудан бас тартылғанына орай прокурорға немесе сотқа шағым жасауға құқылы.
6. Қауiпсiздiк шараларын қолданудан бас тарту, егер бұрын берiлген арызда көрiнiс таппаған мән-жайлар туындаса, көрсетілген шараларды қолдану туралы өтінішхатпен қайтадан өтiнiш жасауға кедергi келтiрмейдi.
Ескерту. 96-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.97-бап. Жәбiрленушiлердiң, куәлардың, күдіктілердің және қылмыстық процеске қатысатын басқа да адамдардың қауiпсiздiгі шаралары
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган куәлардың, күдіктілердің және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының қауiпсiздiгі шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1) күш қолданудың немесе қылмыстық заңда тыйым салынған басқа да іс-әрекеттердің қатерін төндіріп отырған адамға оны қылмыстық жауаптылыққа тарту ықтималдығы туралы ресми ескертпе жасайды;
2) қорғалатын адам туралы мәлiметтерге қолжетімділікті шектейді;
3) оның жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады;
4) қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмыстық іс-әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) ықтималдығын болғызбайтын бұлтартпау шараларын күдіктіге, айыпталушыға қатысты осы Кодексте көзделген тәртіппен қолданады;
5) жақындауға тыйым салу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолданады.
2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган шығарған ескертпе адамға қолын қойғыза отырып хабарланады.
3. Қорғалатын адам туралы мәлiметке қолжетімділікті шектеу қылмыстық процестің басынан бастап адамның арызы бойынша орын алуы мүмкін және қылмыстық iстiң материалдарынан адамның сауалнамалық деректерi туралы мәлiметтердi алып, оларды негiзгi iс жүргiзуден бөлек сақтаудан, бұл адамның бүркеншiк ат пайдалануынан тұрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы шараны қолдану туралы қаулы шығарады, онда қорғалатын адамның жеке басы туралы деректерді құпия сақтау туралы қабылданған шешімнің себептері жазылады, қорғалатын адамның қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттері хаттамаларында пайдаланылатын бүркеншік аты және қол қою үлгісі көрсетіледі. Қорғалатын адамның қатысуымен процестік әрекеттер қажет болған жағдайда, оны тануды болғызбайтын жағдайларда жүргізіледі. Қаулы және негізгі іс жүргізуден бөлектелген материалдар мөрленген конвертке салынып, ол одан әрі қылмыстық істі тергеген органда сақталады және оның мазмұнымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан басқа прокурор және сот таныса алады.
4. Куәгерлердiң, күдіктілердің, айыпталушылардың, жәбірленушілердің және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының жеке қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз ету тәртiбi "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
4-1. Қылмыстық қудалау органы "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген қауіпсіздік шараларын қабылдаған кезде құпиялылық сақтала отырып, жиырма төрт сағат ішінде қадағалаушы прокурор хабардар етіледі.
5. Қауiпсiздiк шараларының қолдануына қарамастан, қылмыстық қудалау органы бұған негiздер болған кезде жәбiрленушiге, куәға, күдіктіге, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамға қатысты қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттің жасалу қатерінің анықталуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға мiндеттi.
6. Қауіпсіздік шараларының күші оларды қолдану қажеттілігі жойылғанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың уәжді қаулысымен, соттың үкімімен, ал қорғалатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурордың не соттың қаулысымен жойылады. Қорғалатын адам өзінің қауіпсіздігі шараларының күшінің жойылғандығы немесе қылмыстық процеске қатысатын адамдарға ол туралы деректердің ашылғандығы туралы дереу хабардар етілуге тиіс. Қорғалатын адамның "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жеке қауіпсіздік шарасын қолдану туралы не қауіпсіздік шараларының күшін жою туралы шешімге сотқа немесе прокурорға шағым беруі шағым жасалатын шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.
Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.98-бап. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Төрағалық етушi сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн соттың жабық отырысын өткiзедi, сондай-ақ осы Кодекстiң 97-бабының бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген шараларды қолданады.
2. Сот қорғалатын адамның, айыптаушы тараптың өтiнiшхаты бойынша, сондай-ақ адамның, оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында өз бастамасы бойынша куәдан:
1) қорғалатын адамның жеке басы туралы деректердi жарияламастан, бүркеншiк атты пайдалана отырып;
2) қалған қатысушылардың қорғалатын адамды дауысы, акценті және сыртқы белгілері: жынысы, ұлты, жасы, бойы, дене бітімі, мүсіні, жүрісі бойынша тануы мүмкін болмайтын жағдайларда;
3) оны сот талқылауына басқа қатысушылардың көзiне көрсетпей, оның ішінде бейнебайланыс арқылы да, жауап алу туралы қаулы шығаруға құқылы.
Судья қорғалатын адамның негізгі іс жүргізуден бөлектелген сауалнамалық деректерін және жеке басын куәландыратын құжаттарын жария етпестен, сот отырысының өзге қатысушыларына, оның ішінде сот отырысының хатшысына ұсынбастан және сот отырысының хаттамасында және (немесе) сот актілерінде көрсетпестен, олармен танысу арқылы жауап алынатын адамның жеке басына жеке өзі көз жеткізеді.
3. Төрағалық етуші:
1) бейне-, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды түсіріп алудың өзге тәсілдерін жүргізуге тыйым салуға;
2) сот отырысы залынан адвокатты қоспағанда, сотталушыны, қорғаушы тараптың өкілдерін шығарып жіберуге құқылы.
4. Сот процеске қатысушылардың қандай да бiреуi болмағанда немесе олардың көзбен көрiп отыруынан тыс жауап алған қорғалатын адамның айғағын төрағалық етушi осы қорғалатын адам туралы мәлiметтерді көрсетпестен, сотта барлық қатысушылар қатысып отырған кезде хабарлайды.
5. Қажет болған жағдайларда, сот процеске қатысушылардың және заңда көзделген өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа да шараларды қолданады.
6. Сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы сот қаулысын орындау қылмыстық қудалау органдарына, жазаны орындайтын мекемеге немесе органға, сондай-ақ сот приставына жүктеледi.
13-тарау. ӨТІНІШХАТТАР. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІ) МЕН ШЕШІМДЕРІНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ
99-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiшхаттарын қараудың мiндеттiлiгi
1. Қылмыстық процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, судьяға (сотқа) қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiшхатпен жүгінген тұлғаның немесе өздері өкілдік ететін тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылы.
2. Өтiнiшхаттар процестiң кез келген сатысында мәлiмделуi мүмкiн. Өтiнiшхатты мәлімдеген тұлға қандай мән-жайларды анықтау үшiн әрекет жүргiзудi немесе шешiм қабылдауды өтінетінін көрсетуге тиiс. Жазбаша өтiнiшхаттар қылмыстық істің материалдарына қоса тiгiледi, ауызша өтiнiшхаттар тергеу әрекетiнiң немесе сот отырысының хаттамасына енгізiледi.
3. Өтiнiшхаттың қабылданбауы оны қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң келесi кезеңдерiнде қайталап мәлімдеуге немесе қылмыстық процестi жүргізетін басқа орган алдында мәлімдеуге кедергi келтiрмейдi.
4. Өтiнiшхат ол мәлiмделген бойда қаралуға және шешілуге жатады. Өтiнiшхат бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда, ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.
5. Егер өтінішхат iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге, процеске қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге ықпал ететін болса, ол қанағаттандырылуға тиiс. Өзге жағдайларда өтiнiшхатты қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкiн. Қылмыстық процесті жүргізетін орган келуін тараптар қамтамасыз еткен адамдардан мамандар немесе куәлар ретінде жауап алу туралы өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес. Қылмыстық процесті жүргізетін орган тараптың көрсеткен адамдарының жауап алуға келуін қамтамасыз етуіне жәрдем көрсетуге, оның ішінде заңда көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, жәрдем көрсетуге міндетті.
6. Қылмыстық процестi жүргізетін орган өтiнiшхатты қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тарту туралы уәждi қаулы шығарып, ол өтiнiшхатты мәлімдеген тұлғаға жеткiзiледi. Өтiнiшхат жөнiндегi шешiмге осы Кодексте белгiленген шағым беру мен оны қараудың жалпы қағидалары бойынша шағым жасалуы мүмкiн.
100-бап. Органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
1. Егер жүргiзiлген процестік әрекеттер процеске қатысушылардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғайтын болса, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың немесе судьяның шешiмдерi мен әрекеттерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
2. Шағымдар осы қылмыстық iс бойынша шағымдарды қарауға және шешiм қабылдауға заңмен уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк органға немесе лауазымды адамға берiледi.
3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкiн. Ауызша шағымдар арыз иесі және шағымды қабылдап алған лауазымды адам қол қоятын хаттамаға кiргiзiледi. Тиiстi лауазымды адамдардың қабылдауында азаматтар ауызша айтқан шағымдар жазбаша түрде ұсынылатын шағымдармен бірдей жалпы негiзде шешiледi. Шағымға қосымша материалдар қоса тiркелуi мүмкiн.
4. Қылмыстық процесс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адамның шағымды ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде беру құқығы қамтамасыз етiледi.
5. Шағым берген тұлға оны кері қайтарып алуға құқылы. Күдікті, айыпталушы қорғаушының шағымын кері қайтарып алуға құқылы; азаматтық талапкер, жәбiрленушi (жекеше айыптаушы), азаматтық жауапкер өзінің заңды өкiлден басқа өкiлiнiң шағымын кері қайтарып алуға құқылы. Күдіктінің, айыпталушының мүддесінде берiлген шағым тек солардың келiсуiмен ғана кері қайтарылып алынуы мүмкiн. Шағымды кері қайтарып алу, осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 102-бабында көрсетiлген мерзiмдер өткенге дейiн оны қайтадан беруге кедергi келтiрмейдi.
101-бап. Ұстап алынған немесе күзетпен ұсталатын адамдардың шағым жолдау тәртiбi
1. Алдын ала қамауға алу орындарының әкiмшiлiгi қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған немесе бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұсталатын адамдардың қылмыстық процестi жүргізетін органға жолданған шағымдарын оған дереу беруге мiндеттi.
2. Ұстап алынған немесе күзетпен ұсталатын адамдардың азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлеріне, сондай-ақ тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органы бастығының әрекеттерiне немесе шешiмдерiне шағымдарын қамауға алу орындарының әкiмшiлiгi – дереу прокурорға, ал прокурордың әрекеттерi мен шешiмдеріне шағымдарды жоғары тұрған прокурорға беруге мiндеттi. Өзге шағымдарды қамауға алу орындарының әкiмшiлiгi олар келiп түскен кезден бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей іс жүргізуінде іс жатқан адамға немесе органға бередi.
102-бап. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi
Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе соттың әрекеттерiне және шешiмдерiне шағымдар сотқа дейінгі бүкіл тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында берілуі мүмкін. Қылмыстық істі сотқа дейінгі сатыда тоқтату туралы шешімге шағымдар қылмыстық қудалау органының тиісті қаулысы шығарылған не оны прокурор бекіткен кезден бастап бір жыл ішінде берілуі мүмкін. Бiрiншi, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттар шығарған сот актілеріне шағымдар осы Кодексте белгiленген мерзiмдерде берiледi.
103-бап. Шағым берiлуiне байланысты шешiмнiң орындалуын тоқтата тұру
Осы Кодексте көзделген жағдайларда шағым беру шағым жасалған шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрады. Өзге жағдайларда шағым келтіру, егер шағымды қараушы адам осыны қажет деп тапса, шағым жасалған шешiмнiң орындалуын тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкiн.
104-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi
1. Шағымды қарауды өздерінің әрекеттерiне шағым жасалған анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға немесе судьяға, сол сияқты шағым жасалған шешiмдi бекiткен лауазымды адамға тапсыруға тыйым салынады.
2. Тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор немесе судья шағымды қарай отырып, онда жазылған барлық дәлелдердi тексеруге, қажет болған кезде қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, тиiстi лауазымды адамдардан, жеке немесе заңды тұлғалардан шағым жасалған әрекеттер мен шешiмдерге қатысты жазбаша түсiнiктемелер алуға мiндеттi.
3. Шағымды қараушы тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы, прокурор немесе судья өз өкiлеттiктерi шегiнде қылмыстық процеске қатысушылардың, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiруге дереу шара қолдануға мiндеттi.
4. Егер шағым жасалған, құқыққа сыйымсыз iс-әрекеттермен немесе шешiмдермен жеке немесе заңды тұлғаға моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян келтiрiлсе, оған осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген зиянның өтелуіне немесе жойылуына құқығы және сол құқықты жүзеге асырудың тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс.
Ескерту. 104-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдарды қарау тәртібі
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға немесе сотқа беріледi.
Өзiнiң жеке әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым түскен, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам шағымды өзiнiң түсiндірмелерiмен бiрге тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына дереу жіберуге мiндеттi.
Тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдар прокурорға берiледi. Өзiнiң жеке әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым түскен тергеу бөлімінің бастығы немесе анықтау органының бастығы шағымды өзiнiң түсiндірмелерiмен бiрге тиiстi прокурорға дереу жіберуге мiндеттi.
Прокурордың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне шағымдар жоғары тұрған прокурорға берiледi. Осы Кодекстің 106-бабында көрсетілген мәселелер бойынша шағымдар сотқа беріледі және осы бапта көзделген тәртіппен қаралады.
1-1. Шағымды қабылдаудан және тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Өзінің құқықтары мен мүдделерін немесе өзі білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамның тергелетін қылмыстық істің мәні жөніндегі шағымдары, сондай-ақ оған жауап және шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім қылмыстық іс материалдарына қосып тігіледі.
2. Прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулік ішінде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті. Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымнан шеттету, санкцияланбаған қарап-тексеруді, тінтуді, алуды жүргізу, мүлікке билік етуді уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру кезіндегі заңды бұзушылық туралы шағымдар алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшін қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қабылдау қажет болатын айрықша жағдайларда шағым берген тұлғаға бұл жөнінде хабарлай отырып, шағымды он бес тәулікке дейінгі мерзімде қарауға жол беріледі.
3. Шағымды қарау нәтижесінде тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы прокурордың алдында шағым жасалған шешiмнің күшін жою немесе оны өзгерту туралы өтінішхат беруге, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның орындауы үшін міндетті нұсқаулар, анықтау органына тапсырмалар беруге құқылы.
Шағымды қарау нәтижесiнде шағым жасалған шешiмнің күшін жойып немесе оны өзгертіп, шағымды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
Бұл ретте, бұрын шығарылған шешiм, егер бұл шағым берген тұлғаның немесе соның мүддесіне орай шағым берiлген тұлғаның жағдайын нашарлатуға алып келетін болса, өзгертілмейді.
4. Шағым берген тұлға шағым бойынша қабылданған шешiм және одан әрi шағым жасау тәртiбi туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиiс.
Ескерту. 105-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.106-бап. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды сотта қарау тәртібі
1. Құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға қылмыстық құқық бұзушылық туралы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуында, тергеп-тексеру мерзімдерін үзуде, қылмыстық істі тоқтатуда, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруда, тінтуді және (немесе) алуды жүргізуде, өзге де әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасауда және шешімдерді қабылдауда заңның бұзылуы туралы арызды қабылдаудан бас тартуға шағыммен сотқа жүгінуге құқылы. Шағымды осы баптың тәртібімен қарау кезінде сот осы Кодекске сәйкес қылмыстық істі мәні бойынша шешкен кезде сот қарауының нысанасы болып табылуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешпеуге тиіс.
2. Сот шағымды қараған кезде істегі бар дәлелдемелерге баға бермей, арыз иесі өз шағымында көрсеткен барлық мән-жайларды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың тексергенін және ескергенін анықтауға тиіс. Бұл ретте сот кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені, жиналған дәлелдемелердің жол берілетіндігі немесе жол берілмейтіндігі туралы түйін жасамай, іс бойынша шешім қабылдау үшін материалдық-құқықтық және процестік негіздердің бар екенін не жоқ екенін тексеруге тиіс.
3. Сот тексеруінің шектері осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасау (әрекетсіздік) және шешімдерді қабылдау кезінде заң нормаларының сақталуын анықтаумен шектеледі.
4. Шағым келтіру шағым жасалып отырған әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Шағым қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа, тұлғаның келіспеген шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өз атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін дәл сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаған болса, шағым берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап берілуі мүмкін.
6. Шағымды тергеу судьясы үш тәулік ішінде сот отырысын өткізбей жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізді шешім қабылдау үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы шағымды он тәулік ішінде жабық сот отырысында тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен қарайды, олардың келмеуі шағымды қарауға кедергі келтірмейді. Тергеу судьясының өкімі бойынша сот отырысы бейнебайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Сот отырысының барысында хаттама жүргізіледі. Қажет болған кезде тергеу судьясы қосымша материалдарды талап етіп алдырып, тиісті тұлғаларды шақыруға және олардан сұрақ алуға құқылы. Әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалып отырған лауазымды адамдар соттың сұрау салуы бойынша үш тәулік ішінде мұндай әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа ұсынуға міндетті.
7. Сот отырысын өткізу кезінде тергеу судьясы қандай шағымның қаралуға жататынын хабарлайды, осыдан кейін, егер арыз иесі сот отырысына қатысып отырған болса, ол шағымды негіздейді, содан соң басқа да келген адамдар тыңдалады, олар сотқа дәлелдемелер беруге құқылы. Шағым жасалған әрекеттердің (әрекетсіздіктің) немесе шешімдердің заңдылығын дәлелдеу ауыртпалығы оларды жасаған немесе қабылдаған тұлғаға жүктеледі.
8. Тергеу судьясы шағымды қарау нәтижелері бойынша:
1) заңсыз деп танылған процестік шешімнің күшін жою туралы;
2) тиісті лауазымды адамның әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп және оның жол берілген бұзушылықты жою міндетін тану туралы;
3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы;
4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы тиісті қаулы шығарады.
107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру
Ескерту. 107-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті, оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі, тергеу судьясының актісімен құқықтары мен бостандықтары тікелей қозғалатын адам тергеу судьясының мынадай:
1) күдіктіні күзетпен ұстау, экстрадициялық қамақ, үйқамақ, кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы;
2) күдіктіні күзетпен ұстауға, экстрадициялық қамаққа, үйқамаққа, кепілге санкция беруден бас тарту немесе күзетпен ұстау, үйқамақ мерзімін ұзартудан бас тарту туралы;
3) санкцияланған бұлтартпау шарасының күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы;
4) мүлікке тыйым салу не тыйым салудан бас тарту туралы;
5) эксгумациялау не одан бас тарту туралы;
6) халықаралық іздестіру жариялау не одан бас тарту туралы;
7) сот-медициналық және (немесе) сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін адамды медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру не одан бас тарту туралы;
8) кепіл нысанасын мемлекет кірісіне айналдыру немесе одан бас тарту туралы;
9) прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарау жөніндегі;
10) қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке тінтуді, мәжбүрлеп куәландыруды, үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы;
11) сараптама тағайындау не тағайындаудан бас тарту, не жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, қылмыстық қудалау органының өзге де тергеу әрекеттерін жүргізуі туралы қаулысына, санкциясына шағым жасауға, ал прокурор өтінішхат келтіруге құқылы.
1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында прокурор тергеу судьясының:
1) жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы;
2) жасырын тергеу әрекеттерінің мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;
3) адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар ету мерзімдерін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының адамды оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабардар етпеуіне келісетіні туралы не сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мұндай келісім беруден бас тарту туралы;
5) прокурордың жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы;
6) осы Кодекстің 235-бабында белгіленген тәртіппен жүргізілген жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермеу туралы қаулысына, санкциясына өтінішхат келтіруге құқылы.
2. Тергеу судьясының осы баптың қағидаларына сәйкес шығарған қаулысына жария етілген кезінен бастап үш тәулік ішінде тергеу судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-ақ оған прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін. Дәлелді себеппен өткізіліп алынған мерзім мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 50-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.
3. Шағым беру немесе прокурордың өтінішхатын келтіру осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 8) және 10) тармақтарында және осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2), 7) және 10) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша қаулыда көрсетілген шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 17.08.2023 № 25 нормативтік қаулысын қараңыз.
4. Шағым жасауға, прокурордың өтінішхатын келтіруге арналған мерзім өткеннен кейін материалдар шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіліп, бұл жөнінде арыз иесіне және әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасалған тұлғаға және прокурорға хабарланады. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешімі түпкілікті болып табылады.
5. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясы қаулысының, санкциясының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.
Облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясының шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.
6. Осы баптың бірінші бөлігінің 1), 2) және 11) тармақтарында көрсетілген, егер тергеу судьясы оларды ашық сот отырысында қараған болса, ашық сот отырысында қаралуға тиіс мәселелерді қоспағанда, қарау жабық сот отырысында өтеді.
Сот отырысына прокурор және күдіктінің қорғаушысы қатысады. Отырысқа күдікті, оның заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі және шағым жасалған шешімде құқықтары мен мүдделері қозғалатын басқа адамдар да қатыса алады, шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау уақыты мен орны туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы бұлардың сотта қаралуына кедергі болмайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында көзделген жағдайда, жабық сот отырысына қатысатын адамдар тізбесін шағымды, өтінішхатты қарайтын судья айқындайды.
Осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген мәселелерді қарау осы Кодекстің 234-бабына сәйкес жүргізіледі.
7. Сот тараптардың дәлелдерін тыңдап, ұсынылған материалдарды қарап шығып, мынадай:
1) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгеріссіз қалдыру туралы;
2) тергеу судьясының қаулысын, санкциясын өзгерту туралы;
3) тергеу судьясы қаулысының, санкциясының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы уәжді қаулылардың бірін шығарады.
8. Сот қаулысының көшірмесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, сондай-ақ прокурорға, күдіктіге, қорғаушыға және адамды күзетпен ұстау орыны әкімшілігінің өкіліне жіберіледі және дереу орындалуға жатады.
Осы баптың бірінші бөлігінің 10) тармағында және 1-1-бөлігінде көзделген жағдайларда, сот қаулысы прокурорға табыс етіледі (жіберіледі).
9. Шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасады деп айыпталған немесе сотталған адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау және оның заңдылығы мен негізділігін соттың тексеруі осы Кодекстің 92-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 107-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.108-бап. Сот үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары
Бірінші сатыдағы соттардың үкіміне, қаулыларына шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстің 48-тарауының қағидаларына сәйкес беріледі. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау туралы шағымдар, наразылықтар, өтінішхаттар осы Кодекстің 52-тарауында белгіленген қағидаларға сәйкес беріледі.
Ескерту. 108-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 14-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН АДАМДАР ТУРАЛЫ
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
109-бап. Процеске қатысушы деп тануды талап ету құқығы
1. Қылмыстық процестiң қатысушысы болып табылмайтын адамдардың осы Кодексте көзделген негiздер болған кезде, өздерін күдіктілер, жәбiрленушiлер, жекеше айыптаушылар, азаматтық талапкерлер, азаматтық жауапкерлер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi деп тануды талап етуге құқығы бар. Көрсетілген адамдардың арыздарын (өтiнiшхаттарын) қылмыстық процестi жүргізетін орган оларды алған кезден бастап үш тәулiктен кешiктiрмей қарауға тиiс. Қабылданған шешiм туралы арыз иесі дереу хабардар етіледі, оған тиiстi қаулының көшiрмесi жiберiледі.
2. Арыз иесі өз өтiнiшхатын қанағаттандырудан бас тартылуына немесе оны шешудiң кейiнге қалдырылуына тиiстi қаулының көшiрмесiн алғаннан кейiн бес тәулiктiң iшiнде прокурорға, сотқа шағым жасауға құқылы. Егер қаулының көшiрмесi шағым берiлген кезден бастап он тәулiктiң iшiнде алынбаса, арыз иесі осы әрекетсіздікке сотқа шағым жасауға немесе өзін процеске қатысушы деп тану туралы арызбен прокурорға өтініш жасауға құқылы.
Егер қайтыс болған немесе қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан өз еркiн саналы түрде бiлдiру қабiлетiн жоғалтқан адамның жақын туысы, жұбайы (зайыбы) оның құқықтық мирасқоры болғысы келсе, өзiн жәбiрленушi деп тануды талап ете алады. Көрсетілген өтінішхатты қылмыстық процестi жүргізетін орган осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен қарайды.
110-бап. Қылмыстық процеске қатысатын адамдарға құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру және оларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мiндетi
1. Қылмыстық процеске қатысатын әрбiр адамның өз құқықтары мен мiндеттерiн, өзі таңдаған ұстанымның құқықтық салдарын бiлуге, сондай-ақ өзінің қатысуымен өтiп жатқан процестік әрекеттердiң мәні және өзіне танысу үшiн ұсынылған қылмыстық iс материалдарының мазмұны бойынша түсіндірме алуға құқығы бар.
2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын әрбiр адамға оған тиесiлi құқықтар мен оған жүктелген мiндеттердi, оның ішінде кәмелетке толмағандар қатысқан істер бойынша – олардың өкілдеріне істі кәмелетке толмағанның істері жөніндегі мамандандырылған сотта не кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша сотта қарату құқығын түсiндiруге, оларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн осы Кодексте көзделген тәртiппен қамтамасыз етуге тиiс. Қылмыстық процестi жүргізетін орган адамның өтiнуi бойынша оның құқықтары мен мiндеттерiн қайталап түсiндiруге мiндеттi.
3. Қылмыстық процестi жүргізетін орган процеске қатысушыларға қарсылық білдіру мәлiмделуi мүмкiн адамдардың тегiн және олар туралы басқа да қажеттi деректердi хабарлауға мiндеттi.
4. Қылмыстық процеске қатысушы жағдайына ие болған адамға ол қатысатын процестік әрекеттi жүргізу басталғанға дейiн және ол процеске қатысушы ретiнде қандай да бір ұстанымын бiлдiргенге дейiн оның құқықтары мен мiндеттерi мiндеттi түрде түсiндiрiледi. Сот отырысына келген процеске қатысушыға сот оған тиесiлi құқықтар мен оған жүктелген мiндеттерді, олар сотқа дейiнгi тергеп-тексеру барысында түсiндiрiлмегенiне қарамастан, түсiндiруге мiндеттi.
5. Қылмыстық процестi жүргізетін орган куәгердiң, аудармашының, маманның, сарапшының қатысуымен өтетін әрбір процестік әрекет басталар алдында олардың мiндеттерi мен құқықтарын түсiндiруге мiндеттi. Куәнiң құқықтары мен мiндеттерiн оған қылмыстық тергеу органы одан бiрiншi рет жауап алар алдында түсіндіруге және сот отырысында қайталап түсiндiруге тиіс.
3-БӨЛІМ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ
15-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР
1. Заңды түрде алынған, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот осы Кодексте айқындалған тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген іс-әрекеттiң бар екенін немесе жоқ екенін, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының бұл әрекеттi жасағанын немесе жасамағанын, оның кiнәлiлiгiн не кiнәсіздігін, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын нақты деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар нақты деректер: күдіктінің, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнің, қорғалуға құқығы бар куәнің, сарапшының, маманның айғақтарымен; сарапшының, маманның қорытындысымен; заттай дәлелдемелермен; процестік әрекеттердiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен белгіленеді.
112-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер
1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде:
1) азаптауды, зорлық-зомбылықты, қорқытуды, алдауды, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттер мен қатыгез қарым-қатынасты қолдану арқылы;
2) қылмыстық процеске қатысатын адамға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде түсiндiрмеу, толық немесе дұрыс түсiндiрмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы;
3) осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекетті жүргiзуiне байланысты;
4) қарсылық білдірілуге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;
5) процестік әрекетті жүргiзу тәртiбiн елеулі түрде бұзу арқылы;
6) белгiсiз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдану арқылы алынса, дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуға тиiс.
2. Қылмыстық процесте нақты деректердiң дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуына жол бермеуді, сондай-ақ оларды шектеп пайдалану мүмкiндiгiн анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот өз бастамасы бойынша немесе тараптың өтiнiшхаты бойынша белгiлейдi. Анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе судья дәлелдемелерге жол бермеу туралы мәселені шеше отырып, әрбір жағдайда жол берілген бұзушылықтың нақты қалай көрініс тапқанын анықтауға және уәжді шешім қабылдауға міндетті.
3. Егер күдіктінің, қорғалуға құқығы бар куәнің, жәбiрленушiнiң және куәнiң айғақтары, сарапшының, маманның қорытындысы, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекеттерiнiң хаттамалары және өзге де құжаттар қылмыстық iс материалдарының тізімдемесіне енгізілмесе, оларды айыптау негiзiне жатқызуға болмайды. Күдіктінің одан куә ретiнде алдын ала жауап алу барысында берген айғақтары дәлелдемелер ретiнде таныла алмайды және оларды оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы қолдануға, сондай-ақ күдіктіні айыптау негiзiне жатқызуға болмайды.
4. Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.
5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген бұзушылықтар арқылы алынған нақты деректер тиiстi бұзушылықтар және қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында оларға жол берген тұлғалардың кінәлілігі фактісінің дәлелдемелері ретінде пайдаланылуы мүмкiн.
Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.113-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар
1. Қылмыстық iс бойынша:
1) оқиға және қылмыстық заңда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгiлерi (оның жасалған уақыты, орны, тәсілі және басқа да мән-жайлары);
2) қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттi кiмнiң жасағаны;
3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттi жасаудағы кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған іс-әрекеттiң себептері, заңдық және iс жүзiндегi қателiктері;
4) күдіктінің, айыпталушының жауаптылық дәрежесi мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар;
5) күдіктінің, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың салдарлары;
7) қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрілген зиянның сипаты мен мөлшерi;
8) әрекеттiң қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соғатын мән-жайлар дәлелденуге жатады.
2. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша дәлелденуге жататын қосымша мән-жайлар – осы Кодекстiң 531-бабында, ал есі дұрыс емес адамдардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттері туралы істер бойынша осы Кодекстің 510-бабында көрсетілген.
3. Қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жайлармен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес тәркіленуге жататын мүліктің заңсыз, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын немесе осы мүліктен түскен кірістер болып табылатынын не қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы ретінде не экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыру немесе өзгедей қамтамасыз ету үшін пайдаланылғанын немесе пайдалануға арналғанын растайтын мән-жайлар дәлелденуге жатады.
4. Қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайлар да анықталуға жатады.
Ескерту. 113-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.114-бап. Дәлелдемелерсiз анықталатын мән-жайлар
Мына мән-жайлар, егер тиiстi құқықтық рәсiмдер шеңберiнде:
1) жалпыға белгiлi фактiлер;
2) қазіргі заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсiпте жалпыға бірдей қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;
3) заңды күшiне енген сот актісімен белгiленген мән-жайлар;
4) адамның заңды бiлуi;
5) адамның өз қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi;
6) арнаулы даярлығы немесе бiлiмі бар екендiгiн растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы керiсiнше дәлелденбесе, дәлелдемелерсiз анықталған мән-жайлар болып саналады.
115-бап. Күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнің айғақтары
1. Күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары – олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында осы Кодекстiң 26-тарауында белгiленген тәртiппен жауап алуда жазбаша немесе ауызша нысанда хабарлаған мәлiметтері.
2. Күдіктi өзiне қарсы күдік жөнiнде, сол сияқты өзiне белгiлi, iс бойынша маңызы бар өзге де мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы.
3. Күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсін мойындауы оның кінәлі екендігі іс бойынша қолда бар дәлелдемелер жиынтығымен расталған кезде ғана айыптау негізіне жатқызылуы мүмкін.
4. Жәбiрленушiден iс бойынша дәлелденуге жататын кез келген мән-жайлар туралы, сондай-ақ оның күдіктімен, басқа жәбiрленушiлермен, куәлармен өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер жәбiрленушi өзiнің хабардар болған көзiн көрсете алмаса, ол хабарлаған мәлiметтер дәлелдеме бола алмайды.
5. Куәдан iске қатысты кез келген мән-жайлар туралы, оның iшiнде күдіктінің, жәбiрленушiнiң жеке басы мен өзiнiң олармен және басқа да куәлармен өзара қарым-қатынасы туралы жауап алынуы мүмкiн. Егер куә өзiнің хабардар болу көзiн көрсете алмаса, ол хабарлаған мәлiметтер дәлелдеме бола алмайды. Куә ретiнде жауап алынуға жатпайтын адамдардың хабарлары дәлелдеме болып табылмайды.
6. Күдіктінің жеке басын сипаттайтын деректер туралы айғақтар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды және олар жаза тағайындауға немесе жазадан босатуға байланысты мәселелердi шешу үшiн ғана дәлелдемелер ретiнде пайдаланылады.
7. Жауап алу кезiнде осы Кодексте белгiленген тәртiппен қылмыстық iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға немесе қайталап айтуға қабiлетсiз деп танылған адамның айғақтары дәлелдеме болып табылмайды.
8. Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарға құпия негізде жәрдем көрсететін адам тікелей қабылдаған нақты деректер аталған адамның келісімімен одан куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Қылмыстық топқа ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін не жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).116-бап. Сарапшының қорытындысы және айғақтары
1. Сарапшының қорытындысы – осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелері көрсетілетін құжат.
2. Сарапшының ауызша түсiндірмелерi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiру бөлiгiнде ғана дәлелдемелер болып табылады.
3. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргізетін орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеуi уәждi болуға тиiс.
4. Сарапшының айғақтары – қорытындыны алғаннан кейін оның берген қорытындысын түсіндіру немесе нақтылау мақсатында жүргізілген жауап алуда ол хабарлаған мәліметтер.
117-бап. Маманның қорытындысы және айғақтары
1. Маманның қорытындысы – осы баптың үшінші бөлігінің талаптарына сәйкес ресімделген және маманның алдына қылмыстық процесті жүргізетін адам немесе тараптар қойған мәселелер бойынша зерттеулердің мазмұны мен түйіндерін көрсететін, жазбаша түрде ұсынылған ресми құжат.
Зерттеуді тағайындау, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабар дайындау тәртібі, зерттеуді тағайындау және жүргізу кезіндегі күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің және оның өкілінің, куәның, қорғаушының құқықтары мен міндеттері, өздеріне қатысты зерттеу жүргізілетін тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері, процеске қатысушылардың зерттеу жүргізу кезінде қатысу құқығы, зерттеу объектілеріне қойылатын құқықтық талаптар, күдіктіге, жәбірленушіге маманның қорытындысын ұсынудың тәртібі мен құқықтық салдарлары, зерттеу үшін үлгілер алудың негіздері мен тәртібі маманның зерттеу жүргізу ерекшеліктері ескеріле отырып, осы Кодекстің 34 және 35-тарауларында белгіленеді.
2. Қажетті зерттеулерді жүргізгеннен кейін маман өз атынан жазбаша қорытынды жасайды және оны өзінің қойған қолымен куәландырады.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесінің қызметкері жасаған, маманның жазбаша қорытындысы көрсетілген бөлімшенің мөрімен расталады.
Маманның қорытындысы электрондық құжат түрінде ресімделуі мүмкін.
3. Маманның қорытындысында: оның ресімделген күні, зерттеу жүргізілген мерзімдер мен орын; тергеу әрекеті хаттамасының деректемелері, оған маманның қорытындысы, зерттеуді жүргізген маман туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы) қоса беріледі; маманның өзіне көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілгені туралы оның қойған қолымен куәландырылған белгі; маманның алдына қойылған мәселелер; зерттеу объектілері, олардың жай-күйі, қапталуы, мөрмен бекемделуі; қолданылған әдістер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, маманның алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндерінің негіздемесі мен тұжырымдалуы көрсетілуге тиіс.
4. Маманның қорытындысын көрнекілейтін, осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер де қоса берілуге тиіс.
5. Маманның ауызша түсіндірмелері оның бұрын берген қорытындысын түсіндіру бөлігінде ғана дәлелдемелер болып табылады.
6. Маманның айғақтары – қорытындыны алғаннан кейін, оның берген қорытындысын түсіндіру немесе нақтылау мақсатында жүргізілген жауап алуда ол хабарлаған мәліметтер.
7. Маманның қорытындысы қылмыстық процестi жүргізетін орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеуi уәждi болуға тиiс.
Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.1. Мыналар заттай дәлелдемелер деп танылады:
1) егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың қаруы немесе өзге де құралы болды деп пайымдауға негіз болса, нәрселер;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтың іздері сақталып қалған немесе сақталуы мүмкін нәрселер;
3) қоғамға қауіпті қолсұғушылық объектілері болған нәрселер;
4) қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған ақша, құндылық пен өзге де мүлік;
5) қылмыстық құқық бұзушылықты табу, істің нақты мән-жайларын анықтап алу, кінәлі адамды анықтау не оның кінәлі екенін теріске шығару немесе жауаптылықты жеңілдету құралдары болуы мүмкін ақша, құндылық, өзге де мүлік, нәрселер, құжаттар.
2. Осы Кодекстiң 221-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заттай дәлелдемелер қылмыстық процестi жүргізетін органның қаулысымен не осы Кодекстің 527-бабының талаптарына сәйкес жасалған хаттамамен iске қоса тiгiледi және үкiм немесе iстi тоқтату туралы қаулы заңды күшiне енгенге дейiн сонда болады. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру және оларды сақтау тәртiбi осы Кодекстiң 221-бабында айқындалады.
3. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығару немесе үкiм шығару кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiлуге тиiс. Бұл ретте:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға тиесілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабы негізінде тәркіленуге жатады;
1-1) мүлкінің құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланылуы туралы білмеген не білмеуге тиіс болған адамға заңды негіздерде тиесілі, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары осы адамға қайтарылуға жатады;
1-2) өзге жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасау қарулары және (немесе) құралдары тиісті мекемелерге белгілі бір адамдарға беріледі немесе жойылады;
2) ұстауға тыйым салынған немесе ұстауға шектеу қойылған заттар тиiстi мекемелерге берілуге жатады немесе жойылады;
3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi тұлғалардың немесе мекемелердің өтінішхаты болған жағдайда, оларға берiлуi мүмкiн;
4) заңды иесіне қайтарылуға жататын мүлікті және одан түсетін кірістерді қоспағанда, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған ақша және өзге де мүлік, сондай-ақ заңсыз кәсiпкерлiктің және контрабанданың нәрселері соттың шешiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал иелері анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне өтеді. Бұл заттардың тиесiлiгi туралы дау туындаған жағдайда, дау азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешілуге жатады;
5) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар дәлелдемелерді сақтаудың бүкіл мерзiмi iшiнде іспен бiрге қалады не осы Кодекстiң 120-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртiппен мүдделi жеке немесе заңды тұлғаларға берiледi.
4. Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.119-бап. Процестік әрекеттердiң хаттамалары
1. Қылмыстық процестi жүргізетін адам тiкелей қабылдаған мән-жайларды куәландыратын, осы Кодекстiң қағидаларына сәйкес жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында, осы Кодекстің 527-бабында көзделген талаптарға сәйкес жасалған хаттамада қамтылған, сондай-ақ қарап-тексеру, куәландыру, алу, тiнту, ұстап алу, мүлiкке тыйым салуды қолдану, тануға ұсыну, үлгілерді алу, мәйiттi эксгумациялау, айғақтарды сол жерде тексеру, құжаттарды ұсыну, тергеу экспериментi, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін зерттеу, тергеу әрекеті барысында маман жүргізген заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде анықталған, сондай-ақ сот отырысының сот әрекеттерінің барысы мен олардың нәтижелері көрсетілетін хаттамасында қамтылған нақты деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арызды қабылдау кезінде жасалған хаттамаларда, ұсынылған нәрселер мен құжаттарда, айыбын мойындап келуiнде, тұлғаларға тиесілі олардың құқықтары мен оларға жүктелген мiндеттердi түсiндiруде қамтылған нақты деректер дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.120-бап. Құжаттар
1. Егер жеке, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар құжаттарда баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң қылмыстық iс үшiн маңызы бар болса, құжаттар дәлелдемелер деп танылады.
2. "Жедел-iздестiру қызметi туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары сақтала отырып алынған, құқыққа қайшы әрекеттер туралы нақты деректер тіркелген материалдар құжаттар болып табылады және қылмыстық процесте дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
3. Құжаттар жазбаша да, өзге нысанда да тіркелген мәлiметтердi қамтуы мүмкiн. Құжаттарға, сонымен бiрге, осы Кодекстiң 122-бабында көзделген тәртiппен алынған, талап етiп алдырылған немесе ұсынылған түсiнiктемелер, түгендеулердің, ревизиялардың актiлерi, анықтамалар, салықтық тексерулер актілері, салық қызметі органдарының қорытындылары, сондай-ақ компьютерлiк ақпаратты қамтитын материалдар, фото- және кинотүсірілімдер, дыбыс- және бейнежазбалар да жатады.
4. Құжаттар iске қосып тігіледі және оны сақтаудың бүкiл мерзiмi ішінде сонда сақталады. Алып қойылған және iске қосып тігілген құжаттар ағымдағы есепке алу, есептілік үшiн және заңды иесiнің өтінішхаты бойынша өзге де құқыққа сыйымды мақсаттарда талап етiлген жағдайда, олар оған қайтарылуы немесе уақытша пайдалануға, оның ішінде электрондық жеткізгіштерден берілуі, егер бұл iс үшiн залалсыз болатын болса, не олардың көшiрмелерi, қажет болған кезде нотариус куәландырған көшірмелері берiп жіберілуі мүмкiн.
Берілетін құжаттардың көшірмесін жасауға, нотариустың олардың көшірмелерінің дұрыстығын куәландыруға байланысты шығыстар өтінішхат бастамашысының есебінен жүзеге асырылады.
Қылмыстық іс үшін маңызы жоқ құжаттар заңды иесіне қайтарылады.
5. Құжаттардың осы Кодекстiң 118-бабында көрсетiлген белгiлерi болған жағдайларда, олар заттай дәлелдемелер деп танылады.
Ескерту. 120-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.16-тарау. ДӘЛЕЛДЕУ
1. Дәлелдеу iстi заңды, негiзді және әдiл шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, бағалаудан және пайдаланудан тұрады. Дәлелдеу осы Кодекстің 23-тарауында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
2. Күдіктінің, айыпталушының қылмыстық жауаптылық негiздерiнің және кiнәсiнiң бар екенін дәлелдеу мiндетi айыптаушыда болады.
Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).122-бап. Дәлелдемелерді жинау
1. Дәлелдемелерді жинау сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы процесінде осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізу арқылы жүргізіледі. Дәлелдемелерді жинау оларды табуды, бекітуді және алып қоюды қамтиды.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган процеске қатысушылардың өтінішхаттары немесе өз бастамасы бойынша өзінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша жауап алу немесе сарапшы немесе маман ретінде қорытынды беру үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен кез келген адамды шақыруға; осы Кодексте көзделген процестік іс-әрекеттерді жүргізуге; коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді берудің және жария етудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін сақтай отырып, жеке, заңды тұлғалардан және лауазымды адамдардан, сондай-ақ жедел-іздестіру немесе қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардан іс үшін маңызы бар құжаттар мен нәрселерді беруді талап етуге; уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар мен тексерулер жүргізуді талап етуге құқылы. Қылмыстық қудалау органы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне ревизиялар мен тексерулер жүргізудің талап етілетіні туралы бір тәулік ішінде прокурорды хабардар етеді. Сот өз бастамасымен дәлелдемелер жинауға құқылы емес.
3. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруге немесе сот талқылауына қатысуға жіберілген қорғаушы, жәбірленушінің өкілі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу туралы тәртіпті сақтай отырып, жәбірленушіні қорғауды, оның мүдделерін білдіруді жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді:
1) заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден анықтамаларды, мінездемелерді, өзге де құжаттарды талап етіп алуға құқылы. Көрсетілген тұлғалар қорғаушыға, жәбірленушінің өкіліне олар сұратқан құжаттарды немесе олардың расталған көшірмелерін он тәулік ішінде беруге міндетті.
Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені қарау кезінде талап етіп алдырылатын анықтамалар, мінездемелер және өзге де құжаттар қорғаушыға жиырма төрт сағат ішінде ұсынылады;
2) осы Кодекстің 272-бабының бесінші, тоғызыншы және оныншы бөліктеріне сәйкес шарттық негізде сот сараптамасын жүргізуге бастамашылық жасау;
3) сот сараптамасы органына не осы Кодекстің 273-бабы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында аталғандардың арасындағы адамға шарттық негізде сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салу жіберу;
4) шарттық негізде маман тарту арқылы, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып алуға құқылы.
Маманды шарттық негізде тартқан кезде қорғаушы, жәбірленушінің өкілі оның осы Кодекстің 80-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420 және 423-баптары бойынша қылмыстық жауаптылықты қолхат ресімдей отырып түсіндіреді.
Көрсетілген қолхат бір тәулік ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға іс материалдарына қоса тіркеу үшін жіберіледі;
5) қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамдардың келісуімен, оларға сұрау салу арқылы, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып алуға құқылы.
4. Дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске қосып тігу үшін ауызша да, жазбаша да, не электрондық құжат нысанындағы мәліметтерді, сондай-ақ нәрселер мен құжаттарды күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жекеше айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар беруге құқылы.
5. Осы баптың үшінші бөлігі 1) тармағының талаптарын орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 122-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.123-бап. Дәлелдемелерді бекiту
1. Нақты деректер процестік әрекеттердiң хаттамаларында тіркелгеннен кейiн ғана дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкін.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы анықтаушыға, тергеушiге және прокурорға, ал сотта – сот отырысына төрағалық етушi мен хатшыға жүктеледi.
3. Тергеу және сот әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ сот талқылауында тараптарға осы әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi тіркелген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы әрекеттi жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуге тиiс. Хаттамада тергеу және сот әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi жасалады.
4. Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылықтар, өтінішхаттар мен шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда баяндалғандары хаттамаға қоса беріледі. Сызып тасталған немесе кіріктіріліп жазылған сөздер немесе басқа да түзетулер туралы хаттама соңында қойылған қолдар алдында ескертпе жасалады.
5. Тергеу әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әрбір бетiне мәтiннiң соңғы жолының астына және хаттаманың соңына өзiнің қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бір бөлiгiмен танысу кезінде әрбір беттiң соңына не осы бөлiктiң соңына қолын қоюға құқылы.
6. Анықтаушы, тергеушi, прокурор немесе сот ескертулермен немесе қарсылықтармен келiспеген жағдайда, бұл туралы қаулы шығарады.
7. Заңда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың немесе басқа да адамдардың қайсыбіреуі тергеу әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы, тергеушi немесе прокурор хаттамаға бұл туралы белгi жасайды, оны өзiнiң қолымен куәландырады.
8. Заңда көзделген жағдайларда сот отырысының хаттамасында жазылған сот әрекетi туралы жазбаларға қол қоюдан бас тартылған кезде осы хаттамада белгi жасалып, оны сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куәландырады.
9. Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы және бұл түсiніктеме хаттамаға енгiзiлуге тиiс.
10. Егер процестік әрекетке қатысушы өзiнiң дене кемiстігі салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келiсiмiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе оның өзі сенім білдіретін басқа жеке тұлға хаттаманы дауыстап оқиды және оған қол қояды, хаттамада бұл туралы белгi жасалады.
11. Дәлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс-, бейнежазба, кино-, фототүсiру, бедерлер, баспа-таңбалар, жоспарлар, схемалар дайындау және ақпаратты түсіріп алудың басқа да тәсілдері қолданылуы мүмкiн. Тергеу әрекетiне немесе сот талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген тәсілдерін қолданғаны туралы пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамалары келтiрiле отырып, тиiсiнше тергеу әрекетiнің хаттамасында немесе сот отырысының хаттамасында белгi жасалады.
12. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, бедерлер, баспа-таңбалар, жоспарлар, схемалар, тергеу немесе сот әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса беріледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексеру барысында – прокурор, анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта сот отырысының төрағалық етушiсі мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады.
124-бап. Дәлелдемелердi зерттеу
Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi түрде зерттелуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемені талдауды, оны басқа дәлелдемелермен салыстыруды, оларды тексеру үшін қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелер алу көздерiн тексерудi қамтиды.
125-бап. Дәлелдемелердi бағалау
1. Әрбiр дәлелдеме – оның қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан бағалануға тиiс.
2. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы дәлелдемелерді осы Кодекстiң 25-бабына сәйкес заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi жиынтығымен жан-жақты, толық және объективтi қарауға негiзделген өздерiнiң iшкi сенімі бойынша бағалайды.
3. Егер дәлелдеме осы iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың бар екендiгi туралы түйіндерді растайтын, теріске шығаратын немесе күмән туғызатын нақты деректердi бiлдiретiн болса, ол iске қатысты дәлелдеме деп танылады.
4. Егер дәлелдеме осы Кодексте белгiленген тәртiппен алынған болса, ол жол берілетін дәлелдеме деп танылады.
5. Егер тексеру нәтижесiнде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетiндiгi анықталса, ол анық дәлелдеме деп танылады.
6. Егер дәлелденуге жататын мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты ешқандай күдіксіз және даусыз белгiлейтiн, iске қатысты жол берілетін және анық дәлелдемелер жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы қылмыстық iстi шешу үшiн жеткiлiктi деп танылады.
Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.126-бап. Дәлелдеу процесiндегi ғылыми-техникалық құралдар
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат, сондай-ақ сарапшы және маман қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды осы Кодексте көзделген процестік міндеттерін өздері орындауы кезінде пайдалана алады.
2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган, қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланған кезде жәрдем көрсету үшiн маманды тартуы мүмкiн.
3. Егер ғылыми-техникалық құралдар:
1) заңда тiкелей көзделсе немесе оның нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе;
2) ғылыми тұрғыдан дәрменді болса;
3) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн болса;
4) қауiпсiз болса, олар қолдануға жарамды деп танылады.
4. Қылмыстық процестi жүргізетін органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректерi, оларды қолданудың шарттары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi көрсетiле отырып, тиiстi процестік әрекеттердiң хаттамаларында және сот отырысының хаттамасында, ал қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың оларды пайдалануы сұрау салу актісінде көрсетiледi.
Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Соттың қылмыстық iс бойынша заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ қылмыстық істі мәні бойынша шешетін басқа да шешiмі анықталған мән-жайларға да, олардың соттың үкімі мен шешімі шығарылған адамға қатысты құқықтық бағалануына қатысты да барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар үшiн мiндеттi. Бұл ереже соттың үкімі мен басқа да шешiмдерiн жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша кассациялық тәртіппен тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге кедергi болмайды.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 23 нормативтік қаулысын қараңыз.
2. Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргізетін орган үшiн оқиғаның немесе әрекеттiң орын алғаны не алмағаны туралы мәселе жөнiнде ғана мiндеттi және ол сотталушының кiнәлiлігі немесе кiнәсіздігі туралы түйіндерді алдын ала шешпеуге тиiс.
3. Соттың заңды күшiне енген, өзінде талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкiмi сот үшiн оның азаматтық iсті қарауы кезiнде осы бөлiгінде мiндеттi.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 05.07.2024 № 47-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.
4. Нақ сол күдік бойынша қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны туралы қаулыдан басқа, қылмыстық қудалау органы қаулысының сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.
Ескерту. 127-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).4-БӨЛІМ. ПРОЦЕСТІК МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ
17-тарау. КҮДІКТІНІ ҰСТАП АЛУ
128-бап. Ұстап алу негіздері
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы күдіктіні ұстап алу – қылмыстық қудалау органы қылмыстың жолын кесу және оған күзетпен ұстау түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында немесе адамның жасырынуы не неғұрлым ауыр қылмыс жасауы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса, қылмыстық теріс қылық бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолданатын процестік мәжбүрлеу шарасы.
2. Қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, мына негiздердiң бiрi:
1) осы адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталған;
2) көзімен көргендер (куәлар), оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаған адам ретінде осы адамды тікелей көрсетсе не ол адамды осы Кодекстiң 130-бабында көзделген тәртiппен ұстап алған кезде;
3) осы адамда немесе оның киімінде, өзiнің бойында немесе тұрғынжайында қылмыстың анық iздерi табылған кезде;
4) жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiнiң және (немесе) жасырын тергеу іс-қимылдарының заңға сәйкес алынған материалдарында адамға қатысты ол жасаған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болғанда, бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін қылмыс жасады деп күдiк келтірілетін адамды ұстап алуға құқылы.
3. Осы баптың екінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіздерді қоспағанда, адамдарды қылмыс жасады деген күдікпен ұстап алу кейінге қалдыруға болмайтын қажетті тергеу әрекеттері өткізілгеннен кейін жүргізіледі.
4. Адамға қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтіруге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде, егер ол адам жасырынуға әрекет жасаса не оның тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе күдіктінің жеке басы анықталмаса не сотқа күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат жіберілсе ғана ұстап алынуы мүмкін.
5. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды ұстап алу мерзімі нақты ұстап алған кезден бастап есептеледі және жетпіс екі сағаттан аспауға тиіс.
Ескерту. 128-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жеткізу – адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау мақсатында үш сағаттан аспайтын мерзімге қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы.
2. Адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бары расталған жағдайда, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен ұстап алуды жүзеге асыруға құқылы, бұл ретте жеткізу мерзімі осы Кодекстің 131-бабының төртінші бөлігінде көзделген ұстап алудың жалпы мерзіміне қосылады.
3. Жеткізу мерзімі аяқталған соң, бұдан әрі процестік ұстап алу жағдайларын қоспағанда, адамға жеткізілгендігі туралы дереу анықтама беріледі.
130-бап. Азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды процестік емес ұстап алуға құқығы
1. Жәбiрленушiнiң, сондай-ақ кез келген өзге азаматтың қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды оның өзге де қолсұғушылықтар жасау мүмкiндiгiнiң жолын кесу мақсатында ұстап алуға және оны қылмыстық қудалау органына немесе өзге де мемлекеттік билік органына беру не жеткізу үшін оның жүріп-тұру еркіндігін шектеуге құқығы бар.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, ұстап алынған адам қарсылық көрсеткен кезде оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 33-бабында көзделген шектерде дене күшi мен басқа да құралдар қолданылуы мүмкін. Егер ұсталған адамда қару немесе қылмыстық iс үшiн маңызы бар өзге де қауiптi заттар бар деп пайымдауға негiз болса, оны ұстап алған азамат ұстап алынған адамның киiмiн қарап-тексеруге және онда бар нәрселерді құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттiк билік органына беру үшiн алып қоюға құқылы.
131-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамды процестік ұстап алу тәртiбi
1. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.
Егер ұстап алынған адам қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн бiлмесе не ұстап алу кезінде алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйде не психосоматикалық ауру жағдайында өзіне түсіндірілген құқықтарын барабар қабылдай алмаса, онда күдіктінің құқықтарын түсiндiру одан күдiктi ретiнде жауап алу басталғанға дейiн тиісінше аудармашының (қажет болған кезде) және (немесе) қорғаушының қатысуымен жүзеге асырылады, бұл туралы жауап алу хаттамасында белгi жасалады.
2. Анықтау органының лауазымды адамы, анықтаушы, тергеуші осы Кодекстің 129-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде ұстап алу хаттамасын жасайды. Күдіктінің жалпы денсаулық жағдайын және дене зақымдануының бар-жоғын анықтау үшін ол осы Кодекстің 223-бабында көзделген тәртіппен куәландырылуға жатады.
Ұстап алу хаттамасында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) күдіктінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
2) күдіктіні кімнің ұстап алғаны, ұстап алу негізі, уәждері, орны, нақты ұстап алу және жеткізу уақыты (сағаты мен минуты көрсетіле отырып);
3) күдіктінің құқықтары түсіндірілгені туралы мәліметтер;
4) жеке тінту нәтижелері;
5) ұстап алынған адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер;
6) хаттаманың жасалған уақыты мен орны;
7) ұстап алу мерзімі.
Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, күдікті және қорғаушы (ол қатысқан кезде) қол қояды.
Хаттамаға медициналық куәландыру қорытындысы қоса беріледі.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жүргізілген ұстап алу туралы прокурорға ұстап алу хаттамасы жасалған кезден бастап он екі сағаттың ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
4. Мынадай:
1) аса ауыр ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
2) террористік немесе экстремистік қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
3) жаппай тәртіпсіздік барысында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
4) қылмыстық топ құрамында қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу;
5) есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және сол тектестердің заңсыз айналымына байланысты, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, сондай-ақ адам өліміне алып келген қасақана қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде;
6) жердің шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолдарының жоқтығы салдарынан, сондай-ақ төтенше жағдай немесе төтенше ахуал жағдайларында адамды тергеу судьясына уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алуға жол берілетін жағдайларды қоспағанда, адам қылмыс жасады деген күдік бойынша – қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге, ал кәмелетке толмаған адам жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алынуы мүмкін.
Ескерту. 131-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.132-бап. Ұстап алынған адамның жеке басын тiнту
Ұстап алуды жүзеге асыратын адам ұстап алынған адамда қару не қару ретінде пайдаланылуы мүмкін немесе қолдануға тыйым салынған нәрселер және дәлелдеуде пайдаланылуы мүмкін өзге де нәрселер бар не ол өзiнiң қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығын әшкерелейтін дәлелдемелерден құтылуға әрекет жасайды деп пайымдауға негіз болған жағдайларда немесе өзге де қажеттi жағдайларда осы Кодекстiң 255-бабында көзделген қағидаларды сақтай отырып, ұстап алынған адамның жеке басына дереу тiнту жүргiзуге құқылы.
133-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамды босату негiздерi
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адам, егер:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаса;
2) ұстап алынған адамға күзетпен ұстау түрiндегi бұлтартпау шарасын не қамаққа алу не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жазаны қолдануға негiздер болмаса;
3) ұстап алу осы Кодекстiң 131-бабының талаптарын елеулі түрде бұза отырып жүргiзiлген болса;
4) ұстап алу үшін заңды негіздер болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырып жатқан адамның немесе прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.
2. Егер нақты ұстап алынған кезден бастап – қырық сегіз сағат ішінде, ал кәмелетке толмағандарға қатысты жиырма төрт сағат ішінде ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығына күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы сот қаулысы келiп түспесе, ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығы, осы Кодекстің 131-бабы төртінші бөлігінің 1) – 6) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны өзiнiң қаулысымен дереу босатады және бұл туралы іс жүргізуінде іс жатқан адамды және прокурорды хабардар етеді.
Осы Кодекстің 131-бабы төртінші бөлігінің 1) – 6) тармақтарында көзделген жағдайларда, егер ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығына нақты ұстап алынған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы сот қаулысы келіп түспесе, ол осы адамды өзінің қаулысымен дереу босатады және бұл туралы іс жүргізуінде іс жатқан адамды және прокурорды хабардар етеді.
3. Осы баптың екінші бөлiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұстап алынған адамды ұстау орны әкiмшiлiгiнiң басшысы заңда белгiленген жауаптылықта болады.
4. Ұстап алынған адам босатылған кезде оған оны кiмнің ұстап алғаны, ұстап алудың, жеткізудің негiздерi, орны мен уақыты, босатудың негiздерi мен уақыты көрсетiлген анықтама берiледi.
5. Осы баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көзделген жағдайларда, заңсыз ұстап алу барысында не одан кейін ұстап алынған адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесінде алынған деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады.
Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).134-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандарды күзетпен ұстау тәртiбi
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар да тиiсiнше гауптвахталарда және қылмыстық-атқару жүйесiнiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын мекемелерiнде ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 61-бабы екінші бөлігінің 9) тармағында және үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады. Төтенше жағдай режимі жағдайларында қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғандар жергілікті жердің коменданты айқындаған, осы мақсаттарға бейімделген үй-жайларда ұсталуы мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адамдарды күзетпен ұстаудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
135-бап. Күдіктінің туыстарына оның ұстап алынғаны туралы хабарлау
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ұстап алынған күдіктінің отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң қайсыбiрiне, ал олар болмаған кезде – басқа туыстарына немесе жақын адамдарына оның ұстап алынғаны және ұсталып отырған жері туралы кейінге қалдырмай хабарлауға немесе күдіктінің өзiне мұндай хабарлау мүмкiндiгiн беруге мiндеттi. Шетелдіктің ұстап алынғаны туралы сол мемлекеттiң елшiлiгi, консулдығы немесе өзге де өкiлдiгi дереу хабардар етілуге, ал ол мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірлескен бұйрығымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы да жиырма төрт сағат ішінде хабардар етiлуге тиiс.
18-тарау. БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ
136-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер
1. Күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамдарға осы Кодекстiң 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.
1-1. Күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау кезінде, егер қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шарасы болса, мұндай шараны қолдану мүмкіндігін қарау қажет.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99, 106, 107, 108-1 (екінші бөлігінде), 109-1 (екінші бөлігінде), 110, 120, 121 (3-1-бөлігінде), 122, 123, 124, 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамдарға жасалған қылмыстың ауырлығы және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы уәжімен бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылуы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217, 218, 218-1, 231, 234, 248 және 249-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардан басқа, экономикалық қызмет саласында қылмыстар жасады деп күдік келтіріліп, айыпталып жатқан адамдарға, осы Кодекстің 147-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмайды.
Ескерту. 136-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.137-бап. Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер
1. Мыналар:
1) ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат;
2) жеке кепiлгерлік;
3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беру;
4) кәмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру;
5) кепiл;
6) үйқамақ;
7) күзетпен ұстау бұлтарпау шаралары болып табылады.
2. Әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беруді және күзетпен ұстауды қоспағанда, қажет болған кезде бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық бақылау құралдары қолданылуы мүмкін.
Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда электрондық бақылау құралдарын қолдану және күдіктіге, айыпталушыға олардың мақсатын түсіндіру туралы белгі жасалады.
3. Электрондық бақылау құралдарын қолдануға оларды айналасындағылардың байқауынан жасыру шаралары қолданылған жағдайда жол беріледі, ол күдіктінің, айыпталушының баратын жерлері және олардың жүріп-тұратын жолдары, сондай-ақ жасы, денсаулығының жай-күйі, отбасы жағдайы мен өмір салты ескеріліп жүзеге асырылуға тиіс.
4. Электрондық бақылау құралдарын қолдану тәртібін, шарттары мен негіздерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
138-бап. Бұлтартпау шарасын таңдау және қосымша шектеулер белгілеу кезiнде ескерiлетiн мән-жайлар
1. Бұлтарпау шарасын және оның дәл қайсысын қолдану қажеттiлігi туралы мәселені шешкен кезде осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздерден басқа, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеген кезде сондай-ақ мыналар:
1) жасалған қылмыстың ауырлығы;
2) күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы;
3) денсаулық жағдайы;
4) отбасы жағдайы, отбасында асырауындағы адамдардың бар-жоғы;
5) күдіктінің, айыпталушының әлеуметтік байланысының орнықтылығы;
6) күдіктінің, айыпталушының беделі;
7) айналысатын ісі;
8) күдіктінің, айыпталушының тұрақты жұмыс орнының немесе оқуының бар-жоғы;
9) мүлiктiк жағдайы;
10) тұрақты тұрғылықты жерiнiң бар-жоғы және басқа да мән-жайлар ескерiлуге тиiс.
2. Осы Кодекстің 136-бабында санамаланған негіздер болмаған кезде, жасалған қылмыстың ауырлығы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін жалғыз негіз бола алмайды.
Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.139-бап.Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану
1. Осы Кодекстiң 136-бабында көзделген негiздер болған айрықша жағдайларда және осы Кодекстің 138-бабында көрсетiлген мән-жайлар ескерiле отырып, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін күдіктiге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте күдіктiнің іс-әрекетін саралау туралы қаулы – бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 173, 179, 181, 184, 255 –268 және 272-баптарында көзделген қылмыстардың ең болмағанда біреуі жасалған жағдайларда – отыз тәуліктен кешiктiрiлмей, ал егер күдiктi ұстап алынып, содан кейiн күзетпен қамалған болса, ұстап алынған кезден бастап дәл сондай мерзiмде жариялануға тиiс. Егер осы мерзiмде күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылмаса және жарияланбаса, бұлтартпау шарасының күші дереу жойылады.
2. Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулы жарияланған кезде оған бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды қолдану туралы мәселені сот осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жиырма төрт сағат ішінде күзетпен ұстау орнының бастығына соттың күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы қаулысы келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы ол туралы іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органды немесе адамды, сондай-ақ прокурорды хабардар етуге міндетті. Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған бойда бұлтартпау шарасының күшін жою немесе айыпталушыны күзетпен ұстауды соттың санкциялағаны туралы тиісті шешімдер келіп түспесе, күзетпен ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін жиырма төрт сағаттың ішінде іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органға немесе адамға және прокурорға жібереді.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнің талаптары орындалмаған кезде күзетпен ұстау орны әкiмшiлiгiнiң басшысы заңда белгiленген жауаптылықта болады.
140-бап. Бұлтартпау шараларын қолдану тәртiбi
1. Күдіктіге, айыпталушыға бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарады, онда адамға күдік келтіріліп, ол айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көрсету және осы бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері қамтылады. Қаулының көшірмесі өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға табыс етіледі және сонымен бiр мезгiлде оған осы Кодексте көзделген, бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешiмге шағым жасау тәртiбi түсiндiрiледi.
Осы Кодекстің 139-бабында көзделген жағдайлардан басқа, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы оның іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін ғана қолданылады.
3. Күзетпен ұстауға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданған кезде күдіктінің, айыпталушының, сотталушының тиісті мінез-құлқын қамтамасыз ету үшін оларға:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға не сотқа олар белгілеген уақытта келу;
2) қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен кетпеу;
3) қылмыстық процесті жүргізетін адамды, прокурорды тұрғылықты жерінің, жұмыс орнының өзгергені туралы хабардар ету;
4) белгілі бір адамдармен араласпау және белгілі бір жерлерге бармау;
5) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделу курсынан өту;
6) электрондық бақылау құралдарын тағып жүру міндеттерінің бірі немесе бірнешеуі жүктелуі мүмкін.
4. Күдікті, айыпталушы осы Кодекстiң 141, 142, 143, 144, 145 және 146-баптарында көзделген шараларды бұзатын іс-әрекеттердi жасаған жағдайда оларға неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы күдіктіге, айыпталушыға тиiстi қаулының көшiрмесiн табыс ету кезiнде жариялануға тиiс. Осы Кодекстің 156, 165-баптарында көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын бұзған жағдайда, күдіктіге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы таңдалады.
Ескерту. 140-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).141-бап. Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат
Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат қылмыстық процесті жүргізетін органның күдіктіден, айыпталушыдан анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен (елді мекеннен) кетпеуі, істі тергеп-тексеруге және сотта талқылауға кедергі келтірмеуі, қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуі жөнінде жазбаша міндеттеме алуынан тұрады.
1. Жеке кепiлгерлік күдіктінің, айыпталушының тиісті мінез-құлқын және олардың қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуін сенiмге лайық адамдардың өз жауапкершілігіне алатыны туралы жазбаша мiндеттеме қабылдауынан тұрады. Кепiлгерлердің саны екеуден кем болмайды.
2. Бұлтартпау шарасы ретiнде жеке кепiлгерлікті таңдауға кепiлгердің жазбаша өтiнiшхаты бойынша және өзіне қатысты кепiлгерлік берiліп отырған адамның келiсуiмен ғана жол берiледi.
3. Кепiлгер жеке кепілгерлік туралы қолхат береді, онда ол өзi кепiлгер болып отырған адамға қатысты күдіктің мәні, күдікті, айыпталушы алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы қолданылған әрекеттерді жасаған жағдайда кепілгердің өзіне ақшалай өндіріп алуды қолданудан тұратын жауапкершілігі түсіндірілгендігін растайды.
4. Кепiлгер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде кепiлгерліктен бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, бас тартылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде күдіктіге, айыпталушыға қатысты осы Кодекстің 136-бабы бірінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, өзге бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс.
5. Күдікті, айыпталушы алдын алу үшiн жеке кепiлгерлік қолданылған әрекеттердi жасаған жағдайда, сот әрбiр кепiлгерге осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алуды қолдануы мүмкiн.
143-бап. Әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауы
1. Әскери бөлім қолбасшылығының әскери қызметшiлер немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер болып табылатын күдіктілерді, айыпталушыларды байқауда ұстауы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жарғыларында көзделген және осы адамның тиісті мінез-құлқын және оның қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз ете алатын шараларды қолданудан тұрады.
2. Әскери бөлiмнің қолбасшылығына осы бұлтартпау шарасы таңдалған күдіктің мәнi туралы хабарланады. Әскери бөлiмнің басшылығы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға байқауда ұстаудың орнатылғаны туралы жазбаша хабарлайды.
3. Күдікті, айыпталушы алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы таңдалған әрекеттердi жасаған жағдайда, әскери бөлiмнің қолбасшылығы ол туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға дереу хабарлауға мiндеттi.
4. Өздерiне жүктелген байқауда ұстау жөнiндегi мiндеттердiң орындалмауына кiнәлi адамдар заңнамада көзделген тәртiптiк жауаптылықта болады.
5. Осы бұлтартпау шарасы қолданылған кезеңде күдіктіні, айыпталушыны жауынгерлік кезекшілікке, жауынгерлік немесе қарауыл қызметін, гарнизон нарядының немесе бөлімнің (бөлімшенің) тәуліктік нарядының құрамында қызмет атқаруға тартуға жол берілмейді.
144-бап. Кәмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру
1. Кәмелетке толмаған адамды ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының немесе басқа да сенiмге лайық адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйым әкiмшiлiгiнiң қарауда ұстауына беру көрсетілген адамдардың қайсыбiрiнiң өзіне кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқын және оның қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуiн қамтамасыз ету, оның ішінде оның үйден тыс жерде болуын шектеу және қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатынсыз басқа жерге баруына жол бермеу жөнінде жазбаша мiндеттеме қабылдауынан тұрады.
2. Кәмелетке толмаған адамды ата-анасының және басқа да тұлғалардың қарауда ұстауына беру олардың жазбаша өтiнiшхаты бойынша ғана мүмкiн болады.
3. Қарауда ұстауға қабылдау туралы қолхат алынған кезде ата-аналар, қорғаншылар, қамқоршылар, бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйым әкімшілігінің өкiлдерi кәмелетке толмаған адам жасады деп күдік келтірілген қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты туралы және олардың қарауда ұстау бойынша өздерiне қабылдаған мiндеттерiн бұзған жағдайдағы жауаптылығы туралы хабардар етiледi.
4. Қарауына кәмелетке толмаған адам берiлген тұлғалар өздері қабылдаған мiндеттемелерді орындамаған жағдайда, оларға осы Кодекстiң 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
1. Кепiл сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның, прокурордың немесе соттың шақыруы бойынша оларға күдiктiнiң, айыпталушының келуi жөнiндегi мiндеттерiн орындауын қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ олардың жаңа қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында сот депозитiне күдiктiнiң, айыпталушының өзiнiң не басқа адамның ақша енгiзуiнен тұрады. Тыйым салынатын басқа да құндылықтар, жылжитын және жылжымайтын мүлiк кепiл ретiнде қабылдануы мүмкiн. Кепiлдiң құндылығын және ауыртпалықтың жоқ екендiгiн дәлелдеу кепiлгерге жүктеледi. Осы Кодекстің 148-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларда кепiл қолданылмайды.
2. Кепiл тергеу судьясының санкциясымен не соттың қаулысы бойынша ғана қолданылады.
Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдау кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 140-бабына сәйкес сот алдында осы шараны қолдануға санкция беру жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны сотқа жібереді. Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
3. Кепiлдiң мөлшерi күдіктің ауырлығы, күдіктінің, айыпталушының жеке басы, қылмыстық іс-әрекеттің сипаты, кепіл берушінің мүліктік жағдайы ескеріле отырып айқындалады және: онша ауыр емес қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде – айлық есептiк көрсеткiштiң отыз еселенген мөлшерiнен кем, бірақ айлық есептік көрсеткіштің бір жүз жиырма еселенген мөлшерінен көп; ауырлығы орташа қылмысты абайсызда жасады деп күдік келтірілген кезде – айлық есептiк көрсеткiштің бір жүз жиырма еселенген мөлшерiнен кем, бірақ айлық есептік көрсеткіштің екі жүз еселенген мөлшерінен көп; ауырлығы орташа қылмысты қасақана жасады деп күдік келтірген кезде – айлық есептiк көрсеткiштің екі жүз еселенген мөлшерiнен кем, бірақ айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елу еселенген мөлшерінен көп; ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде – айлық есептiк көрсеткiштің үш жүз елу еселенген мөлшерiнен кем, аса ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген кезде айлық есептiк көрсеткiштің бес жүз еселенген мөлшерiнен кем бола алмайды.
Кепіл ретінде кепіл берушінің келісімімен құны қылмыстың тиісті санаты бойынша кепілдің ең жоғары мөлшерінен асатын өзге де мүлік берілуі мүмкін.
Айрықша жағдайларда кепіл мөлшері мыналарға:
1) асырауында кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, мүгедектігі бар туыстары бар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы болып табылатын адамдарға;
2) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.3) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын, сондай-ақ бюджет есебінен әртүрлі әлеуметтік көмек түрлерін алатын адамдарға;
4) кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлік жастағы адамдарға қатысты төменгі мөлшерден аз мөлшерде қолданылуы мүмкін не осы сомаға баламалы өзге де мүлік қабылдануы мүмкін.
4. Күзетпен ұсталмайтын күдікті, айыпталушы, сотталушы не басқа тұлға кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, қолданылған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірмей тиісті шотқа қаражат салуға және растайтын құжатты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, сотқа ұсынуға міндетті.
Тергеу судьясының кепіл енгізу туралы қаулысы орындалмаған жағдайда, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адам бұлтартпау шарасын өзгерту туралы мәселеге бастамашылық жасайды.
5. Кепіл ретінде басқа да құндылықтар, жылжитын немесе жылжымайтын мүлік берілген кезде кепіл беруші сол мерзімде оларды құқық белгілейтін құжаттарымен бірге қылмыстық процесті жүргізетін органға беруге міндетті.
Осы Кодекстің 128-бабында көзделген тәртіппен ұсталған күдіктіге кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жағдайда, кепіл іс жүзінде енгізілгенге дейін тергеу судьясы осы Кодекстің 148-бабының жетінші бөлігінде көзделген тәртіппен күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданады.
Бұрын таңдалған күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы кепілмен ауыстырылған жағдайда, күдікті, айыпталушы кепіл іс жүзінде енгізілгеннен кейін ғана күзетілуден босатылады. Егер бұл кезге қарай осы Кодексте көзделген күзетпен ұстау мерзімдері біткен болса, онда олар кепіл енгізілгенге дейін ұзартылады.
6. Кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған кезде күдіктіге, айыпталушыға – олардың міндеттері және оларды орындамаудың салдары, ал айыпталушы, күдікті болып табылмайтын кепіл берушіге – адамның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілетіні, айыпталатыны, жасалған іс-әрекет үшін заңда көзделген жаза, күдіктінің, айыпталушының тиісті мінез-құлқын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер және олардың шақыру бойынша келуі, сондай-ақ осы міндеттерді орындамаудың салдары түсіндіріледі.
7. Кепiлдiң қабылданғаны туралы хаттама жасалады, онда күдіктіге, айыпталушыға шақыру бойынша келу және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы міндеттің түсiндiрiлгенi, ал кепiл берушiге күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келуден жалтарған және қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда кепiл мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылатыны туралы ескертiлгенi атап көрсетіледі. Хаттамаға осы бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам, күдікті, айыпталушы, сондай-ақ кепіл беруші басқа тұлға болса, ол қол қояды. Хаттама және соттың депозитiне кепiлдің енгізілгені туралы құжат iс материалдарына қосып тігіледі, ал кепiл берушiге хаттаманың көшiрмесi табыс етіледі.
8. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты осы Кодекстің 148-бабының сегізінші бөлігінде көзделген тәртіппен шығарылған қаулысына сәйкес кепіл енгізілген жағдайда, күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктіге, айыпталушыға кепіл жөніндегі міндеттерді және оларды орындамаудың салдарын түсіндіруді жүзеге асырады.
Күзетпен ұстау орнының бастығы күдіктiнi, айыпталушыны күзетпен ұстаудан босатуды кепіл енгізілгенін растайтын құжатты алғаннан кейін жүзеге асырады, бұл жөнінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, қадағалаушы прокурор және тергеу судьясы дереу хабардар етіледі.
9. Егер күдікті, айыпталушы өздеріне жүктелген міндеттерді бұзбаса, бірақ күдіктіге, айыпталушыға қатысты неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы қолданылса, қылмыстық іс бойынша үкім немесе іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылса, кепіл берушіге кепіл нысанасы дереу қайтарылады.
Егер күдікті, айыпталушы кепіл беруші болып табылса, сот азаматтық талап қоюдың, процестік шығындардың және өзге де мүліктік өндіріп алу қажеттігінің болуы кезінде кепіл тағдыры туралы мәселені қарай отырып, прокурордың өтінішхаты бойынша кепіл нысанасына не оның бір бөлігіне өндіріп алуды қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы.
Күдікті, айыпталушы болып табылмайтын кепіл беруші енгізген кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану оның келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін.
10. Күдікті, айыпталушы үшін кепіл енгізген тұлға күдіктінің, айыпталушының қылмыстық процесті жүргізетін органға келуі жөніндегі міндеттерді орындауын бұдан әрі қамтамасыз етуге жағдайы келмейтіні туралы жазбаша өтініш жасаған жағдайда, егер күдікті, айыпталушы көрсетілген міндеттерді бұзбаған болса, кепіл нысанасы дереу қайтарылуға жатады.
Қылмыстық істі түпкілікті шешетін үкім немесе қаулы шығарылған кезде, тиісінше, сот немесе қылмыстық қудалау органы сонымен бір мезгілде кепіл нысанасының тағдырын шешеді.
11. Күдікті, айыпталушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттерді дәлелді себептерсіз орындамаған жағдайда, прокурор тергеу судьясына кепілді мемлекет кірісіне айналдыру туралы өтінішхат жібереді.
Сот тиісті шешім қабылдайды, оған кепіл беруші осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым жасауы мүмкін.
12. Кепіл нысанасы қайтарылған кезде кепіл берушіден кепілдің сақталуын қамтамасыз етуге жұмсалған сома өндіріп алынады.
13. Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 145-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстамай, бірақ осы Кодекстің 147-бабында көзделген тәртіппен судья белгілеген шектеулер қолданыла отырып, оларды қоғамнан оқшаулауды білдіреді.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 11.04.2023 № 9 нормативтік қаулысын қараңыз.
2. Күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты үйқамақ қолданылған кезде бір немесе бірнеше шектеу:
1) тұрғынжайдан барлық уақытта немесе белгілі бір уақытта шығуға тыйым салу;
2) осы бөліктің 5) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, телефонмен сөйлесуге, хат-хабар жөнелтуге және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салу;
3) белгілі бір адамдармен араласуға және кімді болса да үйінде қабылдауға тыйым салу;
4) электрондық бақылау құралдарын қолдану және осы құралдарды өзімен бірге алып жүру міндетін жүктеу;
5) бақылау мақсатындағы телефон қоңырауларына немесе өзге де бақылау сигналдарына жауап беру, анықтау органына немесе күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын басқа да органға телефон шалу немесе оларға белгілі бір уақытта жеке өзінің келу міндеттерін жүктеу;
6) күдіктіге, айыпталушыға немесе олардың тұрғынжайына байқау орнату, сондай-ақ олардың тұрғынжайына немесе оларға тұрғынжай ретінде бөліп берілген үй-жайға күзет қою;
7) күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын және қоғамнан оқшаулануын қамтамасыз ететін басқа да шаралар қолданылуы мүмкін.
Қажет болған кезде күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын қадағалау орнатылады.
Қамақтағы адамның тұрғынжайдан шығуына белгіленген шектеулерді сақтауын қадағалауды жүзеге асырған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган тәуліктің кез келген уақытында оның тұрғылықты жерінде болуын тексеруге құқылы. Тексеру күндізгі уақытта екі реттен артық және түнгі уақытта бір реттен артық жүргізілмейді. Лауазымды адамның қамақтағы адамның тұрғынжайында болуына осы адамның және онымен бірге тұратын адамдардың келісімімен жол беріледі және ол отыз минуттан аспауға тиіс.
3. Соттың үйқамақ туралы қаулысында күдіктіге, айыпталушыға қолданылатын нақты шектеулер белгіленеді, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асыратын орган немесе лауазымды адам көрсетiледi.
4. Үйқамақтың мерзiмi, оны ұзарту тәртiбi осы Кодекстiң 151 және 547 – 551-1-баптарында белгiленген қағидаларда айқындалады.
5. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын орындау тәртібі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен айқындалады.
Ескерту. 146-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау тек судьяның санкциясымен және басқа, қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған кезде заңмен бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты ғана қолданылады. Айрықша жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы, егер:
1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері болмаса;
2) оның жеке басы анықталмаса;
3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын немесе процестік мәжбүрлеу шарасын бұзса;
4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға әрекет жасаса немесе жасырынса;
5) оған ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасады деген күдік келтірілсе;
6) оның бұрын жасалған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталғандығы болса;
7) оның қылмыстық әрекетті жалғастырып жүргендігі туралы деректер бар болса, заңда бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын, сотталатын адамға қатысты қолданылуы мүмкін.
1-1. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген мән-жай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін бірден-бір негіз болып табылмайды.
2. Бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды таңдау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 140-бабына сәйкес сот алдында осы шараны қолдануға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының расталған көшірмелері қоса беріледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында күзетпен ұстауға санкция беру туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулыда осы бұлтартпау шарасын таңдау себептерін және қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолданудың мүмкін еместігін негіздеуге міндетті.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам ұстап алынған мерзім ішінде прокурор осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен танысуға құқылы және күдікті ұсталып отырған жерде одан жауап алуға құқылы.
3. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өтінішхатын зерделеу нәтижелері бойынша өтінішхатқа келісім білдіреді не оны қолдаудан уәжді қаулымен бас тартады және (немесе) өзге бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселені шешеді. Қаулының көшірмесі мүдделі адамдарға жіберіледі.
Прокурор ұстап алу мерзімі өтерден кемінде сегіз сағат бұрын тергеу судьясына өтінішхаттың негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарының көшірмелерін қоса бере отырып, күзетпен ұстауды санкциялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулыны ұсынуға міндетті.
4. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Ескерту. 147-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
148-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарауы
1. Күзетпен ұстауды санкциялау құқығы – тергеу судьясына, ал осы Кодекстің 107-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі.
2. Тергеу судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап сегіз сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде, осы Кодекстің 56-бабында айқындалған тәртіпті сақтай отырып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты прокурордың, күдіктінің, айыпталушының, оның қорғаушысының қатысуымен қарайды.
Тергеу судьясы қорғаушыны түскен материалдармен таныстырады.
Сот отырысына заңды өкіл мен өкіл де қатысуға құқылы, сот отырысының орны мен уақыты туралы сот оларға уақтылы хабарлаған жағдайда, олардың келмеуі сот отырысын өткізуге кедергі болмайды.
Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.
3. Күзетпен ұстауға санкция беруге байланысты мәселелерді шешкен кезде тергеу судьясы көрсетілген бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты іс материалдарын зерттеумен қатар, адамға қылмыс жасады деп күдік келтірудің негізділігін тексереді.
Қажет болған жағдайда судья қылмыстық істі талап етіп алдыруға құқылы.
4. Тергеу судьясының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты күдіктінің, айыпталушының қатысуынсыз қарауына күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жарияланған немесе олар Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған және сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған кезде қылмыстық процесті жүргізетін органға келуден жалтарған жағдайларда ғана жол беріледі. Ұстап алынған жағдайда күдікті, айыпталушы таңдалған бұлтартпау шарасын қолданудың негізділігін қарау үшін тергеу судьясына жеткізіледі.
5. Тергеу судьясы отырыстың басында қандай өтінішхаттың қаралуға жататынын хабарлайды, сот отырысына келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан кейін прокурор күдіктіні күзетпен ұстауды бұлтартпау шарасы ретінде таңдаудың қажеттігін негіздейді, содан соң күдікті, айыпталушы және сот отырысына келген басқа да тұлғалар тыңдалады.
Прокурордың осы өтінішхатын қарау барысында күдікті, айыпталушы, сондай-ақ олардың мүддесінде қорғаушы осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
6. Тергеу судьясы үйқамақты, кепілді қолдануды санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарған жағдайда, прокурор осы Кодекстің 107-бабында белгіленген қағидалар бойынша оған өтінішхат келтіруге құқылы.
7. Тергеу судьясы күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша мынадай:
1) күзетпен ұстауға санкция беру туралы;
2) екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру үшін жеткілікті негіздер болмаған жағдайда, он тәулікке дейінгі мерзімге күзетпен ұстауға санкция беру туралы;
3) күзетпен ұстауға санкция беруден бас тарту туралы қаулылардың бірін шығарады. Тергеу судьясы осы бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тартқан жағдайда, осы Кодекстің 137-бабының бірінші бөлігінде көзделген өзге бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
7-1. Тергеу судьясы күзетпен ұстауды санкциялау туралы қаулыда осы бұлтартпау шарасын таңдау себептерін және қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шараларын қолданудың мүмкін еместігін көрсетуге міндетті.
8. Тергеу судьясы, аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулы шығарған кезде осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделгеннен басқа жағдайларда, күдіктінің, айыпталушының осы Кодекстің 140-бабының үшінші бөлігінде көзделген міндеттерді орындауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын кепіл мөлшерін айқындауға міндетті.
Тергеу судьясының, соттың қаулысында кепіл енгізілген жағдайда күдіктіге, айыпталушыға осы Кодекстің 140-бабында көзделген міндеттердің қайсысы жүктелетіні, оларды орындамаудың салдары, кепіл мөлшерін таңдаудың негізділігі, сондай-ақ оны қолдану мүмкіндігі көрсетіледі.
Күдікті, айыпталушы не басқа тұлға кепілді кез келген уақытта тергеу судьясының, соттың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулысында белгіленген мөлшерде енгізуге құқылы.
9. Тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы қаулы шығарған кезде мынадай:
1) адамға жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;
2) адамға қылмыстық топтың құрамында қылмыс; террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 1, 4, 5, 11 және 17-тарауларында көзделген аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ төтенше жағдайларда немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған аса ауыр қылмыстар, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған аса ауыр әскери қылмыстар жасады деп күдік келтірілген, айып тағылған;
3) күдікті, айыпталушы сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған;
4) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекетті жалғастыруы туралы деректер болған;
5) күдікті, айыпталушы тергеп-тексеріліп жатқан қылмыстық іс бойынша бұрын таңдалған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын бұзған жағдайларда, кепіл белгіленбейді.
10. Өзіне қатысты тергеу судьясының қаулысы шығарылған адамға сол қаулы дереу табыс етіледі, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, прокурорға, жәбірленушіге және күдікті, айыпталушы отырған күзетпен ұстау орны мекемесінің бастығына жіберіледі және дереу орындалуға жатады.
11. Күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
12. Күзетпен ұстауды санкциялаудан бас тарту туралы қаулының күші жойылған жағдайда, облыстық немесе оған теңестірілген соттың күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстауды санкциялау туралы мәселені қарауы осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
13. Тергеу судьясы, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарғаннан кейін күзетпен ұстау қажеттігін негіздейтін жаңа мән-жайлар туындаған кезде ғана сотқа нақ сол қылмыстық іс бойынша нақ сол адамға қатысты көрсетілген бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатпен қайтадан жүгінуге болады.
14. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстаудың қолданылатыны туралы осы Кодекстің 135-бабында белгіленген тәртіппен – күдіктінің туыстарын, ал ол шетелдікке қатысты қолданылған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы осы мемлекеттің елшілігін, консулдығын немесе өзге өкілдігін де хабардар етуге міндетті.
Ескерту. 148-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.149-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау
Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер тергеу изоляторларында ұсталады. Оларды ұстаудың тәртiбi мен жағдайлары заңнамада айқындалады.
150-бап. Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстап алынғандар ұсталатын орындарда ұстау
1. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны тергеу изоляторына жеткізу жердiң шалғайлығына немесе тиiстi қатынас жолдарының болмауы немесе тергеу әрекеттерiн жүргiзу немесе iстi сотта қарау қажеттігі салдарынан мүмкiн болмаған жағдайларда, мұндай адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурор не тергеу судьясы не сот бекіткен қаулысымен отыз тәулiкке дейiн – уақытша ұстау изоляторларында, ал әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталуы мүмкін.
Мұндай адамдарды күзетпен ұстаудың тәртiбi мен жағдайлары заңнамада айқындалады.
2. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны тергеу әрекеттерін жүргiзу үшiн бiр тергеу изоляторынан екінші бір тергеу изоляторына ауыстыру (этаппен апару) прокурордың қаулысы бойынша не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурор бекіткен қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
151-бап. Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi
1. Осы Кодексте көзделген ерекше жағдайлардан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күзетпен ұстау мерзімін екі айдан асыруға болмайды.
2. Судья санкциялаған күзетпен ұстаудың қысқа мерзімін екі айға дейін ұзарту қажет болған кезде прокурор ол аяқталардан бір тәулік бұрын тергеу судьясына қосымша жиналған материалдары бар тиісті өтінішхатты енгізеді. Тергеп-тексеруді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою үшін негіздер болмаған кезде бұл мерзімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның аудандық (қалалық) және оған теңестірілген прокурормен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы – үш айға дейін, ал тергеп-тексеруді үш ай мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және күдіктіні, айыпталушыны одан әрі күзетпен ұстау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен және олардың орынбасарларымен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы тоғыз айға дейін ұзартуы мүмкін.
3. Күзетпен ұстау мерзімін тоғыз айдан астам, бірақ он екі айдан асырмай ұзартуды аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамында қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты істің ерекше күрделілігіне орай, қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған тергеу бөлімі бастығының не прокурордың не тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асыруы мүмкін.
4. Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам, бірақ он сегіз айдан аспайтын мерзімге ұзартуына айрықша жағдайларда, аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамындағы қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты, қылмыстық қудалау органының орталық аппаратының тергеу бөлімшесі басшысының не қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған прокурордың, тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор бекіткен және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен, оның орынбасарларымен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жол беріледі.
5. Күзетпен ұстау мерзімін одан әрі ұзартуға жол берілмейді, күзетпен ұсталып отырған күдікті, айыпталушы дереу босатылуға жатады.
6. Күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін аудандық (қалалық) прокурорға және оған теңестірілген өзге де прокурорларға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын ұсынылады және прокурор өтінішхатты ол келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.
7. Күзетпен ұстау мерзімін үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін прокурорға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он бес тәулік бұрын ұсынылуға тиіс және прокурор өтінішхатты ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.
8. Күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін прокурорға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жиырма тәулік бұрын ұсынылуға тиіс және ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады.
9. Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарап, прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысына келісім береді және оны күзетпен ұстау мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын қылмыстық істің материалдарымен бірге тиісті сотқа дереу жібереді не оны келісуден уәжді түрде бас тартады. Прокурор күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қолдамаған жағдайда, күдікті, айыпталушы күзетпен ұстау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.
10. Күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат сотқа – күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жеті тәулік бұрын, күзетпен ұстау мерзімін үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат – он тәулік бұрын, күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат – он бес тәулік бұрын ұсынылады.
11. Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан бес тәулік бұрын келісу үшін прокурорға ұсынылуға тиіс және оны прокурор келіп түскен кезден бастап бір тәуліктен асырмай қарайды.
Прокурор қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қарап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысымен келіседі және оны күзетпен ұстау мерзімін санкциялау қажеттігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен бірге дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған жер бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясына жібереді. Прокурор күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қолдамаған жағдайда, ол күзетілуден дереу босатылуға жатады.
12. Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат тергеу судьясына күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан үш тәулік бұрын ұсынылады.
13. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеуі және оның айыптау актісін жасауы кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты прокурор күзетпен ұстау мерзімі аяқталғанға дейін үш тәуліктен кешіктірмей тергеу судьясына ұсынады.
Ескерту. 13-бөлікпен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 151-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
152-бап. Тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарауы және мерзімдерді есептеуі
1. Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат тергеу судьясының жеке-дара қарауына жатады. Сот отырысына міндетті түрде прокурор қатысады. Отырысқа сондай-ақ күдіктінің қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі қатыса алады, өтінішхаттарды қарау уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмеуі өтінішхаттарды сотта қарауға кедергі болмайды.
Сот күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы мәселені қарауға өзіне қатысты өтінішхат берілген адамды қатыстыру қажет деп тануға және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға оны сот отырысына жеткізуді жүктеуге құқылы.
Күзетпен ұсталу мерзімін ұзартуға прокурор өтінішхат беріп отырған адам сот отырысына қатысуға құқылы, бұл жағдайда, сот тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органға оны сот отырысына жеткізуді жүктеуге құқылы.
2. Судья отырыстың басында қандай өтінішхаттың қаралуға жататынын жариялайды, келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, содан кейін енгізілген өтінішхат бойынша тараптардың күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сол қалпында қалдыру қажеттігі тұрғысындағы дәлелдерін тыңдап:
1) күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қанағаттандыру;
2) күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту және бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны неғұрлым жеңілдеуіне өзгерту және оны қамаудан босату туралы қаулылардың бірін шығарады.
3. Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат келіп түскен күнінен бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қаралуға жатады.
4. Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жиырма төрт сағат бұрын іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға ол туралы хабарлауға міндетті. Егер күзетпен ұстаудың заңда белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін күдіктіні, айыптаушыны босату туралы не оларды күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім келіп түспесе, күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы оларды өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін жиырма төрт сағат ішінде іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органға немесе адамға және прокурорға жолдайды.
5. Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы осы баптың төртінші бөлігінің талаптарын орындамаған кезде заңда белгіленген жауаптылықта болады.
6. Күзетпен ұстау мерзімі күдіктінің күзетпен қамалған кезінен бастап оған тергеу әрекеттерін жүргізу аяқталғаны туралы хабарлағанға және қылмыстық іс материалдарымен танысу құқығы түсіндірілгенге дейін есептеледі. Адамды күдікті ретінде ұстап алу уақыты, соттың шешімі бойынша психиатриялық немесе өзге де медициналық ұйымда мәжбүрлі түрде болу уақыты күзетпен ұстау мерзіміне есептеледі.
Күдіктінің және оның қорғаушысының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктіні күзетпен ұстауды тергеу судьясы осы Кодекстің 148, 151-баптарында көзделген тәртіппен санкциялайды және оның мерзімін ұзартады.
Күдіктінің және қорғаушының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болуы осы Кодекстің 151-бабының бірінші – төртінші бөліктерінде белгіленген мерзімге кірмейді, бірақ оны сот жаза тағайындау кезінде ескереді.
7. Күдіктінің және қорғаушының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде, сондай-ақ прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеуі кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат осы бапта көзделген тәртіппен және мерзімдерде қаралуға жатады.
Күдіктінің қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде, сондай-ақ прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеуі кезеңінде күзетпен ұстауда болу мерзімін тергеу судьясы қылмыстық істің көлемін, іске қатысатын адамдардың санын және күдіктінің және оның қорғаушысының іспен танысу уақытына әсер ететін өзге де мән-жайларды, сондай-ақ прокурордың қылмыстық істі зерделеуін және айыптау актісінің жасалуын ескере отырып айқындайды.
Ескерту. 7-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
8. Прокурор қылмыстық істі қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қайтарған жағдайда, ол бойынша күдіктіні күзетпен ұстаудың шекті мерзімі аяқталмаған болса, ал бұлтартпау шарасын өзгертуге негіздер болмаса, прокурордың уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы күзетпен ұстау мерзімін бір ай шегінде ұзарта алады.
Сот қылмыстық істі осы Кодексте көзделген негіздер бойынша прокурорға қайтарған кезде, егер күдіктіні күзетпен ұстаудың шекті мерзімі аяқталмаған болса, ал бұлтартпау шарасын өзгертуге негіздер болмаса, нақ сол сот күзетпен ұстау мерзімін істі прокурор алған кезден бастап бір ай шегінде ұзартады.
9. Күдікті, айыпталушы сол бір іс бойынша, сондай-ақ онымен біріктірілген немесе одан бөліп алынған қылмыстық іс бойынша қайтадан күзетпен қамалған жағдайда, күзетпен ұстау мерзімі күзетпен өткізілген уақыт ескеріле отырып есептеледі.
10. Шет мемлекет іздестіріліп жатқан адамды Қазақстан Республикасына ұстап берген (экстрадициялаған) жағдайда, күзетпен ұстау мерзімі ол Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап есептеледі, ал адамды шет мемлекеттің аумағында экстрадициялық қамақ тәртібімен күзетпен ұстау уақыты жаза тағайындалған кезде жалпы күзетпен ұстау мерзіміне есептеледі.
11. Күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстаудың осы бапта белгіленген мерзімін есептеу мен ұзарту тәртібі үкімнің күшін кассациялық сатысында іс жүргізудің нәтижесінде немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жою кезінде де қолданылады.
Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.153-бап. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту
1. Бұлтартпау шарасының қажеттігі болмай қалған кезде оның күші жойылады немесе ол осы Кодекстің 136 және 138-баптарында көзделген негіздер мен мән-жайлар өзгерген кезде қатаңдығы неғұрлым жеңіл немесе неғұрлым ауыр шараға өзгертіледі.
2. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту қылмыстық процесті жүргізетін органның уәжді қаулысы бойынша жүргізіледі.
3. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурордың келісуі немесе нұсқауы бойынша таңдалған бұлтартпау шарасының күші прокурордың келісуімен ғана жойылуы немесе ол өзгертілуі мүмкін.
4. Қылмыстық қудалау органының бұлтартпау шарасын өзгерту не оның күшін жою туралы қаулысына шағым жасау осы Кодекстің 100 – 106-баптарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
5. Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасының күшін жоюды сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы прокурордың келісуімен жүргізеді.
Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасын тергеу судьясының санкциялауына да жататын бұлтартпау шарасына өзгерту, осы Кодекстің 145-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.
Тергеу судьясы санкциялаған бұлтартпау шарасын тергеу судьясының санкциялауына жатпайтын бұлтартпау шарасына өзгертуді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы прокурордың келісуімен жүргізеді.
6. Кепіл, күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларының күшін жою туралы қаулыға шағым жасау осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 153-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.154-бап. Қамқоршылыққа және мүлкінің қаралуына құқық
1. Ата-анасының немесе асыраушысының күзетпен ұсталуының, сол сияқты қылмыстық процесті жүргізетін органның басқа да әрекеттерiнiң нәтижесiнде қараусыз, күтусiз және күнкөріс қаражатынсыз қалған кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ еңбекке қабiлетсiз адамдардың өздеріне қамқоршылық жасалуына құқығы бар, оны көрсетілген орган бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге мiндеттi. Қылмыстық процестi жүргізетін органның еңбекке қабiлетсiз адамдарды қарау, күту және мемлекеттiк әлеуметтiк көмек органдарына немесе медициналық ұйымға уақытша орналастыру жөнiндегi тапсырмасы қорғаншы және қамқоршы орган, сондай-ақ аталған ұйымдардың басшылары үшiн мiндеттi. Қылмыстық процестi жүргізетін орган кәмелетке толмаған және еңбекке қабiлетсiз адамдарға қамқоршылық жасауды осы адамдардың келiсiмiмен олардың туыстарына сенiп тапсыруға құқылы.
2. Күзетпен ұсталуының, сол сияқты қылмыстық процестi жүргізетін органның басқа да әрекеттерiнiң нәтижесiнде мүлкi қараусыз қалған адамның өз мүлкiнің және өзіне тиесiлi жануарлардың қарауда болуына құқығы бар, оны көрсетілген лауазымды адам осы адамға оның өтiнуi бойынша және оның есебiнен қамтамасыз етуге мiндеттi. Қылмыстық процестi жүргізетін органның адамның мүлкi мен оған тиесiлi жануарларға қарауды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасы тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар үшiн мiндеттi.
3. Қылмыстық процестi жүргізетін орган бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған адамға немесе басқа да мүдделi адамға осы бапқа сәйкес қолданылған шаралар туралы дереу хабарлайды.
19-тарау. ӨЗГЕ ДЕ ПРОЦЕСТІК МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ
155-бап. Өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодексте көзделген қылмыстық істер бойынша тергеп-тексерудің, сот талқылауының тәртібін, үкімнің тиісті түрде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға осы Кодекстің 18-тарауында көзделген бұлтартпау шараларының орнына немесе солармен қатар өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын: келу туралы міндеттемені, күштеп әкелуді, лауазымынан уақытша шеттетуді, мүлкіне тыйым салуды, жақындауға тыйым салуды қолдануға құқылы.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы Кодексте көзделген жағдайларда жәбірленушіге, куәға және іске қатысатын басқа да адамдарға процестік мәжбүрлеу шараларын: келу туралы міндеттемені, күштеп әкелуді, ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
156-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға және сотқа келу туралы мiндеттеме
1. Бұлтартпау шарасын қолдануға қажеттік болмаған, бұлтартпау шарасы қолданылмаған күдікті, айыпталушы тергеу әрекеттеріне немесе сот талқылауына қатысудан жалтаруы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде не олар шақыру бойынша дәлелді себептерсіз іс жүзінде келмеген кезде аталған адамдардан шақыру бойынша қылмыстық қудалау органына немесе сотқа уақтылы келу, ал тұрғылықты жерін өзгерткен жағдайда ол туралы дереу хабарлау жөнінде жазбаша міндеттеме алып қойылуы мүмкін. Келу туралы міндеттеме алып қойылған кезде күдіктіге, айыпталушыға оны орындамаудың осы Кодекстің 140-бабының төртінші бөлігінде көзделген салдарлары туралы ескертіледі.
2. Қылмыстық қудалау органына не сотқа келу туралы жазбаша міндеттеме жәбірленушіден де және куәдан да алынуы мүмкін.
3. Келу туралы міндеттеме орындалмаған кезде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы және бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.
4. Келу туралы міндеттеме орындалмаған кезде осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
1. Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә, жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, соттың уәждi қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін.
2. Шақырту туралы тиiсті түрде хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелдi себептерi болып: адамды келу мүмкiндiгiнен айырған ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, адамды белгіленген уақытта келу мүмкiндiгiнен айыратын өзге де себептер танылады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә және жәбiрленушi шақыру бойынша белгіленген мерзiмде келуге кедергi келтiретiн дәлелдi себептер туралы өздерiн шақырған органға хабарлауға мiндеттi.
3. Күштеп әкелу туралы қаулы күдіктіге, айыпталушыға, сондай-ақ куәға және жәбiрленушiге оны орындаудың алдында хабарланады, бұл олардың қаулыға қол қоюымен куәландырылады.
4. Күштеп әкелуді түнгi уақытта жүргiзуге болмайды.
5. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар, ал он сегiз жасқа толмаған адамдар – олардың заңды өкiлiне хабарланбастан, жүктi әйелдер, сондай-ақ дәрiгердiң куәландыруына жататын денсаулық жағдайы бойынша өзiнiң жатқан орнынан кете алмайтын немесе кетпеуге тиiс науқастар күштеп әкелінуге жатпайды.
6. Соттың күштеп әкелу туралы қаулысын – сот приставы немесе iшкi iстер органы; прокурордың, анықтаушының, тергеушiнiң қаулысын анықтау, алдын ала тергеу жүргiзетiн орган немесе iшкi iстер органы орындайды.
158-бап. Лауазымынан уақытша шеттету
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде – тергеу судьясы немесе сот ісін жүргізу кезінде сот, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіздер болмаған кезде күдікті, айыпталушы, сотталушы осы лауазымда қала отырып, істі тергеп-тексеруге және сотта талқылауға, қылмыспен келтiрiлген залалды өтеуге кедергi келтіреді немесе осы лауазымда болуымен байланысты қылмыстық іс-әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны лауазымынан шеттетуге құқылы.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында лауазымынан уақытша шеттету жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің лауазымынан шеттету қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы өтінішхат сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тараптардың қатысуынсыз жеке-дара қарайды.
5. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Лауазымнан уақытша шеттетуді санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
6. Күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны лауазымынан уақытша шеттету туралы қаулы оның жұмыс орны бойынша ұйым басшысына жiберiледi, ол қаулыны алғаннан кейiн үш тәулiк iшiнде оны орындауға және лауазымынан шеттету туралы өтінішхат мәлімдеген адамға ол туралы хабарлауға мiндеттi.
7. Лауазымынан шеттетiлген күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, егер олар өздеріне байланысты емес мән-жайлар бойынша басқа лауазымда iстей алмаса немесе басқа жұмысқа кiре алмаса, ең төмен бір жалақы мөлшерiнен кем емес ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыға құқығы бар.
8. Лауазымынан уақытша шеттетудің күшін жоюды осы шараға қажеттілік жойылған кезде – прокурордың келісуі бойынша қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысымен, не қылмыстық істі сотта қарау барысында сот жүзеге асырады.
Ескерту. 158-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Осы Кодекстiң 65-1, 71, 78, 80, 81, 82, 90, 142, 144, 156 және 165-баптарында көзделген процестік мiндеттерді орындамағаны және сот отырысында тәртiп бұзғаны үшiн, адвокатты, прокурор мен сотталушыны қоспағанда, қорғалуға құқығы бар куәге, жәбiрленушiге, куәге, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 159-бап жаңа редакцияда – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.160-бап. Ақшалай өндіріп алуды қолдану тәртібі
1. Осы Кодекстің 159-бабында аталған жағдайларда сот ақшалай өндіріп алуды қолданады.
2. Егер тиісті бұзушылыққа сот отырысы барысында жол берілсе, онда сот өндіріп алуды осы бұзушылық анықталған сол бір сот отырысында қолданады, соттың ол туралы қаулысы шығарылады.
3. Тиісті бұзушылыққа сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жол берілген болса, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам немесе прокурор бұзушылық туралы хаттама жасап, оны тергеу судьясына жібереді, ол оны сотқа келіп түскен кезден бастап бір тәулік ішінде қарайды. Сот отырысына өзіне ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін тұлға шақыртылады. Бұзушылық жасаған адамның дәлелді себептерсіз келмей қалуы хаттаманы қарауға кедергі болмайды.
4. Судья хаттаманы қарау нәтижесі бойынша елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай өндіріп алуды қолдану немесе оны қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Қаулының көшірмесі хаттаманы жасаған адамға және ақшалай өндіріп алу қолданылған адамға жіберіледі.
5. Сот ақшалай өндіріп алу қолданылған кезде қаулының орындалуын үш айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруға немесе ұзартуға құқылы.
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үкiмнің азаматтық талап қою, басқа да мүлiктiк өндіріп алулар немесе мүлiктi ықтимал тәркiлеу бөлiгiнде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мүлікке тыйым салуды қолдану шараларын қабылдауға міндетті.
Егер азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету негіздері сот тергеуі сатысында туындаса, сот үкім заңды күшіне енгенге дейін оны қамтамасыз ету шараларын қабылдауға құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда прокурордың келісуімен, егер мүліктің меншік иесінің жеке басы анықталса, оны жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, мүлікке билік етуге он тәуліктен аспайтын мерзімге уақытша шектеу белгілеуге құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мүлікке билік етуге шектеу белгіленген мерзім өткенге дейін қаржы ұйымдарын және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдарды немесе өзге де уәкілетті органдар мен ұйымдарды бұл туралы хабардар ете отырып, осы Кодекстің 162-бабында көзделген тәртіппен сот алдында мүлікке тыйым салуды қолдану туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығаруға не белгіленген шектеуді алып тастауға міндетті.
Мүліктің меншік иесін оған тиесілі мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленгені туралы хабардар ету мына жағдайларда:
1) террористік немесе экстремистік қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша;
2) қылмыстық топ жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша;
3) егер мүліктің меншік иесін мүлікке билік етуге уақытша шектеу белгіленгені туралы хабардар ету қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан жасырын тергеу іс-шаралары туралы ақпараттың ашылу қаупін туғызса, жүргізілмейді.
2. Мүлiкке тыйым салу оның меншiк иесiне немесе иеленушiсiне арналған, осы мүлікке билiк етуге, ал қажет болған жағдайларда оны пайдалануға тыйым салудан не мүлiктi алып қоюдан және оны сақтауға беруден тұрады.
3. Тәркіленуге жататын мүлікті қарап-тексеру және сақтау тәртібі осы Кодекстің 221-бабында айқындалады.
4. Үкімді күдіктінің, айыпталушының немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңдарында көзделген жағдайларда міндеттемелері қайта құрылымдануға жататын, қаржы ұйымдарының кредиторлары болып табылатын тұлғалардың мүлкіне тыйым салу туралы азаматтық талап қою бөлігінде орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдануға жол берілмейді.
5. Азаматтық талапкер немесе прокурор қойған азаматтық талапты қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлiктiң құны талап қоюдың бағасынан аса алмайды.
6. Бiрнеше күдіктінің, айыпталушының немесе олардың әрекеттерi үшін жауап беретiн тұлғалардың әрқайсысынан тыйым салынуға жататын мүлiктiң үлесiн айқындау кезiнде күдіктіге, айыпталушыға таңылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қатысу дәрежесi ескерiледi, алайда, егер басқаларда мүлік болмаса, азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету үшiн тиiстi тұлғалардың бiрiнiң мүлкiне де толық мөлшерде тыйым салынуы мүмкiн.
7. Бiрiншi қажеттiлiк заттары болып табылатын мүлікке және тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын өзге де заттарға тыйым салынбайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-бөліктің екінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес берілетін материалдық көмекті, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға және (немесе) электрондық ақшаның электрондық әмияндарындағы электрондық ақшаға, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеуге арналған субсидиялар түрінде алынған, тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға, банктік шоттардағы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтеріне және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатына, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаға, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаға, "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот арқылы банкроттық рәсімінде ақшаны есепке жатқызу үшін қаржы басқарушысының ағымдағы шотындағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.
Осы бөліктің екінші абзацының ережесі атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық органдары лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған көрсетілген ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру бойынша қоятын шектеулерге қолданылмайды.
8. Егер басқа тұлғалардағы мүлік күдіктінің, айыпталушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде алынған не қылмыстық құқық бұзушылық қаруы немесе құралы ретінде не экстремизмді, терроризмді, ұйымдасқан топты, заңсыз әскери құралымды, қылмыстық қоғамдастықты қаржыландыру үшін пайдаланылған немесе пайдалануға арналған деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса, ол мүлікке тыйым салу қолданылуы мүмкін.
9. Тыйым салынуға жататын мүлік жасырылуы немесе жоғалтылуы мүмкін деп пайымдауға негіз болған жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурорды және сотты жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, он тәуліктен аспайтын мерзімге мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұруға не мүлікті алып қоюға құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру не оны алып қою мерзімі өткен соң қаржы ұйымдарын және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдарды немесе өзге де уәкілетті органдар мен ұйымдарды бұл туралы хабардар етіп, осы Кодекстің 162-бабында көзделген тәртіппен сот алдында мүлікке тыйым салуды қолдану туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығаруға не мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұрудың күшін жоюға және (немесе) оны қайтаруға міндетті.
Мүлікке билік етуге шектеу белгіленген, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасау тоқтатыла тұрған мерзім өткен және тергеу сотының мүлікке тыйым салуды қолдануды санкциялауы туралы қаулы келіп түспеген жағдайларда, қаржы ұйымдары және мүлікті және (немесе) мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды дереу хабардар ете отырып, мүлікке билік етуге шектеуді, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұруды өз бетінше алып тастауға міндетті.
Ескерту. 161-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.162-бап. Мүлікке тыйым салу тәртібі
1. Мүлікке тыйым салу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында күдіктінің немесе олардың әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғалардың мүлкіне тыйым салу туралы өтінішхатты қозғау туралы қаулы шығарады.
Қаулыға өтінішхаттың негізділігін растайтын, қылмыстық істің куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулыда қылмыстық құқық бұзушылықтың қысқаша фабуласы, саралануы, күдікті, айыпталушы немесе қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекетімен келтірілген зиян үшін жауапты тұлға туралы деректер, қойылған талап болған кезде тыйым салу ұсынылатын мүліктің құны, оның тұрған жері және мүлікке тыйым салу қажеттігі туралы түйіндер қамтылады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның мүлікке тыйым салуды қолдану жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулысы және оның материалдары тыйым салынуға жататын мүлік анықталған кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей тергеу судьясына ұсынылуға тиіс. Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 162-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
163-бап. Мүлікке тыйым салуды санкциялау тәртібі
1. Мүлікке тыйым салуды санкциялау құқығы –тергеу судьясына, ал осы Кодекстің 107-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның мүлiкке тыйым салуды қолдану жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулысы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жер бойынша не күдіктінің, айыпталушының мүлкі табылған жер бойынша тергеу судьясының жеке-дара қарауына жатады.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Тергеу судьясы мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхатты қарап, мүлікке тыйым салуды санкциялау туралы не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Мүліктің ықтимал тәркіленуін қамтамасыз ету үшін мүлікке тыйым салу туралы мәселені шешу кезінде тергеу судьясы мүліктің күдіктіге, айыпталушыға тиесілі екенін және оның қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде пайдаланылғанын не қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын куәландыратын нақты мән-жайларды көрсетуге тиіс.
Мүліктің қылмыстық жолмен алынғаны туралы анық деректер бар болған, бірақ бұл мүлікті анықтау мүмкін болмаған кезде тергеу судьясы оған құны бойынша баламалы басқа мүлікке тыйым салуға құқылы.
5. Мүлiкке тыйым салу туралы қаулыда тыйым салынуға жататын мүлiк, сотқа дейінгі iс жүргiзу барысында оның қаншалықты анықталғаны, сондай-ақ азаматтық талап қоюды қамтамасыз етуде тыйым салу жеткiлiктi болатын мүлiктiң құны, іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мүлікті сақтау орны туралы мәлімет көрсетiлуге тиiс.
Қажет болған кезде мүлікке тыйым салу туралы қаулы орындалуы үшін тиісті уәкілетті органға немесе ұйымға жіберілуі мүмкін.
6. Тергеу судьясының мүлікке тыйым салу туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулысы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, күдіктіге немесе қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есі дұрыс емес адамның Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде тыйым салынған іс-әрекетімен келтірілген зиян үшін жауаптылықта болатын тұлғаға, сондай-ақ прокурорға, азаматтық талапкерге, жәбірленушіге жіберіледі.
7. Судьяның мүлікке тыйым салуды қолдану туралы қаулысын сот орындаушысы орындайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу судьясының мүлікке тыйым салуды қолдануды санкциялаудан бас тарту туралы қаулысы заңды күшіне енген күннен кейін он тәулік ішінде мүлікке билік етуге белгіленген шектеуді алып тастайды, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұрудың күшін жояды және (немесе) алып қойылған мүлікті иесіне қайтарады.
8. Сот орындаушысы судьяның мүлiкке тыйым салу туралы қаулысын орындау үшін мүліктің бар-жоғын тексереді, оның тізімдемесін жасайды, билігінде осы мүлік жатқан тұлғаларға мүлікті талан-таражға салуға немесе онымен өзге де әрекеттер жасауға жол берілмейтіні туралы жазбаша түрде ескертеді не тыйым салынуы мүмкін мүліктің жоқ екені туралы акт жасайды.
9. Мүлiкке тыйым салған кезде мүлiктiң құнын айқындайтын маман қатысуы мүмкін.
10. Мүліктің меншiк иесi немесе иеленушiсі қандай нәрселерге бiрiншi кезекте тыйым салу қажеттiгiн ұсынуға құқылы.
11. Тыйым салынған мүлiк алып қойылуы не тергеу судьясының қалауы бойынша жергiлiктi әкiмшiлiктiң, тұрғынжай-пайдалану ұйымының өкiлiне, осы мүлiктiң иеленушiсіне немесе өзге де тұлғаға сақтауға берiлуi мүмкiн, оларға мүлiктiң сақталуына жауапты екендігі ескертiлуге тиiс, бұл туралы қолхат алынады.
12. Екінші деңгейдегі банктердегi, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы және кредиттік мекемелердегi шоттар мен салымдардағы ақшаға және өзге де құндылықтарға тыйым салу кезiнде осы шот бойынша шығыс операциялары тыйым салынған қаражат шегiнде тоқтатылады.
13. Мүлікке тыйым салуға қажеттілік жойылған кезде бұл шараның күші жойылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде тергеу судьясы санкциялаған мүлiкке тыйым салудың күшін жою қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысы негізінде прокурордың келісімімен жүргізіледі.
Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау
Ескерту. 164-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тергеу судьясының күдіктінің, айыпталушының, оның әрекеттері үшін заң бойынша материалдық жауаптылықта болатын тұлғаның мүлкіне тыйым салуды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, сондай-ақ ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялаудан бас тарту туралы қаулысының күші жойылған жағдайда, облыстық немесе оған теңестірілген соттың мүлiкке тыйым салуды санкциялау туралы мәселені қарауы осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 164-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.165-бап. Жақындауға тыйым салу
1. Жақындауға тыйым салу жәбірленушіні және іске қатысатын өзге адамдарды қорғау мақсатында күдіктінің, айыпталушының, сотталушының оларды іздестіруін, олардың ізіне түсуін, оларға баруын, олармен телефон арқылы сөйлесуін және өзге де тәсілдермен қарым-қатынас жасауын шектеуден тұрады.
Жақындауға тыйым салуды тергеу судьясы санкциялайды не оны сот қолданады.
2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтың нақты қаупі болған не оны күдікті, айыпталушы жасаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жәбірленушінің немесе қорғалуға жататын өзге адамның жазбаша арызы бойынша сот алдында жақындауға тыйым салуды санкциялау жөнінде өтінішхат қозғау туралы қаулы шығарады және оны сотқа жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің жақындауға тыйым салуды қолдану қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Жақындауға тыйым салуды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы өтінішхат сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде жеке-дара қарайды.
5. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, жақындауға тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Жақындауға тыйым салуды санкциялау немесе одан бас тарту туралы қаулыға осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
6. Жақындауға тыйым салу туралы қаулыда осы процестік мәжбүрлеу шарасын қолданудың негіздері және жақындауға тыйым салу түрлері, сондай-ақ оның сақталуын бақылау жүктелетін орган көрсетілуге тиіс. Жақындауға тыйым салу туралы қаулының көшірмесі прокурорға, күдіктіге, айыпталушыға, қорғаушыға, қорғалатын адамға және бақылауды жүзеге асыратын органға тапсырылады.
7. Жақындауға тыйым салу бұзылған кезде күдіктіге, айыпталушыға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы, сондай-ақ бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.
8. Жақындауға тыйым салудың күшін жоюды осы шараға қажеттілік жойылған кезде – прокурордың келісуі бойынша қылмыстық қудалау органының уәжді қаулысымен, не қылмыстық істі сотта қарау барысында сот жүзеге асырады.
Ескерту. 165-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.5-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ МҮЛІКТІК МӘСЕЛЕЛЕР
20-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП ҚОЮ
166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар
1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.
2. Қылмыстық iс бойынша берілген азаматтық талап қоюды дәлелдеу осы Кодексте белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.
Егер азаматтық талап қоюға байланысты туындаған құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген болса, онда азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
3. Егер, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық талап қоймаса немесе оны қойғаннан кейін кері қайтарып алса немесе оны сот қараусыз қалдырса, олар оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы. Талапкердің азаматтық талап қоюды кері қайтарып алу туралы немесе оны қараусыз қалдыру туралы арызын сот осы Кодекске және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес шешеді.
4. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қабылданған азаматтық талап қою бойынша шешім қылмыстық сот ісін жүргізу барысында нақ осы талапты нақ осы адамдарға нақ осы негіздер бойынша қою үшін кедергі келтіретін негіз болып табылады.
1. Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.
Осы Кодекстің 58-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурор азаматтық талап қоюға құқылы.
Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша азаматтық талапты қайтыс болған адамның осы Кодексте көзделген жәбірленуші құқықтарын жүзеге асыратын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) қоя алады.
2. Азаматтық талап күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе оның әрекеттері немесе есі дұрыс емес адамның әрекеттері үшін материалдық жауаптылықта болатын тұлғаларға қойылады.
Азаматтық талап қойған тұлға – азаматтық талапкер деп, өзіне талап қойылған тұлға азаматтық жауапкер деп аталады. Көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында процестік құқықтарды пайдаланады және осы Кодексте азаматтық талапкер мен тиісінше азаматтық жауапкер үшін белгіленген процестік міндеттерді көтереді.
3. Талапкер қылмыстық істе азаматтық талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
4. Азаматтық талап қоюдың соттылығы ол берілген қылмыстық істің соттылығымен айқындалады және қылмыстық іспен бірге қаралады.
5. Азаматтық талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қойылады.
6. Күдікті адамның анықталмауы қылмыстық iсте азаматтық талап қоюға кедергі болмайды.
7. Азаматтық талап қоюдың негіздерін және талап қою талабының мөлшерін нақтылау қажет болған кезде тұлға талап қоюды толықтыруға құқылы.
8. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтарының немесе иммунитетiнiң болуына байланысты күдікті деп танылуға жатпайтын адамға азаматтық талап азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылуы мүмкiн.
Ескерту. 167-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).168-бап. Залалды өтеудiң негiздерi, шарттары, көлемiжәне тәсілі туралы қағидаларды қолдану
1. Қылмыстық iсте қойылған азаматтық талапты қарау кезiнде залалды өтеу негiздерi, шарттары, көлемi мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заңнама нормаларына сәйкес айқындалады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
169-бап. Талап арызды қайтару, талап қоюдан бас тарту
1. Азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келген сатысында талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеуге құқылы. Талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iске қоса тiгіледі. Егер талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме сот отырысында мәлімделсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.
2. Азаматтық талапкердің қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгі іс жүргiзу сатысында талап қоюдан бас тарту туралы арызы жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iс материалдарына қоса тiгіледі. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы сот отырысында бiлдiрiлсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.
3. Сот талап қоюдан бас тартуды сот талқылауының кез келген сәтінде, бiрақ сот үкiмді қаулы ету үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн қабылдайды.
Сот талап қоюдан бас тартуды қабылдағанға дейін азаматтық талапкерге талап қоюдан бас тартуды қабылдау ол бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соғатынын және нақ осы тараптар арасындағы нақ осы нысана туралы дау бойынша және нақ осы негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде, сотқа қайталап жүгінуді болғызбайтынын түсіндіруге міндетті.
4. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы заңға қайшы болса немесе кімнің болса да құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот бұл әрекетті қабылдамайды.
Ескерту. 169-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).170-бап. Азаматтық талап қою бойынша шешiмдер
1. Сот қылмыстық істегі азаматтық талап қоюды қарау қорытындылары бойынша:
1) азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;
2) азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына беру туралы;
4) азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
5) азаматтық талап қою бойынша татуласу келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;
6) азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.
Іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы шығарған кезде сот азаматтық талап қоюды толық қанағаттандырады.
2. Сот айыптау үкiмiн қаулы еткен немесе есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарған кезде азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады.
Азаматтық талап қою толық немесе ішінара қанағаттандырылған жағдайларда сот үкімде оны азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзімді белгілейді және көрсетеді. Соттың үкімі ерікті түрде орындау үшін берілген мерзім ішінде азаматтық талап қою бөлігінде орындалмаған жағдайда, сот үкімді азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату үшін жібереді. Мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
3. Сот қылмыстық iстi талқылауды кейiнге қалдырмай азаматтық талап қою бойынша егжей-тегжейлі есеп-қисап жүргiзу мүмкiн болмаған кезде азаматтық талапкердің талап қоюды қанағаттандыру құқығын тани алады және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына бере алады.
4. Сот ақтау үкімін қаулы еткен, сол сияқты есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істі тоқтату туралы қаулы шығарған кезде, егер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекет анықталмаса не сотталушының немесе өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе шешiлген адамның қылмыстық құқық бұзушылық немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекетті жасауға қатысқаны дәлелденбесе не кінәсі анықталмаса, азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.
5. Сот татуласу келісімін бекіткен, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізілген не азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайларда, сот азаматтық талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.
6. Сот талап қоюды:
1) сотталушы қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталған;
2) жасаған іс-әрекетінiң сипатына және өзiнiң жай-күйiне қарай қоғам үшiн қауiп төндiрмейтiн және мәжбүрлеп емдеуге мұқтаж емес есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негiздер болмауына байланысты iс тоқтатылған;
3) іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 5), 7), 8) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған;
4) азаматтық талапкердің бұл туралы өтінішхаты болған жағдайларда, қараусыз қалдырады.
Азаматтық талап қоюды заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша қараусыз қалдыруға жол берілмейді.
171-бап. Азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету
Азаматтық талапкер азаматтық талап қойған кезде қылмыстық қудалау органы оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндетті. Егер мұндай шаралар қолданылмаған болса, сот басты сот талқылауына дайындалу кезінде осы Кодекстің 325-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органын оларды қолдануға міндеттейді. Азаматтық талап сот талқылауы сатысында қойылған кезде сот азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету туралы қаулы шығарады.
172-бап. Соттың үкiмiн және қаулысын азаматтық талап қою бөлiгiнде орындау
Сот азаматтық талап қоюды толық көлемде немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған кезде соттың үкімін, қаулысын азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзім белгілеуге құқылы, бұл ретте азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген орындауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту қағидалары қолданылуы мүмкін. Сот актісін азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
173-бап. Жәбірленушілерге өтемақы қоры
1. Жәбірленушілердің Қазақстан Республикасының Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен өтемақы алуға құқығы бар.
2. Мәжбүрлі төлемді сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарына сәйкес өндіріп алады.
3. Өтемақы ретінде төленген ақшаны өтеу жөніндегі міндетті сот "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде:
1) кінәлі адамға;
2) қылмыс жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдеріне;
3) жеке тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылығымен келтірілген зиян үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес материалдық жауаптылықта болатын заңды тұлғаға жүктейді.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы осы баптың үшінші бөлігінде аталған тұлғалардан "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде Жәбірленушілерге өтемақы қорына азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ақшаны өндіріп алу үшін негіз болып табылады.
5. Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбірленушілерге төленген ақша олардың өтемақы алу үшін анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделмеген құрамдарға қайта сараланған және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауынан қылмыстық іс тоқтатылған не соттың ақтау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, жәбірленушіден өндіріп алуға жатады.
Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2018 № 132-VI Заңымен (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі). 21-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА
ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ШЕККЕН ШЫҒЫСТАРДЫ ӨТЕУ
174-бап. Заң көмегіне ақы төлеу
1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың қорғаушысы мен өкілінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, адвокат сотқа дейінгі іс жүргізуге не сотқа клиентпен шарт жасаспай, тағайындау бойынша қорғаушы ретінде не жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі ретінде қатысқанда адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, қылмыстық процестi жүргiзетiн орган бұған негіздер болған кезде күдіктiнi, айыпталушыны, сотталушыны заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы, бұл туралы уәжді қаулы шығарады.
Ескерту. 174-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы
1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы:
1) егер жұмысты қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаса – жұмыс орны бойынша жалақы;
2) егер орындалған жұмыс олардың лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiрмесе және оны жұмыстан тыс уақытта орындаса – Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерлемелер шегiнде бюджет қаражаты есебiнен сыйақы;
3) егер жұмысты тараппен уағдаластық бойынша орындаса – осы тараппен жасалған шартта айқындалған мөлшерде сыйақы алады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген жағдайда, сыйақы аудармашы, маман, сарапшы шотты бергеннен кейiн шығарылған қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде төленеді.
176-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын тұлғалардың шеккен шығыстарын өтеу
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, олардың заңды өкілдерінің, қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің (жекеше айыптаушының) өкілі ретінде заң көмегін көрсететін адвокаттардың, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда куәгердің, аудармашының, маманның, сарапшының, куәнің, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың мынадай шығыстары:
1) қылмыстық процесті жүргiзетін органның шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстары:
темiржол, су, автомобиль (таксидi қоспағанда) көлiгiмен және сол жерде бар басқа да көлiк түрлерiмен жол жүру құны, ал қылмыстық процестi жүргізетін органның келiсімiмен – әуе көлiгiмен жол жүру құны;
қызметтiк iссапарларға ақы төлеу үшiн қабылданған нормалар бойынша ұйым, жұмыс берушi осы шығыстарды өтемейтiн жағдайда тұрғын үй-жайды жалдау құны;
2) қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша бұл адамдардың тұрақты тұрғылықты жерiнен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде және тәулiктiк ақыны ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн жағдайда – тәулiктiк ақы;
3) орташа жалақысын ұйым, жұмыс берушi сақтайтыннан басқа жағдайларда, қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшiн орташа жалақы;
4) тұлғаның қылмыстық процестi жүргізетін органның талабы бойынша тергеу iсiне немесе басқа да процестік әрекетке қатысуы салдарынан сапасын жоғалтқан немесе жоғалған мүлiктi қалпына келтiруге немесе сатып алуға арналған шығыстар бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.
2. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жәбiрленушiнiң, оның заңды өкiлiнiң, куәгердiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәның, сотқа шақырылған, бірақ алқабилер алқасының құрамына іріктеп алынбаған алқабиге кандидаттың қылмыстық процестi жүргiзетін органның талабы бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыты iшiндегi орташа жалақысын сақтауға мiндеттi.
3. Маман мен сарапшыға оларға тиесiлi химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезiнде жұмсалған басқа да шығыс материалдарының құны да, сондай-ақ жұмысты орындау үшiн олардың жабдықты, коммуналдық және басқа да қызметтерді пайдаланғаны үшiн төлеген ақысы өтеледi.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған тұлғалардың қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шеккен шығыстары олардың арызы бойынша қылмыстық процестi жүргізетін орган қаулысының негiзiнде, заңнамада белгiленген мөлшерде өтелуге жатады. Көрсетілген шығыстарды төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Көрсетілген шығыстар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған тұлғаларды тергеу әрекетіне қатысуға не осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда тартқан тараптың есебiнен өтелуi де мүмкiн. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақтарында көзделген шығыстарды қылмыстық процестi жүргізетін орган заңнамаға сәйкес өз бастамасымен өтеуi мүмкiн.
Ескерту. 176-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).22-тарау. ПРОЦЕСТІК ШЫҒЫНДАР
Процестік шығындар:
1) куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге осы Кодекстiң 174, 175-баптарында көзделген тәртiппен төленетiн сомалардан;
2) тұрақты жалақысы жоқ куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, куәгерлерге оларды әдеттегі айналысатын кәсібінен қол үздiргенi үшiн төленетiн сомалардан;
3) жұмыс iстейтiн және тұрақты жалақысы бар куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың заңды өкiлдерiне, куәгерлерге олардың қылмыстық процестi жүргiзетін органға шақыртылуына байланысты кеткен барлық уақыты ішінде толық ала алмаған жалақысын өтеу үшiн төленетiн сомалардан;
4) сарапшыларға, аудармашыларға, мамандарға олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында немесе сотта өз мiндеттерiн қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындағаннан басқа жағдайларда орындағаны үшiн төленетiн сыйақыдан;
5) күдіктi, айыпталушы немесе сотталушы заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа тағайындау бойынша қатысқан жағдайда, қорғаушының заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан;
6) жәбірленушінің өкілі (жекеше айыптаушы) заң көмегі көрсетілгені үшін ақы төлеуден босатылған жағдайда, ол төлейтін сомалардан;
7) заттай дәлелдемелердi сақтауға және жіберуге жұмсалған сомалардан;
8) сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан;
9) тергеуден немесе соттан жасырынған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны iздестiруге байланысты жұмсалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес есептелген сомалардан;
10) күдікті, айыпталушы, сотталушы тергеушiге немесе сотқа дәлелді себепсіз келмеген жағдайда, оларды күштеп әкелуге байланысты, сондай-ақ сотталушының сотқа дәлелді себепсіз келмеуiне не оның мас күйде келуiне байланысты сот талқылауын кейінге қалдыруға байланысты жұмсалған сомалардан;
11) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шеккен өзге де шығыстардан құралады.
178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу
1. Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде аяқталса, тергеу судьясы процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені прокурордың ұсынуы бойынша қарайды. Сот процестік шығындарды күдіктіге, айыпталушыға, сотталған адамға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне қабылданады.
2. Сот аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, процестік шығындарды сотталған адамнан өндіріп алуға құқылы. Процестік шығындар жазадан босатылған сотталған адамға да жүктелуі мүмкін.
3. Іске аудармашының қатысуына байланысты процестік шығындар мемлекет есебіне қабылданады. Егер аудармашы өз функцияларын қызметтiк тапсырма тәртiбiнде орындаса, оның еңбегiне ақы төлеудi мемлекет аудармашы жұмыс iстейтiн ұйымға өтейдi.
4. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі (жекеше айыптаушы) ретінде заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың іске қатысуына байланысты процестік шығындар, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, бюджет қаражатының есебіне жатқызылады.
5. Сотталушы ақталған немесе іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтарына сәйкес тоқтатылған жағдайда, процестік шығындар мемлекет есебіне қабылданады. Егер сотталушы iшiнара ғана ақталса, сот оны ол кiнәлi деп танылған айыптауға байланысты процестік шығындарды төлеуге мiндеттейдi.
6. Процестік шығындар өндіріп алынуға тиiс адам мүлiктiк жағынан дәрменсiз болған жағдайда, олар мемлекет есебiне қабылданады. Егер процестік шығындарды төлеу сотталған адамның асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталған адамды процестік шығындарды төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұйрықты іс жүргізу тәртібімен айыптау үкімін шығарған кезде сот сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, оны процестік шығындарды төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.
7. Iс бойынша бiрнеше сотталушыны кiнәлi деп тани отырып, сот процестік шығындар олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде өндірілуге тиiс екенiн белгiлейдi. Бұл ретте сот сотталған адамның кiнәсiнiң сипатын, оның қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылық дәрежесiн және мүлiктiк жағдайын ескереді.
8. Сот кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша процестік шығындарды төлеуді кәмелетке толмаған адамның ата-анасына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға жүктей алады.
9. Сотталушы жекеше айыптау iсi бойынша ақталған кезде сот процестік шығындарды шағымы бойынша iс жүргiзу басталған тұлғадан толық немесе iшiнара өндіріп алуға құқылы. Іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған кезде процестік шығындар сотталушыдан өндіріп алынады.
10. Күдікті, айыпталушы қайтыс болған жағдайда, олардың мұрагерлері процестік шығындарға байланысты міндеттемелер бойынша жауаптылықта болмайды.
11. Процестік шығындарды өндіріп алу құқығы соттың тиiстi шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескіруіне орай тоқтатылады.
12. Процестік шығындар туралы деректер болған жағдайда, осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қылмыстық қудалау органы процестік шығындарды өндiріп алуды қамтамасыз ету шараларын қолдануға мiндеттi.
Ескерту. 178-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. ЕРЕКШЕ БӨЛІК
6-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ ІС ЖҮРГІЗУ
23-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІҢ БАСТАЛУЫ
179-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы бір тәулік ішінде прокурор хабардар етіледі.
Мынадай:
1) қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар туралы, тексерулер, ревизиялар, аудит актілерімен және олардың болуы қылмыстық құқық бұзушылықтың міндетті белгісі болып табылатын басқалармен расталған нұқсан туралы, елеулі зиян не заңсыз кіріс, медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін орындамағаны, тиісінше орындамағаны, медициналық көмек көрсетуге міндетті адамның науқасқа оны көрсетпеуі, клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу туралы мәліметтері жоқ;
2) жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген бұзушылықтар жөнінде;
3) мынадай:
салықтық тексеру актісі, тұжырымдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің барын көрсететін жеткілікті деректер қамтылған мемлекеттік кіріс органдары маманының қорытындысы (анықтамасы) қоса берілмей;
мемлекеттік кіріс органдарының салықтық тексеру нәтижелеріне сотқа дейінгі шағым жасау кезінде уәкілетті органның шешімі шығарылғанға дейін, ал сотқа шағым жасау жағдайларында сот актісі заңды күшіне енгенге дейін;
іс-әрекетті қылмыстық топтың құрамында жасау белгілері болған, сондай-ақ есепке жазу іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, қызметтер көрсетілмеген, тауарлар тиеп-жөнелтілмеген мәмілелер бойынша жүргізілген не тапсырылуы міндетті болатын декларация ұсынылмаған не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру арқылы декларацияға кірістері және (немесе) шығыстары туралы көрінеу бұрмаланған деректер енгізілген жағдайларды қоспағанда, салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдың есепке жазылған сомалары толық өтелген кезде салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактілері жөнінде қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар немесе баянат тіркелуге жатпайды.
Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген талаптар шарттық міндеттемелердің жосықсыз орындалғаны туралы ұжымдық, көптеген арыздар беру жағдайларына қолданылмайды.
2. Осы Кодекстің 184-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурор, тергеуші, анықтаушы, анықтау органы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз және хабар тіркелгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық іздерін анықтау мен бекіту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді. Сонымен бір мезгілде олар қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың және хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелуіне, оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып тіркелуіне шара қолдануға міндетті.
3. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы барлық арыздар, хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуге міндетті.
4. Келіп түскен арызда, хабарда әкімшілік құқық бұзушылық не тәртіптік теріс қылық белгілері туралы мәліметтер болған кезде жолданым үш тәуліктің ішінде ілеспе хатпен тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға беріледі.
5. Келіп түскен арызда, хабарда олар бойынша қылмыстық қудалау жекеше тәртіппен жүзеге асырылатын мәліметтер болған кезде материалдар соттылығы бойынша тиісті сотқа жіберіледі, ол туралы арыз иесі хабардар етіледі.
6. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу арызды, хабарды осы баптың төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қарауға кедергі болмайды.
Ескерту. 179-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.180-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер
1. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар болмаған кезде, қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда:
1) жеке тұлғаның арызы не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық құқық бұзушылық не адамның хабарсыз кеткені туралы хабары;
2) кiнәсiн мойындап келу;
3) масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы хабарлар;
4) қылмыстық қудалау органы лауазымды адамының дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы баянаты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер болып табылады.
Осы Кодекстің 185-бабы бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себеп болған кезде анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор өз құзыреті шегінде және осы Кодексте белгіленген тәртіппен өз қаулысымен қылмыстық істі іс жүргізуге қабылдайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген себеппен тергеп-тексеріліп жатқан іс бойынша хабарсыз кеткен адамға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгілерін көрсететін деректер анықталған жағдайда, іс-әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша сараланады.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Ескерту. 180-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.181-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке тұлғаның арыздары ауызша және жазбаша не электрондық құжат нысанында болуы мүмкiн.
Жазбаша арызға не электрондық құжат нысанындағы арызға оны берген адам осы баптың екінші бөлігінде арыз иесі туралы айтылған мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиiс.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз оны қабылдаудың жеке хаттамасына енгізіледі, онда арыз иесі, оның тұрғылықты жері немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға арыз иесі және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз тиісінше тергеу әрекетінің хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мемлекеттік органның лауазымды адамының хабары және заңды тұлғаның арызы растайтын құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда беріледі.
4. Мемлекеттік органның лауазымды адамын қоспағанда, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы арызда не хаттамада белгі жасалып, ол арыз иесінің қолымен куәландырылады.
5. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдардың ревизиялар мен тексерулер жүргізуін талап ететін арыздар мен хабарлар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелместен, үш тәулік ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі.
6. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы анонимді хабар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп бола алмайды.
Ескерту. 181-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).182-бап. Кiнәсiн мойындап келу
1. Кiнәсiн мойындап келу – адам әлі күдікті деп танылмаған не ол осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен ұстап алынбаған кезде, адамның қылмыстық қудалау органына өзi жасаған немесе дайындап жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке өзі, ерiктi түрде, жазбаша немесе ауызша хабарлауы.
2. Ауызша арыз осы Кодекстің 181-бабының екінші бөлігінде белгіленген тәртіппен қабылданады және хаттамаға енгiзiледi.
3. Егер кiнәсiн мойындап келген кездегi арызда қылмыстық құқық бұзушылықтың сыбайлас қатысушылары көрсетілсе, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiледi.
183-бап. Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар
Ескерту. 183-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Масс-медиадағы және онлайн-платформалардағы хабар масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда жарияланғанда немесе таратылғанда, ол сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды жариялаған немесе таратқан масс-медиада немесе онлайн-платформада басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға құқығы бар органның талабы бойынша жасалған хабарды растайтын қолда бар құжаттар мен өзге де материалдарды беруге, сондай-ақ ол адамның мәлiметтердi ақпарат көзiн құпия ұстау талабымен беру жағдайларын қоспағанда, бұл мәлiметтердi берген адамды атауға мiндеттi.
Ескерту. 183-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.06.2024 № 94-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.184-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді анықтау мына жағдайларда:
1) өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде анықтау органының қызметкерi, тергеушi, прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтың куәсі болғанда не қылмыстық құқық бұзушылықтың iзiн немесе салдарын ол жасалған бойда анықтағанда;
2) қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, прокурор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезiнде қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді алғанда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп болады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, көрсетілген адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің анықталғанын растайтын қолдарындағы құжаттарды және өзге де материалдарды қоса бере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат толтырады.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың анықталғаны туралы баянат соттың тиісті мәліметтер қамтылған жекеше қаулысы, жекеше ұйғарымы келіп түскен жағдайда жасалуы мүмкін.
Ескерту. 184-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.185-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды немесе рапортты қабылдау мiндеттiлiгi
Ескерту. 185-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қылмыстық қудалау органы дайындалып жатқан, жасалған не жасалып жатқан кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдауға және тiркеуге мiндетті. Арыз иесіне қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыздың немесе хабардың тіркелгені туралы құжат беріледі.
Экстремистік және террористік қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қылмыстық қудалау органдары прокурордың келісуімен арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу мерзімін прокурор айқындаған мерзімге кейінге қалдыруға құқылы.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін барлау-нұқсан келтіру әрекетінен қорғау мақсатында қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын орган, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында алынған материалдар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға себептер болған кезде қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар мен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен арызды, хабарды немесе баянатты тіркеу туралы шешім қабылдайды.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың осы Кодекстің 180-бабының бірінші бөлігінде көзделген басқа да себептерін қабылдау мен тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады, сондай-ақ оған осы Кодексте көзделген тәртіппен прокурорға не сотқа шағым жасалуы мүмкін.
3. Сот қылмыстық істі талқылау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтағанда, оны жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті не қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды қабылдаудан, тіркеуден бас тарту фактілерін, оларды қабылдау мен тіркеудегі өзге де бұзушылықтарды анықтағанда, бұл туралы жекеше қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті.
Ескерту. 185-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.186-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арыздар немесе хабарлар:
1) қылмыстық құқық бұзушылық осы ауданнан, облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тысқары жерде жасалғанда және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшiн қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болғанда;
2) қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізу басқа қылмыстық қудалау органының айрықша тергеулігіне жататын болғанда, тергеулігі бойынша берілуге жатады.
2. Қылмыстық қудалау органының басшысы арыздарды, хабарларды қолда бар материалдармен бірге прокурор арқылы тергеулігі бойынша жібереді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу талап етілетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар келіп түскен жағдайларға қолданылмайды. Мұндай жағдайларда жиналған материалдар арыз, хабар тіркелген кезден бастап бес тәуліктің ішінде тергеулігі бойынша беру үшін прокурорға беріледі.
4. Арыздар, хабарлар оқиға болған орынды, жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезінде анықталған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар берген нәрселермен және құжаттармен бірге тергеулігі бойынша беріледі.
5. Жәбірленушілердің (жекеше айыптаушылардың) жекеше айыптау тәртібімен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздары ғана соттылығы бойынша берілуге жатады.
24-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУДІҢ
ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 160, 161, 162, 163, 164, 165, 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 184, 185, 186 (екінші бөлігінде), 255 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 257, 260, 267, 270, 275, 291 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде жаппай жоятын қаруды, сол сияқты жаппай жоятын қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін материалдарды немесе жабдықтарды жымқыруға не қорқытып алуға қатысты), 360, 375, 392 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екінші бөлігінде), 445 (екiншi бөлiгiнде), 458 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 205 (үшінші бөлігінде), 206 (екінші және үшінші бөліктерінде), 207 (екінші және үшінші бөліктерінде), 208 (екінші және үшінші бөліктерінде), 209 (екінші және үшінші бөліктерінде), 210(екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты жасалса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүзеге асыруы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 362 (үшінші бөлігінде, төртінші бөлігінің 3) тармағында), 366 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 367 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 412-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша, егер оларды әскери қызметшілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (үшiншi бөлiгiнде), 438 (үшінші бөлігінде), 439 (үшінші бөлігінде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 459 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер олар ұрыс жағдайында жасалса, алдын ала тергеудi Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тергеушiлерi жүргiзуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің өзге баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, егер оларды тергеп-тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеулігіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізумен тікелей байланысты болса және қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп алу мүмкін болмаса, алдын ала тергеуді ұлттық қауіпсіздік органы жүргізуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107 (екiншi бөлiгiнде), 110 (екiншi бөлiгiнде), 116, 118 (үшiншi бөлiгiнде), 120, 121, 122, 123 (екiншi бөлiгiнде), 124, 125, 126 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 127, 128, 129, 132, 133, 134, 135, 141, 143 (екінші және үшінші бөліктерінде), 144, 146 (азаптауларға байланысты емес қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас жағдайларында үшінші және төртінші бөліктерінде), 147 (бесінші бөлігінде), 148, 150 (екiншi бөлiгiнде), 151, 155 (екiншi бөлiгiнде), 156 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 157, 188 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 188-1, 191 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 192, 193, 194 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 200 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 201 (екiншi бөлiгiнде), 202 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 203 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 205 (үшiншi бөлiгiнде), 206 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 207 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 208 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 209 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 210 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 211 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 212 (екiншi бөлiгiнде), 213 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 254, 261, 268, 269-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 271, 272, 273, 274 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 277, 278, 279, 280, 281, 282, 288 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 293 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 294 (екiншi бөлiгінде), 295 (үшiншi бөлiгiнде), 295-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 296 (төртiншi бөлiгiнде), 297 (бірінші және екінші бөліктерінде), 298, 299 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 300 (екiншi бөлiгiнде), 301, 302, 303 (екiншi бөлiгiнде), 304, 305, 306 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 309 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 310 (екiншi бөлiгiнде), 312, 314 (екiншi бөлiгiнде), 315 (екiншi бөлiгiнде), 317 (екiншi, үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 318, 319 (бесiншi бөлiгiнде), 320 (екiншi бөлiгiнде), 322 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 323, 324, 325 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 326 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 327, 328 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 329, 330, 331 (бiрiншi бөлiгiнде), 332, 333, 334 (үшінші бөлігінде), 335, 337, 338, 339, 340 (төртінші бөлігінде), 341 (екінші бөлігінде), 342 (төртінші бөлігінде), 343 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 344, 346 (бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 348 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 349 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 350 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 351 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 352, 353 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 354 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 355, 356 (екiншi бөлiгiнде), 358 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 359 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 376 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 377, 380, 380-1, 380-2, 382 (екiншi бөлiгiнде), 386 (екiншi бөлiгiнде), 388, 389 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 399 (үшiншi бөлiгiнде), 401, 402 (екiншi бөлiгiнде), 404 (бiрiншi бөлiгiнде), 407 (үшінші бөлігінде), 408, 409, 411, 426 (екiншi бөлiгiнде), 428 (үшiншi бөлiгiнде), 428-1 (үшінші бөлігінде), 429, 437 (үшінші бөлiгiнде), 438 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 439 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 440 (төртiншi бөлiгiнде), 441 (үшiншi бөлiгiнде), 442 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 443 (екiншi бөлiгiнде), 446 (екiншi бөлiгiнде), 449 (үшiншi бөлiгiнде), 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 459 (үшiншi бөлiгiнде), 462 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 463 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 464, 465, 466 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдарының тергеушiлерi жүргiзедi.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 190 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында, үшінші бөлігінің 2) тармағында көзделген белгілер болған жағдайда төртінші бөлігінде), 216 (екiншi бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшiншi бөлiгiнiң 3) тармағында), 218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында), 218-1 (төртінші бөлiгiнiң 1) тармағында), 234 (үшiншi бөлiгінің 1) тармағында), 249 (үшiншi бөлiгінің 2) тармағында), 307 (үшiншi бөлiгінің 3) тармағында), 361, 362 (төртiншi бөлiгінің 3) және 4) тармақтарында), 364, 365, 366, 367, 368, 369 және 370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзедi.
3-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 203 (1-1-бөлігінде), 214 (екiншi бөлiгiнде), 216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1) және 2) тармақтарында, үшінші бөлігінде), 220, 221, 223-224, 226 (екiншi бөлiгiнде), 228 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 229 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 230 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 231, 234 (екiншi бөлігінде, үшiншi бөлiгінің 2) тармағында), 235-1, 236 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 237, 238, 239 (екiншi бөлiгiнде), 243 (бiрiншi бөлiгiнде), 244, 245 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 248 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 249 (бірінші, 1-1 және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында), 253, 307 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi экономикалық тергеу қызметінің тергеушiлерi жүргiзедi.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 149 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 362 (бірінші, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 371, 413, 414 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 415, 416 (екiншi, үшінші, төртіншi және бесінші бөлiктерiнде), 418-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 412, 412-1, 433-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi осы органның қызметкерi болып табылмайтын адамға қатысты сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 147 (үшінші бөлігінде), 195 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 196 (үшiншi, төртінші бөлiктерінде), 197 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 198 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 199 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 217 (екіншi бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 217-1 (екінші бөлігінде), 232, 250, 301-1 (үшінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1) және 3) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде), 190 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1), 3) және 4) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдары, ал мемлекетке залал келтiрiлген жағдайда – экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 416 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 417, 419 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 420, 421, 422, 423, 424, 425, 432, 434, 435-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 370-1, 370-2 (екінші және үшiншi бөлiктерiнде), 450, 451, 452-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 182, 255 (бірінші және екінші бөліктерінде), 256, 259, 269, 276 (екінші және үшінші бөліктерінде), 283, 284, 285, 286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 287 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 290 (екінші бөлігінде), 291, 297 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 388-1, 394 (екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 437 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 438 (төртінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 441 (төртiншi бөлiгiнде), 442 (төртінші бөлігінде), 443 (үшінші бөлігінде), 444, 452-1, 453 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455, 456, 457, 459 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 218 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 218-1 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде, төртінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 262, 263, 264, 265, 266-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 258-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған ұлттық қауiпсiздiк, ішкі істер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
8. Түрлi алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеулікті прокурор айқындайды.
Ескерту. 187-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 400-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 139-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 186-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылық жасалған ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзiледi.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жедел және толық болуы мақсатында ол қылмыстық құқық бұзушылық анықталған орын бойынша, сондай-ақ күдіктi немесе куәлардың көпшiлiгi тұратын жерде жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Тергеу әрекеттерiн басқа ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзу қажет болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жеке өзi жүргiзуге не бұл әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тергеушісіне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасырын тергеу әрекеттерін немесе iздестiру іс-шараларын жүргiзудi сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнындағы немесе олар жүргiзілетін жердегi анықтау органына тапсыра алады. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді қоспағанда, тапсырма он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.
4. Тергеушінің, прокурордың тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын орындаған кезде анықтау органының қызметкері тергеушінің өкілеттіктерін пайдаланады.
Ескерту. 188-баптың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тілінде өзгермейді - ҚР 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысанында және хаттамалық нысанда жүргізіледі.
2. Анықтау нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 191-бабының екінші – он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізеді.
3. Алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда, осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген қылмыстар бойынша, кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қылмыс жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болған анықтау істері бойынша жүзеге асырылады.
4. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау органының бастығы осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бір тәулік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, осы баптың үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен анықтауды не алдын ала тергеуді тағайындауға міндетті.
5. Анықтау органының бастығы осы Кодекстің 192-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде істің мән-жайының жеткілікті және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда да алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқылы.
6. Қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 191-бабының он алтыншы – жиырма төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру істері және анықтау істері бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.
Ескерту. 189-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
2. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар ете отырып және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндіре отырып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап үш тәулік ішінде жасырын тергеу әрекеттері санкцияланған жағдайда қылмыстық іс олар аяқталғаннан кейін он бес тәулік ішінде, бірақ арыз, хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап екі айдан кешіктірілмей жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
4. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтайды және күдіктінің оны жасауға қатысқанын растайтын дәлелдемелерді жинайды.
4-1. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіні, егер іске қатысатын болса, оның қорғаушысын, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар етеді.
Хабарламада танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім туралы хабархат қамтылады.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 527-бабының бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген тәртіппен сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын жасайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіден, сондай-ақ жәбірленушіден, оның өкілінен, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе олардың өкілдерінен ауызша немесе жазбаша өтінішхат келіп түскен жағдайда, оларға сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және қылмыстық істің материалдарын танысу үшін ұсынады, бұл туралы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасында олардың қолтаңбаларымен және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қолтаңбасымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері істің азаматтық талап қоюға қатысы бар бөлігіндегі материалдарымен танысады.
Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау ісі бойынша – анықтау органының бастығына, алдын ала тергеу ісі бойынша тергеу бөлімінің бастығына жіберіледі.
4-3. Анықтау органының бастығы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады.
Тергеу бөлімінің бастығы сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) қылмыстық істі алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылық іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін ресімдейтін тергеу әрекеттерін және өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
6. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру:
1) олардың ішінде біреуі болса да аса ауыр болып табылған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына қатысты;
2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға қатысты;
3) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитетi бар адамдарға қатысты;
4) қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың біреуі болса да өз кінәсін мойындамаған жағдайда;
5) кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қолданылмайды.
7. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен бірге қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) қылмыстық істі толық көлемде не бір бөлігінде тоқтату туралы қаулы шығарады;
4) сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексерудің жаңа хаттамасын жасайды;
5) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді.
8. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтары түсіндірілгені қамтылған айыпталушының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.
Ескерту. 190-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру
1. Осы баптың екінші – он екінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 108-1 (екінші бөлігінде), 110 (бірінші бөлігінде), 112, 113, 114 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117 (екiншi бөлiгiнде), 118 (екiншi бөлiгiнде), 119 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 136, 137 (екiншi бөлiгiнде), 139, 142, 143 (бiрiншi бөлiгiнде), 146 (бірінші бөлігінде), 147 (төртінші бөлігінде), 153, 158 (екiншi бөлiгiнде), 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 191 (бiрiншi бөлiгiнде), 194 (бiрiншi бөлiгiнде), 200 (бiрiншi бөлiгiнде), 201 (бiрiншi бөлiгiнде), 202 (бiрiншi бөлiгiнде), 207 (бiрiншi бөлiгiнде), 209 (бiрiншi бөлiгiнде), 210 (бiрiншi бөлiгiнде), 212 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (үшiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 274 (бiрiншi бөлiгiнде), 287 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 293 (бiрiншi бөлiгiнде), 295 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 299-1, 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 308 (бiрiншi бөлiгiнде), 309 (бiрiншi бөлiгiнде), 310 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 313, 313-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 314 (бiрiншi бөлiгiнде), 315 (бiрiншi бөлiгiнде), 316 (үшінші бөлігінде), 319 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 321 (екiншi бөлiгiнде), 322 (бесiншi бөлiгiнде), 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 340 (екінші және үшінші бөліктерінде), 341 (бірінші бөлігінде), 342 (екінші және үшінші бөліктерінде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 345-1, 346 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 347, 348 (екiншi бөлiгiнде), 349 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (бiрiншi бөлiгiнде), 358 (екiншi бөлiгiнде), 359 (екiншi бөлiгiнде), 372, 379, 386 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 390 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде), 399 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 407 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 427, 428 (бiрiншi бөлiгiнде), 428-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 430, 431-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды iшкi iстер органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 348 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзе алады.
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (бiрiншi бөлiгiнде), 233, 234 (бірінші бөлігінде), 245 (бiрiншi бөлiгiнде), 248 (бірінші бөлігінде), 301-1 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 437 (екіншi бөлiгiнде), 439 (бірінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 441 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 442 (бірінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші бөлігінде), 448 (екінші бөлігінде), 449 (екінші бөлігінде), 453 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші және екінші бөліктерінде), 461, 462 (бірінші бөлігінде), 463 (екінші бөлігінде), 466 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды әскери полиция органдары жүргiзедi.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 445-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші – тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген барлық өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 396-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды шекара қызметiнiң органдары жүргiзедi.
7. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 217 (бiрiншi бөлiгiнде), 217-1 (бірінші бөлігінде), 286 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
9. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).10. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында (бірiншi бөлiгінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе шекара қызметінің органдары жүргiзедi.
11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі немесе егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiкелей тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.
11-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 394 (бiрiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Қазақстан Республикасының iшкi iстер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргiзедi.
12. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).13. Осы бапта көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау құқық қылмыстық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi.
14. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алып тастаулар ескеріле отырып, осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.
15. Осы баптың он алтыншы – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдар істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1, 111, 115, 117 (бiрiншi бөлiгiнде), 118 (бiрiншi бөлiгiнде), 119 (бiрiншi бөлiгiнде), 121-1, 137 (бiрiншi бөлiгiнде), 138, 140, 145, 150 (1-1-бөлігінде), 152 (бiрiншi бөлiгiнде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешiмiн орындамаумен байланысты болса, үшiншi бөлiгiнде), 154, 155 (бiрiншi бөлiгiнде), 156 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 158 (бiрiншi бөлiгiнде), 159, 183, 187, 204 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 206 (бiрiншi бөлiгiнде), 208 (бiрiншi бөлiгiнде), 211 (бiрiншi бөлiгiнде), 213 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 276 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (төртiншi бөлiгiнде), 289, 294 (бірiншi бөлiгінде), 295-1 (бірінші бөлігінде), 296 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 301-1 (бірінші бөлігінде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 313-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 316 (бірінші және екінші бөліктерінде), 317 (бiрiншi бөлiгiнде), 320 (бiрiншi бөлiгiнде), 322 (бiрiншi бөлiгiнде), 325 (бiрiншi бөлiгiнде), 326 (бiрiншi бөлiгiнде), 328 (бiрiншi бөлiгiнде), 331 (екiншi бөлiгiнде), 336, 340 (бірінші бөлігінде), 342 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (бiрiншi бөлiгiнде), 349 (бiрiншi бөлiгiнде), 351 (бiрiншi бөлiгiнде), 354 (бiрiншi бөлiгiнде), 356 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (екiншi бөлiгiнде), 358 (бiрiншi бөлiгiнде), 359 (бiрiншi бөлiгiнде), 376 (бiрiншi бөлiгiнде), 381, 383, 384, 389 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 391, 395, 397, 398 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 400, 402 (бірінші бөлігінде), 403, 406, 407 (екінші бөлігінде), 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары жүргiзедi.
17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 222, 225, 226 (бiрiншi бөлiгiнде), 227, 228 (бiрiншi бөлiгiнде), 229 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 236 (бiрiншi бөлiгiнде), 239 (бiрiншi бөлiгiнде), 242, 243 (екiншi бөлiгiнде), 246-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
18. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186 (бірінші бөлігінде), 458 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары жүргізеді.
19. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 195 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 196 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 197 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 198 (екiншi бөлiгiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары не экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
19-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 363, 370-2 (бірінші бөлiгiнде), 414 (төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары не сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
19-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 419-бабында (бірiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
20. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (бірінші және бесінші бөлiктерiнде), 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443(бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 460, 463 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма екінші – жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген iстер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әскери полиция органдары жүргізеді.
21. Осы баптың жиырмасыншы бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, олар бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
22. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).23. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 269-1 (бірінші бөлігінде), 287 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде), 348 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 378, 382 (бірінші бөлігінде), 390 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
24. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (үшiншi бөлiгiнде)-бабында көзделген қылмыстық терiс қылық туралы iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі не егер ол күзету iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.
25. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жүргізеді.
26. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабында (екінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер органдары немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.
Ескерту. 191-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 98-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 139-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 186-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.192-бап. Сотқа дейiнгі тергеп-тексерудің мерзімі
1. Сотқа дейiнгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.
Қылмыстық сот ісін жүргізудің қисынды мерзімін айқындаған кезде қылмыстық істің құқықтық және нақты күрделілігі, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтарды іске асыруы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өз өкілеттіктерін сотқа дейінгі іс жүргізуді уақтылы жүзеге асыру мақсатында іске асыру тәсілі сияқты мән-жайлар ескеріледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі арыз бен хабар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген кезден бастап қылмыстық іс қылмыстық істі тоқтату туралы қаулымен, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен, қылмыстық теріс қылық туралы қаулымен, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасымен, айыптау хаттамасымен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не прокурор істі сотқа жібере отырып, кінәні мойындау туралы мәміле немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасқан күнге дейін есептеледі.
Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімін белгілей отырып, осы мерзімдерді қайта қарауға құқылы.
Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімге:
1) қылмыстық процеске қатысушылардың осы Кодекстің 190, 192-2 және 296-баптарында көзделген тәртіппен қылмыстық іс материалдарымен танысқан;
2) қылмыстық істің қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, жәбірленушінің шағымы бойынша сотта және прокуратурада болған;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның процестік шешімдерін және (немесе) әрекеттерін бекіту не келісу туралы мәселені қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған;
4) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарауға байланысты қылмыстық істің прокурорда болған уақыты кірмейді.
4. Осы баптың екінші бөлігінде белгіленген сотқа дейiнгі тергеп-тексеру мерзімін тергеушінің, анықтау органы бастығының уәжді өтінішхаты бойынша:
істің күрделілігіне байланысты аудандық және оған теңестірілген прокурор – қисынды, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге;
істің ерекше күрделілігіне байланысты немесе қылмыстық істің материалдарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке жіберу туралы мәселені шешу кезінде – облыс прокуроры мен оған теңестірілген прокурор және олардың орынбасарлары қисынды, бірақ он екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
5. Сотқа дейiнгi тергеп-тексеру мерзiмiн одан әрi ұзартуға айрықша жағдайларда ғана жол берiледi және оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары қисынды, бірақ осы баптың бірінші бөлігінде белгіленгеннен аспайтын мерзімге жүзеге асыра алады.
6. Сотқа дейiнгi тергеп-тексерудiң мерзiмiн ұзарту туралы қаулыны тергеу бөлімінің, анықтаудың бастығы, прокурор ауданның, облыстың прокурорына және оларға теңестiрiлген прокурорларға сотқа дейiнгi тергеп-тексеру мерзiмi аяқталардан – бес тәулiктен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, оның орынбасарларына – он тәулiктен кешіктірмей ұсынуға мiндеттi.
7. Прокурор істі қосымша тергеп-тексеру үшін қайтарған, қылмыстық істі үзу немесе тоқтату туралы қаулының күші жойылған не сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны келісуден немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны бекітуден бас тартылған кезде сотқа дейiнгi тергеп-тексеру прокурор белгілеген, бірақ іс қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамға келіп түскен кезден бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негіздерде және осы бапта көзделген тәртіппен жүргізіледі.
8. Күдікті, жәбірленуші тергеп-тексерудің негізсіз созылуына шағым жасауға және қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын адамның оның барысында істі тергеп-тексеруді толық көлемінде аяқтауына қажетті белгілі бір мерзімді белгілеу туралы өтінішхатты прокурорға мәлімдеуге немесе осы Кодексте көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 192-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.192-1-бап. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар
1. Анықтау барысында осы Кодекстің 113-бабына сәйкес: қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы, қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адам, адамның кінәлілігі, залалдың сипаты мен мөлшері және іс бойынша маңызы бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамнан сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы анықтамалар, оның жұмыс немесе оқу орнынан мінездемелер, іс үшін маңызы бар өзге де материалдар талап етіп алдырылуы; жәбірленушіден, куәдан жауап алу және басқа да қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
Ескерту. 192-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.192-2-бап. Айыптау хаттамасын жасау және қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға беру
1. Анықтау аяқталған соң сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіні, егер іске қатысатын болса, оның қорғаушысын, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар етеді.
Хабарламада танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім туралы хабархат қамтылады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам айыптау хаттамасын жасайды.
3. Айыптау хаттамасында мыналар көрсетіледі:
1) оның жасалған уақыты мен орны, хаттаманы кімнің жасағаны;
2) күдіктінің жеке басы туралы деректер;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған орны мен уақыты, оқиға, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың болғанын және құқық бұзушының кінәлілігін растайтын нақты деректер;
5) Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы;
6) егер бар болса, куәлардың және жәбірленушілердің тегі, аты, әкесінің аты (олар болған кезде), мекенжайлары;
7) келтірілген залал мөлшері;
8) қылмыстық құқық бұзушылық іздерін тіркеу кезінде пайдаланылған болса не оларда іздер тіркелсе, ғылыми-техникалық құралдар мен электрондық жеткізгіштер;
9) заттай дәлелдемелер (олар болған кезде), олардың сақталу орны туралы мәліметтер;
10) азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қабылданған шаралар;
11) күдіктіден өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою.
Айыптау хаттамасына қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар да қоса беріледі.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіден, сондай-ақ жәбірленушіден, оның өкілінен, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе олардың өкілдерінен ауызша немесе жазбаша өтінішхат түскен жағдайда, оларға айыптау хаттамасын және қылмыстық іс материалдарын танысу үшін ұсынады, бұл туралы айыптау хаттамасында олардың қолтаңбаларымен және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қолтаңбасымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері істің азаматтық талап қоюға қатысы бар бөлігіндегі материалдарымен танысады.
Айыптау хаттамасымен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау органының бастығына жіберіледі.
5. Анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын және оған қоса берілген материалдарды зерделеп, мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) айыптау хаттамасын келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) айыптау хаттамасын келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады не осы Кодекстің 189-бабының бесінші бөлігінде көзделген тәртіппен алдын ала тергеп-тексеруді тағайындайды.
6. Прокурор айыптау хаттамасымен бірге қылмыстық істі алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мынадай әрекеттердің біреуін жасайды:
1) айыптау хаттамасын бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады;
4) қылмыстық қудалауды толық көлемде не бір бөлігінде тоқтату туралы қаулы шығарады;
5) жаңа айыптау хаттамасын жасайды;
6) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді.
7. Прокурор айыптау хаттамасының айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтары түсіндірілгені қамтылған айыпталушының айыптау хаттамасын алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.
Ескерту. 192-2-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.193-бап. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысындағы өкiлеттiктерi
1. Прокурор, сотқа дейiнгi тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып:
1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды тіркейді және оны қылмыстық қудалау органына береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады;
2) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және қылмыстық қудалаудың бір органынан келіп түскен, қолдағы материалдарды тергеулігі және соттылығы бойынша береді;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды және хабарларды қабылдау және тiркеу кезiнде заңдылықтың сақталуын тексереді;
3-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ақылға қонымды мерзімдерін белгілеуге құқылы;
4) оқиға орнын қарап-тексеруге қатысуға құқылы, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өз өкілеттіктері шеңберінде басқа да әрекеттерді жүзеге асырады;
5) қандай да бір тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа дейiнгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның әрекеттерін және (немесе) шешімдерін келіседі, бекітеді;
Прокурордың келісуі мен бекітуі – қаулыны электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы, ал қағаз түрінде ресімделген, оның ішінде құпиялылықты сақтауды талап ететін процестік шешімдер мен әрекеттер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысына өзінің қолымен расталатын "Келісемін", "Бекітемін" белгілерін қою арқылы жүзеге асырылады;
7) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына іске қосып тігу туралы жазбаша нұсқаулар береді;
8) қылмыстық қудалаудан иммунитетi мен артықшылықтары бар адамдарды қол сұғылмаушылығынан айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім алу үшін ұсыну енгізеді;
9) қылмыстық қудалау органдарынан қылмыстық істерді, құжаттарды, материалдарды, оның ішінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының және жасырын тергеу іс-қимылдарының нәтижелерін тексеру үшін алады, мерзімдері үзілген қылмыстық істерді одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін жібереді;
9-1) осы Кодекстің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген заңсыз жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатады;
10) тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ тергеу бөлімі мен анықтау органы бастықтарының, төмен тұрған прокурордың қаулылары мен нұсқауларының күшiн жояды;
11) қылмыстық iсті қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қайтарады не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді толық көлемде немесе нақты адамдарға қатысты тоқтатады;
12) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан істі алып қояды және осы Кодексте белгіленген тергеулігіне сәйкес оны басқа сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына береді; тергеп-тексерудің объективті және жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайларда, қылмыстық қудалау органының не қылмыстық процеске қатысушының жазбаша өтінішхаты бойынша істі бір органнан екінші органға береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және оларды осы Кодексте белгіленген тергеулігіне қарамастан тергеп-тексереді;
12-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 17-тарауында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Бас Прокурор ерекше жағдайларда өз бастамасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді осы Кодексте белгіленген тергеулігіне қарамастан прокурорға тапсыруға құқылы;
13) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін ұзартады, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабының жетінші және сегізінші бөліктерінде көзделген жағдайларда тергеп-тексеру мерзімін белгілейді;
14) осы Кодексте тергеу судьясының кұзыретіне жатқызылған мәселелер қаралған кезде сот отырыстарына қатысады;
15) күзетілудегі адамдарды ұстаудың заңнамада белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын тексереді;
16) айыптау актісін жасайды;
Ескерту. 16) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
16-1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын, бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекітеді және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жібереді;
17) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулысын бекітеді;
18) сот қаулысы бойынша нәтижелерін сот прокурордың өтінішхаты бойынша іс материалдарына қоса тігетін тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастырады;
19) процестік келісімге бастамашылық етеді және оны жасасады;
20) осы Кодексте көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
1-1. Прокурор азаптаулар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.
2. Прокурорлардың сотқа дейiнгi тергеп-тексеру сатысындағы өкiлеттiктерiнiң аражiгiн ажыратуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
Прокуратура органы басшысының айрықша өкiлеттiктерiне:
1) ынтымақтастық туралы процестiк келiсiм жасасу;
2) тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органының заңсыз қаулыларының, сондай-ақ тергеу бөлiмi мен анықтау органы бастықтарының, төмен тұрған (бағынышты) прокурордың қаулылары мен нұсқауларының күшiн жою;
3) сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамнан не органнан қылмыстық iстi алып қою және оны сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi жүргiзу үшiн басқа адамға не органға беру;
4) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар адамдарды қол сұғылмаушылығынан айыруға және қылмыстық жауаптылыққа тартуға келiсiм алу үшiн ұсыну енгiзу;
5) қылмыстық iстердi тергеп-тексеру мерзiмдерiн ұзарту;
6) тергеушiнiң, анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлiмi және анықтау органы бастықтарының, сондай-ақ төмен тұрған прокурордың әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдарды қарау;
7) заңдылық бұзылған кезде тергеушiні, анықтаушыны қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексеру жүргiзуден шеттету;
8) процесс прокурорының қылмыстық iстi қосымша тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қайтару туралы қаулысын бекiту;
9) айыптау актісін жасау;
Ескерту. 9) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
9-1) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын бекіту және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу;
10) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулысын бекіту;
11) осы Кодекстің нормалары осы міндетті прокуратура органының басшысына тікелей жүктеген жағдайларда, адамды күдікті деп тану туралы және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларды келісу жатады.
Прокуратура органы басшысының осы бөліктің 2), 3), 6), 7), 8), 9), 9-1) және 10) тармақтарында санамаланған өкілеттіктерін қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары, облыстар прокуратураларының құрылымдық бөлімшелерінің және оларға теңестірілген прокуратуралардың басшылары жүзеге асыруы мүмкін.
Ескерту. Екінші бөліктің үшінші абзацы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
3. Прокуратура органының басшысы нақты қылмыстық iс бойынша осы бапқа сәйкес қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды (процесс прокуроры) айқындауға құқылы.
Процесс прокуроры қылмыстық іс бойынша қадағалауды сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап жүзеге асырады, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген өкілеттіктерді пайдаланады және бірінші сатыдағы сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысады.
Процесс прокуроры алмастырылмайды, бірақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда, прокуратура органы басшысының шешімі бойынша басқа процесс прокурорымен ауыстырылуы мүмкін.
4. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қылмыстық қудалау органының бастығына осы Кодексте көзделген тәртіппен берген нұсқаулары міндетті болып табылады, бірақ оларға жоғары тұрған прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Алынған нұсқауларға жоғары тұрған прокурорға шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
Ескерту. 193-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.194-бап. Тергеу, жедел-тергеу тобының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуі
1. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ол күрделi немесе үлкен көлемді болған жағдайда тергеушiлер және анықтау органының қызметкерлері тобына (тергеу, жедел-тергеу тобына) тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл туралы шешiмдi тергеу бөлімінің немесе анықтау органының бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеп-тексеру жүргiзу тапсырылған барлық тергеушiлер, анықтау органының қызметкерлері, оның iшiнде топ жетекшiсі – тергеушi көрсетiлуге тиiс.
Күдіктi, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi тергеушiлер, анықтау органының қызметкерлері тобының тергеп-тексеретіні туралы қаулымен танысуға тиiс және оларға осы топ жетекшісіне, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушiге, анықтау органының қызметкеріне қарсылық білдіру құқығы түсiндiрiледi.
2. Топқа сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын бірнеше органның тергеушілері, анықтау органының қызметкерлері кіруi мүмкiн. Мұндай топты құру туралы шешiм прокурордың нұсқауы бойынша да, тергеу бөлімі немесе анықтау органы бастықтарының бастамасы бойынша да қабылдануы мүмкiн. Мұндай шешiм осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып шығарылатын бiрлескен қаулымен ресiмделедi.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар айрықша жағдайларда тергеп-тексерудің толық және объективті болмау фактілері, істің күрделілігі мен маңыздылығы анықталған кезде прокурорлар, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын бір немесе бірнеше органның тергеушілері, анықтаушылары мен жедел қызметкерлері арасынан топ құра алады, бұл ретте прокурорды осы топтың жетекшісі етіп тағайындап, бұл шешімді өз қаулысымен ресімдейді.
Ескерту. 194-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.195-бап. Топ жетекшiсiнiң өкiлеттiктерi
1. Топ жетекшiсi өз қаулысымен iсті өзінің іс жүргiзуiне қабылдайды, топтың жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушiлер мен анықтау органдары қызметкерлерінің әрекеттерiне басшылық жасайды.
2. Қылмыстық қудалауды, қылмыстық істі толықтай немесе бір бөлігінде тоқтату туралы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы, қылмыстық істерді бiрiктiру және бөлу туралы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін ұзарту, сот санкциялайтын бұлтартпау шараларын қолдану және оларды ұзарту туралы өтінішхат қозғау туралы қаулыларға, сондай-ақ айыптау хаттамасына, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке топ жетекшiсi қол қояды.
Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
3. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
4. Топ жетекшiсi осы Кодексте белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша басқа тергеушiлер жүргiзетiн тергеу әрекеттеріне қатысуға, тергеу әрекеттерін жеке өзi жүргiзуге және шешімдер қабылдауға құқылы.
5. Жетекшi болып тағайындалған прокурор тергеушiнiң осы Кодексте көзделген барлық өкiлеттiктерiн пайдаланады.
Ескерту. 195-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.196-бап. Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүзеге асырылатын iстер бойынша қызметi
1. Алдын ала тергеудің жүзеге асырылуы қажет қылмыс белгiлерi болған жағдайда, анықтау органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға және қылмыс iздерiн анықтау және бекiту бойынша кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін: қарап-тексеруді, тiнтудi, алуды, куәландыруды, күдіктілерді ұстап алу мен олардан жауап алуды, жәбiрленушiлер мен куәлардан жауап алуды және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы. Анықтау органы анықталған қылмыстық құқық бұзушылық және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы прокурорды дереу хабардар етеді.
2. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері орындалған соң, бiрақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы тергеулігі туралы мәселелер болмаған кезде бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорды жазбаша хабардар ете отырып, iстi дәл осы органның тергеушiсіне беруге мiндеттi. Іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар анықталған жағдайда, анықтау органы қылмыстық істі тоқтатуға құқылы. Қалған жағдайларда қылмыстық іс тергеулігін айқындау үшін прокурорға беріледі.
3. Iстi тергеушiге бергеннен кейiн анықтау органы ол бойынша тергеу әрекеттерін, жасырын тергеу әрекеттерін, сондай-ақ iздестiру шараларын тек тергеушiнiң тапсырмасы бойынша ғана жүргiзе алады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды табу мүмкiн болмаған iстi тергеушiге берген жағдайда, анықтау органы тергеушiні нәтижелері туралы хабардар ете отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды анықтау үшiн iздестiру шараларын қолдануға мiндеттi.
Ескерту. 196-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.197-бап. Тергеу әрекеттерін жүргiзудiң жалпы қағидалары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңда көзделген тергеу әрекеттеріне қатысуға адамдарды тарта отырып, олардың жеке басына көз жеткізеді, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргiзу тәртiбiн түсiндiредi.
2. Кейінге қалдырылмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу әрекетін түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.
3. Тергеу әрекеттерін жүргiзу кезiнде ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы және қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерi мен заттай дәлелдемелердi анықтаудың, тіркеу мен алудың ғылыми негiзделген тәсілдері пайдаланылуы мүмкiн.
4. Тергеу әрекеттерін жүргiзу кезiнде азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды, қатыгез қарым-қатынасты қолдануға, сол сияқты оған қатысатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндіруге жол берiлмейдi.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының басқа да қызметкерлерiн тартуға құқылы.
6. Осы Кодекстiң 255-бабы үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, 220-бабының он үшiншi және он төртiншi бөлiктерiнде, 252-бабында, 254-бабының төртінші бөлігінде, 255-бабында көзделген тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде куәгерлердi тарту мiндеттi болады.
Қалған жағдайларда тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде олардың барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар міндетті түрде қолданылады.
Ғылыми-техникалық тіркеу құралдары болмаған немесе оларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде куәгерлер тартылады.
Әрекеттердің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
Ескерту. 197-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).198-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесінде шығарылатын шешімдер
1. Осы Кодексте осы адамның процестік әрекет хаттамасында шешімді көрсете отырып, жеке қаулы шығармай шешім қабылдау мүмкіндігі тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесiнде осы Кодекске сәйкес қандай да бiр процестік шешiмді қабылдау кезiнде сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адам қаулы шығарады, онда оның жасалған орны мен уақыты, осы адамның тегі және лауазымы, қабылданатын шешiмнiң мәнi мен негiздерi, осы Кодекстiң қаулы шығаруға негіз болған баптары көрсетiледi.
2. Анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы, прокурор, тергеу судьясы шығаратын шешімдер, осы Кодекстің нормаларында аталған адамдардың қаулы шығару қажеттігі тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қарармен ресімделуі мүмкін.
Ескерту. 198-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы
1. Тергеу әрекетінің хаттамасы тергеу әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол аяқталған бойда жасалады.
2. Хаттама қолмен жазылуы, машинкамен не компьютермен басу тәсілі арқылы жасалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенографиялау, киноға түсiру, дыбыс- және бейнежазба немесе өзге де ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкiн. Стенографиялық жазба, дыбыс- және бейнежазба материалдары немесе өзге де ақпарат жеткізгіштер хаттамаға қосып тігіледі және iспен бiрге сақталады.
3. Хаттамада: тергеу әрекетiн жүргiзу орны мен күнi; оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейiнгі дәлдікпен; тергеу әрекетін жүргізген адамның лауазымы мен тегі, тергеу әрекетіне қатысқан әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетiледi.
Хаттамада процестік әрекеттер олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу кезінде анықталған iс үшiн елеулі мән-жайлар, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.
Тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері дыбыс-, бейнежазба құралдарының көмегімен толық тіркелген жағдайда, тергеу әрекетін жүргізетін адам алынған нақты деректерді және іс үшін маңызы бар анықталған мән-жайларды қысқаша баяндаумен шектелуге құқылы.
4. Осы Кодекстің 97-бабы қолданылған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекетінің хаттамасында жәбірленушінің, оның өкілінің, сондай-ақ куәлардың (куәгерлердің) жеке басы туралы деректерді келтірмейді, қорғалатын адам өзі қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамаларында таңдайтын адамның бүркеншік аты мен қоятын қолын қолданады.
5. Егер тергеу әрекетін жүргiзу кезiнде фотосуретке түсiру, киноға түсiру, дыбыс- және бейнежазба немесе өзге де ғылыми-техникалық құралдар қолданылса не iздiң баспа-таңбалары мен бедерлері әзірленсе, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада сондай-ақ оны жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану талаптары мен тәртiбi, осы құралдар қолданылған объектiлер және алынған нәтижелер көрсетiлуге тиiс. Хаттамада бұған басқа ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi аталуға тиiс.
6. Хаттама танысу үшiн тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге жататын ескертулер жасау құқығы түсiндiрiледi. Хаттамаға енгiзiлген барлық ескертулер, толықтырулар, түзетулер келісілуге және осы адамдардың қолдарымен куәландырылуға тиiс.
7. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер және тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан барлық өзге де адамдар қол қояды. Тергеу әрекетінің хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе қол қою мүмкiн болмаған жағдайда, бұл фактiнi куәландыру осы Кодекстiң 123-бабының жетіншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.
8. Хаттамаға тергеу әрекетін жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазба кассеталары, өзге ақпарат жеткізгіштер, сызбалар, жоспарлар, схемалар, iздiң баспа-таңбалары мен бедерлері қоса тiркеледi.
9. Егер тергеу әрекетін жүргiзу барысында маман өз зерттеу нәтижелерi бойынша ресми құжат жасаса, осы құжат хаттамаға қоса тiркеледi, бұл туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.200-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтай отырып, тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға немесе онда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға осы мән-жайларды немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнiндегі шаралар қолдану туралы ұсыну енгізуге құқылы.
2. Ұсынулар қолданылған шаралар туралы міндетті түрде хабардар етіле отырып бір ай мерзімде қаралуға тиіс.
201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде қатысқан басқа да адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы көрсетілген адамдардан жауаптылық туралы ескертіле отырып қолхат алынады.
3. Мыналар:
1) осы Кодексте көзделген тәртіппен процеске қатысушылардан шығатын сұрау салуларда, өтінішхаттарда, арыздарда, шағымдарда және өзге де процестік құжаттарда баяндалған қылмыстық іс бойынша мәліметтерді беру;
2) қылмыстық іс бойынша мәліметтерді оған қорғаушы, жәбірленушінің өкілі, шарттық негізде сарапшы, маман ретінде қатысуға тартылатын адамға, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423-бабы бойынша жауаптылықпен таныстырылған және тиісті қолхат ресімделе отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның не прокурордың келісуінсіз көрсетілген мәліметтерді жария етпеу туралы жазбаша міндеттемені берген жағдайда, беру;
3) активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық іс жүргізу барысында алынған активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға байланысты мәліметтерді ұсыну сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария ету болып табылмайды.
Ескерту. 201-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.25-тарау. Адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды айқындау
Ескерту. 25-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
202-бап. Адамды күдікті деп тану туралы жариялау
1. Адамның қылмыс жасағанын көрсететін, оның ішінде осы Кодекстің 128-бабы екінші бөлігінің 1) – 4) тармақтарында көзделген деректер болған кезде, егер бұл ретте оған процестік ұстап алуды қолданудың қажеттігі болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарады, ол соның негізділігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен бірге дереу прокурорға келісу үшін жіберіледі.
1-1. Прокурор адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісу туралы дереу шешім қабылдайды не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады.
1-2. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісу үшін дереу прокурорға жібере отырып, адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығаруға және осы Кодекстің 209 және 216-баптарында көзделген қағидалар бойынша одан жауап алуға құқылы.
Қаулыға қылмыстық іс материалдары және адамнан күдікті ретінде жауап алу хаттамасы қоса беріледі.
Прокурор қылмыстық іс материалдарын және адамнан күдікті ретінде жауап алу хаттамасын зерделеп шығып, дереу:
1) адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келіседі;
2) жүргізілген жауап алуды дәлелдеме ретінде қолдануға жол берілмейді деп тани отырып, адамды күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады және қылмыстық іс материалдарын сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қажет болған кезде белгілі бір тергеу әрекеттерін және (немесе) процестік әрекеттерді жүргізуін көрсете отырып қайтарады. Прокурор осы қаулыны келісуден бас тартқан кезде адамның күдікті жағдайында болуы тоқтатылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурор қабылдаған шешім туралы күдіктіні немесе өзіне қатысты прокурор күдікті деп тану туралы қаулыны келісуден бас тартқан адамды хабардар етеді.
2. Адамды күдікті деп тану туралы қаулыда:
1) оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кімнің жасағаны; күдікті деп танылатын адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оның туған күні, айы, жылы және туған жері;
2) адамға қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілетіні көрсетілуге тиіс.
Кәсіптік және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қылмыстар жасаған кезде адвокатты, прокурорды, тергеушіні, анықтаушыны, тергеу бөлімінің бастығын, анықтау органының бастығын күдікті деп тану туралы қаулы прокуратура органының басшысымен келісіледі.
Адамды күдікті деп тану туралы қаулы сол адамға жарияланады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өзіне қатысты күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамға күдіктінің құқықтарын түсіндіруге, бұл туралы қаулыда белгі жасауға және оған сол қаулының көшірмесін табыс етуге міндетті.
3. Алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
203-бап. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау
1. Адамның қылмыс жасағаны туралы күдікті растайтын оған қатысты жеткілікті дәлелдемелер болған кезде прокурор, Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы уәжді қаулы шығарады. Іс-әрекетті саралау туралы қаулы қисынды мерзімде шығарылуға тиіс.
Адвокат, прокурор, тергеуші, анықтаушы, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы кәсіптік және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты қылмыстар жасаған кезде, олардың іс-әрекетін саралау туралы қаулы прокуратура органының басшысымен келісіледі.
1-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, осы баптың 1-3-бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін оны дереу прокурорға келісу үшін жібереді.
1-2. Прокурор күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны келісу туралы дереу шешім қабылдайды не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады.
1-3. Осы Кодекстің 128-бабының тәртібімен ұстап алынған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған жағдайда, қаулының заңдылығын тексеруді және оны келісуді прокурор күзетпен ұстауды немесе үйқамақты санкциялау туралы өтінішхатты келісу туралы мәселені шешумен бір мезгілде жүзеге асырады.
2. Прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге оған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жарияланатын күн туралы хабарлайды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушы шақыру не оның қатысуын қамтамасыз ету туралы өтіну құқығын түсіндіреді.
3. Осы Кодекстің қағидаларына сәйкес қорғаушының қатысуы міндетті болатын істер бойынша прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, егер қорғаушыны күдіктінің өзі, оның заңды өкілі не оның тапсырмасы немесе оның келісімі бойынша басқа адамдар шақырмаған болса, оның келуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.
4. Күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындаған кезде іс материалдарына, егер ол бұрын жасалмаған болса, жеке басты куәландыратын құжаттың прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландырған көшірмесі қоса беріледі.
5. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаты болмаған не жоғалған, оны жоғалтқан жағдайда, оны құжаттауды уәкілетті орган сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.204-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы
1. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда:
1) оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кімнің жасағаны; күдіктінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні, айы, жылы және туған жері;
2) қылмыстың жасалған уақыты, орны, сондай-ақ осы Кодекстің 113-бабына сәйкес дәлелденуге жататын өзге де мән-жайларды көрсете отырып, осы адам жасады деп күдік келтірілген қылмыстың сипаттамасы;
3) адамға оны жасады деп күдік келтіріліп отырған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) көрсетілуге тиіс.
2. Бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген кезде күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда қылмыстық заң баптарының (бөліктерінің, тармақтарының) әрқайсысы бойынша адамның нақты қандай әрекеттер (әрекетсіздік) жасады деп күдік келтірілетіні көрсетілуге тиіс.
3. Алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 204-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
205-бап. Күдіктінің келу мiндеттiлiгi
1. Өзіне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалмаған күдікті жазбаша хабарлама-шақыру қағазы арқылы жауап алуға шақырылады. Хабарлама телефонограмма немесе жеделхат және өзге де байланыс құралдары арқылы да берiлуi мүмкiн.
2. Шақыру қағазында кiмнің, қайда және кiмге шақырылатыны, келетiн күні мен сағаты, сондай-ақ келмей қалуының салдары көрсетiлуге тиiс.
3. Шақыру қағазы күдіктіге одан қолхат ала отырып табыс етіледі, ал ол уақытша болмаған жағдайда, күдіктіге беру үшiн отбасының кәмелетке толған мүшесiне табыс етіледі немесе тұрғын үй-пайдалану ұйымына немесе тұрғылықты жерi бойынша әкiмшiлiкке не жұмыс орны бойынша әкiмшiлiкке берiледi, олар жауап алуға шақырылып отырған күдіктіге шақыру қағазын беруге мiндетті. Күдікті басқа байланыс құралдарын пайдалану арқылы да шақырылуы мүмкін. Күдікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына келуден жалтарған жағдайларда, хабарлама республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде, ал оның тұрып жатқан жері белгілі болған жағдайда, күдіктінің тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
4. Өзіне қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалмаған күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде келуге мiндетті.
5. Күдікті белгіленген мерзімде келмеу себептері және дәлелді себептері бар екендігі туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды хабардар етуге міндетті.
6. Дәлелді себептерсіз келмеген жағдайларда, күдікті күштеп әкелінуі мүмкін.
7. Қамаудағы күдікті күзетпен ұстау орнының әкiмшiлiгi арқылы шақырылады және жеткізіледі.
206-бап. Күдіктіге оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жария ету тәртібі
1. Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болса немесе бұл туралы күдікті өтінішхат берсе, қорғаушының қатысуымен және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жария етіледі. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялануы мүмкін.
2. Күштеп әкелінген күдіктіге қаулы ол күштеп әкелiнген күнi жарияланады. Бұл ретте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау кезiнде қорғаушының қатысуы заң бойынша мiндеттi болған жағдайларда қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету шараларын қолдануға тиiс.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктінің жеке басына және қорғаушының қорғауды жүргiзу туралы тапсырмасына көз жеткізгеннен кейiн күдіктіге және оның қорғаушысына күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялайды.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге күдік келтірудің мәнiн түсiндiруге мiндеттi.
5. Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көрсетiлген әрекеттердi орындау күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау күнi мен сағаты көрсетіле отырып, осы қаулыға күдіктінің, қорғаушының және тергеушiнiң қойылған қолдарымен куәландырылады.
6. Күдікті қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам және егер ол күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау кезінде қатысқан болса қорғаушы күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда күдіктіге қаулы мәтінінің жария етілгенін куәландырады.
7. Күдіктіге күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулының көшiрмесi табыс етіледі.
8. Күдікті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және қылмыстық қудалау органдарына келуден жалтарған жағдайда – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, ал қорғаушы келген жағдайда – қорғаушы да, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыда оның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болуына және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына келуден жалтаруына байланысты күдікті деп жариялау мүмкін еместігін куәландырады.
Егер күдіктінің тұрып жатқан жері белгілі болса, қаулының көшірмесі оған байланыс құралдарын пайдалану, оның ішінде пошта арқылы да жіберіледі. Қажет болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам прокурордың келісімімен республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, күдіктінің тұрып жатқан жері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы хабарламаны жариялауды ұйымдастыруға құқылы.
207-бап. Күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру
Ескерту. 207-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде күдіктінің іс-әрекетін саралауды, қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру үшін негіздер туындаса, прокурор, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 204-бабының талаптарын сақтай отырып, күдікті адамға қатысты, ал егер күдікті адам анықталмаған болса – осы баптың 1-1-бөлігін сақтай отырып, прокурормен келісуге жататын тиісінше күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы жаңа қаулы не қылмыстық құқық бұзушылықты саралау туралы жаңа қаулы жасауға міндетті.
Күдіктінің іс-әрекетін саралауды өзгерту немесе толықтыру туралы қаулы күдіктіге осы Кодекстің 205, 206-баптарында белгіленген тәртіппен жарияланады.
Күдіктінің іс-әрекетін түпкілікті саралау және қылмыстық құқық бұзушылықты саралау соңғы қаулының шығарылған күні бойынша айқындалады.
1-1. Қылмыстық құқық бұзушылықты саралауды өзгерту немесе толықтыру туралы қаулыда: оның жасалған орны мен уақыты; қаулыны кімнің жасағаны; анықталмаған адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған уақыты мен орны, сондай-ақ осы Кодекстің 113-бабына сәйкес дәлелдеуге жататын өзге де мән-жайлар көрсетіле отырып, оның сипаттамасы; жасалған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ) көрсетілуге тиіс.
2. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жария етілген күдік қандай да бір бөлігінде расталмаса, тергеуші өзінің қаулысымен осы бөлікте қылмыстық қудалауды тоқтатады, бұл туралы қабылданған шешімнің көшірмесін табыс ете отырып, күдіктіні және процестің басқа да қатысушыларын хабардар етеді.
Ескерту. 207-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.26-тарау. ЖАУАП АЛУ ЖӘНЕ БЕТТЕСТІРУ
208-бап. Жауап алуға шақыру тәртiбi
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәны, жәбiрленушiні, күдіктiні жауап алуға шақыру қағазы арқылы шақырады.
Шақыру қағазында жауап алуға шақырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), адамды шақырып отырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, жауап алуға келетін мекенжай мен уақыты (күні, сағаты), адвокат шақыру құқығы, сондай-ақ дәлелді себептерсіз келмеудiң салдары көрсетiледi.
Шақыру қағазы жауап алуға шақырылатын адамға одан қолхат ала отырып табыс етіледі не байланыс құралдарының көмегімен беріледі. Жауап алуға шақырылатын адам уақытша болмаған жағдайда, шақыру қағазы оның отбасының кәмелетке толған мүшесiне немесе тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй-пайдалану ұйымына немесе әкiмшiлiкке не жұмыс орны бойынша әкiмшiлiкке немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасы бойынша өзге адамдар мен ұйымдарға табыс етіледі, олар шақыру қағазын жауап алуға шақырылатын адамға беруге міндетті.
Жауап алынатын адам өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып шақырылуы мүмкiн.
Күзетпен ұсталып отырған күдіктi жауап алуға күзетпен ұстау орнының әкiмшiлiгi арқылы шақырылады және жеткізіледі.
2. Жауап алуға шақырылатын адам белгіленген мерзімде келуге не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамды келмеу себептері туралы алдын ала хабардар етуге міндетті. Жауап алуға шақырылатын адам дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда күштеп әкелінуі мүмкін не оған осы Кодексте көзделген өзге де процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.
3. Он сегіз жасқа толмаған адам жауап алуға оның заңды өкілдері арқылы, ал олар болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы орган арқылы не оның жұмыс немесе оқу орны бойынша әкімшілігі арқылы шақырылады.
4. Әскери қызметші жауап алуға әскери бөлім қолбасшылығы арқылы шақырылады.
209-бап. Жауап алу орны, уақыты мен ұзақтығы
1. Жауап алу сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген жерде жүргiзiледi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, егер оны қажет деп тапса, жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргiзуге құқылы.
2. Жауап алу кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, күндiзгi уақытта жүргiзiледi.
3. Жауап алу үзiлiссiз төрт сағаттан артық жүргiзiлмеуге тиiс. Жауап алуды демалу мен ас iшуге арналған кемiнде бiр сағат үзiлiстен кейiн жалғастыруға жол беріледі, бұл ретте жауап алудың бiр күн iшiндегi жалпы ұзақтығы сегiз сағаттан аспауға тиiс. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, жауап алудың ұзақтығы дәрiгердiң жазбаша қорытындысының негiзiнде белгiленедi.
3-1. Мыналардан:
1) жүкті әйелден не асырауында жас баласы бар әйелден;
2) елу сегіз және одан үлкен жастағы әйелдерден;
3) алпыс үш және одан үлкен жастағы ер адамдардан үздіксіз жауап алу – үш сағаттан, ал жауап алудың жалпы ұзақтығы бес сағаттан аспауға тиіс.
4. Кәмелетке толмаған адамнан жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, жалпы алғанда күніне төрт сағаттан артық жүргiзiлмейді. Кәмелетке толмаған адамның қажығаны анық болған жағдайда, жауап алу осындай уақыт өткенге дейін де үзілуі мүмкін.
Ескерту. 209-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.210-бап. Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алу алдында жауап алынатын адамның жеке басына көз жеткізуге тиiс. Егер жауап алынатын адамның iс бойынша iс жүргiзiлiп отырған тiлдi білетіні-білмейтініне күмән келтірсе, оның айғақтарды қай тiлде бергiсi келетiнi анықталады. Қажет болған жағдайларда оны аудармашымен тегін қамтамасыз етеді.
2. Жауап алуға шақырылған адамға одан кiм ретiнде, қандай қылмыстық iс бойынша жауап алынатыны хабарланады, осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
Бір іс бойынша шақырылған адамдар басқа жауап алынатын адамдардан бөлек жауап береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір іс бойынша жауап алуға шақырылған адамдардың жауап алу басталғанға дейін бір-бірімен сөйлесе алмауы үшін шаралар қолданады.
3. Жауап алу жауап алынатын адамға iстің өзiне белгiлi болған мән-жайларын айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам iске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтатын болса, оған бұл туралы ескертiлуге тиiс.
4. Еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылауға және толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкiн. Жетелеушi сұрақтар қоюға тыйым салынады.
5. Егер айғақтар цифрлық деректермен немесе есте сақтауға қиын өзге де мәлiметтермен байланысты болса, жауап алынатын адам құжаттар мен жазбаларды пайдалануға құқылы, олар жауап алынатын адамның өтiнiшхаты бойынша немесе оның келiсiмiмен хаттамаға қоса тiгілуі мүмкiн.
6. Егер жауап алу барысында жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдемелер мен құжаттар көрсетілсе, басқа тергеу әрекеттерінің хаттамалары жария етілсе және тергеу әрекетінің дыбыс- және (немесе) бейнежазба, киноға түсiру материалдары тыңдатылып-көрсетілсе, онда бұл туралы жауап алу хаттамасында тиісті жазба жасалады. Бұл ретте хаттамада жауап алынып отырған адамның оған көрсетілген дәлелдемелер, жария етілген хаттамалар, тыңдатылып көрсетілген тергеу әрекеттерінің дыбыс- және (немесе) бейнежазбалары, кино түсiрілімдер бойынша берген айғақтары көрсетіледі.
7. Сөйлеу және (немесе) есту қабілетінен толық айырылған куәдан, жәбірленушіден, күдіктіден, айыпталушыдан жауап алу сурдоаударма дағдыларын меңгерген адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетіледі.
8. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болған кезде одан жауап алу дәрiгердiң рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.
9. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шешімі бойынша, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, куәнің немесе жәбірленушінің өтінуі бойынша жауап алу кезінде дыбыс- және бейнежазба қолданылуы мүмкін. Жауап алынатын адамға мұндай дыбыс- және бейнежазбаның қолданылатыны туралы жауап алу басталғанға дейін хабарланады.
10. Дыбыс- және бейнежазба жауап алудың барысын толығымен көрсетуге және жауап алынатын адамдардың айғақтарын толық қамтуға тиiс. Жауап алудың бiр бөлiгiн дыбыс- және бейнежазбаға түсiруге, сондай-ақ сол жауап алудың барысында берiлген айғақтарды жазып алу үшiн арнайы қайталауға жол берiлмейдi.
11. Жауап алу аяқталғаннан кейiн дыбыс- және бейнежазба толығымен жауап алынып отырған адамға тыңдатылып-көрсетіледі. Айғақтардың дыбыс- және бейнежазбасына жауап алынып отырған адам жасаған толықтырулар да фонограммаға және бейнеграммаға енгiзiледi. Дыбыс- және бейнежазба жауап алынатын адамның олардың дұрыстығын куәландыратын мәлiмдемесiмен аяқталады.
12. Жауап алу барысында дыбыс- және бейнежазба қолданылып алынған айғақтар жауап алу хаттамасына енгiзiледi. Жауап алу хаттамасы, сондай-ақ: дыбыс- және бейнежазбаның қолданылғаны және бұл туралы жауап алынып отырған адамға хабарланғаны туралы белгiнi; ғылыми-техникалық құралдар, дыбыс- және бейнежазба жағдайлары мен оны тоқтата тұру фактiлерi, тоқтатудың себептерi мен ұзақтығы туралы мәлiметтердi; жауап алынып отырған адамның дыбыс- және бейнежазбаны қолдану себебі жөнiндегi мәлiмдемесiн; жауап алынып отырған адамға дыбыс- және бейнежазбаның тыңдатылып көрсетілгені туралы белгiнi; жауап алынып отырған адамның және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның хаттаманың және дыбыс- және бейнежазбаның дұрыстығын куәландырғанын қамтуға тиiс. Фонограмма мен бейнеграмма iспен бiрге сақталады және олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мөрмен бекiтiледi.
Ескерту. 210-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.210-1-бап. Адвокаттың қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамға сұрау салу тәртібі
1. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі ретінде іске қатысатын адвокат қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамның ерікті келісімі негізінде оған сұрау салу жүргізуге құқылы.
2. Сұрау салуды жүргізу алдында адвокат қылмыстық іске қатысты ақпаратты білуі ықтимал адамға:
1) адвокатқа мәжбүрлеусіз ерікті түрде түсініктер беру, оның ішінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оның өзін, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға алып келуі мүмкін түсініктер беруден бас тарту құқығын;
2) өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде түсініктер беру құқығын;
3) сұрау салу актісінде түсініктерді өз қолымен жазу құқығын;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның және прокурордың келісуінсіз, қылмыстық іс бойынша адвокаттан өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіндігін және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 423-бабы бойынша жауаптылық туралы түсіндіруге міндетті.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерден кейін адвокат сұрау салынатын адамға іс бойынша өзіне белгілі болғанның барлығын айтып беруді және сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Осылайша алынған түсініктер және осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіру сұрау салу актісінде бекітіледі, ол міндетті түрде сұрау салынған адамға оқу үшін көрсетіледі және оның қолтаңбасымен, сондай-ақ сұрау салуды жүргізген адвокаттың қолтаңбасымен куәландырылады.
4. Сұрау салу барысы мен нәтижелері жазбаша түрде не электрондық жеткізгіште көрсетіледі, олар адвокаттың өтінішхаты бойынша осы Кодексте көзделген тәртіппен қылмыстық іске қоса тіркелуге жатады.
5. Сұрау салуды жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану міндетті болып табылады. Мұндай жазба үшін қолданылған техникалық құралдар туралы мәліметтер сұрау салу актісінде міндетті түрде көрсетілуге жатады.
Ескерту. 210-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.211-бап. Қосымша және қайталап жауап алу
1. Қосымша және қайталап жауап алу осы Кодекстің 210-бабында көзделген қағидалар сақтала отырып жүргізіледі.
2. Қосымша жауап алу мынадай:
1) жауап алынған адам тергелетін істің мән-жайлары бойынша бұрын берген айғақтарын олардың жеткілікті түрде анық немесе толық болмауына қарай нақтылауға немесе толықтыруға ниет білдірген;
2) бұрын жауап алынған адамға іс үшін елеулі жаңа сұрақтар туындаған жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Қайталап жауап алу мынадай:
1) бастапқы жауап алуды жүргізудің процестік нормалары елеулі түрде бұзылған;
2) жауап алынған адам бұрын берген айғақтарынан бас тартқан және жаңа айғақтар беруге ниет білдірген жағдайларда жүзеге асырылады.
1. Жауап алудың барысы мен нәтижелерi осы Кодекстiң 199-бабының талаптары сақтала отырып жасалатын хаттамада көрсетiледi.
Айғақтар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Сұрақтар мен олардың жауаптары жауап алу кезiндегi ретi бойынша жазылады. Хаттамада жауап алуға қатысқан адамдардың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қабылдамаған немесе жауап алынып отырған адам жауап беруден бас тартқан сұрақтары да, оларды қабылдамаудың немесе олардан бас тартудың уәждерi көрсетiле отырып, қамтылуға тиiс.
2. Бірінші жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректер, оның iшiнде: тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған уақыты мен жерi, азаматтығы, ұлты, бiлiмi; отбасылық жағдайы, жұмыс орны, қызмет түрi немесе лауазымы, тұрғылықты жерi, сондай-ақ осы Кодекстің 199-бабы төртінші бөлігінің қағидаларына сәйкес істің мән-жайлары бойынша қажет болуы мүмкін басқа да мәлiметтер көрсетiледi.
Кейiнгi жауап алулар кезінде жауап алынып отырған адамның жеке басы туралы деректердi, егер олар өзгермеген болса, оның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсетумен шектелуге болады.
Күдіктiден жауап алу хаттамасында бұрын сотталғандығының бар-жоғы көрсетiледi.
3. Жауап алынып отырған адам схемалар, сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға қоса тiркеліп, онда бұл туралы белгi жасалады.
4. Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адамдар көрсетіледі. Олардың әрқайсысы хаттамаға, сондай-ақ оған жасалған барлық толықтырулар мен нақтылауларға қол қоюға тиіс.
5. Еркін баяндаудан кейін жауап алынып отырған адам өз айғақтарын өз қолымен жазуға құқылы. Жауап алынып отырған адам айғақтарын өз қолымен жазғаннан және оларға қол қойғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам толықтырушы және нақтылаушы сұрақтар қоюы мүмкін.
6. Жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттама оқып шығу үшiн жауап алынып отырған адамға ұсынылады не оның өтiнуi бойынша жарияланады. Жауап алынып отырған адамның хаттамаға толықтыру мен нақтылау енгiзу талабы мiндеттi түрде орындалуға тиіс.
7. Айғақтармен танысу фактiсiн және олардың жазылуының дұрыстығын жауап алынып отырған адам хаттаманың соңында өз қолын қою арқылы куәландырады. Жауап алынып отырған адам сонымен қатар хаттаманың әрбiр бетiне де қол қояды. Жауап алынып отырған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бас тарту себептерiн анықтайды, оларды хаттамаға енгiзедi және хаттаманы өзiнің қолымен куәландырады.
8. Егер жауап алынып отырған адам дене бітімінің кемiстiгiнен немесе өзге де себептердің салдарынан хаттамаға өзi қол қою мүмкіндігінен айырылса, оның өтiнуi бойынша хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетiн өкiл немесе өзге адам қол қояды, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
9. Егер жауап алуға аудармашы не сурдоаударма дағдыларын меңгерген адам қатысса, онда олар да хаттаманың әрбiр бетiне және тұтас хаттамаға қол қояды. Олар жауап алынатын адамның өз қолымен жазған айғақтарының аудармасына да қол қояды.
213-бап. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алудың (қашықтықтан жауап алу) ерекшеліктері
1. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу оны олар аумағында болған не тұратын ауданның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына шақыру арқылы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып, бейнебайланыс режимінде (қашықтықтан жауап алу) жүргізілуі мүмкін. Қашықтықтан жауап алу барысында процестік әрекетке қатысушылар жауап алынып жатқан адамның айғақтарын тікелей трансляциядан тікелей қабылдайды.
Қашықтықтан жауап алу:
1) адамның денсаулық жағдайы немесе басқа да дәлелді себептер бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру (қарау) жеріндегі қылмыстық процесті жүргізетін органға тікелей келуі мүмкін болмайтын;
2) адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болатын;
3) жас немесе кәмелетке толмаған куәдан, жәбірленушіден жауап алу жүргізілген;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің сақталуын, істің сотта қаралуын қамтамасыз ету үшін қажет болған;
5) жауап алу қиын немесе артық шығындармен байланысты болады деп пайымдауға негіз беретін себептер болған жағдайларда жүргізіледі.
2. Қашықтықтан жауап алуды жүргізу туралы шешімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өз бастамасымен немесе тараптың немесе қылмыстық процеске басқа да қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе прокурордың нұсқауы бойынша осы Кодекстің 188-бабында көзделген тәртіппен тапсырма жібере отырып, қабылдайды.
Қашықтықтан жауап алған кезде ғылыми-техникалық құралдар мен технологияларды пайдалану бейне мен дыбыстың тиісті сапасын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
3. Бейнебайланыс режимінде жүргізілген тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері осы Кодекстің 199-бабының талаптарына сәйкес тапсырманы орындайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жасайтын хаттамада көрсетіледі. Қашықтықтан жауап алу хаттамасында көмегі арқылы тергеу әрекеті жүргізілетін ғылыми-техникалық бейнежазба құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Жауап алынатын адамның хаттамаға толықтырулар мен нақтылаулар енгізу туралы талаптары міндетті түрде орындалуға жатады.
Хаттама оған қол қойылғаннан кейін істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында адамнан оның өтінішхаты бойынша оны тануды болдырмайтын сыртқы келбеті мен дауысы өзгертіле отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алынуы мүмкін.
214-бап. Куәдан және жәбiрленушiден жауап алудың ерекшелiктерi
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алу алдында куәнiң, жәбiрленушiнiң күдіктiге қандай қатысы бар екенiн анықтайды, оларға процестік құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, айғақтар беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi. Бұл ретте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәнің, жәбiрленушiнің өзiнiң, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін, сондай-ақ ал діни қызметшінің тәубеге келу үстінде өзіне сырын ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi. Бұл құқықты пайдаланбаған куәге, жәбiрленушiге олардың көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледі.
2. Егер куә жауап алуға заң көмегін көрсету үшін шақырылған адвокатпен бірге келсе, онда адвокат жауап алу кезінде қатысады. Жауап алу аяқталғаннан кейін адвокат жауап алудың мәні бойынша ескертулер беруге және жауап алу хаттамасына енгізілуге тиіс өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
3. Қалған жағдайда куә мен жәбiрленушiден жауап алу осы Кодекстiң 210-бабының қағидалары бойынша жүргiзiледi.
214-1-бап. Қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу ерекшеліктері
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алуды бастаудың алдында қорғалуға құқығы бар куәға қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды көрсететін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың не куәлік айғақтардың мәнін хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сондай-ақ қорғалуға құқығы бар куәға оның айғақтар беруден бас тарту құқығын қоса алғанда, осы Кодекстің 65-1-бабының екінші бөлігінде көзделген құқықтарын түсіндіреді.
2. Қалған жағында қорғалуға құқығы бар куәдан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 26-тарау 214-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.215-бап. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алу ерекшелiктерi
1. Он төрт жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алуға қатысу үшін, ал сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қалауы бойынша он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог және (немесе) психолог шақырылады. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкiлдерi қатысуға құқылы.
2. Он алты жасқа дейінгі куәлар мен жәбiрленушiлерге олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығы туралы ескертілмейді. Мұндай куәлар мен жәбiрленушiлерге процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіру кезінде оларға тек қана шындықты айту қажеттігі көрсетіледі. Кәмелетке толмаған куә мен жәбiрленушiге оның өзiнiң немесе жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тарту құқығы түсiндiріледі.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдардан жауап алу кезінде қатысып отырғандарға жауап алынып отырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылық туралы, хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертулер жасау, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен жауап алынып отырған адамға сұрақ қою құқығы түсiндiрiледi. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қойылған сұрақты қабылдамауға құқылы, бірақ оны хаттамаға енгізуге және қабылдамаудың себебiн көрсетуге тиіс.
216-бап. Күдіктiден жауап алу ерекшеліктері
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алудың алдында күдіктіге оның қандай қылмыстық жазаланатын әрекетті жасады деп күдік келтіріліп отырғанын хабарлайды, сондай-ақ оған айғақтар беруден бас тарту құқығын қоса алғанда, осы Кодекстің 64-бабында көзделген құқықтарды түсіндіреді.
2. Cотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге оған келтірілген күдіктің мәнін түсіндіре отырып, күдіктінің қылмыстық құқық бұзушылық жасауда өзін толық немесе ішінара кінәлі деп мойындайтынын не өз кінәсін мойындамайтынын анықтайды.
Күдіктінің жауап беруден бас тартуы оның өз кінәсін мойындамауы ретінде бағаланады.
3. Жауап алу күдіктiге келтірген күдік жөнінде және iс үшiн маңызы болуы мүмкін барлық басқа мән-жайлар бойынша айғақтар беруiн ұсынудан басталады.
4. Осы Кодекстің 67-бабында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 69-бабы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, қорғаушының қатысуы міндетті.
5. Қалған жағдайларда күдіктiден жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргiзiледi.
217-бап. Тергеу судьясының жәбірленушіден, куәдан жауап алу ерекшеліктері (айғақтарды сақтауға қою)
1. Прокурор, тергеуші, анықтау органының бастығы, күдікті немесе оның іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокаты, сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат, егер жәбірленуші, куә болып табылатын адамнан сотқа дейінгі тергеп-тексеру не сот отырысы барысында неғұрлым кешірек жауап алу объективті себептерге (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұруы, шетелге шығуы, денсаулығының ауыр жағдайы, қауіпсіздік шараларын қолдану) байланысты мүмкін болмауы ықтимал деп пайымдауға негіз болған жағдайда, сондай-ақ психикасын жарақаттаушы әсер етуді болдырмау үшін кәмелетке толмаған куәлар мен жәбірленушілерден кейіннен жауап алуды болдырмау мақсатында тергеу судьясының олардан жауап алуы туралы өтінішхат беруге құқылы.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жолданымға қылмыстық істің жәбірленушінің, куәнің айғақтарын сақтауға қою қажеттігін растайтын материалдарын қоса береді.
2. Тергеу судьясы өтінішхатты алынған кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде қарайды және оның нәтижелері бойынша өтінішхатты қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, тергеу судьясы алғаш мүмкіндік болған кезде жауап алу уақытын тағайындайды, бұл туралы прокурорға, күдіктіге және оның іске қорғаушы ретінде қатысатын адвокатына, сондай-ақ жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокатқа хабарланады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулысына осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады және осы қаулы прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралады. Тергеу судьясының өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуы айғақтарды сақтауға қою туралы өтінішхатты сотқа жіберу үшін негіздердің бар екенін көрсететін мән-жайлар туындаған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды. Кәмелетке толмағандардың айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішхат міндетті түрде қанағаттандыруға жатады.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 22.05.2023 № 15 нормативтік қаулысын қараңыз.
3. Тергеу судьясының жәбiрленушi мен куәдан жауап алуы прокурордың, күдіктінің (ол болған жағдайда), қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокатының, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың, ал қажет болған жағдайларда процеске басқа да қатысушылардың қатысуымен жүргiзiледi. Егер күдiктiнiң жауап алуға қатысуы жәбiрленушiнiң, куәнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, күдiктi жауап алуға шақырылмайды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде адамдардың сот отырысына қатысу үшiн келуiн қамтамасыз ету тергеу судьясына өтiнiш мәлімдеген адамдарға жүктеледi. Күдiктiнiң қорғаушысы адамды шақыру үшiн тергеу судьясына адамның жауап алуға келуiн қамтамасыз етуге көмек көрсету туралы өтiнiш мәлімдеуі мүмкiн.
Прокурордың, қорғаушының, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың, күдіктінің дәлелді себептер бойынша келмей қалуына байланысты жауап алуды жүргізу, егер осы баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында санамаланған мән-жайлар бұған кедергі келтірмесе, кейінге қалдырылуы мүмкін.
4. Тергеу судьясының жауап алуы мен жауап алу хаттамасын жүргізуі осы Кодекстің 347, 369, 370, 371-баптарының қағидалары сақтала отырып жүргізіледі.
5. Жауап алынатын адамның тергеу судьясы сақтауға қойған айғақтары тiркелген сот отырысының хаттамасына судья мен сот отырысының хатшысы қол қояды. Айғақтарды сақтауға қою кезiнде болған процеске қатысушылар сот отырысы хаттамасының көшiрмесiн алуға және оған қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде өз ескертулерін келтiруге құқылы. Тергеу судьясы хаттамаға ескертулерді келіп түскен күні қарап, олардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы қаулы шығарады. Содан соң сот отырысының хаттамасы, егер хаттамаға ескертулер келтiрiлген болса, осы ескертулер және судьяның оларды қарау туралы қаулысы қылмыстық iс материалдарына қосып тiгу үшiн сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жiберiледi.
Ескерту. 217-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұрын жауап алынған екi адам арасында, егер олардың айғақтарында елеулi қайшылықтар болса, осы қайшылықтардың себептерін анықтау үшiн беттестіру жүргізуге құқылы.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда беттестiруге қорғаушы, педагог және (немесе) психолог, дәрiгер, аудармашы және жауап алынып отырған адамның заңды өкiлi қатыса алады.
3. Беттестiруді бастау алдында беттестiрiлiп отырған адамдардың бiрiн-бiрi бiлетiн-бiлмейтiндiгi және олардың арасында қандай қарым-қатынас бар екенi анықталады. Куә мен жәбiрленушiге олардың айғақтар беруден бас тартқаны, айғақтар беруден жалтарғаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi, сондай-ақ жауап алынатын адамдарға – олардың өзiне, жұбайына (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына қарсы, ал дiни қызметшiлерге – тәубеге келу үстiнде оларға сырын ашқан адамдарға қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiледi.
4. Беттестiруге шақырылған адамдарға анықтау үшiн беттестiру жүргiзiлiп отырған iстiң мән-жайлары туралы айғақтар беру кезек-кезегімен ұсынылады. Содан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сұрақтар қояды. Беттестiруге шақырылған адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен бiр-бiрiне сұрақтар қоя алады.
5. Беттестiру жүргізу кезiнде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам iске қоса берілген заттай дәлелдемелер мен құжаттарды көрсетуге құқылы.
6. Беттестiруге қатысқан адамдардың алдыңғы жауап алуда берген айғақтарын жариялауға олар беттестiруде айғақтар бергеннен және олар хаттамаға енгiзiлгеннен кейiн рұқсат етіледі.
7. Беттестiрудiң барысы мен нәтижелерi осы Кодекстiң 199-бабында көзделген қағидалар бойынша жасалатын хаттамада көрсетiледi.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам беттестiруге қатысқандарды хаттаманың мазмұнымен таныстырады. Жауап алынған адамдардың хаттамаға түзетулер мен толықтырулар енгiзудi талап етуге құқығы бар. Беттестiру хаттамасына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам және жауап алынған адамдар қол қояды. Әрбiр жауап алынған адам өз айғақтарына және хаттаманың әрбiр бетiне қол қояды.
27-тарау. ҚАРАП-ТЕКСЕРУ, КУӘЛАНДЫРУ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерiн және өзге де материалдық объектiлердi табу және анықтау, оқиғаның жағдайын анықтау және iс үшiн маңызы бар мән-жайларды айқындау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жергілікті жердi, үй-жайларды, нәрселерді, құжаттарды, тiрi адамдарды, мәйiттердi, жануарларды қарап-тексеруді жүргізеді. Қарап-тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқаулары осы тергеу әрекетiнің барлық қатысушылары үшiн мiндеттi.
220-бап. Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары
1. Қарап-тексеру бұған қажеттiлiк туындаған кезде, әдетте, кейiнге қалдырылмай жүргiзiледi.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар ала отырып, оқиға орнына дереу келуге және қарап-тексеру жүргiзуге міндетті.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның уақтылы келуі мүмкін болмаған жағдайда, қарап-тексеруді арыз немесе хабар келiп түскен анықтау органының анықтаушысы немесе өзге қызметкері жүргiзуге міндетті.
4. Анықтау органдарының қызметкерлерi қарап-тексеруді жүргiзу кезінде жәрдем көрсетуге және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасы бойынша оқиға орнын күзету, көзбен көргендерді анықтау және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды табу және ұстап алу, зардап шеккендердi көшiру, қаза болғандарды тасымалдау, жалғасып жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қайталануының алдын алу және оқиғаның өзге салдарларын жою жөнiндегi қажеттi іс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
5. Қарап-тексеру оның барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып, ал осы баптың он үшінші және он төртінші бөліктерінде көзделген жағдайда куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі.
6. Қажет болған кезде қарап-тексеру күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
7. Табылған iздердi және өзге де материалдық объектiлердi қарап-тексеру тергеу әрекетi жүргiзiлетiн жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеруге ұзақ уақыт талап етілсе немесе қылмыс анықталған жерде қарап-тексеру елеулi түрде қиын болса, объектiлер ол жерден алынып, қапталып, мөрленіп және бүлдірілмей, қарап-тексеруге ыңғайлы басқа жерге жеткiзiлуге тиiс.
8. Қарап-тексеру кезiнде табылғанның және алып қойылғанның барлығы куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
9. Іске қатысы бар объектiлер ғана алып қойылуға жатады. Алып қойылған объектiлер қапталады, мөрленеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның және куәгерлер тартылған кезде олардың қол қоюы арқылы расталады.
10. Қарап-тексеруге қатысатын адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның назарын, өз пiкiрлерi бойынша, iстiң мән-жайларын анықтауға ықпал ететiннің барлығына аударуға құқылы.
11. Қарап-тексеру кезінде қажет болған жағдайларда қарап-тексерілетін объектiлерге өлшеу жүргiзiлiп, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiру және өзге де құралдармен түсіріп алу жүргiзiледi, бұл туралы хаттамада белгi жасалып, оған көрсетілген материалдар қоса тiркеледі.
12. Тірі адамды қарап-тексеру оның киген киімдерін және денесінің ашық бөліктерін көзбен шолу, сырттай қарап-тексеру нысанында жүргізіледі, оның барысы мен нәтижелері тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі.
13. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келiсуiмен немесе тергеу судьясының санкциясымен ғана жүргiзiледi. Егер онда тұратын адамдар кәмелетке толмағандар болса немесе олардың психикалық немесе өзге де ауыр науқастардан зардап шегетiнi көрінеу белгiлi болса немесе олар қарап-тексеруге қарсы болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оған тергеу судьясынан санкция алынуға тиiс. Санкция беруден бас тартылған жағдайда, қарап-тексеру жүргiзiлмейдi.
13-1. Тұрғын үй-жайды мәжбүрлеп қарап-тексеру жүргізу қажет болған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қарап-тексеру жүргізу туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің қарап-тексеру жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
13-2. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).13-3. Материалдар сотқа келіп түскен соң тергеу судьясы қарап-тексеруді жүргізу туралы қаулыны дереу қарайды.
13-4. Тергеу судьясы қаулыны және ұсынылған материалдарды қарап шығып, қарап-тексеруді санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады. Тергеу судьясының шешімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
14. Егер тұрғын үй-жай оқиға орны болса және оны қарап-тексеруді кейiнге қалдыруға болмаса, онда тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кейiннен материалдарды бір тәуліктік мерзімде тергеу судьясына жібере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
Тергеу судьясы жүргізілген қарап-тексерудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады, ол қылмыстық істің материалына қоса тігіледі.
Жүргізілген қарап-тексерудің заңсыз екенi туралы шешiм қабылданған жағдайда, оның нәтижелері iс бойынша дәлелдемелер ретiнде жіберіле алмайды.
15. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру кезiнде онда тұратын кәмелетке толған адамның қатысуы қамтамасыз етiлуге тиiс. Оның қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органның өкiлдерi шақырылады.
16. Ұйымдардың үй-жайлары мен аумағындағы, сондай-ақ дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте не жеке практикамен айналысатын адамдар пайдаланатын үй-жайлар мен аумақтардағы қарап-тексеру олардың әкімшілігі өкілдерінің не үй-жайлар, аумақтар иелерінің, пайдаланушыларының немесе жалға алушыларының қатысуымен жүргізіледі. Олардың қатысуы мүмкін болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органның өкілдері шақырылады.
16-1. Егер осы баптың он алтыншы бөлігінде аталған адамдар қарап-тексеруге қарсылық білдірсе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам мәжбүрлеп қарап-тексеру туралы қаулы шығарады, оны тергеу судьясы санкциялауға тиіс.
Санкция беруден бас тартылған жағдайда қарап-тексеру жүргізілмейді.
16-2. Тергеу судьясының осы баптың он алтыншы бөлігінде көрсетілген үй-жайлар мен аумақтарды мәжбүрлеп қарап-тексеруді санкциялау тәртібі осы баптың 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
16-3. Ұйымдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте не жеке практикамен айналысатын адамдар пайдаланатын үй-жай немесе аумақ оқиға орны болып табылған жағдайларда, оларды қарап-тексеруге тергеу судьясының санкциясы талап етілмейді.
17. Дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан үй-жайлардағы, сол сияқты дипломатиялық өкiлдiктердiң мүшелерi мен олардың отбасылары тұратын үй-жайларды қарап-тексеру тек дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның өтiнiшi бойынша немесе оның келiсуiмен және қатысуымен ғана жүргiзiледi. Дипломатиялық өкiлдiң келiсiмi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұратылады. Қарап-тексеру жүргiзiлген кезде прокурордың және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.
18. Егер бiрiншi қарап-тексеру кезінде объектiнiң бөлшектерi қандай да бiр себептер бойынша зерттелмеген болса, оларды қосымша қарап-тексеру жүргiзiледі.
19. Нақ сол объектіні қайтадан қарап-тексеру:
1) бастапқы қарап-тексеру жағдайлары объектінің тиімді қабылдануы үшін қолайлы болмаған ретте;
2) егер бастапқы қарап-тексеруден кейін жаңа мәліметтер алынуы мүмкін болса;
3) егер бастапқы қарап-тексеру сапалы жүргізілмеген жағдайда, өткізілуі мүмкін.
Ескерту. 220-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәнтінге өзгеріс енгізілмеді - 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.221-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру және сақтау
1. Оқиға орнын, жергілікті жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезiнде табылған, тiнту, алу, тергеу экспериментi немесе басқа тергеу әрекеттерiн жүргізу кезiнде алынған не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның талап етуi бойынша ұйымдар және азаматтар ұсынған нәрселер осы Кодекстiң 220-бабының қағидалары бойынша қарап-тексерілуге жатады.
2. Көрсетілген нәрселер қарап-тексерілгеннен кейiн осы Кодекстiң 118-бабының қағидаларына сәйкес заттай дәлелдемелер деп танылуы мүмкiн. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәрсені заттай дәлелдеме ретiнде тану және оны iске қоса тiркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелдеменi iспен бiрге қалдыру немесе оны иесiне немесе өзге адамдарға немесе ұйымдарға сақтауға өткiзу туралы мәселе шешiлуге тиiс.
3. Егер нәрселерді ауқымды болуына немесе өзге де себептерге байланысты қылмыстық iспен бiрге сақтау мүмкін болмаса, олар фото- немесе бейнетүсіру құралдарымен түсiрiп алынуға, мүмкiндiгiнше мөрленуге және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам көрсеткен орында сақталуға тиiс. Iске заттай дәлелдеменің үлгiсi қоса тiркелуi мүмкiн. Істе заттай дәлелдеменің табылған жерi туралы тиiстi анықтама болуға тиiс.
Заттай дәлелдемелерді алып қою, сақтау, беру және жою, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны сақтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкін болмаса, жергілікті атқарушы орган айқындайтын тиiстi ұйымдарға мақсатына сай пайдалану не алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзетін органның депозитiне сала отырып, өткізу үшін тапсырылады. Сақталуы елеулі материалдық шығындарды талап ететiн заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкiн болмаса, не олардың иесі анықталмаған жағдайда, өткізіледі. Заттай дәлелдемелер алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның депозитiне сала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткізіледі. Негiздер болған кезде пайдаланылған немесе өткізілген заттай дәлелдемелер иесіне сондай түрдегі және сападағы нәрселермен өтеледі немесе соңғысына соттың шешімі бойынша мемлекеттік бюджет есебінен олардың құны төленедi.
Әрбір атауы (түрі) бойынша аса ірі мөлшерге жатқызудың белгіленген шегінен асатын мөлшердегі есірткі, психотроптық заттар сот сараптамасы жүргізілгеннен кейін заттай дәлелдемелер деп танылып, іске үлгі ретінде қоса берілгендерін қоспағанда, прокурордың келісімімен қылмыстық қудалау органы қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жойылуға тиіс. Есірткі заттарды жою туралы, прокурормен келісілген қаулы және заң талаптарына сәйкес және жою кезінде бейнетіркеуді қолдана отырып жасалған, оны іс жүзінде жою туралы акт қылмыстық іске қоса тігіледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық іске қосып тігу үшін прокурормен келісілген тиісті қаулының негізінде маманның міндетті түрде қатысуымен және бейнежазбаны қолданып, алып қойылған есірткі, психотроптық заттардың жалпы көлемінен әрбір атауы (түрі) бойынша тиісті есірткі, психотроптық заттар үшін заңда белгіленген аса ірі мөлшерге тең шамасында үлгілер іріктеп алынуға, олар қапталып, мөрленуге тиіс, қаптамада заттың атауы және оның көлемі туралы жазба жасалып, қаптамада қамтылғанның анықтығы осы әрекетке қатысқан адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.
Бақыланатын жеткізілім немесе өзге де жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заңсыз айналымнан алып қойылған есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды пайдалану қажет болған жағдайда, оларды жою тиісті жасырын тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін прокурордың келісімімен жүргізілмеуі мүмкін.
5. Анықтау органы iстi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға немесе бір анықтау органынан басқа анықтау органына не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын бір адамнан екiншiсіне берген кезде, сол сияқты iс прокурорға және сотқа жiберiлген кезде заттай дәлелдемелер, осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, белгiленген тәртiпке сәйкес жөнелтiледi. Заттай дәлелдемелер қапталған және мөрленген түрде оларды даралайтын белгiлерi көрсетiліп, қамтылған тiзiмдемемен қоса берiледi.
6. Қылмыстық іс тоқтатылған кезде заттай дәлелдемелердің және мұндай деп танылмаған нәрселердің тағдыры туралы мәселе осы Кодекстің 118-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша шешіледі.
Ескерту. 221-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.222-бап. Адамның мәйiтiн қарап-тексеру
1. Адамның мәйiтiн ол табылған жерде сыртынан қарап-тексеру оның жалпы қағидалары сақтала отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрiгердiң, ал оның қатысуы мүмкiн болмаған жағдайда өзге дәрiгердiң мiндеттi түрде қатысуымен жүргiзiледi. Адамның мәйiтiн қарап-тексеру үшiн басқа мамандар да тартылуы мүмкiн.
2. Адамның мәйiтiн қосымша немесе қайталап қарап тексерген жағдайда, сот медицинасы саласындағы маман дәрiгердiң қатысуы мiндеттi.
3. Танылмаған адамның мәйiтiн фотосуретке түсiру, оған дактилоскопия жасау, сондай-ақ сараптамалық зерттеу жүргізу үшін үлгілер алу міндетті болып табылады.
4. Адамның мәйiтiн сырттай қарап-тексеру кейіннен сот-медициналық сараптаманың жүргiзiлуiн алмастыра алмайды және жоққа шығармайды.
5. Мәйiттi қарап-тексеру процесінде азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәлiмдемелерi кейiннен мәлiмдеушiден куә ретiнде жауап алынып, сол тергеу әрекетінің хаттамасына енгiзiледі, бұл адам мәйiтін бұдан әрі басқа адамдарға тану үшiн көрсетудi жоққа шығармайды.
1. Адам денесiндегi ерекше белгiлердi, қылмыстық құқық бұзушылық iздерiн, денсаулыққа келтiрілген зиянның белгiлерiн табу, мас болу жағдайын немесе iс үшiн маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгiлердi анықтау үшiн, егер бұл үшiн сараптама жүргiзу талап етiлмесе, күдіктiге, жәбiрленушiге, куәға, арыз иесіне және арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адамға куәландыру жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландыру жүргiзу туралы қаулы шығарады, ол күдікті, айыпталушы үшін, сондай-ақ арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ретінде тікелей көрсеткен адам үшін міндетті болып табылады.
Жәбiрленушiнi, куәнi, арыз иесін мәжбүрлеп куәландыру осы Кодекстің 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген тәртіппен, тергеу судьясының санкциясымен жүргiзiледi.
3. Куәландыруды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен жүргізеді.
4. Егер куәландыру адамның денесiн жалаңаштаумен ұштастырылатын болса, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жынысы басқа адамды куәландыру кезiнде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе дәрiгер жүргiзедi.
Ескерту. 223-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).224-бап. Қарап-тексеру, куәландыру хаттамасы
1. Қарап-тексерудің, куәландырудың барысы мен нәтижелері тергеу әрекетін жүргізетін адам жасаған хаттамада осы Кодекстiң 199-бабының талаптары сақтала отырып, көрсетіледі.
2. Хаттамада қарап-тексеру немесе куәландыру кезiнде жүргізілген барлық әрекеттер, сол сияқты қарап-тексеру немесе куәландыру кезінде анықталғандардың барлығы олар жүргiзiлген ретпен және қарап-тексеру немесе куәландыру кезiнде анықталған күйiнде сипатталады. Хаттамада қарап-тексеру немесе куәландыру кезiнде алып қойылған барлық объектiлер санамаланады және сипатталады.
3. Хаттамада: қарап-тексеру немесе куәландыру қай уақытта, қандай ауа райы кезінде және жарықтың түсуi қандай болғанда жүргiзiлгенi; қандай ғылыми-техникалық құралдар қолданылғаны және қандай нәтижелер алынғаны; көрсетілген тергеу әрекетiн жүргiзуге кiмдердің тартылғаны және олардың қалай қатысқаны; қандай объектiлердің мөрленгені және қандай мөрмен бекiтiлгенi; қарап-тексеруден кейiн адамның мәйіті немесе iс үшiн маңызы бар нәрселер қайда жiберiлгенi көрсетiлуге тиiс.
28-тарау. ЭКСГУМАЦИЯ
225-бап. Эксгумациялау үшін негіздер
1. Егер:
1) адамның мәйiтін қарап-тексеру, оның iшiнде оны қосымша немесе қайталап қарап-тексеру;
2) тану үшiн көрсету;
3) сараптама үшін үлгілер алу және сараптама жүргізу;
4) іс үшін елеулі маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтау талап етiлгенде, адамның мәйiтiн жерленген жерiнен шығарып алу (эксгумация) жүргізіледі.
2. Эксгумация сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сот санкциялаған уәжді қаулысы негізінде жүргiзiледi. Эксгумацияның жүргізілетіні туралы қайтыс болған адамның туыстарының біреуі хабардар етіледі.
Эксгумациялау туралы қаулы адам жерленген жердің әкiмшiлiгi үшiн мiндеттi болып табылады.
226-бап. Эксгумациялау туралы қаулыны санкциялау тәртібі
1. Эксгумациялау жүргізу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам эксгумациялау жүргізу туралы қаулы шығарады және оны тергеу судьясына жібереді.
Қаулыға қылмыстық істің эксгумациялау жүргізу қажеттігін растайтын материалдарының куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
Қаулының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
2. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Эксгумациялауды санкциялау туралы өтінішхатты тергеу судьясы материалдар сотқа келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тараптардың қатысуынсыз жеке-дара қарайды.
4. Тергеу судьясы өтінішхатты және істің ұсынылған материалдарын қарап шығып, эксгумациялауды санкциялайды не оны санкциялаудан уәжді қаулымен бас тартады, ал сот отырысы өткізіліп жатқан жағдайда эксгумациялауды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Тергеу судьясы шешімінің немесе қаулысының көшірмесі эксгумациялау туралы қаулы шығарған сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына орындау үшін жіберіледі.
5. Эксгумациялау жүргізу немесе одан бас тарту туралы шешімге осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, осы шешім прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 226-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.227-бап. Эксгумациялауды жүргізу тәртібі
1. Эксгумациялауды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық қызметке алдын ала хабарлай отырып, адам жерленген жердiң әкімшілігі сот медицинасы саласындағы маманның қатысуымен жүргізеді.
Эксгумациялауды жүргізу кезінде эксгумациялау туралы қаулы шығарған, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қатысады.
2. Адамның мәйiтін тану мен қарап-тексеру, үлгiлер алу эксгумациялау орнында жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Эксгумациялаудан кейiн адамның мәйiті өзге де зерттеулер жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жеткiзiлуi мүмкiн.
4. Анықтау органдары эксгумациялау жүргiзуде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жәрдемдесуге мiндеттi.
5. Эксгумациялаудың барысы мен нәтижелері осы Кодекстің 199-бабының талаптары сақтала отырып жасалатын хаттамада көрсетіледі.
Хаттамада:
1) тергеу әрекетi жүргiзілген күн, уақыт пен орын;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы;
3) эксгумациялауға қатысқан сот медицинасы саласы маманының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) қайтыс болған адамның қатысқан жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күні, туған жері, тұрғылықты жері;
5) эксгумациялау жүргізу кезінде қатысқан өзге де адамдар туралы мәліметтер;
6) жүргізілген фотосуретке түсіру, дыбыс-, бейне- және кинотүсіру немесе өзге де жазып алатын ғылыми-техникалық құралдардың пайдаланылғаны туралы белгі және олар туралы мәліметтер;
7) жерленген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қайтыс болған күні, сондай-ақ эксгумациялау кезіндегі барлық әрекеттер мен барлық табылғандар олардың жүргізілу және табылу ретімен;
8) тергеу әрекетіне қатысатын адамдардың ескертулері;
9) эксгумациядан кейін адам мәйіті жіберілген мекеме не осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде табылған, іс үшін маңызы бар, өзге де нәрселер көрсетіледі.
6. Тергеу әрекетіне барлық қатысушылар эксгумациялау туралы хаттамаға қол қояды. Егер хаттама бірнеше бетте жасалса, тергеу әрекетіне қатысушылар оның әрбір парағына қол қояды.
Егер эксгумациялау кезінде фотосуретке түсіру, бейне- және кинотүсіру немесе өзге де жазып алатын ғылыми-техникалық құралдар пайдаланылған болса, онда фотосуреттер, таспалар немесе өзге де ақпарат жеткізгіштер хаттамаға қоса беріледі.
7. Егер мәйітті тану, қарап-тексеру, үлгілер алу басқа жерде жүргізілген болса, бұл туралы жеке хаттама жасалады.
228-бап. Эксгумациялаудан кейін адамның мәйiтін жерлеу
Эксгумациялаудан және одан кейiнгi процестік әрекеттерден кейін адамның мәйiтін жерлеудi оның қаулысы бойынша эксгумация жүргізілген адамның қатысуымен жерлеу орнының әкiмшiлiгi жүргiзеді. Адамның мәйiтін жерлеу туралы хаттама жасалады.
29-тарау. ТАНУ
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұрын байқалған адаммен немесе объектiмен ұқсастықты немесе айырмашылықты анықтау мақсатында адамды немесе нәрсені тану үшiн куәға, жәбiрленушiге, күдіктiге көрсете алады. Тану үшiн мәйiт те көрсетiлуi мүмкiн.
2. Танушы адамдардан тиiстi адамды немесе нәрсені қандай жағдайда байқағаны туралы, қандай белгiлерi мен ерекшелiктерiне қарай тани алатыны туралы алдын ала жауап алынады.
230-бап. Тану үшiн көрсету тәртiбi
1. Танылуға тиiс адам танушы адамға жынысы бiр, сыртқы пiшiнi мен киiмiнде айқын айырмасы жоқ өзге адамдармен бiрге көрсетiледi. Тану үшiн көрсетiлетiн адамдардың жалпы саны кемiнде үш адам болуға тиіс. Бұл қағида адам мәйiтін тану үшін көрсетуге қолданылмайды.
2. Тергеу әрекетіне өздерінің арасында танылуға тиiс адам болған өзге де адамдардың қатысуы тек олар ерiктi түрде келiскен кезде және танушы адам олармен көрінеу таныс болмаған жағдайда ғана мүмкiн болады.
3. Әдетте мәйiттің жеке өзі көрсетiледi. Апаттар туралы iстер және құрбан болғандардың саны айтарлықтай болған басқа да iстер бойынша мәйiтті тану үшiн көрсету жалпы қаза болғандармен бiрге жүргізілуі мүмкiн. Қажет болған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның нұсқауы бойынша мәйiттi танушы адамға көрсетудің алдында маман мәйiтті гримдейді ("жасандырады"). Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның адам мәйiті қойылған жерде сақталуын қамтамасыз ету туралы нұсқауы тану үшiн көрсетуді жүргізуге қажеттi уақыт кезеңiнде орындалуға мiндетті.
4. Егер танушы адам куә немесе жәбiрленушi болса, оған тану үшін көрсетудің алдында айғақтар беруден бас тартқаны үшiн, көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертiледi, оған – өзiне, жұбайына (зайыбына) және өзiнiң жақын туыстарына, ал дiни қызметшiге тәубеге келу үстiнде өзiне сырын ашқан адамдарға қарсы куәлiк етпеу құқығы түсiндiрiледi.
5. Тану үшін көрсетуді бастаудың алдында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам танылуға тиiс адамға өзге де адамдар арасында кез келген орынды таңдап алуын ұсынады, бұл хаттамада көрсетiледi.
6. Адамды тану үшін көрсету мүмкiн болмаған кезде тану үшін көрсету сыртқы пішіні танылуға тиіс адаммен мүмкіндігінше ұқсас, бір мезгілде кемінде үш басқа адамның фотосуреттерімен бірге көрсетілетін оның фотосуреті, сондай-ақ дыбыс және бейне жазба бойынша жүргізілуі мүмкін.
7. Нәрсе кемiнде үш бiртектес нәрселер тобында көрсетiледi. Нәрсені тану үшін көрсету кезінде соған ұқсас объектiлердi таңдап алу мүмкiн болмаған немесе қиын болғанда тану үшiн көрсету жалғыз көрсетілген дана бойынша жүргiзiледi.
8. Танушы адамға өзi ол туралы айғақтар берген адамды немесе нәрсені көрсету ұсынылады. Жетелеуші сұрақтар қоюға жол берілмейді.
9. Егер танушы адам өзіне көрсетiлген адамдардың біреуін немесе нәрселердің бiрiн көрсетсе, оған бұл адамды немесе нәрсені қандай белгiлерi немесе ерекшелiктерi бойынша танығанын түсiндiру ұсынылады.
10. Тану үшiн көрсету оның барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiледі.
11. Танушы адамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүрiс ерекшелiктерi бойынша тану кезiнде адамды тану үшiн көрсету танылуға тиіс адамның танушы адамды көзбен шолып байқауын болдырмайтын жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Танушы адамға тану үшiн көрсетiлген адамдарды жеткiлiктi түрде көзбен шолып байқау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
12. Адамды сол бір белгiлерi бойынша сол бір танушы адамның қайталап тануы жүргiзiлмейді.
13. Тану үшiн көрсету туралы осы Кодекстiң 199-бабының талаптары сақтала отырып, хаттама жасалады. Хаттамада танудың шарттары, барысы, нәтижелерi көрсетiледi және танушы адамның түсiнiктемелерi мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Егер адамды тану үшiн көрсету танылуға тиiс адамның танушы адамды көзбен шолып байқауын болдырмайтын жағдайда жүргiзiлсе, бұл да хаттамада көрсетiледi.
30-тарау. ЖАСЫРЫН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ
231-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің түрлері
1. Осы тараудың ережелеріне сәйкес мынадай жасырын тергеу әрекеттері:
1) адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау;
2) электр (телекоммуникация) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу;
3) абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу;
4) компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу;
5) пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау;
6) орынға жасырын кіру және (немесе) оны тексеру;
7) адамды немесе орынды жасырын байқауға алу;
8) алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);9) жасырын бақыланатын сатып алу жүзеге асырылады.
10) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.Ескерту. 231-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
232-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу шарттары мен негіздері
1. Егер қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды, қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың мүдделерін қозғайтын фактілер туралы мәліметтерді оларға хабарламай алу қажет болғанда, осы тарауда көзделген жасырын тергеу әрекеттері жүргізіледі.
2. Пошта жөнелтілімдерін және өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қоспағанда, жасырын тергеу әрекеттерін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесі жедел-іздестіру қызметінің нысандары мен әдістерін пайдалана отырып жүргізеді.
3. Осы Кодекстің 231-бабының 1) – 6) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттері мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі, оны алу тәртібі осы Кодекстің 234-бабында белгіленген.
4. Жасырын тергеу әрекеттері мына негіздердің бірі болған кезде:
1) жасалғаны үшін санкциясы бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыстар туралы істер бойынша;
2) қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстар бойынша жүргізіледі.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделмеген басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың жолын кесу және оларды ашу үшін осы Кодекстің 231-бабының тек 7) – 9) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
6. Жекелеген адамдардың өміріне, денсаулығына, меншігіне қатер төнген жағдайда, олардың арызы бойынша немесе жазбаша келісуімен, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы негізінде, қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды міндетті түрде хабардар ете отырып, осы Кодекстің 231-бабының 1) және 2) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге рұқсат етіледі.
7. Жасырын тергеу әрекеттері:
1) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда, хабарда оны дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған адам ретінде көрсетілген не өзіне қатысты оның тергеліп жатқан құқық бұзушылыққа қатысы бар не дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерге ие деп пайымдауға өзге де негіздер бар адамға;
2) күдіктіге;
3) жәбірленушінің жазбаша келісімі бойынша оған;
4) егер үшінші тұлғаның іс үшін маңызы бар ақпаратты алатыны немесе беретіні туралы мәліметтер болса, үшінші тұлғаға;
5) егер онда болып жатқан немесе болуы болжанатын мән-жайлардың іс үшін маңызы болатын болса, жерге қатысты жүргізіледі.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Соты 232-баптың 8-бөлігінің конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.
8. Кәсіби көмекті жүзеге асыратын адвокаттар ауыр немесе аса ауыр қылмыс дайындап жатыр немесе жасады деп пайымдауға негіз болған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге тыйым салынады.
9. Осы Кодексте көзделмеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргізу барысында алынған ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.
10. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісім бойынша құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар айқындайды.
Ескерту. 232-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы
1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылған органның уәкілетті лауазымды адамы осы Кодекстің 198-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс қаулы шығарады.
Қаулыда:
1) оның жасалған орны мен уақыты;
2) қаулы шығарған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, жеке қойған қолы;
3) алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі);4) аясында жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу болжанып отырған қылмыстық істің нөмірі;
5) қаулы шығаруға негіз болған осы Кодекстің баптары;
6) қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы;
7) жасырын тергеу әрекетін жүргізу қажеттігінің негіздемесі;
8) өзіне қатысты жасырын тергеу әрекетін жүргізу жоспарланып отырған адам, орын немесе зат туралы мәліметтер;
9) жасырын тергеу әрекетін жүргізу мерзімі;
10) жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылатын орган туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілетін объектінің шифрын ашуды болғызбау мақсатында қаулыда нақты деректердің орнына бүркеншік атты, шартты атауды көрсетуге жол беріледі. Құпиялық талаптары сақтала отырып, деректерді өзгерту туралы прокурормен келісілетін тиісті қаулы шығарылады.
Ескерту. 233-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).234-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау
1. Жасырын тергеу әрекеттері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның не осы Кодексте тиісті қаулы шығаруға уәкілеттік берілген өзге де лауазымды адамдардың уәжді қаулысы негізінде мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясының санкциясымен жүргізіледі.
2. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы шығарылғанынан кейін жиырма төрт сағат ішінде көрсетілген тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайтын материалдармен бірге тергеу судьясына ұсынылады.
Жасырын тергеу әрекетін санкциялау тиісті қаулы сотқа келіп түскен кезден бастап он екі сағат ішінде жүргізіледі.
Қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажет болған жағдайларда, қаулыны белгіленген мерзімнен асырып, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімде қарауға жол беріледі.
Шығарылған қаулы негізсіз болған жағдайда, тергеу судьясы оны санкциялаудан бас тартады.
Жасырын тергеу әрекетін санкциялау барысында берілген ақпараттың анықтығына күмән болған кезде, тергеу судьясы қаулыны санкциялап, жиырма төрт сағат ішінде оның заңдылығын процестік прокурордың тексеруіне бастама жасауға құқылы.
Процестік прокурор бес тәулік ішінде тиісті тексеру жүргізіп, оның нәтижелері туралы тергеу судьясын хабардар етуге міндетті.
Егер тексеруде жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулының заңсыз екені анықталған жағдайда, прокурор тергеу судьясына тиісті өтінішхат енгізуге міндетті.
3. Тергеу судьясы осы Кодекстің 231-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін прокурордың өтінішхаты бойынша тоқтатуы мүмкін. Осы Кодекстің 231-бабының 7) және 9) тармақтарында көзделген жасырын тергеу әрекеттерін прокурор тоқтатуы мүмкін.
4. Судьяға қатысты жасырын тергеу әрекетін санкциялауды астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы бойынша жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты жасырын тергеу әрекетін санкциялауды астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген қаулысы бойынша жүргізеді.
5. Жасырын тергеу әрекеті аяқталған күннен бастап екі тәуліктен кешіктірілмей, уәкілетті прокурор оны жүргізу нәтижелері туралы хабардар етіледі.
Ескерту. 234-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.235-бап. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу
1. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тергеу судьясын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып және санкцияны кейіннен осы Кодекстің 234-бабында көзделген тәртіппен ала отырып, осы Кодекстің 232-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге жол беріледі.
2. Тергеу судьясы ұсынылған материалдарды зерделеп шығып, кейінге қалдыруға болмайтынына келіскен жағдайда – жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулыны санкциялайды, ал оған келіспеген жағдайда оны тоқтату және алынған нәтижелерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейтіні туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 235-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).236-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдері
1. Санкциялануға жататын жасырын тергеу әрекеті отыз тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыру қажет болған кезде оларды жүргізуге бастамашы болған орган мерзім аяқталардан үш тәулік бұрын оны отыз тәуліктен аспайтын мерзімге ұзарту қажеттігі туралы уәжді қаулы шығарады және оны санкциялау үшін тергеу судьясына жібереді.
Тергеу судьясының санкциясы алынғаннан кейін қаулы жасырын тергеу әрекетін жүзеге асыратын уәкілетті органға орындау үшін жіберіледі. Тергеу судьясы жасырын тергеу әрекетінің жүргізілуін ұзартуды санкциялап, бұл ретте қаулыда көрсетілгеннен аз мерзім белгілеуі мүмкін. Жасырын тергеу әрекетін жүргізуді жалғастыруға қажеттілік болмаған кезде, тергеу судьясы қаулыны санкциялаудан бас тартады және жасырын тергеу әрекеті тоқтатылады.
Жасырын тергеу әрекетін одан әрі жүргізуге қажеттілік жойылған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оның жүргізілуін өзі дербес тоқтатады.
3. Алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Жасырын тергеу әрекеті тәуліктің кез келген уақытында және оның бүкіл жүргізілу мерзімі ішінде үздіксіз жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 236-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).237-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін ұсыну
1. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу аяқталғаннан кейін оны жүргізу барысында алынған, іс үшін маңызы бар барлық материалдар құпиялық сақтала отырып, ілеспе хатпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына беріледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы кез келген уақытта құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінен олар жүргізіп жатқан іс-шараның нәтижелерін зерттеу, бағалау және тергеп-тексеру материалдарына қосып тігу үшін талап етіп алдыруға құқылы.
238-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты зерттеу және оны дәлелдемелер ретінде пайдалану
1. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерін зерттеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы осы Кодекстің 47 және 124-баптарының талаптарын сақтай отырып, қажет болған кезде маманды және анықтау органының тиісті қызметкерін тарта отырып жүргізеді.
Зерттеу нәтижелері туралы осы Кодекстің 47 және 199-баптарының талаптары сақтала отырып хаттама жасалады, онда жүргізілген жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері көрсетіледі.
2. Тергеуге қатысы бар нақты деректер хаттамаға қосып тігіледі.
239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуде пайдалану
1. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері осы Кодекстің 25 және 125-баптарында көзделген қағидалар бойынша бағаланады.
2. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін зерттеу хаттамалары, дыбыс жазбалары мен бейнелердің жазбалары, фотосуреттер, ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен тіркелген басқа да нәтижелер, алып қойылған нәрселер мен құжаттар немесе олардың көшірмелері дәлелдеуде тергеу әрекеттерінің нәтижесінде алынған дәлелдемелермен бірдей пайдаланылады.
3. Егер дәлелдеуде қандай да бір адамның құпия тіркелген сөздері немесе әрекеттері пайдаланылса, ол адамнан бұл туралы міндетті түрде жауап алынуға тиіс. Адамды оған айтпастан алынған нақты деректермен таныстыруы кезінде, бұл адамға жүргізілген жасырын әрекет туралы олар осы адамға қаншалықты тікелей қатысы болса, сол шамада хабарланады және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етуді болғызбайды.
240-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса тіркелмеген материалдармен танысу
1. Тергеуші, анықтаушы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері тергеп-тексеру материалдарына қоса тігілмейді және құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесінде бөгде адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда, осы баптың 1-1 және алтыншы бөліктерінде көзделген мәселелер түпкілікті шешілгенге дейін сақталады, содан соң тиісті акт жасала отырып жойылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қылмыстық процесте дәлелдемелік маңызы жоқ деп таныған жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері жойылатын күннен екі ай бұрын тиісті прокурор хабардар етіледі.
1-1. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы адамды оған қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілген қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім шығарылған кезден бастап алты айдан кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерімен таныстырмастан, хабардар етуге тиіс.
Бұл мерзімді мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша бір жылға дейін ұзартуы мүмкін.
Мамандандырылған тергеу сотының, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша адамды:
1) террористік немесе экстремистік қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;
2) қылмыстық топ жасаған қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;
3) егер хабардар ету мемлекеттік құпияларды жария ету қатерін төндірсе;
4) егер хабардар ету қызметті құпия негізде және астыртын нысанда жүзеге асыратын адамдардың және өзге де адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе, оған қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеті туралы хабардар етпеуге келісуі мүмкін.
2. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адам тергеп-тексеруге қоса тігілмеген мәліметтермен мемлекеттік құпиялардың және заңмен қорғалатын өзге де құпияның жария болуын болдырмайтын шекте танысу туралы өтінішхат беруге құқылы. Өтінішхатты – тергеуші, анықтаушы, прокурор, ал істі сот қараған кезеңде өтінішхаттар түскен кезде – сот қарайды.
3. Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот өтінішхатты материалдардың қылмыстық процестегі ықтимал маңызын және жол берілген адам құқықтарын шектеулерді ескере отырып бағалайды.
Тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот, егер бұл қылмыстық процеске тартылған қандай да бір адамның өміріне, денсаулығына немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін болса немесе егер ол үшінші тұлғаның жеке өмірінің құпиясын қозғайтын болса, іске қоса берілмеген материалдармен танысу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
4. Іске қоса берілмеген материалдармен танысқаннан кейін адам оларды қылмыстық істің материалдарына қоса беру туралы өтінішхат бере алады. Тергеушінің, анықтаушының, прокурордың өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуына осы Кодекстің 105 және 106-баптарында көзделген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін, судьяның бас тартуына істі сотта қарау аяқталған сот актісіне шағыммен бірге шағым жасалады.
5. Сот талқылауы кезінде мәлімделген, жасырын тергеу әрекетінің іске қоса берілмеген материалдарымен танысу туралы өтінішхат бойынша шешімді осы істі қарайтын соттың дәл сол құрамы қабылдайды.
6. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адамның осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген хабардар ету кезінен бастап он бес тәулік ішінде осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен мамандандырылған тергеу сотына, мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына тиісті жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген нұқсанды (ондай болған кезде) өтеткізу туралы арызбен жүгінуге құқығы бар.
Ескерту. 240-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.241-бап. Қылмыстық процесте ақпаратты қорғау жөніндегі іс-шаралар
1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу фактісі туралы мәліметтер және оны жүргізу нәтижесінде алынған ақпарат жасырын тергеу әрекеті аяқталғанға дейін құпия болып табылады, оларды жария еткені үшін лауазымды адамдар немесе оны жүргізуге тартылған адамдар заңда белгіленген жауаптылықта болады.
2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу әдістері, оларды жүргізетін адамдар, оның ішінде қызметін құпия немесе конспирациялық нысанда жүзеге асыратын адамдар туралы мәліметтер, мемлекеттік құпияны құрайды және жария етілуге жатпайды.
3. Егер жасырын тергеу әрекеті негізінде алынған мәліметтер адамның жеке өмірінің құпиясын қозғайтын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қатысты болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы олардың таратылуын шектеу үшін заңда көзделген барлық құралдарды пайдаланады.
242-бап. Адамды немесе орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау
1. Адамды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау – қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) зерттеу арқылы бейне-, аудиотехниканы не өзге де арнайы ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланумен бір мезгілде олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп жүргізілетін, адамның сөйлеген сөзін және өзге де ақпаратты, сондай-ақ оның іс-әрекеттерін жасырын бақылау.
2. Орынды жасырын аудио- және (немесе) бейнебақылау – қажет болған кезде орынға жасырын кіру және (немесе) орынды зерттеу арқылы бейне-, аудиотехниканы не өзге де арнайы ғылыми-техникалық құралдарды пайдаланумен бір мезгілде олардың мазмұнын материалдық жеткізгіште тіркеп жүргізілетін, нақты белгілі бір жерде болып жатқан сөйлесулерді және басқа да дыбыстарды және (немесе) оқиғаларды жасырын бақылау.
3. Тергеуші, анықтаушы адамға немесе орынға жасырын аудио-, және (немесе) бейнебақылау жүргізу қажет деп тауып, анықтау органына тиісті тапсырма береді.
4. Техникалық құралды табыс ету хаттамасы құрал табыс етілген адамның, анықтау органы қызметкерінің және (немесе) тергеушінің, анықтаушының қолдарымен куәландырылады.
5. Адамды немесе орынды жасырын аудио-, бейнебақылау аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге, анықтаушыға іс үшін маңызы бар аудио-, бейнежазбаларды ілеспе хатпен бірге мөрленген түрде береді, онда жазбаның негізі, басталу және аяқталу уақыты, ұзақтығы көрсетілуге тиіс.
243-бап. Электр (телекоммуникациялық) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап қалу және түсіріп алу
1. Электр (телекоммуникациялық) байланыс желілерін жасырын бақылау – телефон арқылы немесе дыбыстық ақпаратты жеткізуге мүмкіндік беретін басқа құрылғылар арқылы берілетін дыбыстық ақпаратты ғылыми-техникалық құралдарды және (немесе) компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, қажет болған кезде жасырын кіру және (немесе) тексеру арқылы жүргізілетін жасырын тыңдау және (немесе) жазып алу.
Электр байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты ұстап қалу және түсіріп алу – сымды, радио, оптикалық және басқа да электр-магниттік жүйелер арқылы берілетін белгілерді, сигналдарды, дыбыстық ақпаратты, жазбаша мәтінді, суреттерді, бейнекөріністерді, дыбыстарды және басқа да ақпаратты ұстап қалу және түсіріп алу.
2. Тергеуші, анықтаушы электр (телекоммуникациялық) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылауды, ұстап қалуды және түсіріп алуды қажет деп тауып, анықтау органына тиісті тапсырма береді.
3. Жасырын тергеу әрекетінің нәтижелері тиісті материалдық жеткізгіште тіркеледі, ол қапталып, мөрленеді және жасырын тергеу әрекетін жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамының қойған қолымен куәландырылады.
Материалдық жеткізгіш тергеушіге, анықтаушыға беріледі.
244-бап. Абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу
1. Абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар арасындағы қосылулар туралы ақпаратты жасырын алу – абоненттер және (немесе) абоненттік құрылғылар (пайдалану жабдықтары) арасындағы қосылулардың күні, уақыты, ұзақтығы туралы мәліметтерді алу.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы тергеу судьясының санкциясы алынғаннан кейін қаулыны орындау үшін құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшесіне жібереді, оның қызметкері талап етілетін, кез келген материалдық ақпарат жеткізгіште тіркелген ақпаратты беруге міндетті.
Көрсетілген ақпарат оның берілген кезеңі және абоненттердің және (немесе) абоненттік құрылғылардың нөмірлері көрсетілетін ілеспе хатпен бірге мөрмен жабылған түрде беріледі.
Ескерту. 244-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).245-бап. Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу
1. Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу – компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты арнайы ғылыми-техникалық құралдармен және (немесе) компьютерлік бағдарламалармен, қажет болған кезде жасырын кіру және қарап-зерттеу арқылы жүргізілетін жасырын түсіріп алу.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу қажет деп тауып, анықтау органына тиісті тапсырма береді.
3. Компьютерлерден, серверлерден және ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға және сақтауға арналған басқа да құрылғылардан ақпаратты жасырын түсіріп алу нәтижелері тиісті материалдық жеткізгіште тіркеледі, ол қапталып, мөрленеді және жасырын тергеу әрекетін жүргізген уәкілетті органның лауазымды адамының қойған қолымен куәландырылады.
Материалдық жеткізгіш тергеушіге, анықтаушыға беріледі.
246-бап. Пошта жөнелтілімдері мен өзге де жөнелтілімдерді жасырын бақылау
1. Хаттарда, жеделхаттарда, радиограммаларда, бандерольдарда, сауқаттарда және басқа да пошта жөнелтілімдерінде іс үшін маңызы бар мәліметтер, құжаттар және нәрселер қамтылған деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған кезде оларға қатысты жасырын бақылау жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Тергеуші, анықтаушы пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылауды қажет деп тауып, уәжді қаулы шығарады.
Қаулыда: пошта-телеграф жөнелтілімдерін кідірту жөнінде міндет жүктелетін байланыс мекемесінің атауы, пошта-телеграф жөнелтілімдері жасырын бақылануға жататын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), олардың мекенжайы, жасырын бақылау қолданылатын пошта-телеграф жөнелтілімдерінің түрі, осы бақылау қолданылатын мерзім көрсетілуге тиіс.
Көрсетілген қаулы тергеу судьясына ұсынылады және ол санкция берген жағдайда, оны тергеуші, анықтаушы орындау үшін пошта мекемелеріне немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғаларға жібереді.
3. Пошта мекемелері немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар тергеушіні, анықтаушыны өздерінің иелігінде бақылануға жататын пошта жөнелтілімі мен өзге де жөнелтілімнің бар екендігі туралы дереу хабардар етеді.
Тергеуші, анықтаушы хабарламаны алған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде, қажет болған кезде пошта мекемесінің уәкілетті қызметкерінің немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғаның қатысуымен жөнелтілімді қарап-тексереді және (немесе) оның құрамымен танысады, осы жөнелтілімнің құрамын тіркеп немесе онсыз, оны одан әрі жеткізу туралы шешім қабылдайды.
4. Пошта жөнелтілімі мен өзге де жөнелтілімді қарап-тексерудің және (немесе) олармен танысудың әрбір жағдайында тергеуші, анықтаушы осы Кодекстің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттама жасайды, онда іс-шараны жүргізуге қатысқан тұлғалардың деректері, қарап-тексеруге және (немесе) таныстырылуға жатқызылған пошта жөнелтілімі мен өзге де жөнелтілімнің атауы және түрі, жөнелтілімнің құрамын тіркеп немесе онсыз, оны одан әрі жеткізу туралы мәліметтер көрсетіледі.
5. Тергеуші, анықтаушы қажет болған жағдайларда пошта-телеграф жөнелтілімдерін қарап-тексеруге және алуға қатысу үшін тиісті маманды, сондай-ақ аудармашыны шақыруға құқылы.
6. Пошта жөнелтілімдері мен өзге жөнелтілімдерді жасырын бақылау шарасына қажеттілік жойылған кезде, бірақ кез келген жағдайда да тергеп-тексеру аяқталуынан кешіктірмей тергеуші (анықтаушы) тергеу судьясының санкциясымен осы шараның күшін жояды, бұл туралы пошта мекемесі немесе жөнелтілімдерді жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлға үш тәулік ішінде хабардар етіледі.
Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (01.03.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).247-бап. Орынға жасырын кіру және (немесе) оны қарап-зерттеу
1. Орынға жасырын кіруді және (немесе) оны қарап-зерттеуді уәкілетті орган тұрғын, қызметтік, өндірістік үй-жайларды, ғимаратты, құрылысты, қойманы, көлік құралын немесе жергілікті жер учаскесіне кіру, қажет болған кезде оларды қарап-зерттеу, сондай-ақ тергеу әрекеттерін дайындау және жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Осы іс-шара аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге (анықтаушыға) барлық алынған материалдарды мөрленген түрде толық көлемде ілеспе хатпен бірге ұсынады.
248-бап. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алу
1. Осы Кодекстің 232-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген адамдарды немесе орынды жасырын байқауға алу, қажет болған кезде, сөйленетін сөзге және өзге де дыбыстық ақпаратқа аудиожазбаны жүзеге асырмай, бейне-, фотобайқау техникалық құралдары пайдалана отырып жүзеге асырылады.
2. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алуды жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды адамы байқауға алынатын адаммен немесе орынмен байланыс жасаған өзге де адамдарды байланыс жасалған кезден бастап қырық сегіз сағат бойы жасырын байқауға алуды жүзеге асыруға құқылы.
3. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алу нәтижесінде күн сайынғы есеп жасалады, оған алынған нәрселер мен құжаттар қоса беріледі.
4. Осы іс-шара аяқталғаннан кейін уәкілетті орган тергеушіге, анықтаушыға барлық алынған материалдарды мөрленген түрде толық көлемде ілеспе хатпен бірге ұсынады.
Ескерту. 248-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).249-бап. Жасырын бақыланатын жеткізілім
Ескерту. 249-бап алып тасталды - ҚР 03.07.2017 № 84-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
250-бап. Жасырын бақыланатын сатып алу
1. Жасырын бақыланатын сатып алу жасалатын немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы нақты деректерді жалған мәміле ахуалын жасау жолымен алу мақсатында жүргізіледі.
Бұл ретте өзіне қатысты оның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығы бар деп пайымдауға жеткілікті негіздер бар адамнан еркін өткізуге тыйым салынған немесе айналымы заңмен шектелген, сондай-ақ қылмыстық қолсұғушылық объектілері немесе құралдары болып табылатын нәрселер немесе заттектер ақылы түрде сатып алынады.
2. Уәкілетті органның қызметкеріне немесе жасырын тергеу әрекетіне қатысуға ерікті түрде ниет білдірген адамға оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық және өзге де құралдарын, сондай-ақ еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы заңмен шектелген немесе қылмыстық қолсұғушылық объектілері және (немесе) құралдары болып табылатын нәрселерді немесе заттектерді ақылы түрде сатып алу үшін ақша қаражатын беру туралы осы Кодекстің 199-бабына сәйкес жеке хаттамалар жасалады.
3. Уәкілетті органның қызметкерінен немесе жасырын тергеу әрекетіне қатысуға ерікті түрде ниет білдірген адамнан сатып алынған нәрселерді және заттектерді алу, сондай-ақ оларды қарап-тексеру нәтижелері туралы осы Кодекстің 199 және 219-баптарының қағидаларына сәйкес хаттама жасалады.
251-бап. Жасырын ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау
Ескерту. 251-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
31-тарау. ТІНТУ ЖӘНЕ АЛУ
1. Тiнту iс үшiн маңызы бар нәрселерді немесе құжаттарды табу және алып қою, оның ішінде тыйым салынуға жататын мүлікті табу мақсатында жүргiзiледi.
2. Тiнту жүргiзуге көрсетілген нәрселердің немесе құжаттардың белгiлi бiр үй-жайда немесе өзге орында не нақты адамда болуы мүмкiн деп пайымдауға жеткiлiктi деректердiң болуы негiз болып табылады.
3. Тiнту iздестiрiлiп жатқан адамды және адам мәйiтін табу үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.
Алу, егер іс үшiн маңызы бар белгiлi бiр нәрселер мен құжаттардың қайда және кiмде екенi анық белгілі болса, оларды, сондай-ақ тәркіленуге жататын мүлікті алып қою мақсатында жүргiзiледi.
254-бап. Тiнту мен алуды жүргiзу тәртiбi
1. Тінту мен алуды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам уәжді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын құжаттарды, заттарды, олардың ішіндегі ақпаратты алу туралы қаулыны тергеу судьясы санкциялауға тиіс.
Тiнту мен алуды жүргізу туралы қаулыны санкциялау осы Кодекстiң 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөлiктерiнде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Тұрғын үй-жайда онда тұрып жатқан адамдардың еркiнен тыс алу осы Кодекстiң 220-бабының он үшінші, 13-1, 13-3 және 13-4-бөлiктерiнiң қағидалары бойынша жүргiзiледi.
3. Айрықша жағдайларда, iздестiрiлiп жатқан және (немесе) алып қойылуға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлiнуi немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкiн болғанда не iздестiрiлiп жатқан адам жасырынуы мүмкiн болғанда тiнту және алу тергеу судьясының санкциясынсыз, осы Кодекстiң 220-бабының он төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізілуі мүмкiн.
4. Тiнту куәгерлердiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда маманның және аудармашының қатысуымен жүргiзiледi.
Алу оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі, қажет болған кезде оған маман және аудармашы тартылуы мүмкін.
5. Тұрғын үй-жайларда, ұйымдардың үй-жайларында тiнту немесе алу осы Кодекстiң 220-бабының он бесінші және он алтыншы бөлiктерiнде көрсетілген адамдардың қатысуымен жүргiзiледi.
6. Дипломатиялық өкiлдiктер орналасқан үй-жайларда, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктердiң мүшелерi мен олардың отбасылары тұрып жатқан үй-жайларда тiнту және алу осы Кодекстiң 220-бабының он жетінші бөлiгiнде белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiледi.
7. Тiнтуді немесе алуды жүргiзу басталғанға дейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жүргiзу туралы қаулыны көрсетуге мiндеттi.
8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнтуге кiрiскенде iс үшiн маңызды болуы мүмкiн, алынуға жататын нәрселер мен құжаттарды ерiктi түрде берудi ұсынады. Егер олар ерiктi түрде берiлсе және алынуға жататын нәрселер мен құжаттардың жасырылып қалғанына күмәндануға негiздер болмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам одан әрi iздеу жүргiзбеуге құқылы.
Тінту хаттамасында адамның табу үшін тінту жүргізілуі мүмкін нәрселер мен құжаттарды өз еркімен бергені туралы міндетті түрде көрсетіледі.
9. Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесi оларды ерiктi түрде ашудан бас тартса, тiнту жүргiзген кезде олар ашқызылуы мүмкiн. Бұл ретте есiк тиектерін және басқа нәрселерді қажетсiз бұзуға жол берiлмеуге тиiс.
10. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам алуды жүргізу кезiнде алынуға жататын нәрселер мен құжаттарды берудi ұсынады, ал бұдан бас тартылған жағдайда алуды мәжбүрлi түрде жүргiзедi.
11. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тінту мен алу кезінде сол үй-жайда тұрып жатқан адамның немесе басқа да адамдардың жеке өмірінің анықталған мән-жайларының, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтердің жарияланбауына шаралар қолдануға міндетті.
12. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту немесе алу жүргiзiлiп жатқан үй-жайда немесе орында болған адамдарға және осы үй-жайға немесе орынға келген адамдарға тiнту немесе алу аяқталғанға дейiн ол жерден кетуге, сондай-ақ бiр-бiрiмен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы.
13. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тiнту мен алуды жүргiзу кезінде iске қатысы болуы мүмкiн нәрселер мен құжаттарды алып қоюмен шектелуге тиiс. Айналымына тыйым салынған заттар мен құжаттар олардың iске қатысы бар-жоғына қарамастан алып қойылуға жатады.
14. Тінту кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар куәгерлерге және басқа да қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, тінту орнында қапталады, мөрленеді және куәгерлер мен оған қатысып отырған адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.
15. Алу кезінде алып қойылатын нәрселер мен құжаттар қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, алу орнында қапталып, мөрленеді және оған қатысып отырған басқа адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.
16. Қажет болған жағдайларда тiнту жүргiзілген кезде фотосуретке түсіру, кинотүсiру және бейнежазба жүргiзiледi.
Ескерту. 254-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстiң 252-бабында көзделген негiздер болған кезде және 254-бабының талаптарын сақтай отырып, тiнтiлетiн адамның денесiндегі немесе денесінің ішіндегі, оның киiмiндегі нәрселер мен құжаттарды және оның жанындағы нәрселерді табу және алып қою мақсатында жеке басына тiнту жүргізуге құқылы.
2. Жеке басын тiнтудi тiнтілетін адаммен жынысы бiр адам ғана және сондай жыныстағы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргiзедi.
3. Жеке басты тінту, мына жағдайлардың біреуі болған кезде:
1) егер осы Кодекстің 254-бабының талаптары сақтала отырып тінту жүргізіліп жатқан үй-жайдағы немесе өзге орындағы адам іс үшін маңызы болуы мүмкін құжаттарды немесе нәрселерді өзінде жасырып отыр деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса;
2) егер ол адам ұстап алынған немесе күзетпен қамалған кезде жүргізілген болса, арнайы қаулы шығарылмай және тергеу судьясының санкциясынсыз жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда жеке басын тінту куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
Тінтілетін адамның денесінің ішіндегі нәрселерді табу қажет болған кезде жеке басын тінтуге тиісті бейіннің мамандары қатысады.
Ескерту. 255-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).256-бап. Тiнту немесе алу хаттамасы
1. Тiнтуді немесе алуды жүргiзетiн адам осы Кодекстiң 199-бабында көзделген талаптарды сақтай отырып, хаттама жасайды.
2. Хаттамада нәрселердің немесе құжаттардың қай жерде және қандай жағдайларда табылғаны, олардың ерiктi түрде берiлгенi немесе мәжбүрлі түрде алып қойылғаны көрсетiлуге тиiс. Барлық алып қойылған нәрселер хаттамада саны, мөлшерi, салмағы, даралайтын белгiлерi және мүмкiндiгiнше құны дәл көрсетiле отырып, тізбеленуге тиiс.
3. Егер тiнту немесе алу жүргiзілген кезде алып қойылуға жататын нәрселерді немесе құжаттарды жою немесе жасыру әрекеттерi жасалған болса, бұл хаттамада қолданылған шаралар көрсетiле отырып, жазылуға тиiс.
4. Тiнту немесе алу хаттамасының көшiрмесi олар жүргiзiлген адамға не оның отбасының кәмелетке толған мүшесiне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй пайдалану ұйымының немесе жергiлiктi атқарушы органның өкiлiне қолхат алына отырып табыс етіледі. Егер тiнту немесе алу ұйымда жүргiзiлсе, онда хаттаманың көшiрмесi оның өкiлдерiне қолхат алына отырып табыс етіледі.
32-тарау. АЙҒАҚТАРДЫ СОЛ ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ НАҚТЫЛАУ.
ТЕРГЕУ ЭКСПЕРИМЕНТІ
257-бап. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау
1. Жәбiрленушiнiң, куәнiң, күдіктiнiң айғақтарын тергелетiн оқиғамен байланысты жерде тексеру және нақтылау:
1) айғақтардың анықтығын оларды болған оқиғаның жағдайымен салыстыру арқылы анықтау;
2) тексерiлетiн әрекеттер жасалған маршрутты және орынды нақтылау;
3) жаңа нақты деректердi анықтау мақсатында жүргiзiледi.
2. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау бұрын жауап алынған адамның зерттелiп отырған оқиғаның жағдайы мен мән-жайларын сол жерде баяндап-көрсетуі; iс үшiн маңызы бар нәрселерді, құжаттарды, iздердi іздеп табуы және көрсетуі; белгiлi бiр iс-қимылды бейнелеп-көрсетуі; зерттелiп отырған оқиғада қайсы бір нәрселердің қандай рөл атқарғанын көрсетуі; оқиға орнындағы жағдайдың өзгеруiне назар аударуы; өзiнiң бұрынғы айғақтарын нақтылауы және айқындауы болып табылады. Бұл әрекеттерге сырттан қандай да бiр араласуға және жетелеушi сұрақтар қоюға жол берілмейді.
3. Бiрнеше адамның айғақтарын сол жерде бiр мезгілде тексеруге және нақтылауға жол берілмейді.
4. Айғақтарды тексеру және нақтылау жауап алынып отырған адамға оның айғақтары тексерiлетiн маршрут пен орынды ерiктi түрде көрсетудi ұсынудан басталады. Айғақтар баяндалғаннан және iс-қимылдар бейнелеп-көрсетілгеннен кейiн айғақтары тексерiлiп отырған адамға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бұл адам, сондай-ақ процеске қатысатын өзге де адамдар жүргiзiлiп отырған тергеу әрекетiне байланысты өздерiнен қосымша жауап алуды талап етуге құқылы.
5. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау барысында табылған, iс бойынша дәлелдемелік маңызы болуы мүмкін нәрселер мен құжаттар алып қойылып, қапталады және мөрленеді, оларды алып қою фактiсi хаттамада көрсетiледi.
6. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезiнде өлшеу, фотосуретке түсiру, дыбыс- және бейнежазба, киноға түсiру жүргiзiледi, жоспарлар мен схемалар жасалады. Қажет болған жағдайларда айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезінде маман қатысуға құқылы. Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау кезiнде дыбыс- және бейнежазба құралдары міндетті түрде пайдаланылады және осы Кодекстiң 210-бабында көрсетілген қағидалар бойынша жүргiзiледі.
7. Айғақтарды сол жерде тексерудің және нақтылаудың жүргiзiлгенi туралы осы Кодекстiң 199-бабының талаптары сақтала отырып хаттама жасалады. Хаттамада айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылаудың жағдайлары, барысы мен нәтижелерi егжей-тегжейлi көрсетіледі.
1. Тергеу экспериментi iс үшiн маңызы бар мәлiметтердi зерттелетін оқиғаның белгiлi бiр іс-қимылдарын, жағдайын, мән-жайларын жаңғырту және тәжiрибе жүргiзу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргiзiледi. Эксперимент жүргiзу кезiнде, атап айтқанда, қандай да бiр фактiлердi қабылдау, белгілі бір іс-қимылдардың жасалу мүмкіндігі, қандай да бір оқиғаның басталуы тексерiлуi, сондай-ақ болған оқиғаның ретi және iздердiң пайда болу тетiгi анықталуы мүмкiн.
2. Тергеу экспериментi оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің ғылыми-техникалық құралдары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Қажет болған кезде тергеу экспериментiне өздерiнiң келiсiмi бойынша күдіктi, жәбiрленушi, куә, маман, сарапшы және тәжiрибелiк iс-қимылдарды жүргiзетiн адамдар тартылуы мүмкiн. Экспериментке қатысушыларға оның мақсаты мен жүргiзiлу тәртiбi түсiндiрiледі.
3. Тергеу экспериментiн, егер бұл ретте оған қатысатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндірілмесе, олардың абыройы мен қадір-қасиеті кемсітілмесе, оларға материалдық залал келтірілмесе, жүргiзуге жол берiледi.
4. Тергеу экспериментi жаңғыртылатын оқиғалар немесе іс-қимылдар болған жағдайларға барынша ұқсас жағдайларда жүргiзiледі.
5. Тергеу экспериментiнің жүргiзiлгенi туралы осы Кодекстiң 199-бабының талаптары сақтала отырып, хаттама жасалады. Хаттамада тергеу экспериментiнiң шарттары, барысы мен нәтижелерi егжей-тегжейлi баяндалады және мыналар: эксперименттің қандай мақсатпен, қашан, қайда және қандай жағдайларда жүргiзiлгені; оқиғаның жағдайы мен мән-жайларын жаңғыртудың нақты неден көрiнгені; қандай іс-қимылдар, қандай ретпен жүргiзiлгені, оны кiмнің және қанша рет жасағаны; қандай нәтижелер алынғаны көрсетiледi.
33-тарау. НӘРСЕЛЕР МЕН ҚҰЖАТТАРДЫ БЕРУ
259-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға нәрселер мен құжаттарды оларға иелік ететін адамдардың бастамасы бойынша беру
1. Тараптар, сондай-ақ өзге де адамдар, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға өздерінің пікірі бойынша іс үшін маңызы болуы мүмкін нәрселерді және құжаттарды беруге құқылы.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 220-бабының қағидалары бойынша берілген нәрсені, құжатты қарап-тексеруді жүргізуге және егер нәрсенің немесе құжаттың іс үшін маңызы бар немесе одан әрі маңызы болуы мүмкін деп пайымдауға негіздер болса, оны қабылдауға міндетті. Осы іс үшін маңызы болмаса да, бірақ айналымнан алып қойылған нәрселер де, құжаттар да қабылдап алынуға тиіс.
Іс үшін маңызы жоқ және айналымнан алынбаған нәрсе, құжат берілген жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәрсені, құжатты қарап тексергеннен кейін тиесілігі бойынша дереу қайтарады.
260-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның талап етуі бойынша нәрселер мен құжаттарды беру
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тінтуді немесе алуды жүргізбей-ақ, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысынан, сол сияқты азаматтардан тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде уақытша пайдалану үшін қажетті нәрселер мен құжаттарды беруді талап етуге құқылы. Мұндай нәрселер мен құжаттарға:
1) эксперимент жүргізу кезінде зерттелетін оқиғаның жағдайы мен шарттарын жаңғыртуға арналған сол тектестер немесе макеттер;
2) тану үшін ұсынылған нәрсемен немесе құжатпен біртектес нәрсе немесе құжат;
3) егер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамда не оның тапсырмасы бойынша әрекет етуші маманда, сарапшыда немесе сарапшылық мекемеде олар жоқ болса, тергеу әрекеттерін не сараптамалық зерттеу жүргізу кезінде қолдануға арналған құрылғылар, құралдар, аспаптар, материалдар жатады.
Қажеттілігі өткеннен кейін бұл нәрселер, құжаттар тиесілілігі бойынша қайтарылуға жатады.
2. Мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары және лауазымды адамдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурормен келісілген талабы бойынша өз құзыреті шегінде жоспардан тыс тексеру, құжаттамалық ревизия немесе өзге де қызметтік тексеру жүргізуге және ревизия немесе тексеру актісін барлық қосымшаларымен бірге белгіленген мерзімде ұсынуға міндетті. Қылмыстық қудалау органы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ревизиялар және тексерулер жүргізу талабы туралы бір тәулік ішінде прокурорды хабардар етеді.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ревизия немесе тексеру актісінде не басқа құжатта белгіленген қағидалардан ауытқушылықтарды, олқылықтарды, қайшылықтарды және басқа да кемшіліктерді таба отырып, құжаттағы атап өтілген қателердің жойылуын талап етуге құқылы.
261-бап. Нәрселер мен құжаттарды беру хаттамасы
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заттай дәлелдемелер ретінде маңызы болуы мүмкін нәрселер мен құжаттардың берілгені туралы осы Кодекстің 199-бабының қағидаларына сәйкес хаттама жасайды.
Хаттамада, сондай-ақ:
1) нәрсені немесе құжатты берген тұлға туралы мәліметтер;
2) осы тұлғаның нәрсені немесе құжатты іске қосып тігу туралы өтінішхаты;
3) нәрсені немесе құжатты қарап-тексерудің, ал егер ол пошта арқылы берілген болса, онда қаптаманы да қарап-тексерудің барысы мен нәтижелері;
4) осы нәрселердің белгілері, қасиеттері, техникалық сипаттамалары, егер олардың іс үшін мәні болса, талап етіп алдырылған нәрселер пайдаланылған іс жүргізу кезінде тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі;
5) нәрсенің немесе құжаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға іс жүзінде берілгені не нәрсенің немесе құжаттың оны берген тұлғаға қайтарылғаны көрсетілуге тиіс.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заттай дәлелдеме ретінде маңызы болуы мүмкін нәрсені немесе құжатты берген тұлғаға хаттаманың қол қойылып куәландырылған көшірмесін береді.
3. Егер қабылданған нәрсе немесе құжат пошта арқылы келіп түскен болса, жөнелтушіге хаттаманың көшірмесі немесе оның үзінді көшірмесі жіберіледі, ал пошталық квитанция хаттамаға қоса беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам пошта арқылы келіп түскен нәрсені немесе құжатты іске қатысты емес деп есептеген және оны пошта арқылы жөнелтушіге қайтарған жағдайда да, квитанция хаттамаға қоса тігіледі.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам берілген нәрсені немесе құжатты заттай дәлелдеме ретінде іске қосып тігу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Жазбаша дәлелдемелер ретінде берілген, ревизиялардың және басқа да қызметтік тексерулердің актілері арнайы ресімделмей-ақ іске қосып тігіледі.
5. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде уақытша пайдалану үшін талап етіп алдырылған нәрселерді алу мен қайтару хаттамада көрсетіледі және нәрсені берген тұлғаның қолымен куәландырылады.
34-тарау. ҮЛГІЛЕРДІ АЛУ
262-бап. Үлгiлерді алудың негiздерi
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер тiрi адамның, мәйiттiң, жануардың, өсімдіктің, нәрсенің, материалдың немесе заттектің қасиеттерiн көрсететін үлгiлерді сараптамалық зерттеу сарапшының алдына қойылған мәселелерді шешу үшін қажет болса, оларды алуға құқылы.
2. Үлгi ретiнде, атап айтқанда:
1) қан, шәует, шаш, тырнақ қиындылары, дененiң сыртқы тері қабаттарының микроскопиялық қырындылары;
2) сiлекей, тер және басқа да шығындылар;
3) терi бедерiнiң iзi, тiстiң қалыбы;
4) қолжазба мәтiн, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтiн басқа материалдар;
5) дауыс фонограммасы;
6) материалдардың, заттектердің, шикiзаттың, дайын өнiмнiң сынамалары;
7) гильзалардың, оқтардың, қарулар мен механизмдер iздерiнiң үлгiлерi алынады.
3. Үлгiлер алу туралы уәждi қаулы шығарылады, онда: үлгiлердi алатын адам; үлгiлер алынатын адам (ұйым); нақты қандай үлгiлердің қандай мөлшерде алынуға тиiс екенi; өзінен үлгiлердi алу үшiн адамның қашан және кiмге келуi керек екенi; үлгiлер алынғаннан кейiн олардың қашан және кiмге ұсынылуға тиiс екенi көрсетiлуге тиiс.
263-бап. Үлгiлер алуға құқығы бар адамдар мен органдар
1. Егер бұл үлгілер алынатын басқа жынысты адамды жалаңаштаумен ұштаспайтын және ерекше кәсіби машықтарды талап етпейтін болса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жеке өзі, қажет болған кезде дәрігердің, өзге маманның қатысуымен үлгілерді алуға құқылы. Өзге жағдайларда үлгілерді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тапсырмасымен дәрігер немесе маман алуы мүмкін.
2. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылған жағдайларда, оны сарапшы жүргізуі мүмкін.
3. Зерттеу процесінде сарапшы эксперименттік үлгілерді дайындауы мүмкін, ол туралы қорытындыда хабарланады. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осындай үлгілерді дайындау кезінде қатысуға құқылы, бұл оның өзі жасайтын хаттамада көрсетіледі.
Зерттеу жүргiзгеннен кейiн сарапшы үлгiлердi қапталған және мөрленген түрде өзiнiң қорытындысына қоса береді.
264-бап. Өздерінен үлгілер алуға жол берілетін адамдар
1. Үлгiлер күдіктiден, айыпталушыдан, жәбiрленушiден, сондай-ақ өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзiлiп отырған адамнан алынуы мүмкiн.
2. Оқиға орнындағы немесе заттай дәлелдемелердегі iздердi өзге адамның қалдыруы мүмкiн екенi туралы жеткiлiктi деректер болған кезде үлгiлер сол адамнан, бiрақ одан көрсетілген iздердің пайда болуы мүмкiн мән-жайлар туралы куә (жәбiрленушi) ретiнде жауап алынғаннан кейiн ғана алынуы мүмкiн.
265-бап. Үлгiлерді алу тәртiбi
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өзiне адамды шақыртып немесе ол тұрған жерге келiп, оны үлгiлер алу туралы қаулымен немесе өзіне келіп түскен сот қаулысымен қолын қойғыза отырып таныстырады, осы адамға, маманға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, егер қарсылық білдірулер мәлімделген болса, олар туралы мәселені шешеді. Содан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам немесе прокурор қажетті әрекеттерді жасайды және сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алады. Бұл ретте ауыртпайтын және адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкін.
2. Мәйіттен үлгілер алу, сондай-ақ шикізаттың, өнімнің, басқа да материалдардың сынамаларын үлгілер ретінде алу тиісінше эксгумациялау, алу немесе тінту жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
3. Алынған үлгілер қапталады, мөрленеді және үлгілерді алған адамның қолымен куәландырылады. Содан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам немесе прокурор оларды алынған үлгілер хаттамасымен бірге тиісті сарапшыға жібереді және ол үлгілерді алған адамның қолымен куәландырылады.
Егер үлгілерді алу соттың қаулысы бойынша жүзеге асырылса, онда осы қаулыны орындаған тергеуші, анықтаушы немесе прокурор үлгілерді оларды алу хаттамасымен бірге сотқа жібереді. Сот тараптардың қатысуымен үлгілерді қарайды, олардың төлнұсқалығы мен сақталғанына көз жеткізеді, содан кейін үлгілерді осы қаулымен және оларды алу хаттамасымен бірге тиісті сарапшыға береді.
266-бап. Дәрiгердiң немесе басқа маманның үлгiлерді алуы
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган үлгi алынуға тиiстi адамды, сондай-ақ одан үлгіні алу туралы қаулыны дәрiгерге немесе басқа маманға жiбередi. Дәрiгерге, басқа маманға қарсылық білдіру туралы мәселенi қаулы шығарған орган шешедi.
2. Дәрiгер немесе басқа маман қажеттi әрекеттерді жүргізеді және сарапшылық зерттеу үшін үлгiлер алады. Бұл ретте ауыртпайтын және адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкін. Үлгiлер қапталып, мөрленеді, үлгілерді алған адамның қолымен куәландырылады және қылмыстық процесті жүргізетін органға жiберiледi.
3. Егер жануарлардан зерттеу үшін үлгілерді алу қажеттігі туындаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісті қаулыны ветеринарға немесе басқа маманға жібереді.
267-бап. Үлгiлерді алу кезiнде жеке бастың құқықтарын қорғау
Үлгiлерді алудың әдiстерi мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз болуға тиiс. Ауырсыну сезімдерін туғызатын күрделi медициналық емшараларды немесе әдiстердi қолдануға тек үлгiлер алынуға тиiстi адамның жазбаша келісуімен, ал егер ол кәмелетке толмаған болса немесе психикалық аурудан зардап шегетін болса, оның заңды өкiлдерiнің келiсуімен ғана жол берiледі.
268-бап. Үлгiлерді алу туралы қаулының орындалу мiндеттiлiгi
1. Күдіктіден, айыпталушыдан үлгiлер мәжбүрленiп алынуы мүмкiн.
2. Күдікті, айыпталушы өзiн қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп әшкерелейтiн айғақтарды тексеруді табанды түрде талап еткен, сондай-ақ венерологиялық аурулар мен өзге де жұқпалы аурулардың диагностикасы iс үшiн маңызы болғанда осындай диагностика үшiн үлгiлер алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, жәбiрленушi мен куәдан үлгiлер олардың келісімімен ғана алынуы мүмкiн.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген жағдайларда жәбiрленушiден, куәдан, сондай-ақ арыз иесінен және арыз иесі қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам деп тікелей көрсеткен адамнан үлгiлердi мәжбүрлеп алуға осы Кодекстің 220-бабының 13-1, 13-3 және 13-4-бөліктерінде көзделген тәртіппен, тергеу судьясының санкциясымен немесе соттың қаулысы бойынша ғана жол берiледi.
Ескерту. 268-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).269-бап. Үлгiлер алу хаттамасы
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үлгiлердi алып, хаттама жасайды, онда үлгiлердi алу үшiн жасалған барлық әрекеттер жүргiзiлу ретiмен, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа әдiстер мен рәсiмдер, сондай-ақ үлгiлердiң өзi сипатталады.
2. Егер үлгiлердi қылмыстық процесті жүргізетін органның тапсырмасы бойынша дәрiгер немесе басқа маман алса, онда ол бұл туралы ресми құжат жасайды, оған көрсетілген әрекетке қатысушылардың барлығы қол қояды және ол осы Кодекстiң 199-бабының тоғызыншы бөлiгiнде белгiленген тәртiппен қылмыстық iске қосып тiгу үшiн қылмыстық процесті жүргізетін органға беріледi.
3. Хаттамаға алынған үлгiлер қапталған және мөрленген түрде қоса беріледі.
35-тарау. СОТ САРАПТАМАСЫ
270-бап. Сараптаманы тағайындау
Iс үшiн маңызы бар мән-жайлар сарапшының материалдарды арнайы ғылыми бiлiмдер негiзiнде жүргiзетiн зерттеуінің нәтижесiнде алынуы мүмкiн жағдайларда сараптама тағайындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын өзге адамдардың мұндай бiлiмiнiң болуы қылмыстық iстi жүргізетін адамды тиiстi жағдайларда сараптама тағайындау қажеттiгiнен босатпайды.
271-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау
1. Егер iс бойынша:
1) өлiмнiң себептерiн;
2) денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;
3) iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмаған немесе күмән туғызған жағдайларда, күдіктiнiң, қорғалуға құқығы бар куәнің, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;
4) күдіктiнiң, қорғалуға құқығы бар куәнің, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық процесте өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өзі қорғау қабiлетi күмән туғызғанда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн;
5) жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетi күмән туғызған жағдайларда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн;
6) iстiң басқа дәлелдемелерімен анық белгіленбейтін өзге мән-жайларын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау және жүргiзу мiндеттi.
2. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамның психикалық жай-күйiне күмән туындаса, сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау мен жүргiзу міндетті.
Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақтарында санамаланған негіздер бойынша күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, куәға қатысты амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады және жүргiзіледі. Егер сарапшы стационарлық сот-психиатриялық сараптама жүргізбей және сынақтан өтушіні стационарлық қарап-зерттеуге орналастырмай, қорытынды беру мүмкін еместігі туралы мәлімдесе, онда қылмыстық іс бойынша осы Кодекстің 279-бабында көзделген тәртіппен стационарлық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады.
Ескерту. 271-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.272-бап. Сараптама тағайындау тәртібі
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау қажет деп тауып, бұл туралы қаулы шығарады, онда: сараптаманы тағайындаған органның атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптаманың түрі; сараптаманы тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама тағайындау туралы қаулысы ол жіберілген және бұл өздерінің өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті.
3. Осы Кодекстің 271-бабы бірінші бөлігінің 2), 3) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіге, куәға қатысты сот сараптамасы олардың келісуімен немесе олардың заңды өкілдерінің келісуімен жүргізіледі, көрсетілген адамдар келісімді жазбаша түрде береді.
4. Сараптаманы тағайындаған адам сот сараптамасының тағайындалғаны туралы қаулымен күдіктіні, айыпталушыны, оның қорғаушысын, жәбірленушіні, оның өкілін, сондай-ақ сараптамаға ұшырайтын куәны, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәны оның заңды өкілін таныстырады және оларға осы Кодекстің 274-бабында көзделген құқықтарын түсіндіреді. Бұл туралы сараптама тағайындаған адам және қаулымен таныстырылған адамдар қол қоятын хаттама жасалады.
5. Сараптама өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылардың бастамасы бойынша тағайындалуы мүмкін. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процесті жүргізетін органға өздерінің пікірі бойынша сарапшының қорытындысы берілуге тиіс мәселелерді жазбаша түрде ұсынады, зерттеу объектілерін көрсетеді, сондай-ақ сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін адамды атайды. Шешу үшін ұсынылған мәселелер қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына жатпайтын жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін органның сараптама тағайындаудан бас тартуға құқығы жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өтінішхат келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәжді қаулы шығарады.
6. Тергеу судьясы осы Кодекстің 55-бабы екінші бөлігінің 7) тармағында көзделген тәртіппен сараптама тағайындау туралы мәселені шешкен кезде қорғаушы тарапқа сарапшының алдына қойылуы қажет сұрақтарды жазбаша нысанда беруін ұсынады және олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды.
Тараптар қай объектілердің сарапшылық зерттеуге жататынын, сондай-ақ сараптама жүргізуді кімге тапсыруға болатынын көрсетуге және сарапшыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге құқылы.
Тергеу судьясы сараптама тағайындаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өзінің іс жүргізуінде жатқан қажетті нәрселерді, материалдарды сарапшының билігіне береді.
7. Алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.8. Алып тасталды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Өзінің бастамасы бойынша сараптама тағайындалған процеске қатысушы сарапшылық зерттеу объектілері ретінде нәрселерді, құжаттарды ұсынуы мүмкін. Қылмыстық процесті жүргізетін орган оларды осындай нәрселер, құжаттар қатарынан уәжді қаулымен алып тастауға құқылы.
10. Қылмыстық процесті жүргізетін орган ұсынылған сұрақтарды қарап, олардың қылмыстық іске немесе сот сараптамасының нысанасына қатысы жоқтарын алып тастайды, сарапшыға қарсылық білдіру негіздерінің бар-жоғын анықтайды, содан кейін осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отырып, сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.
11. Сараптаманы жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы бойынша сараптама жүргізілген жағдайларда, шығыстарды өтеу өзінің мүддесі үшін сараптама жүргізілген адамға жүктеледі.
12. Осы Кодекстің 272-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер сараптама жүргізілгенде күдіктінің, сараптамаға тартылатын қорғалуға құқығы бар куәнің, жәбірленушінің, айыпталушының, куәнің қатысуы қажет деп танылса, оларды сарапшыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы Кодекстің 55-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сот алдында күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру туралы өтінішхат енгізеді.
Ескерту. 272-бап өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.272-1-бап. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуы
1. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы негізінде осы Кодекстің 122-бабы үшінші бөлігінің 3) тармағында көзделген тәртіппен сот сараптамасын жүргізу қылмыстық процесті жүргізетін органнан зерттеу объектілерін талап ету қажет болмаған жағдайда жүргізіледі.
2. Сұрау салуда: адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нөмірі, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; сараптама түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, сондай-ақ зерттеу барысында көрсетілген объектілерді ықтимал толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге рұқсат; ол сот сараптамасын жүргізуді тапсыруға ниет білдірген сот сараптамасы органының, ұйымының атауы және (немесе) адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
3. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуын жіберу туралы қылмыстық процесті жүргізетін адам бір мезгілде хабардар етіледі, ол сарапшыға қарсылық білдіруге осы Кодекстің 93-бабында көзделген негіздердің бар-жоғын тексереді, сондай-ақ қажет болған кезде сарапшыға қосымша сұрақтар жібереді.
4. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокат сарапшыға сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салуды және сараптама объектілерін табыс етеді, оған осы Кодекстің 79-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіреді және қолхат ала отырып, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.
Көрсетілген қолхат қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың хаты негізінде қылмыстық іс материалдарына қоса тігіледі. Сарапшының арыздары, өтінішхаттары және оларды қабылдамау уәждері де осылайша қоса тіркеледі.
5. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы негізінде берілген сарапшы қорытындысы екі данада жасалады, оның біреуі – қылмыстық процесті жүргізетін адамға, екіншісі сот сараптамасын жүргізу туралы сұрау салудың бастамашысына жіберіледі.
6. Қорғаушы, жәбірленушінің өкілі болып табылатын адвокаттың сұрау салуы бойынша сот сараптамасын жүргізу кезінде оны жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 21-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі. Шығыстарды өтеу өзінің мүдделерінде сот сараптамасы жүргізілген адамға жүктеледі.
Ескерту. 272-1-баппен толықтырылды – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.273-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар
1. Сот сараптамасын жүргізу:
1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдарға;
3) заңда көзделген тәртіппен және шарттарда біржолғы тәртіппен өзге адамдарға тапсырылуы мүмкін.
2. Сараптама жүргiзу процеске қатысушылар ұсынған адамдардың бiреуiне тапсырылуы мүмкiн.
3. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыру туралы талабы көрсетілген адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.
Ескерту. 273-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).274-бап. Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары
1. Сараптама тағайындау және жүргізу кезінде жәбірленушінің, күдіктінің, айыпталушының, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің:
1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға құқығы бар, бұл туралы хаттама жасалады;
2) сарапшыға қарсылық білдіруді немесе сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтінішхатты мәлімдеуге;
3) өздері көрсеткен адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшылар ретінде тағайындау, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтінішхат беруге;
4) сарапшы алдына қосымша мәселелер қою немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтінішхат беруге;
5) сараптама жүргізілген кезде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен, осы Кодекстің 278-бабында көзделген тәртіппен қатысуға;
6) сарапшының қорытындысымен не осы Кодекстің 284-бабында көзделген тәртіппен қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабармен танысуға құқығы бар.
2. Санамаланған құқықтарға куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар, сараптамаға ұшырайтын куә да және, егер өзінің психикалық жай-күйі мүмкіндік берсе, өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізілетін адам да ие болады.
3. Егер сараптама адамды күдікті деп танығанға дейін немесе күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін жүргізілген болса, қылмыстық қудалау органы оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оған осы Кодекстің 286-бабында көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті.
4. Жәбірленушілер мен куәларға, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуынан зардап шеккен адамға және өзіне қатысты күдікті деп тану туралы мәселе шешіліп жатқан адамға сараптама олардың жазбаша келісуімен ғана жүргізіледі. Егер осы адамдар кәмелетке толмаған немесе сот оларды әрекетке қабілетсіз деп таныған болса, сараптама жүргізуге жазбаша келісімді олардың заңды өкілдері береді. Көрсетілген қағида осы Кодекстің 271-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргізуге қолданылмайды.
5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген адамдар мәлімдеген өтінішхаттар қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін орган тиісінше сараптама тағайындау туралы өзінің қаулысын өзгертеді немесе толықтырады. Өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, ол уәжді қаулы шығарып, оны өтінішхатты мәлімдеген адамға қол қойғыза отырып, жария етеді.
275-бап. Өздеріне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беру
1. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу кезінде:
1) олардан мәліметтер алу мақсаттарында оларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыруға немесе құқықтарына қысым көрсетуге (оның ішінде алдау, азаптау, қатыгез қарым қатынас, зорлық-зомбылық, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар қолдану арқылы);
2) көрсетілген адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникалық зерттеулердің субъектілері ретінде пайдалануға;
3) хирургиялық араласуды көздейтін зерттеу әдістерін қолдануға тыйым салынады.
2. Сот сараптамасын тағайындаған орган өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адамға сот-сараптама зерттеуінің баламалы әдістерін қоса алғанда, пайдаланылатын әдістері туралы, ықтимал ауырсыну сезімдері мен жанама әсерлер туралы қолжетімді нысанда хабарлауға тиіс. Көрсетілген ақпарат өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізіліп жатқан адамның заңды өкілінің өтінішхаты бойынша оған да беріледі.
3. Өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізіліп жатқан адамға медициналық көмек заңда көзделген негіздер бойынша және тәртіппен ғана көрсетілуі мүмкін.
4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтінішхаттар беру мүмкіндігі беріледі. Осы Кодексте көзделген тәртіппен берілген шағымдарды және өтінішхаттарды медициналық ұйымның әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде адресатқа жібереді және олар цензураға жатпайды.
5. Өзі келісім берген адамға қатысты жүргізілетін сот сараптамасы көрсетілген адамның бастамасы бойынша оның кез келген сатысында тоқтатылуы мүмкін.
276-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргізуі.Сот сараптамасы органы басшысының құқықтары мен міндеттері
1. Сараптама сот сараптамасы органына тапсырылған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптаманы тағайындау туралы қаулыны және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының қаулыда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер қаулыда нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптаманы тағайындаған адамға үш күн мерзімде хабарлайды.
2. Сараптама жүргізу тергеу судьясының қаулысымен тағайындалған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін орган сот сараптамасы органының басшысына қажетті материалдарды, нәрселерді жолдайды.
3. Сараптама қорғаушының немесе жәбірленуші өкілінің сұрау салуы бойынша жүргізілген жағдайда, қажетті материалдарды қорғаушы немесе жәбірленушінің өкілі береді.
4. Сот сараптамасы органының басшысы:
1) егер: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайлары нақты сарапшылық міндеттерді шешуге мүмкіндік бермесе; сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып ұсынылған жағдайда, дәлелдерді көрсете отырып, қылмыстық процесті жүргізетін органға сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді қайтаруға;
2) егер осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, қылмыстық процесті жүргізетін адам алдында оларды сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы.
Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.
5. Сот сараптамасы органының басшысы:
1) сараптама жүргізу үшін қажетті объектілерді өздігінен талап етіп алдыруға;
2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды қылмыстық процесті жүргізетін органмен келіспей, сараптама жүргізуге тартуға;
3) сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.
6. Сот сараптамасы органының басшысы:
1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны және зерттеу объектілерін алғаннан кейін, сараптама жүргізуді осы Кодекстің 272-бабы бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сарапшысына немесе сарапшылар комиссиясына тапсыруға;
2) сот сарапшысының тәуелсіздігі қағидатын бұзбай, сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуын, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығы мен объективтілігін, сот сараптамасы объектілерінің сақталуының қамтамасыз етілуін бақылауды қамтамасыз етуге;
3) сараптама жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге;
4) зерттеулер жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 276-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).277-бап. Сот сараптамасы органынан тыс жерде сараптама жүргiзу
1. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру көзделсе, қылмыстық процесті жүргізетін орган оны тағайындау туралы қаулы шығарылғанға дейін өзі сараптама жасауды тапсыруға ниеттенген адамның жеке басына көз жеткізуге және сарапшыға қарсылық білдіру үшін осы Кодекстің 93-бабында көзделген негіздердің бар-жоғын тексеруге тиіс.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған осы Кодекстiң 79-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оның көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi. Бұл әрекеттердiң орындалғаны туралы қылмыстық процесті жүргізетін орган, тергеу судьясы сараптама тағайындау туралы қаулыда сарапшының қолымен куәландырылатын белгi жасайды. Сарапшы жасаған мәлiмдеме мен оның өтiнiшхаттары да осылайша тіркеледі. Сараптаманы тағайындаған адам сарапшының өтiнiшхатын қабылдамау туралы уәждi қаулы шығарады.
278-бап. Процеске қатысушылардың сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуы
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган сараптама жүргізу кезінде қатысуға, сарапшының жүргізіп жатқан әрекеттеріне қатысты түсіндірмесін алуға құқылы. Сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін органның қатысу фактісі сарапшының қорытындысында көрсетіледі.
2. Өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар сараптама жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен қатыса алады. Бұл жағдайда қылмыстық процесті жүргізетін органның қатысуы міндетті.
3. Қылмыстық сот ісін жүргізетін орган тиісті өтінішхатты қанағаттандырған кезде оны мәлімдеген адамға сараптаманың жүргізілетін орны мен уақыты хабарланады. Хабарланған адамның келмеуі сараптаманы жүргізуге кедергі келтірмейді.
4. Сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысып отырған процеске қатысушылар зерттеулер барысына араласуға құқылы емес, бірақ олар сот сараптамасының нысанасына қатысты түсініктемелер бере алады.
5. Егер сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысып отырған процеске қатысушы сот сарапшысының қызметіне кедергі келтірсе, соңғысы зерттеуді тоқтата тұруға және қылмыстық процесті жүргізетін органның не сараптама тағайындаған адамның алдында көрсетілген процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргізу кезінде қатысуға берілген рұқсаттың күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы.
6. Сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ, егер сот сараптамасын сот сарапшылары комиссиясы жүргізсе, сот сарапшыларының кеңесу және түйіндерді тұжырымдау сатысында процеске қатысушылардың қатысуына жол берілмейді.
7. Сот психиатриялық және сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың жүргізілуі құпиялық жағдайында жүзеге асырылады.
8. Адамға қатысты оны жалаңаштаумен ұштасатын сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу кезінде тек сол жыныстағы адамдар ғана қатыса алады. Осы шектеу көрсетілген зерттеулерді жүргізуге қатысатын дәрігерлерге және басқа да медицина қызметкерлеріне қолданылмайды.
279-бап. Сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға орналастыру
1. Егер адамға қатысты сот сараптамасын жүргізу сот-сараптамалық зерттеулерді стационар жағдайында жүргізуді көздейтін болса, онда күдікті, жәбірленуші, куә сараптама тағайындау туралы қаулының негізінде медициналық ұйымға орналастырылуы мүмкін.
Осы Кодекстің 271-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жәбірленушіні, куәні медициналық ұйымға орналастыруға оның жазбаша келісуімен ғана жол беріледі.
Егер көрсетілген адам кәмелетке толмаған немесе сот оны әрекетке қабілетсіз деп таныған болса, жазбаша келісімді заңды өкілі береді. Заңды өкіл қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда, жазбаша келісімді қорғаншылық және қамқоршылық органы береді.
2. Күзетпен ұсталмайтын күдіктіні, сондай-ақ жәбірленушіні, куәні сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға жіберу осы Кодекстің 14-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
2-1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасын жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамның орналасқан жері туралы оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірін, басқа да туыстарын немесе жақын адамдарын, ал олар болмаған кезде аталған адамның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органын жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге міндетті.
3. Өздеріне қатысты сараптама жүргізілетін адамдарды медициналық ұйымда ұстау қағидалары Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында айқындалады.
4. Стационарлық сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін күдіктіні медициналық ұйымға орналастыру кезінде оған күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілуге тиісті мерзім санкция алынған күннен бастап сарапшылар комиссиясының күдіктінің психикалық жай-күйі туралы қорытындысы алынғанға дейін үзіледі.
5. Өзіне қатысты сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізілетін адамның медициналық ұйымда болуының жалпы мерзімі отыз тәулікке дейін болады. Сот-сараптамалық зерттеулерді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген мерзім осы Кодекстің 14-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес сарапшының (сарапшылар комиссиясының) уәжді өтінішхаты бойынша отыз тәулікке ұзартылуы мүмкін.
Сот сараптамасына ерікті түрде тартылатын адам үшін көрсетілген мерзімді ұзартуды оның келісуімен сот сараптамасы органы басшысының не сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын сот сарапшысының (сот сарапшыларының) уәжді өтiнiшхаты бойынша сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) жүзеге асырады.
Сот сараптамасын жүргiзу үшiн медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастырылған адамдардың онда болу мерзiмiн ұзарту заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Өтінішхат сараптаманың жүргізілу мерзімі аяқталардан үш тәуліктен кешіктірмей сотқа ұсынылуға және ол алынған күннен бастап үш тәулік ішінде шешілуге тиіс. Сот мерзімді ұзартудан бас тартқан жағдайда, адам медициналық ұйымнан шығарылуға тиіс. Медициналық ұйымның басшысы мәлімделген өтінішхат пен оның сотта қаралу нәтижелері туралы өзіне қатысты сараптама жүргізілетін адамға, оның қорғаушысына, заңды өкіліне, өкіліне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін органға хабарлайды.
6. Медициналық ұйымда өзіне қатысты сот сараптамасы жүргізілетін адам, оның қорғаушысы, заңды өкілі, өкілі сараптаманың жүргізілу мерзімін ұзарту туралы қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 279-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.02.2017 № 45-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).280-бап. Сараптама объектiлерi
1. Заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесi мен психикасының жай-күйі, мәйiттер, жануарлар, үлгiлер, сондай-ақ қылмыстық iс материалдарындағы сараптама нысанасына жататын мәлiметтер сараптама объектiлерi болып табылады.
2. Сараптамалық зерттеу объектiлерiнiң анықтығы мен жол берілетіндігіне сараптаманы тағайындаған адам, орган кепiлдiк бередi.
3. Сараптамалық зерттеу объектiлерi, егер олардың көлемі мен қасиеттерi мүмкiндiк берсе, сарапшыға қапталған және мөрленген түрде берiледi. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектiлерi тұрған жерге жеткiзудi, оларға кедергісіз қол жеткiзудi және зерттеу жүргізу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге тиiс.
4. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
5. Сараптама жүргізу кезінде оның объектілері сараптаманы тағайындаған органның рұқсатымен зерттеулер жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін.
Көрсетілген рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда немесе сот сарапшысының өтінішхатын қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы уәжді қаулыда қамтылуға тиіс.
281-бап. Жеке-дара және комиссиялық сараптама
1. Сараптаманы сарапшы жеке-дара не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады.
2. Комиссиялық сараптама күрделi сараптамалық зерттеулер жүргiзу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бiр мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргiзедi.
3. Есiнiң дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн кемiнде үш сарапшы тағайындалады.
4. Комиссиялық сот сараптамасын жүргізу кезінде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді тәуелсіз және дербес түрде толық көлемінде жүргізеді. Сараптама комиссиясының мүшелерi алынған нәтижелердi бiрлесiп талдайды және ортақ пiкiрге келгенде қорытындыға не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарға қол қояды. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк болған жағдайда, олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бiр бөлiгi жеке қорытынды бередi не пiкiрi комиссияның басқа мүшелерiнiң қорытындыларына сәйкес келмеген сарапшы оны қорытындыда жеке тұжырымдайды.
5. Қылмыстық процесті жүргізетін органның, тергеу судьясының комиссиялық сараптама жүргiзу туралы қаулысы сот сараптамасы органының басшысы үшiн мiндеттi. Сот сараптамасы органының басшысы ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы.
1. Кешендi сараптама iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлi білім салалары негізінде зерттеу қажет болғанда тағайындалады және оны түрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыреті шегінде жүргізеді.
Кешендi сараптаманы бір сарапшы өзінің түрлi сарапшылық мамандықтар бойынша зерттеу жүргізуге құқығы болған жағдайда жүргізе алады.
2. Кешендi сараптаманың қорытындысында әрбiр сарапшының қандай зерттеудi, қандай көлемде жүргiзгенi және оның қандай түйіндерге келгенi көрсетiлуге тиiс. Әрбiр сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлiгiне қол қояды.
3. Сарапшылардың әрқайсысы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жай туралы ортақ түйінді (түйіндерді) тұжырымдайды. Ортақ түйінді (түйіндерді) алынған нәтижелердi бағалауға құзыретi бар сарапшылар ғана тұжырымдап, қол қояды. Егер комиссияның түпкiлiктi түйінінің немесе оның бiр бөлiгiнің негiзі сарапшылардың бiрi (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактiлер болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетiлуге тиiс.
4. Сарапшылар арасында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, зерттеулердің нәтижелері осы Кодекстiң 281-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес ресімделеді.
5. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешендi сараптама жүргiзудi ұйымдастыру органның басшысына жүктеледi. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ ұсынылған материалдар бойынша кешендi сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы.
283-бап. Сарапшы қорытындысының мазмұны
1. Қажеттi зерттеулер жүргiзiлгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере отырып, сарапшы (сарапшылар) өз атынан қорытынды жасап, оны өзінің қойған қолымен және жеке мөрiмен растап, сараптаманы тағайындаған адамға жiбередi. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргiзген жағдайда, сарапшының (сарапшылардың) қойған қолы көрсетілген органның мөрiмен расталады. Сарапшының (сарапшылардың) қорытындысы электрондық құжат түрінде ресімделуі мүмкін.
2. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманы жүргізу мерзімдері мен орны; сот сараптамасын жүргізу негіздері; сараптаманы тағайындаған орган туралы мәліметтер; сараптаманы жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); өзінің көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертілгені туралы сарапшының (сарапшылардың) қойған қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; олардың жай-күйі, қаптамасы, мөрленгені, куәгерлердiң қатысуы кезінде олардың қойған қолдарымен расталғаны; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндерінің негіздемесі мен тұжырымдалуы көрсетілуге тиіс.
3. Егер зерттеу барысында осы Кодекстiң 284-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердің барлығына немесе кейбiреуiне жауап берудiң мүмкiн болмауының негiздемесi қамтылуға тиiс.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.
Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.284-бап. Қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабар
Егер сарапшы зерттеу жүргiзгенге дейiн өзінің алдына қойылған мәселелер өзiнiң арнаулы ғылыми білiмдерiнiң аясынан тыс екенiне немесе өзіне ұсынылған зерттеу объектілері не материалдары қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз екенiне және толықтырыла алмайтынына не ғылым мен сот сараптамасы тәжiрибесiнiң жайы қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкiндiк бермейтiнiне көзi жеткізсе, ол қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабар жазып, оны сараптама тағайындаған адамға жiбередi.
285-бап. Сарапшыдан және маманнан жауап алу
1. Сарапшыдан немесе маманнан жауап алу:
1) сарапшының немесе маманның қорытындысына байланысты іс үшін елеулі мәні бар, қосымша зерттеуді қажет етпейтін мәселелерді анықтау;
2) сарапшы, маман қолданған әдістерді және пайдаланылған терминдерді нақтылау;
3) қорытындының құрамдас бөлігі болып табылмайтын, бірақ сарапшының немесе маманның сотқа дейінгі процеске қатысуына байланысты басқа да фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат алу;
4) сарапшының немесе маманның біліктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Сарапшы мен маманнан жауап алу осы Кодекстің 210-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
3. Сарапшыдан, маманнан олар қорытынды бергенге дейін жауап алуға тыйым салынады.
4. Сарапшыдан тірі адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған, өзінің қорытындысына қатысы жоқ мән-жайлардың себептері бойынша жауап алынбайды.
286-бап. Күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге сарапшының қорытындысын көрсету
1. Сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабары, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге не осы Кодекстің 274-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген өзге адамдарға ұсынылады, олар өз ескертулерін ұсынуға, сарапшының түйіндері бойынша қарсылықтарын мәлімдеуге, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама, сондай-ақ жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтінішхаттарын мәлімдеуге құқылы. Мұндай өтінішхат қанағаттандырылған немесе қабылданбаған жағдайда, қылмыстық қудалау органы тиісті қаулы шығарады, ол өтінішхатты мәлімдеген адамға одан қолхат алып хабарланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарды сарапшының қорытындысымен және одан жауап алудың хаттамасымен таныстыру туралы хаттама жасалады, хаттамада олардың жасаған мәлiмдемелері немесе қарсылықтары көрсетiледi.
3. Осы баптың қағидалары күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы немесе күдікті, жәбiрленушi деп тану туралы қаулы шығарылғанға дейiн сараптама жүргiзiлген жағдайларда да қолданылады.
287-бап. Қосымша және қайталама сараптамалар
1. Қорытындының анықтығы немесе толықтығы жеткіліксіз болған, сондай-ақ алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттігі туындаған кезде қосымша сараптама тағайындалады.
2. Қосымша сараптама жүргізу нақ сол не өзге сарапшыға тапсырылуы мүмкін.
3. Сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткiлiктi түрде негiздi болмағанда не оның түйіндері күмән туғызған не сараптаманы тағайындау мен жүргізу туралы процестік нормалар елеулi түрде бұзылған жағдайларда, дәл сол объектiлердi зерттеу және дәл сол мәселелердi шешу үшiн қайталама сараптама тағайындалады.
4. Қайталама сараптама тағайындау туралы қаулыда алдыңғы сараптаманың нәтижелерімен келіспеу себептері келтірілуге тиіс.
5. Қайталама сараптама жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргiзген сарапшылар қайталама сараптама жүргiзген кезде қатысып, комиссияға түсiнiктемелер бере алады, бiрақ олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.
6. Қосымша және қайталама сараптамалар жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары берілуге тиіс.
7. Қосымша және қайталама сараптамалар осы Кодекстiң 270, 272 – 284-баптарының талаптары сақтала отырып тағайындалады және жүргiзiледi.
8. Екінші немесе реті бойынша келесі сараптама олардың біреуі – қосымша сараптамаға, ал өзгелері қайталама сараптамаға жататын бірнеше негіздер бойынша тағайындалса, осындай сараптама қайталама сараптама жүргізу қағидалары бойынша жүргізіледі.
36-тарау. СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУДІ ТОҚТАТУ ЖӘНЕ ҚАЙТА
БАСТАУ, КҮДІКТІГЕ, АЙЫПТАЛУШЫҒА ІЗДЕСТІРУ ЖАРИЯЛАУ, ЖОҒАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
288-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы уәжді қаулы шығарылады.
2. Қаулының кіріспе бөлігінде оны жасау уақыты мен орны, тоқтату туралы шешім қабылдаған адамның тегі және лауазымы көрсетіледі.
3. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам туралы, күдіктің мәні, қылмыстық заңға сәйкес саралануы және қолданылған бұлтартпау шарасы көрсетіле отырып, қылмыстық істі тоқтатуға негіз болған мән-жайлар жазылады.
4. Қаулының қарар бөлігінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатуға негіз болған осы Кодекстің бабына (бөлігіне, тармағына) сілтеме жасала отырып, істі тоқтату туралы шешім, сондай-ақ бұлтартпау, мүлікке тыйым салу, лауазымынан уақытша шеттету, сөйлесулерді тыңдау мен жазу шарасының, процеске қатысушылардың құқықтарын шектейтін басқа да процестік мәжбүрлеу шараларының, тергеу және процестік әрекеттердің күшін жою, заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы нұсқау, сондай-ақ егер қорғалатын адамға қатысты жеке қауіпсіздік шаралары қолданылған болса, олардың күшін жою немесе жүзеге асырылуын жалғастыру туралы шешім баяндалады.
5. Іс бойынша бірнеше күдікті, айыпталушы тартылып отырса, ал тоқтатудың негізі барлық күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты болмаса, қылмыстық қудалау тек жеке күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты тоқтатылады.
Жекелеген күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату тиісті қылмыстық құқық бұзушылық бойынша анықталмаған өзге де адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру үшін кедергі болып табылмайды.
6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында және үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде өзіне қатысты осы шешім қабылданған адамның кінәлі еместігіне күмән келтіретін тұжырымдауларды қаулыға қосуға жол берілмейді.
Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.289-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылғаннан кейінгі әрекеттері
1. Қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір тәулік ішінде қаулы мен қылмыстық істі прокурорға бекіту үшін жібереді.
Қылмыстық іс бір бөлігінде не жекелеген күдіктілерді қылмыстық қудалау толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатылған кезде прокурорға бекіту үшін қаулы жіберіледі.
2. Прокурор бекіткен қаулы келіп түскеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адам күдіктіні, оның қорғаушысын, заңды өкілін, жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тоқтатылғаны және оны тоқтату негіздері туралы хабардар етеді.
Аталған адамдарға істің материалдарымен танысу құқығы және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсіндіріледі. Осы адамдардың өтінішхаты бойынша оларға прокурор бекіткен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулының көшірмесі табыс етіледі.
Ескерту. 289-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.290-бап. Прокурордың қылмыстық іс тоқтатылған кездегі әрекеттері
1. Келіп түскен қылмыстық істі оны тоқтату туралы қаулымен бірге немесе қылмыстық істі бір бөлігінде не жекелеген күдіктілерді қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулыны зерделеу нәтижелері бойынша прокурор олар келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтату туралы қаулыны бекітеді;
2) уәжді қаулымен қаулыны бекітуден бас тартады және қажетті тергеу және процестік әрекеттерді жүргізу туралы көрсете отырып, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады;
3) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген өзге де негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көзделген шешімдер қабылданған жағдайда қаулы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген адамға мүдделі адамдарды хабардар ету, сондай-ақ заттай дәлелдемелердің тағдыры, бұлтартпау шараларының, мүлікке тыйым салудың, лауазымнан уақытша шеттетудің, басқа да процестік мәжбүрлеу шараларының күшін жою, қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе оларды одан әрі жүзеге асыру туралы шешімдерді орындау үшін жіберіледі.
Күдіктіге қатысты таңдап алынған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылған жағдайда прокурор қаулының көшірмесін дереу күзетпен ұстау орнының әкімшілігіне орындау үшін жібереді.
3. Осы Кодекстің 289-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша прокурор оларға тоқтатылған қылмыстық істің материалдарымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 290-бап жаңа редакцияда - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.291-бап. Тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды қайта бастау
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды ол тоқтатылғаннан кейін қайта бастау прокурор не сот оны тоқтату туралы қаулының күшін жойғаннан кейін жүзеге асырылады.
Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің шарттары орындалмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарған сот прокурордың өтінішхаты бойынша осындай қаулының күшін жояды.
2. Іс бойынша іс жүргізудің қайта басталғаны туралы күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбірленуші және оның өкілі, заматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сондай-ақ өздерінің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған адам немесе ұйым жазбаша хабардар етіледі.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастау, егер адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі аяқталмаса ғана орын алуы мүмкін.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы баптың ережелеріне сәйкес қайта басталған жағдайда, прокурор күзетпен ұстауды немесе үйқамақты қоспағанда, уәжді қаулысымен бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
5. Егер прокурор күзетпен ұстау немесе үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасын таңдау қажет деп тапса, ол тиісінше осы Кодекстің 146 және 147-баптарын басшылыққа алады.
Ескерту. 291-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.292-бап. Күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау
1. Күдіктіні, айыпталушыны іздестіру оның тұрған жерін анықтау, ұстап алу және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның қарауына беру шараларын қолдануды көздейді.
Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғаннан кейін оған қатысты, сондай-ақ айыпталушыға қатысты іздестіру жариялануы мүмкін.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам күдіктіге, айыпталушыға іздестіру жариялау туралы қаулы шығарады, онда олардың жеке басы туралы белгілі болған барлық мәліметтер, іздестіруді жүргізу негіздері көрсетіледі және іздестіру жүргізуді анықтау органдарына тапсырады.
2. Осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздер болған кезде іздестіру жарияланған күдіктіге, айыпталушыға қатысты ол табылған жағдайда бұлтартпау шарасы таңдалуы мүмкін. Осы Кодекстің 147-бабында көзделген жағдайларда тергеу судьясының санкциясы бойынша күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін.
Іздестіріліп жатқан адамға қатысты бұлтарпау шарасын таңдау туралы қаулы, сондай-ақ тиісті жағдайларда оны санкциялау туралы соттың қаулысы іздестіруді жүзеге асыратын органға жіберіледі.
3. Күдікті, айыпталушы анықталған жағдайда, ол осы Кодекстің 131-бабында белгіленген тәртіппен ұстап алынуы мүмкін.
4. Халықаралық iздестіру жариялау үшін негiздер болған кезде қылмыстық қудалау органы күдіктіге, айыпталушыға халықаралық iздестіру жариялау туралы жеке қаулы шығарады.
Халықаралық iздестiру жариялау туралы қаулыны санкциялау осы Кодекстiң 56-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 292-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).293-бап. Жоғалған қылмыстық iстi не оның материалдарын қалпына келтiру
1. Жоғалған қылмыстық iстi не оның материалдарын қалпына келтiру – прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысы бойынша, ал қылмыстық iс немесе материалдар сот iсiн жүргiзу барысында жоғалған жағдайда прокурорға орындау үшiн жiберiлетiн сот шешiмi бойынша жүргiзiледi.
2. Қылмыстық iстi қалпына келтiру осы Кодексте белгiленген тәртiппен дәлелдемелер деп танылуы мүмкiн қылмыстық iс материалдарының сақталған көшiрмелерi, оның ішінде электрондық немесе қағаз жеткізгіштердегі мәліметтер бойынша не қылмыстық процестi жүргiзетiн органның процестік әрекеттер жүргiзу арқылы, сондай-ақ ақпараттық-есепке алу құжаттарының, өзге қажетті материалдардың негізінде жүргiзiледi.
3. Қылмыстық iстi қалпына келтiру кезiнде анықтау, алдын ала тергеу және күзетпен ұстау мерзiмдерi осы Кодекстiң 151, 192-баптарында белгiленген тәртiппен есептеледi.
4. Егер жоғалған қылмыстық iс бойынша күзетпен ұстаудың шектi мерзiмi өтіп кетсе, күдікті дереу босатылуға жатады.
37-тарау. ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУДІҢ АЯҚТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ
МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ
294-бап. Тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны және қылмыстық істің материалдарымен танысу құқығын түсіндіру туралы хабарлау
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс бойынша осы Кодекстің 113-бабының талаптарына сәйкес дәлелденуге жататын барлық мән-жайлардың анықталғанын мойындап, күдіктіні, егер оның қорғаушысы, заңды өкілі іске қатысып отырған болса, оларды, сондай-ақ жәбірленушіні, оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Осы баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацында көрсетілген адамдарды хабардар етумен бір мезгілде оларға қылмыстық іс материалдарымен танысу, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу не басқа процестік шешімдер қабылдау туралы өтінішхаттарды мәлімдеу құқығы түсіндіріледі. Хабарламада, сондай-ақ, танысу орны және олар қылмыстық іс материалдарымен таныса алатын мерзім қамтылады.
2. Егер қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізуді аяқтау кезінде не күдіктінің және оның қорғаушысының іс материалдарымен танысу кезеңінде күзетпен ұстау мерзімдері бітсе, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктіні күзетпен ұстау мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты соттың алдында қозғау туралы қаулы шығарады.
Күдіктіні күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау осы Кодекстің 152-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 307-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша кәмелетке толмаған күдіктінің немесе кәмелетке толмаған жәбірленушінің мүдделерін білдіретін тарапқа кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын істі аудандық және оған теңестірілген сотта қарату құқығын түсіндіруге міндетті.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушының қылмыстық іс материалдарымен танысқаны туралы хаттама жасайды. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша қылмыстық іс материалдармен танысу бір уақытта жүргізілуі мүмкін, ол туралы біртұтас хаттама жасалады.
Күдікті қылмыстық іс материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда, ол туралы хаттамада белгі жасалады.
Егер күдіктінің қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің өкілдері белгіленген уақытта танысуға дәлелді себептер бойынша келе алмаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам танысуды бес тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге қалдырады.
Осы мерзім ішінде күдіктінің қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі келмеген жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам басқа қорғаушының немесе өкілдің келуі үшін шара қолданады.
295-бап. Жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді және олардың өкілдерін іс материалдарымен таныстыру
1. Жәбірленушінің немесе оның өкілінің ауызша немесе жазбаша өтінішхаты болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы адамдарды іс материалдарымен немесе олардың танысқысы келген бір бөлігімен таныстырады. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, егер олар өтінішхатты мәлімдеген болса, іс материалдарының азаматтық талап қоюға қатысты бөлігімен танысады.
2. Таныстыру осы Кодекстің 296-бабында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
296-бап. Күдікті мен оның қорғаушысын істің барлық материалдарымен таныстыру
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 295-бабының талаптарын орындай отырып, күдіктіге және оның қорғаушысына айыптаулар тізімін қоспағанда, тігіліп, нөмірленіп, іс парақтарының тізімдемесіне енгізіліп, байланып және тергеу органының мөрімен куәландырылып қойылуға тиіс қылмыстық істің барлық материалдарын ұсынады. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша танысу үшін заттай дәлелдемелер де ұсынылады және егер тергеу әрекеттерінің хаттамаларына қоса берілген болса, фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, слайдтар, өзге де ақпарат жеткізгіштер тыңдатып-көрсетіледі. Күдіктінің немесе оның қорғаушысының өтінуі бойынша олар істің материалдарымен бірге немесе бөлек таныса алады.
2. Күдікті және қорғаушы іс материалдарымен танысу процесінде, егер ол бірнеше томнан тұратын болса, олардың кез келгеніне қайта оралуға, сондай-ақ кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, құжаттардың көшірмелерін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқылы. Істің мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтері бар құжаттарынан үзінділер мен көшірмелер іспен бірге сақталады және күдіктіге не оның қорғаушысына сот отырысы уақытында беріледі.
3. Күдікті мен қорғаушыға істің барлық материалдарымен танысу үшін қажетті уақыт шектелмейді. Егер күдікті мен қорғаушы істің материалдарымен танысу уақытын көрінеу созбаласа, онда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілі бір мерзімді белгілей отырып, прокурор бекіткен іс материалдарымен танысу графигін жасауға құқылы.
4. Күдікті мен қорғаушы іс материалдарымен танысып болғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам олардың өтінішхат мәлімдейтінін және нақты не туралы екенін, қандай өзге де мәлімдемелер жасағысы келетінін анықтауға міндетті.
Бұл ретте күдікті мен оның қорғаушысы қылмыстық іске міндетті түрде қоса тігілетін қосымша дәлелдемелер мен өзге ақпарат береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам осы Кодекстің 297-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген тәртіппен қосымша тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы.
Тараптардың сол кезде қолда бар дәлелдемелер мен өзге материалдарды толық көлемде ұсынбауы оларды дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды деп тануға алып келеді.
Бұл ретте қорғау тарапы, өзінің пікірі бойынша, күдіктіні қорғау мүдделерін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызы бар дәлелдемені, уәждемесіне қарамастан, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына бермеуге құқылы.
Күдікті мен оның қорғаушысынан олардың жауап алынған куәлардың, сондай-ақ іске қатысатын сарапшылардың, мамандардың және куәгерлердің арасынан нақты қайсысын сот отырысына жауап алу және қорғану ұстанымын растау үшін шақыртқысы келетіні анықталуға тиіс.
Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).297-бап. Қылмыстық істің материалдарымен танысу аяқталған соң мәлімделген өтінішхаттарды қарау және шешу тәртібі
1. Осы Кодекстің 294-бабында көрсетілген адамдардың қылмыстық іс материалдарымен танысуы аяқталғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қандай да бір өтінішхаттардың немесе өзге де мәлімдемелердің бар-жоғын анықтайды.
2. Күдіктінің, оның қорғаушысының, заңды өкілінің, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің іс материалдармен танысқаннан кейін ауызша мәлімдеген өтінішхаттары танысу туралы хаттамаға енгізіледі.
Процеске қатысушы өтінішхатты жазбаша түрде баяндау ниеті туралы мәлімдеген жағдайларда, оны дайындауға қажетті, үш тәуліктен аспайтын уақыт ұсынылады, таныстыру туралы хаттамада бұл туралы белгі жасалады. Жазбаша өтінішхат іске қоса беріледі.
3. Өтінішхат осы Кодекстің 99-бабында белгіленген тәртіппен қарастырылады және шешіледі, оның негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес. Мұндай жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу қажеттігін мойындай отырып, тергеу әрекеттерін жүргізуді қайта бастау және өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулы шығарады, бұл ретте процеске басқа қатысушылардың қылмыстық iс материалдарымен танысуының жалғасуы өтінішхатты шешуге және ол қанағаттандырылған жағдайда, бұл тергеу әрекеттерiн жүргiзуге кедергі болмайды.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қосымша тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін тергеу әрекеттерінің аяқталғаны туралы қайтадан жариялайды және қылмыстық іс материалдарымен бұрын танысқан процеске қатысушыларға қосымша тергеу әрекеттерінің материалдарымен не олардың өтінуі бойынша қылмыстық істің материалдарымен осы тарауда белгіленген тиісті қатысушылар құқықтарының шегінде танысу құқығы мүмкіндігін түсіндіреді.
5. Мәлімделген өтінішхаттарды қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартылған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тиісті қаулы шығарады, оның көшірмесін өтінішхатты мәлімдеген адамның жеке өзіне бір тәулік ішінде табыс етеді немесе оған байланыстың қолжетімді құралдары арқылы жібереді.
6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық іс бойынша өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуына өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі алынған кезден бастап үш тәулік ішінде прокурорға шағым жасауға болады.
7. Прокурор шағымды шешкенге дейiн қылмыстық iс сотқа жiберiлмеуге тиiс. Прокурордың өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартуға берілген шағымды қабылдамауы осы өтінішхатты сотта мәлімдеуге кедергі болмайды.
38-тарау. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау және қылмыстық істі прокурорға жіберу
Ескерту. 38-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
298-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасау
Ескерту. 298-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процеске қатысушыларды қылмыстық іс материалдарымен таныстырғаннан және олардың өтінішхаттарын шешкеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасайды.
Ескерту. 1-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
2. Егер адамға бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген болса, олардың әрқайсысын сипаттау уақыт бойынша басқалардан ерте жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтан бастап, хронологиялық тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 298-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепте мыналар көрсетіледі:
1) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің жасалған уақыты және орны;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
3) күдіктінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оның туған күні, айы, жылы және туған жері, оған жасады деп айып тағылып отырған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заңның нақты бабы, бабының бөлігі және тармағы;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың оқиғасы, жасалған орны мен уақыты, оның тәсілі, салдары және өзге де мән-жайлар;
5) адамды айыптауға негіз болатын мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тізбесі;
6) айыптау актісін шығару туралы мәселені шешу үшін қылмыстық істі прокурорға жіберу және қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу туралы шешім.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке оны жасаған адам қол қояды.
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері, оның айғақтары берілген қылмыстық іс парағының және томының нөміріне сілтеме көрсетіледі.
Тізім екі бөліктен: күдікті және қорғаушы атаған адамдардың тізімінен (қорғау тізімінен) және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адам жасаған тізімнен (айыптау тізімінен) тұруға тиіс.
Тізім мөрленген конвертке салынады және қылмыстық іске қоса тігіледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепке сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі, бұлтартпау шарасы, адамды күзетпен ұстау мерзімі, қолда бар заттай дәлелдемелер және оларды сақтау орны, азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қабылданған шаралар, күдіктіден өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою көрсетілетін анықтама да қоса беріледі.
Ескерту. 299-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
300-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті және қылмыстық істі прокурорға жіберу
Ескерту. 300-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
1. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге прокурорға жіберіледі.
Ескерту. 1-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
2. Күдікті күзетілуде болған жағдайда, қылмыстық істің материалдарына оның жеке басын куәландыратын құжат қоса беріледі. Қалған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәландырған көшірме қоса тігіледі.
3. Шетелдік не азаматтығы жоқ адам болып табылатын күдіктіде оның жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, материалдарға айрықша жағдайларда өзге құжат қоса берілуі мүмкін.
Ескертпе. Осы бапта:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
6) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
7) босқын куәлігі;
8) теңізшінің жеке куәлігі;
9) шетелдік паспорт;
10) жүргізушінің куәлігі;
11) қайтып оралуға арналған куәлік;
12) жеке куәлік алуға жасы толмаған адамның туу туралы куәлігі;
13) туу туралы актілік жазба;
14) әскери билет жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады.
Ескерту. 300-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.39-тарау. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімдері және әрекеттері
Ескерту. 39-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
301-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделеу кезінде прокурор шешетін мәселелер
Ескерту. 301-баптың тақырыбы және бірінші абзацы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық істі зерделейді және мыналарды:
1) іс-әрекеттiң орын алғанын-алмағанын және іс-әрекет қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қамтитынын-қамтымайтынын;
2) iсте оны тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлардың бар-жоғын;
3) күдіктінің іс-әрекетi қайта саралауға жататынын-жатпайтынын;
Ескерту. 3) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
4) адамға тағылып отырған іс-әрекеттің істе бар дәлелдемелермен расталғанын-расталмағанын;
5) адамның анықталған қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттердің барлығы бойынша күдікті деп танылғанын-танылмағанын;
6) іс бойынша өздеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы дәлелдемелер алынған барлық адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін шаралардың қабылданғанын-қабылданбағанын;
7) істе бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге не оның күшін жоюға негіздердің бар-жоғын;
Ескерту. 7) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
8) азаматтық талап қоюды және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шараларының қабылданғанын-қабылданбағанын;
8-1) күдіктінің, айыпталушының мүлкі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда ықтимал тәркілеу үшін негіз болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықпен байланысты-байланысты емес екенін және осы мүліктің тәркілеу нысанасына жататындығына дәлелдемелердің ұсынылғанын-ұсынылмағанын;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде қылмыстық-процестік заңды елеулі бұзушылықтарға жол берілгенін-берілмегенін;
10) қылмыстық қудалау органының процестік шығындар сомаларын және соттың оларды өндіріп алуын қамтамасыз ету үшін өзге де сомаларды анықтау шараларын қабылдағанын-қабылдамағанын;
11) процестік келісім жасасу үшін негіздердің бар-жоғын тексереді.
Ескерту. 301-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.302-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге келіп түскен қылмыстық іс бойынша прокурордың шешімі және әрекеттері
Ескерту. 302-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
1. Қылмыстық іс материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша прокурор мынадай әрекеттердің бірін жүргізеді:
1) айыптау актісін жасайды;
Ескерту. 1) тармақ жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
2) алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қылмыстық істі қосымша тергеу жүргізу үшін жібереді;
4) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі толық көлемде немесе оның бір бөлігін қысқартады;
5) өз қалауы немесе қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша процестік келісім жасасу туралы мәселені шешеді;
6) қорғаушы куәлардың тiзiмiн қоспағанда, сотқа шақырылуға жататын адамдардың тiзiмiн толықтырады немесе қысқартады.
2. Прокурор осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді он тәулік ішінде жүзеге асырады, ал күрделі, көп эпизодты қылмыстық істер бойынша бұл әрекеттер бір айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 302-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
302-1-бап. Айыптау актісінің мазмұны
1. Прокурордың айыптау актісі кіріспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөліктерінен тұрады.
2. Кіріспе бөлікте прокурор өзіне (өздеріне) қатысты айыптау актісі жасалып жатқан айыпталушының (айыпталушылардың) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), айыпталушы (айыпталушылар) туралы мәліметтерді (азаматтығы, отбасылық жағдайы, айналысатын кәсібі, білімі, тұрғылықты жері, сотталғандығының бар-жоғы), оны (оларды) сипаттайтын өзге де деректерді, оған (оларға) қатысты таңдалған бұлтартпау шарасын, оның (олардың) әрекеттері сараланатын қылмыстық заңды (бапты, бөлікті, тармақты) көрсетеді.
3. Сипаттау-уәждеу бөлігінде: айыптаудың мәні, қылмыстың жасалған орны мен уақыты, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар, жәбірленуші туралы мәліметтер, айыпталушының кінәлілігін растайтын дәлелдемелер; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес ықтимал тәркіленуге жататын мүлік туралы мәліметтер; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес мүліктің ықтимал тәркіленуге жататынын растайтын дәлелдемелердің тізбесі; оның жауаптылығын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар; психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтардан (аурулардан) емдеуді қолданудың алғышарттары болып табылатын мән-жайлар туралы мәліметтер; қорғаушы тараптың өз пайдасына берген дәлелдері және осы дәлелдерді тексеру нәтижелері баяндалады. Айыптау актісінде істің томдары мен парақтарына сілтемелер болуға тиіс.
4. Айыптау актісінің қарар бөлігінде айыпталушының (айыпталушылардың) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), оған жасады деп айып тағылып отырған іс-әрекет сараланатын қылмыстық заңның нақты бабы, бабының бөлігі мен тармағы, айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі соттылығы бойынша сотқа жіберу туралы шешім көрсетіледі.
5. Айыптау актісіне оның жасалған орны мен күні көрсетіле отырып, прокурор қол қояды.
6. Адам қылмыстық заңның әртүрлі баптарында, баптарының бөліктерінде немесе тармақтарында көзделген бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған кезде айыптау актісінде осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың әрқайсысы жеке сараланып көрсетілуге тиіс.
Бір қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бірнеше адам айыпталған кезде айыптау актісінде қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы әрбір айыпталушыға қатысты көрсетіледі.
7. Айыптау актісіне сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері, оның айғақтары берілген қылмыстық іс парағының және томының нөміріне сілтеме көрсетіледі.
Тізім екі бөліктен: қорғаушы тарап атаған адамдардың тізімінен (қорғау тізімінен) және прокурор жасаған тізімнен (айыптау тізімінен) тұруға тиіс.
Тізім мөрленген конвертке салынады және қылмыстық іске қоса тігіледі.
Айыптау актісіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі, бұлтартпау шарасы, адамды күзетпен ұстау мерзімі, қолда бар заттай дәлелдемелер және оларды сақтау орны, азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету және сот үкімін орындау үшін қабылданған шаралар, айыпталушыдан өндіріп алынуға жататын процестік шығындар мен сомалар, мәлімделген талап қою көрсетілетін анықтама да қоса беріледі.
Ескерту. 302-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
303-бап. Прокурордың бұлтартпау шарасы туралы шешімі
1. Осы Кодекстің 302-бабының бірінші бөлігінде санамаланған мәселелерді шешкен кезде прокурор күдіктіге қатысты бұрын таңдалған бұлтартпау шарасының күшін уәжді қаулымен жоюға немесе оны өзгертуге не, егер ондай қолданылмаған болса, бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
2. Егер прокурор кепіл, күзетпен ұстау немесе үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою, оны өзгерту не таңдау не күдіктінің күзетпен ұсталу немесе үйқамақта болу мерзімін ұзарту қажет деп тапса, ол тиісінше осы Кодекстің 145, 146, 147, 152 және 153-баптарын басшылыққа алады.
Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
304-бап. Айыптау актісін табыс ету
1. Прокурор айыптау актісінің айыпталушыға табыс етілуін қамтамасыз етеді. Айыпталушының құқықтарын түсіндіру қамтылған, айыптау актісін айыпталушының алғаны туралы қолхат іске қоса тігіледі.
2. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және прокуратура органдарына келуден жалтарған жағдайларда, прокурор айыптау актісін айыпталушыға қолжетімді байланыс құралдары арқылы жібереді.
Қажет болған жағдайда, прокурор қылмыстық істі сотқа жіберу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілерде жариялауды ұйымдастырады.
3. Айыптау актісінің көшірмесі айыпталушының қорғаушысына, жәбірленушіге және оның заңды өкіліне табыс етіледі не көрсетілген адамдарға қолжетімді байланыс құралдары арқылы жіберіледі.
4. Егер айыпталушы не жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүзеге асырылған сот ісін жүргізудің таңдалған тілін білмесе, айыптау актісі олар білетін тілде табыс етіледі.
Ескерту. 304-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.305-бап. Қылмыстық істі сотқа жіберу
Ескерту. 305-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:
ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
1. Осы Кодекстің 304-бабында көзделген әрекеттер жасалған соң прокурор айыптау актісімен бірге қылмыстық iстi соттылығы бойынша сотқа жібереді.
Ескерту. 1-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
2. Егер айыпталушы күзетілуде болса, прокурор күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысын қылмыстық істің сотқа жіберілгені және айыпталушының сотқа берілгендігі туралы хабардар етеді.
3. Процеске қатысушылардан істі сотқа жiбергеннен кейін келіп түскен өтiнiшхаттар мен шағымдар тiкелей сотқа жолданады.
Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 7-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ.
БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ
40-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ
306-бап. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Мамандандырылған соттардың соттылығына жатқызылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер, егер олардың соттылығы осы Кодексте көзделген жағдайларда өзгертілмеген болса, аудандық және оған теңестірілген соттың соттылығына жатады.
3. Мамандандырылған тергеу соттары, мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, жедел-іздестіру қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды, осы Кодексте көзделген жағдайларда процестік әрекеттерді санкциялайды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Үкімді орындау сатысында аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескертпе. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған тергеу соттары, мамандандырылған ауданаралық тергеу соттары құрылмаса, олардың соттылығына жатқызылған материалдарды осы Кодекстің 232, 234, 240-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аудандық және оларға теңестірілген соттар (тергеу судьясы) қарауға құқылы. Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясын (судьяларын) осы соттың төрағасы судьялар арасынан тағайындайды. Тергеу судьясын ауыстыру қажет болған кезде ол қайта тағайындалуы мүмкін.
Ескерту. 306-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.307-бап. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Мамандандырылған ауданаралық сот бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді, оның соттылығына:
1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизонның әскери сотының соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 (екінші бөлігінің 11) тармағында), 107 (екінші бөлігінің 8) тармағында), 122 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 123 (екiншi бөлiгiнде), 124 (бірінші және екінші бөліктерінде), 132 (бірінші және екінші бөліктерінде), 133, 134, 135(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 136, 137, 138, 139(балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау бөлігінде), 140, 141, 142, 143 және 144-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер жатады.
2. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар үкімді орындау сатысында өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
4. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық іс осы Кодекстің 317-бабында көзделген жағдайларда жалпы юрисдикция сотының қарауына берілуі мүмкін.
Ескерту. 307-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 111-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.308-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттылығына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген аса ауыр қылмыстар туралы, 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар үкімді орындау сатысында өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескерту. 308-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.309-бап. Қылмыстық істердің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың және гарнизондардың әскери соттарының соттылығына жатуы
1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 18-тарауында көзделген аса ауыр әскери қылмыстар туралы;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе әскери бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде осы бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персонал адамдары жасаған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген басқа да аса ауыр қылмыстар туралы, 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың соттылығына жататын істерді қоспағанда, гарнизондардың әскери соттарының соттылығына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 18-тарауында көзделген әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер жатады.
4. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары үкімді орындау сатысында өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мамандандырылған ауданаралық әскери соттар мен гарнизондардың әскери соттары өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескерту. 309-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.310-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Облыстық және оған теңестірілген сот апелляциялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
3. Алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Облыстық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында тергеу судьясының қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайды.
5. Үкімді орындау сатысында облыстық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттардың осы Кодекстің 475 және 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына жекеше шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық тәртіппен қарайды.
6. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, облыстық және оған теңестірілген соттар өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескерту. 310-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
310-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
311-бап. Әскери соттың соттылығына жататын істер
1. Әскери сот апелляциялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген, оның ішінде осы Кодекстің 475, 476-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған үкімдері мен қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
3. Алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).4. Әскери сот осы Кодексте көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескерту. 311-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.312-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау
Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған не оны жасағаннан кейін жүйке ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді осы Кодекстің 306, 307, 308 және 309-баптарында белгіленген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы сот қарайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!313-бапты алып тастау көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
313-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жататын қылмыстық істер
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1) бірінші сатыдағы соттардың үкімдерін, қаулыларын апелляциялық сатыда қарағаннан кейін оларды қайта қарау туралы өтінішхаттарды, апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдерін, қаулыларын;
2) бірінші сатыдағы соттың үкімдері мен қаулылары апелляциялық сатыда қайта қаралғанына не қаралмағанына қарамастан – оларға, апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға Бас Прокурордың наразылықтарын сот алқасында қарайтын жоғары сот сатысы ретінде әрекет етеді.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы өздерінің соттылығына жатқызылған істер бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.
Ескерту. 313-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.314-бап. Қылмыстық iстердiң аумақтық тұрғыдағы соттылығы
1. Қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегi сотта қаралуға жатады.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 09.10.2024 № 52-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.
2. Егер қылмыстық құқық бұзушылық бiр соттың қызметі жерiнде басталып, басқа соттың қызметі жерiнде аяқталса, iс тергеп-тексеру аяқталған жердегi соттың соттылығына жатады.
3. Егер қылмыстық құқық бұзушылық Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жасалса немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердi анықтау мүмкiн болмаса немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар әртүрлi жерде жасалса, iстi тергеп-тексеру аяқталған жердегi сот қарайды.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 09.10.2024 № 52-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп, айыптау хаттамасы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасалған немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы қаулы шығарылған жер тергеп-тексеру аяқталған жер болып табылады.
Ескерту. 3-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 314-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
315-бап. Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты айқындау
Бір адамды немесе адамдар тобын бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптау кезінде, олардың ең болмағанда біреуі аса ауыр қылмыс санатына жататын болса, істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды, ал осы Кодекстің 309-бабында көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды.
Аса ауыр санатқа жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық сыбайластық арқылы жасалған жағдайда және істі жеке іс жүргізуге бөліп шығару мүмкін болмаған кезде істерді:
егер сыбайластардың арасында әскери қызметші болмаса, сыбайластардың ең болмағанда біреуі кәмелетке толмаған адам болып табылатын істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот;
сыбайластардың ең болмағанда біреуі әскери қызметші немесе осы Кодекстің 309-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген басқа адам болып табылатын істерді гарнизонның әскери соты қарайды.
316-бап. Iстi iс жүргiзуге қабылдаған соттың қылмыстық істi соттылығы бойынша беруі
1. Егер сот келiп түскен iстiң өзінің соттылығына жатпайтынын анықтаса, онда iстi соттылығы бойынша жiбередi.
2. Егер басты сот отырысында осы Кодекстiң 314-бабында көзделген iстердiң аумақтық тұрғыдағы соттылығы қағидаларының бұзылғаны анықталса, онда сот iстi процестiң барлық қатысушыларының келiсуімен өзiнiң iс жүргiзуiнде қалдыруға құқылы.
3. Егер істің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың немесе гарнизонның әскери сотының соттылығына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге жатады.
317-бап. Қылмыстық iсті соттылығына жататын соттан басқа сотқа беру
1. Жекелеген жағдайларда, істі неғұрлым тез, жан-жақты және объективті қарау мақсатында, соның ішінде алқабилердің қатысуымен қаралатын сотталушының келісімімен немесе процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша ол бір соттан сол деңгейдегі басқа соттың қарауына берілуі мүмкін.
Бұл ретте істі оның сот отырысында қаралуы басталғанға дейін ғана беруге жол беріледі.
2. Егер сот осы соттың барлық судьяларының істі қарауға қатысуына кедергі келтіріп отырған мән-жайларға байланысты iстi қарайтын жағдайда болмаса, сондай-ақ істің жан-жақты және объективті түрде қаралуын қамтамасыз ету мақсаттарында не басқа сотқа беру сот процесіне қатысушылардың жеке қауіпсіздігіне төнген нақты қатермен байланысты болғанда, іс тараптың өтiнiшхаты, судьяның немесе сот төрағасының ұсынуы бойынша бiр соттан сол деңгейдегi басқа соттың қарауына берiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көрсетiлген негiздер бойынша iстi бiр соттан екiншi сотқа беру туралы мәселенi жоғары тұрған сот шешедi, бұл туралы қаулы шығарылады. Істі бір соттың апелляциялық немесе кассациялық сатысынан басқа соттың тиісті сатысына беру осы бапта көзделген негіздер және тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 317-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).318-бап. Соттылық туралы дауларды шешу
1. Соттар арасындағы соттылық туралы дауларды жоғары тұрған сот шешедi, оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.
2. Тараптардың істiң бұл соттың соттылығына жатпайтыны туралы арыздарын осы сот шешедi. Соттың соттылық мәселесі бойынша шығарған қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкiн, оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды.
Ескерту. 318-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 41-тарау. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕНІ
ШЕШУ ЖӘНЕ СОТ ОТЫРЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ
319-бап. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша әрекеттерi
1. Қылмыстық iс сотқа келіп түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа судья iстi сотта iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi.
2. Судья келiп түскен iс бойынша:
1) жалпы немесе қысқартылған тәртіптегі басты сот талқылауын тағайындау;
2) iстi алдын ала тыңдауды жүргiзу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
3. Судья iс бойынша шешiмдi қаулы нысанында қабылдайды, онда:
1) қаулының шығарылған уақыты мен жерi;
2) қаулыны шығарған судьяның лауазымы мен тегi;
3) қабылданған шешiмдердiң негiздерi мен мәнi көрсетiлуге тиiс.
4. Шешiм iс сотқа келiп түскен кезден бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс.
5. Судья қаулы шығарумен бiрмезгілде айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға, егер осы уақытқа дейін бұлтартпау шарасын қолдану мерзімі өтіп кетсе, оны ұзартуға мiндеттi.
320-бап. Сотқа келiп түскен iс бойынша анықталуға жататын мәселелер
Судья сот отырысын тағайындау мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу кезiнде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды:
1) iстiң осы соттың соттылығына жататынын-жатпайтынын;
2) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатуға не тоқтата тұруға әкеп соқтыратын мән-жайлардың бар-жоғын;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізу, процестік келісім жасасу, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу кезінде сот отырысын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңды бұзуға жол берілгенін-берілмегенін;
4) айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің берілгенін-берілмегенін;
5) айыпталушыға таңдалған бұлтартпау шарасының өзгертілуге немесе күші жойылуға немесе оны қолдану мерзімінің ұзартылуға жататынын-жатпайтынын;
6) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірiлген залалды өтеудi және мүлікті ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету шаралары қабылданғанын-қабылданбағанын;
7) арыздар мен өтiнiшхаттардың бар-жоғын анықтауға тиiс.
Ескерту. 320-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.321-бап. Алдын ала тыңдауды өткiзу
1. Аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тыңдау өткізу міндетті. Басқа істер бойынша алдын ала тыңдау iстi соттылығы бойынша жiберу, істі прокурорға жіберу, iстi тоқтату, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы шешімдерді қабылдау, қылмыстық iстердi бiрiктiру және бөліп шығару, сондай-ақ тараптардың өтiнiшхаттарын қарау қажет болған жағдайда өткiзіледi.
2. Iстi алдын ала тыңдауды судья оны өткізу туралы қаулы шығарылған кезден бастап он тәулік ішінде сот отырысында жеке-дара жүргiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын туралы тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледi.
3. Сот отырысына аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталатын сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттiк айыптаушының қатысуы мiндеттi. Өзге қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп айыпталатын сотталушы, егер ол бұл жөнiнде өтiнішхат жасаса, алдын ала тыңдау оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкілдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi келтірмейді.
4. Алдын ала тыңдау барысында судья Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген аса ауыр қылмысты жасады деп, сондай-ақ 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталатын сотталушыдан оның ісін алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының бар-жоғы туралы, егер мұндай өтінішхат мәлімделген болса, оның өз өтінішхатын қолдайтынын-қолдамайтынын анықтайды. Мұндай өтінішхат:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарау жағдайында сұратылмайды.
5. Судья істi алдын ала тыңдау нәтижелерi туралы қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешiмдi баяндайды. Істi соттылығы бойынша прокурорға жiберуге, іс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға, iстi тоқтатуға негiздер болмаған кезде сот осы Кодекстің 322-бабының талаптарын сақтай отырып, басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады.
6. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, ол жаңа тұжырымдауды сотқа жазбаша түрде ұсынады және судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттылықтың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттылығы бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады.
Ескерту. 321-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.322-бап. Басты сот талқылауын тағайындау
1. Судья басты сот талқылауын осы Кодекстің 321-бабының бесінші бөлігіне сәйкес не сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодекстiң процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi барлық талаптары сақталды және сотта iстi қарауға кедергi келтiретiн өзге мән-жайлар жоқ деген түйінге келе отырып, алдын ала тыңдауды өткiзбестен тағайындайды.
2. Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсету;
2) ол сотқа берілген қылмыстық заңды дәл көрсету;
3) бұлтартпау шарасы мен азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету шараларын сақтау, олардың күшін жою, оларды өзгерту немесе таңдау және ықтимал тәркілеу туралы шешiм;
4) процеске қатысушылардың қарсылық білдірулері, өтiнiшхаттары мен өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдер;
5) айыпталушының таңдаған адамын қорғаушы ретiнде жіберу немесе алдыңғысына қорғаушы тағайындау туралы шешiм;
6) басты сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тiзбесi қамтылуға тиіс. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақтары сақтауға қойылған адамдар сот отырысына шақырылмайды;
7) заң соталушының iсiн сырттай қарауға жол беретiн жағдайда iстi оның қатысуынсыз тыңдау туралы шешiм;
8) басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәлiметтер;
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстi жалпы немесе қысқартылған тәртіппен, ашық немесе жабық сот отырысында қарау туралы шешiм;
10) сот ісін жүргiзу тiлі туралы шешiм;
11) запастағы судья туралы шешiм қамтылуға тиiс.
3. Егер iс бойынша алдын ала тыңдау жүргiзiлсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөнiндегi шешiмдер көрсетілуге тиіс.
4. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты туралы хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiк өткеннен кейiн және ол қысқартылған тәртіппен қаралатын кезде – оны тағайындау туралы қаулы шығарылған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей және жалпы тәртіппен қаралатын кезде – он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Айрықша жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен, бiрақ отыз тәулiктен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
5. Басты сот талқылауы қисынды мерзімде аяқталуға тиіс. Қысқартылған іс жүргізу кезінде басты сот талқылауы осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде аяқталуға тиіс.
323-бап. Соттың істі прокурорға жіберуі
Басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі түрде бұзушылықтар анықталған, сондай-ақ олар сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу істері бойынша немесе жасалған процестік келісімдері бар істер бойынша басты сот талқылауында анықталған кезде, сот оларды жою үшін істі прокурорға қайтарады.
324-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру
1. Судья iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы қаулыны осы Кодекстiң 45-бабының бiрiншi, екiншi, үшінші бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша шығаруы мүмкiн.
2. Iс бойынша iс жүргiзу, бұл бiрнеше сотталушылардың бiреуiнің қорғалу құқығына немесе басқа да сотталушылардың қорғалу құқықтарына қысым көрсетілмеген жағдайда, олардың біреуіне қатысты тоқтатыла тұруы мүмкiн. Өздеріне қатысты iс жүргiзу тоқтатыла тұрмайтын сотталушылар күзетілуде болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертудi мүмкiн деп таппаған жағдайда iс жүргiзу алты айдан аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Егер осы уақыт iшiнде сотталушылардың бiреуiне қатысты iс жүргiзудi тоқтата тұру үшін негiздер жойылмаса, онда басқа сотталушыларға қатысты iс жүргiзу қайта басталуға және басты сот талқылауының күнi тағайындалуға тиiс.
3. Іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстiң 45-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармағында көзделген негiз бойынша тоқтатыла тұрған кезде, осы Кодекстiң 335-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, iс прокурорға қайтарылады.
325-бап. Азаматтық талап қоюды және мүлiктi тәркiлеудiқамтамасыз ету шаралары
Анықтаушы, тергеушi немесе прокурор қылмыстық құқық бұзушылықпен келтiрiлген залалды өтеудi және мүлiктi ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ететiн шаралар қабылдамаған жағдайда, судья оларды қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануды қылмыстық қудалау органдарына мiндеттейдi.
326-бап. Қылмыстық iстi соттылығы бойынша жiберу
Егер судья iстiң өзiнің соттылығына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешiмнiң заңдық негiздерiн келтiре отырып және iс жолданатын сотты көрсетіп, iстi соттылығы бойынша жiберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске қатысушыларға хабарлайды.
327-бап. Қылмыстық iстi тоқтату
Судья алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауында істі осы Кодекстiң 35-бабының бiрiншi бөлiгiнде және 36-бабының бірінші бөлігінде көрсетiлген негiздер бойынша, сондай-ақ басты сот талқылауында мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда тоқтату туралы қаулы шығарады. Судья істi тоқтату туралы шешiм қабылдай отырып, бұлтартпау шарасын, азаматтық талап қоюды және мүлікті тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларының күшін жояды және заттай дәлелдемелер, егер қорғалатын адамның қауіпсіздігі шаралары қолданылған болса, олардың күшін жою немесе жүзеге асырылуын жалғастыру туралы мәселенi шешедi. Судьяның iстi тоқтату туралы қаулысының көшiрмесi прокурорға жiберiледi, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамға және жәбiрленушiге табыс етіледі. Қауіпсіздік шараларының күшін жою немесе жүзеге асырылуын жалғастыру туралы шешім қабылданған кезде қаулының көшірмесі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін органдарға жіберіледі.
Ескерту. 327-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.328-бап. Тараптардың iс материалдарымен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету
Судья басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейiн судья тараптарға iстiң сотқа дейiнгi iс жүргiзу сатысында өздерiне таныстырылмаған барлық материалдарымен танысу, олардан мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қажеттi мәлiметтердi көшіріп алу және ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен көшірмелерін түсіріп алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
329-бап. Құжаттардың көшiрмелерiн табыс ету
Егер сот отырысын тағайындау туралы мәселенi шешу кезiнде бұлтартпау шарасы өзгертілсе немесе сотқа шақырылуға жататын адамдардың тiзiмi өзгертiлсе не прокурор айыптауды өзгертсе, онда сотталушы адамға, оның қорғаушысына, жәбірленушіге және оның өкіліне судьяның көрсетілген шешімдер жөніндегі қаулысының көшiрмесi және прокурор жасаған айыптаудың жаңаша тұжырымдалуы табыс етіледі.
330-бап. Сот отырысына шақырту
1. Судья өзiнiң қаулысында көрсетiлген адамдарды сот отырысына шақыру туралы өкiм бередi, сондай-ақ сот отырысын дайындау үшiн шаралар қолданады.
2. Қорғау куәлары мен айыптау куәларының сот отырысына келуін қамтамасыз ету тиісті тараптарға жүктелуі мүмкін. Қысқартылған тәртіппен сот талқылауы тағайындалған кезде сот отырысына куәлар шақырылмайды.
42-тарау. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ
331-бап. Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы
1. Сот талқылауында iс бойынша барлық дәлелдемелер тiкелей зерттелуге жатады. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарын тыңдауға, сарапшылардың қорытындыларын жария етуге және зерттеуге, заттай дәлелдемелердi қарап-тексеруге, хаттамалар мен өзге де құжаттарды жария етуге, дәлелдемелердi зерттеу бойынша басқа да сот әрекеттерiн жүргiзуге тиiс.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзу кезiнде берiлген айғақтарды жария ету тек осы Кодексте көзделген айрықша жағдайларда ғана мүмкiн болады.
3. Соттың үкiмi – тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге, ал сот тергеуiнiң қысқартылған тәртібінде – тергеу мен анықтауды жүргiзу кезiнде алынған және сотта тараптар дауласпаған дәлелдемелерге ғана негiзделуi мүмкін.
332-бап. Iстi талқылау кезiнде сот құрамының өзгертiлмеуi
1. Iстi тек бiр ғана сол судья қарауға тиiс.
2. Судьяның сот талқылауына қатысуды жалғастыруына мүмкiндік болмаған кезде ол басқа судьямен алмастырылады, ал iстi талқылау, осы Кодекстiң 333-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, басынан қайта басталады.
1. Талқылау үшiн ұзақ уақытты қажет ететiн iстi қарау кезiнде запастағы судья тағайындалуы мүмкiн.
2. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешiм қабылдаған кезден бастап қатысады және судья шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте iстi талқылау жалғастырыла бередi. Запастағы судья алдыңғы судья шығып қалған кезден бастап судьяның құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның орнына кiрген запастағы судья кез келген сот әрекеттерiн қайта бастауды талап етуге құқылы.
334-бап. Басты сот талқылауында төрағалық етушiнiң өкiлеттiктері
1. Басты сот талқылауында істі қарау тапсырылған судья төрағалық етеді.
2. Төрағалық етушi сот отырысына басшылық етеді, сот төрелігінің мүддесiнде объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының теңдiгiн қамтамасыз ету үшiн осы Кодексте көзделген барлық шараларды қолданады, iстiң мән-жайларын объективті және толық зерттеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды. Төрағалық етушi сондай-ақ сот отырысы тәртiптемесінiң сақталуын қамтамасыз етедi, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен мiндеттерiн және оларды жүзеге асыру тәртiбiн түсiндiредi. Сот талқылауына қатысатын адамдардың бiрi төрағалық етушiнiң әрекеттерiне қарсылық бiлдiрген жағдайда, бұл қарсылықтар сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.
335-бап. Сотталушының басты сот талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауы, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, сотталушының мiндеттi түрде қатысуымен өтедi. Сотталушы келмеген кезде iс кейiнге қалдырылуға тиiс. Сот дәлелдi себептерсiз келмеген сотталушыны күштеп әкелуге, сол сияқты оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы.
2. Істі сотталушының қатысуынсыз талқылауға:
1) қылмыстық терiс қылық не онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасады деп сотталушы, айыпталушы iстi өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтiнiшхат берген;
2) сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған;
3) күзетпен ұсталып отырған сотталушы сот отырысына келуден және қатысудан бас тартқан жағдайларда ғана жол берiлуi мүмкiн.
336-бап. Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы
1. Сотталушының қорғаушысы басты сот талқылауына осы Кодекстің 67-бабында көзделген жағдайларда, сондай-ақ сотталушының, олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ сотталушының тапсырмасы немесе келісімі бойынша өзге адамдардың шақыруы бойынша қатысады.
2. Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында алмастыру мүмкiн болмаған кезде iстi талқылау кейiнге қалдырылады. Сот отырысына келмеген қорғаушыны алмастыруға сотталушының келiсiмімен ғана жол берiледi. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы бес тәулік iшiнде мүмкiн болмаса, сот осы Кодекстің 68-бабына сәйкес, басты сот талқылауын кейiнге қалдыра отырып, сотталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан кезде жаңа қорғаушыны тағайындайды.
Сотталушы қорғаушыдан бас тартқан кезде, сот қорғаушыдан бас тартуды қабылдау не қабылдамау туралы қаулы шығарады.
3. Iске жаңадан кiрiскен қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу үшiн қажеттi уақыт берiледi. Ол өзi iске кiрiскенге дейiнгі сот талқылауында жасалған кез келген әрекеттi қайталау туралы өтiнiшхат жасауға құқылы.
4. Сотталушының қорғаушысы осы Кодекстің 122-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жиналған заң көмегін көрсету үшін қажет нәрселерді, құжаттар мен мәліметтерді ұсынады, басқа дәлелдемелерді зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi және оның дәлелденгендiгi жөнiнде, сотталушының жауаптылығын жеңiлдететiн немесе оны ақтайтын мән-жайлар, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн баяндайды.
337-бап. Мемлекеттiк айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы
1. Жекеше айыптау iстерiн қоспағанда, прокурордың мемлекеттiк айыптаушы ретiнде бас сот талқылауына қатысуы мiндеттi.
2. Күрделi және көп эпизодты iстер бойынша мемлекеттiк айыптауды бiрнеше прокурор қолдауы мүмкiн.
3. Егер сот талқылауы кезiнде прокурордың одан әрi қатысуға мүмкiндігі жоқтығы анықталса, ол алмастырылуы мүмкiн. Iске жаңа прокурордың кiрiсуi осы уақытқа дейiн сотта жасалған әрекеттердi қайталауға әкеп соқпайды, бiрақ прокурордың өтiнiшхаты бойынша сот оған iстiң материалдарымен танысу үшiн уақыт бере алады.
4. Прокурор дәлелдемелердi ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза тағайындау туралы ұсыныс айтады.
5. Прокурор, егер азаматтардың құқықтарын, мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделердi қорғау осыны талап етсе, iс бойынша азаматтық талап қояды немесе қойылған азаматтық талапты қолдайды.
6. Прокурор айыптауды қолдай отырып, заң талаптарын және iстiң барлық мән-жайларының қаралу нәтижелерiне негiзделген өзiнiң iшкi сенімін басшылыққа алады. Прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген түйінге келсе, айыптаудан (толық немесе iшiнара) бас тартуға мiндеттi. Сот тергеуi немесе сот жарыссөзi кезiнде мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тартуына жол беріледi.
7. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбiрленушi де бас тартса, сот өз қаулысымен iстi тоқтатады. Егер жәбiрленушi айыптауды талап етсе, сот талқылауды жалғастырып, істі жалпы тәртiппен шешедi. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрi қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбiрленушiнiң өзi немесе өкiлi арқылы қолдайды. Жәбiрленушiнiң өтiнiшхаты бойынша сот оған өкiл шақыру үшiн уақыт беруге тиiс. Прокурор мен жекеше айыптаушы айыптаудан iшiнара бас тартқан кезде сот істі айыптаушы тараптың айыптаудан бас тартқан бөлiгiнде тоқтатады, іс айыптаудың қалған бөлiгiнде жалпы тәртiппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды табанды түрде қорғамаса, сот iстi жаңа айыптау бойынша қарайды.
8. Осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурор сотталушымен процестік келісім жасасуға құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде прокурор қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат беруге құқылы.
338-бап. Жәбiрленушiнiң басты сот талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауы жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
2. Жәбiрленушi келмеген жағдайда сот iстi талқылау немесе оны талқылауды жәбiрленушi болмағанда iстiң барлық мән-жайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың мүмкiн болуы-болмауына қарай кейiнге қалдыру туралы мәселенi шешедi. Егер сот отырысына жәбiрленушiнiң өкiлi келсе, сот бұл мәселенi өкiлдiң пiкiрiн ескере отырып шешедi.
3. Жәбiрленушiнiң өтiнiшхаты бойынша сот оны айғақтар беру үшiн белгiлi бір уақытта келуге мiндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады.
4. Жекеше айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң сот отырысына дәлелді себептерсіз келмеуi iстi тоқтатуға әкеп соғады, алайда сотталушының өтiнiшхаты бойынша iс мәнi бойынша жәбiрленушiнiң қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
339-бап. Азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердiң басты сот талқылауына қатысуы
1. Басты сот талқылауына азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi қатысады.
2. Азаматтық талапкер немесе оның өкiлi сотқа келмеген кезде азаматтық талап қою қараусыз қалдырылуы мүмкiн. Азаматтық талапкердің азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен талап қою құқығы сақталады.
3. Сот азаматтық талапкердің немесе оның өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердің қатысуынсыз қарауға құқылы.
4. Егер сот қажет деп тапса немесе егер талап қоюды прокурор қолдаса, сот азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердің немесе оның өкiлiнiң келу-келмеуiне қарамастан қарайды.
5. Азаматтық жауапкердің немесе оның өкiлiнiң келмеуi азаматтық талап қоюды қарауды тоқтатпайды.
340-бап. Басты сот талқылауының шегi
1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, басты сот талқылауы тек сотталушыға қатысты және оның сотқа берілген айыптау шектерінде ғана жүргiзiледi.
2. Егер айыптауды өзгерту айыпталушының қорғалу құқығын бұзбаса, айыптауды өзгертуге жол берiледi.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 24.04.2023 № 42-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.
3. Егер басты сот талқылауы барысында қаралып отырған істі басқа қылмыстық іспен біріктіру, егер басқа адамдардың әрекеттері қаралып жатқан іспен байланысты болса және оларға қатысты iстi бөлек қарау мүмкiн болмаса, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттігі туындаса, сот айыптаушы тараптың өтiнiшхаты бойынша, процестiң басқа қатысушыларының пiкiрiн ескере отырып, істі қарауда үзіліс жасайды және осы Кодекстің 321-бабында көзделген тәртіппен алдын ала тыңдауды өткiзеді.
4. Алдын ала тыңдауда қарастырылып жатқан қылмыстық істі жаңадан келіп түскен іспен біріктірген кезде сот прокурорға жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасау үшін уақыт береді.
5. Егер басты сот талқылауы барысында сотталушыға неғұрлым ауыр немесе бастапқыдан ерекшеленетін айыптау тағу қажеттігі туындаса, сот істі қарауды кейінге қалдырып, прокурорға жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасау үшін уақыт береді.
6. Біріктірілген іс бойынша сот ісін жүргізу осы Кодекстің 7-бөлімінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Сот жаңа айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы жасалғанға дейін зерттеген дәлелдемелерді қайтадан зерттеу сот осындай қажеттілік бар деп таныған жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 340-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.341-бап. Басты сот талқылауын кейiнге қалдыру және қылмыстық iстi тоқтата тұру
1. Сот отырысына шақырылған тұлғалардың бiрiнiң келмеуi салдарынан немесе жаңа дәлелдемелерді талап етіп алдыру қажеттiгiне, прокурордың жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасауына және табыс етуіне немесе медиация рәсімін өткізуге, процестік келісім жасасуға байланысты iстi талқылау мүмкiн болмаған кезде сот iстi талқылауды белгілі бір мерзімге кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарады. Сот сонымен бір мезгілде тараптарға тиісінше айыптау және қорғау куәларының, сондай-ақ өтінішхаттар бойынша сот отырысына шақырылған өзге де тұлғалардың келуін қамтамасыз етуді міндеттеуге құқылы. Қажет болған кезде сот тараптардың өздері өтінішхат мәлімдеген дәлелдемелерді алуына көмек көрсетеді.
2. Сот талқылауы жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасау қажеттігіне байланысты кейінге қалдырылған кезде сот қорғаушы тараптың істің қосымша материалдарымен танысу құқығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды және жаңа айыптаудан қорғануға дайындалу үшін ақылға қонымды мерзім ұсынады.
Жаңа айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы сотталушыға, оның қорғаушысына (ол қатысып отырған кезде), жәбірленушіге, заңды өкілге және өкілге табыс етіледі және істің материалдарына қосып тігіледі.
3. Осы Кодекстің 45-бабының бірінші – үшінші бөліктерінде көзделген негіздер болған кезде сот осы мән-жайлар жойылғанға дейін іс бойынша іс жүргізуді бір немесе бірнеше сотталушыға қатысты тоқтаты тұрады және қалған сотталушыларға қатысты сот талқылауын жалғастырады.
4. Жасырынып жүрген сотталушыны iздестіру сот қаулысымен жарияланады.
Ескерту. 341-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.342-бап. Бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешу
1. Басты сот талқылауы кезiнде сот сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға, өзгертуге, оның күшiн жоюға немесе оны ұзартуға құқылы.
2. Сотталушыны бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау мерзiмi iс сотқа келіп түскен күннен бастап және үкiм шығарылғанға дейiн алты айдан аспауға тиiс.
3. Ауыр қылмыстар туралы iстер бойынша осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн сот күзетпен ұстау мерзiмiн өзiнiң қаулысымен он екi айға дейiн ұзартуға құқылы.
3-1. Аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін сот күзетпен ұстау мерзімін өзінің қаулысымен он сегіз айға дейін ұзартуға құқылы. Айрықша жағдайларда көрсетілген мерзім соттың уәжді қаулысы бойынша, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген күзетпен ұстау мерзiмдерi өткеннен кейiн сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе өзге де бұлтартпау шарасына ауыстыруға тиiс.
5. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 342-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
343-бап. Істі басты сот талқылауында тоқтату
Егер басты сот талқылауында осы Кодекстiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3) – 12) тармақтарында көрсетiлген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ айыптаушы осы Кодекстiң 337-бабы алтыншы бөлiгiнiң қағидаларына сәйкес айыптаудан бас тартқанда, iс тоқтатылуға жатады. Iс басты сот талқылауында осы Кодекстiң 36-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша да тоқтатылуы мүмкiн.
Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы осы Кодекстің 288-бабында көзделген талаптар сақтала отырып, шығарылады.
344-бап. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртiбi
1. Сот басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер бойынша қаулылар шығарады, олар сот отырысында жария етілуге жатады.
2. Iстi тоқтату туралы, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшiн жою туралы, қарсылық білдірулер туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жекеше қаулылар кеңесу бөлмесiнде шығарылады және жеке құжат түрiнде жазылады.
3. Өзге қаулылар соттың қалауы бойынша не осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен не сол орнында – сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады.
4. Басты сот талқылауында дәлелдемелерді зерттеу мәселелері бойынша шығарылған қаулылар шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды. Басты сот талқылауы барысында шығарылған қаулылармен келіспеу апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін.
Ескерту. 344-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).345-бап. Басты сот талқылауының тәртiптемесі
1. Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайларда өтедi. Басты сот талқылауы бейнебайланыс режимінде де өтуі мүмкін, ол туралы шешімді іс бойынша төрағалық етуші қабылдайды.
2. Соттың сот отырысы залына кiруiнiң алдында сот приставы, ол болмаған кезде сот отырысының хатшысы: "Сот келе жатыр" деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрi орындарынан тұрады, содан соң төрағалық етушiнiң ұсынуы бойынша өз орындарына отырады.
3. Сот талқылауына қатысушылардың бәрi сотқа қарап сөйлегенде, айғақтар бергенде және мәлiмдеме жасағанда орындарынан тұрады. Бұл қағидалардан ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен жол берiледi.
4. Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сол сияқты сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушiнiң сот отырысының тәртiбiн сақтау туралы өкiмдерiне бағынуға тиiс.
5. Он алты жасқа дейiнгi адамдар, егер олар тарап немесе куә болып табылмаса, сот отырысы залына жiберiлмейдi. Қажет болғанда сот приставы азаматтан оның жасын куәландыратын құжатты талап етуге құқылы. Залға сондай-ақ масаң күйдегі адамдар жiберiлмейдi.
6. Сот отырысы залында фотосуретке түсiруге, дыбыс-, бейнежазуды қолдануға және киноға түсiруге процеске қатысушылардың келісімімен және төрағалық етушiнiң рұқсатымен жол берiледi. Осы әрекеттер сот талқылауының қалыпты барысына кедергі келтірмеуге тиіс.
7. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот осы Кодекстің 98-бабында көзделген ережелерге сәйкес шаралар қабылдайды және сот талқылауын жүргізеді.
8. Басты сот талқылауы басталар алдында төрағалық етуші сот талқылауының барлық қатысушыларына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша сотқа өтініш жасау құқығы туралы түсіндіреді.
9. Тараптардың бірінің немесе сот талқылауына қатысушының қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы өтінішхаты бойынша сот осы мәселе жөнінде қаулы шығаруға құқылы.
346-бап. Басты сот талқылауында тәртiптi қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар
1. Адам сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеуді анық куәландыратын өзге де әрекеттер жасаған кезде (әрекетсіздік кезінде) төрағалық етуші оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайларда, сотты құрметтемеу фактісінің анықталғаны туралы жариялауға және кінәлі адамға осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы. Шығарып жіберу, айыптаушы мен қорғаушыдан басқа, процестің кез келген қатысушысына немесе өзге де адамға қатысты жүргізілуі мүмкін. Ақшалай өндіріп алуды сотталушыға және оның қорғаушы ретінде қатысатын адвокатына қолдануға болмайды.
2. Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарылып жiберiлсе немесе ол істі сот талқылауына қатысудан бас тартса, төрағалық етуші соттың әрбір отырысының алдында одан өзі тәртіптемені сақтаған жағдайда, сот залында болғысы келетінін-келмейтінін анықтайды. Үкiм сотталушы қатысып отырғанда жариялануға, ал ол бұл ретте қатысудан бас тартқан кезде оған жарияланғаннан кейiн дереу қолхат алып хабарлануға тиiс.
3. Сот отырысы залынан процеске қатысушыны шығарып жiберу және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы сот қаулы шығарады.
4. Сот отырысы залында қатысып отырған, бiрақ процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар тәртiп бұзған жағдайда, олар төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Бұған қоса сот оларға ақшалай өндіріп алуды қолдануы мүмкiн.
5. Егер сот отырысындағы тәртiп бұзушының әрекеттерiнде қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi болса, сот материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы мәселені шешу үшiн прокурорға жібереді.
347-бап. Басты сот талқылауының хаттамасы
1. Басты сот талқылауы кезінде сот отырысының хатшысы хаттама жүргізеді.
2. Хаттама компьютерлік, электрондық (аудио-, бейне түсіруді қоса алғанда), машинада жазу не қолмен жазу тәсілімен жасалады.
3. Егер сот талқылауына аудио-, бейнежазба қолданылмаған болса, қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамада:
1) басты сот талқылауының күні мен датасы, оның басталу және аяқталу уақыты;
2) қандай іс қаралып жатқаны;
3) соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сот шақырған басқа да адамдар;
4) сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы;
5) соттың жүргізілген реттегі әрекеттері;
6) іске қатысатын адамдардың арыздары, қарсылықтары және өтінішхаттары;
7) соттың кеңесу бөлмесіне бармай шығарған қаулылары;
8) қаулылардың кеңесу бөлмесінде шығарылуына нұсқаулар;
9) іске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені;
10) айғақтардың егжей-тегжейлі мазмұны;
11) жауап алуға қатысқан адамдардың сот бөлген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан сұрақтары;
12) сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары;
13) сот отырысында жүргізілген қарап-тексерулердің және дәлелдемелерді зерттеу жөніндегі басқа әрекеттердің нәтижелері;
14) азаптаудың, зорлық-зомбылықтың, өзге де қатыгез немесе адами қадыр-қасиетті қорлайтын қарым-қатынастың қолданылғаны туралы арыздарды қарау нәтижелері және оларды зерттеу процесі;
15) іске қатысатын адамдар хаттамада куәландыруды өтінген фактілерді нұсқау;
16) тараптардың сот жарыссөзінде сөйлеген сөздерінің және сотталушының соңғы сөзінің негізгі мазмұны;
17) үкімнің, қаулының, жеке қаулының жарияланғаны және оған шағым жасау тәртібі мен мерзімі түсіндірілгені туралы белгі көрсетіледі.
Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезінде орын алған жүйелілік бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада, егер сотты құрметтемеушілік орын алған болса, оны куәландыратын фактілер және тәртіп бұзушының жеке басы мен соттың тәртіп бұзушыға қатысты қолданған ықпал ету шаралары туралы да көрсетіледі.
4. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiн – бес тәулiктен, ал көп эпизодты істер және алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша он тәуліктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс. Сот талқылауы барысында хаттама бөлiп-бөлiп жасалуы мүмкiн, оларға, сондай-ақ тұтас хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды. Тараптардың өтінішхаты бойынша хаттаманың дайын болған бөлігі дайын болуына қарай беріледі.
5. Сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының арасында келіспеушiлiк болған кезде, соңғысы өзiнiң қарсылықтарын жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен, оның ішінде, сот отырысының дыбыс-, бейнежазбаларымен бiрге хаттамаға қоса беруге құқылы.
6. Төрағалық етушi тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және олардың онымен және дыбыс-, бейнежазба материалдарымен танысу мүмкiндiгін қамтамасыз етуге мiндеттi.
7. Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы және дыбыс-, бейнежазба материалдарындағы өз айғақтарының жазбасымен таныстыру жөнiнде өтiнiшхат беруге құқылы. Мұндай мүмкiндiк өтiнiшхат мәлiмделгеннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.
8. Сот тараптардың немесе осы баптың жетінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.
9. Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларын сот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекітеді.
Ескерту. 347-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.347-1-бап. Басты сот талқылауын аудио-, бейне түсіру құралдарымен түсіріп алу
1. Сот отырысы барысын түсіріп алу аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен түсіріп алуды сот отырысының хатшысы жүзеге асырады.
Жабдықтардың техникалық ақауы болған, жабдықтар болмаған немесе техникалық себептерге байланысты оны қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарының көмегімен түсіру жүзеге асырылмайды.
Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.
Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда сот отырысының хатшысы сот отырысының хаттамасында аудио-, бейнежазбаны пайдаланбау себептерін міндетті түрде көрсете отырып бұл туралы сотқа баяндайды.
2. Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды.
Сот отырысының қысқаша хаттамасында соттың әрекеттері олардың болған ретімен қамтылады және:
1) сот отырысының жылы, айы, күні және орны;
2) сот отырысының басталу және аяқталу уақыты;
3) істі қарайтын соттың атауы мен құрамы, судьялардың, сот отырысы хатшысының тегі мен аты-жөні;
4) істің атауы;
5) сотталушының жеке басы туралы деректер;
6) соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер;
7) аудио-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы;
8) аудармашының, айыптаушының, қорғаушының, сотталушының, сондай-ақ жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, сот шақырған басқа да адамдардың келгені туралы мәліметтер;
9) процеске қатысушылардың және іске қатысатын өзге де адамдардың арыздары, қарсылықтары мен өтінішхаттары туралы; сот шығарған қаулылар туралы; файл нөмірі мен жауап алыну уақыты көрсетіле отырып, сотта жауап алынған адамдар туралы, соттың жазбаша құжаттарды, заттай дәлелдемелерді зерттеу уақыты туралы, іске қосымша материалдарды қоса тіркеу туралы, сот жарыссөзін жүргізудің, сотталушының соңғы сөзінің, соттың кеңесу бөлмесіне кетуінің және сот актісін жария етудің уақыты туралы мәліметтер;
10) түпкілікті нысандағы хаттаманың жасалған датасы көрсетіледі.
Сот отырысының қысқаша хаттамасына төрағалық етуші және хатшы қол қояды.
Аудио-, бейнежазбаны қамтитын материалдық жеткізгіш пен сот отырысының қысқаша хаттамасы іс материалдарына қоса тіркеледі.
2-1. Іс бойынша төрағалық етуші сот отырысының аудио-, бейнетіркеуінің толықтығы мен сапасын тексереді. Егер сот отырысының аудио-, бейнежазбасы сапасыз болып табылса, онда осы Кодекстің 347-бабының талаптарына сәйкес басты сот талқылауының хаттамасы жасалады.
3. Сот іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің өтінішхаты бойынша аудио-, бейнежазбаның көшірмесін немесе сот отырысының хаттамасын ұсынады. Іс жабық сот отырысында қаралған жағдайда іске қатысатын адамдарға аудио-, бейнежазбалар және сот отырысының хаттамасы ұсынылмайды, олардың аудио-, бейнежазбамен және сот отырысының хаттамасымен сотта танысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
4. Сот отырыстарының аудио-, бейнежазбалары сот талқылауының барысын дәл тіркеу үшін тек сот ісін жүргізу мақсаттарында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде не тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді анықтау мақсаттарында пайдаланылады.
5. Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-, бейнежазбаны сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ аудио-, бейнежазбаға қолжетімділік тәртібін сот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып айқындайды.
Ескерту. 42-тарау 347-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.348-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулер
Басты сот талқылауының хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қойылғаннан кейiн бес тәулiк iшiнде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстiң 347-бабының жетiншi бөлiгiнде көрсетiлген өзге адамдар сот отырысының хаттамасымен танысуға, хаттамаға жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы. Сот отырысы хаттамасының көлемі үлкен болған жағдайда, төрағалық етуші тараптардың өтінішхаты бойынша олардың танысуы және ескертулер беруі үшін неғұрлым ұзақ, қисынды мерзім белгілейді.
348-1-бап. Басты сот талқылауының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулер
Басты сот талқылауының қысқаша хаттамасына қағаз жеткізгіште қол қойылғаннан кейін бес тәулік ішінде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстің 347-бабының жетінші бөлігінде көрсетілген өзге де адамдар сот отырысының аудио-, бейнежазбаларымен және қысқаша хаттамасымен танысуға, жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы.
Сот отырысының аудио-, бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулерді қарау осы Кодекстің 349-бабында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 42-тарау 348-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).349-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертулердi қарау
1. Басты сот талқылауының қағаз жеткізгіште дайындалған хаттамасына ескертулердi төрағалық етушi, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол ескерту берген адамдарды нақтылау үшiн шақыртуға құқылы.
2. Ескертулердi қарау нәтижелерi бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру не оларды қабылдамау туралы уәждi қаулы шығарады, бұл шағым жасауға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды, мұнымен келіспеу апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына, наразылыққа енгізілуі мүмкін. Хаттамаға және судьяның қаулысына ескертулер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.
Ескерту. 349-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).43-тарау. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІГІ
350-бап. Басты сот талқылауының ашылуы
Басты сот талқылауы үшін тағайындалған уақытта сот отырысының хатшысы немесе пристав сот отырысы залында қатысып отырғандарға: "Бәріңіздің тұруларыңызды өтінемін! Сот келе жатыр!" деп жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот отырысының залына кіріп, барлық қатысып отырғандарға өз орындарына отыруын ұсынады және қандай қылмыстық iстiң және ашық немесе жабық сот отырысында қаралатынын жариялайды. Егер жабық сот отырысы туралы жарияланса, төрағалық етуші процеске қатысушылардан және сот отырысына шақырылған адамдардан басқа, барлық қатысып отырғандардың залдан шығуын ұсынады.
Сот жабық сот отырысына қатысатын адамдарға өзінің рұқсатынсыз істе бар мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы жауаптылық жөнінде ескертуі бар қолхат алынады.
Төрағалық етуші соттың сот отырысын аудио-, бейнежазу құралдарын пайдаланатыны туралы жариялайды.
Аудио-, бейнежазу құралдарын пайдаланудың мүмкін болмауы сот отырысын жалғастыруды жоққа шығармайды.
Аудио-, бейнежазудың болмау себептері сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 350-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.351-бап. Басты сот талқылауына шақырылған тұлғалардың келуiн тексеру
Сот отырысының хатшысы сотқа басты сот отырысына қатысуға тиiстi тұлғалардың келгенi туралы баяндайды және келмегендердiң келмеу себептерiн хабарлайды.
352-бап. Аудармашыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру
1. Егер сот отырысына қатысу үшін аудармашы шақырылса, төрағалық етуші аудармашы ретiнде кiмнiң қатысып отырғанын хабарлайды және оған осы Кодекстiң 81-бабында көзделген құқықтарын, мiндеттерiн түсiндiредi.
2. Төрағалық етушi аудармашыға көрінеу дұрыс аударма жасамағаны үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тiгiледi. Аудармашыға, сондай-ақ, өз мiндеттерiн орындаудан жалтарған жағдайда оған осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін екені ескертіледі.
353-бап. Аудармашыға қарсылық білдіру туралы мәселенi шешу
Төрағалық етушi келген тараптарға, куәларға, сарапшыға, маманға олардың аудармашыға қарсылық білдіруді мәлiмдеу құқығын түсiндiредi және заңда көзделген, аудармашыға қарсылық білдіруге әкеп соғатын негiздерді түсiндiредi. Сот мәлiмделген қарсылық білдіруді осы Кодекстiң 86-бабында белгiленген қағидалар бойынша шешедi. Егер аудармашыға қарсылық білдіру қанағаттандырылса, сот басқа аудармашыны шақырады, оған қатысты қарсылық білдіру туралы мәселе де осындай тәртіппен қаралады.
354-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу
Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейiн сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етушi сот жауап алмаған куәлардың жауап алынған куәлармен, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге де адамдармен сөйлеспеуi үшiн шара қолданады.
355-бап. Сотталушының жеке басын және айыптау актісі, сотқа ейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің уақтылы табыс етілгенін анықтау
Төрағалық етуші сотталушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), туған жылын, айын, күнін және туған жерін анықтай отырып, оның жеке басын анықтайды, деректерді жеке басын куәландыратын құжатымен немесе оның куәландырылған көшірмесімен салыстырады, сот ісі жүргізілетін тілді білетінін, тұрғылықты жерін, кәсібін, білімін, отбасылық жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтайды. Содан кейін төрағалық етуші айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы көшірмелерінің сотталушыға табыс етілгенін-табыс етілмегенін және нақты қашан табыс етілгенін анықтайды. Бұл ретте істі сотта талқылау, егер сотталушы бұл туралы өтінішхат бермесе, сондай-ақ осы Кодекстің 411-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, айыптау актісінің, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, айыптау хаттамасының көшірмелері табыс етілген күннен бастап үш тәуліктен ерте басталмайды.
Ескерту. 355-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.356-бап. Сот құрамын, процеске басқа да қатысушыларды жариялау
Төрағалық етушi сот құрамын жариялайды, кiмнiң айыптаушы, қорғаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ сот отырысының хатшысы, сот приставы, сарапшы, маман болып табылатынын хабарлайды.
357-бап. Қарсылық білдірулерді шешу тәртiбi
1. Төрағалық етушi тараптарға сот құрамына, сондай-ақ осы Кодекстiң 356-бабында аталған тұлғаларға осы Кодекстiң 87, 88, 89, 90, 91, 92 және 93-баптарында көзделген негiздер бойынша қарсылық білдіруді мәлiмдеу құқығын түсiндiредi. Бұл қағидалар запастағы судьяға қатысты да қолданылады.
2. Сот мәлiмделген қарсылық білдірулерді осы Кодекстiң 86 және 87-баптарында белгiленген қағидалар бойынша шешедi.
358-бап. Сотталушыға оның құқықтарын түсiндiру
Төрағалық етушi сотталушыға оның осы Кодекстiң 65-бабында көзделген, басты сот талқылауындағы құқықтарын, сондай-ақ процестік келісім жасасу, заңда көрсетілген жағдайларда, жәбірленушімен татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу құқығын түсiндiредi.
359-бап. Жәбiрленушiге, жекеше айыптаушыға, азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге олардың құқықтарын түсiндiру
Төрағалық етушi жәбiрленушiге, жекеше айыптаушыға, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне олардың осы Кодекстiң 71, 72, 73, 74, 76 және 77-баптарында көзделген, басты сот талқылауындағы құқықтарын түсiндiредi. Жекеше айыптау iстерi бойынша, сондай-ақ бiрiншi рет жасалған қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жәбiрленушiге оның сотталушымен татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу құқығы түсiндiрiледi.
360-бап. Сарапшыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру
Төрағалық етушi сарапшыға оның осы Кодекстiң 79-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған көрінеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады, ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.
361-бап. Маманға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру
Төрағалық етушi маманға оның осы Кодекстiң 80-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған өз мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн осы бапта белгiленген жауаптылық туралы ескертедi.
362-бап. Өтiнiшхаттарды мәлiмдеу және шешу
1. Төрағалық етушi тараптардан олардың жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдемелер мен құжаттарды талап етіп алдыру туралы, оның ішінде медиация рәсімін өткізу не процестік келісім жасасу туралы өтiнiшхаттарының бар-жоғын сұрайды. Өтiнiшхатты мәлiмдеген тұлға қандай мән-жайларды анықтау үшiн қосымша дәлелдемелердiң қажет екенiн көрсетуге мiндеттi.
2. Төрағалық етушi, сондай-ақ тараптардан оларда талқылаудан дәлелдемелер ретiнде жарамсыз материалдарды алып тастау туралы өтiнiшхаттардың бар-жоғын анықтауға мiндеттi.
Осы Кодекстің 112-бабының үшінші бөлігінде көзделген мән-жайлардың болуына байланысты дәлелдемелерді жол берілмейтін деп тану туралы өтінішхат мәлімделгенінен кейін тікелей шешіледі. Қалған жағдайларда ол сот тергеуі барысында да, үкімнің қаулысымен бір мезгілде кеңесу бөлмесіне кеткеннен кейін де шешілуі мүмкін. Өтінішхат бойынша сот шешімі осы Кодекстің 99-бабында көзделген тәртіппен ресімделеді.
3. Сот талқылаудың қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан кейiн осы Кодекстің 99-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, мәлiмделген әрбiр өтiнiшхатты, оның ішінде процестік келісім жасасу және медиация рәсімін өткізу туралы өтінішхатты қарауға, оны қанағаттандыру немесе өтiнiшхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы уәждi қаулы шығаруға тиiс.
4. Сот процестік келісім немесе медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу туралы, сондай-ақ сотқа тараптардың бастамасы бойынша келген адамдардан сот отырысында мамандар немесе куәгерлер ретiнде жауап алу туралы өтiнiшхаттарды қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.
5. Сот өтiнiшхатын қанағаттандырудан бас тартқан тұлға оны одан әрi мәлiмдеуге құқылы.
Ескерту. 362-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.363-бап. Iске қатысатын тұлғалардың қайсыбiрi болмаған кезде істi тыңдау мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу
Сот талқылауына қатысушылардың қайсыбiрi, сол сияқты куә, сарапшы немесе маман келмей қалған кезде сот тараптардың iстi талқылау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және талқылауды кейiнге қалдыру немесе оны жалғастыру және келмеген тұлғаларды келесi сот отырысына шақырту немесе оларды күштеп әкелу туралы қаулы шығарады.
44-тарау. СОТ ТЕРГЕУІ
364-бап. Сот тергеуiнiң басталуы
1. Сот тергеуi толық немесе қысқартылған тәртіппен жүзеге асырылады және айыптаушының – сотталушыға таққан айыбының мәнiн баяндауынан, ал жекеше айыптау iстерi бойынша – шағым берген тұлғаның немесе оның өкiлiнiң, ал олар болмағанда сот отырысы хатшысының шағымды баяндауынан басталады.
2. Айыптау ауырлығы төмендеу түрiне өзгертiлген немесе айыптаудың бiр бөлiгiнен бас тартылған жағдайда, айыптаушы сотқа айыптаудың жаңа уәжді тұжырымдалуын жазбаша түрде баяндауға мiндеттi. Айыптаушы айыптаудың мәнін баяндап болған соң сотқа процестік келісім жасасу ниеті туралы мәлімдеуге құқылы.
365-бап. Сотталушының ұстанымын анықтау
1. Төрағалық етушi сотталушыдан оған айыптаудың түсiнiктi-түсiнiксіз екенiн сұрайды, оған айыптаудың мәнiн түсiндiредi және оның осы Кодексте көзделген жағдайларда, тағылған айыпқа өз ұстанымын сотқа хабарлау ниетінің бар-жоғын, прокурормен процестік келісім немесе жәбірленушімен медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу ниетiнiң бар-жоғын анықтайды.
2. Сотталушыға оның сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде бiлдiрiлген кiнәсiн мойындауына немесе мойындамауына байланысты емес екенi, өз кiнәсiн мойындайтыны немесе мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге мiндеттi емес екенi және сотталушының жауап беруден бас тартуы оның өзіне зиян келтiрiлгендей болып түсiнiлмейтiнi түсiндiрiлуге тиiс. Сотталушыға сондай-ақ өз кінәсін мойындау және шын жүректен өкіну оның жауапкершілігін және жазасын жеңілдететін мән-жайлар болып табылатыны түсіндіріледі. Сотталушы өз жауабын уәждеуге құқылы. Сотталушының жауап бермеуi оның өз кiнәсiн мойындамағаны деп түсiнiледi.
3. Төрағалық етушi сотталушыдан оған қойылған азаматтық талапты (толық, iшiнара) мойындайтынын-мойындамайтынын сұрайды. Егер сотталушы бұл сұраққа жауап берсе, онда ол жауабын уәждеуге құқылы. Сотталушының жауап бермеуi оның азаматтық талап қоюды мойындамағаны деп түсiнiледi.
4. Тараптар сотталушыға оның ұстанымын нақтылауға бағытталған, оның ішінде прокурормен процестік келісім жасасу туралы мәселе бойынша сұрақтар қоюға құқылы.
366-бап. Дәлелдемелердi ұсыну және зерттеу тәртiбi
1. Сот тергеуiнде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледi.
2. Дәлелдемелердi алдымен айыптаушы тарап ұсынады. Дәлелдемелердi зерттеу тәртiбiн сот тараптармен келiсе отырып айқындайды. Сот дәлелдемелердi зерттеу тәртiбiн белгiлеу немесе өзгерту мәселелерi бойынша қаулы шығарады.
3. Сотталушы төрағалық етушiнiң рұқсатымен сот тергеуiнiң кез келген сәтінде айғақ беруге құқылы.
4. Егер тергеу судьясы осы Кодекстің 217-бабына көзделген тәртіппен куә мен жәбірленушінің айғақтарын сақтауға қойған болса, олар сотқа шақырылмайды және олардан жауап алынбайды.
Істі сотта қарау уақытына қарай айғақтарды сақтауға қоюға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, адамның сотқа келуі мүмкін болған кезде, сондай-ақ куә мен жәбірленуші өз еркімен ерік білдірген кезде сот қылмыстық процеске қатысушылардың өтінішхаты бойынша мұндай адамдарды шақыруға және олардан жауап алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып бейнебайланыс режимінде жауап алуға (қашықтықтан жауап алу) құқылы.
Қысқартылған сот талқылауы өткізілген кезде куәлар шақырылмайды және олардан жауап алынбайды.
Ескерту. 366-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.367-бап. Сотталушыдан жауап алу
1. Сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етушi оған тағылған айып және iстiң басқа да мән-жайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқан сөздері өзiне қарсы пайдаланылуы мүмкiн екенiн түсiндiредi.
2. Сотталушы айғақтар беруге келiсiм берген кезде бiрiншi болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, содан кейiн мемлекеттiк айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады. Төрағалық етушi жетелеуші сұрақтарды және iске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды.
3. Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейiн сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтінде қойылуы мүмкiн.
4. Сотталушыдан басқа сотталушының қатысуынсыз жауап алуға тараптардың өтiнiшхаты немесе соттың бастамасы бойынша жол берiледi, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейiн оған өзi болмаған кезде сот отырысының хаттамасына енгiзiлген айғақтар оқылады және өзi болмағанда жауап алынған сотталушыға сұрақ қою мүмкiндiгi берiледi.
368-бап. Сотталушының айғақтарын жария ету
1. Сотталушының iс бойынша сотқа дейiнгi іс жүргізу кезінде берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берiлген оның айғақтарының дыбыс-, бейне жазбасын немесе киноға түсiрiлiмiн тыңдатып-көрсетуге:
1) сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде;
2) егер iс сотталушының қатысуынсыз қаралса;
3) сот талқылауы мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берiлген айғақтардың арасында елеулi қайшылықтар болған кезде жол берiледi.
2. Тиiстi жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс-, бейнежазбаны және кино түсiрiлiмiн тыңдатып-көрсетуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 368-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.369-бап. Жәбiрленушiден жауап алу
1. Жәбiрленушiден осы Кодекстiң 370-бабында көзделген, куәлардан жауап алу қағидалары бойынша жауап алынады.
2. Жәбiрленушi төрағалық етушiнiң рұқсатымен сот тергеуiнiң кез келген сәтінде айғақтар беруге құқылы.
1. Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады.
2. Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысатын басқа тұлғаларға деген қарым-қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді. Куәға, сондай-ақ, – өзіне-өзі, өз жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, ал діни қызметшілерге – тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға да қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екені түсіндіріледі. Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған, бірақ айғақ беруге тілек білдірген адамдарға олардың көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Куәға осы Кодекстің 78-бабында көзделген оның басқа құқықтары мен міндеттері де түсіндіріледі. Куә мынадай мазмұнда ант береді: "Сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты, барлық шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін". Куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығының түсіндірілгені туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі.
3. Куәдан айыптаушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады. Бiрiншi болып өтiнiшхаты бойынша сот отырысына осы куә шақырылған тарап сұрақтар қояды. Төрағалық етуші куәға одан тараптар жауап алып болғаннан кейiн сұрақтар қояды.
4. Куә өзінің талап етуi бойынша сотқа ұсынылуға тиіс жазбаларды пайдалануға құқылы.
5. Куәға өз айғақтарына қатысты қолында бар құжаттарды оқып шығуға рұқсат берiледi. Бұл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша iске қоса тiгiлуi мүмкiн.
6. Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуi аяқталғанға дейiн соттың рұқсатынсыз және тараптардың келiсiмiнсiз одан шығып кете алмайды.
7. Осы Кодекстiң 98-бабында көзделген жағдайларда, куәнiң және оның жақындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында сот куәнiң жеке басы туралы нақты деректердi жарияламай, оны процестің басқа қатысушылары көрмейтiндей жағдайларда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады.
8. Сот куәдан жауап алуды ол болатын не тұратын аумақтағы аудандық (облыстық) сотқа оны шақырта отырып, бейнеконференция байланысының құралдарын пайдалана отырып, осы Кодекстің 213-бабының қағидалары бойынша жүргізуі мүмкін.
9. Бейнеконференция байланысының құралдарын техникалық қолдану тәртібін сот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып бекітеді.
Ескерту. 370-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.11.2024 № 136-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.371-бап. Кәмелетке толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алу ерекшелiктерi
1. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкiлдерi мен педагог қатысады. Көрсетілген адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен жәбiрленушiге және куәға сұрақтар қоя алады.
2. Он алты жасқа толмаған жәбiрленушiден, куәдан жауап алудың алдында төрағалық етушi оған шын және толық айғақтардың iс үшiн маңызын түсiндiредi. Көрсетілген адамдарға олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығы туралы ескертілмейді және олардан қолхат алынбайды.
3. Тараптардың өтiнiшхаты немесе соттың бастамасы бойынша кәмелетке толмаған жәбiрленушiден және куәдан жауап алу сотталушының қатысуынсыз жүргiзiлуi мүмкiн, сот бұл туралы қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысының залына қайтып келгеннен кейiн оған кәмелетке толмаған жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтары жария етiледi, жәбiрленушiге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкiндiгi берiледi.
4. Сот он сегiз жасқа толмаған жәбiрленушiнің, куәның әрi қарай қатысуы қажет деп таныған жағдайлардан басқа, олар өздерінен жауап алу аяқталғаннан кейiн сот отырысы залынан шығарылады.
5. Егер тергеу судьясы кәмелетке толмаған жәбірленушілердің және куәлардың сотқа дейінгі іс жүргізу барысында берген айғақтарын сақтауға қойған болса, оларды сот отырысына шақыру және жауап алу жүргізілмейді.
372-бап. Жәбiрленушiнің және куәнiң айғақтарын жария ету
1. Сот талқылауында жәбiрленушiнің және куәнiң iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу немесе осыдан алдыңғы сот талқылауы кезiнде берген айғақтарын, сондай-ақ олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсiрілімін осы Кодекстің 377-бабында көзделген тәртіппен жария етуге:
1) бұл айғақтар мен олардың сотта берген айғақтары арасында елеулi қайшылықтар болған кезде;
2) жәбiрленушi немесе куә олардың сот талқылауына келу мүмкiндiгiн жоққа шығаратын себептер бойынша сот отырысына қатыспаған кезде;
3) тергеу судьясы айғақтарды сақтауға қойған кезде жол берiледi.
2. Жәбiрленушi және куә берген айғақтардың дыбыс жазбасын, олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсiрілімін тыңдатып-көрсету осы Кодекстiң 368-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген қағидалар бойынша орын алуы мүмкiн.
373-бап. Сот талқылауындағы сараптама
1. Сот тараптардың өтiнiшхаты немесе өз бастамасы бойынша сараптама тағайындауға құқылы.
2. Сараптаманы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қорытынды берген сарапшы (сарапшылар) не сот тағайындаған басқа сарапшы (сарапшылар) жүргізеді.
Соңғы жағдайда төрағалық етуші сараптама жүргізуді кімге тапсыруды ұйғарып отырғаны туралы хабарлауға тиіс, содан кейін көрсетілген адамға қарсылық білдіру және оның өздігінен бас тартуы туралы өтінішхаттар болмаған кезде, сот кеңесу бөлмесіне кетпестен оны іс бойынша сарапшы ретінде тарту туралы қаулы шығарады. Бұдан әрі сарапшыға оның процестік өкілеттіктері түсіндіріледі, оған көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіліп, ол бұл туралы қолхат береді.
3. Сотта сараптама жүргiзу осы баптың талаптары ескерiле отырып, осы Кодекстiң 35-тарауында жазылған қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
4. Сарапшы сот отырысында төрағалық етушiнiң рұқсатымен сараптама нысанасына қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға: жауап алынатын адамдарға сұрақтар қоюға, қылмыстық iстiң материалдарымен танысуға, сараптама нысанасына қатысты барлық сот әрекеттерiне қатысуға құқылы.
5. Төрағалық етушi iс үшiн мәнi бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейiн тараптардың сарапшыға сұрақтарын жазбаша түрде беруін ұсынады. Қойылған сұрақтар жария етiлуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың пiкiрлерi тыңдалуға тиiс.
6. Тараптар сараптамалық зерттеу объектiсi ретiнде нәрселерді, құжаттарды ұсынуға құқылы. Сот оларды осындайлардың қатарынан шығара отырып, уәжді қаулы шығаруға мiндеттi.
7. Сот мәселелердi қарап және олар бойынша тараптардың пiкiрлерiн тыңдап, өз қаулысымен олардың iшiнен iске қатысы жоқтарын немесе сарапшының құзыретiне жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелердi тұжырымдайды.
8. Сарапшы болып тағайындалған адамға соттың сараптаманы тағайындауы туралы қаулысының көшiрмесi табыс етіледі және осы Кодекстiң 79-бабында көзделген оның құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi. Сот тараптардың пiкiрлерiн тыңдап болып, сот отырысын зерттеу жүргiзу үшiн қажеттi уақытқа кейiнге қалдыруға құқылы.
9. Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде бередi және оны сот отырысында жария етедi, содан кейiн одан жауап алу осы Кодекстiң 374-бабында көзделген қағидалар бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Сарапшының қорытындысы iске қоса тiгiледi.
10. Сот талқылауында сараптама жүргiзiлген соң, осы Кодекстiң 287-бабында көзделген жағдайларда сот қосымша не қайталама сараптама тағайындауға құқылы.
11. Iс бойынша сотқа дейiнгі iс жүргiзу барысында қорытынды берген сарапшы сотқа шақырылған жағдайда, сот қорытындыны жария еткен соң, егер ол тараптардың қарсылығын туғызбаса, сараптама тағайындамауға және сарапшыдан жауап алумен шектелуге құқылы.
1. Сарапшыдан жауап алу осы Кодекстің 285-бабы төртінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, қорытынды жария етiлгеннен кейiн ғана оны түсiндiру, нақтылау немесе толықтыру үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.
2. Сарапшыдан бiрiншi болып өтiнiшхаты бойынша сараптама тағайындалған тарап жауап алады.
3. Егер сараптама тараптар арасындағы келiсiм бойынша немесе қылмыстық процесті жүргізетін органның бастамасы бойынша жүргiзiлсе, сарапшыдан бiрiншi болып айыптаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап жауап алады.
4. Сот жауап алудың кез келген сәтiнде сарапшыға сұрақтар қоюға құқылы.
375-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру
1. Сот тергеп-тексеру барысында iске қоса тiгiлген және жаңадан ұсынылған заттай дәлелдемелерді сот тергеуi барысында қарап-тексеруге және тараптарға ұсынуға тиiс. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде тараптардың өтiнiшхаты бойынша да, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша да жүргiзiледi. Заттай дәлелдемелер куәлардың, сарапшының, маманның қарап-тексеруі үшiн ұсынылуы мүмкiн. Өздеріне заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдар соттың назарын заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру кезінде анықталған, iс үшiн маңызы бар мән-жайларға аударуға құқылы.
2. Сот заттай дәлелдемелердi қарап-тексеруді олар тұрған жерде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген қағидаларды сақтай отырып жүргiзе алады.
376-бап. Тергеу әрекеттерiнiң хаттамалары мен құжаттарын жария ету
Қарап-тексеру, куәландыру, алу, тiнту, мүлiкке тыйым салу, ұстап алу, тану үшiн көрсету, тергеу экспериментi, телефонмен сөйлесудi тыңдау кезiнде белгiлi болған мән-жайлар мен фактiлерді куәландыратын тергеу әрекеттерiнiң хаттамалары, сондай-ақ, егер оларда iс үшiн маңызы бар мән-жайлар баяндалған немесе куәландырылған болса, iске қоса тiгiлген немесе сот отырысында ұсынылған құжаттар толық немесе iшiнара жария етiлуге жатады. Сот отырысына ұсынылған құжаттар соттың қаулысы бойынша iске қоса тiгiлуi мүмкiн.
377-бап. Сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарын, сондай-ақ хаттамалар мен құжаттарды жария ету тәртiбi
Осы Кодекстiң 368, 372 және 376-баптарында көзделген жағдайларда, сотталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң айғақтарын, сондай-ақ тергеу әрекеттерiнiң хаттамалары мен құжаттарды олардың жария етілуі туралы өтiнiшхат берген тарап не сот жария етедi.
378-бап. Жергілікті жерді және үй-жайды қарап-тексеру
1. Сот жергілікті жерді және үй-жайды қарап-тексеруді – тараптардың қатысуымен, ал қажет болғанда, куәлардың, сарапшының, маманның қатысуымен де жүргiзедi.
2. Қарап-тексерілетін жерге келген соң төрағалық етушi сот отырысының жалғасатындығы туралы жариялайды және сот қарап-тексеруге кiрiседi. Бұл ретте сотталушыға, жәбiрленушiге, куәларға, сарапшы мен маманға қарап-тексеруге байланысты сұрақтар қойылуы мүмкiн.
379-бап. Тану үшін көрсету, куәландыру, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау, эксперимент жүргiзу, үлгiлер алу
1. Тану үшін көрсету, куәландыру, айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау, эксперимент жүргiзу, үлгiлер алу сот талқылауында тараптардың қатысуымен, осы Кодекстiң 223, 229, 257 және 258-баптарында және 34-тарауында көзделген қағидалар сақтала отырып, сот қаулысы бойынша жүргiзiледi.
2. Егер iстiң мән-жайлары бойынша бұл қажет болса, тану үшiн көрсету, куәландыру, эксперимент, үлгiлер алу жабық сот отырысында жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Куәландырылушыны жалаңаштау арқылы куәландыруды жеке үй-жайда дәрiгер немесе өзге маман жүргiзедi, олар куәландыру актiсiн жасап, оған қол қояды. Содан соң көрсетілген адамдар сот отырысы залына оралып, онда тараптардың және куәландырылған адамның қатысуымен, егер куәландырылушының денесiнде іздер мен белгiлер табылса, олар туралы сотқа хабарлайды, тараптардың және судьяның сұрақтарына жауап бередi. Куәландыру актiсi iске қоса тiгiледi.
379-1-бап. Соттың азаматтық талап қоюды қарауы
1. Сот азаматтық талап қоюды осы Кодекстің 20-тарауының қағидалары бойынша сот отырысында қарайды.
2. Процеске қатысушы азаматтық талап қоюды шешу үшін қосымша дәлелдемелер ұсына алады. Бұл ретте, ол істе қандай маңызы бар мән-жайды растау үшін дәлелдемені ұсынғысы келетінін негіздеуге тиіс.
3. Дәлелдемелер сот белгілеген мерзімде ұсынылуға тиіс.
Ескерту. 379-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.380-бап. Дәлелдемелердi зерттеудi шектеу
1. Мемлекеттiк айыптаушы айыптау дәлелдемелерiнің зерттелуін көрсетілген өтiнiшхат қозғалған кезге қаралған дәлелдемелермен шектеу туралы өтiнiшхат беруге құқылы. Сот тараптардың пiкiрлерiн тыңдап, бұл өтiнiшхатты қанағаттандыруға құқылы.
2. Қорғаушы тарап сотталушының, қорғаушының, сотталушының заңды өкiлiнiң, азаматтық жауапкердiң немесе оның өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша ұсынылған және iске қоса тiгiлген дәлелдемелердi зерттеуден бас тартуға құқылы. Мұндай бас тарту сот үшiн мiндеттi.
381-бап. Сот тергеуiнiң аяқталуы
1. Төрағалық етушi дәлелдемелердi зерттеу аяқталғаннан кейiн:
1) тараптарға – олардың сот жарыссөзiнде, ал соттың – үкiм шығару кезiнде тек сот тергеуiнде қаралған дәлелдемелерге ғана сiлтеме жасауға құқылы екендiгiн түсiндiредi;
2) тараптардан олар сот тергеуiн толықтыруды қалайтынын-қаламайтынын және немен толықтырғысы келетiнiн сұрайды.
2. Сот тергеуiн толықтыру туралы өтiнiшхаттар мәлiмделген жағдайда, сот бұл өтiнiшхаттарды талқылайды және оларды шешедi.
3. Өтiнiшхаттарды шешкеннен және қажеттi сот әрекеттерiн орындағаннан кейін, сондай-ақ сот тергеуiн толықтыру туралы өтiнiшхат қозғалмаған немесе сот оларды уәждi түрде қабылдамаған жағдайларда, төрағалық етушi сот тергеуiн аяқталды деп жариялайды.
382-бап. Iстiң қысқартылған тәртiппен сотта талқылануы
1. Онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы істер бойынша сот талқылауы, мынадай шарттар болған кезде:
1) сотталушы өзiнiң кiнәсiн толық көлемде, оның iшiнде қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның мөлшерін және өзiне қойылған талап қою талаптарын мойындаса;
2) сотқа дейiнгi іс жүргiзу барысында процеске қатысушылардың осы Кодексте белгiленген құқықтарын бұзуға немесе құқықтарына қысым көрсетуге жол берiлмесе;
3) процеске қатысушылар iс бойынша жиналған дәлелдемелердiң қатыстылығы мен жол берілетіндігіне дауласпаса және оларды сот отырысында зерттеудi талап етпесе;
4) іс бойынша сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу кезінде;
5) медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде қысқартылған тәртiппен жүргiзiледі.
2. Iстi сотта талқылаудың қысқартылған тәртiбi сотталушыдан, жәбірленушіден жауап алудан, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімнің мән-жайларын, азаматтық талап қою бойынша төлемдерді және процестік шығындарды төлеу мерзімі мен тәртібі туралы мәселелерді анықтаудан ғана тұрады. Қысқартылған сот талқылауы он тәулікке дейінгі мерзімде аяқталуға тиіс, айрықша жағдайларда бұл мерзім судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
3. Сот, егер сот отырысы барысында қысқартылған тәртіппен сот талқылауына кедергі келтіретін мән-жайлар анықталса, сот тергеуiн толық көлемде жүргiзу туралы қаулы етеді.
Ескерту. 382-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.45-тарау. СОТ ЖАРЫССӨЗІ ЖӘНЕ СОТТАЛУШЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ
383-бап. Сот жарыссөзiнiң мазмұны мен тәртiбi
1. Сот тергеуi аяқталған соң төрағалық етушi соттың сот жарыссөзiне көшетiнiн хабарлайды және сот жарыссөзiне қатысушыларға олардың өз сөздерiнде сот отырысында зерттелмеген материалдарға сiлтеме жасауға құқылы еместігін түсіндіреді. Сотқа жаңа дәлелдемелер ұсыну қажет болған ретте, олар сот тергеуiн қайта бастау туралы өтiнiшхат бере алады.
2. Сот жарыссөзiне қатысушының өтінішхаты бойынша оған сот жарыссөзiне дайындалу үшiн уақыт берiледi, бұл үшiн төрағалық етушi ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысына үзiлiс жариялайды.
3. Сот жарыссөзi айыптаушының, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, сотталушының және қорғаушының сөздерiнен тұрады. Процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша қысқартылған сот тергеуі кезінде сот жарыссөзі жүргізілмейді. Процеске қатысушылардың сөз сөйлеу ретiн олардың ұсыныстары бойынша сот белгiлейдi, бiрақ барлық жағдайда да бiрiншi болып айыптаушы сөз сөйлейді.
4. Егер мемлекеттiк айыптауды бiрнеше мемлекеттiк айыптаушы қолдаса, iске бiрнеше жәбiрленушi, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi, азаматтық талапкерлер мен олардың өкiлдерi, сотталушылар қатысса, төрағалық етушi сөз сөйлеу кезектiлiгiн өзара келiсуi үшiн оларға уақыт бередi. Қажет болғанда бұл үшiн сот отырысына үзiлiс жариялануы мүмкiн. Егер көрсетілген адамдар жарыссөздегi өз сөздерiнiң кезектiлiгi туралы келiсiмге келе алмаса, сот олардың пiкiрлерiн тыңдап болып, сөз сөйлеу кезегi туралы қаулы қабылдайды.
5. Сот жарыссөзiнiң ұзақтығын сот белгiлi бiр уақытпен шектей алмайды, алайда, төрағалық етушi, егер жарыссөзге қатысатын тұлғалардың сөзi қаралатын iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негiзделген болса, оларды тоқтатуға құқылы.
6. Сот жарыссөзіне қатысатындардың барлығы сөз сөйлеп болған соң, олардың әрқайсысы тараптар өкiлдерiнiң сөзiнде айтылған себептер бойынша тағы бiр реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертулерiн (репликаларын) бiлдiріп сөйлеуге құқылы. Соңғы ескертуді айту құқығы барлық жағдайда да сотталушы мен оның қорғаушысына тиесiлi.
7. Сот жарыссөзiне әрбір қатысушы сотқа осы Кодекстiң 390-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 6) тармақтарында көрсетілген мәселелер бойынша шешiмнiң өзi ұсынатын тұжырымдалуын жазбаша түрде ұсына алады. Ұсынылатын тұжырымдаудың сот үшiн мiндеттi күшi болмайды.
384-бап. Сотталушының соңғы сөзi
1. Сот жарыссөзi аяқталған соң, төрағалық етушi сотталушыға соңғы сөз бередi. Сотталушыға оның соңғы сөзi кезiнде ешқандай сұрақ қоюға жол берiлмейдi.
Сот сотталушының соңғы сөзiнiң ұзақтығын белгiлеуге құқылы емес. Төрағалық етушi, егер сотталушының сөзi қаралған iске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса, оны тоқтатуға құқылы.
2. Процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша қысқартылған сот тергеуі кезінде сотталушының соңғы сөзі айтылмайды.
385-бап. Сот тергеуiн қайта бастау
Егер сот жарыссөзiнде сөз сөйлеушi немесе сотталушы соңғы сөзiнде iс үшiн маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтiнiшхаты немесе өз бастамасы бойынша сот тергеуiн қайта бастайды. Сот қайта басталған сот тергеуi аяқталған соң сот жарыссөзiн жаңадан бастайды және сотталушыға соңғы сөз бередi.
386-бап. Соттың кеңесу бөлмесiне кетуi
1. Сотталушының соңғы сөзiн тыңдап болған соң сот үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi, төрағалық етушi ол туралы сот отырысы залындағы қатысушыларға хабарлайды.
2. Үкiмнiң жарияланатын уақыты процеске қатысушыларға судьялар кеңесу бөлмесiне кетер алдында хабарлануы мүмкiн.
46-тарау. ҮКІМ ШЫҒАРУ
387-бап. Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығару
Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығарады.
388-бап. Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi
1. Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс.
2. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде шығарылса, ол заңды болып танылады.
3. Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады.
1. Істі қараған судья үкімді өзіне қандай да болсын ықпал ету мүмкіндігін болғызбайтын жағдайларда шығарады. Үкім шығару кезінде өзге адамдардың, оның ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.
2. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жасауға құқылы.
3. Үкім жарияланғанға дейін судья іс бойынша шешімді айқындайтын өз пікірі мен пайымдауын жария етуге құқылы емес.
390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi
1. Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәселелердi:
1) жасалуына сотталушы айыпталып отырған іс-әрекеттiң орын алғаны дәлелденген-дәлелденбегенін;
2) бұл іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын-табылмайтынын және ол нақ қайсы қылмыстық заңда көзделгенін (бап, бөлiк, тармақ);
3) сотталушының осы іс-әрекеттi жасағаны дәлелденгенін-дәлелденбегенін;
4) сотталушының осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кiнәлi-кінәсіз екендігін;
5) оның жауаптылығы мен жазасын жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғын;
6) сотталушының өзі жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жазалануға жататынын-жатпайтынын;
7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиiстігін;
7-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес мүліктің тәркіленуге жататындығы дәлелденгенін-дәлелденбегенін;
8) жаза тағайындамай үкiм шығару немесе жазадан босату не қылмыстық жазаны өтеудi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74, 75 және 76-баптарында көзделген жағдайларда кейiнге қалдыруға негiздердің бар-жоғын;
9) бас бостандығынан айыруға сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қандай түрi мен режимiнде жазасын өтеуге тиiс екенін;
10) азаматтық талап қоюдың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын, оның кiмнiң пайдасына және қандай мөлшерде қанағаттандырылатынын;
11) азаматтық талап қоюды немесе ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүлiктi не iстеу керектігін;
12) заттай дәлелдемелерді не iстеу керектігін;
13) процестік шығындар кiмге, қандай мөлшерде жүктелуге тиiстігін;
14) соттың сотталушыны құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, мемлекеттiк наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыну енгiзуге) тиiстігін-тиісті еместігін;
15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 91-бабында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;
15-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарында көзделген жағдайларда өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану туралы;
16) қылмысты жасауға ықпал ететiн мән-жайлардың бар-жоғы туралы;
17) сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;
18) алдыңғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы;
19) алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жою туралы шешеді.
2. Ақтау үкiмiн шығару кезiнде сот ақталушыға тергеп-тексеру, прокуратура, сот органдарының заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеу туралы мәселе жөнiнде шешiм қабылдайды.
3. Сотталушыны бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптаған кезде, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 7) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi әрбiр қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жеке-жеке шешедi.
4. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бiрнеше сотталушы айыпталса, сот әрбір сотталушының жасалған іс-әрекетке қатысу рөлi мен дәрежесiн айқындай отырып, олардың әрбіріне қатысты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген барлық мәселелердi жеке-жеке шешедi.
5. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған негiзгi мәселелердi шешкеннен кейін мынадай:
1) сотталушының, ал қажет болған жағдайда – жәбiрленушiнiң ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын орналастыру туралы;
2) сотталушының мүлкiн, қажет болған жағдайда жәбiрленушiнiң мүлкiн қорғау туралы;
3) жекеше қаулы шығару қажеттiгi туралы;
4) алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып қылмыстық жауаптылықтан босатудың күші жойылған жағдайда кепіл нысанасының тағдыры туралы қосымша мәселелердi шешуге көшедi.
6. Егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні басқа соттың бастамасы бойынша конституциялық емес деп тану туралы ұсынуды іс жүргізуге қабылдаса, сот үкім шығаруды кейінге қалдыруға міндетті.
Ескерту. 390-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.391-бап. Сотталушының есi дұрыстығы туралы мәселенi шешу
1. Сотқа дейінгі іс жүргізу немесе сот талқылауы кезiнде сотталушының есi дұрыстығы туралы мәселе туындаған жағдайларда, сот үкiм шығару кезiнде бұл мәселенi тағы да бiр рет талқылауға мiндеттi.
2. Сот сотталушыны іс-әрекет жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн оның өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғыну не оларды игеру мүмкiндiгiнен айыратын психикасының бұзылуымен ауырған деп тани отырып, қылмыстық iстi тоқтатуға және сотталушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы. Мұндай шешімді сот басты сот талқылауына қорғаушы қатысқан жағдайда, кеңесу бөлмесінде қабылдай алады.
3. Егер қорғаушы басты сот талқылауына қатыспаса, сот осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған кезде істі осы Кодекстің 519-бабында көзделген тәртіппен қарау үшін тиісті сотқа жіберу туралы қаулы шығарады.
Соттың үкiмi айыптау немесе ақтау үкімі болуы мүмкiн.
1. Айыптау үкiмi соттың сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тану туралы шешiмiн қамтиды.
2. Айыптау үкiмi:
1) сотталушы өтеуге тиiсті қылмыстық жаза тағайындала отырып;
2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;
3) қылмыстық жаза тағайындалып және оны өтеуден босата отырып;
4) қылмыстық жаза тағайындалмай;
5) қылмыстық жазаны өтеу кейiнге қалдырыла отырып шығарылады.
3. Айыптау үкiмiн болжамдарға негiздеуге болмайды және ол сот талқылауы барысында сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлілігі соттың зерттеген дәлелдемелерiнiң жиынтығымен расталған жағдайда ғана шығарылады.
4. Сот сотталған адам өтеуге тиiсті жазаны тағайындай отырып, айыптау үкiмiн шығарып, жазаның түрiн, мөлшерiн, режимiн және оны өтеу мерзімін есептеудiң басталуын дәл айқындауға тиіс.
5. Сот, егер осы қылмыстық құқық бұзушылық үшiн адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмi өтiп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстiң 36-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, айыптау үкiмiн адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып шығарады.
6. Сот, егер үкiм шығару кезiнде:
1) сотталған адамға осы үкiммен тағайындалған жазаны қолданудан немесе өтеуден босататын рақымшылық жасау актiсi шығарылған;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 62-бабында белгiленген алдын ала қамауға алуды есепке жатқызу қағидаларын ескере отырып, осы iс бойынша сотталушының күзетілуде болу уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыған жағдайларда, айыптау үкiмiн жазаны тағайындап және одан босата отырып шығарады.
7. Егер айыптау үкiмiн шығару кезiнде сотталушы қайтыс болса, сот iстi тоқтатады немесе тараптардың өтiнiшхаты бойынша айыптау үкiмiн жазаны тағайындамай шығарады.
8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабында және 76-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда сот айыптау үкiмiн қылмыстық жазаны өтеудi кейiнге қалдыра отырып шығарады.
1. Ақтау үкімі арқылы сот сотталушыны қылмыстық жауаптылыққа тартқызып, сотқа берген айыптау бойынша оның қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кiнәсiз екенін таниды және жариялайды.
2. Егер:
1) қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы болмаса;
2) сотталушының іс-әрекетiнде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаса;
3) сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкiмi шығарылады.
3. Санамаланған негiздердiң кез келгенi бойынша ақтау соттың сотталушының кiнәсiздiгiн тануын бiлдiредi және оның толық ақталуына әкеп соғады.
4. Егер ақтау үкiмiн шығару кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмай қалса, сот үкiмнің қарар бөлімінде өзге адамды қылмыстық қудалау қажеттiгi туралы мәселенi шешу үшiн iстi прокурорға жiберу туралы көрсетеді.
1. Осы Кодекстiң 390-бабында көрсетiлген мәселелердi шешкеннен кейiн сот үкiмдi жасауға көшедi.
2. Үкiм сот талқылауы жүргiзiлген тiлде жазылады.
3. Үкiм кiрiспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөлiмдерінен тұрады.
4. Үкімді судья қолдан жазуы, машинаға басу тәсілімен не компьютерлік тәсілмен дайындауы мүмкін және ол оған қол қояды.
5. Үкімдегі түзетулер ескертілуге және үкім жария етілгенге дейін оның тиісті бетінде судьяның қол қоюымен куәландырылуға тиіс.
6. Үкiмге ол жария етілгеннен кейiн өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
396-бап. Үкiмнiң кiрiспе бөлiгi
Үкiмнiң кiрiспе бөлiгiнде:
1) үкiмнiң Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны;
2) үкiмнiң шығарылған уақыты мен орны көрсетіледі. Судьялар бiрнеше тәулік бойы кеңескен жағдайда, үкiмнiң шығарылған уақыты оның жария етiлген күнiмен айқындалады;
3) үкiм шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, процеске қатысушылар, олардың өкiлдерi, аудармашы;
4) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), оның туған жылы, айы, күнi және туған жерi, тұрғылықты жері, жұмыс орны, айналысатын кәсiбi, бiлiмi, отбасылық жағдайы және сотталушының жеке басы туралы, iс үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер;
5) жасалғанына сотталушы айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ) көрсетiледi.
397-бап. Айыптау үкiмiнiң сипаттау-уәждеу бөлiгi
1. Айыптау үкiмiнiң сипаттау-уәждеу бөлiгiнде қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты, жасалу тәсiлi, кiнә нысаны, себептерi мен салдары көрсетiле отырып, сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттiң сипаттамасы қамтылуға тиіс. Үкiмде соттың сотталушыға қатысты түйіні негiзделген дәлелдемелер және сот басқа дәлелдемелердi жоққа шығарған себептер келтiрiледi. Жауаптылықты жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ процестік келісімде көзделген, жазаны тағайындау шектері көрсетіледі. Айыптаудың бiр бөлiгi негiзсiз деп танылған немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың дұрыс сараланбағаны анықталған жағдайда, айыптауды өзгертудiң негiздерi мен себептерi көрсетiледi. Сотталушының әрекеттерiн қайта саралау қажеттiгi туралы түйінге келе отырып немесе кейбiр баптардың (бап бөлiгiнiң, бап бөлiгi тармағының) артық тағылғанын анықтап, сот үкiмнiң сипаттау-уәждеу бөлiгiнде іс-әрекеттi сол бойынша саралау керек болатын қылмыстық заңның бабын (баптың бөлiгiн, баптың бөлiгiнiң тармағын) көрсетедi және артық тағылған бапты (баптың бөлiгiн, бап бөлiгiнiң тармағын) алып тастау туралы көрсетедi.
2. Сот қылмыстық жазаны тағайындауға, одан немесе оны нақты өтеуден босатуға, өзге де ықпал ету шараларын қолдануға қатысты барлық мәселелерді шешудiң себептерiн де көрсетуге мiндеттi.
Сот мүлікті тәркілеуді тағайындаған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген, нақты мүлікті тәркілеу нысанасына жатқызған негіздерді және осы мүлікке қатысты осындай түйіндерге негіз болған дәлелдемелерді көрсетуге тиіс.
3. Сипаттау-уәждеу бөлiгінде осы Кодекстiң 390-бабында көрсетiлген басқа да мәселелер бойынша қабылданған шешiмдердiң негiздемесi қамтылуға тиiс.
4. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша, айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде сот талқылауында жариялықты шектеу үшін негіз болатын мән-жайлар туралы тұжырымдалулар болмауға тиіс.
5. Процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлiгi осы Кодекстің 627-бабына сәйкес жазылады.
Ескерту. 397-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).398-бап. Айыптау үкiмiнiң қарар бөлiгi
1. Айыптау үкiмiнiң қарар бөлiгiнде:
1) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде);
2) сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тану туралы шешiм;
3) сотталушы ол бойынша кiнәлi деп танылған қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ);
4) жасалғанына сотталушы кiнәлi деп танылған әрбiр қылмыстық құқық бұзушылық үшiн оған тағайындалған негiзгi және қосымша жазаның түрi мен мөлшерi, қылмыстардың қайталану түрі, сондай-ақ алдыңғы үкiм бойынша шартты түрде сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау, алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жою туралы шешiм және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 58 және 60-баптарының негiзiнде өтелуге жататын түпкiлiктi жазалау шарасы көрсетiлуге тиiс.
Сот бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындаған кезде үкiмде сотталған адам жазасын өтеуге тиiс мекеменiң түрi мен режимiн көрсетедi, ал сотталған адамды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалар тағайындалған кезде, үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн оның он тәулiк iшiнде пробация қызметiне есепке қою үшiн келуі мiндетiн белгiлейдi;
Сот мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны тағайындаған кезде үкімде қай мүліктің тәркіленуге жататынын көрсетеді және (немесе) тәркіленуге жататын нысаналарды санамалайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот тәркіленуге жататын ақша сомасын көрсетеді.
5) шартты түрде соттаған кезде, бас бостандығын шектеуге пробациялық бақылау мерзiмiнiң ұзақтығы және сотталған адамға жүктелетiн мiндеттер, сондай-ақ оларды орындамаудың заңда көзделген салдарлары, кепілгерлік белгілене отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде кепілгерлік мерзімінің ұзақтығы және осы кезеңде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың салдарлары;
6) сотталған адамды құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, мемлекеттiк наградаларынан айыру (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыну енгiзу) туралы шешiм;
6-1) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы шешім;
6-2) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу туралы шешім;
7) егер сотталушы үкiм шығарылғанға дейiн ұстап алынса және оған күзетпен ұстау, үйқамақ түрiнде бұлтартпау шаралары қолданылса немесе ол арнаулы медициналық ұйымға орналастырылса, алдын ала күзетпен қамауға алуды есепке алу туралы шешiм;
8) сотталған адамға мәжбүрлеп емдеудi қолдану және қамқоршылық белгiлеу туралы шешiм;
9) үкiм заңды күшiне енгенге дейiн сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы және процестік мәжбүрлеу шарасы туралы шешiм;
10) негізгі жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы мәселенің шешімі;
11) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде жазалау туралы шешім көрсетiлуге тиiс.
2. Сотталушы қылмыстық заңның бiрнеше бабы (баптардың бөлiктерi, тармақтары) бойынша айыпталған жағдайда, үкiмнiң қарар бөлiгiнде олардың қайсысы бойынша сотталушының ақталғаны және қайсысы бойынша сотталғаны көрсетiлуге тиiс.
3. Сотталушы жазаны өтеуден босатылған немесе үкiм жаза тағайындалмай шығарылған немесе жазасын өтеудi кейiнге қалдыру қолданылған жағдайда, бұл туралы үкiмнiң қарар бөлiгiнде көрсетiледi.
Ескерту. 398-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.399-бап. Ақтау үкiмiнiң сипаттау-уәждеу бөлiгi
1. Ақтау үкiмiнiң сипаттау-уәждеу бөлiгiнде: тағылған айыптың мәнi; сот анықтаған iстiң мән-жайлары; сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi туралы пайымдау негiзделген дәлелдемелердi сот анық емес немесе жеткiлiксiз деп таныған себептер; сотталушыны ақтау үшiн негiз болған дәлелдемелер; азаматтық талап қоюға қатысты шешiмнiң себептерi баяндалады.
2. Ақтау үкiмiнде ақталушының кiнәсiздiгiне күмән тудыратын тұжырымдалуларды пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Жабық сот отырысында қаралған істер бойынша ақтау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде сот талқылауының жариялылығын шектеуге негіз болған мән-жайлар туралы тұжырымдалулар қамтылмауға тиіс.
400-бап. Ақтау үкiмiнiң қарар бөлiгi
1. Ақтау үкiмiнiң қарар бөлiгiнде:
1) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде);
2) сотталушыны кiнәсiз деп тану және оны ақтау туралы шешiм, ақтаудың негiздерi;
3) егер бұлтартпау шарасы таңдалған болса, оның күшiн жою туралы шешiм;
4) ақталған адамның қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартылу арқылы келтірілген зиянды өтеткізу құқығының танылуы қамтылуға тиіс.
401-бап. Үкiмнiң қарар бөлiгiнде шешуге жататын өзге де мәселелер
Айыптау үкімінің де, ақтау үкiмiнiң де қарар бөлiгiнде, осы Кодекстiң 398 және 400-баптарында санамаланған мәселелерден басқа, мыналар қамтылуға тиiс:
1) қойылған азаматтық талап қою жөніндегі шешiм;
2) заттай дәлелдемелер туралы мәселенiң шешімі;
3) процестік шығасыларды бөлу туралы шешiм;
4) үкiмге апелляциялық шағым жасау не оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi мен мерзiмi туралы нұсқау;
5) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою, оларды қолдану, өзгерту немесе жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселенің шешімі;
6) тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларының, сондай-ақ азаматтық талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, егер мұндай шаралар қолданылған болса, күшін жою туралы, оларды сақтау туралы шешiм.
Айыптау үкімінің қарар бөлiгiнде Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу туралы шешім, олардың мөлшері және көрсетілген Қордан жәбірленушіге өтемақы ретінде төленген ақшаны қайтару туралы кінәлі адамға қойылатын регрестік талаптар жөніндегі шешім де қамтылуға тиіс.
Ақтау үкімін шығару кезінде сот қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тартумен келтірілген зиянды өтеу тәртібін түсіндіретін хабарлама жасайды, бұл үкім жария етілген соң ақталған адамға табыс етіледі.
Ескерту. 401-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.1. Төрағалық етуші үкімнің толық мәтініне қол қойғаннан кейін сот отырысы залына оралып, үкімді түрегеліп тұрып жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі үкімді түрегеліп тұрып тыңдайды.
Егер үкім мәтінінің көлемі үлкен болса, төрағалық етуші оны жария ету кезінде қысқаша үзілістер жасап, содан соң үкімнің толық мәтінін жария етуді жалғастыруға не үкімнің кіріспе және қарар бөліктерін ғана жария етуге құқылы.
2. Егер үкім сотталушы (ақталушы) бiлмейтiн тiлде жазылса, онда аудармашы үкімнің жария етілу барысында оны сотталушының ана тiлiне немесе ол бiлетiн басқа тiлге iлеспе түрде дауыстап аударуға тиiс.
3. Төрағалық етушi сотталған (ақталған) адамға, процестiң басқа қатысушыларына үкiмге шағым жасау тәртібі мен мерзімін, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ iстiң апелляциялық қаралуына қатысу туралы өтiнiшхат беру құқығын түсiндiредi. Ақталған адамға хабарлама табыс етілуге және оның заңсыз ұсталу, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталу, бұлтартпау шараларын қолдану, сотқа заңсыз тартылу арқылы келтiрiлген зиянды өтеткізу құқығы, сондай-ақ оны жүзеге асыру тәртiбi түсiндiрілуге тиiс.
4. Алып тасталды – ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.5. Егер сотталушыға пробациялық бақылау тағайындалып, оған үкім заңды күшіне енгеннен кейін он тәулік ішінде пробация қызметіне келу міндеті жүктелсе, сот оған осы міндетті орындамау салдарын түсіндіреді.
6. Егер сотталушы кепілгерлік белгіленуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, сот сотталушыға, сондай-ақ кепілгер болған адамға сотталушының кепілгерлік кезеңінде жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасауының салдарларын түсіндіреді.
Ескерту. 402-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.403-бап. Сотталушыны күзетілуден босату
Сотталушы ақталған кезде не жаза тағайындамай немесе жазаны өтеуден босата отырып, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға бас бостандығынан шартты түрде айыруға соттай отырып, айыптау үкiмi шығарылған кезде күзетілудегі сотталушы сот отырысы залында күзетілуден дереу босатылуға жатады.
404-бап. Үкiмнің көшiрмесiн табыс ету
Үкiм жарияланғаннан кейiн – бес тәулiктен кешiктiрмей, ал көлемі үлкен болған кезде он бес тәуліктен кешіктірмей оның көшiрмесi сотталған адамға немесе ақталған адамға, қорғаушы мен айыптаушыға табыс етілуге тиiс. Үкiмнiң көшiрмесi процестің басқа қатысушыларына өтінішхат келіп түскен кезден бастап дәл сол мерзімде табыс етiледi.
1. Сот жекеше қаулы шығаруға негiз болған кезде кеңесу бөлмесiнде жекеше қаулы шығарады, онда мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын iс бойынша анықталған заң бұзушылық фактiлерiне, қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен және тиiстi шаралар қабылдауды талап ететiн себептер мен жағдайларға аударады. Адамның әрекеттерiнде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен әкiмшiлiк терiс қылық анықталған жағдайда, сот оған заңда көзделген жаза қолдануға құқылы.
2. Жекеше қаулы сот анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде жол берiлген, азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтарды тапқан кезде де шығарылуы мүмкiн.
3. Сот жекеше қаулы арқылы ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарын жекелеген азаматтардың өндiрiстегi немесе тұрмыстағы терiс мiнез-құлқына немесе олардың қызметтiк немесе азаматтық борышын бұзғанына аударуға құқылы.
4. Сот, егер мұны қажет деп таныса, басқа жағдайларда да сот талқылауының материалдары бойынша жекеше қаулы шығаруға құқылы.
5. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесуге немесе оны ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе қызметтiк борышын өтеу кезiнде көрсеткен жоғары саналылығын, ерлiгiн жекеше қаулысы арқылы ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарына жеткiзе алады.
6. Жекеше қаулы бойынша бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қажеттi шаралар қолданылып, оның нәтижелерi жекеше қаулы шығарған сотқа хабарлануға тиiс, ол туралы сот жекеше қаулының қарар бөлігінде көрсетеді.
406-бап. Сот үкiм шығарумен бiр мезгiлде шешетiн мәселелер
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, асырауында қараусыз қалатын басқа да адамдар бар болған жағдайда, сот айыптау үкiмiн шығарумен бiр мезгiлде көрсетілген адамдарды туысқандарының не басқа адамдардың немесе мекемелердiң қамқоршылығына немесе қорғаншылығына беру туралы, ал сотталған адамның қараусыз қалатын мүлкi немесе тұрғынжайы бар болған жағдайда оларды қорғау жөнiнде шаралар қолдану туралы қаулы шығарады. Қажет болған кезде, сот қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан жәбiрленушiнiң ауыр мертігуіне немесе қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, еңбекке жарамсыз ата-аналарын, асырауындағы басқа да адамдарды орналастыру туралы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң мүлкi мен тұрғынжайын қорғау туралы қаулы шығарады.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін органның тағайындауы бойынша іске жәбірленушінің қорғаушысы не өкілі қатысқан жағдайда, сот үкім шығарумен бір мезгілде сотталушыға немесе жәбірленушіге көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу туралы, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулы шығарады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған процестік шешімдер үкiм жария етiлгеннен кейiн де мүдделi адамдардың арыздары бойынша қабылдануы мүмкiн.
4. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 406-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
406-1-бап. Үкім, қаулы заңды күшіне енгенге дейін сот шешетін мәселелер
Үкім немесе қаулы заңды күшіне енгенге дейін сот олардың мәнін өзгертпей, жіберілген анық қате жазуларды түзету және олардағы түсініксіз тұстарды түсіндіру, сот үкімімен не қаулысымен тағдыры шешілмеген заттай дәлелдемелер, азаматтық талап қоюды шешу кезіндегі техникалық және арифметикалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ процестік шығындардың, Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемнің және оларды дұрыс есептемеген жағдайда мемлекеттік баждың мөлшері туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.
Ескерту. 46-тарау 406-1-баппен толықтырылды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 47-тарау. ЖЕКЕШЕ АЙЫПТАУ ІСТЕРІ БОЙЫНША
ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
407-бап. Жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу тәртiбi
Осы Кодекстiң 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстерге жататын жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу, осы тарауда белгiленген алып қоюларды қоспағанда, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.
408-бап. Жекеше айыптауды қозғау
1. Жекеше айыптауды тұлға (бiрнеше тұлға) сотқа, соттылық туралы қағидаларды сақтай отырып, адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғайды. Шағым анықтау органына, тергеушiге немесе прокурорға берілген кезде ол сотқа жiберiлуге жатады.
2. Шағымда ол берiлген соттың атауы, қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының сипаттамасы, дәлелдемелерi көрсетiле отырып, оның жасалған орны мен уақыты, сотқа iстi iс жүргiзуге қабылдау туралы өтiніш, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам туралы мәлiметтер, адам қылмыстық жауаптылыққа тартылатын қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ), сотқа шақырылуы қажеттi куәлардың тiзiмi қамтылуға тиіс. Шағымға оны берген адам қол қояды. Анонимді шағымдар iс жүргiзуге қабылданбайды.
3. Егер шағымға талап арыз және талап қоюдың талаптарын растайтын қажетті материалдар қоса берілсе, шағымда азаматтық талап қоюды қарау туралы өтiну де қамтылуы мүмкiн.
4. Шағым сотқа істің аумақтық тұрғыдағы соттылығына сәйкес, өздеріне қатысты жекеше айыптау iсi қозғалатын адамдардың санына қарай көшiрмелерiмен бірге берiледi.
5. Егер жекеше айыптауды бiрнеше тұлға нақ бір адамға қатысты қозғаса, олар бір шағымды бірлесіп немесе әрқайсысы бiр-бiрiнен тәуелсiз жеке түрде бередi.
6. Сот шағымды өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдаған кезден бастап оны берген тұлға жекеше айыптаушы және жәбірленуші болып табылады және оған осы Кодекстiң 72-бабында және 410-бабының үшінші және төртiншi бөлiктерiнде көзделген құқықтар түсiндiрiлуге тиiс, бұл туралы судья және шағым берген тұлға қолдарын қойған хаттама жасалады.
7. Егер нақ бір қылмыстық жазаланатын іс-әрекетке қатысты жекеше айыптауды қозғауға бiрнеше тұлға құқықты болса және ол олардың бiреуiнiң арызы бойынша қозғалған болса, қалған тұлғалар басталып кеткен iс жүргiзуге қатысуға құқылы. Бұл жағдайда көрсетілген тұлғалардың әрқайсысының арызы бойынша өз алдына iс қозғау талап етiлмейдi.
8. Егер бұл iс жүргізу қозғалған қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттiң нысанасына байланысты болса, айыпталушы айыптаушыға қарсы айыптау бiлдiруге құқылы. Айыптау және қарсы айыптау бiр мезгiлде шешiлуге тиiс. Айыптауды кері қайтарып алу қарсы айыптау бойынша iс жүргiзуге әсер етпейдi.
9. Егер жекеше айыптау бұрын кері қайтарып алынған болса, ол қайтадан қозғалмайды.
Ескерту. 408-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.409-бап. Судьяның жекеше айыптау iсi бойынша сот талқылауы басталғанға дейiнгi әрекеттерi
1. Егер берiлген шағым осы Кодекстiң 408-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес келмесе, судья өзінің қаулысымен оны берген тұлғаға шағымды осы талаптарға сәйкес келтiрудi ұсынады және бұл үшiн мерзiм белгiлейдi. Нұсқау орындалмаған жағдайда судья өзiнiң қаулысымен шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартады және оны берген тұлғаны бұл туралы хабардар етедi. Көрсетілген мән-жай бойынша шағымды қабылдаудан бас тарту қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімі шегінде сотқа осындай шағымды қайтадан беруге кедергі келтірмейді.
2. Судья жекеше айыптау iсi бойынша шағымды қарап, үш тәулiк iшiнде:
1) шағымды өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау туралы;
2) шағымды оның тергеулігi немесе соттылығы бойынша беру туралы;
3) шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Егер шағым осы Кодекстің 408-бабының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келсе және осы соттың соттылығына жататын болса, сот оны өз іс жүргізуіне қабылдайды.
Егер шағым осы соттың соттылығына жатпаса немесе онда адамды осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілмеген өзге іс-әрекеттерді жасады деп айыптау туралы өтіну болса, судья өз қаулысымен шағымды тиісінше – соттылығы бойынша сотқа немесе тергеулігі бойынша қылмыстық қудалау органына жібереді.
Егер шағымның авторы осы Кодекстің 409-бабы бірінші бөлігінің талаптарын орындамаса не осы Кодекстің 35-бабында көзделген, қылмыстық қудалаудың басталуы мүмкін болмайтын мән-жайлардың бар екені анықталса, судья өз қаулысымен шағымды қабылдаудан бас тартады.
3. Шағым бойынша қабылданған шешiм туралы қаулының көшiрмесi – арыз иесiне, ал осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1) тармағында көзделген жағдайда айыпталушыға да жiберiледi.
4. Сот отырысын тағайындау үшiн негiздер болған ретте судья шағым сотқа келiп түскен күннен бастап жетi тәулiкке дейiнгі мерзiмде өзіне қатысты шағым берiлген тұлғаны шақыруға, оны iс материалдарымен таныстыруға, берiлген шағымның көшiрмесiн табыс етуге, сотталушының сот отырысындағы осы Кодекстiң 65-бабында көзделген құқықтарын түсiндiруге міндетті, бұл туралы одан қолхат алынады. Судья жекеше айыптаушыдан және сотталушыдан олар сотқа шақыратын куәлардың тізімін беруін талап етеді. Өзіне қатысты шағым берiлген адам сотқа келмеген жағдайда, шағымның көшiрмесi сотталушының құқықтары, сондай-ақ қорғау куәларының тізімін сотқа ұсыну қажеттігі түсiндiрiліп, поштамен не басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып жiберiледi.
5. Судья кәмелетке толмағандар мен олардың өкілдеріне олардың істі соттылығы бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіруге міндетті.
6. Судья тараптарға татуласу, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкiндiгiн түсiндiруге мiндеттi. Олардан татуласу туралы арыз немесе медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім түскен жағдайда, iс бойынша iс жүргiзу осы Кодекстiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармағы негiзiнде судьяның қаулысымен тоқтатылады.
7. Егер тараптардың арасында татуласуға қол жеткiзiлмесе, судья осы баптың төртiншi және алтыншы бөлiктерiнің талаптары орындалғаннан кейiн осы Кодекстiң 322-бабының қағидалары бойынша iстi сот отырысында қарауды тағайындайды.
410-бап. Тараптардың бастамасы бойынша дәлелдемелердiұсыну және жинау
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы шағым берген жәбiрленушi, өзге де тұлға онда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары және айыпталушының кiнәлiлiгi сотта қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкiн екендiгiн көрсетуге тиіс.
2. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер iс қаралғанға дейiн судьяға өз мүдделерінің қорғалуы үшiн маңызы бар мән-жайларды қандай адамдардың (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi) куәлiк айғақтарымен, құжаттармен, өзге де дәлелдемелермен анықтауға болатынын өзi немесе өкiлi арқылы хабарлайды.
3. Жекеше айыптаушы, оның өкілі, сотталушы, оның қорғаушысы және өкiлдерi сотқа істі қарау басталғанға дейін және оны қарау барысында іс үшін маңызы бар нәрселерді, құжаттарды ұсынуға, өздерінен сот отырысында жауап алу туралы өтінішхат беруге құқылы.
4. Судья тараптарға олардың өтiнiшхаты бойынша дәлелдемелердi жинауға және олар көрсеткен куәларды шақыруға жәрдем көрсетуге тиiс.
411-бап. Жекеше айыптау iсiн сот отырысында қарау
1. Жекеше айыптау iсiн сот отырысында қарау, осы бапта белгiленген алып қоюларды қоспағанда, сот талқылауының жалпы қағидалары бойынша жүргiзiледi.
2. Сот талқылауы шағымның сотқа келіп түскен кезінен бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға, бірақ сотталушы өзінің құқықтары түсiндiрiлген шағымның көшiрмесiн алған кезден бастап үш тәулiктен ерте басталмауға тиiс.
3. Жекеше айыптау iсi бойынша шағымды қарау қарсы шағымды қараумен қоса бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлуi мүмкiн. Бiрiктiруге сот тергеуi басталғанға дейiн судьяның қаулысы бойынша жол берiледi. Шағымдарды бiр iс жүргiзуге бiрiктiрген кезде оларды берген тұлғалар процеске бiр мезгiлде жекеше айыптаушы және сотталушы ретiнде қатысады. Қарсы шағымның түсуiне және iс жүргiзулердi бiрiктiруге байланысты қорғауға дайындалу үшiн үстiнен қарсы шағым берiлген тұлғаның өтiнiшхаты бойынша iс үш тәулiктен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Өздерiнiң шағымдарында жазған мән-жайлар туралы бұл тұлғалардан жауап алу – жәбiрленушiден жауап алу қағидалары бойынша, ал қарсы шағымдарда жазылған мән-жайлар туралы жауап алу сотталушыдан жауап алу қағидалары бойынша жүргiзiледi.
Сот талқылауына жекеше айыптаушы мен сотталушы жеке өзі қатысуға немесе онда өз өкiлдерiнiң өкiлдiк етуiне құқылы.
4. Сот тергеуi басталардан бұрын төрағалық етушi тараптарға өзара татуласудың мүмкіндігі туралы және татуласудың тәртібі мен салдарын түсіндіруге міндетті. Татуласуға қандай да бір шартсыз немесе тараптардың міндеттеме алуынсыз келуге болады. Татуласу туралы өтінішхат сот кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн мәлімделуі мүмкін.
5. Сот тергеуi жекеше айыптаушының немесе оның өкiлiнiң шағымды баяндауынан басталады. Жекеше айыптау iсi бойынша қарсы шағымды бiр мезгiлде қарау кезiнде, оның дәлелдерi негiзгi шағымның дәлелдерi баяндалғаннан кейiн, дәл сол ретпен баяндалады. Айыптаушы дәлелдемелерiн ұсынады, ол оларды зерттеуге қатысуға, сотқа айыптаудың мәнi бойынша, сотталушыға қылмыстық заңды қолдану және оған жаза тағайындау туралы, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн айтуға құқылы. Айыптаушы сот отырысында, егер бұл сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалуға деген құқығын бұзбайтын болса, айыптауды өзгерте алады, сондай-ақ айыптаудан бас тартуға құқылы.
6. Егер айыптаушының өзі істі қарауға қатыспаған болса, жекеше айыптаушының немесе оның өкiлiнiң осы Кодекстiң 157-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген дәлелді себептерсіз сот отырысына келмей қалуы iстiң тоқтатылуына әкеп соғады, алайда, іс сотталушының өтiнiшхаты бойынша олардың қатысуынсыз мәні бойынша қаралуы мүмкiн.
412-бап. Жекеше айыптау iсi бойынша соттың шешiмi
1. Жекеше айыптау жөнiндегi iстi қарап, судья осы Кодекстiң қағидаларын басшылыққа ала отырып, мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) айыптау немесе ақтау үкiмiн шығарады;
2) iстi тоқтатады;
3) жариялы немесе жекеше-жариялы тәртіппен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу туралы мәселенi шешу үшiн тиісті прокурорға жiбередi.
2. Соттың жекеше айыптау iсi бойынша шешiмiне тараптар осы Кодексте көзделген тәртiп пен мерзiмде жалпы негiздерде шағым жасай алады.
413-бап. Жекеше айыптау ісі бойынша iстi тоқтату
1. Жекеше айыптау iсін жүргізу осы Кодекстiң 35-бабында көзделген мән-жайлар бар болған кезде, сондай-ақ жәбiрлеушiнiң не айыпталушының жақын туыстары iстi қарауды талап еткеннен басқа жағдайларда, жекеше айыптаушының қайтыс болуына байланысты тоқтатылуға жатады.
2. Жекеше айыптау бойынша iс жүргiзудi тоқтату тәртiбi, осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.
8-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ТӘРТІППЕН ҚАЙТА ҚАРАУ
Ескерту. 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
48-тарау. Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Ескерту. 48-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
414-бап. Үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру құқығы
Ескерту. 414-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, олардың қорғаушыларына, оның ішінде үкім, қаулы жария етілгеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушыларына, олардың заңды өкілдеріне, жәбірленушіге (жекеше айыптаушыға), олардың өкілдеріне және заңды өкілдеріне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері және заңды өкілдері үкімге азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
2. Апелляциялық тәртіппен сот актісін қайта қарау туралы прокурордың апелляциялық өтінішхатын істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор келтіруі мүмкін. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, үкімді, қаулыны қайта қарау туралы прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтіруі мүмкін.
3. Егер соттың қаулысы осы істің тараптары болып табылмайтын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты болса, олар да сот актісіне шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 414-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.415-бап. Апелляциялық тәртіппен қаралуға жататын сот актілері
1. Аудандық және оған теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, гарнизондардың әскери соттарының заңды күшіне енбеген үкімдері апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.
2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, бірінші сатыдағы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына осы тарауда көзделген тәртіппен жекеше шағым берілуі, прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін.
3. Бұлтартпау шарасы, ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулылардан басқа, сот талқылауы барысында шығарылған, осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелер жөніндегі, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысы залында тәртіп сақтауға қатысты қаулылар осы тараудың қағидалары бойынша қайта қарауға жатпайды. Жоғарыда көрсетілген қаулыларға қарсылықтар үкімге келтірген апелляциялық шағымдарда, прокурордың өтінішхаттарында баяндалуы мүмкін.
Ескерту. 415-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).416-бап. Заңды күшіне енбеген үкімдерге, қаулыларға апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарайтын соттар
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысы қарайды.
2. Гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулыларына апелляциялық (жекеше) шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын Әскери сот қарайды.
3. Егер іс бойынша үкім және қаулы шығарылса, онда үкімге апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары және қаулыға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары облыстық немесе оған теңестірілген соттың апелляциялық сатысының бір отырысында қаралады.
4. Басты сот талқылауы барысында шығарылатын, бұлтартпау шарасы және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы қаулыларға жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін апелляциялық сатыда қаралады. Көрсетілген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын апелляциялық сатыда қарау қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта одан әрі қарауды үзбейді.
Ескерту. 416-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).417-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру тәртібі
1. Үкім, қаулы шығарған сот арқылы апелляциялық (жекеше) шағымдар беріледі, прокурордың өтінішхаттары келтірiледi. Апелляциялық сатыға тiкелей келiп түскен апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаттары осы Кодекстiң 420-бабының және 421-бабы екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындау үшiн үкім, қаулы шығарған сотқа жiберілуге жатады.
2. Істі қайтадан қарау кезінде шығарылған үкімге, қаулыға осындай тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 417-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).418-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмдерi
Ескерту. 418-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Үкім, қаулы жария етілген күннен бастап он бес тәулiк iшiнде апелляциялық (жекеше) шағымдар беріледі, прокурордың өтінішхаттары келтіріледі, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам оларды өзіне үкімнің, қаулының көшiрмесi табыс етілген күннен бастап дәл сондай мерзiмде бере алады.
2. Сот актісіне шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм iшiнде iсті бірінші сатыдағы соттан талап етiп алдыруға болмайды.
3. Мерзiмдi өткізіп алып берiлген апелляциялық (жекеше) шағым, прокурордың өтінішхаты үкімді, қаулыны шығарған соттың қаулысымен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаған кезде осы негіз көрсетіле отырып, авторға қайтарылады. Егер шағымды, прокурордың өтінішхатын бірінші сатыдағы сот қабылдаған соң оларды беру мерзімінің өткізіп алынғаны апелляциялық сатыда анықталса, апелляциялық саты судьясы өз қаулысымен оларды қараусыз қалдырады.
Ескерту. 418-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).419-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзiмін қалпына келтiру тәртiбi
1. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру мерзімі өткізіп алынған жағдайда шағымды, прокурордың өтінішхатын беруге құқығы бар адамдар үкімді, қаулыны шығарған сот алдында өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат бере алады. Апелляциялық (жекеше) шағымды, прокурордың өтінішхатын беру мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатты сот отырысында – істің басты сот талқылауы кезінде төрағалық еткен судья, ал ол ұзақ уақыт (кемінде бес тәулік) болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол өтінішхат қозғаған адамды түсініктеме беру үшін шақыртуға құқылы.
2. Судьяның өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы қаулысына тиісті облыстық немесе оған теңестірілген сотқа шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша сонда қайта қаралуы мүмкін, ол өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруге және осы Кодекстің 420-бабында және 421-бабының екінші бөлігінде жазылған талаптарды сақтай отырып, шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша істі қарауға құқылы. Соттың апелляциялық шағым берудің, прокурордың өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысымен келіспейтін процеске қатысушылар апелляциялық сатының отырысы басталғанға дейін немесе сонда өз дәлелдерін беруге және осы қаулының күшін жою туралы өтінішхат беруге құқылы. Мұндай өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, апелляциялық саты өз қаулысымен апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қараусыз қалдырады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін шектейтін заң бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақтылы дайындамау, іске қатысатын, сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамға сот актісінің көшірмесін аудармасыз табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағым жасау мерзімін көрсетудегі дәлсіздіктер), сондай-ақ оның шағымды уақтылы беруіне немесе прокурордың өтінішхатын келтіруіне объективті түрде кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жекеше) шағым берудің, прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруге міндетті.
4. Апелляциялық саты судьясының өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулысы шағыммен, прокурордың өтінішхатымен және басқа да материалдармен бірге үкімді, қаулыны шығарған сотқа осы Кодекстің 420 және 421-баптарында көзделген әрекеттерді орындау үшін дереу жіберіледі.
Ескерту. 419-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).420-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым беру, прокурордың өтінішхатын келтіру туралы хабарлама
1. Үкімді, қаулыны шығарған сот апелляциялық (жекеше) шағымның берілгені, прокурордың өтінішхатының келтірілгені туралы сотталған адамға немесе ақталған адамға, оның қорғаушысына, өкіліне, айыптаушыға, жәбірленушіге және оның өкіліне, сондай-ақ шағым, прокурордың өтінішхаты олардың мүдделерін қозғайтын болса, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкілдеріне хабар береді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға шағымның, прокурордың өтінішхатының көшірмелері не үкімді, қаулыны шығарған соттың интернет-ресурсы арқылы олардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберіледі. Бұл ретте тараптарға жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанын- да шағымға, прокурордың өтінішхатына қарсылықтар беру құқығы түсіндіріліп, оларды ұсыну мерзімі көрсетіледі. Тараптарға қайта қарау үшін шағым, прокурордың өтінішхаты келтірілген сот актісімен келісуі туралы өз дәлелдерін беру құқығы да түсіндіріледі. Шағымға, прокурордың өтінішхатына келіп түскен қарсылықтар, тараптардың дәлелдері іске қоса тігіліп, апелляциялық сатыда жиынтық түрде қаралуға жатады.
3. Тараптар жаңа материалдарды апелляциялық сатыға апелляциялық (жекеше) шағымға, прокурордың өтінішхатына қарсылықпен бірге немесе бөлек ұсынуға немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу туралы, сондай-ақ өздері көрсеткен жәбірленушілерді, куәларды, сарапшыларды, мамандарды сотқа шақырту және олардан жауап алу туралы өтінішхат беруге құқылы.
Ескерту. 420-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).421-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым берудің, прокурордың өтінішхатын келтірудің салдары
1. Апелляциялық (жекеше) шағым беру және прокурордың өтінішхатын келтіру, бұлтартпау шарасы туралы шешімді қоспағанда, үкімнің, қаулының заңды күшіне енуін және оларды орындауға келтіруді тоқтата тұрады.
2. Бірінші сатыдағы сот үкімге, қаулыға шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және осы Кодекстің 420-бабының талаптарын орындау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін бір тәуліктен кешіктірмей, істі келіп түскен шағымдармен, прокурордың өтінішхатымен, оларға қоса берілген құжаттармен, сондай-ақ оларға қарсылықтармен бірге тиісті соттың апелляциялық сатысына жібереді.
Ескерту. 421-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).422-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
1. Осы Кодекстің 344-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген алып қоюларды қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың қаулысына осы Кодекстің 414-бабында көрсетілген адамдар жекеше шағым, прокурордың өтінішхатын келтіре алады.
2. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулыларына жекеше шағым, прокурордың өтінішхаты жоғары тұрған сотқа қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулiк iшiнде берiледi және апелляциялық iс жүргiзу қағидалары бойынша қаралады. Үкім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, іс үкімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.
Ескерту. 422-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).423-бап. Апелляциялық (жекеше) шағым, прокурордың өтінішхаты
1. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында:
1) шағым, прокурордың өтінішхаты жолданып отырған тиісті апелляциялық сатыдағы соттың атауы;
2) шағым берген немесе прокурордың өтінішхатын келтірген адамның процестік жағдайы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, онымен хабарласудың байланыс құралдарының нөмірлері көрсетіле отырып, ол туралы деректер;
3) шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;
4) үкімнің, қаулының қай бөлігінде немесе оларға толық көлемде шағым берілгенін, прокурордың өтінішхаты келтірілгенін көрсету;
5) шағым берген, прокурордың өтінішхатын келтірген адамның өз пікірі бойынша сот үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру немесе істі қарау кезінде заңның қандай нормаларының бұзылғаны және мұның ол бойынша шешім қабылдауға әсер еткені туралы дәлелдері және оның өтінуінің мәні;
6) шағымның, прокурор өтінішхатының авторы өз талаптарын негіздейтін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
7) шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілетін материалдардың тізбесі;
8) шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген күн және шағым авторының, өтінішхат келтірген прокурордың қолтаңбасы қамтылуға тиіс.
2. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген өтінішхаты осы талаптарға сәйкес келмесе, олар берілген деп есептеледі, бірақ үкім шығарған сот оларды толық ресімдеу мерзімін көрсете отырып, кері қайтарады. Егер көрсетілген мерзім ішінде апелляциялық (жеке- ше) шағым, прокурордың өтінішхаты қайта жасалғаннан кейін сотқа ұсынылмаса, олар берілмеген деп есептеледі, бұл туралы шағым, прокурордың өтінішхаты авторына хабарланады. Апелляциялық сатыдағы сот шағымды осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес ресімдеу үшін осындай тәртіппен қайтаруға құқылы.
3. Тараптар апелляциялық (жекеше) шағымның, прокурордың өтінішхатының негіздерін растау ретінде шағыммен бірге немесе оны бергеннен кейін апелляциялық сатыдағы сотқа жаңа материалдар ұсынуға немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу, сондай-ақ өздері көрсеткен куәлардан, жәбірленушілерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтінішхат беруге құқылы.
4. Апелляциялық (жекеше) шағым берген, прокурордың өтінішхатын келтірген адам сот отырысы басталғанға дейін өзінің шағымын, прокурор өтінішхатын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша өтінішхатында немесе прокурордың өтінішхатын өзгерту туралы оның арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе өкілдердің үкімге шағым жасау мерзімі өткеннен кейін берілген қосымша шағымында, егер прокурордың бастапқы өтінішхатында немесе шағымда сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап болмаса, осындай мәселе қойыла алмайды. Сот актісіне шағым жасау мерзімі өткеннен кейін іс бойынша іс жүргізуге кіріскен қорғаушы шағымды өзгерте алады не жаңа дәлелдермен толықтыра алады, іске бұрын қатысқан қорғаушы берген шағымдағы дәлелдердің қосымша дәйектемелерін ұсына алады.
5. Үкімге, қаулыға шағым жасаған, прокурордың өтінішхатын келтірген адам апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін өз шағымын, прокурордың өтінішхатын кері қайтарып алуға құқылы. Прокурордың өтінішхатын жоғары тұрған прокурор да кері қайтарып алуы мүмкін. Қорғаушы, заңды өкіл өз шағымын сотталған адамның келісімімен ғана кері қайтарып алуға құқылы. Сотталған адам өзінің қорғаушысы, заңды өкілі берген шағымды кері қайтарып алуға құқылы, көрсетілген адамдардың шағымдарын оның кері қайтарып алуы сот үшін міндетті болып табылады.
Ескерту. 423-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).49-тарау. Апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істерді қарау
Ескерту. 49-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
424-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы
1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша істе бар және қосымша ұсынылған, апелляциялық сатының отырысында зерттелген материалдар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық-процестік заң нормаларының сақталуын, бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының әділдігін, заңдылығын және негiздiлiгiн осы Кодекстің 426-бабының бірінші бөлігінде белгіленген шектерде тексередi.
2. Алқабилер қатысқан соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қарау тәртібі осы Кодекстің 69-тарауының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
3. Кассациялық саты үкімнің және барлық кейінгі қаулылардың күшін жойып, істі апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жіберген жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау осы Кодекстің 41 – 46-тарауларының қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 424-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.425-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi
Iс келiп түскен күнінен бастап бір айдан кешiктiрiлмей апелляциялық тәртiппен қаралуға тиiс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару қажеттігіне негіз бар деп тапса, іс келіп түскен күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуға тиіс. Дәлелдi себептер болған кезде, көрсетілген мерзiмдер iс жүргiзуінде іс жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл ретте істі қарау мерзімінің әрбір ұзартылуы бір айдан аспауға тиіс.
426-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері
1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің, сот қаулысының заңдылығын, негізділігін, әділдігін толық көлемде тексереді және егер бұл ретте сотталғанның жағдайы нашарламаса, оларға шағымда, прокурордың өтінішхатында көрсетілмеген негіздер бойынша өзгерістер енгізуге құқылы.
2. Егер істі қараған кезде басқа сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны, бұл заңсыз үкімнің, қаулының шығарылуына алып келгені анықталса, егер бұл ретте сотталғанның жағдайы нашарламаса, сот осы Кодексте көзделген қағидаларды сақтай отырып, оның шағым жасалмаған, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралмаған бөліктерінде де және өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты да күшін жоюға немесе оны өзгертуге құқылы.
Үкімді өздері туралы шағым, прокурордың өтінішхаты берілмеген адамдарға қатысты өзгертуге немесе оның күшін жоюға шағым, прокурордың өтінішхаты өзіне қатысты болатын адамға қатысты үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда ғана және қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасаған басқа да сотталғандардың әрекеттерін саралауды сәйкес келтіру үшін ғана жол беріледі.
Сот сотталғанның жағдайын оның өтінішхаты немесе оның қорғаушысының немесе заңды өкілінің өтінішхаты бойынша нашарлатуға құқылы емес.
3. Сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша істі қарай отырып, жекеше шағымдар, прокурордың өтінішхаттары болмаған кезде де, егер соттың жекеше және өзге де қаулылары апелляциялық сатының шағымдар, прокурордың өтінішхаттары бойынша қабылдаған шешіміне қарама-қайшы келсе немесе істің материалдарына және заңға сәйкес келмесе, олардың күшін жоюға немесе оларды өзгертуге құқылы.
4. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын, оларға қарсылықтарды және тараптардың дәлелдерін қарау бойынша шығарылған қаулымен (үкіммен) осы сот сатысында іс бойынша іс жүргізу аяқталады.
Ескерту. 426-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.427-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын дайындау
1. Егер шағымдардағы, прокурордың өтінішхаттарындағы дәлелдерді тексеру үшін тиісті процестік әрекеттерді орындау қажет болса, судья іс келіп түскен күннен бастап он тәулік ішінде істі апелляциялық сатыда қарауға дайындау туралы қаулы шығарады, онда алқа отырысына тиісті адамдарды (сотталған адамды, ақталған адамды, жәбірленушіні, куәларды, сарапшыларды, мамандарды) шақыру және олардан жауап алу туралы, материалдарды талап етіп алдыру және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де әрекеттерді жасау туралы нақты көрсетеді. Судья қаулыда дайындық әрекеттерін орындау үшін қажетті уақытты ескере отырып, істі апелляциялық сатыда қарау күнін көрсетеді. Судьяның апелляциялық сатыдағы отырысты дайындау туралы қаулысының көшірмесі шығарылған күнінен бастап үш тәулік ішінде процеске қатысушыларға жіберіледі.
2. Судья тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сотталушыға немесе сотталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы мәселені шешеді, ол туралы қаулыда көрсетеді.
Ескерту. 427-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).428-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын тағайындау
1. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдары, прокурордың өтінішхаты бар қылмыстық іс келіп түскен бойда сот отырысын тағайындайды, істі қараудың уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлайды.
2. Күзетпен ұсталатын сотталған адамнан өзінің жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың өтінішхатын қарау кезінде апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу туралы өтінішхат келіп түскен кезде апелляциялық сатыдағы сот істі сотталған адамның тікелей қатысуымен не аталған адамның қашықтықтан қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып қарау туралы қаулы шығарады, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.
3. Өзге жағдайларда күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот шешеді. Сот бірінші сатыдағы сотта қараудың нысанасы болып табылмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде сотталған (ақталған) адамның апелляциялық сатыдағы отырысқа қатысуы міндетті. Мұндай жағдайларда осы Кодекстің 335-бабында көрсетілген мән-жайлар болған кезде істі сотталған (ақталған) адамның қатысуынсыз қарауға жол беріледі.
4. Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты іс қаралған кезде не сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған, жәбірленушінің (азаматтық талапкердің), олардың өкілдерінің апелляциялық шағымы, прокурордың өтінішхаты бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және істі бірінші сатыдағы сотта қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда не апелляциялық сатының жаңа дәлелдемелерді зерттеуі кезінде қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
5. Осы Кодекстің 414-бабына сәйкес үкімге шағым жасау құқығы берілген тұлғалар соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда да жіберіледі. Оларға өздерінің өтінуі бойынша, берілген шағымды немесе прокурордың келтірілген өтінішхатын не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.
6. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
Апелляциялық сатыда прокурор осы Кодекстің 337-бабында көзделген өкілеттіктерге ие болады.
Қорғаушыны қоспағанда, апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген процестің басқа қатысушыларының келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
Ескерту. 428-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.429-бап. Істі апелляциялық сатыда қарау тәртібі
1. Осы Кодекстің 29-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық саты істерді ашық сот отырысында қарайды. Төрағалық етуші сот отырысын ашады, қандай іс қаралып жатқанын және кімнің апелляциялық (жекеше) шағымдары немесе прокурордың өтінішхаты бойынша екенін жариялайды. Содан кейін төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың тегін, сондай-ақ аудармашылардың тегін жариялайды.
2. Төрағалық етуші отырысқа қатысатын адамдарға олардың істі апелляциялық сатыда қараған кездегі процестік құқықтарын, оның ішінде процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу құқықтарын түсіндіреді және тараптардан қарсылық білдірулері мен өтінішхаттарының бар-жоғын сұрайды және егер олар мәлімделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот осы Кодекстің 344-бабында көзделген тәртіпті сақтай отырып, оларды қарау нәтижелері бойынша қаулы шығарады.
Егер процеске қатысушы бірінші сатыдағы соттың үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасаудың, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қараудың өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіру туралы қаулысының заңдылығын тексеру туралы өтінішхатты мәлімдесе, онда бұл өтінішхат қарсылық білдірулерді шешкен бойда тікелей қаралуға жатады. Апелляциялық саты өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы қаулыны заңсыз деп таныса, оның күшін жою және мерзімі өткізіп алынып берілген шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады. Егер өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру дұрыс деп танылса, апелляциялық саты шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын осы бапта көзделген тәртіппен қарауды жалғастырады.
3. Сотқа қосымша материалдарды ұсынған тұлға олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттігі неге байланысты туындағанын көрсетуге, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот жүргізген сот тергеуін толықтыру қажеттігін негіздеуге міндетті. Қосымша материалдарды тергеу әрекеттерін жүргізу жолымен алуға болмайды.
4. Тараптар іске жаңа материалдарды қосып тігу немесе оларды талап етіп алдыру және зерттеу, сондай-ақ өздері көрсеткен куәлардан, жәбірленушілерден, сарапшылардан, мамандардан жауап алу туралы, бірінші сатыдағы сот тергеуі олқылықтарының орнын толтыруға бағытталған өзге де әрекеттер жасау туралы өтінішхаттарды мәлімдеген жағдайда, сот процеске қатысушылардың пікірін тыңдайды, содан кейін оларды қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы қаулы шығарады. Егер апелляциялық саты сот тергеуін жүргізу туралы қаулы етсе, онда тараптардың өз бастамасы бойынша келген куәлардан жауап алу туралы өтінішхаттары қанағаттандырылуға жатады. Егер өтінішхаттарды қанағаттандыруға байланысты процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу немесе басқа да әрекеттерді орындау үшін уақыт талап етілетін болса, сот үзіліс жариялайды және қажет болғанда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартады.
Егер тағайындалған сараптамаларды жүргізу үшін уақыт талап етілсе, сот үзіліс жариялайды және қажет болғанда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін ұзартады.
5. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар, тараптар ұсынған немесе олардың өтінішхаттары бойынша талап етіп алынған қосымша материалдарды, алынған сарапшылық қорытындыларды зерттейді, отырысқа шақырылған адамдардан жауап алады.
Егер бірінші сатыдағы сотта процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған болса, сот көрсетілген келісімдер шегінде заңдылықты тексереді. Істі апелляциялық сатыдағы сот отырысында қараған кезде бірінші сатыдағы сот үкімінің күші заңмен көзделген негіздер бойынша жойылғаннан кейін тараптар бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасай алады.
6. Сот тергеуін жүргізгеннен кейін сот процеске қатысушылардың сөздерін сот жарыссөздерін жүргізу қағидалары бойынша тыңдайды, олар өз шағымдарының, прокурор өтінішхаттарының не оларға қарсылықтарының уәждері мен дәлелдерін баяндайды. Тараптар өз сөздерінде бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарға да, апелляциялық сатыда зерттелген қосымша материалдарға да сілтеме жасауға құқылы. Шағымды берген, прокурордың өтінішхатын келтірген процеске қатысушы бірінші болып сөз сөйлейді, егер олар бірнешеу болса, сот олардың пікірлерін ескере отырып, олардың сөз сөйлеу кезектілігін белгілейді. Егер шағымда, прокурордың өтінішхатында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөз сөйлейді.
7. Апелляциялық сатыдағы сотқа қатысатын прокурор қаралып жатқан апелляциялық шағымдар бойынша пікірін айтады, прокурордың өтінішхатында көрсетілген дәлелдерді баяндайды, іс бойынша жасалған сот актілерінің заңдылығы туралы қорытынды береді, сондай-ақ қажет болған жағдайларда мемлекеттік айыптауды қолдайды.
8. Апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелерді зерттеген, сотталған (ақталған) адамнан, куәдан, жәбірленушіден, сарапшыдан, маманнан және басқа да адамдардан жауап алған кезде сот отырысының хаттамасы жүргізіліп, ол осы Кодекстің 347-бабының талаптарына сәйкес ресімделеді. Апелляциялық сатының отырысында жауап алынған тараптар мен адамдар сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған осы Кодекстің 348-бабында көзделген тәртіппен өздерінің ескертулерін беруге құқылы. Хаттамаға берілген ескертулер осы Кодекстің 349-бабында көзделген тәртіппен қаралады.
9. Сот отырысының тәртіптемесі және оны бұзушыларға қатысты қолданылатын шаралар осы Кодекстің 345, 346-баптарының қағидаларымен айқындалады. Кеңесу бөлмесінде шешімдер қабылдау тәртібі осы Кодекстің 389-бабының қағидаларымен айқындалады.
Ескерту. 429-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).430-бап. Апелляциялық сатының өкілеттіктері
1. Апелляциялық шағыммен немесе прокурордың өтінішхатымен бірге келіп түскен істі қараған кезде сот үкімнің заңдылығын тексеру және істі дұрыс шешу мақсатында тараптардың өтінішхаты бойынша:
1) сотталған адамның, жәбірленушінің және іске қатысатын басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасылық жағдайына және бұрынғы сотталғандықтары туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етіп алдыруға, тараптардың өтінішхаты бойынша – басқа құжаттарды да талап етіп алдыруға;
2) сот-психиатриялық немесе өзге де сараптаманы тағайындауға;
3) сот отырысына қосымша куәларды, сарапшыларды, мамандарды шақыруға және олардан жауап алуға, тараптар ұсынған немесе олардың өтінуі бойынша сот талап етіп алдырған жазбаша, заттай және өзге де дәлелдемелерді зерттеуге;
4) бірінші сатыдағы сот зерттеген материалдарды жарамсыз дәлелдемелер деп тануға және оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастауға;
5) бірінші сатыдағы сот дәлелдемелер қатарынан алып тастаған материалдарды жол берілетін дәлелдемелер деп тануға және оларды зерттеуге;
6) азаматтық талап қоюға қатысты мән-жайларды зерттеуге және азаматтық талап қою бойынша шешім қабылдауға;
7) істің барлық материалдарын толық, жан-жақты және объективті түрде зерттеуді қамтамасыз ету және іс бойынша ақиқатты анықтау үшін қажетті басқа да әрекеттерді орындауға құқылы.
2. Бірінші сатыдағы сот жауап алған, сот отырысының хаттамасында жазылған сотталған (ақталған) адамның, жәбірленушілердің, куәлардың, басқа да адамдардың айғақтарында түрліше түсінуге мүмкіндік беретін түсініксіз жайлар болған кезде сот өз бастамасы немесе тараптардың өтінішхаты бойынша сот отырысында осы мән-жайлар жөнінде жауап алу арқылы олардың айғақтарын нақтылауға құқылы.
3. Бірінші сатыдағы сотта процестік келісім немесе медиациялық тәртіппен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған кезде апелляциялық сатыдағы сот оларды жасасудың мән-жайларын тексереді.
Ескерту. 430-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).431-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешімдер
1. Сот істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде мынадай:
1) бірінші сатыдағы соттың үкімін, қаулысын – өзгеріссіз, ал апелляциялық (жекеше) шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыру;
2) үкімді өзгерту;
3) үкімнің күшін жою және істі толық көлемінде немесе бір бөлігінде тоқтату;
4) айыптау үкімінің күшін жою және жаңа айыптау немесе ақтау үкімін шығару;
5) ақтау үкімінің күшін жою және жаңа ақтау немесе айыптау үкімін шығару;
6) алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою және істі жаңадан сот қарауына жіберу;
7) жаңа қаулы қабылдау арқылы қаулыны өзгерту, қаулының күшін жою;
8) алып тасталды – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;9) алып тасталды – ҚР 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) егер іс мәні бойынша қаралмаса, сот қаулысының күшін жою және істі жаңадан қарауға жіберу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сот шағымдарда, прокурордың өтінішхатында көрсетілген шектерде және негіздер бойынша ғана сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға құқылы.
3. Осы Кодекстің 405-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде апелляциялық сатыдағы сот жекеше қаулы шығарады.
Ескерту. 431-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.432-бап. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте азаматтық талап қоюды қарауы
1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қараған кезде, егер шағымдарда, прокурордың өтінішхатында осы туралы өтіну болса, азаматтық талап қою бөлігінде үкімнің заңдылығын, негізділігін және әділдігін де тексереді және осы Кодекстің 170-бабының талаптарын сақтай отырып, шешім қабылдайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді азаматтық талап қою бөлігінде өзгертуге құқылы.
3. Азаматтық талап қою бойынша сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға айыптаушы тараптың шағымдарында немесе прокурордың өтінішхатында тиісті дәлелдер болған кезде ғана жол беріледі.
Ескерту. 432-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).433-бап. Yкiмнiң күшiн жою немесе оны өзгерту негiздері
Мыналар:
1) сот тергеуiнiң бiржақтылығы және толық еместiгi;
2) соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi;
3) қылмыстық-процестік заңның елеулі түрде бұзылуы;
4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы;
5) жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуi бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң күшiн жоюға не оны өзгертуге негiз болып табылады.
434-бап. Сот тергеуiнiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi
1. Анықталған жағдайда iстiң дұрыс шешiлуi үшiн елеулi мәнi болуы мүмкiн мән-жайларды ашылмаған күйi қалдырған сот тергеуi бiржақты немесе толық емес жүргізілген болып танылады.
2. Айғақтарының iс үшiн елеулi мәнi бар адамдардан іс бойынша жауап алынбаған немесе заң бойынша жүргiзiлуi мiндеттi болып табылатын сараптама жүргiзiлмеген, сол сияқты елеулi маңызы бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер талап етіп алынбаған барлық жағдайда да сот тергеуi толық емес деп танылады.
3. Сот тергеуі олқылықтарының орнын толтырғаннан кейін апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 431-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдайды.
4. Осы Кодекстің талаптары сақтала отырып, қысқартылған тәртіппен немесе тараптардың өтінішхаттарына байланысты дәлелдемелерді зерттеуді шектей отырып жүргізілген сот тергеуі толық емес немесе біржақты деп қарастырыла алмайды және ол осы негіздер бойынша сот үкімінің, қаулысының күшін жоюға әкеп соқпайды.
435-бап. Соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінің iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмеуi
1. Егер:
1) соттың түйіндері сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса;
2) сот өз түйіндеріне айтарлықтай әсер ете алатын мән-жайларды ескермесе;
3) соттың түйіндері үшiн елеулi мәнi бар қарама-қайшы дәлелдемелер болса, ал үкiмде, қаулыда соттың қандай негiздер бойынша бұл дәлелдемелердiң бiреуін қабылдап, басқаларын қабылдамай тастағаны көрсетiлмесе;
4) соттың үкiмде, қаулыда айтылған түйіндерінде елеулі қайшылықтар болып, олар iстiң шешiлуiне, оның iшiнде сотталған адамның, ақталған адамның кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi туралы мәселенi соттың шешуiне, қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн болса, үкiм, қаулы iстiң нақты мән-жайларына сәйкес келмейдi деп танылады.
2. Сот іс материалдарын, тараптар ұсынған және істі апелляциялық қарау барысында алынған дәлелдемелерді қарап шығып, оларды жаңадан бағалауға және осы Кодекстің 431-бабының бірінші бөлігінде көзделген жаңа шешімді қабылдауға құқылы.
436-бап. Қылмыстық-процестік заңды елеулi түрде бұзу
1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында немесе істі сотта қарау кезінде жол берілген осы Кодекстiң қағидаттары мен өзге де жалпы ережелерін бұзушылықтар, сондай-ақ iске қатысатын адамдарды заңда кепілдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе олардың құқықтарына қысым көрсету, сот iсiн жүргiзу рәсiмдерін сақтамау немесе iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге өзгедей жолмен кедергi келтірген, сот төрелігінің үкімін немесе соттың өзге де шешімдерін шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін өзге де заң бұзушылықтар қылмыстық-процестік заңды елеулi түрде бұзу болып танылады.
2. Бірінші сатыдағы соттың міндетті түрде зерттелуге жататын дәлелдемелерді зерттемеуі салдарынан жол берген сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі, талқылаудан жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе тарапқа іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың не жарамсыз дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесі болып табылса, үкімнің күші жойылуға немесе ол өзгертілуге жатады.
3. Егер:
1) сот осы Кодекстiң 35-бабында көзделген негiздер болған кезде қылмыстық iсті тоқтатпаса;
2) үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса;
3) осы Кодекстiң 335-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, iс сотталушының қатысуынсыз қаралса;
4) заң бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің өкілі қатысуға мiндеттi болғанда, іс сотта олардың қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғалу құқығы өзгедей түрде бұзылса;
5) сотта сотталушының немесе жәбірленушінің ана тiлiн немесе өздері білетін тiлдi не аудармашының көрсететін қызметтерін пайдалану құқығы бұзылса;
6) осы Кодекстің талаптарына сәйкес жарыссөз жүргізілмеген жағдайларды қоспағанда, сотталушыға сот жарыссөзiне қатысу құқығы берілмесе;
7) осы Кодекстің талаптарына сәйкес соңғы сөз сөйлеу көзделмеген жағдайларды қоспағанда, сотталушыға соңғы сөз берiлмесе;
8) үкім шығару құпиясы бұзылса;
9) үкiмге судья қол қоймаса, кез келген жағдайда үкімнің, қаулының күшi жойылуға жатады.
4. Істе сот отырысы хаттамасының болмауы шағым жасалған (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралған) сот актісінің күшін жою үшін негіз болып табылмайды. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот істі толық ресімдеу үшін бірінші сатыдағы сотқа жібереді.
Ескерту. 436-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).437-бап. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Жалпы бөлiгiнің талаптарын бұзу;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң қолданылуға жататынынан басқа бабын, бабының бөлiгiн, бабы бөлiгiнің тармағын қолдану;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi Ерекше бөлiгiнiң осы бабындағы санкцияда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындау қылмыстық заңды дұрыс қолданбау болып табылады.
438-бап. Сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі
1. Жаза тағайындаудың жалпы бастаулары есепке алынбай тағайындалған және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектерден шықпаса да, бірақ өзінің түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жеңілдігі немесе шектен тыс қатаңдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады.
2. Апелляциялық сатыдағы сот жазаны жеңілдетуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға байланысты, сол сияқты сотталған адамның әрекеттерін қайта сараламастан, неғұрлым қатаң жаза тағайындау туралы шешім қабылдауға құқылы. Айыптаушы тараптың шағымдарында немесе прокурордың өтінішхатында тиісті дәлелдер болған кезде ғана және солардың шегінде ғана сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдауға жол беріледі. Неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану сотталушыға тағылған және бірінші сатыдағы сотта айыптаушы тараптан қолдау тапқан айыптау шегінен шықпауға тиіс.
3. Бірінші сатыдағы сот қылмыстық құқық бұзушылықты мемлекеттік және жекеше айыптаушылардың айыпты онша ауыр емес айыпқа өзгертуіне байланысты осы Кодекстің 337-бабы жетінші бөлігінің негізінде саралау туралы шешім қабылдаған жағдайларда, апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға құқылы емес, алайда ол жазаның мерзімін немесе мөлшерін шағымдардағы, прокурордың өтінішхаттарындағы дәлелдер шегінде ұлғайтуға не сотталған адамға үкімде көрсетілгеннен гөрі басқа неғұрлым қатаң жаза түрін тағайындауға құқылы.
Ескерту. 438-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).439-бап. Істі тоқтата отырып айыптау үкімінің күшін жою
1. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған кезде осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3) - 10) тармақтарында және 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде үкімнің күшін жояды және істі тоқтатады.
2. Іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 9) тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған кезде апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 520-бабында көрсетілген мәселелерді шешеді және осы Кодекстің 521-бабына сәйкес қаулы шығарады.
3. Тараптар сотталған адамның жәбірленушімен татуласуына байланысты істі тоқтату туралы өтінішхат беруге құқылы. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот өтінішхаттарда көрсетілген мән-жайлардың бар болуын және анықтығын тексереді. Іс оларға сәйкес тоқтатылуға жататын немесе тараптардың татуласуына орай тоқтатылуы мүмкін негіздер анықталған кезде, сот көрсетілген негіз бойынша үкімнің күшін жою және істі тоқтату туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 439-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).440-бап. Ақтау үкiмiнiң күшiн жою
1. Апелляциялық саты тек прокурордың өтінішхаты бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі тоқтату туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады.
2. Егер ақталған адамның кiнәсiздiгiне, ақтау негіздеріне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң мәнiне дау айтылмаса, осы Кодекстің 436-бабында көрсетілген қылмыстық-процестік заң елеулi түрде бұзылды деген уәжбен ақтау үкiмiнiң, iстi тоқтату туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоюға болмайды.
3. Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде мемлекеттік айыптаушының және жәбірленушілердің айыптаудан бас тартуына байланысты соттың істі тоқтату туралы қаулысының күші жойылуға жатпайды.
Ескерту. 440-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).441-бап. Жаңа үкім шығара отырып, үкімнің күшін жою
1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 46-тарауының талаптарын сақтай отырып:
1) осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер болған кезде айыптау үкімінің күшін жоюға және ақтау үкімін шығаруға;
2) шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша ақтау үкімінің күшін жоюға және айыптау үкімін шығаруға;
3) айыптау үкімінің күшін жоюға және жаңа айыптау үкімін шығаруға;
4) ақтау үкімінің күшін жоюға және жаңа ақтау үкімін шығаруға құқылы.
2. Жаңа айыптау үкімін шығарған кезде апелляциялық сатыдағы сот тағылған айыптың шегінен, сондай-ақ басты сот талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жекеше айыптаушы қолдаған айыптаудың және жаза мөлшерінің шегінен шығуға құқылы емес.
Ескерту. 441-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Апелляциялық сатыдағы сот үкімді былайша өзгертуге:
1) сот тағайындаған жазаны немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрiн жеңiлдетуге;
2) онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және өзгертілген саралануға сәйкес жаза тағайындауға;
3) айыптаушы тараптың шағымын, прокурордың өтінішхатын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе қосымша жаза қолдануға;
4) мән-жайлар дұрыс анықталған, дәлелдемелер толық зерттелген және талданған, сотталған адамның әрекеттері дұрыс құқықтық сараланған және негізгі жаза дұрыс тағайындалған жағдайда, қосымша жаза қолдануға;
5) сотталған адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің заңда көзделгенiнен неғұрлым жеңіл түрiн тағайындаудың күшiн жоюға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесiнiң түрiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес тағайындауға;
6) егер бiрiншi сатыдағы сот оны жасамаса немесе дұрыс жасамаса, қылмыстардың тиiстi қайталануының орын алғандығын тануға;
6-1) шартты түрде соттаудың не жазаны өтеуді кейінге қалдырудың күшін жоюға;
7) алдыңғы үкiм бойынша шартты түрде соттаудың күшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабының бесiншi бөлiгiне сәйкес жоюға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша жазаны өтеуден босатудың күшін жоюға және осыған байланысты, егер бiрiншi сатыдағы сот мұны жасамаған болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
8) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
9) үкімге азаматтық талап қою, процестік шығындарды және Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді өндіріп алу бөлігінде өзгерістер енгізуге;
10) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның жағдайын нашарлататын шешімдерді, егер осы негiздер бойынша прокурор өтінішхат келтірсе немесе жекеше айыптаушы, жәбiрленуші, олардың өкiлдерi шағым берсе ғана қабылдауға құқылы.
Ескерту. 442-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.443-бап. Апелляциялық үкімнің, қаулының мазмұны
1. Осы Кодекстің 431-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 8) тармақтарында көзделген жағдайларда (бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру, үкімді өзгерту, істі тоқтата отырып үкімнің күшін жою, үкімнің күшін жою және істі осы Кодекстің 323-бабына, 340-бабының үшінші бөлігіне сәйкес және сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында қылмыстық-процестік заңды бұза отырып, процестік келісімнің жасалуына байланысты прокурорға жіберу туралы) апелляциялық қаулы шығарылады.
Апелляциялық қаулы кiрiспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөлiктерінен тұрады.
2. Қаулының кiрiспе бөлiгiнде:
1) қаулы шығарылған уақыт пен орын;
2) қаулыны шығарған соттың атауы және соттың құрамы;
3) апелляциялық шағым берген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхатын келтірген адамдар;
4) iстi апелляциялық сатыда қарауға қатысқан адамдар көрсетiлуге тиiс.
3. Қаулының сипаттау-уәждеу бөлiгiнде сот актісінің, берiлген шағымдардың, прокурордың келтірілген өтінішхатының, оларға қарсылықтардың дәлелдері мәнінің қысқаша мазмұндамасы, сондай-ақ шағым бермеген процеске қатысушылардың басқа да процеске қатысушының шағымына, прокурордың өтінішхатына қарсылықтармен қатар ұсынылған сот актісімен келісетіні немесе келіспейтіні туралы дәлелдері, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пікірлері, сондай-ақ қабылданған шешiмнің уәждері қамтылуға тиiс.
4. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде апелляциялық қаулының сипаттау-уәждеу бөлiгiнде сот актісіне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
5. Yкiмнiң күшi жойылған немесе ол өзгертiлген кезде қаулыда қылмыстық немесе қылмыстық-процестік заңның қай нормаларының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылықтардың неден тұратындығы, бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне олар бойынша өзгерiстер енгiзілген негiздер көрсетiлуге тиiс.
6. Апелляциялық қаулының қарар бөлігінде апелляциялық сатыдағы соттың шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шешімі, қаулының заңды күшіне ену уақыты, оған шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдері көрсетіледі.
7. Осы Кодекстің 441-бабының бірінші бөлігіне сәйкес жаңа үкім қаулы етіліп, үкімнің күші жойылған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот үкімнің күшін жою туралы қосымша қаулы шығармай, осы Кодекстің 46-тарауының қағидалары бойынша апелляциялық үкім шығарады, онда бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылғанын көрсетеді.
8. Апелляциялық үкімнің құрылымы мен мазмұны осы Кодекстің 393 – 401-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
9. Егер апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 442-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген шешiмдердi қабылдаса, қаулының сипаттау-уәждеу бөлiгiнде бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi олар бойынша дұрыс емес деп танылған уәждер, сондай-ақ сотталған адамның жағдайын нашарлату негiздерi көрсетiлуге тиiс.
10. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық үкімнің немесе қаулының мәнін өзгертпей, жіберілген айқын қате жазуларды түзету және олардағы түсініксіз тұстарды түсіндіру туралы қосымша қаулы шығаруға құқылы.
Ескерту. 443-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.444-бап. Апелляциялық үкім, қаулы шығару және олардың заңды күшіне енуі
1. Апелляциялық үкім, қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған судья (судьялар) қол қояды және судья (судьялар) кеңесу бөлмесінен қайта оралғаннан кейін отырыс залында сот актісінің кіріспе және қарар бөліктері жария етіледі.
2. Үкімнің, қаулының көшірмелері шығарылған күнінен бастап он тәуліктен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі.
3. Апелляциялық үкім, қаулы жария етілген кезінен бастап заңды күшіне енеді.
4. Апелляциялық сатының қаулылары кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 444-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.445-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың үкімін, қаулысын орындауға енгізу
1. Апелляциялық сатының үкімі немесе қаулысы шығарылған күнінен бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, орындауға енгізу үшін iспен бiрге бірінші сатыдағы сотқа жiберiледi.
2. Сотталған адам оған сәйкес күзетілуден босатылуға жататын үкім, қаулы, егер сотталған адам апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысып отырған болса, осы бөлігінде дереу орындалады. Өзге жағдайларда апелляциялық үкімнің, қаулының көшірмесі немесе олардың қарар бөлімінен үзінді-көшірме сотталған адамды күзетілуден босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне дереу жіберіледі.
Ескерту. 445-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.446-бап. Істі апелляциялық сатыда қайтадан қарау
1. Егер:
1) белгіленген мерзімде берілген, кейбір сотталғандарға қатысты апелляциялық шағымдар, прокурордың өтінішхаты, үкімге, қаулыға апелляциялық шағым жасау құқығы берілген басқа да процеске қатысушылардың шағымдары апелляциялық сатыдағы сотқа істі басқа да процеске қатысушылардың шағымдары бойынша қарағаннан кейін келіп түссе;
2) шағым жасаудың, прокурордың өтінішхатын келтірудің өткізіп алынған мерзімін сот істі апелляциялық сатыда басқа да процеске қатысушылардың шағымдары бойынша қарағаннан кейін осы Кодексте көзделген тәртіппен қалпына келтірсе, бірінші сатыдағы сот үкімінің заңдылығын тексеру кезінде шығарылған бірінші апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылмастан, істі апелляциялық сатыда қайтадан қарауға жол беріледі.
2. Апелляциялық сатыдағы сот сотталған адамның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс прокурордың апелляциялық өтінішхаты, басқа да процеске қатысушылардың шағымдары бойынша қаралған жағдайларда да қарауға міндетті.
3. Егер жаңадан шығарылған үкім, қаулы апелляциялық сатының бұрын шығарылған үкіміне, қаулысына қайшы келсе, облыстық сот төрағасы кассациялық сатыға туындаған қайшылықтарды жою туралы ұсыну енгізеді.
Ескерту. 446-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.447-бап. Алқабилердің қатысуымен шығарылған бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iстi бiрiншiсаты бойынша қарау
Бастапқы үкiмнiң күшi жойылғаннан кейiн iс осы Кодекстің 65-тарауында көзделген тәртiппен қаралуға жатады.
Егер алқабилердің қатысуымен қаралған іс бойынша шығарылған үкімінің күші басты сот талқылауын тағайындау сатысында істі жаңадан қарауға жолдай отырып, жойылған болса, сот істі жаңадан қараған кезде істі алдын ала тыңдауды жүргізеді және сотталушының ерік білдіруіне қарай істі алқабилердің қатысуымен не олардың қатысуынсыз жаңадан қарау туралы шешім қабылдайды. Егер бастапқы үкімнің күші істі басты сот талқылауын жүргізу сатысында соттың жаңадан қарауына жолдай отырып, жойылған болса, сот басты сот талқылауын тағайындайды, алқабилердің жаңа алқасын қалыптастыруды жүргізеді және істі осы Кодекстің 65-тарауының ережелеріне сәйкес қарайды.
Бұл ретте сот сотталған адамның жағдайын осы Кодекстің 67, 68-тарауларының және 658-бабының талаптарын төрағалық етушінің бұзуына байланысты күші жойылған алдыңғы айыптау үкiмімен салыстырғанда нашарлатуға құқылы емес.
Ескерту. 447-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 50-тарау. ІСТЕРДІ КАССАЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР, НАРАЗЫЛЫҚТАР
БОЙЫНША ҚАРАУ
Ескерту. 50-тарау алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
9-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ШЕШІМДЕРІН ОРЫНДАУ
51-тарау. СОТТЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН ОРЫНДАУ
470-бап. Үкімнің заңды күшіне енуі және оны орындауға енгізу
1. Аудандық және оған теңестірілген соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, гарнизонның әскери соты шығарған бірінші сатыдағы соттың үкімдері, егер оларға шағым жасалмаса немесе олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралмаса, апелляциялық шағым жасаудың және прокурордың өтінішхатын келтірудің мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға енгізуге жатады.
2. Іс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкімнің күші жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер апелляциялық (жекеше) шағымдар, прокурордың өтінішхаты апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін кері қайтарып алынса, апелляциялық саты шағымның, прокурордың өтінішхатының кері қайтарып алынуына байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарған күні үкім заңды күшіне енеді.
3. Бірінші сатыдағы сот, үкімнің заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға енгізеді.
4. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 77-бабында белгіленген мерзімде орындауға келтірілмесе, жазаны өтеуден босатылады.
5. Соттың қаулысы сотталған адамды, ақталған адамды күзетілуден босату бөлігінде дереу орындауға енгізілуге жатады.
Ескерту. 470-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).471-бап. Сот қаулысының заңды күшiне енуi және оны орындауға енгізу
1. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысы шағым жасаудың немесе прокурордың өтінішхатын келтірудің мерзiмi өткен соң не жекеше шағым берілген немесе прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, iстi жоғары тұрған сот қарағаннан кейiн заңды күшiне енедi және орындауға енгізіледі.
1-1. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейiнге қалдыру, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру туралы сот қаулылары сотталған адамды күзетілуден босатуға қатысты бөлігінде дереу орындалуға жатады.
Бұл ретте көрсетілген қаулыларға осы Кодекстің 48 және 49-тарауларында белгіленген қағидалар бойынша аппеляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2. Соттың шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға немесе наразылық білдірілуге жатпайтын қаулысы шығарылған бойда дереу күшiне енедi және орындауға енгізіледі.
3. Соттың алдын ала тыңдау барысында немесе басты сот талқылауы кезінде шығарылған істi тоқтату туралы қаулысы оның айыпталушыны немесе сотталушыны күзетілуден босатуға қатысты бөлiгiнде дереу орындалуға жатады.
4. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы, үкімі жария етілген кезінен бастап күшіне енеді.
5. Апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары осы Кодекстің 445-бабында көзделген тәртіппен орындауға енгізіледі.
6. Соттың жекеше қаулысы заңды күшіне енген кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзім өткен соң басқару функцияларын орындайтын тиісті лауазымды адамға жіберіледі. Жекеше қаулы бойынша бiр айлық мерзiмнен кешiктiрмей қажеттi шаралар қолданылуға және оның нәтижелерi туралы қаулы шығарған сотқа хабарлануға тиiс.
Ескерту. 471-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.472-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауға енгізу тәртiбi
1. Соттың заңды күшiне енген үкiмi мен қаулысы мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәрiне бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында бұлжытпай орындалуға жатады. Соттың үкiмiн, қаулысын орындамау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Үкiм мен қаулыны орындауға енгізу iстi бiрiншi саты бойынша қараған сотқа жүктеледi. Үкiмдi орындау туралы өкiмдi судья үкiмнiң көшiрмесiмен бiрге қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес үкiмдi орындауға келтіру мiндетi жүктелген органға жiбередi. Апелляциялық сатыдағы сотқа күзетпен ұсталып отырған адамдарға қатысты iстi апелляциялық қарау нәтижелерiн хабарлау мiндетi жүктеледi. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде үкiм өзгертілген жағдайда, үкiмнiң көшiрмесiне апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi қоса берілуге тиiс.
3. Егер үкiмде сотталған адамды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградасынан, Қазақстан Республикасының Президентi берген құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесінен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы мәселенi қою қажеттiгi көрсетiлсе, онда үкiмдi шығарған сот Қазақстан Республикасының Президентiне сотталған адамды мемлекеттiк наградасынан, көрсетiлген атақтарынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесінен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы ұсынуды, сондай-ақ үкiмнiң көшiрмесi мен оның заңды күшiне енгенi туралы анықтаманы жібереді.
4. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган үкiмдi шығарған сотқа оның орындауға келтірілгені туралы дереу хабарлайды. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган үкiм шығарған сотқа сотталған адамның жазасын өтеу орны туралы хабарлауға тиiс. Апелляциялық сатының үкімін орындау туралы хабарлама бірінші сатыдағы тиісті сотқа жіберіледі.
473-бап. Сотталған адамның туыстары мен азаматтық талапкерге үкiмнің орындауға енгізілгені туралы хабарлау
1. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамды қамаққа алуға немесе бас бостандығынан айыруға кескен үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн қамау орнының әкiмшiлiгi сотталған адамның отбасын оның жазаны өтеу үшiн қайда жiберiлетiнi туралы хабардар етуге мiндеттi.
2. Азаматтық талап қою қанағаттандырылған жағдайда сот орындаушысы азаматтық талапкерді үкiмнiң орындалуға енгізілгені туралы хабардар етедi.
Ескерту. 473-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).474-бап. Туыстарына сотталған адаммен кездесуге рұқсат беру
Үкiмді орындауға енгізгенге дейiн iс бойынша төрағалық етушi немесе сот төрағасы күзетпен ұсталып отырған сотталған адамның жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына олардың өтiнуi бойынша сотталған адаммен кездесу және телефон арқылы сөйлесу мүмкiндiгiн беруге мiндеттi.
475-бап. Үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту
Ескерту. 475-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Адамды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, оның бас бостандығын шектеуге немесе оны бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкiмдi орындау мынадай негiздердiң бiрi болған кезде:
1) сотталған адамның жазаны өтеуге кедергi келтiретiн ауыр науқасы болса – ол сауығып кеткенге дейiн;
2) сотталған әйел жүктi болса немесе сотталған әйелдiң жас балалары болса және жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін еркектерге қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74-бабында көзделген тәртiппен;
3) сотталған адам немесе оның отбасы үшiн жазаны дереу өтеу – өрт немесе өзгедей дүлей зілзала, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесiнiң ауыр науқасы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдайлардың салдарынан ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкiн болса, сот белгiлеген, бірақ алты айдан аспайтын мерзiмге, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 76-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға қатысты үш айдан аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
2. Соттың үкімі бойынша сотталған адамнан өндіріліп алуға жататын айыппұлды, өзгедей сомаларды төлеу, егер оны дереу төлеу сотталған адам үшiн мүмкiн болмаса, бір жылға дейінгі мерзiмге кейiнге қалдырылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
3. Егер сот үкімді шығарған кезде үкімнің орындалуын кейінге қалдыру туралы мәселені шешпеген болса, оны үкімді шығарған сот немесе қызмет ауданында үкім орындауға келтірілетін сот сотталған адамның, оның заңды өкiлiнiң, жақын туыстарының, қорғаушысының өтiнiшхаты бойынша не прокурордың немесе үкімді орындау жүктелген органның ұсынуы бойынша шешедi.
Үкімді қосымша жаза бөлігінде орындауды кейінге қалдыруға жол берілмейді.
Ескерту. 475-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.476-бап. Үкiмдi орындау кезiнде соттың қарауына жататын мәселелер
Соттың құзырына үкiмдi орындауға байланысты:
1) мынадай:
айыппұлды – қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабы);
түзеу жұмыстарын – қоғамдық жұмыстарға тартумен, қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабы);
қоғамдық жұмыстарға тартуды – қамаққа алумен, бас бостандығын шектеумен немесе бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 43-бабы);
бас бостандығын шектеуді – бас бостандығынан айырумен (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 44-бабы) ауыстыру туралы;
2) айыппұл төлеуді кейінге қалдыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 41-бабы), еңбекке қабілеттілігін толық жоғалтқан кезде түзеу жұмыстарының қалған бөлігін орындаудан босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 42-бабы) туралы;
3) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарға қатысты iздестiру, оның ішінде халықаралық іздестіру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы;
4) бас бостандығынан айыруға сотталған адамға үкім бойынша не үкімді орындау кезінде шығарылған сот қаулысы бойынша тағайындалған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес өзгерту туралы;
5) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабы), жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 73-бабы) туралы;
5-1) кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелiк әсері бар мәжбүрлеу шарасынан мерзімінен бұрын босату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 85-бабының бесінші бөлігі) туралы;
6) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшін жою (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабының жетінші бөлiгi) туралы;
7) ауруына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 75-бабы) туралы, сондай-ақ жазаны әрі қарай орындау үшін, оның ішінде сауығып кетуіне байланысты сотталған адамды жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейiнге қалдыру туралы қаулылардың күшін жою туралы;
8) шартты түрде соттаудың күшін жою немесе пробациялық бақылаудың мерзімін ұзарту туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 64-бабы);
9) бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшiн бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе iшiнара жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 44-бабы);
10) жазаны орындауды кейінге қалдырудың күшін жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабы);
11) соттың айыптау үкiмiнің ескіру мерзiмiнің өтіп кетуіне байланысты жазаны өтеуден босату туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабы);
12) басқа да орындалмаған үкiмдер болған кезде, егер бұл уақыты жағынан соңғы үкiмде шешiлмесе, үкiмдi орындау туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының алтыншы бөлігі, 60-бабы);
13) күзетпен ұсталған, сондай-ақ емдеу мекемесiнде болған уақытын есепке алу туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 62, 97, 98-баптары);
14) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 93, 96, 98-баптары);
14-1) жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу, ұзарту туралы;
15) керi күшi бар не жасалған іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын қылмыстық заңның шығуы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының сот үкім шығарған кезде қолданған заңды немесе өзге нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тануы, сондай-ақ рақымшылық жасау актiсiнiң шығуы салдарынан жазадан босату немесе жазаны жеңiлдету, сотталған адам жасаған іс-әрекеттің саралануын өзгерту, жазалау мерзімін қысқарту, қылмыстың қайталануы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 6-бабы) туралы;
16) түзеу жұмыстарына сотталған адамның жалақысынан ұсталатын соманың мөлшерiн Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес төмендету туралы;
17) үкiмдi орындау кезiнде туындаған кез келген түрдегі күмәндар мен түсiнiксiз жайттарды түсіндіру туралы;
18) сотталған адамның қайтыс болуына байланысты iс жүргiзудi тоқтату туралы;
19) сотталғандардың үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері адамдарының, прокурордың әрекеттеріне және шешімдеріне шағымдарын қарау туралы;
20) сотталғандықты алып тастау туралы;
21) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарда психикалық ауытқулардың және сексуалдық зорлық-зомбылық жасауға бейімділіктің болуы (болмауы) туралы мәселені шешу үшін оларға қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындау туралы;
22) мүлікті тыйым салудан босату туралы;
23) тағдырын сот шешпеген заттай дәлелдемелер туралы, азаматтық талап қоюды шешу кезінде техникалық және арифметикалық қателерді түзету туралы, сондай-ақ процестік шығындардың, Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемнің және оларды дұрыс есептемеген жағдайда мемлекеттік баждың мөлшері туралы;
24) қорғалатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларының күшін жою, оларды қолдану, өзгерту немесе жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәселелерді қарау жатады.
Ескерту. 476-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.477-бап. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешетiн соттар
1. Үкімді орындауға байланысты мәселелерді – осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мәселелерді қоспағанда, үкім орындалатын жерде жұмыс істейтін аудандық және оған теңестірілген сот, ал ол болмаған кезде жоғары тұрған сот шешеді.
Апелляциялық үкімді орындауға байланысты мәселелерді де осы соттар қарайды.
Мамандандырылған ауданаралық соттар, осы баптың үшінші бөлігінде және осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселелерді қоспағанда, көрсетілген мәселелерді қарамайды.
2. Сотталғандықты алып тастау туралы мәселені сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша жұмыс істейтін, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген сот қарайды.
3. Үкім шығарған сот осы Кодекстің 476-бабының 13), 17), 22) және 23) тармақтарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
4. Соттың үкімді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі барлық материалдары және қаулысының көшірмесі заңды күшіне енгеннен кейін қылмыстық іс материалдарына қоса тігіледі. Егер соттың қаулысы жоғары тұрған сот сатыларында қайта қаралған болса, қылмыстық іс материалдарына осы сот сатылары қаулыларының көшірмелері де қоса тігіледі.
Ескерту. 477-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.478-бап. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi
1. Сот осы Кодекстің 476-бабының 2), 5), 16), 19) және 20) тармақтарында көрсетілген мәселелерді сотталған адамның өтінішхаты бойынша қарайды.
2. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 12), 14), 14-1), 18) және 21) тармақтарында көрсетілген мәселелер жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қаралады.
2-1. Осы Кодекстің 476-бабының 3) тармағында көрсетілген, халықаралық іздестіруді жариялау және тоқтату бөлігіндегі мәселелер қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруді жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша қаралады.
3. Сот осы Кодекстің 476-бабының 4), 7), 9), 11), 13), 15) және 17) тармақтарында көрсетілген мәселелерді сотталған адамның өтінішхаты бойынша не жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қарайды.
3-1. Үкім шығарған сот осы Кодекстің 476-бабының 22) тармағында көрсетілген мәселені сот үкімімен тәркіленген мүлікті қабылдаған уәкілетті мемлекеттік органның және өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша қарайды.
3-2. Осы Кодекстің 476-бабының 23) тармағында көрсетілген мәселені сот сотталған адамның, оның қорғаушысының, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың өтінішхаты, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның ұсынуы бойынша қарайды.
4. Сот үкімді орындауға байланысты мәселелерді өтінішхат келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімде сотталған адамның қатысуымен ашық сот отырысында жеке-дара қарайды. Осы Кодекстің 476-бабының 1), 3), 6), 7), 8), 10), 14), 17) және 23) тармақтарында көзделген мәселелерді қарау сотталған адамның қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Сот осы Кодекстің 476-бабының 5) тармағында көрсетілген мәселелерді Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының өтінішхаты бойынша, ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберінде қарауы мүмкін.
6. Сот сотталғандарға қатысты үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi қараған кезде, осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы мiндеттi.
Соттың қаулысы негізінде адвокаттар сотталғандарға заң көмегін көрсеткен жағдайларда, олардың еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 68-бабына сәйкес жүргізіледі.
7. Сотталған адамды ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру не оны емдеу мекемесiне орналастыру туралы мәселенi қараған кезде қорытынды берген дәрiгерлік комиссия өкiлiнiң қатысуы мiндеттi, ал сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргізілген жағдайда, сот отырысына қорытынды берген сарапшы қатысады.
8. Шартты түрде сотталған адамға іздестіру жариялаған кезде сот қаулыда пробациялық бақылау мерзімінің өтуін тоқтата тұрудың басталуын және оның өтуі қайта басталатын кезді көрсетеді.
9. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қараған кезде сот отырысына жәбірленуші қатысуға құқылы не оның өкілі өкілдік ете алады.
10. Егер мәселе үкiмдi азаматтық талап қою бөлiгiнде орындауға қатысты болса, сот отырысына азаматтық талапкер немесе оның өкiлi де шақырылады. Көрсетілген адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi келтірмейді.
11. Сот отырысына прокурор қатысады.
12. Сотта үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарау сотталған адамның, прокурордың немесе жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің тиісті өтінішхатты баяндауымен басталады. Содан соң ұсынылған материалдар зерттеледi, сот отырысына келген адамдардың түсiнiктемелерi, прокурордың пiкiрi тыңдалады, содан соң судья кеңесу бөлмесінде қаулы шығарады.
13. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.
Ескерту. 478-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.479-бап. Сотталғандықты алып тастау туралы өтiнiшхаттарды қарау
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 79-бабына сәйкес сотталғандықты алып тастау туралы мәселенi жазасын өтеген адамның өтiнiшхаты бойынша оның тұрғылықты жерiндегi сот шешедi.
2. Сот отырысына өзiне қатысты сотталғандықты алып тастау туралы өтiнiшхаты қаралатын адамның қатысуы мiндеттi.
3. Қарау өтiнiшхатпен жүгінген адамның түсiніктемесін тыңдаумен басталады, содан соң ұсынылған материалдар зерттеледi және шақырылған адамдар тыңдалады.
4. Сотталғандықты алып тастаудан бас тартылған жағдайда, бұл туралы сот алдында қайталап өтiнiшхат беруді бас тарту туралы қаулы шығарылған күннен бастап бiр жылдан ерте қозғауға болмайды.
480-бап. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселелерді қарау
1. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселе сотталған адамның өтінішхаты бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 478-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайда қаралады.
2. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа заңды шешім қабылдау үшін маңызы бар, оның ішінде сотталған адамның сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеген мерзімін растайтын материалдарды, оның қылмыс арқылы келтірген залалды өтегені туралы мәліметтерді, сотталған адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделгені және оның нәтижелері туралы, міндетті түрде емдеуді қажет ететін өзге де ауруларының бар-жоғы туралы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы және басқалары туралы мәліметтерді қоса алғанда, оның жазаны өтеу уақытындағы мінез-құлқын сипаттайтын егжей-тегжейлі деректерді ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының өтінішхатына ынтымақтастық туралы процестік келісім шеңберінде шығарылған, заңды күшіне енген үкім қоса берілуге тиіс. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа сотталған адамның сол кезге қарай түзелу дәрежесі және оның бүкіл жаза мерзімін орындау қажет екені немесе ондай қажеттіліктің болмауы туралы пікірін береді. Сондай-ақ жазаны орындайтын мекеме немесе орган және сотталған адамның өзі сотталған адамның босап шыққаннан кейінгі болжамды тұратын орны мен оның жұмысқа орналасу перспективасы (туыстарының жазбаша келісімі, ұйымның, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұрғын үй, жұмыс орнын беруі) туралы деректерді сотқа ұсына алады.
3. Сотталған адам сотқа ұсынылған материалдармен сот отырысы басталғанға дейін танысуға, өзінің түсініктемелерін, дәлелдемелерін ұсынуға, өтінішхаттарын мәлімдеуге құқылы.
4. Егер ұсынуда жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы мәселе қойылса, жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерден бөлек, сотталған адамға оның түзелу дәрежесін және жеке қасиеттерін ескере отырып, ауыстыру тәртібімен өтеу үшін белгіленуі мүмкін жазаның түрі, мерзімінің мөлшері туралы негізделген пікірін ұсынады.
5. Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы мәселені қарау кезінде сот отырысына сотталған адамның, қорғаушының, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, прокурордың қатысуы міндетті. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және олардың өкілдерінің келмей қалуы өтінішхатты қарауға кедергі болмайды.
6. Сот отырысының дайындық бөлігі жүргізілгеннен кейін тиісінше сотталған адам не жазаны орындайтын мекеме немесе орган өтінішхатты баяндайды. Содан кейін сот келіп түскен материалдарды зерттейді және сот отырысына келген адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Сотталған адам сот отырысында барлық материалдарды зерттеуге қатысуға, сотта сөз сөйлеуге және қаралып отырған мәселе бойынша өз пікірін айтуға құқылы.
Прокурор сотқа өтінішхатты қанағаттандыру немесе оны қанағаттандырусыз қалдыру туралы дәйектелген пікірін баяндайды.
7. Сот қарау нәтижелері бойынша:
1) сотталған адамды жазаны одан әрі өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандыру және немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн басқа неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы өтінішхатты қанағаттандыру туралы;
2) жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн басқа неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) жазаның өтелмеген бөлiгiн басқа неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы шешім қабылдай отырып, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Сот жазаның өтелмеген бөлiгiн басқа неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру туралы шешімді бұл туралы келіп түскен өтінішхатты қанағаттандырған жағдайда да, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда да қабылдауға құқылы.
Ескерту. 480-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).481-бап. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы өтінішхаттарды қарау
Ескерту. 481-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ауруына байланысты жазаны өтеуден босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы мәселе сотталған адамның (оның заңды өкілінің немесе өкілінің) немесе жазаны орындайтын мекеменің немесе органның өтінішхаты бойынша қаралады.
2. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа заңды шешім қабылдау үшін маңызы бар, оның ішінде сотталған адамның сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны өтеген мерзімін растайтын материалдарды, сотталған адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделгені және оның нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, сотталған адамның жазаны өтеу уақытындағы мінез-құлқын сипаттайтын егжей-тегжейлі деректерді, сотталған адамның жазаны өтеуіне кедергі келтіретін психикасының бұзылуының немесе өзге де ауыр науқасының бар-жоғы, тиісті емдеу жүргізудің қажеттігі және оны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жүзеге асырудың мүмкін еместігі туралы медициналық комиссияның қорытындысын ұсынуға міндетті.
3. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган сотқа сотталған адамның ауруына байланысты жазадан босатылғаннан немесе жазаны өтеу кейінге қалдырылғаннан кейін болжамды түрде тұратын орны туралы деректерді, ал егер аурудың сипаты оған заңда көзделген жағдайларда міндетті емдеуді қолдануды талап еткенде – сотталған адам жіберілетін немесе орналастырылатын мекеменің атауын ұсынады.
4. Ауруына байланысты жазадан босату немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы мәселені қарау кезінде сот отырысына қорғаушының, заңды өкілдің, прокурордың, жазаны орындайтын мекеме немесе орган өкілінің, қорытынды берген дәрігерлік комиссия өкілінің қатысуы міндетті. Қажет болған жағдайларда сот отырысына сот қаулысы бойынша сараптама жүргізген және қорытынды берген сарапшы қатысады.
Сот медициналық қорытындының жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын, уәкілетті орган белгілеген аурулар тізбесіне сәйкестігін зерттейді.
Сотталған адамның ауруының сипаты кедергі келтірмесе, сот отырысына қатысады.
5. Сот отырысының дайындық бөлігі жүргізілгеннен кейін тиісінше сотталған адам (егер ол қатысып отырса) не жазаны орындайтын мекеме немесе орган өтінішхатты баяндайды. Содан кейін сот келіп түскен материалдарды зерттейді және сот отырысына келген адамдардың түсініктемелерін тыңдайды. Сот аурудың диагнозын және ауырлығын нақтылау, сондай-ақ арнайы білімді қажет ететін өзге де мәселелерді шешу қажет болған кезде сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама, оның ішінде қайталама сараптама тағайындауға құқылы.
6. Сот өтінішхаттарды қарау нәтижелері бойынша:
1) өтінішхатты қанағаттандыру және сотталған адамды ауруына байланысты жазаны одан әрі өтеуден медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай босату туралы;
2) егер психикасының бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы жазаны өтеуге кедергі келтірмесе, өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
7. Сотталған адамның психикасының бұзылуына байланысты оны жазаны өтеуден босатқаннан кейін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешу кезінде сот мынадай:
1) сотталған адам психикасының дертті бұзылуы оның өзі үшін немесе басқа адамдар үшін қауіп төндіретін-төндірмейтіні не өзгедей зиян келтіру мүмкіндігін туғызатын-туғызбайтыны;
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы және оның нақты қайсысы қолданылуға жататын-жатпайтыны жөніндегі мәселелерді шешеді.
Сотталған адам психикасының бұзылуы оның өзі үшін немесе басқа адамдар үшін қауіп төндірмейтінін не өзгедей зиян келтіру мүмкіндігі жоқтығын тани отырып, сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тағайындамайды.
Соттың қаулысында сотталған адам сауыққаннан кейін, егер бұл кезде айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтіп кетпесе, оның жазаны өтеуі қайта басталатыны көрсетілуге тиіс. Сотталған адамның мәжбүрлі емдеуде болған уақыты жазаның өтелген мерзіміне есептеледі.
Ескерту. 481-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.Ескертпе!
ҚР Конституциялық Сотының 25.09.2023 № 29-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз.
482-бап. Сотталғандардың шағымдарын қарау
1. Сотталған адам жазаны орындайтын мекеменің немесе органның өз құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ прокурордың үкімді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі шешімдеріне не прокурордың осыған ұқсас шағымдарды қанағаттандырудан бас тартуына сотқа шағым жасауға құқылы. Сотталғандардың шағымдарын қарауды сотталған адамның жазасын өтеу орны бойынша аудандық сот жүзеге асырады.
2. Сот отырысына сотталған адамның және әрекетіне шағым жасалған адамның қатысуы міндетті.
3. Сотталғандардың шағымдарын қарау осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қарау нәтижелері бойынша судья кеңесу бөлмесінде:
1) шағымды қанағаттандыру, шағым жасалған әрекеттерді (әрекетсіздікті) және шешімдерді заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы;
2) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
3) азаптаулар, өзге де заңсыз әрекеттер қолдану, қатыгез қарым-қатынас жасау туралы арыз бойынша тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін шағымды тиісті прокурорға жіберу туралы қаулы шығарады.
483-бап. Судьяның қаулысына шағым жасау және оны прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қарау
1. Үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу кезiнде шығарылған сот қаулыларына осы Кодекстiң 48, 49-тарауларында белгiленген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы және олар прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
2. Осы Кодекстің 482-бабы тәртібімен шығарылған сот қаулыларына прокурордың өтінішхаты қаулы жария етілген күннен бастап он тәулік ішінде берілуі мүмкін.
Шағымдар мен өтінішхаттар үш тәулік ішінде апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.
Ескерту. 483-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.10-БӨЛІМ. СОТТЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ШЕШІМДЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕ ІС ЖҮРГІЗУ
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
52-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
52-тарау. Сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық тәртіппен қайта қарауы
Ескерту. 52-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Жоғарғы Сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар бойынша олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар мен наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.
2. Кассациялық тәртіпте қайта қарауға:
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 21 нормативтік қаулысын қараңыз.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1) тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша;
2) сот талқылауы барысында шығарылған осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша;
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 17.08.2023 № 25 нормативтік қаулысын қараңыз.
3) тергеу судьясы шығарған сот актілері жатпайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігі 1) тармағында көрсетілгендер:
1) осы Кодекстің 485-бабында көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
2) алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-бөлікті алып тастау көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Кассациялық сатының қаулысы осы Кодекстің 485-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 484-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері
1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға мыналарға:
1) кінәсізді соттауға;
2) негізсіз ақтау үкімін шығаруға немесе істі тоқтатуға;
3) сотталған адамның іс-әрекетін дұрыс сараламауға, қылмыстың қайталану түрін және қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелері режимін дұрыс айқындамауға;
4) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
5) жазаның дұрыс тағайындалмауына не сот тағайындаған жазаның қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуіне;
6) азаматтық талап қоюды дұрыс шешпеуге, мүлікті тәркілеу туралы мәселені дұрыс шешпеуге;
7) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыны заңсыз немесе негізсіз түрде шығаруға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-1) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) Осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда қайшылықтарын жою туралы ұсыну енгізілген сот актілерінің қайшылықтарына алып келген, қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөліктің бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Осы Кодекстің 484-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің қауіпсіздігін қозғаған не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болған;
2) адам өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан;
3) алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Алып тасталды – ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 485-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
486-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
486-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар
Ескерту. 486-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты осы Кодекстің 414-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдар және сот актілері мүдделерін қозғайтын басқа адамдар және олардың өкілдері беруі мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөліктің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы наразылықты өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша да, осы Кодекстің 485-бабында көрсетілген негіздер бойынша да енгізуге құқылы.
Өтінішхат наразылыққа қоса тіркеледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар қылмыстық істі тиісті соттан кассациялық тәртіппен тексеру үшін талап етіп алдыруы мүмкін.
4. Сот істі талап етіп алдыру туралы сұрауды келіп түскен күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды. Сұрау жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.
Іс талап етіп алдырылған жағдайда наразылық келтіру туралы өтінішхат іс прокуратураға келіп түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде прокурордың кассациялық тәртіпте қарауына жатады. Бұл мерзім істің күрделі немесе көлемі үлкен болуына байланысты, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Ескерту. 486-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.487-бап. Заңды күшіне енген сот актілеріне кассациялық тәртіппен шағым жасау мерзімдері
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Заңды күшіне енген айыптау үкімін сотталған адамның кінәсіздігі уәждері бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығына орай неғұрлым жеңіл қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын жақсартуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық беру мерзімдері шектелмеген.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Заңды күшіне енген ақтау үкімін, айыптау үкімін жазаның жеңілдігіне қарай неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негіздер бойынша не соттың істі тоқтату туралы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық беруге олар заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде жол беріледі.
Аталған мерзімді қалпына келтіруге жол берілмейді.
Егер өтінішхат, наразылық Жоғарғы Сотқа бір жыл өткенге дейін келіп түссе, олар сотталған, ақталған адамның жағдайын нашарлататын шешім қабылдана отырып, дау туғызып отырған сот актісі заңды күшіне енген кезден бастап бір жыл өтіп кеткен соң да, олар кассациялық сатыда қарауға жатады.
Ескерту. 487-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
488-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
488-бап. Заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық беру тәртібі
Ескерту. 488-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына беріледі. Өтінішхатта, наразылықта осы Кодекстің 423-бабында санамаланған мән-жайлардан басқа, іс бойынша іс жүргізу кезінде қандай заң бұзушылыққа жол берілгені және осы бұзушылықтар шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны және шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін осы Кодекстің 485-бабында санамаланған негіздердің қайсысы бар екені көрсетілуге тиіс. Өтінішхатта оны берген адамдардың қатысуымен немесе қатысуынсыз қаралатыны туралы көрсетілуге тиіс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-1-бөлікті алып тастау көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1. Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Өтінішхатқа, наразылыққа өтінішхат, наразылық дәлелдерінің негізділігін растайтын материалдар қоса берілуге тиіс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Заңды күшіне енген сот үкімдеріне, қаулыларына берілген, өзге мемлекеттік органдарға немесе қоғамдық ұйымдарға жолданған өтінішхаттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының іс жүргізуіне қабылданбайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Осы Кодекстің 493-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттың, наразылықтың берілуі олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Өтінішхат не наразылық берген адам сот отырысы басталғанға дейін өз өтінішхатын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы арызында, сол сияқты жәбірленушінің, жекеше айыптаушының немесе өкілдердің үкімге шағым жасаудың осы Кодекстің 487-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімі өткен соң берген қосымша өтінішхатында, егер бастапқы наразылықта, өтінішхатта сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы талап жазылмаған болса, осындай мәселе қойыла алмайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Өтінішхатты, наразылықты берген адам іс кассациялық сатыда қаралғанға дейін оларды кері қайтарып алуы мүмкін. Сотталған адам өзінің мүддесінде өз қорғаушысы немесе заңды өкілі берген өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы.
Ескерту. 488-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
489-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
489-бап. Өтінішхаттарды, наразылықты қарамай қайтару
Ескерту. 489-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхаттар, наразылық мынадай негiздер бойынша:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) өтінішхат, наразылық осы Кодекстiң 488-бабының талаптарына сай келмесе;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) өтінішхатты, наразылықты осы Кодекстiң 486-бабына сәйкес, заңды күшiне енген осы сот актісіне шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар берсе;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) өтінішхат, наразылық осы Кодекстiң 487-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн берiлсе;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) өтінішхат, наразылық мәнi бойынша қаралғанға дейiн олар керi қайтарып алынса;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) өтінішхаттар осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігіне сәйкес кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайтын сот актiлерiне берiлсе;
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 16.05.2023 № 13 нормативтік қаулысын қараңыз.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6) тармақты алып тастау көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) осы Кодекстің 484-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, судьяның (судьялардың) өтінішхатты іспен бірге бұған дейін қаралған нақ сол негіздер бойынша кассациялық сатыда қарауға беруден бас тарту туралы қаулысы болса, олар берген адамдарға қайтарылуға жатады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Өтінішхатты, наразылықты қайтару үшін негіз болған, осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген кемшіліктер жойылған кезде, олар жалпы негіздерде қайтадан берілуі мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Өтінішхат немесе наразылық осы баптың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, үш тәулік ішінде хатпен кері қайтарылады.
Ескерту. 489-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
490-бапты алып тастау көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
490-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарау
1. Сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатты кассациялық сатының судьясы зерделеп, он тәуліктен аспайтын мерзімде мынадай:
1) өтінішхатты осы Кодекстің 489-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша кері қайтаруға негіздердің бар-жоғы туралы;
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 16.05.2023 № 13 нормативтік қаулысын қараңыз.
2) сот ісін талап етіп алдыруға негіздердің бар-жоғы туралы;
3) тараптарды шақыра отырып, өтінішхатты алдын ала қарау күні туралы мәселелерді шешеді.
2. Өтінішхат кассациялық сатыдағы сотқа келіп түскен күнінен бастап отыз тәулік ішінде, ал іс талап етіп алдырылған жағдайда іс келіп түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде қаралуға тиіс. Осы Кодекстің 486-бабында көрсетілген бірнеше адамның белгілі бір іс бойынша берілген өтінішхаттары біріктірілуі және бірге қаралуы мүмкін. Бұл мерзім істің күрделі немесе көлемі үлкен болуына байланысты, сондай-ақ басқа да дәлелді себептер болған кезде кассациялық сатыдағы соттың қаулысымен, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
3. Өтінішхатты алдын ала қарағанға дейін судья тиісті мамандарға қаралып отырған қылмыстық іс бойынша қолданылған заңдардың нормаларына қатысты ғылыми қорытынды дайындауды тапсыруға құқылы. Қажет болған жағдайларда мамандар кассациялық сот алқасының отырысында түсініктемелер бере алады.
3-1. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты алдын ала қарауды үш судья тараптарды шақыра отырып, ашық сот отырысында жүргізеді, олардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі келтірмейді.
3-2. Өтінішхатты алдын ала қарау кезінде судьялар өтінішхаттың дәлелдерін де, осы Кодекстің 485-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздердің бар-жоғын да тексереді.
4. Осы Кодекстің 490 және 491-баптарында көзделген қағидалар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығына, облыстық сот төрағасының осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігіне сәйкес енгізілетін ұсынуына, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамдардың немесе олардың қорғаушыларының өтінішхаттарына қолданылмайды және оларды кассациялық сатыдағы сот тікелей қарайды.
Ескерту. 490-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
491-бапты алып тастау көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
491-бап. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша қабылданатын шешімдер
1. Судьялар өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша:
1) сот актiлерiн қайта қарауға негіздер болған кезде, өтінішхатты іспен бірге кассациялық сатыдағы сот отырысының қарауына беру туралы;
2) сот актiлерiн қайта қарауға негіздердің болмауына байланысты өтінішхатты кассациялық сатыдағы сот отырысының қарауына беруден бас тарту туралы;
3) осы Кодекстің 489-бабы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша өтінішхатты кері қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Судьялардың өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша шығаратын қаулысында:
1) шығарылған датасы мен орны;
2) өтінішхатты қараған судьялардың тегi мен аты-жөні;
3) дау туғызған сот актiсi көрсетіле отырып, қаулы шығарылған iс;
4) өтінішхатты берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
5) өтінішхатта келтiрiлген дәлелдер;
6) қабылданған процестік шешімнің уәждері;
7) өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша түйіндер көрсетiлуге тиiс.
3. Сот актілерін қайта қарауға негіздер болған кезде қаулы, өтінішхат және оған қоса берілген құжаттар іспен бірге кассациялық сатыдағы сотқа алдын ала қаралған күнінен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей беріледі.
4. Өтінішхатты алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі өтінішхатты берген адамға жіберіледі. Өтінішхат кері қайтарылған жағдайда оған қоса берілген құжаттар кері қайтарылуға жатады.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Сотының 16.05.2023 № 13 нормативтік қаулысын қараңыз.
5. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы шағым жасалуға жатпайды, бірақ ол нақ сол адамның немесе осы Кодекстің 486-бабында көрсетілген басқа адамдардың, бірақ басқа негіздер бойынша қайтадан өтінішхат беруіне кедергі болмайды.
Ескерту. 491-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.492-бап. Кассациялық сатыдағы сот отырысын тағайындау
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кассациялық сатыдағы сот судьяның қаулысы, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бар істі алғаннан кейін үш тәулік ішінде тараптарға көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, сот отырысы өткiзілетін датаны, уақытты, орынды көрсете отырып не олардың электрондық көшірмелерімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсы арқылы танысу мүмкіндігі туралы хабардар ете отырып, iстiң кассациялық сатыда қаралуы туралы хабарлама жiбередi.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының судьясы өтінішхатты сотта қарауға дайындау кезінде тиісті маманнан қаралып отырған қылмыстық іс бойынша қолданылған заңдардың нормаларына қатысты ғылыми қорытынды сұратуға және қажет болған кезде оны сот отырысына шақыртуға құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлік жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Іс кассациялық сатыдағы сотқа берілген күнінен не ұсыну, наразылық келіп түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде қаралуға тиіс. Бұл мерзім істің күрделі немесе көлемі үлкен болуына байланысты, сондай-ақ басқа да дәлелді себептер болған кезде кассациялық сатыдағы соттың қаулысымен, бірақ әрбір ретте бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Ескерту. 492-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
493-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
493-бап. Соттың үкiмiн, қаулысын орындауды тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры кассациялық тәртiппен тексеру үшiн iстi талап етіп алдырумен бiр мезгiлде сот үкiмiнің, қаулысының орындалуын үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Ескерту. 493-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).494-бап. Істі кассациялық сатыда қараудың тәртібі, кассациялық сатыдағы соттың шешімдері
Ескерту. 494-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Кассациялық сатыдағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің өтінішхаты, ұсынуы, наразылығы бойынша қайта қаралып жатқанын, сот құрамына кімдердің кіретінін және сот отырысы залында процеске қатысушылардың қайсысы қатысып отырғанын хабарлауымен ашылады. Өтінішхатты берген, істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Жекеше айыптау істерін қоспағанда, прокурордың кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы міндетті. Тиісінше хабардар етілген тараптар келмеген не олардан тиісті арыз келіп түскен жағдайда, іс олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкін. Осы Кодекстің 495-бабында көзделген жағдайларда қорғаушының қатысуы міндетті.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар шешілгеннен кейін сот тыңдауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған кезде төрағалық етуші өтінішхат, наразылық берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, онда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу кезектілігін соттың назарына жеткізеді. Егер олар келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Өтінішхат, наразылық берген адам өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің неге байланысты заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы уәждері мен дәлелдерін баяндайды. Содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Егер өтінішхатты қорғаушы тарап берген болса, онда бірінші болып оның атынан өкілдік ететін процеске қатысушылар сөз алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздері қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес не ондай уағдаластық болмаған жағдайда, соттың шешімімен белгіленеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Кассациялық сатыдағы сотқа қатысатын прокурор қаралып жатқан кассациялық өтінішхаттар бойынша пікірін айтады, наразылықта көрсетілген дәлелдерді баяндайды, іс бойынша жасалған сот актілерінің заңдылығы туралы қорытынды береді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-бөлікке өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Егер өтінішхатты, наразылықты айыптаушы тарап берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз сөйлейді, содан соң төрағалық етуші процестің басқа қатысушыларына сөз береді.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығында жазылған уәждер мен дәлелдерді оның тапсырмасы бойынша сот отырысында тиісті прокурор баяндауы мүмкін.
7. Істі кассациялық тәртіппен қараудың нәтижесінде сот осы Кодекстің 389-бабының талаптарын сақтай отырып, кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, қаулысын, кассациялық сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз, ал оларды қайта қарау туралы өтінішхатты, ұсынуды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың үкімін, қаулысын, кассациялық сатының қаулысын өзгертеді;
3) үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі тоқтатады;
4) егер іс бірінші сатыда алқабилердің қатысуымен қаралған болса, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабы үшінші бөлігінің 2), 5) және 9) тармақтарында көзделген процестік құқық нормаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда үкімнің және одан кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі апелляциялық сатыдағы сотқа немесе бірінші сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық және кассациялық тәртіппен шығарылған қаулылардың күшін жояды.
Егер тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдаған іс бойынша сот талқылауы басталып кеткен болса, істі жаңадан сот қарауына жіберу туралы қаулының күшін жоюға болмайды.
8. Алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).9. Осы Кодекстің 433-бабында көрсетілген мән-жайлар үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болып табылады.
10. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттардың сот актілері, егер солар арқылы бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не жоғары тұрған сот іс бойынша осының алдындағы қаулылардың немесе үкімнің күшін заңсыз және негізсіз жойған немесе оларды өзгерткен деп танылса, не егер істі жоғары тұрған сотта қарау кезінде заңды елеулі түрде бұзуға жол беріліп, ол қабылданатын шешімнің дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, олардың күші жойылуға немесе олар өзгертілуге жатады.
11. Егер істі апелляциялық, кассациялық сатыларда қарау кезінде істі заңсыз тоқтатуға немесе сотталған адамның жазасын жеңілдетуге жол берілген болса, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық, кассациялық қаулының күшін жоюға және бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгертіп немесе өзгертпей, күшінде қалдыруға құқылы.
12. Кассациялық сатыдағы сот соттың актілерін өзгертуге және:
1) онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға және өзгертілген саралануына сәйкес жаза тағайындауға;
2) сот тағайындаған жазаны жеңілдетуге;
3) неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға, неғұрлым қатаң жаза тағайындауға немесе айыптаушы тараптың шағымын, прокурордың наразылығын қанағаттандыру үшін негіздер болған кезде, сотталған адам сотқа берілген айыптаудың шегінде қосымша жаза қолдануға;
4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрін өзгертуге;
5) қылмыстардың тиісті қайталануының болуын, егер мұны бірінші сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тануға;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша шартты түрде соттаудың күшін жоюға не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабының бесінші бөлігіне сәйкес алдыңғы үкім бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жоюға және осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жазаны, егер мұны бірінші сатыдағы сот жасамаса, тағайындауға;
7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабы жетінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жоюға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидалары бойынша жаза тағайындауға;
8) азаматтық талап қою, сондай-ақ процестік шығындарды өндіріп алу мәселелері бойынша, заттай дәлелдемелер туралы шешім бөлігінде үкімге өзгерістер енгізуге;
9) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Сот тараптардың өтінішхаты немесе өз бастамасы бойынша сотталушыға немесе сотталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сақтау, таңдау, күшін жою немесе өзгерту туралы мәселені шешеді, бұл туралы қаулыда көрсетеді.
Қылмыстық іс тоқтатылған не бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалған кезде күзетпен ұсталып отырған сотталған адам күзетілуден дереу босатылуға жатады. Сот сотталған адамның назарына жеткізу және оны орындау үшін жазаны орындайтын мекемеге немесе органға сот қаулысының көшірмесін және қабылданған шешім туралы телеграф хабарламасын дереу жібереді.
13. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда, сот: істі жаңадан қараған кезде сот жасауы мүмкін мәселелер мен түйіндерді алдын ала шешуге, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандай да бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы және бір дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да бір қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін түйіндерді алдын ала шешуге құқылы емес.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14-бөліктің бірінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14. Сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін істі қарайтын сот толық көлемде тексереді және ұсынуда, наразылықта немесе өтінішхатта көрсетілмеген негіздер бойынша, егер бұл ретте сотталған адамның жағдайы нашарламайтын болса, оған өзгерістер енгізуге құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14-бөліктің екінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сот актісіне өздеріне қатысты ұсыну, наразылық немесе өтінішхат келтірілмеген басқа сотталғандарға қатысты өзгерістер енгізуге, егер бұл ретте сотталғандардың жағдайы нашарламайтын болса, өзіне қатысты ұсыну, наразылық немесе өтінішхат келтірілген сотталған адаммен сыбайласып жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ғана жол беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14-бөліктің үшінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сот жағдайды нашарлату туралы шешімді ұсынуда, прокурордың наразылығында немесе жәбірленушінің өтінішхатында көрсетілген сотталғандарға (ақталғандарға) қатысты және сол негіздер бойынша ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталған адамның жағдайын оның өтінішхаты немесе оның қорғаушысының немесе өкілінің өтінішхаты бойынша нашарлатуға құқылы емес.
Сот талқылауының нысанасы болмаған фактілерді анықтауға немесе дәлелденген деп есептеуге сот құқылы емес.
15. Облыстық сот төрағасының осы Кодекстің 446-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда енгізілген ұсынуын қарау қорытындысы бойынша кассациялық саты апелляциялық алқаның екінші бір қаулысын қалдыра отырып, қаулыларының бірінің күшін жояды не екі қаулының да күшін жояды және істі жаңадан апелляциялық қарауға жібереді.
16. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.17. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18. Алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19. Кассациялық саты қарау қорытындысы бойынша осы баптың жетінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қаулы нысанында қабылдайды. Қаулы осы Кодекстің 496-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
20. Сот үкімінің, қаулысының күші жойылғаннан кейін істі қарау және істі жаңадан қараған кезде шығарылған сот актілеріне шағым жасау, наразылық білдіру осы Кодекстің 497 және 498-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!21-бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 494-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
495-бап. Қорғаушының кассациялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуының негіздері
Осы Кодекстің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы міндетті.
Мұндай жағдайларда қорғаушыны шақыруға, тағайындауға, алмастыруға, оның еңбегіне ақы төлеуге байланысты мәселелер осы Кодекстің 68-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Ескерту. 495-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).496-бап. Кассациялық сатыдағы сот қаулысының мазмұны
Кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысына төрағалық етуші және соттың құрамына кіретін барлық судьялар қол қояды.
Ескерту. 496-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).497-бап. Iстi соттың үкiмi мен қаулысының күшi жойылғаннан кейін қарау
1. Сот үкімінің немесе қаулысының күші кассациялық тәртіппен жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Кассациялық сатыдағы соттың нұсқаулары істі төмен тұрған сатыдағы сот қайта қараған кезде міндетті болады.
2. Iстi бірінші, апелляциялық сатылардағы сот қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдануға, егер бастапқы үкiмнiң немесе қаулының күшi жазаның жеңілдігіне қарай немесе неғұрлым ауыр қылмыстық құқық бұзушылық туралы заңды қолдану қажеттiгiне байланысты кассациялық тәртіппен жойылған болса ғана жол берiледi. Апелляциялық сатыдағы сот iстi жаңадан талқылау кезiнде шығарған үкiмге жалпы тәртiппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкiн.
3. Алдыңғы үкімнің, қаулының күші жойылуына байланысты істі жаңадан талқылау кезінде шығарылған үкімді, қаулыны жоғары тұрған сот сатылары соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою уәждеріне қарамастан, жалпы тәртіппен қарауы мүмкін.
Ескерту. 497-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).ЗҚАИ-ның ескертпесі!
498-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
498-бап. Істі жаңадан қарау кезінде шығарған сот үкімін және қаулысын қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық келтіру
Алдыңғы үкімнің немесе қаулының күші жойылуына байланысты шығарылған жаңа үкімді немесе қаулыны кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхат, наразылық соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшін жою уәждеріне қарамастан, жалпы негіздерде берілуі мүмкін.
Ескерту. 498-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).ЗҚАИ-ның ескертпесі!
52-1-тараумен толықтыру көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
53-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН
МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША ҚАЙТА БАСТАУ
499-бап. Қылмыстық іс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi
1. Соттың заңды күшiне енген үкiмінiң, қаулысының, оның ішінде осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен шығарылған қаулысының күшi жойылуы және қылмыстық iс немесе осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу туралы өтінішхат бойынша iс жүргiзу жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта басталуы мүмкiн.
2. Іс жүргiзудi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастаудың негiздерi мыналар болып табылады:
1) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан жәбiрленушiнің немесе куәнің айғақтарының, сарапшының қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сол сияқты заттай дәлелдемелердің, тергеу және сот әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу дұрыс жасалмауы;
2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық әрекеттерi;
3) соттың заңды күшiне енген үкiмiнде белгіленген, судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған қылмыстық әрекеттерi;
4) осы Кодекстiң 502-бабында көзделген тәртiппен тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы белгіленген және прокурордың өтінішхатында баяндалған, үкiм, қаулы шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге сотталушы адамның кінәсіздігі туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар;
5) сот актісін шығару кезінде сот қолданған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының конституциялық емес деп тануы;
6) осы Кодекстің 71-тарауында көзделген тәртіппен тәркілеу үшін негіз болған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтан соттың заңды күшіне енген ақтау үкімі не қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының немесе құрамының болмауына байланысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы негізінде босату не істі мәні бойынша қараған соттың үкімінде мүлікті тәркілеуді ішінара немесе толық қолданбау;
7) өзіне қатысты іс осы Кодекстің 335-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында белгіленген тәртіппен қаралған сотталған адам қылмыстық процесті жүргізетін органға келген жағдайда, оның ерік білдіруі.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақтарында санамаланған мән-жайлар үкiммен қатар соттың, прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтуіне орай, рақымшылық актiсiнiң нәтижесiнде, айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына жетпегендiгiне байланысты тоқтату туралы қаулысы арқылы белгіленуі мүмкiн.
Ескерту. 499-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.500-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуға жататын қылмыстық iстер бойынша сот шешiмдерi
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:
1) айыптау үкiмi;
2) ақтау үкiмi;
3) iстi тоқтату туралы қаулы;
4) мүлікті соттың үкіміне дейін тәркілеу туралы қаулы қайта қаралуы мүмкін.
501-бап. Iс жүргiзудi қайта бастау мерзiмдерi
1. Айыптау үкiмiн немесе мүлікті сот үкімі шығарылғанға дейін тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша, сотталған адамның, ақталған адамның пайдасына қайта қарау ешқандай мерзiмдермен шектелмейдi.
2. Сотталған адамның қайтыс болуы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша ақтау мақсатында iс жүргiзудi қайта бастауға кедергi болып табылмайды.
3. Ақтау үкiмiн, iстi тоқтату туралы қаулыны қайта қарауға, сондай-ақ айыптау үкiмiн сотталған адамның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескiру мерзiмдері iшiнде және жаңа мән-жайлар ашылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей жол берiледi.
4. Жаңа мән-жайлардың ашылған күнi болып:
1) осы Кодекстiң 499-бабы екіншi бөлiгiнiң 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген жағдайларда – жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдемелер ұсынуға, дұрыс емес аударма жасауға немесе iстi тергеп-тексеру немесе қарау барысында жасалған қылмыстық әрекеттер үшiн кiнәлi адамдарға қатысты үкiмнiң, қаулының заңды күшiне енген күні;
2) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы қорытынды шешім қабылдаған күн;
3) осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағына сәйкес жүргізілген тексерудің немесе тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша прокурор жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатты сотқа енгізген күн есептеледi.
Ескерту. 501-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.502-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау тәртібі
1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат беру құқығы сотталған адамға, ақталған адамға, жәбірленушіге немесе олардың заңды өкілдері мен қорғаушыларына, сондай-ақ прокурорға тиесілі.
2. Азаматтардың, оның ішінде осы іс бойынша процеске қатысушылардың да арыздары, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарлары, сондай-ақ басқа да қылмыстық істерді тергеп-тексеру және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғауға себеп болады.
3. Осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақтарында көзделген негіздер бойынша өтінішхат үкімді, қаулыны шығарған сотқа келтіріледі.
4. Осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы арыздар, хабарлар прокурорға беріледі.
Прокурор арызды, хабарды қарау нәтижелері бойынша осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 4) тармағында көзделген мән-жайлардың бар-жоғын көріп, тексеруді, тергеп-тексеруді ұйымдастырады не арызды, хабарды қанағаттандырудан бас тартады.
Прокурордың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы арызды, хабарды қанағаттандырудан бас тарту туралы жауабы арыз иесіне қаулыға жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа осы Кодекстің 106-бабында көзделген тәртіппен шағым жасау құқығы түсіндіріле отырып, үш тәулік ішінде жіберіледі.
Жаңадан ашылған мән-жайларды тергеп-тексеру кезінде осы Кодекстің қағидалары сақтала отырып, жауап алу, қарап-тексеру, сараптама, алу және өзге де тергеу әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
5. Тексеру немесе тергеп-тексеру арқылы үкім, қаулы шығару кезінде сотқа беймәлiм болған, өздігінен немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге сотталушы адамның кінәсіздігін немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын не ақталған адамның немесе өзiне қатысты істі сот тоқтатқан адамның кінәлілігін айғақтайтын өзге де мән-жайлар анықталған кезде прокурор үкімді, қаулыны шығарған сотқа қылмыстық істі және тексеру немесе тергеп-тексеру материалдарын қоса бере отырып, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатты енгізеді.
Ескерту. 502-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.503-бап. Прокурордың тексеру немесе тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiнгi әрекеттерi
Ескерту. 503-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
504-бап. Соттың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі
1. Сотқа жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхат келіп түскен кезде судья он тәулік ішінде өтінішхаттың осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкестігін тексереді және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өтінішхатты соттың іс жүргізуіне қабылдау және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы қаулы шығарады;
2) егер өтінішхат осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкес келмесе және оған осы Кодекстің 499-бабы екінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақтарында көзделген негіздерді растайтын сот актілері немесе өзге де актілер қоса тіркелмесе, егер ол осы Кодекстің 500-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жатпайтын сот шешімдеріне қатысты болса не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған сол бір негіздер бойынша нақ сол тарап берсе, өтінішхатты қараусыз қайтарады.
Кассациялық сатыдағы сотта, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сотта, егер іс алқалы түрде қаралған жағдайда, өтінішхаттың осы Кодекстің 499-бабының талаптарына сәйкестігін тексеруді тиісті соттың судьясы жеке-дара жүргізеді.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы прокурордың өтінішхатын сот тікелей қарайды.
2. Өтінішхатты алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі өтінішхатты берген адамға жіберіледі. Өтінішхат қайтарылған жағдайда оған қоса берілген құжаттар қайтарылуға жатады.
3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы судьяның қаулысы бар өтінішхатты сот іс жүргізу қайта басталған не прокурордың өтінішхаты келіп түскен күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей ашық сот отырысында қарауға тиіс.
4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы өтінішхатты үкім, қаулы шығарған бірінші сатыдағы соттың судьясы жеке-дара қарайды. Егер іс бойынша апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар қаулылар шығарған болса, сот шешімдерін қайта қарауды:
1) апелляциялық сатыдағы сот – егер істі апелляциялық сатыдағы сот жеке-дара қараған болса, жеке-дара және егер іс алқалы түрде қаралса, алқалы түрде;
2) кассациялық сатыдағы сот – алқалы түрде жүзеге асырады.
5. Сот отырысына арыз иесі, оның өкілі, қорғаушы, прокурор, процеске өзге де қатысушылар және сот отырысына шақырылған адамдар қатысады. Сот талқылауының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған аталған тұлғалардың келмеуі өтінішхатты қарауға кедергі болмайды. Қажет болған кезде сот оларды, сондай-ақ өзге де тұлғаларды сот отырысына келуге міндеттеуге құқылы. Күзетпен ұсталып отырған сотталған адамның сот талқылауына қатысуы бейнебайланыс режимінде ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып қамтамасыз етілуі мүмкін.
6. Сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттар қаралғаннан кейін бірінші болып сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері туралы өтінішхатты баяндайтын арыз иесі не тиісті өтінішхатпен сотқа жүгінген кезде прокурор сөз сөйлейді, сот содан соң соттың отырысына келген басқа тұлғалардың сөздерін тыңдайды, арыз иесі, жүргізілген тексеру немесе тергеп-тексеру нәтижелері бойынша прокурор ұсынған материалдарды зерттейді.
Ескерту. 504-бап жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.505-бап. Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша шығарылған соттың қаулысы
1. Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қарау қорытындысы бойынша сот:
1) өтінішхатты қанағаттандыру;
2) өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулылардың бірін шығарады.
2. Сот өтінішхатты қараған кезде осы Кодекстің 499-бабының екінші бөлігінде көзделген мән-жайлар анықталса және олар соттың заңсыз немесе негізсіз үкімінің, қаулысының алдында болса немесе заңсыз немесе негізсіз үкім, қаулы шығаруына әкеп соқса, өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулы шығарады. Мұндай жағдайларда, сот қаулыда заңды күшіне енген тиісті сот актісінің күшін жою және істі жаңадан тергеп-тексеруге немесе қарауға жіберу туралы көрсетеді. Егер жаңадан тергеп-тексеру немесе сот қарауы талап етілмесе, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздерін көрсете отырып, тоқтатады.
Мүлікті тәркілеу туралы қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатты қанағаттандырған кезде сот көрсетілген қаулының күшін жояды.
3. Сот өтінішхатта көрсетілген мән-жайлар расталмаса, не олар орын алғанымен, үкімнің, қаулының заңдылығы мен негізділігіне ықпал етпесе, заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдырады.
4. Соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулысы сот кеңесу бөлмесінен шыққан соң жария етіледі, бұл ретте ол сотқа қатыспаған мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіліп, оған шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау, оған наразылық білдіру тәртібі түсіндіріледі. Қаулының көшірмесі прокурорға және өтінішхатты мәлімдеген тұлғаға жіберіледі. Өзге мүдделі тұлғаларға қаулының көшірмесі олардың өтінуі бойынша жіберіледі.
5. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулылары – шығарылған күнінен бастап он бес тәулік өткен соң, ал егер оларға шағым жасалса және жоғары тұрған сот оларды күшінде қалдырса, онда жоғары тұрған сот қаулыны шығарған күні заңды күшіне енеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-бөліктің екінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шығарған қаулы, сондай-ақ бірінші сатыдағы соттың шағым жасалған қаулысын өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, наразылық білдірілуге жатпайды.
Ескерту. 505-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.506-бап. Прокурордың сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхатын қарау қорытындысы бойынша шығарылған сот қаулысы
Ескерту. 506-бап алып тасталды – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
507-бап. Сот қаулысын қайта қарау және сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн iс жүргiзу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттың іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғау туралы өтінішхатты қарау қорытындылары бойынша шығарылған қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды осы Кодекстің 502-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар тиісті жоғары тұрған сотқа қаулы шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде бере алады.
2. Жоғары тұрған сот көрсетілген қаулыларға шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды қарауды апелляциялық, кассациялық шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын, наразылықтарды қарау үшін көзделген тәртіппен жүзеге асырады. Жоғары тұрған соттың шағым жасалған қаулыны өзгеріссіз қалдыру, оның күшін жою немесе оны өзгерту туралы қаулысы түпкілікті болып табылады және одан әрі шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға, наразылық білдірілуге жатпайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-бөліктің екінші абзацын алып тастау көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Кодекстің 490 және 491-баптарында көзделген қағидалар апелляциялық сатыдағы соттың қаулыларына шағымдарға, наразылықтарға қолданылмайды және оларды кассациялық сатыдағы сот тікелей қарайды.
3. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай iс бойынша ол жөнiндегi сот шешiмдерiнiң күшi жойылғаннан кейiн тергеп-тексеру және сот талқылауы осы Кодексте белгiленген жалпы тәртiппен жүргiзiледi.
Алқабилердiң қатысуымен шығарылған заңды күшіне енген сот актісін алдын ала тыңдау сатысынан жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi жаңадан қарауға жолдай отырып, қайта қарау туралы өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда, сот iстi жаңадан қараған кезде iстi алдын ала тыңдауды жүргiзедi және сотталушының ерiк бiлдiруiне қарай iстi алқабилердiң қатысуымен не олардың қатысуынсыз жаңадан қарау туралы шешiм қабылдайды. Егер сот актісі басты сот талқылауын жүргiзу сатысынан соттың жаңадан қарауына жолдана отырып, жойылған болса, сот басты сот талқылауын тағайындайды, алқабилердiң жаңа алқасын қалыптастыруды жүргiзедi және iстi осы Кодекстiң 65-тарауының ережелерiне сәйкес қарайды.
Ескерту. 507-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.508-бап. Істi жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау кезiндегi азаматтық талап қою
Үкiмнiң күшi жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты жойылған жағдайда, қылмыстық iстi бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап қою жалпы негiздерде жаңадан қаралады. Істi азаматтық талап қою бөлiгiнде ғана қайта бастауға тек азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен ғана жол берiледi.
11-БӨЛІМ. ЕРЕКШЕ ІС ЖҮРГІЗУ
54-тарау. ЕСІ ДҰРЫС ЕМЕС АДАМДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ СИПАТТАҒЫ
МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША
СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ
509-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша iс жүргiзу үшін негiздер
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 93-бабында көрсетілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзу қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есi дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған соң жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты iстер бойынша жүзеге асырылады.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының дерттi бұзылулары өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндірумен не өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндігімен байланысты болған жағдайда ғана тағайындалады.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша iс жүргiзу осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен және осы тараудың ережелерiмен айқындалады.
510-бап. Дәлелденуге жататын мән-жайлар
1. Осы Кодекстiң 509-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамдарға қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi.
2. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде мынадай мән-жайлар анықталуға тиiс:
1) жасалған іс-әрекеттiң уақыты, орны, тәсiлі мен басқа да мән-жайлары;
2) осы адамның қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасағаны;
3) іс-әрекетпен келтiрiлген залалдың сипаты мен мөлшерi;
4) қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасаған адамның оны жасағанға дейiнгi, сондай-ақ одан кейiнгi мінез-құлқы;
5) осы адамда бұдан бұрын психикасының бұзылуы болған-болмағаны, қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасау кезiнде немесе iстi қарау кезiнде психикалық ауыру дәрежесi мен сипаты.
1. Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi жасаған және психикалық аурулардан зардап шегетін адамдарға бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
2. Осы адамдарға қажет болған жағдайда мынадай қауiпсiздiк шаралары қолданылады:
1) денсаулық сақтау органдарын хабардар ете отырып, ауруды туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына беру;
2) психиатриялық көмек көрсететiн арнаулы медициналық ұйымға орналастыру.
512-бап. Туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауда ұстауына беру
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган психикалық ауру фактісін анықтаған кезден бастап осы адамға бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын қолданудың күшін жояды және оған қауіпсіздік шараларын қолдану туралы қаулы шығарады.
2. Егер ауырған адам өзі және айналасындағылар үшін қауіп төндірмесе, ол денсаулық сақтау органдарын хабардар ете отырып, туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының келісімі бойынша олардың қарауда ұстауына берiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдар ауырған адамды қарауда ұстауды жүзеге асырудан бас тартқан кезде не осы Кодекстің 513-бабында көзделген жағдайларда, ауырған адамға қатысты медициналық ұйымға орналастыру түрінде қауіпсіздік шарасы қолданылуы мүмкін.
513-бап. Мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру
1. Істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның адамға қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігіне байланысты адамды медициналық ұйымға орналастыру туралы қаулысын тергеу судьясы қарап, шешім қабылдайды.
Істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орган қаулысының көшірмесі бір мезгілде прокурорға жіберіледі.
2. Тергеу судьясы ауру сипатын, адамның өзі немесе айналасындағы адамдар үшін қауіптілігін, сарапшы-психиатрдың ұсынымдарын ескере отырып, шешім қабылдайды және өтінішхатты қанағаттандырған кезде қаулыда өзіне қатысты осы қауіпсіздік шарасы қолданылған адам орналастырылатын, психиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымның түрін, сондай-ақ бұрын қолданылған бұлтартпау шарасының күшін жою туралы көрсетеді.
3. Медициналық ұйымға орналастыру түріндегі қауіпсіздік шарасы бүкіл сотқа дейінгі іс жүргізу барысында, бірақ бір айдан аспай сақталады, содан соң оны қолдану мерзімін тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты бойынша бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін не оның күші жойылуы мүмкін. Сот талқылауы барысында осы қауіпсіздік шарасы соттың қылмыстық істі қарау бойынша шығарылған, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулысы заңды күшіне енгенге дейін сақталады.
4. Егер сот қылмыстық ісі қаралып жатқан адамға қатысты істі қарау кезінде адамды медициналық ұйымға орналастыру түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы етсе, адам көрсетілген ұйымға түскен бойда қауіпсіздік шарасының күші жойылады. Егер сот тұрғылықты жері бойынша психиатрдың байқауында болу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы не медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданбау туралы қаулы шығарса, ол сонымен бір мезгілде қауіпсіздік шарасының күшін жояды. Медициналық ұйымда жатқан адам осы қауіпсіздік шарасының күші жойылған кезде стационардан дереу шығарылады.
Ескерту. 513-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).514-бап. Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттiесi дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн психикасының бұзылуымен ауырған адамға қатысты iстi бөлiп шығару
Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сыбайлас қатысушылардың бiрiнің іс-әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасағаны немесе қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаннан кейін психикасының бұзылуымен ауырғаны анықталатын болса, оған қатысты iс жеке iс жүргiзуге бөліп шығарылуы мүмкiн.
515-бап. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiлетiн адамның құқықтары
1. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiлетiн адам, егер сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша бұған оның ауруының сипаты мен ауырлық дәрежесi кедергi келтiрмейтiн болса:
1) өзiнің қандай іс-әрекет жасауда айыпталып жатқанын бiлуге;
2) түсiнiктемелер беруге;
3) дәлелдемелер ұсынуға;
4) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлiмдеуге;
5) өзiнiң ана тiлiнде немесе бiлетiн тiлiнде түсiнiсуге;
6) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;
7) қорғаушысының болуына және онымен оңаша және құпия кездесуге;
8) өзінің өтiнiшхаты немесе қорғаушысының өтiнiшхаты бойынша жүргiзiлетiн тергеу әрекеттеріне тергеушiнiң рұқсатымен қатысуға;
9) осы әрекеттердің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге;
10) сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға;
11) алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, одан кез келген мәліметті кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардың көшірмесін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға;
12) сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның, прокурор мен соттың әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар келтіруге;
13) қылмыстық істі тоқтату туралы немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулының көшiрмесiн алуға құқылы.
Істi сот талқылауында көрсетілген адамның дәлелдемелердi зерттеуге және сот жарыссөздерiне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге; соттың қаулысына шағым жасауға және шағым жасалып отырған шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға; iс бойынша берілген шағымдар, прокурордың келтірілген өтінішхаттары мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге; мәлiмделген шағымдардың, прокурордың өтінішхаттарының, наразылықтардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген адамға тергеушi оның құқықтарын түсiндiруге және олардың тiзбесiн жазбаша түрде табыс етуге мiндеттi. Соттың талқылауында құқықтардың түсiндiрiлгенi туралы сот отырысының хаттамасында белгi жасалады.
Ескерту. 515-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).516-бап. Заңды өкiлдiң қатысуы
1. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiліп жатқан адамның жақын туысы немесе өзге де адам осы адамның заңды өкiлi болып танылады және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның немесе прокурордың қаулысы бойынша не соттың қаулысы бойынша iске қатысуға тартылады.
2. Өзiне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс жүргiзiліп жатқан адамның заңды өкілінің сотқа қатысуы міндетті болып табылады.
3. Заңды өкiлдің:
1) өзi өкiлi болып отырған адамның қылмыстық заңда тыйым салынған қандай іс-әрекеттi жасауда айыпталып жатқанын бiлуге;
2) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлiмдеуге;
3) дәлелдемелер ұсынуға;
4) өзінің немесе қорғаушының өтiнiшхаты бойынша жүргiзiлетiн тергеп-тексеру әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен қатысуға;
5) өзi қатысқан тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және онда жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескертулер жасауға;
6) алдын ала тергеу аяқталған соң iстiң барлық материалдарымен танысуға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, одан кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардың көшірмесін түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға;
7) қылмыстық iстi тоқтату немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулының көшiрмесiн алуға;
8) сот талқылауына қатысуға;
9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың және соттың әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар келтіруге;
10) соттың қаулысына шағым жасауға және шағым жасалатын шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға;
11) iс бойынша берілген шағымдар, прокурордың келтiрілген өтінішхаттары мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылықтар беруге;
12) мәлiмделген шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын және наразылықтарды сотта қарауға қатысуға құқығы бар.
4. Заңды өкiлге құқықтарының түсiндiрiлгенi туралы хаттама жасалады.
Ескерту. 516-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iс бойынша iс жүргiзуге қорғаушының қатысуы, егер қорғаушы бұдан бұрын iске өзге негiздер бойынша араласпаған болса, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп отырған адамның есiнiң дұрыс еместігі немесе психикасының бұзылуы фактiсi анықталған кезден бастап мiндеттi болып табылады.
2. Iске араласқан кезден бастап қорғаушының, егер бұған қорғалушының денсаулық жағдайы кедергi келтiрмейтiн болса, қорғауындағы адаммен оңаша кездесуге құқығы бар, сондай-ақ осы Кодекстiң 66-бабында көзделген басқа да барлық құқықтарды пайдаланады.
518-бап. Алдын ала тергеудiң аяқталуы
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн:
1) осы Кодекстің 35-бабында және 288-бабының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ психикасының дертті бұзылуы өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндірумен не өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты болмағанда – iс жүргiзудегі істі тоқтату туралы;
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулы шығарады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам істi тоқтату туралы немесе iстi сотқа жiберу туралы, егер өзiне қатысты алдын ала тергеу жүргiзiлген адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша тергеу әрекеттеріне қатысуға қабiлеттi болса, осы адамға, оның заңды өкiлiне және қорғаушысына, сондай-ақ жәбiрленушiге хабарлайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам процестiң аталған қатысушыларына олардың iс материалдарымен танысу құқығын түсiндiредi және бұл құқығын олардың қайда және қашан пайдалана алатынын хабарлайды. Iспен танысудың, тергеп-тексерудi толықтыру туралы арыздар мен оларды шешудің тәртiбi осы Кодекстiң 295 – 297-баптарында айқындалады.
3. Iстi тоқтату туралы қаулы осы Кодекстiң 288-бабының қағидалары бойынша шығарылады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн істі сотқа жiберу туралы қаулыда осы Кодекстiң 510-бабындакөрсетiлген және iс бойынша белгіленген мән-жайлар; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн негiздер; егер медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негiздерге дау айтылған болса, оларды айтатын қорғаушы мен басқа адамдардың дәлелдері жазылуға тиiс.
4. Істі сотқа жіберу туралы қаулыға қосымша осы Кодекстің 299-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша жасалады.
Ескерту. 4-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам істi сотқа жiберу туралы қаулымен бірге прокурорға береді, ол істі зерделеп, мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін iстi сотқа жiбередi;
2) iстi қосымша тергеп-тексеру жүргiзу үшiн қайтарады;
3) осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген жағдайларда істі тоқтатады.
6. Істі тоқтату туралы не істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулының көшiрмесi процеске қатысушыларға жіберіледі және өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізу жүзеге асырылып жатқан адамға және оның заңды өкіліне табыс етіледі.
Ескерту. 518-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді аудандық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың үкіміне, қаулысына берілген немесе келтірілген апелляциялық шағымдар немесе прокурордың өтінішхаты бойынша қылмыстық істі қараған кезде қарауы мүмкін.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс сотқа келіп түскеннен кейін судья оны осы Кодексте көзделген қағидалар бойынша сот отырысында қарауға тағайындайды.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау кезінде соттың құрамы осы Кодекстің 52-бабына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 519-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).520-бап. Iс бойынша шешiм қабылдау кезiнде сот шешетiн мәселелер
1. Iстi сотта талқылау процесiнде мынадай мәселелер:
1) қылмыстық заңда көзделген іс-әрекеттің орын алғаны-алмағаны;
2) iсi қаралып отырған адамның іс-әрекетті жасағаны-жасамағаны;
3) iсi қаралып отырған адамның іс-әрекеттi есi дұрыс емес күйде жасағаны-жасамағаны;
4) осы адамның қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаннан кейiн жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтындай психикасының бұзылуымен ауырғаны-ауырмағаны;
5) адамның психикасының дерттi бұзылуы оның өзi немесе басқа адамдар үшiн қауiп не оның өзге де елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiн туғызатыны-туғызбайтыны;
6) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы және оның нақты қайсысы қолданылатыны зерттелуге және шешiлуге тиiс.
2. Сот осы Кодекстiң 390-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 10), 11) және 12) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi де шешедi.
1. Сот қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекеттi осы адамның есi дұрыс емес күйде жасағаны немесе осы адамның қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаннан кейiн жазаны тағайындау немесе оны орындау мүмкiн болмайтын психикасының бұзылуымен ауырғаны дәлелдендi деп танып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 16 және 75-баптарына сәйкес осы адамды тиiсiнше қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату туралы және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын және оның нақты қайсысын қолдану туралы қаулы шығарады.
2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адам өзiнiң психикалық жай-күйi бойынша қауiп төндірмейтін болса, сот iстi тоқтату туралы және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданбау туралы қаулы шығарады.
3. Сот осы адамның іс-әрекеттi жасауға қатысқаны дәлелденген жоқ деп таныған, сол сияқты осы Кодекстiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақтарында, 36-бабының бірінші бөлігінде көзделген мән-жайлар белгіленген кезде, сот өзi белгілеген негiз бойынша адамда аурудың болуына және оның сипатына қарамастан iстi тоқтату туралы қаулы шығарады.
4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген негiздер бойынша iс тоқтатылған кезде, сот қаулысының көшiрмесi психиатриялық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу немесе психоневрологиялық мекемеге жiберу туралы мәселенi шешу үшiн бес тәулік ішінде денсаулық сақтау органдарына жiберіледi.
5. Сот өзі туралы іс қаралып жатқан адамның психикасының бұзылуы белгіленбеген немесе қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамның ауруы оған жазалау шараларын қолдануды жоққа шығармайды деп тани отырып, өзiнiң қаулысымен iстi жалпы тәртіппен тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін прокурорға жібереді.
6. Соттың қаулысында осы Кодекстiң 401-бабында көрсетiлген мәселелер шешiледi.
522-бап. Соттың қаулысына шағым жасау және наразылық білдіру
1. Қорғаушы, жәбірленуші және оның өкілі, өзі туралы іс қаралып жатқан адамның заңды өкілі немесе жақын туысы аудандық және оған теңестірілген соттың қаулысына – осы Кодекстің 48-тарауында көзделген қағидалар бойынша апелляциялық тәртіппен, ал осы Кодекстің 439-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына – кассациялық сатыға шағым жасауы, сондай-ақ прокурор наразылық білдіруі мүмкін. Осы Кодекстің 515-бабына сәйкес өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам істі сотта талқылауға қатысқан жағдайда, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ауруының сипаты мен ауырлық дәрежесі бұған кедергі келтірмесе, соттың қаулысына шағым жасауға құқылы.
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен орындауға енгізіледі.
523-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту және ұзарту
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту туралы мәселелердi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы шығарған сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 96-бабында көзделген тәртiппен қарайды, ал егер мәжбүрлеу шараларын қолдану осы соттың қызмет аумағынан тыс жерде жүзеге асырылса, оларды осы шараны қолдану орны бойынша тиісті сот қарайды.
2. Iстi тыңдауды тағайындау туралы сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамның заңды өкiлiне, мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң әкiмшiлiгiне, қорғаушы мен прокурорға хабарлайды. Сот отырысына қорғаушы мен прокурордың қатысуы мiндеттi, басқа адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.
3. Сот отырысында мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын мекеменiң ұсынуы (қорытындысы), психиатр дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы зерттеледi, отырысқа қатысып отырған адамдардың пiкiрi тыңдалады. Егер психиатр дәрiгерлер комиссиясының қорытындысы күмән туғызатын болса, сот отырысқа қатысып отырған адамдардың өтiнiшхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот-психиатриялық сараптама тағайындауы, қосымша құжаттарды талап етіп алдыруы, сондай-ақ егер бұл өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту туралы мәселе шешiлiп отырған адамның психикасының жай-күйi бойынша мүмкiн болса, одан жауап алуы мүмкін.
4. Сот адамның психикалық жай-күйi бұдан бұрын тағайындалған шараны қолдану қажеттiгi жойылатын не медициналық сипаттағы өзге шараны тағайындау қажеттiгi туындайтын жағдайда болғанда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтатады немесе өзгертедi. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтату немесе өзгерту үшiн негiздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеудi ұзартады.
5. Сот кеңесу бөлмесiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе ұзарту, сол сияқты оны тоқтатудан, өзгертуден немесе ұзартудан бас тарту туралы қаулы шығарады және оны сот отырысында жария етеді. Соттың қаулысы процеске қатысушылардың шағымдары бойынша не прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 523-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).524-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамға қатысты қылмыстық iстi қайта бастау
1. Егер қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті жасағаннан кейiн психикасы бұзылып ауруының салдарынан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамды психиатр дәрiгерлер комиссиясы сауыққан деп таныса, онда сот мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыратын медициналық ұйым қорытындысының негiзiнде осы Кодекстiң 476-бабының 14) тармағына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдануды тоқтату туралы қаулы шығарады және адамды жалпы тәртіппен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін iстi прокурорға жібереді. Егер медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының күші жазаны толық өтемеген сотталған адамның сауығуына байланысты жойылған болса, сот бұл кезде айыптау үкімін орындаудың ескіру мерзімі өтіп кетпесе, осы адамның жазаның қалған бөлігін өтеуін қайта бастау үшін қаулының көшірмесін жазаны орындайтын мекемеге немесе органға жібереді.
2. Медициналық ұйымда өткiзiлген уақыт жазаны өтеу мерзiмiне есептеледi.
55-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША
ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
525-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі
Ескерту. 525-бап алып тасталды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
526-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің хаттамалық нысаны
1. Анықтау органы жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі шегінде осы Кодекстің 64-бабы бірінші бөлігінің 4) тармағында көзделген тәртіппен адамнан күдікті ретінде жауап алынған кезден бастап он тәулік ішінде қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасайды.
2. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.3. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
4. Арасында қылмыстардан басқа, қылмыстық теріс қылық не қылмыстық теріс қылықтар бар бірнеше қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу анықтау не алдын ала тергеу нысанында жүзеге асырылады.
Ескерту. 526-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.527-бап. Хаттама жасау тәртібі
1. Жасалған қылмыстық теріс қылықтың күдіктіге қатысты мән-жайлары туралы хаттама жасалады, онда: хаттаманың жасалған уақыты мен орны, хаттаманы кімнің жасағаны, күдіктінің жеке басы туралы деректер, қылмыстық теріс қылық жасалған орын мен уақыт, оқиға, оның тәсілдері, себептері, салдары және басқа да елеулі мән-жайлар, қылмыстық теріс қылықтың болғанын және құқық бұзушының кінәсін растайтын нақты деректер, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық құрамының белгілері, жәбірленуші туралы деректер, оған келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері көрсетіледі.
1-1. Хаттамада сондай-ақ:
1) егер бар болса, куәлар мен жәбірленушілердің тегі, аты, әкесінің аты (олар болған кезде), мекенжайлары;
2) қылмыстық құқық бұзушылық іздерін тіркеу кезінде пайдаланылған болса не оларда іздер тіркелсе, ғылыми-техникалық құралдар мен электрондық жеткізгіштер көрсетіледі.
1-2. Қылмыстық теріс қылық туралы хаттамада сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырған адамның сот ісін жүргізу тілін айқындау, қылмыстық сот ісін жүргізу форматын таңдау, қорғаушыны, аудармашыны тарту туралы, оның ішінде олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, нәрселерді, құжаттарды және өзге де мүлікті заттай дәлелдемелер ретінде тану және оларды іске қоса тіркеу, процестік шығындарды анықтау, азаматтық талапкер деп тану туралы шешімдері, сондай-ақ қорғаушы қызметінен бас тарту туралы арыз көрсетілуі мүмкін.
Қылмыстық теріс қылық туралы хаттамаға қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар да қоса тіркеледі.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өздерінің нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тіркейтін тергеу әрекеттері мен өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
Егер күдікті мен оның қорғаушысы, жәбірленуші істің анықталған мән-жайларына дау айтпаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жиналған дәлелдемелермен шектелуге құқылы.
Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша осы Кодекстің 189-бабында көзделген тәртіппен анықтау не алдын ала тергеу тағайындалған кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.
Саралаудың қылмыстан қылмыстық теріс қылыққа өзгертілуі кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасаумен аяқталады.
3. Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан анықтау органдары мен соттың шақыруы бойынша келу және өзінің тұрғылықты жерін ауыстырғаны туралы хабарлау міндеттемесі алынуы мүмкін.
Ескерту. 527-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2017 № 118-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.528-бап. Хаттаманы сотқа жіберу тәртібі
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам хаттама мен оған қоса берілген материалдарды танысу үшін күдіктіге ұсынады, бұл туралы хаттамада күдіктінің және қорғаушының (ол қатысқан кезде) қойған қолымен куәландырылатын тиісті белгі жасалады. Күдікті хаттамамен және іс материалдарымен танысқаннан кейін қылмыстық іс анықтау органының бастығына жіберіледі.
2. Анықтау органының бастығы хаттама мен оған қоса берілген материалдарды зерделеп шығып, мынадай әрекеттердің бірін жасайды:
1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) хаттаманы келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау жүргізу үшін қайтарады.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұстап алынған жағдайда қылмыстық теріс қылық туралы іс ұстап алу мерзімі аяқталардан кемінде жиырма төрт сағат бұрын прокурорға жіберіледі.
3. Прокурор қылмыстық істі зерделеп шығып, бір тәуліктен кешіктірмей, ал күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталған істер бойынша дереу мынадай әрекеттердің бірін жасайды:
1) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) хаттаманы бекітуден бас тартады және осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі не қылмыстық қудалауды толық көлемде немесе бір бөлігінде тоқтатады және оны анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
Күдікті осы Кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталған жағдайда қылмыстық теріс қылық туралы іс ұстау мерзімі аяқталардан кемінде он екі сағат бұрын сотқа жіберіледі.
Ескерту. 528-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.529-бап. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істі сотта қараудың тәртібі мен мерзімдері
1. Іс сотқа келіп түскеннен кейін судья істі іс жүргізуге қабылдап және қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауға кірісе отырып:
1) істі кімнің қарайтынын, қай істің қаралуға жататынын, кімнің және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қай бабының негізінде жауаптылыққа тартылатынын жариялайды;
2) сотталушының, сондай-ақ істі қарауға қатысатын өзге де адамдардың келгеніне көз жеткізеді;
3) іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және заңды өкілдері болған кезде – олардың, қорғаушының өкілеттігін тексереді;
4) іс бойынша іс жүргізуге қатысатындардың келмеу себептерін анықтайды және істі көрсетілген адамдардың қатысуынсыз қарау туралы не істі қарауды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;
5) қажет болған жағдайларда істі қарау кезінде қатысуы міндетті болып табылатын адамды күштеп әкелу туралы қаулы шығарады, аудармашы тағайындайды;
6) істі қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
7) мәлімделген қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды шешеді;
8) қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, ал қажет кезде істің өзге де материалдарын жария етеді;
9) мыналарға: егер судьяға қарсылық білдіру істің мәні бойынша қаралуына кедергі келтіретін болса, оның өздігінен бас тартуы немесе оған қарсылық білдіру туралы мәлімдеуге; егер қорғаушыға, уәкілетті өкілге, сарапшыға немесе аудармашыға қарсылық білдіру істің мәні бойынша қаралуына кедергі келтіретін болса, көрсетілген қарсылық білдіруге; істі қарауға қатысатын адамдардың келуі немесе іс бойынша қосымша материалдар талап етіп алдыру қажеттігіне байланысты істі қарауды кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады. Қажет болған жағдайда, судья сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады.
2. Судья қылмыстық теріс қылық туралы істі қарауға кірісе отырып, сотталушыны, іс бойынша іс жүргізуге қатысатын басқа да адамдарды, маманның түсінігін және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге дәлелдемелерді зерттейді. Қажет болған жағдайларда, осы Кодексте көзделген басқа да процестік әрекеттерді жүзеге асырады.
3. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер сотқа келіп түскен кезден бастап он бес тәулік ішінде сотта қаралуға жатады.
Процеске қатысушылардың өтінішхаттары келіп түскен не істің мән-жайын қосымша анықтау қажет болған жағдайда, қарау мерзімі ұзартылуы, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
4. Жазалау ретінде Қазақстан Республикасынан тысқары шығарып жіберу көзделген, сондай-ақ ол бойынша күдікті осы Кодекстің 128-бабының тәртібімен ұстап алынған қылмыстық теріс қылықтар туралы істер сотқа келіп түскен күні қаралады.
5. Сот қылмыстық теріс қылықтар туралы істерді қараған кезде прокурордың қатысуы міндетті.
6. Судья қылмыстық теріс қылық туралы істі қарап шығып:
1) осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртіппен айыптау немесе ақтау үкімін шығарады;
2) осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде істі тоқтатады;
3) қылмыс белгілері анықталған кезде істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу туралы мәселені шешу үшін тиісті прокурорға жібереді.
7. Соттың қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша шығарған үкімі өзінің нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 388 және 389-баптарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
8. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша шешім істі қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады. Іс бойынша шешімнің көшірмесі сотталушыға, жәбірленушіге және прокурорға дереу табыс етіледі. Көрсетілген адамдар болмағанда, шешімнің көшірмесі оларға үш тәулік ішінде жіберіледі.
9. Қылмыстық теріс қылық туралы іс бойынша сот шешіміне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасауға, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық білдіруге болады.
Ескерту. 529-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.56-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
530-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi
1. Осы тараудың ережелерi қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелеттiк жасқа, яғни он сегiз жасқа толмаған адамдардың iстерi бойынша қолданылады.
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi осы Кодексте белгiленген жалпы қағидалармен, сондай-ақ осы тараудың баптарымен айқындалады.
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi:
1) осы адамның бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiліп, олардың бiр бөлiгi он сегiз жасқа толғаннан кейiн жасалған болса;
2) күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам сот iсiн жүргiзу кезiнде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды.
531-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша анықталуға жататын мән-жайлар
Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауын жүргiзу кезiнде, осы Кодекстiң 113-бабында көзделген, дәлелденуге жататын мән-жайлардан басқа:
1) кәмелетке толмаған адамның жасы (туған күнi, айы, жылы);
2) кәмелетке толмаған адамның өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары;
3) зияткерлік, ерiк-жiгерінің және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен темпераментінің ерекшелiктерi, қажеттіліктері мен мүдделерi;
4) кәмелетке толмаған адамға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға жатады.
532-бап. Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу
Кәмелетке толмаған күдiктiнің, айыпталушының, сотталушының құпиялыққа құқығы қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуға тиiс.
533-бап. Кәмелетке толмаған адам туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөліп шығару
1. Ересектермен бiрге қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысқан кәмелетке толмаған адамға қатысты iс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында осы Кодекстiң 44-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағына сәйкес жеке iс жүргiзуге бөлiп шығарылады.
2. Кәмелетке толмаған адамға қатысты жеке iс жүргiзуді бөліп шығару iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге айтарлықтай кедергi жасауы мүмкiн болатын жағдайларда, бiр iс бойынша ересектермен бірге жауапқа тартылған кәмелетке толмаған күдіктіге, айыпталушыға осы тараудың қағидалары қолданылады.
534-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны шақыру тәртiбi
1. Кәмелетке толмаған күдiктi, айыпталушы, сотталушы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға немесе сотқа – өзінің ата-анасы немесе басқа заңды да өкiлдерi арқылы, олар болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады.
2. Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйымда не күзетпен ұсталатын кәмелетке толмаған адам өзі ұсталатын орынның әкiмшiлiгi арқылы шақырылады.
535-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу
1. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу осы Кодекстiң 216 және 367-баптарында көзделген тәртiппен, қорғаушының, заңды өкiлдiң, ал қажет болған кезде психологтің және педагогтiң қатысуымен жүргiзiледi. Қорғаушы жауап алынушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы.
2. Кәмелетке толмаған күдiктiден, айыпталушыдан, сотталушыдан жауап алу тәулiктiң күндiзгi уақытында жүргiзiледi және ол үзiлiссiз екi сағаттан артық, ал жалпы алғанда күнiне төрт сағаттан артыққа созылуға тиiс емес. Кәмелетке толмаған адам анық шаршаған жағдайда, жауап алу осы уақыт аяқталмастан тоқтатылуға тиiс.
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша осы Кодекстiң 67-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағына сәйкес қорғаушының қатысуы мiндеттi.
2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша қорғаушы кәмелетке толмағаннан – күдiктi ретiнде алғашқы жауап алынған кезден бастап, ал ұстап алынған жағдайда – ұстап алынған кезден бастап жіберіледі.
3. Егер кәмелетке толмаған күдiктi, айыпталушы не оның заңды өкiлдерi адвокатпен келiсiм жасаспаса, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам, прокурор, сот iс бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге тиiс.
537-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлiнiң сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуы
1. Кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының ата-анасы немесе басқа да заңды өкiлдерi болған кезде олардың iске қатысуы мiндеттi. Кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі де, сондай-ақ екеуі де заңды өкіл бола алады. Іске қорғаушы ретінде қатысып отырған ата-ана, басқа да жақын туыстар сонымен бір мезгілде кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдері ретінде қатыса алмайды. Олар болмаған кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы өкілінің қатысуы міндетті.
2. Заңды өкiл, ал ол болмаған кезде қорғаншылық және қамқоршылық органның өкiлi кәмелетке толмағаннан күдiктi ретiнде алғашқы жауап алынған кезден бастап тергеушінің қаулысымен iске қатысуға жіберіледі. Заңды өкiл, ал ол болмаған кезде – қорғаншылық және қамқоршылық органның өкiлi iске қатысуға жіберілген кезде, оларға осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген құқықтар түсiндiрiледi.
3. Заңды өкiлдiң: кәмелетке толмағанға не жөнiнде күдiк келтiрiлiп отырғанын бiлуге; күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулылармен, прокурор жасаған айыптау актісімен таныстыру кезінде қатысуға, кәмелетке толмаған адамнан жауап алуға, сондай-ақ кәмелетке толмаған күдiктiнiң және оның қорғаушысының қатысуымен жүргiзiлетiн өзге де тергеу әрекеттерiне сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен қатысуға; өзi қатысқан тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; өтінішхаттар мен қарсылық білдірулер мәлімдеуге, тергеушінің және прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағым келтіруге; дәлелдемелер ұсынуға; тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, олардан кез келген мәліметті және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардан көшірмелер түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқығы бар.
Ескерту. 3-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам сотқа дейінгі іс жүргізу аяқталғаннан кейін кәмелетке толмаған адамға керi әсер етуi мүмкiн материалдарды танысу үшiн оған көрсетпеу туралы қаулы шығаруға, ал бұл материалдармен заңды өкiлдi және қорғаушыны таныстыруға құқылы.
5. Егер заңды өкілдің әрекеттері кәмелетке толмаған адамның мүдделерiне нұқсан келтiредi немесе iстi объективтi түрде тергеп-тексеруге кедергi келтiруге бағытталған деп санауға негiз болса, не заңды өкілдің өтінішхаты бойынша заңды өкiл iске қатысудан шеттетiлуi мүмкiн. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұл туралы уәжді қаулы шығарады. Iске қатысуға кәмелетке толмаған адамның басқа заңды өкiлi жiберiлуi мүмкiн.
Ескерту. 537-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.538-бап. Педагог пен психологтің қатысуы
1. Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бiрақ психикалық дамуында артта қалу белгiлерi бар кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қатысуымен процестік әрекеттер жүргізілген кезде педагогтің немесе психологтің қатысуы мiндеттi.
2. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы iстер бойынша педагог немесе психолог тергеушiнiң немесе соттың қалауы бойынша не қорғаушының, заңды өкiлдiң өтiнiшхаты бойынша iске қатысуға жiберiледi.
3. Педагог, психолог тергеушiнiң немесе соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған күдiктiге, айыпталушыға, сотталушыға сұрақтар қоюға, ал процестік әрекет аяқталғаннан кейiн – тергеу әрекетінің хаттамасымен (өздерінің сот талқылауына қатысуын көрсететiн бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен) танысуға және онда жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға құқылы, тергеушiнiң, соттың қалауы бойынша кәмелетке толмаған адамның жеке басын сипаттайтын iс материалдарымен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды тергеушi, прокурор немесе сот процестік әрекет басталар алдында педагогке, психологке түсiндiредi, ол туралы тергеу әрекетінің хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгi жасалады.
539-бап. Кәмелетке толмаған адамға кешендiпсихологиялық-психиатриялық және психологиялық сараптама жасау
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша күдiктiнің, айыпталушының өз әрекеттерiне есеп беру және іс бойынша анықталған жағдайларда өз әрекеттерiн игеру қабiлетiн, оның есінің дұрыстығын, онда есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы бар (жоқ) екенін айқындау үшін психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізу мiндеттi.
2. Кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының зияткерлік, ерiк-жiгерлік, психикалық дамуының деңгейiн, жеке басының өзге де психологиялық қырларын анықтау үшiн психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкін.
540-бап. Кәмелетке толмаған адамды бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйымға орналастыру немесе патронатқа беру
Кәмелетке толмаған күдікті өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы немесе патронатқа берілуі мүмкін.
541-бап. Кәмелетке толмағандарды ұстап алу және оларға бұлтартпау шараларын қолдану
1. Кәмелетке толмаған адам осы Кодексте көзделген тәртіппен ұстап алынуы және оған бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкін. Қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасауда күдік келтірілетін, айыпталатын кәмелетке толмағандарға күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылмайды.
2. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айыпталған кәмелетке толмаған адамға қатысты бұлтартпау шарасының түрін таңдаған кезде осы Кодекстің 138-бабында көрсетілген мән-жайлардан бөлек кәмелетке толмаған адамның өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын, оның жасы мен зияткерлік, ерiк-жiгерлік және психикалық даму дәрежесiн, мінезі мен темпераментінің ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен қызығушылығын, кәмелетке толмаған адамға ересек адамдар мен басқа кәмелетке толмағандардың ықпалын, кәмелетке толмаған адамда оның есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының бар-жоғын және кәмелетке толмаған адамның жеке басын объективті түрде сипаттайтын басқа да мән-жайларды ескеру қажет.
3. Кәмелетке толмаған адамға істе бар мән-жайлар бойынша басқа бұлтарпау шаралары қолданыла алмайтын жағдайларда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады.
4. Өздеріне күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған кәмелетке толмағандар ересектерден бөлек ұсталады. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында кәмелетке толмағандарды күзетпен ұстау мерзімі осы Кодексте көзделген тәртіппен алты айдан асатын мерзімге ұзартыла алмайды.
5. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынғаны, оған күзетпен ұстау түрінде шара таңдалғаны немесе күзетпен ұстау мерзімінің ұзартылғаны туралы оның ата-анасы немесе оның басқа заңды өкілдері, ал олар болмаған кезде – жақын туыстары және (немесе) қорғаншылық және қамқоршылық органдар дереу хабардар етіледі.
Ескерту. 541-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).542-бап. Сотта кәмелетке толмаған адамға қатысты істі қарау ерекшеліктері
1. Кәмелетке толмағандарға қатысты істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот не гарнизонның әскери соты немесе мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды. Кәмелетке толмаған күдіктінің, айыпталушының өтінішхаты бойынша істі осы Кодекстің 65-тарауына сәйкес алқабилер қатысатын сот қарауы мүмкін.
2. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот талқылауы осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша жүргізіледі, онда мынадай ерекшеліктер сақталады:
1) істі талқылау жариялылықты шектеу жағдайларында жүргізіледі;
2) істі қарауға бүкіл сот талқылауы бойында қатысатын, өздеріне тиесілі барлық құқықтарды пайдаланатын кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілдері қатысады және олардан өздерінің келісімі бойынша кәмелетке толмаған адамның өмір сүру және тәрбиелену салтының мән-жайлары туралы куәлар ретінде жауап алынуы мүмкін; іске қатысатын заңды өкілдің келуі мүмкін болмаған жағдайда, ол басқасымен алмастырылуы мүмкін;
3) сот отырысына қорғаушының қатысуы міндетті, сот кәмелетке толмаған сотталушының қорғаушыдан бас тартуын қабылдай алмайды;
4) осы Кодексте көзделген жағдайларда сот отырысына педагог, психолог, ал қажет болған жағдайларда психиатр, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері, кәмелетке толмаған адам оқыған немесе жұмыс істеген ұжымдардан өкілдер қатысады.
3. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкілін және қорғаушыны қатыстыра отырып жәбірленушімен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға, сондай-ақ прокурормен процестік келісім жасасуға құқығы бар.
543-бап. Кәмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығарып жіберу
1. Сот қорғаушының немесе заңды өкiлдiң өтiнiшхаты бойынша, сондай-ақ өзiнiң бастамасы бойынша, тараптардың пiкiрiн ескере отырып, кәмелетке толмаған сотталушыға терiс әсер етуi мүмкiн мән-жайларды зерттеу уақытына өзiнiң қаулысымен оны сот отырысының залынан шығарып жіберуге құқылы.
2. Кәмелетке толмаған сотталушы сот отырысының залына қайта келгеннен кейін ол болмаған кезде өткен талқылаудың мазмұнын төрағалық етушi қажеттi көлемде және нысанда хабарлайды және кәмелетке толмаған адамға өзi болмаған кезiнде жауап алынған адамдарға сұрақ қою мүмкiндiгiн бередi.
544-бап. Кәмелетке толмаған адамның iсi бойынша үкiм шығару кезiнде сот шешетiн мәселелер
1. Сот кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау туралы мәселені шешу кезінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолдану не кәмелетке толмаған адамға мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға байланысты оны қылмыстық жазадан босату мүмкіндігін талқылауға және оны үкімде уәждеуге тиіс. Бұл ретте сот кәмелетке толмаған адамға жекелеген жаза түрлерін қолдану сотталушының құқық бұзушылық жасау кезіндегі кәмелетке толмауымен айқындалатынын назарда ұстай отырып, оларды тағайындаудың қылмыстық заңда белгіленген шектерін ескеруге тиіс.
2. Шартты түрде соттау, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза шарасын тағайындау, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру не мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекеттiк органға хабарлайды және оған сотталушының мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруды жүктейдi.
545-бап. Мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, кәмелетке толмаған адамды жазадан босату
Егер қылмыстық теріс қылық туралы немесе онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс туралы iс бойынша осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кәмелетке толмаған адам қылмыстық жаза шарасы қолданылмастан түзелуi мүмкiн деп танылса, сот айыптау үкiмiн шығара отырып, кәмелетке толмаған сотталушыны жазадан босатуға және оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 84-бабында көзделген мәжбүрлеп тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдануға құқылы. Үкiмнiң көшiрмесi мамандандырылған мемлекеттiк органға жiберiледi.
545-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелiк әсері бар мәжбүрлеу шарасынан мерзімінен бұрын босату
1. Кәмелетке толмаған адам ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелiк әсері бар мәжбүрлеу шарасынан кәмелеттік жасқа толуына байланысты, сондай-ақ егер көрсетілген ұйымның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін осы шараның қолданылуын одан әрі қажет етпейді деген түйінге келсе, мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
2. Кәмелетке толмаған адам, оның заңды өкілі, қорғаушысы, егер олардың пікірі бойынша кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін осы шараның қолданылуын одан әрі қажет етпейтін болса, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуды мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі мәселені қарау туралы өтінішхатты көрсетілген ұйымға мәлімдеуге құқылы.
Ескерту. 56-тарау 545-1-баппен толықтырылды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 57-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДАН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ИММУНИТЕТІ
БАР АДАМДАРДЫҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
546-бап. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін қолдану шегі
Осы тарауда көзделген қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы себебін тіркеу кезінде тиісті лауазымда болуы заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатылған адамдарға қолданылмайды.
547-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себебі Бірыңғай тізілімге тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісуімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оған бір тәулік ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын хабарлама алғаннан кейін екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру туралы қаулы шығара отырып, бұған келісім береді не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры күдік келтірілетін Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарады.
3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты өз өкiлеттiктерінің мерзiмi iшiнде қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайларды қоспағанда, оны тиiстi Палатаның қолсұғылмаушылықтан айыруға берген келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентінiң Сенатына немесе Мәжiлiсiне ұсыну енгiзедi. Ұсыну депутатқа күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, депутатты ұстап алу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
5. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы мәселені астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысы негізінде шешеді. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамақ мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
6. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға келiсiм берсе, бұдан кейiнгi тергеп-тексеру осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
7. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келiсiм берсе, депутатқа осы бұлтартпау, процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен шешiледi.
8. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты қылмыстық жауаптылыққа тартуға келiсiм бермесе, қылмыстық iс осы негіз бойынша тоқтатылуға жатады.
9. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатқа күзетпен ұстау, үйқамақ, ұстап алу, күштеп әкелу түріндегі бұлтартпау, процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға келiсiм бермесе, оған көрсетілген шараларды қолдануға болмайды. Депутатқа қатысты өзге процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға Парламенттің тиісті Палаталарының келісімі талап етілмейді және олар осы Кодексте белгіленген тәртіппен қолданылуы мүмкін.
10. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты, осы Кодекске сәйкес санкциялануға жататын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияны астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы негізінде береді.
11. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына беріледi, ол осы Кодекстің 301 – 305-баптарында көзделген әрекеттерді орындайды. Депутатқа қатысты тергеп-тексерілген іс Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жасаған айыптау актісі болған кезде ғана тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдануы мүмкін.
Ескерту. 11-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескертпе. Осы тараудың баптарында қолсұғылмаушылықтан айыру деп қылмыстық жауаптылыққа тартуға және процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға келісім беру түсініледі.
Ескерту. 547-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.548-бап. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа қатысты істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу осы баптың екінші бөлігінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатты қолсұғылмаушылықтан айыруға келісім беру Орталық сайлау комиссиясынан сұратылады.
549-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу
Ескерту. 549-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себебі Бірыңғай тізілімге тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісуімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Төрағасының орынбасары, судьясы қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оған бір тәулік ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын хабарламаны алғаннан кейін екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру туралы қаулы шығара отырып, бұған келісім береді не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры күдік келтірілетін Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының, Төрағасы орынбасарының, судьясының іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарады.
3. Қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын, судьясын өз өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қолсұғылмаушылықтан айыруға берген келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын, судьясын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыну енгiзедi. Ұсыну Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстап алу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
5. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын, судьясын күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде шешеді. Көрсетілген адамдарға қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамақ мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмiн алғаннан кейін iс бойынша одан әрі iс жүргiзу осы Кодекстiң 547-бабының алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөлiктерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Ескерту. 549-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.550-бап. Судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себебі Бірыңғай тізілімге тіркелгеннен кейін судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісуімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Судья қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оған бір тәулік ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.
Судьяға қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын хабарламаны алғаннан кейін екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру туралы қаулы шығара отырып, бұған келісім береді не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры күдік келтірілетін судьяның іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарады.
3. Судья қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайларды қоспағанда, оны – Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз не Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры – Қазақстан Республикасының Президентіне, ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну енгiзедi. Ұсыну судьяға күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстап алу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
5. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін судьяны күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы мәселені астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысы негізінде шешеді. Судьяға қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамақ мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімдерін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 547-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 550-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.551-бап. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Бірыңғай тізілімде тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бірінші орынбасарының келісуімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бірінші орынбасарының келісімін алғанға дейін, бірақ оған бір тәулік ішінде міндетті түрде хабарлай отырып жалғасуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын хабарламаны алғаннан кейін екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру туралы қаулы шығара отырып, бұған келісім береді не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бірінші орынбасарының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жіберуге болмайды.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары күдік келтірілетін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарады.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайларды қоспағанда, оны Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қолсұғылмаушылықтан айыруға берген келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну енгізеді. Ұсыну Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстап алу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімін алғаннан кейін іс бойынша одан әрі іс жүргізу осы Кодекстің 547-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
6. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы мәселені астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қолдаған қаулысы негізінде шешеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамақ мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қолдаған кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
7. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды оның бірінші орынбасары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзартуды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты, осы Кодекске сәйкес санкциялануға жататын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияны астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген қаулысы негізінде береді.
8. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына беріледi, ол осы Кодекстің 301 – 304-баптарында көзделген әрекеттерді орындайды. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеп-тексерілген іс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары жасаған айыптау актісі болған кезде ғана тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдануы мүмкін.
Ескерту. 8-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 27.12.2021 № 88-VII Заңымен (мынадай:ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеу қызметінің тергеушілері тергеп-тексеретін, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген аса ауыр қылмыстар туралы істерге қатысты 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 29) тармағында көзделген, оның ішінде басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істермен біріктірілген сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы істерге қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін;
алдын ала тергеу нысанында аяқталған өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерге қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есепті жасауы, прокурордың айыптау актісін жасауы және прокурор айыптау актісін жасаған кезден бастап адамды айыпталушы деп тану бөлігінде).
Ескерту. 551-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.12.2017 № 118-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) ); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
551-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Бірыңғай тізілімде тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қылмыс орнында ұстап алынған не оның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, бірақ оны бір тәулік ішінде міндетті түрде хабардар ете отырып жалғастырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабарламаны алғаннан кейін жүргізілген процестік әрекеттердің заңдылығын екі тәулік ішінде зерделейді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім беріп, бұл туралы қаулы шығарады не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтата отырып, бұдан бас тартады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін заңсыз жалғасқан болса, оның нәтижелеріне қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер ретінде жол беруге болмайды.
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді, қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа, өзінің өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну енгізеді. Ұсыну Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстап алу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.
3-1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімін алғаннан кейін одан әрі іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 547-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Қылмыс жасады деп күдік келтірілетін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы мәселені астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы негізінде шешеді. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты күзетпен ұстау немесе үйқамаққа алу мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзарту туралы өтінішхат оны Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келіскен кезде ғана сотқа жіберілуі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты тергеу мерзімін осы Кодексте көзделген тәртіппен ұзартуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүргізеді.
Осы Кодекске сәйкес санкциялануға жататын, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияларды астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген қаулысы негізінде береді.
6. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеппен бірге осы Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бередi, ол осы Кодекстің 301 - 305-баптарында көзделген әрекеттерді орындайды. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты тергеп-тексерілген іс Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жасаған айыптау актісі болған кезде ғана тиісті соттың іс жүргізуіне қабылдануы мүмкін.
Ескерту. 551-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.552-бап. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты қылмыстық істі соттың талқылауы
Ескерту. 552-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Істі қарау осы бапта баяндалған ережелер ескеріле отырып, сот талқылауының жалпы қағидалары бойынша жүргізіледі.
2. Сот сотталушыға – Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатқа, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстауды, үйқамаққа алуды, ал процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде – күштеп әкелуді, егер Қазақстан Республикасы Конституциясы 52-бабының 4-тармағында, 71-бабының 5-тармағында, 79-бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында және 83-1-бабының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім беруден бас тартса немесе олардан ондай келісім сұратылмаған болса, бұған тиісінше осы Кодекстің 547-бабының төртінші бөлігінде, 548-бабының екінші бөлігінде, 549-бабының төртінші бөлігінде, 550-бабыныңтөртінші бөлігінде, 551-бабының төртінші бөлігінде, 551-1-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен келісім беру туралы ұсынумен өтініш жасай отырып қолдануға құқылы.
Ескерту. 552-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 91-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.553-бап. Қылмыстық қудалаудан дипломатиялық иммунитетi бар адамдар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мына адамдар:
1) шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық персоналының мүшелері және егер олармен бірге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасы мүшелерi;
2) егер дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсету персоналының қызметкерлерi және олардың өздерімен бiрге тұратын отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, өздерінің қызметтік мiндеттерiн орындауы кезiнде жасаған іс-әрекеттерiне қатысты консулдықтардың басшылары және консулдықтың басқа да лауазымды адамдары – өзара түсіністік негiзде;
3) егер дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық персоналының қызметкерлері мен олардың өздерімен бiрге тұратын отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi – өзара түсіністік негiзде;
4) дипломатиялық курьерлер;
5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, парламенттік және үкiметтік делегациялардың мүшелерi және өзара түсіністік негiзде – Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа ресми тапсырмалармен келетiн, не сондай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен бара жатқан шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi және олар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, осы көрсетілген адамдарға ілесіп жүретін отбасы мүшелерi;
6) халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi және персоналы, халықаралық шарттардың немесе жалпы жұрт таныған халықаралық салт-дәстүрлер негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында болатын осы ұйымдардың лауазымды адамдары;
7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін шет мемлекеттердiң үшiншi елдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, өкiлдiктерiнiң дипломатиялық персоналының мүшелері және көрсетілген адамдарға ілесіп жүретiн немесе оларға қосылу немесе өзiнiң елiне оралу үшiн жеке келе жатқан олардың отбасы мүшелерi;
8) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар Қазақстан Республикасында қылмыстық қудалаудан иммунитеттi пайдаланады.
2. Егер шет мемлекет қылмыстық қудалау иммунитетiнен бас тартуды айқын түрде білдіре отырып ұсынған жағдайда ғана осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4) – 7) тармақтарында көрсетілген адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкiн. Мұндай бас тарту туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы дипломатиялық жолмен шешiледi. Тиiстi шет мемлекеттiң көрсетілген адамдар жөнiнде қылмыстық қудалау иммунитетiнен бас тартуы болмаған жағдайда, оларға қатысты қылмыстық iс тоқтатылуға жатады.
3. Осы адамдардың жасаған қылмысы олардың өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталмаған жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы баптың екiншi бөлiгiнiң қағидалары осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақтарында көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
554-бап. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдарды ұстап алу және күзетпен ұстау
1. Осы Кодекстiң 553-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 4) – 7) тармақтарында санамаланған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар жеке басына қолсұғылмаушылық құқығын пайдаланады. Оларға қатысты заңды күшiне енген үкiмдi орындау үшiн қажет болатын жағдайларды қоспағанда, оларды ұстап алуға немесе күзетпен қамауға болмайды.
2. Осы Кодекстiң 553-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2) және 3) тармақтарында көрсетілген адамдар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, олар ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн қудаланған жағдайда не соттың заңды күшiне енген үкiмiн орындау кезiнде ғана ұстап алынуы немесе күзетпен қамалуы мүмкiн.
555-бап. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет
1. Осы Кодекстiң 553-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3) – 6) тармақтарында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдардың куә, жәбiрленушi ретiнде айғақтар бермеуiне болады, ал олар мұндай айғақтар беруге келiскен жағдайда бұл үшiн қылмыстық процестi жүргізетін органға келуi мiндеттi емес. Көрсетілген адамдарға табыс етілген жауап алуға шақыру қағазында олардың қылмыстық процестi жүргізетін органға келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларымен қорқыту болмауға тиiс.
2. Егер осы адамдар алдын ала тергеуде жәбiрленушi, куә ретiнде айғақтар берген, ал сот отырысына келмеген жағдайда, сот олардың айғақтарын жария ете алады.
3. Осы Кодекстiң 553-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көрсетілген адамдар, өздерiнiң қызметтік мiндеттерiн орындауға байланысты мәселелер бойынша берген айғақтарынан басқа, куәлар және жәбiрленушiлер ретiнде айғақтар беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәлiк айғақтар беруден бас тартқан жағдайда, оларға процестік мәжбүрлеу шаралары қолданыла алмайды.
4. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланатын адамдар қылмыстық процестi жүргізетін органға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға қатысты хат-хабар мен басқа да құжаттарды ұсынуға мiндеттi емес.
556-бап. Үй-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитетi
1. Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясына, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй-жайларға, дипломатиялық персонал мүшелелерінің және олардың отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй-жайларына, олардағы мүлiк пен жүрiп-тұру құралдарына қол сұғуға болмайды. Осы үй-жайларға кiру, сондай-ақ оларда тiнту, алу, мүлiкке тыйым салу дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның келiсiмiмен ғана жүргiзiлуі мүмкін.
2. Егер дипломатиялық өкiлдiктiң қызмет көрсетушi персоналының қызметкерлері мен олардың өздерімен бiрге тұратын отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, осы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi тұрып жатқан тұрғын үй-жайларға осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген иммунитет өзара түсіністік негiзде қолданылады.
3. Консулдық орналасқан үй-жай мен консулдық басшысының резиденциясы өзара түсіністік негiзде қолсұғылмаушылықты пайдаланады. Осы үй-жайларға кiру, тiнту, алу, мүлікке тыйым салу тиiстi шет мемлекеттің консулдығы немесе дипломатиялық өкiлдiгі басшысының өтiнiшi бойынша немесе келiсiмiмен ғана орын алуы мүмкiн.
4. Дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтардың мұрағаттарына, ресми жазысқан хаттары мен басқа да құжаттарына қол сұғуға болмайды. Олар дипломатиялық өкiлдiк, консулдық басшысының келiсiмiнсiз қарап-тексерілуге және алынуға жатпайды. Дипломатиялық пошта ашылуға және кідіртілуге жатпайды.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген үй-жайларға кiруге, оларда тiнту, алу жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды қарап-тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтар басшыларының келiсiмiн прокурор Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы сұратады.
6. Көрсетілген жағдайларда тiнту, алу, қарап-тексеру прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
12-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ САЛАСЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
58-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
557-бап. Құқықтық көмек көрсету тәртібімен жүргізілетін процестік және өзге де әрекеттер
1. Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан шет мемлекеттердің құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету тәртібімен құжаттарды табыс ету, жекелеген процестік әрекеттерді орындау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды уақытша ұстап беру (экстрадициялау), транзиттік тасымалдау, адамдарды уақытша беру, сотталғандарды және психикасының бұзылуынан зардап шегетін, өздеріне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру, үкімдерді тану және орындау жүргізілуі мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында қылмыстық іс бойынша өзара іс-қимылдың осы Кодексте көзделмеген өзге де нысандары көзделуі мүмкін.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелерi осы Кодекске қайшы келетiн болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
558-бап. Өзара түсіністік қағидатымен құқықтық немесе өзге де көмек көрсету
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болмаған кезде құқықтық немесе өзге де көмек өзара түсіністік қағидатында шет мемлекеттің сұрау салуы негізінде көрсетілуі немесе оны Қазақстан Республикасының орталық органы сұратуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының орталық органы шет мемлекетке осындай сұрау салуды жібере отырып, сұрау салынатын тарапқа осындай құқықтық көмек түрін көрсету туралы оның сұрау салуының болашақта қарастырылатынына жазбаша түрде кепілдік береді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салушы тараптың болашақта Қазақстан Республикасының сұрау салуын өзара түсіністік қағидатында қабылдауға және қарауға жазбаша кепілдігі болған кезде ғана шет мемлекеттің сұрау салуын қарайды.
4. Қазақстан Республикасының орталық органы өзара түсіністік қағидатында құқықтық көмекке жүгінген және шет мемлекетке құқықтық көмек көрсеткен кезде осы Кодексті басшылыққа алады.
5. Шет мемлекетпен халықаралық шарт болмаған кезде Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салынатын тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды дипломатиялық жолмен жібереді.
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы немесе уәкілетті прокурор тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап ететін процестік әрекеттерді жүргізу, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) немесе транзиттік тасымалдау, уақытша беру, сотталғандарды және психикасының бұзылуынан зардап шегетін, өздеріне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру, үкімдерді тану және орындау кезінде құқықтық көмек туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) жүгінеді және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау салуларын қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот ісін жүргізу уақытында соттардың құқықтық көмек туралы сұрау салуларымен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) өтініш жасайды және шет мемлекеттер соттарының тиісті сұрау салуларын қарайды.
3. Қазақстан Республикасының құзыретті органы шет мемлекеттің құзыретті органына тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап етпейтін процестік әрекеттерді жүргізу кезінде құқықтық көмек туралы сұрау салулармен (тапсырмалармен, өтінішхаттармен) жүгінеді және шетелдік құзыретті органдардың тиісті сұрау салуларын қарайды.
Ескерту. 559-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.560-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу
1. Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) құзыретті орган осы Кодекстің және (немесе) Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартының талаптарына сәйкес жасайды.
2. Сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) және оған қоса берілген құжаттар тиісті бланкіде жазбаша нысанда жасалып, уәкілетті лауазымды адамның қолымен және тиісті органның елтаңбалы мөрімен куәландырылады.
3. Сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) және оған қоса берілген құжаттар Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартында айқындалған тілге, ал ол болмаған кезде – сұрау салынатын тараптың ресми тіліне немесе осы тарап үшін қолайлы басқа тілге аудармасымен қоса жіберіледі.
4. Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) шет мемлекетке поштамен, ал кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда – электрондық, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралымен жіберіледі. Мұндай жағдайда сұрау салудың түпнұсқасы оны электрондық поштамен, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралымен жіберген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей поштамен жіберіледі.
5. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) жіберуден бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы түзетілуі керек кемшіліктерді жазып немесе тапсырманы жіберудің мүмкін болмау себептерін түсіндіріп, барлық материалдарды процесті жүргізетін тиісті органға қайтарады.
6. Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салушы тараптан электрондық, факсимильдік немесе өзге де байланыс құралы арқылы келіп түскен сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарауға қабылдай алады. Осындай сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау оның түпнұсқасы жөнелтілгені немесе берілгені расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Шет мемлекеттің құзыретті органына орындалған сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) материалдары Қазақстан Республикасының орталық органы сұрау салудың түпнұсқасын алғаннан кейін ғана жіберілуі мүмкін.
561-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және беру
1. Сұрау салынатын тарап Қазақстан Республикасы құзыретті органының сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішхатын) орындау тәртібімен берген заттай дәлелдемелер осы Кодексте белгіленген тәртіппен сақталады және өзгеше уағдаластыққа қол жеткізілмесе, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғаннан кейін сұрау салынатын тарапқа қайтарылады.
2. Сұрау салушы тараптың құзыретті органына сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тәртібімен заттай дәлелдемелерді беру кезінде Қазақстан Республикасының құзыретті органы, егер Қазақстан Республикасының аумағында оларды басқа қылмыстық іс жүргізу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы үшін пайдалануға қажеттілік болмаған немесе үшінші адамдардың тиісті мүлікке құқығына қатысты құқыққа сыйымды талаптары болмаған немесе оған қатысты дау сотта қаралып жатқан жағдайда, сұрау салушы тараптан оларды қылмыстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасына қайтаруды талап етуден бас тарта алады.
562-бап. Ресми құжаттардың жарамдылығы
1. Құқықтық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) байланысты жіберілетін құжаттар, егер оларды сұрау салушы немесе сұрау салынатын тараптың құзыретті органының ресми адамы тиісті нысанда жасаса, куәландырса және құзыретті органның мөрімен бекемделсе, Қазақстан Республикасының аумағында қосымша куәландырусыз (заңдастырусыз) қабылданады.
2. Шет мемлекетте жүзеге асырылатын қылмыстық іс жүргізуге қатысушының процестік мәртебесі Қазақстан Республикасында сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде осы Кодекстің қағидалары бойынша қосымша анықтауды қажет етпейді.
563-бап. Шет мемлекеттің аумағында алынған дәлелдемелердің жол берілетіндігі
Шет мемлекеттің аумағында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды (тапсырмаларды, өтінішхаттарды) орындау барысында оның лауазымды адамдары алған немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе өзара түсіністік қағидаты негізінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуға (тапсырмаларға, өтінішхаттарға) қосымша ретінде Қазақстан Республикасына жіберілген, белгіленген тәртіппен куәландырылған және берілген дәлелдемелер, егер оларды алу кезінде әділ сот ісін жүргізу қағидаттары, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары бұзылмаса, жол берілетін дәлелдемелер деп танылады.
564-бап. Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстар
1. Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығыстар, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды (тапсырмаларды, өтінішхаттарды) орындау жүктелетін Қазақстан Республикасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру, прокуратура, сот органдарын және өзге де мекемелерін ұстауға мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде туындайтын:
1) қылмыстық процеске қатысушыларды, оның ішінде адамдарды уақытша берген жағдайда сұрау салушы тараптың аумағына шақыруға;
2) сараптамалар жүргізуге;
3) қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
4) сұрау салушы тарапқа берілген адамды үшінші мемлекеттің аумағы арқылы транзиттік тасымалдауға байланысты шығыстар сұрау салушы тараптың есебінен өтеледі.
59-тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК
565-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) мазмұны мен нысаны
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта):
1) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) берiп отырған органның атауы;
2) сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) жiберiлiп отырған органның атауы мен мекенжайы;
3) тиісті халықаралық шартқа немесе өзара түсіністік қағидаттарын сақтауға сілтеме;
4) құқықтық көмек сұратылып отырған қылмыстық істің атауы;
5) қылмыстық іс жүргізу нысанасы болып табылатын қылмыстық құқық бұзушылықтың қысқаша сипаттамасы және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарының толық мәтіні жазылған оның құқықтық саралануы, қажет болған кезде – iс-әрекетпен келтiрiлген залалдың мөлшерi туралы деректер;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті баптарының толық мәтіні жазыла отырып, хабарланып отырған күдік келтіру, айыптау туралы мәліметтер;
7) тиісті адам туралы, атап айтқанда, оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), процестік мәртебесі, тұрғылықты немесе келген жері, азаматтығы туралы, заңды тұлғалар үшін – олардың атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтер, сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындауға ықпал ете алатын өзге де мәліметтер, сондай-ақ осы адамның қылмыстық іс жүргізу нысанасымен байланысы;
8) анықталуға жататын мән-жайларды баяндау, сондай-ақ сұрау салынып отырған процестік әрекеттердің, құжаттардың, заттай және басқа да дәлелдемелердің тізбесі және олардың қылмыстық іс жүргізу нысанасымен байланысын негіздеу;
9) процестік әрекеттерді орындау кезінде қатысуы қажет деп есептелетін адамдар туралы мәліметтер және осы қажеттілікті негіздеу қамтылуға тиіс.
2. Адамға процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында, адамнан куә, жәбірленуші, сарапшы, күдікті немесе айыпталушы ретінде жауап алу туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) осы Кодекстің тиісті баптарының құзыретті орган куәландырған үзінді көшірмесі қоса беріледі. Сондай-ақ адамға қойылуы керек сұрақтардың немесе адамнан алынуы қажет мәліметтердің тізбесі де сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) қоса беріледі.
3. Осы Кодекске сәйкес тергеу судьясының (сотының) санкциясын алуды не мүлікті тәркілеуді талап ететін процестік әрекеттерді жүргізу туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) құзыретті органның оларды жүргізу туралы уәжді шешімдерінің түпнұсқалары немесе куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
4. Тәркілеу нысанында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта) Қазақстан Республикасының аумағындағы және тәркіленуге жататын мүлік туралы мәліметтер, сондай-ақ осы мүліктің меншік иесінің, иесінің туған күні мен жері, азаматтығы, айналысатын ісі, тұрғылықты жері немесе болатын жері туралы деректерді қоса алғанда, олар туралы деректер, ал заңды тұлғалар үшін олардың атауы және тұрған жері қосымша көрсетіледі.
Тәркілеу нысанында құқықтық көмек туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта), егер құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) дұрыс және уақтылы қарау үшін қажет болса, өзге мәліметтер де, оның ішінде телефондардың, факстардың нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары көрсетілуі мүмкін.
5. Тәркілеу нысанында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген құжаттар қоса беріледі, ал егер бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделмесе, мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) шет мемлекет сотының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті тәркілеу көзделген үкімінің, қаулысының немесе өзге де шешімінің шетелдік сот куәландырған көшірмесі, сондай-ақ олардың заңды күшіне енгені туралы дәлелдемелер;
2) тәркіленуге жататын мүліктің Қазақстан Республикасының аумағында тұрғанын растайтын дәлелдемелер;
3) осы бөліктің 1) және 2) тармақтарында көрсетілген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы.
Ескерту. 565-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.566-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау
1. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау нәтижелері бойынша:
1) оның орындалуын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына, прокуратураға немесе сотқа тапсыруға;
2) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) шет мемлекеттің процестік заңнамасының нормаларын қолдана отырып орындау мүмкіндігіне;
3) егер бұл Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық іс жүргізуге кедергі келтіретін болса, сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындауды кейінге қалдыруға;
4) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан осы Кодекстің 569-бабында көзделген негіздер бойынша бас тартуға;
5) егер сұрау салуды орындаудың шығыстары қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зияннан айқын түрде асатын немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына айқын жауап бермейтін болса, егер бұл Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының ережелеріне қайшы келмесе, осы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау мүмкіндігіне қатысты шешім қабылдайды.
2. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандыру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау үшін Қазақстан Республикасының құзыретті органына жібереді. Халықаралық шартта көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының орталық органы құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде сұрау салушы тараптың құзыретті органы өкілінің қатысуына қатысты шешімді де қабылдайды.
3. Тиісті прокурор өз өкілеттіктерінің шегінде құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) тиісінше, толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге қатысты нұсқау беруге құқылы. Прокурордың берген нұсқаулары Қазақстан Республикасының тиісті құзыретті органының орындауы үшін міндетті болып табылады.
567-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау нәтижелері туралы хабар
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) қанағаттандырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау нәтижесінде алынған материалдардың сұрау салушы тарапқа берілуін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тарапқа бас тарту себептерін, сондай-ақ сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) қайтадан қаралуы мүмкін шарттарды хабарлайды және сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қайтарады.
3. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тарту немесе оны орындауды кейінге қалдыру үшін негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тараппен белгілі бір шектеулерде сұрау салуды орындау тәртібін келісе алады. Егер сұрау салушы тарап белгілі бір шарттармен келіссе, сұрау салушы тарап осы шарттарды орындағаннан кейін сұрау салу қанағаттандырылады.
1. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган сұрау салушы тараптың өтінуі бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) алу фактісінің, оның мазмұнының және оны орындау нәтижесінде алынған мәліметтердің құпиялығын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қолданады.
2. Қажет болған кезде сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау нәтижесінде алынған құпия мәліметтерді сақтау шарттары мен мерзімдері келісіледі.
3. Қазақстан Республикасының орталық органы немесе қарым-қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орган шет мемлекеттің құзыретті органына материалдарды беру кезінде осы Кодекске және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес осындай материалдарды пайдалануға қатысты шектеулерді белгілей алады.
4. Егер құқықтық көмек туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) Қазақстан Республикасында орындау нәтижесінде мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтер алынса, бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының немесе оларды Қазақстан Республикасына берген өзге де мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмейтін жағдайда, құпия ақпаратты өзара қорғау туралы шарт болған кезде ғана және оларда көзделген талаптар мен қағидаларға сәйкес сұрау салушы тарапқа берілуі мүмкін.
Ескерту. 568-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.569-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, сұрау салушы тарапқа құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болмаған кезде, егер:
1) сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін болса немесе Қазақстан Республикасының егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өзге де елеулі мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін болса;
2) сұрау салушы тарап осы саладағы өзара түсіністікті қамтамасыз етпесе;
3) тергеу судьясының (сотының) санкциясы қажет етілетін процестік әрекеттерді жүргізу туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайтын іс-әрекетке қатысты болса;
4) сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) адамды оның шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, нанымы, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қудалау, соттау немесе жазалау мақсатында жіберілді деп есептеуге негіздер жеткілікті болса, сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындаудан бас тартылуға тиіс.
Ескерту. 569-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.570-бап. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тәртібі
1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган өзіне белгіленген тәртіппен берілген құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) осы Кодекстің жалпы қағидалары бойынша орындайды.
2. Сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау кезінде, бұл Қазақстан Республикасының шет мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, осы мемлекеттің процестік заңнамасының нормалары қолданылуы мүмкін.
3. Егер құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) орындалмайтын болса, алынған құжаттар оны орындауға кедергі болған себептер көрсетіле отырып, сұрау салушы тарапқа белгіленген тәртіппен қайтарылады.
571-бап. Арнайы рұқсатты қажет ететін процестік әрекеттер
Егер сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау үшін тергеу судьясының (сотының) санкциясын талап ететін процестік әрекетті жүргізу қажет болса, сұрау салушының заңнамасында бұл көзделмесе де, мұндай әрекет осы Кодексте көзделген тәртіппен тиісті санкция алынған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сұрау салушы тараптың өтініш жасаған материалдары осындай процестік әрекеттерді санкциялау туралы мәселені шешу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 571-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.572-бап. Сұрау салушы мемлекеттің құзыретті органдары өкілдерінің қатысуы
1. Осы Кодекстің талаптарына сәйкес қатысуға рұқсат берілген шет мемлекеттің құзыретті органының өкілі Қазақстан Республикасының аумағында қандай да бір процестік әрекеттерді өз бетінше жүргізуге құқылы емес. Мұндай өкілдер процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға тиіс.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген адамдардың процестік әрекеттерді жүргізу кезінде қатысуға және процестік әрекеттердің хаттамасына енгізілуге жататын, олардың жүргізілу тәртібі туралы арыз беруге және ескертулер енгізуге, тергеушінің, анықтау органының, прокурордың немесе соттың рұқсатымен сұрақтар қоюға, сондай-ақ жазбалар жасауға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып жасауға құқығы бар.
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) бойынша осы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) қоса тігілген құжаттар мен шешімдер сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта) көрсетілген адамға осы бапта белгіленген тәртіппен табыс етіледі.
2. Тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сот құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) орындау тұрғысынан құжаттарды тапсыру үшін адамды шақырады. Егер адам дәлелді себептерсіз келмесе, оған осы Кодексте көзделген тәртіппен күштеп әкелу қолданылуы мүмкін.
3. Тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сот құжаттардың адамға табыс етілгендігі туралы олардың табыс етілген жері мен күнін көрсете отырып хаттама жасайды. Хаттамаға құжаттар табыс етілген адам құжаттарды алу кезіндегі мәлімдемелерін немесе ескертулерін жазып, қол қояды. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда бөлек растау қағазы да жасалады, оған құжаттарды алған адам және оны табыс етуді жүзеге асырған адам қолдарын қояды.
4. Адам табыс етілуге жататын құжаттарды алудан бас тартқан жағдайда, бұл туралы хаттамада көрсетіледі. Бұл ретте табыс етілуге жататын құжаттар табыс етілді деп есептеледі, бұл туралы хаттамада көрсетіледі.
5. Егер табыс етілуге жататын құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болмаса және сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта) көрсетілген адам білмейтін тілде жасалса, ол адамның құжаттарды алудан бас тартуға құқығы бар. Мұндай жағдайда құжаттар табыс етілген жоқ деп есептеледі.
1. Егер қылмыстық іс бойынша айғақтар беру немесе өзге де процестік әрекеттерге қатысу үшін шет мемлекеттің аумағында күзетпен ұсталып отырған немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және осы қылмыстық іс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған адамның қатысуы қажет болса, қылмыстық процесті жүргізетін орган осы адамды Қазақстан Республикасына уақытша беру туралы өтінішхат жасайды.
2. Сұрау салынған тарап адамды уақытша беру туралы өтінішхатты қанағаттандырған жағдайда, мұндай адам ол берілген процестік әрекеттер жүргізілгеннен кейін шет мемлекетпен келісілген мерзімде қайтарылуға тиіс.
Уақытша берудің келісілген мерзімі жеткіліксіз болған кезде қылмыстық процесті жүргізетін орган ол аяқталардан жиырма тәулік бұрын Қазақстан Республикасының орталық органына шет мемлекетпен келісу үшін көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтінішхат жібереді.
3. Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау немесе оған бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы шешімі Қазақстан Республикасына уақытша берілген адамды Қазақстан Республикасында күзетпен ұстауға негіз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында жазасын өтеп жатқан адамды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген шарттарды сақтай отырып, шет мемлекеттің құзыретті органының өтінішхаты бойынша шет мемлекетке уақытша беруге болады.
5. Адамды уақытша беру осы адамның жазбаша келісімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.
575-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі адамды шақыру
1. Қазақстан Республикасынан тыс жердегі адам Қазақстан Республикасының аумағында процестік әрекеттерді жүргізу үшін, құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) негізінде шақыру қағазымен шақыртылады. Мұндай адам шақырту туралы күнібұрын хабардар етіледі. Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан және сотталған адамнан басқа, шақыртылған адамға шақыруға байланысты шығыстардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі туралы хабарланады.
2. Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген, шақырту бойынша келген куә, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері, сарапшы өзінің азаматтығына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін орын алған іс-әрекет үшін немесе үкімдердің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды, күзетпен қамауға алынбайды немесе оларға басқа да процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.
Мұндай адамдар, өздері шақырылған қылмыстық іске байланысты куә, жәбірленуші ретінде берген айғақтарына байланысты немесе сарапшылар ретіндегі қорытынды үшін сондай-ақ жауаптылыққа тартылмайды, күзетпен қамауға алынбайды немесе жазалауға ұшырамайды.
3. Шақыртылған адам, егер ол қылмыстық процесті жүргізетін органның оның қатысуымен процестік әрекеттерді жүргізудің қажеті жоқтығы туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он бес тәуліктің немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, немесе егер ол осы жерге өз еркімен қайтып келсе, осы бапта көзделген кепілдіктерден айырылады. Осы адам мүмкіндігі болып тұрса да, өз кінәсіне байланысты емес себеппен Қазақстан Республикасының аумағынан кете алмаған уақыт бұл мерзімге есептелмейді.
Ескерту. 575-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.576-бап. Бейнебайланыс орнату арқылы процестік әрекеттерді жүргізу
1. Шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы бойынша процестік әрекеттер мынадай жағдайларда:
1) шақыртылатын адамдардың шет мемлекеттің құзыретті органына келуі мүмкін болмаған;
2) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер бойынша бейнебайланыстың көмегімен адамның тұрған жері бойынша жүргізіледі.
2. Бейнебайланыс жолымен процестік әрекеттер мұндай тәртіп Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасының қағидаттарына қайшы келмейтін шамада, сұрау салушы тараптың процестік заңнамасында көзделген тәртіппен орындалады.
3. Сұрау салушы тараптың құзыретті органы бейнебайланысты жүргізу кезінде аудармашының қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Егер процестік әрекетті жүргізу уақытында осы баптың екінші бөлігінде көзделген тәртіптің бұзылғандығы белгіленсе, қылмыстық процесті жүргізетін орган бұл туралы процестік әрекеттерге қатысушыларға хабарлайды және жол берілген бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау мақсатында оны тоқтата тұрады. Процестік әрекеттер рәсімге қажетті өзгерістерді сұрау салушы тараптың құзыретті органымен келіскеннен кейін ғана жалғастырылады.
5. Процестік әрекеттердің хаттамасы және бейнеақпаратты жеткізгіштер сұрау салушы тараптың құзыретті органына жіберіледі.
6. Қазақстан Республикасы құзыретті органының сұрау салуы бойынша процестік әрекеттер осы бапта көзделген қағидалар бойынша бейнебайланыстың көмегімен жүргізіледі.
577-бап. Мүлікті іздестіру, оған тыйым салу және оны тәркілеу
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) негізінде Қазақстан Республикасының құзыретті органдары қылмыстық жолмен алынған мүлікті, ақша мен құндылықтарды, сондай-ақ күдіктілерге, айыпталушыларға немесе сотталған адамдарға тиесілі мүлікті анықтау және оған тыйым салу мақсатында осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікке тыйым салынған кезде сот осы мүлікке қатысты шешім қабылдағанға дейін оны сақтау мақсатында қажетті шаралар қамтамасыз етіледі, бұл туралы сұрау салушы тарапқа хабарланады.
3. Табылған мүлік сұрау салушы тараптың сұрау салуы бойынша:
1) осы Кодекстің 573-бабының талаптары сақтала отырып, оған тыйым салынуы және қылмыстық іс жүргізу бойынша дәлелдеме ретінде немесе иесіне қайтару үшін сұрау салушы тараптың құзыретті органына берілуі мүмкін;
2) егер бұл сұрау салушы тарап сотының заңды күшіне енген үкімінде немесе өзге де шешімінде көзделсе, тәркіленуі мүмкін.
Сұрау салушы тарап сотының мүлікті тәркілеу туралы үкімін немесе өзге де шешімін тану осы Кодекстің 608-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес тыйым салынған мүлік сұрау салушы тарапқа берілмейді немесе бұл мүлік Қазақстан Республикасында азаматтық немесе қылмыстық істі қарау мақсатында қажет болса, оны беру кейінге қалдырылуы немесе ол уақытша берілуі мүмкін немесе ол заңда көзделген өзге де негіздер бойынша шетелге шығарылмауы мүмкін.
5. Осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тәркіленген мүлік осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа кезде, Қазақстан Республикасының кірісіне беріледі.
6. Қазақстан Республикасы орталық органының өтінішхаты бойынша сот осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тәркіленген мүлікті, сондай-ақ оның ақшалай баламасын:
1) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды жәбірленушіге өтеу үшін тәркілеу туралы шешім қабылдаған сұрау салушы тарапқа;
2) тәркіленген мүлікті немесе оның ақшалай баламасын бөлу мәселесін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес беру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
7. Қазақстан Республикасының құзыретті органдары сұрау салушы тараптың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге процестік шараларды да қабылдауы мүмкін.
8. Сот осы бапта көзделген сұрау салуларды мүлкіне қатысты шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен тәркілеу туралы шешім қабылданған тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері немесе тұрған жері бойынша, ал егер бұл тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері немесе тұрған жері болмаса не оның тұрған жері белгісіз болса, оның тәркіленуге жататын мүлкінің Қазақстан Республикасында тұрған жері бойынша қарайды.
Ескерту. 577-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.578-бап. Бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтарын құру және олардың қызметі
1. Бірнеше мемлекеттің аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың мән-жайларына сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін немесе осы мемлекеттердің мүдделері бұзылған болса, бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтары құрылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының және шет мемлекеттердің құзыретті органдарының сұрау салуы бойынша бірлескен тергеу, жедел-тергеу топтарын құру туралы мәселені қарап, шешеді.
3. Бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобының мүшелері тікелей өзара іс-қимыл жасасады, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, процестік әрекеттерді жүргізудің негізгі бағыттарын келіседі, алынған ақпаратпен алмасады. Олардың қызметін үйлестіруді бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобын құрудың бастамашысы немесе оның мүшелерінің біреуі жүзеге асырады.
4. Тергеу (іздестіру) және өзге де процестік әрекеттерді аумағында іс жүргізіліп отырған нақ сол мемлекеттің бірлескен тергеу, жедел-тергеу тобының мүшелері орындайды.
60-тарау. АДАМДАРДЫ ҰСТАП БЕРУ (ЭКСТРАДИЦИЯЛАУ)
579-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды жіберу
1. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу, егер өздеріне байланысты адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған қылмыстардың ең болмағанда біреуі үшін бір жылдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген немесе адам бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған және өтелмеген мерзімі кемінде алты айды құрайтын болса жіберіледі.
2. Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар сақталған жағдайда ғана қаралуы мүмкін.
3. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) және транзиттік тасымалдау туралы сұрау салулар адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салулар сияқты тәртіппен жіберіледі.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының құзыретті органына осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген, адамды ұстап беруге (экстрадициялауға) кедергі болуы мүмкін мән-жайлар болған кезде шет мемлекетке сұрау салуды жіберуден бас тартуға құқылы.
580-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы құжаттарды дайындау және сұрау салуларды жіберу тәртібі
1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайда және тәртіппен, қылмыстық процесті жүргізетін орган Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және оның аумағын тастап кеткен адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхатқа қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтініш жасайды.
2. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхат жазбаша нысанда жасалады және онда:
1) іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органның атауы;
2) күдіктінің (сотталған адамның) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, азаматтығы туралы деректер, фотосуреттері;
3) жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделетін заңның мәтінін келтіріп, санкциясын міндетті түрде көрсете отырып, осы қылмыстың нақты мән-жайларының жазылуы;
4) заңды күшіне енген үкімнің не күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулының шығарылған жері мен уақыты туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
3. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхатқа:
1) егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін сұратылса, күдіктінің іс-әрекетін алдын ала саралауды айқындау туралы қаулының, айыптау актісінің, айыптау хаттамасының, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, тергеу судьясының немесе соттың адамды күзетпен ұстау туралы қаулысының куәландырылған көшірмелері;
2) егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) үкімді орындауға келтіру үшін сұратылса, оның заңды күшіне енгендігі туралы анықтамамен бірге үкімнің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен қылмыс сараланып отырған және олар бойынша ескіру мерзімдері көзделген бапты қамтитын үзінді көшірмелер;
4) Қазақстан Республикасының уәкілетті органының ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған адамның азаматтығы туралы қорытындысы;
5) егер сот тағайындаған жазаның бір бөлігін өтеген адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылса, жазаның өтелмеген бөлігі туралы анықтама;
6) аумағында іздестіріліп жатқан адам анықталған шет мемлекет үшін де қолданылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де мәліметтер қоса берілуге тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген негіздер болған кезде шет мемлекеттің құзыретті органына Қазақстан Республикасына адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салумен жүгінеді.
Ескерту. 580-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.581-бап. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау)
1. Егер адамды ұстап беруді (экстрадициялауды) кейінгі қалдыру қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің жоғалуына, жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін болса, адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы осы Кодекстің 580-бабында көзделген тәртіппен дайындалатын сұрау салу жіберілуі мүмкін.
2. Адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда, осы адам тиісті шет мемлекетке келісілген мерзімде қайтарылуға тиіс.
3. Процесті жүргізетін орган, қажет болған жағдайда, адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) мерзімін ұзарту туралы құжаттарды дайындайды, олар адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау) мерзімі аяқталардан кемінде жиырма тәулік бұрын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жіберіледі.
582-бап. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамның қылмыстық жауаптылығының шегі
1. Шет мемлекет ұстап берген (экстрадициялаған) адам оны ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз, ұстап беруге (экстрадициялауға) байланысты емес өзге де қылмыс үшін қылмыстық жауаптылыққа тартыла алмайды, жазалана алмайды.
2. Шет мемлекет ұстап берген (экстрадициялаған) адам оны ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз үшінші мемлекетке берілмейді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің қағидалары адам ұстап берілгеннен (экстрадицияланғаннан) кейін қылмыс жасаған жағдайларға, сондай-ақ егер ұстап берілген (экстрадицияланған) адам – қылмыстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін отыз тәулік өткенге дейін, ал сотталған жағдайда жазасын өтегеннен немесе одан босатылғаннан кейін отыз тәулік өткенге дейін сұрау салушы тараптың аумағынан кетпесе немесе егер ол оған өз еркімен қайтып келсе, қолданылмайды. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адам сұрау салушы тараптың аумағынан өзіне байланысты емес себептермен кете алмаған уақыт бұл мерзімге есептелмейді.
583-бап. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға қатысты қылмыстық іс жүргізу нәтижелері туралы ақпарат беру
Прокурор сұрау салынатын тараптың уәкілетті органын кейіннен хабардар ету үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға қатысты қылмыстық іс жүргізу нәтижелері туралы хабар жібереді.
584-бап. Күзетпен ұстау мерзімдерін есептеу
1. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға бұлтартпау шарасы ретінде қолданылатын күзетпен ұстау мерзімінің басталуы оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезінен бастап есептеледі.
2. Қазақстан Республикасына ұстап берілетін адамды шет мемлекеттің аумағында ұстап алу және күзетпен ұстау, сондай-ақ оны этаппен апару уақыты жаза тағайындау кезінде оны күзетпен ұстаудың жалпы мерзіміне есептеледі.
3. Уақытша ұстап беру (экстрадициялау) ішінде Қазақстан Республикасының аумағында адамды күзетпен ұстау уақыты осындай адамның Қазақстан Республикасы сотының үкімімен тағайындалған жазаны өтеу мерзіміне есептелмейді.
Ескерту. 575-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.585-бап. Транзит және уақытша ұстап беру (экстрадициялау)кезінде күзетпен ұстау
Шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау немесе оған бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы шешімі:
1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік тасымалданатын;
2) Қазақстан Республикасына уақытша берілген (экстрадицияланған) адамдарды Қазақстан Республикасының аумағында күзетпен ұстауға негіз болып табылады.
586-бап. Ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылатын адамның құқықтары
1. Өзін шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) туралы мәселе қаралып отырған адамның:
1) өзін ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу қандай қылмыс бойынша түскенін білуге;
2) қорғаушысының болуына және сөйлесудің құпиялығын қамтамасыз ететін жағдайда онымен кездесуге, жауап алу кезінде қорғаушысының қатысуына;
3) ұстап алынған жағдайда – ұстап алынғаны және өзінің болатын жері туралы жақын туыстарына, отбасы мүшелеріне немесе өзге адамдарға хабарлауға;
4) өзін күзетпен ұстауға және өзін ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуға байланысты мәселелерді соттың қарауына қатысуға;
5) ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салумен танысуға немесе оның көшірмесін алуға;
6) күзетпен ұстау, экстрадициялық қамақты қолдану және ұстап беру жөніндегі сұрау салуды қанағаттандыру туралы шешімдерге шағым жасауға;
7) сот отырысында ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу жөнінде өз пікірін білдіруге құқығы бар.
2. Егер өзін ұстап беру (экстрадициялау) туралы мәселе қаралып отырған адам шетелдік болып табылса және күзетпен ұсталса, онда оның өз мемлекетінің дипломатиялық немесе консулдық мекемесінің өкілімен кездесуге құқығы бар.
587-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап алу ерекшеліктері
1. Шет мемлекет қылмыс жасағаны үшін іздестіріп жатқан адамды Қазақстан Республикасының аумағында ұстап алуды қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы осы Кодекстің 131-бабында көзделген тәртіппен жүргізеді.
2. Ұстап алынған адамның жеке басы, оның азаматтық тиесілігі жетпіс екі сағат ішінде анықталуға, іздестірудің бастамашысынан жасалған іс-әрекеттің мән-жайлары, оған сәйкес осы іс-әрекет қылмыс деп танылатын баптың мәтіні, құзыретті органның оны күзетке алу және оған іздестіру жариялау туралы шешімі, сондай-ақ адамды күзетке алу қажеттігі туралы растауы талап етіп алдырылуға тиіс.
3. Шет мемлекеттің құзыретті органының ұстап беру (экстрадициялау) туралы талап мәлімделгенге дейін адамды күзетке алу туралы өтінішхаты поштамен, телеграфпен, телекспен, факспен және өзге де байланыс түрлерімен жіберілуі мүмкін.
4. Ұстап алынған адам, егер:
1) ұстап алынған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде оны уақытша күзетпен ұстау туралы немесе оған қатысты экстрадициялық қамақты қолдану туралы өтінішхаттарды қарау үшін тергеу судьясына жеткізілмесе;
2) ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмейтін мән-жайлар анықталса, ол дереу босатылады.
588-бап. Адамды уақытша күзетпен ұстау
1. Ұсынылған материалдар зерделенгеннен кейін және ұстап алынған адам іздестіру жарияланған адам болып табылады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған және осы Кодекстің 590-бабында жазылған негіздер болмаған кезде прокурор адамды ұстап алудың жетпіс екі сағаттық мерзімі аяқталардан он екі сағат бұрын аудандық және оған теңестірілген сотқа осы адамға ол ұстап алынған кезден бастап қырық тәулік мерзімге немесе оны ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу түскенге дейін Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартында белгіленген өзге де мерзімде уақытша күзетпен ұстауды қолдану туралы өтінішхат енгізеді.
2. Өтінішхатқа:
1) адамды ұстап алу хаттамасы;
2) адамның шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасағаны және шет мемлекеттің құзыретті органы оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдағаны туралы деректерді қамтитын құжаттар;
3) ұстап алынған адамның жеке басын растайтын құжаттар қоса тігіледі.
3. Тергеу судьясы адамды ұстап алған кезден бастап дереу, бірақ жетпіс екі сағаттан кешіктірмей өтінішхатты қарайды және уақытша күзетпен ұстау туралы не уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
4. Тергеу судьясы уақытша күзетпен ұстаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде қаулыны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде іздестіріліп жатқан адамды күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.
5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оның заңдылығы мен негізділігін тексеру осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Адамды уақытша күзетпен қамау туралы прокурор ұстап беру (экстрадициялау) уақыты мен орны туралы ұсыныспен бірге ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінуді, экстрадициялық қамаққа алу туралы өтінішхатты жіберген немесе жіберуі мүмкін шет мемлекеттің мекемесіне дереу хабарлайды.
7. Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі мұндай адамды күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын бұл туралы прокурорға хабарлауға міндетті.
8. Уақытша күзетпен ұстау қолданылған адамды босатуды прокурор, егер:
1) сұрау салушы тараптан қырық тәулік ішінде ұстап беру (экстрадициялау) туралы талап келіп түспесе;
2) қырық тәулік ішінде экстрадициялық қамаққа алу қолданылмаса;
3) ұстап беру (экстрадициялау) мүмкіндігін болдырмайтын мән-жайлар белгілі болса, жүзеге асырады.
9. Адамды босату, егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу кеш түссе, сотқа оны осы Кодексте көзделген тәртіппен күзетпен қамауға алу және ұстап беру (экстрадициялау) туралы қайталама өтінішхатпен жүгінуге кедергі келтірмейді.
10. Уақытша күзетпен ұстау мерзімі аяқталғанға дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен жағдайда, тергеу судьясының уақытша күзетпен ұстау туралы қаулысы осы адамға қатысты экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы қаулыны тергеу судьясы шығарған кезден бастап заңдық күшін жоғалтады.
Ескерту. 588-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу
1. Сұрау салушы тараптан іздестіріліп жатқан адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды пошта, телеграф, телекс, факс және өзге де байланыс түрлері арқылы алғаннан кейін прокурор адамды күзетпен ұстау орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында адамға экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы өтінішхат енгізеді.
2. Тергеу судьясының қарауына өтінішхатпен бірге:
1) шет мемлекеттің құзыретті органының адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуының Қазақстан Республикасының тиісті орталық органы куәландырған көшірмесі;
2) адамның азаматтығы туралы құжаттар;
3) қолда бар экстрадициялық тексеру материалдары ұсынылады.
3. Тергеу судьясы өтінішхатты қарайды және экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы не экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
4. Тергеу судьясы өтінішхатты қарау кезінде іздестіріліп жатқан адамның азаматтық тиесілігін, сондай-ақ кінәлілігі туралы мәселені зерттеместен және ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылып отырған адамға қатысты іс бойынша шет мемлекеттің құзыретті органдары қабылдаған процестік шешімдердің заңдылығын тексерместен, оны ұстап беруге (экстрадициялауға) сұрау салынуына байланысты іс-әрекет бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыс болып табылатынын-табылмайтынын тексереді.
5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасау және оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жүзеге асырылады, ол осы баптың төртінші бөлігіне сәйкес оның заңдылығы мен негізділігін тексереді.
6. Тергеу судьясы экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде қаулыны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде іздестіріліп жатқан адамды күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.
7. Ұстап берілуге (экстрадициялануға) жататын адамға қатысты экстрадициялық қамаққа алу оны ұстап алған кезден бастап он екі ай мерзімге, ал сот үкімін орындауға келтіру үшін сұратылып отырған адамға қатысты – ол сұрау салушы мемлекетте сотталған мерзімнен аспайтын мерзімге қолданылады.
8. Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі экстрадициялық қамаққа алу қолданылған адамды күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын бұл туралы прокурорға хабарлауға міндетті.
9. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданғаннан кейін экстрадициялық қамаққа алудың он екі айлық мерзімі өткен жағдайда, егер:
1) ұстап берілген адамды ұстап беруді сұратып отырған мемлекеттің аумағына этаппен апаруды ұйымдастыру;
2) ұстап берілген адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру туралы қаулысына шағымын қарау үшін қосымша уақыт қажет болса, оны күзетпен ұстау мерзімін тергеу судьясы, ұстап берілген адамды шет мемлекетке нақты бергенге дейін прокурордың өтінішхаты бойынша, жасалуына ұстап беріліп отырған адам айыпталатын (күдіктелетін) қылмыс бойынша шет мемлекеттің қылмыстық заңының санкциясында көзделген бас бостандығынан айырудың ең көп мерзімі шегінде ұзартады.
10. Экстрадициялық қамаққа алу қолданылған адамды босату прокурордың қаулысы негізінде, оның ішінде осы бапта көрсетілген мерзім аяқталған соң да жүргізіледі, егер осы мерзімде ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмесе, бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарланады.
11. Адамды экстрадициялық қамаққа алудан босату, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, оны ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімді орындау үшін шет мемлекетке адамды нақты беру мақсатында қайтадан қолдануға кедергі келтірмейді.
Ескерту. 589-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.590-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан)бас тарту
1. Егер:
1) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса және Қазақстан Республикасының сұрау салушы тараппен арадағы халықаралық шартында өз азаматтарын ұстап беру (экстрадициялау) көзделмесе;
2) адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуға негіз болған іс-әрекет Қазақстан Республикасында қылмыс болып танылмаса;
3) ол үшін адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылған қылмыс Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздемесе;
4) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адамға Қазақстан Республикасы пана берсе;
5) адамға қатысты нақ сол қылмысы үшін заңды күшіне енген үкім шығарылса немесе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылса;
6) адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу алынған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыстық қудалау бастала алмаса немесе үкім ескіру мерзімдерінің өтуі салдарынан немесе өзге де заңды негіздер бойынша орындауға келтіріле алмайтын болса;
7) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу келіп түскен адамға, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайлардан басқа, сұрау салушы тарапта азаптауды қолдану қатеріне ұшырауы мүмкін не оның денсаулығына, өміріне немесе бостандығына нәсілдік белгісі, діни нанымы, ұлты, азаматтығы (бодандығы), белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілілігі немесе саяси сенімдері бойынша қауіп төніп тұр деп пайымдауға негіздер болса;
8) адамды осыған байланысты ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған іс-әрекет, егер Қазақстан Республикасының сұрау салушы тараппен арадағы халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекеше айыптау тәртібімен ғана қудаланса;
9) адамды осыған байланысты ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған іс-әрекет, егер Қазақстан Республикасының сұрау салушы мемлекетпен арадағы халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша әскери қылмыстарға жататын болса;
10) шет мемлекеттің орталық органы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының талабы бойынша ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу жөнінде шешім қабылдау онсыз мүмкін емес қосымша материалдарды немесе деректерді бермесе;
11) адамды ұстап беру (экстрадициялау) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне қайшы келсе;
12) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіздер болса, адамды ұстап беруге (экстрадициялауға) жол берілмейді.
2. Егер адамды осыған байланысты ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерде жасалса, бірақ Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталса, ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартылуы мүмкін.
591-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу бойынша шешім
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары экстрадициялық тексеру материалдарын зерделегеннен кейін шет мемлекетке адамды ұстап беру (экстрадициялау) немесе ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бірнеше мемлекеттің адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы талаптары болған кезде адамның қай мемлекетке ұстап берілуге (экстрадициялануға) жататыны туралы шешімді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары қаулы нысанында қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары өзінің шешімі туралы шет мемлекеттің орталық органына, сондай-ақ осы шешім өзіне қатысты қабылданған адамға және оның қорғаушысына хабарлайды.
3. Ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған жағдайда, осы адамға қаулының көшірмесі табыс етіледі және қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына шағым жасау құқығы түсіндіріледі.
4. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулы оған шағым жасау мерзімі өткеннен кейін орындауға енгізіледі. Қаулыға шағым жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының қаулысы заңды күшіне енгізілгенге дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмейді.
Өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамның және оның қорғаушысының қатысуы бейнеконференция байланысының техникалық құралдары арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
5. Шет мемлекетке адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) қылмыстық қудалауды жүзеге асыруды жоққа шығармайтын негіздер бойынша бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекеттің құзыретті органының өтінішхаты бойынша осы Кодексте көзделген тәртіппен осы адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді тапсырады.
Ескерту. 591-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).592-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулысына өзіне қатысты осы шешім қабылданған адам немесе оның қорғаушысы қаулының көшірмесін алған кезден бастап он тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына шағым жасай алады.
2. Өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамды күзетпен ұстау орнының әкімшілігі шағымды алған соң жиырма төрт сағат ішінде оны Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар етеді.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулыға шағым жасау туралы хабарлама келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына өзі қабылдаған шешімнің заңдылығы мен негізділігін растайтын материалдарды жібереді.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы шағымды алған күннен бастап бір ай ішінде адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексеруді прокурордың, өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамның және оның қорғаушысының қатысуымен ашық сот отырысында жүргізеді. Айрықша жағдайларда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.
5. Отырыстың басында төрағалық етуші қандай шағым қаралуға жататындығын хабарлайды, қатысушыларға олардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіреді. Содан кейін арыз иесі және (немесе) оның қорғаушысы шағымды негіздейді, осыдан кейін сөз прокурорға беріледі.
6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы сотта қарау барысында осы адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімнің Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкестігін тексерумен шектеліп, өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адамның кінәлілігі мәселесін зерттемейді және шет мемлекеттің құзыретті органдары қабылдаған процестік шешімдердің заңдылығын тексермейді.
7. Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мынадай:
1) адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімді заңсыз немесе негізсіз деп тану және оның күшін жою туралы;
2) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
3) адамды қамақта ұстау мерзімін кемінде бір ай мерзімге бір мезгілде ұзарта отырып, осы шешімді қабылдау үшін елеулі маңызы бар мәселелер қаралғанға дейін адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімді тоқтата тұру туралы қаулылардың бірін шығарады.
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімді заңсыз немесе негізсіз деп тану және оның күшін жою не шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулысы ол жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
9. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты оған қатысты ұстап беруді (экстрадициялауды) заңсыз немесе негізсіз деп тану және оның күшін жою туралы қаулы шығарған адамды босату осы Кодекстің 589-бабының оныншы бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
593-бап. Шет мемлекетке беруді кейінге қалдыру және адамды уақытша ұстап беру (экстрадициялау)
1. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары мынадай жағдайда, егер:
1) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адам Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып немесе жазасын өтеп жатса – сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе сот талқылауы аяқталғанға, жазасын өтегенге немесе жазадан қандай да бір заңды негіздер бойынша босатылғанға дейін;
2) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданған адам ауыр науқастан зардап шегіп жатса және оны өзінің денсаулық жағдайы бойынша денсаулығына зиян келтірмей ұстап беру (экстрадициялау) мүмкін болмаса – адам сауыққанға дейін шет мемлекетке оны нақты беру кейінге қалдырылуы мүмкін.
2. Адамды нақты беруді одан әрі кейінге қалдыру үшін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер болмаған жағдайда, ұстап берілген (экстрадицияланған) адамға қатысты осы Кодексте белгіленген тәртіппен экстрадициялық қамаққа алу қолданылады.
3. Егер кейінге қалдыру кезеңінде адамды ұстап беруге (экстрадициялауға) кедергі келтіруі мүмкін мән-жайлар туындаса, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру (экстрадициялау) туралы өз шешімін қайта қарауға құқығы бар.
4. Егер нақты беруді кейінге қалдыру қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінің өтуіне әкеп соқса немесе шет мемлекетте қылмысты тергеп-тексеруге залал келтірсе, ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылып отырған адам уақытша ұстап берілуі мүмкін.
5. Уақытша ұстап берілген (экстрадицияланған) адам ол үшін ұстап берілген (экстрадицияланған) қылмыстық іс бойынша процестік әрекеттер жүргізілгеннен кейін, бірақ адам берілген күннен бастап тоқсан тәуліктен кешіктірілмей қайтарылуға тиіс. Өзара уағдаластық бойынша осы мерзім ұзартылуы, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс үшін өтелмеген жазасының мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
594-бап. Адамды беру (экстрадициялау)
1. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру (экстрадициялау) туралы қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін отыз тәулік ішінде этаппен апаруды және ұстап берілген (экстрадицияланған) адамды ол ұстап берілген (экстрадицияланған) мемлекеттің тиісті органына беруді ұйымдастырады және оның орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарлайды.
2. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамды беру уақытында шет мемлекеттің құзыретті органына оның Қазақстан Республикасында күзетпен ұстауда болу мерзімі туралы хабарланады.
Ескерту. 594-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.595-бап. Транзиттік тасымалдау
1. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің үшінші мемлекеттің осы мекемеге ұстап берген (экстрадициялаған) адамды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдау туралы сұрау салуы ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу сияқты тәртіппен қаралады.
2. Шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің транзиттік тасымалдау туралы сұрау салуларын қарау кезінде осы Кодекстің 590-бабында көзделген мән-жайлар ғана экстрадициялық тексеруге жатады.
3. Транзиттік тасымалдау тәсілін тиісті ведомстволармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ішкі істер органына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін адамдарды беру орнын, уақытын және тәртібін келісу туралы тапсырма береді.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін адамдарды қабылдауды және оларды үшінші мемлекеттерге беруді жүзеге асыруда ішкі істер органына өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді.
Ескерту. 595-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.61-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУ
596-бап. Қылмыстық іс жүргізуді шет мемлекеттің құзыретті органына беру тәртібі мен шарттары
1. Қазақстан Республикасынан тыс жерге кеткен, шет мемлекетте тұрған жері белгілі болған адам Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда, қылмыстық процесті жүргізетін орган қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін шет мемлекетке қылмыстық іс материалдарын, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) жіберу туралы уәжді қаулы шығарады. Іс материалдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе өзара түсіністік қағидаты негізінде басқа мемлекетке істі жіберу туралы мәселені шешу үшін қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе уәкілетті прокурорға жіберіледі.
2. Қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын адамды ұстап беру (экстрадициялау) мүмкін болмаған немесе Қазақстан Республикасына осы адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартылған жағдайда, қылмыстық іс шет мемлекетке берілуі мүмкін.
597-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) мазмұны
1. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуда (тапсырмада, өтінішхатта):
1) шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің атауы;
2) қылмыстық процесті жүргізетін органның атауы;
3) Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартына сілтеме;
4) оған байланысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы тапсырма жіберілетін іс-әрекеттің сипаттамасы;
5) қылмыстың жасалу уақытын, орнын және мән-жайларын мейлінше неғұрлым нақты көрсету;
6) күдіктінің немесе сотталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні мен туған жері, оның азаматтығы, сондай-ақ оның жеке басы туралы басқа да мәліметтер;
7) қылмыспен келтірілген залалдың мөлшерін көрсету қамтылуға тиіс.
2. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуға (тапсырмаға, өтінішхатқа) мынадай құжаттар:
1) қылмыстық іс материалдары;
2) іс-әрекетті қылмыс деп тануға негіз болған қылмыстық заңның, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізу үшін едәуір маңызы бар басқа да заңнамалық нормалардың мәтіні;
3) адамның азаматтығы туралы мәліметтер қоса беріледі.
3. Істегі құжаттың әрбір беті қылмыстық қудалау органының елтаңбалы мөрімен куәландырылуға тиіс.
4. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішхатпен) және осы баптың екінші бөлігінде көзделген құжаттармен бірге шет мемлекеттің құзыретті органына қолда бар заттай дәлелдемелер берілуі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасында қылмыстық іс бойынша іс жүргізетін органда қылмыстық іс материалдарының көшірмелері сақталады.
598-бап. Шет мемлекеттерден қылмыстық іс жүргізуді қабылдау тәртібі мен шарттары
1. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің шет мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасында жүрген адамға қатысты қылмыстық қудалауды жалғастыру туралы сұрау салуын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурор қарайды.
2. Шет мемлекеттің құзыретті мекемесінен қылмыстық іс жүргізуді қабылдау мынадай:
1) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған және оның аумағында болған;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған және Қазақстан Республикасының аумағында болған, ал оны ұстап беру (экстрадициялау) осы Кодекске немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес мүмкін болмаған немесе ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартылған;
3) қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам Қазақстан Республикасында үкім шығарылған жағдайда, сұрау салушы тарапта нақ сол қылмыс үшін қудалануға жатпайтынына сұрау салушы тарап кепілдік берген;
4) сұрау салуда көрсетілген іс-әрекет Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша қылмыс болып табылған жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Кодексте көзделген тәртіппен тиісті құзыретті органға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді тапсырады, бұл туралы сұрау салушы тарапқа хабарлайды.
599-бап. Қылмыстық қудалауды жалғастырудан бас тарту
1. Егер:
1) осы Кодекстің 598-бабының екінші бөлігінің немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартының талаптары сақталмаса;
2) Қазақстан Республикасында сот нақ осы адамға қатысты нақ сол қылмысқа байланысты ақтау үкімін шығарса;
3) Қазақстан Республикасында сот нақ осы адамға қатысты нақ сол қылмысқа байланысты айыптау үкімін шығарса, ол бойынша жаза өтелсе немесе орындалып жатса;
4) Қазақстан Республикасында нақ осы адамға қатысты нақ сол қылмысқа байланысты қылмыстық іс жүргізу тоқтатылса немесе ол кешірім немесе рақымшылық жасауға байланысты жазаны өтеуден босатылса;
5) қаралып отырған қылмысқа қатысты іс жүргізу ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жүзеге асырылуы мүмкін болмаса, қылмыстық іс жүргізуді қабылдауға болмайды.
2. Қылмыстық қудалауды жалғастырудан бас тартылған кезде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің орталық органына бас тартудың негіздемесімен бірге материалдарды қайтарады.
600-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу (тапсырма, өтінішхат) алынғанға дейін адамды күзетпен ұстау
1. Шет мемлекеттің құзыретті органының өтінішхаты бойынша өзіне қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу жіберілген адам Қазақстан Республикасының аумағында күзетпен ұсталуы мүмкін. Өтінішхатта адам қылмыстық жауаптылыққа тартылатын заңнама туралы мәліметтер: көзделген жазалау шарасын, күзетпен ұстау туралы қаулыға сілтемені және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу қосымша ұсынылатынын көрсете отырып, қамтылуға тиіс.
Көрсетілген өтінішхат және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салу алынғанға дейін күзетпен ұстау туралы қаулы олардың түпнұсқаларын пошта арқылы немесе курьермен бір мезгілде жіберіп, коммуникацияның ғылыми-техникалық құралдары пайдаланыла отырып берілуі мүмкін.
2. Адамды күзетпен ұстау осы Кодекстің 588-бабында көзделген тәртіппен және қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес күзетпен ұсталатын адамды, егер осы адам ұстап алынған күннен бастап қырық тәулік ішінде Қазақстан Республикасының құзыретті органы қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуды алмаса, прокурор босатуға тиіс, бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына дереу хабарланады.
62-тарау. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕР СОТТАРЫНЫҢ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН
ТАНУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ
601-бап. Шет мемлекеттер соттарының Қазақстан Республикасында танылатын үкімдері мен қаулылары
1. Қазақстан Республикасында мынадай жағдайларда:
1) шет мемлекетте бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу үшін қабылдау кезінде;
2) шет мемлекеттің аумағында есi дұрыс емес күйде қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған, шет мемлекет сотының оған қатысты мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешімі бар Қазақстан Республикасының азаматын қабылдау кезінде;
3) Қазақстан Республикасына ұстап берілген, шет мемлекеттің соты соттаған және жазасын өтемеген адамға қатысты;
4) Қазақстан Республикасы шет мемлекетке ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартқан, шет мемлекеттің соты соттаған адамға қатысты;
5) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті немесе оның ақшалай баламасын тәркілеу туралы мәселені шешу кезінде;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге жағдайларда, шет мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулылары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен танылуы және орындалуы мүмкін.
2. Шет мемлекет сотының үкімін азаматтық талап қою бөлігінде тану және орындау туралы мәселенің шешімі Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен шешіледі.
602-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды –жазасын өтеу үшін не психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін өздері азаматы болып табылатын мемлекетке беру негіздері
Қазақстан Республикасының тиісті шет мемлекетпен халықаралық шарты не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шет мемлекеттің құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара келісім қағидаты негізінде қол жеткізген келісімі негізінде:
1) Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған шетелдік, сол сияқты шет мемлекеттің соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматы – жазасын одан әрі өтеу үшін;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық қауіпті іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн болмайтындай түрде психикасының бұзылуымен ауырған, өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы сотының шешімі бар шетелдік, сол сияқты шет мемлекеттің аумағында қоғамдық қауіпті іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн болмайтындай түрде психикасының бұзылуымен ауырған, өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шет мемлекет сотының шешімі бар Қазақстан Республикасының азаматы – мәжбүрлеп емдеуден одан әрі өтуі үшін өздерінің азаматтығы тиесілі мемлекетке берілуі мүмкін.
603-бап. Сотталған адамды немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру шарттары
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетелдіктерді беруге сотталған адамның немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның, олардың заңды өкілдерінің немесе жақын туыстарының өтінішхаты бойынша, сондай-ақ сотталған адамның не өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның келісімімен, ал ол өз еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда оның заңды өкілінің келісімімен тиісті мемлекеттің құзыретті органының өтінуі бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтегенге не мәжбүрлеп емдеу аяқталғанға дейін жол беріледі.
2. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетелдіктерді беру үкім немесе қаулы шығарған сотқа болып өткен беру туралы хабарлайтын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша, сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
604-бап. Сотталған адамды немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру туралы мәселені шешу тәртібі
1. Егер сотталған адам шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі сотталған адамға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына немесе өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органына өзін осы Кодексте көзделген негізде және тәртіппен сол мемлекетте жазасын өтеу үшін беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығын түсіндіреді.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры материалдарды зерделегеннен және тексергеннен кейін олар тиісінше ресімделген жағдайда және осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген негіздер болған кезде осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетелдік азаматтарды беруге қатысты шешім қабылдайды, ол туралы шет мемлекеттің тиісті органына және өзінің бастамасы бойынша осы адамды беру туралы мәселе қаралған адамға хабарлайды.
3. Шет мемлекеттің уәкілетті органынан сотталған адамды жазасын өтеу үшін немесе өзіне медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды қабылдауға келісетіні туралы ақпарат алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тиісінше ішкі істер органына осы адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымнан шет мемлекетке беру орнын, уақыты мен тәртібін келісу және беруді ұйымдастыру туралы тапсырма береді.
Мемлекеттік органдар сотталған адамды шет мемлекетке беруді жүзеге асыруда ішкі істер органына өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді.
4. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетелдіктерді беру оларды шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыру, кешірім жасау, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтінішхат беру құқығынан айырмайды. Осы мәселені Қазақстан Республикасында қарау үшін қажетті кез келген құжат немесе ақпарат үкімді орындайтын немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мемлекеттің құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы сұратылуы мүмкін.
5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы үкім шығарған сотқа сотталған адамды беру туралы қабылданған шешім туралы хабарлайды, сондай-ақ сотты шет мемлекетте үкімді орындау нәтижелері туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
6. Қазақстан Республикасында рақымшылық жарияланған жағдайда, сотталған адамды беру туралы ақпаратты алған сот мұндай сотталған адамға рақымшылық жасау туралы мәселені осы бапқа сәйкес қарайды. Қажет болған жағдайда, сот үкімді орындайтын мемлекеттің құзыретті органдарынан рақымшылық жасауды қолдану туралы мәселені қарау үшін қажетті ақпарат алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтініш жасай алады.
7. Осы баптың төртінші және алтыншы бөліктеріне сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру, кешірім немесе рақымшылық жасауды қолдану, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тиісті шешімнің көшірмесін үкімді орындайтын немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мемлекетке жібереді.
Ескерту. 604-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.605-бап. Шет мемлекеттің берілген азаматына қатысты соттың үкімін өзгерту немесе оның күшін жою, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту туралы хабарлау
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген, жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру үшін шет мемлекетке берілген шетелдіктерге қатысты Қазақстан Республикасы сотының үкімі өзгерген немесе оның күші жойылған, Қазақстан Республикасының соты тағайындаған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану тоқтатылған немесе өзгертілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сотталғандарға рақымшылық немесе кешірім жасау актісі қолданылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің уәкілетті органына тиісті шешімнің көшірмесін жібереді.
2. Егер үкімнің күші жойылса және жаңа сот талқылауы тағайындалса, ол үшін қажетті өзге де құжаттар бір мезгілде жіберіледі.
606-бап. Шет мемлекетке сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беруден бас тарту
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген шетелдіктерді беруден, егер:
1) адам сол үшін сотталған немесе оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған іс-әрекеттердiң бiрде-бiрi сотталған адам немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңнамасы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық болып танылмаса;
2) сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды халықаралық шартта көзделген жағдайларда беру туралы келiсiмге қол жеткiзiлмесе;
3) егер сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды беру Қазақстан Республикасының мүддесіне нұқсан келтірсе;
4) сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болса;
5) егер берілетін адам үкімді орындайтын мемлекеттің азаматы болып табылмаса, бас тартылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған шетелдікті беруден, осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіздерден басқа, егер:
1) жаза шет мемлекетте ескіру мерзiмiнiң өтуi салдарынан немесе осы мемлекеттiң заңнамасында көзделген өзге де негiз бойынша орындалуы мүмкін болмаса;
2) сотталған адамды беру туралы өтінішті алған кезде бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзімі алты айдан аз болса;
3) сотталған адамнан немесе шет мемлекеттен үкімді азаматтық талап қою бөлігінде орындау кепілдігі алынбаса, бас тартылуы мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының аумағында есi дұрыс емес күйде қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған, өзіне қатысты Қазақстан Республикасы сотының медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешімі бар шетелдікті беруден, осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармағында көзделген негіздерден басқа, егер:
1) шет мемлекеттің заңнамасында медициналық сипаттағы ұқсас шаралар көзделмесе;
2) шет мемлекеттің қажетті емдеуді және тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, бас тартылуы мүмкін.
4. Сотталған адамды шет мемлекетке жазасын өтеу үшін беру туралы шешім қабылданғанға дейін оның уәкілетті органдары сотталған адамның азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне ұшырамайтынына кепілдік беруге тиіс.
607-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшiн қабылдау, сондай-ақ шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы өтiнiшхатты қарау
1. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары, олардың заңды өкiлдерi, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары, сондай-ақ шет мемлекеттiң құзыреттi органдары сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның келiсiмiмен, ал ол өз еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда – оның заңды өкілінің келісімімен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына сотталған адамның Қазақстан Республикасында жазаны өтеуi немесе оған мәжбүрлеп емдеу жүргізу туралы өтiнiшхатпен жүгіне алады.
2. Шет мемлекеттің құзыретті мекемелері шет мемлекет сотының осы Кодекстің 601-бабы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында көрсетілген адамдарға қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті немесе оның ақшалай баламасын тәркілеуді көздейтін сот актілерін тану және орындау туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына жүгіне алады.
3. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау туралы өтінішхатты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының алдында қозғағаннан кейін осы адамның Қазақстан Республикасында жазасын кейіннен өтеуі немесе оған мәжбүрлеп емдеуді жүргізуі және Қазақстан Республикасының азаматтығын растауы үшін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы шет мемлекеттің тиісті органынан мәселені мәні бойынша шешу үшін қажетті құжаттарды сұратады.
4. Осы баптың бірінші, екінші бөліктерінде көзделген өтінішхаттар қанағаттандырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын тану және орындау туралы ұсынуды өздеріне қатысты шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы шығарылған адамдардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша аудандық немесе оған теңестірілген сотқа енгізеді. Осы адамдардың тұрақты тұрғылықты жері болмаған кезде, ұсыну Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орналасқан жері бойынша аудандық сотқа енгізіледі.
Ескерту. 607-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.608-бап. Шет мемлекет сотының үкiмiн немесе қаулысын орындауға байланысты мәселелердi соттың шешу тәртiбi
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуын судья үкiмдi орындауға байланысты мәселелердi шешу үшін осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде сот отырысында сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның қатысуынсыз қарайды.
1-1. Тәркілеу нысанында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуды (тапсырманы, өтінішхатты) қарау мүлкіне қатысты шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен тәркілеу туралы шешім қабылданған тұлғаны, меншігінде, иелігінде, пайдалануында немесе билік етуінде тәркіленуге жататын мүлік бар басқа да мүдделі тұлғаларды және (немесе) олардың өкілдерін не қорғаушыларын, шет мемлекеттің құзыретті органын және прокурорды сұрау салудың қаралатын орны, күні мен уақыты туралы хабардар ете отырып, сот отырысында жүзеге асырылады.
Осы бөліктің бірінші абзацында аталған, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе жүрген тұлғалар сот отырысының орны, күні мен уақыты туралы сот отырысы өтетін күнге дейін отыз тәуліктен кешіктірілмей хабардар етілуге тиіс. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын немесе жүрген тұлғаларға және шет мемлекеттің құзыретті органына хабархаттар Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және заңнамасында көзделген тәртіппен сот отырысы өтетін күнге дейін алты айдан кешіктірілмей жіберіледі.
Сот отырысына қатысуын сот міндетті деп таныған тұлғаларды қоспағанда, сот отырысының орны, күні мен уақыты туралы уақтылы хабардар етілген адамдардың келмеуі шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуын қарауға кедергі келтірмейді.
2. Судьяның шет мемлекет сотының үкiмiн немесе қаулысын орындау туралы қаулысында:
1) шет мемлекет сотының атауы, үкiмнiң немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулының шығарылған уақыты мен орны;
2) сотталған адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамның Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жерi, оның сотталғанға немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғанға дейiнгi жұмыс орны және айналысқан кәсiбiнің түрі туралы мәлiметтер;
3) адам жасалуына кiнәлi деп танылған қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы және оның қандай қылмыстық заңның негiзiнде сотталғандығы не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылғандығы;
4) сотталған адам немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көздейтiн Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы;
5) жазаның (негiзгi және қосымша) түрi мен мерзiмi, сотталған адам Қазақстан Республикасында өтеуге тиiс жазаның басталу және аяқталу мерзiмi; қылмыстық-атқару мекемесiнiң түрi, талап қою бойынша залалды өтеудiң тәртiбi; мәжбүрлеп емделіп жатқан адамға қатысты қолданылуға жататын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрі көрсетiлуге тиiс.
2-1. Соттың мүлікті толық немесе ішінара тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындату туралы қаулысында мыналар көрсетіледі:
1) шет мемлекет сотының атауы, тәркілеу туралы үкімнің, қаулының немесе өзге де шешімнің шығарылған уақыты мен орны;
2) шет мемлекеттің соты соттаған тұлғаның Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жері, жұмыс орны және айналысатын ісі туралы мәліметтер;
3) жасағаны үшін сотталған тұлға кінәлі деп танылған қылмыстың сипаттамасы және оны соттауға және мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылдауға негіз болған шет мемлекеттің қылмыстық заңы;
4) сотталған тұлға жасаған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы;
5) Қазақстан Республикасының аумағындағы және тәркіленуге жататын мүлік туралы мәліметтер;
6) қаулыға шағым жасау тәртібі.
Соттың мүлікті тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындаудан және мәжбүрлеп орындатудан бас тарту туралы қаулысында мұндай бас тартудың негіздері көрсетілуге тиіс.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңы бойынша осы қылмыс үшiн бас бостандығынан айырудың шектi мерзiмi шет мемлекет сотының үкiмі бойынша тағайындалғаннан аз болса, судья осы іс-әрекетті жасағаны үшiн бас бостандығынан айырудың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген ең жоғары мерзiмiн белгiлейдi. Егер бас бостандығынан айыру жаза ретiнде көзделмесе, судья осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде белгiленген шекте және шет мемлекет сотының үкiмi бойынша тағайындалғанға мейлiнше сәйкес келетiн басқа жазаны айқындайды.
4. Егер үкiм екi немесе бiрнеше іс-әрекетке қатысты болса, Қазақстан Республикасында олардың барлығы бiрдей қылмыс деп танылмаса, судья шет мемлекет сотының үкiмi бойынша тағайындалған жазаның қай бөлiгi қылмыс болып табылатын іс-әрекетке қолданылатынын айқындайды.
5. Жазаны орындау туралы мәселені қарау кезінде сот тиісті өтінішхат болған жағдайда, шет мемлекет сотының үкімін азаматтық талап қою және процестік шығындар бөлігінде орындау туралы мәселені бір мезгілде шеше алады.
6. Шет мемлекет сотының үкiмінiң немесе қаулысының күшi жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда, не шет мемлекетте не Қазақстан Республикасында шығарылған рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсiн Қазақстан Республикасында жазасын өтеп жүрген не мәжбүрлеп емделіп жатқан адамға қолданғанда, соттың қайта қаралған үкiмін немесе қаулысын орындау, сондай-ақ рақымшылық немесе кешiрiм жасауды қолдану мәселелерi осы баптың қағидалары бойынша шешiледi.
7. Егер сот Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуын қарау кезінде адам жасағаны үшін сотталған не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған іс-әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыс болып табылмайды деген қорытындыға келсе не шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы ескіру мерзімінің өтуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де негіз бойынша орындала алмаса, ол шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын танудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
7-1. Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге шешімін мойындаудан және мәжбүрлеп орындатудан осы Кодекстің 569-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ мынадай:
1) шет мемлекет сотының мүлікті тәркілеуді көздейтін үкімі, қаулысы немесе өзге де шешімі заңды күшіне енбеген;
2) тәркіленуге жататын мүлік Қазақстан Республикасының юрисдикциясы қолданылмайтын аумақта орналасқан;
3) шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен мүлікті тәркілеу көзделген іс-әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған және (немесе) бұл іс-әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қылмыс болып табылмайтын;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында шет мемлекет сотының үкімімен, қаулысымен немесе өзге де шешімімен тәркілеу тағайындалған іс-әрекетке ұқсас іс-әрекет үшін мүлікті тәркілеу көзделмеген;
5) шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуында аталған тұлғаға қатысты дәл сол іс-әрекет үшін үкім заңды күшіне енген, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, сол сияқты алдын ала тергеп-тексеру органының қылмыстық істі тоқтату туралы немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы күші жойылмаған шешімі болған;
6) шет мемлекет сотының мүлікті тәркілеуді көздейтін үкімі, қаулысы немесе өзге де шешімі Қазақстан Республикасының халықаралық шартында немесе заңнамасында көзделген негіздер бойынша орындалмайтын;
7) Қазақстан Республикасында сол бір іс-әрекетке байланысты мүлкін тәркілеу туралы шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы жіберілген тұлғаны қылмыстық қудалау жүзеге асырылып жатқан;
8) шет мемлекеттің құзыретті органының тәркілеу туралы сұрау салуы келіп түскен мүлікке қылмыстық, азаматтық істер немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Қазақстан Республикасы сотының үкімімен, шешімімен немесе қаулысымен өндіріп алу қолданылған;
9) шет мемлекет сотының үкімінде, қаулысында немесе өзге де шешімінде көрсетілген мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәркіленуге жатпайтын жағдайларда бас тартылады.
7-2. Соттың Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті тәркілеу бөлігінде шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындату туралы заңды күшіне енген қаулысының негізінде сот шет мемлекет соты үкімінің, қаулысының немесе өзге де шешімінің қарар бөлігі, сондай-ақ соттың шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және толық немесе ішінара мәжбүрлеп орындату туралы қаулысының қарар бөлігі көрсетілуге тиіс атқарушылық парақ береді.
Атқарушылық парақ шет мемлекет соты үкімінің, қаулысының немесе өзге де шешімінің көшірмелерімен және соттың шет мемлекет сотының үкімін, қаулысын немесе өзге де шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындату туралы қаулысының көшірмесімен бірге Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес орындауға жіберіледі.
8. Соттың қаулысына заңды күшіне енген сот шешімін қайта қарау бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға немесе наразылық білдіруге болады.
Ескерту. 608-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.609-бап. Қабылданған адамдарға қатысты жазаны орындауды немесе мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру
1. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін қабылдау туралы сұрау салу қанағаттандырылғаннан және осындай беруге шет мемлекеттің уәкілетті органының келісімі алынғаннан кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ішкі істер органына осы адамды Қазақстан Республикасында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын медициналық ұйымға беру орнын, уақыты мен тәртібін келісу және беруді ұйымдастыру туралы тапсырма береді.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу немесе мәжбүрлеп емдеуді жүргізу үшін қабылдауды жүзеге асыруда ішкі істер органына өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетеді.
2. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген, Қазақстан Республикасының қабылданған азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасында жазаны орындау немесе мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген тәртіппен мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату, рақымшылық қолданылуы немесе кешірім жасау, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату немесе оны өзгерту жүзеге асырылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы өзінің соты үкім немесе қаулы шығарған мемлекеттің уәкілетті органына жазаны немесе мәжбүрлеп емдеуді орындаудың жай-күйі мен нәтижелері туралы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жазаны өтеуді немесе мәжбүрлеп емдеуді аяқтаған;
2) осы Кодекстің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары қайтыс болған немесе қашып кеткен жағдайда хабарлайды.
Ескерту. 609-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.610-бап. Шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын өзгерту немесе оның күшін жою туралы хабар
1. Шет мемлекет сотының үкімін немесе қаулысын қайта қарауға байланысты кез келген мәселелерді үкім немесе қаулы шығарған мемлекеттің соты шешеді.
2. Шет мемлекет сотының үкімі немесе қаулысы өзгертілген немесе оның күші жойылған жағдайда, осы шешімді орындау туралы мәселе осы Кодексте көзделген тәртіппен қарастырылады.
3. Егер шет мемлекет соты үкімінің немесе қаулысының күші жойылса және жаңа сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе жаңа сот талқылауы тағайындалса, қылмыстық іс жүргізуді кейіннен жүргізу туралы мәселені Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Кодекске сәйкес шешеді.
611-бап. Халықаралық сот мекемелерінің үкімдерін тану және орындау
Халықаралық сот мекемелерінің үкімдерін Қазақстан Республикасында тану және орындау, сондай-ақ осындай соттар бас бостандығынан айыруға соттаған адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарты негізінде осы Кодекстің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
13-БӨЛІМ. ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ ЖАСАЛҒАН ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ
63-тарау. ПРОЦЕСТІК КЕЛІСІМ, ОНЫ ЖАСАСУДЫҢ ЕРЕКШЕ ТӘРТІБІ
612-бап. Процестік келісім жасалған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру
1. Жасалған процестік келісім шеңберінде қылмыстық істерді тергеп-тексеру мынадай:
1) онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында;
2) қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал ету кезінде барлық санаттағы қылмыстар бойынша – ынтымақтастық туралы келісім нысанында;
3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы келісім нысанында жүргізіледі.
2. Процестік келісімді қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасының бұзылумен ауырған адамдармен жасауға болмайды.
3. Процестік келісім жасасу адамды жәбірленуші және азаматтық талапкер болып танылған адамдардың алдында азаматтық-құқықтық жауаптылықтан босатуға негіз болып табылмайды.
Ескерту. 612-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.613-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасуға арналған шарттар
1. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім мынадай шарттар болған:
1) күдікті, айыпталушы процестік келісім жасасуға ерікті түрде ниет білдірген;
2) күдікті, айыпталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанына қолда бар дәлелдемелерге, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған;
3) жәбірленуші іске қатысқан жағдайда, ол процестік келісім жасасуға келіскен кезде жасалуы мүмкін.
2. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім:
1) қылмыстардың жиынтығына қатысты, егер олардың ең болмағанда біреуі осы Кодекстің осы бабында және 612-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;
2) егер жәбірленушілердің ең болмағанда біреуі процестік келісім жасасуға келіспесе, жасала алмайды.
Ескерту. 613-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.614-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімді жасасудың салдарлары
1. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасудың салдарлары мыналар болып табылады:
1) осы Кодекстің 192-бабында белгіленген мерзімдерде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау;
2) кінәні мойындау туралы процестік келісім сотқа берілген барлық күдіктілермен, айыпталушылармен не сотталушылармен жасалмаған, сыбайласып жасалған қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігіне және 64-тарауына сәйкес кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы істі сотта талқылау;
3) процестік келісім жасасуға келісім берген жәбірленушіні залалды өтеу мөлшері туралы талапты одан әрі өзгерту құқығынан айыру.
2. Сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін күдіктінің, айыпталушының процестік келісімнен бас тартуға құқығы бар.
3. Процестік келісім жәбірленушіні және азаматтық талапкерді осы қылмыстық істе немесе азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен азаматтық талап қою құқығынан айырмайды.
4. Тараптардың процестік келісім жасасудан бас тартуы оны қайтадан жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге кедергі келтірмейді.
Ескерту. 614-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.615-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі
1. Күдiктi, айыпталушы, сотталушы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін мәмiле нысанында кiнәнi мойындау туралы процестiк келiсiм жасасу туралы өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Процестiк келiсiм прокурордың бастамасы бойынша жасалуы мүмкiн.
2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган күдіктіден, айыпталушыдан не қорғаушыдан кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты алып, осы Кодекстің 613-бабында көзделген негіздерді ескере отырып, процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін келіп түскен өтінішхатты қылмыстық іс материалдарымен бірге үш тәулік ішінде прокурорға жібереді.
Прокурор тергеп-тексеруді жүзеге асырған органнан істі талап етіп алдырады, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды, істе процестік келісім жасасу мүмкіндігі барын көріп, қорғаушы тарапқа оны жасасу туралы мәселені талқылауды ұсынады не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
3. Прокурор процестік келісім жасасу мүмкіндігі туралы мәселені қарау кезінде:
1) адамның жасаған іс-әрекетінің кінәні мойындау туралы мәміле нысанында іс жүргізу туралы процестік келісім аясына жататын-жатпайтынын;
2) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты адамның ерікті түрде мәлімдегенін және оны жасасудың салдарлары туралы білетінін;
3) адамның жиналған дәлелдемелерге және іс-әрекеттің саралануына дауласпайтынын;
4) адамның өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне және азаматтық талап қоюға келісетінін;
5) істе қылмыстық қудалауды тоқтатуға әкеп соғатын мән-жайлардың жоқтығын тексеруге міндетті.
Көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін прокурор күдіктіні, айыпталушыны (күзетпен ұсталып отырғанды жеткізуді талап етеді), оның қорғаушысын және жәбірленушіні шақырады, олардың процестік келісім жасасу мүмкіндігі туралы пікірін анықтайды. Өтінішхатты берген адамға прокурор процестік келісім жасасудың салдарын, оны жасасудан бас тарту құқығын түсіндіреді.
4. Жәбірленуші келіспеген кезде процестік келісім жасалмайды. Егер жәбірленуші келіскен болса, онда оның қылмыспен келтірілген зиянды өтеу мәселесі жөніндегі пікірін ескере отырып, прокурор және қорғаушы тарап процестік келісім жасасады, ол жазбаша түрде жазылады және оған келісімге қатысушылар қол қояды.
Кінәні мойындау туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат жөніндегі шешім қылмыстық іс прокуратураға келіп түскен кезден бастап жеті тәулік ішінде қабылданады.
Прокурордың процестік келісім жасасудан бас тартуы шағым жасалуға жатпайды, бірақ бұл кейіннен процестік келісім жасасуға кедергі келтірмейді.
Ескерту. 615-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.616-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі
1. Процестік келісімде:
1) оның жасалған күні мен орны;
2) процестік келісімді жасасушы прокуратура органының лауазымды адамы;
3) келісім жасасушы күдіктінің, айыпталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні мен жері, тұрғылықты жері және айналысатын кәсібі, оның қорғаушысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) қылмысты оның жасалған уақытын, орнын, сондай-ақ осы Кодекстің ережелеріне сәйкес дәлелденуге жататын басқа да мән-жайларды көрсете отырып сипаттау;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің осы қылмыс үшін жауаптылық көздейтін тармағы, бөлігі, бабы;
6) процестік келісімде көрсетілген шарттарды сақтаған және міндеттемелерді орындаған кезде күдіктіге, айыпталушыға қатысты қолданылуы мүмкін, қылмыстық жауаптылық пен жазалауды жеңілдететін мән-жайлар және қылмыстық заңның нормалары;
7) процестік келісім жасасқаннан кейін күдікті, айыпталушы жасауға міндеттенетін әрекеттер;
8) прокурор сот алдында ол туралы өтінішхат беретін жазаның түрі мен мөлшері;
9) процестік келісім жасасудың осы Кодекстің 614-бабында көзделген салдары;
10) жәбірленушінің процестік келісім жасасуға келісетіні туралы көрсетілуге тиіс.
2. Процестік келісімге прокурор, күдікті, айыпталушы, оның қорғаушысы қол қояды. Процестік келісімге қол қойылғанға дейін күдіктінің, айыпталушының өз қорғаушысымен бірге оның ережелерін оңаша және құпия талқылауға құқығы бар.
617-бап. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеушінің, анықтаушының әрекеттері
1. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімге қол қойғаннан кейін прокурор күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасының күшін жою не оны өзгерту қажеттігі туралы мәселені қарайды. Іс бойынша тергеу және процестік әрекеттер жүргізу қажет болған кезде прокурор істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жібереді.
2. Тергеуші, анықтаушы күдіктінің, айыпталушының кінәсін растауға жеткілікті көлемде дәлелдемелер жинауды жүзеге асырады.
3. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыс жасаудың процестік келісімде көзделмеген өзге мән-жайлары белгілі болған жағдайда, осы келісім осы Кодекстің 615 және 616-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде қайта қаралуға жатады не өзінің қолданысын тоқтатады.
4. Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалғаннан кейін тергеу және процестік әрекеттерді жүргізу қажеттігі болмаған жағдайда, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды деп есептеледі және прокурор оны айыптау актісінсіз, айыптау хаттамасынсыз дереу сотқа жібереді, бұл туралы жәбірленушіге хабарланады.
Ескерту. 617-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.617-1-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасуға арналған шарттар
1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім мынадай шарттар болған:
1) күдікті, айыпталушы, сотталушы процестік келісім жасасуға ерікті түрде тілек білдірген;
2) күдікті, айыпталушы, сотталушы келтірілген күдікке, айыптауға және іс бойынша қылмысты жасағанының қолда бар дәлелдемелеріне, өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне дауласпаған кезде жасалуы мүмкін.
2. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім, егер қылмыстардың ең болмағанда біреуі осы бапта және осы Кодекстің 612-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе, қылмыстардың жиынтығына қатысты жасалмайды.
Ескерту. 617-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.617-2-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасаудың салдары
1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасудың салдары мыналар болып табылады:
1) осы Кодекстің 192-бабында белгіленген мерзімдерде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы;
2) осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігіне және 64-тарауына сәйкес істің сот талқылауының жүргізілуі.
2. Тұлғаның кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы жасалған процестік келісімнің шарттарын орындамауы тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды осы Кодекстің 291-бабында көзделген тәртіппен қайта бастауға алып келеді.
3. Сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнен бас тартуға құқығы бар.
4. Тараптардың кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасудан бас тартуы оны қайтадан жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге кедергі келтірмейді.
Ескерту. 617-2-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.617-3-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты қарау тәртібі
1. Күдiктi, айыпталушы, сотталушы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін кiнәнi мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәмiле нысанында процестiк келiсiм жасасу туралы өтiнiшхат мәлiмдеуге құқылы. Процестiк келiсiм прокурордың бастамасы бойынша жасалуы мүмкiн.
2. Тергеп-тексеруді жүзеге асыратын орган күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан не қорғаушыдан кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында іс жүргізу туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты алып, осы Кодекстің 613-бабында көзделген негіздерді ескере отырып, процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін келіп түскен өтінішхатты қылмыстық іс материалдарымен бірге үш тәулік ішінде прокурорға жібереді.
Прокурор тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органнан істі талап етіп алдырады, осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді орындайды, істе процестік келісім жасасу мүмкіндігі барын көріп, қорғаушы тарапқа оны жасасу туралы мәселені талқылауды ұсынады не өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
3. Прокурор процестік келісім жасасу мүмкіндігі туралы мәселені қарау кезінде:
1) тұлғаның жасаған іс-әрекетінің кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында іс жүргізу туралы процестік келісім аясына жататын не жатпайтынын;
2) процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты тұлғаның ерікті түрде мәлімдегенін және оны жасасудың салдары туралы білетінін;
3) тұлғаның жиналған дәлелдемелерге және іс-әрекеттің саралануына дауласпайтынын;
4) тұлғаның өзі келтірген зиянның сипаты мен мөлшеріне және азаматтық талап қоюға келісетінін;
5) істе қылмыстық қудалауды тоқтатуға алып келетін мән-жайлардың жоқ екенін тексеруге міндетті.
Көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін прокурор күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны (күзетпен ұсталып отырғанды жеткізуді талап етеді), оның қорғаушысын және жәбірленушіні шақырады, олардың процестік келісім жасасу мүмкіндігі туралы пікірін анықтайды. Прокурор өтінішхатты берген тұлғаға процестік келісім жасасудың салдарын, оны жасасудан бас тарту құқығын түсіндіреді.
4. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасуға жәбірленушінің келісімін алу талап етілмейді.
Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат жөніндегі шешім қылмыстық іс прокуратураға келіп түскен кезден бастап он тәулік ішінде қабылданады.
Прокурордың процестік келісім жасасудан бас тартуы шағым жасалуға жатпайды, алайда бұл кейіннен процестік келісім жасасуға кедергі келтірмейді.
Ескерту. 617-3-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.617-4-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу тәртібі
1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімде:
1) оның жасалған күні мен орны;
2) прокуратура органының процестік келісімді жасасушы лауазымды адамы;
3) процестік келісім жасасушы күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), туған күні мен жері, тұрғылықты жері және айналысатын ісі, оның қорғаушысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4) қылмысты оның жасалған уақытын, орнын, сондай-ақ осы Кодекстің ережелеріне сәйкес дәлелденуге жататын басқа да мән-жайларды көрсете отырып сипаттау;
5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің осы қылмыс үшін жауаптылық көзделетін бабы, бөлігі, тармағы;
6) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қылмыс жасаудағы өзінің кінәсін мойындауы және заңсыз иемденілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі активтерін өз еркімен қайтару міндеті;
7) қайтарылуға жататын заңсыз иемденілген активтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі активтердің тізбесі мен сипаттамасы, олардың тұрған жері;
8) процестік келісімде көрсетілген шарттарды сақтаған және міндеттемелерді орындаған кезде күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға қатысты қолданылуы мүмкін, қылмыстық жауаптылықты, жазалауды жеңілдететін мән-жайлар және қылмыстық заңнаманың нормалары;
9) прокурор өтінішхат беретін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босату мәселелері;
10) процестік келісім жасасқаннан кейін күдікті, айыпталушы немесе сотталушы жасауға міндеттенетін әрекеттер;
11) заңсыз иемденілген активтерді Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға немесе басқарушы компанияға аудару (аударым жасау) немесе беру мерзімдері мен тәсілдері;
12) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының қылмыстық тергеп-тексеру мәселелері және заңсыз иемденілген активтерді қайтару бойынша прокурормен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтасу жөніндегі міндеті;
13) процестік келісім жасасудың салдары және кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалғаннан кейін прокурордың қылмыстық іс бойынша әрекеті;
14) күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімнің шарттарын орындамауының салдары;
15) кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімде тараптар келіскен басқа да шарттар мен міндеттер көрсетіледі.
2. Процестік келісімнің шарттарында тұлға кәсіпкерлік қызметті жүргізудің, оның ішінде заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген бәсекелестік емес қолайлы жағдайларына байланысты, сол сияқты тиісті тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер нарығында экономикалық ресурстарды, оның ішінде тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие болатын және (немесе) ие болған нарық субъектілерінің акцияларын (жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену жолымен іс жүзінде шоғырландыру нәтижесінде үстеме кірістерді алған жағдайларда, тұлға активтерді иеленген жалпы кезеңде алған осындай үстеме кірістердің сомаларын қайтару көзделуге тиіс.
3. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жазбаша түрде жасалады және оған прокурор, күдікті, айыпталушы немесе сотталушы, сондай-ақ оның қорғаушысы қол қояды.
Процестік келісімге қол қойылғанға дейін күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының өз қорғаушысымен бірге оның ережелерін оңаша және құпия талқылауға құқығы бар.
Ескерту. 617-4-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.617-5-бап. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасқаннан кейін прокурордың, тергеушінің қылмыстық іс бойынша әрекеттері
1. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісімге қол қойылғаннан кейін прокурор күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасының күшін жою не оны өзгерту қажеттігі туралы мәселені қарайды. Іс бойынша тергеу әрекеттерін және процестік әрекеттерді жүргізу қажет болған жағдайда прокурор істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жібереді.
2. Тергеуші күдіктінің, айыпталушының кінәсін растауға жеткілікті көлемде дәлелдемелер жинауды жүзеге асырады.
3. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыс жасаудың процестік келісімде көзделмеген өзге мән-жайлары анықталған жағдайда, осы келісім осы Кодекстің 617-3 және 617-4-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде қайта қаралуға жатады не өзінің қолданысын тоқтатады.
4. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалғаннан кейін тергеу әрекеттерін және процестік әрекеттерді жүргізу қажеттігі болмаған жағдайда, іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды деп есептеледі және прокурор оны айыптау актісінсіз дереу сотқа жібереді, бұл туралы жәбірленушіні және оның өкілін (ол болған кезде) хабардар етеді.
Ескерту. 617-5-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.618-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісім
1. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының және сотталған адамның қылмыстық процесті жүргізетін органға немесе прокурорға осы Кодекстің 612-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына және 619-бабына сәйкес ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатпен жүгінуге құқығы бар.
2. Күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен ынтымақтастық туралы процестік келісімді тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, ал сотталған адаммен – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның орынбасары бекітеді.
3. Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап және үкімді орындау сатысын қоса алғанға дейін мәлімделуі мүмкін.
Ескерту. 618-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.619-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу тәртібі
1. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді жасасу туралы өтінішхатты күдікті, айыпталушы, сотталушы және сотталған адам жазбаша түрде береді және ол міндетті түрде қорғаушының қойған қолымен бекемделеді.
2. Егер қорғаушыны күдікті, айыпталушы, сотталушы немесе сотталған адам, оның заңды өкілі немесе күдіктінің, айыпталушының, сотталушының немесе сотталған адамның тапсырмасы бойынша басқа адамдар шақырмаса, онда қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган не жазаны орындайтын мекеме немесе орган қамтамасыз етеді.
3. Іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан тергеуші, анықтаушы, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның басшысы ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты алған кезде оны бір тәулік ішінде прокурорға жібереді.
4. Сотталушының ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхатын сот ол келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде прокурорға жібереді.
5. Сотталған адам өзі аумағында жазасын өтеп жүрген облыс прокурорының атына процестік келісім жасасу туралы өз өтінішхатын жазаны орындайтын орган арқылы беруге құқылы.
6. Ынтымақтастық туралы процестік келісім осы Кодекстің 615-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында, 616-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақтарында, екінші бөлігінде көзделген талаптар сақтала отырып, қажет болған кезде 47-бабының қағидалары бойынша оның құпиялығын сақтай отырып және 12-тарауына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, прокурор мен күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның арасында жасалады және бекіту үшін тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, облыстың прокурорына немесе оған теңестірілген прокурорға, олардың орынбасарларына, ал сотталған адаммен келісім – Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына не оның орынбасарына жіберіледі.
Ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасу туралы мәселені шешу үшін прокурор қосымша материалдарды талап етуге құқылы.
Ескерту. 619-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.620-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекіту тәртібі
Бекітуге келіп түскен процестік келісім бойынша күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыстың прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, ал сотталған адамға қатысты – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры не оның орынбасары:
1) қылмыстық істі және ұсынылған (талап етіліп алдырылған) қосымша материалдарды зерделейді, ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасудың заңдық және нақты негіздерін тексереді, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның келісім нысанасы болып табылған әрекеттерді орындау жөніндегі ниетінің сипатын бағалайды;
2) күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның ынтымақтастық туралы процестік келісіммен байланысты барлық шарттармен және талаптарымен танысқанын, азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас пен жазалау түрлеріне ұшырағанын-ұшырамағанын, ынтымақтастық туралы процестік келісімді өз еркімен жасасқанын-жасаспағанын, оның құқықтық салдарын білетінін-білмейтінін анықтайды;
3) ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекітеді не оны бекітуден бас тарту туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 620-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.621-бап. Ынтымақтастық туралы процестік келісімнің шарттарын орындау бойынша прокурордың әрекеттері
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, ал сотталған адамға қатысты – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасары ынтымақтастық туралы процестік келісімді бекіткеннен кейін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған прокурор жасалған келісімнің нысанасы болып табылатын қылмыстардың ашылуын ұйымдастыруға және кінәлі адамдардың әшкереленуіне дереу шаралар қолданады, сондай-ақ осы Кодекстің 153-бабында көзделген тәртіппен күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасының күшін жою не оны өзгерту қажеттігі туралы мәселені қарайды.
2. Егер ынтымақтастық туралы процестік келісімнің нысанасына қатысты қылмыстарға жүргізілген тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның ықпал етуімен аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топ құрамында қылмыстар, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстар жасаған адамдар әшкереленсе және кінәлі адамдарға қатысты айыптау үкімі шығарылса, онда прокурор ынтымақтастық туралы процестік келісімнің талаптарын орындауға шаралар қолданады.
3. Прокурор ынтымақтастық туралы келісім жасасқан және оның шарттарын орындаған сотталған адамға қатысты осы Кодекстің 476 – 478-баптарына сәйкес өтінішхатпен сотқа жүгінеді.
Ескерту. 621-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.64-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ СОТТА КЕЛІСІМДІК ІС ЖҮРГІЗУДЕ ҚАРАУ
622-бап. Келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздер
Сот, егер:
1) сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында барлық күдіктімен, айыпталушымен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалса;
2) барлық сотталушымен кінәні мойындау туралы процестік келісім сот талқылауы барысында жасалса;
3) сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында не сот талқылауы барысында барлық күдіктілермен, айыпталушылармен, сотталушылармен кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалса, істі келісімдік іс жүргізуде шешеді.
Егер сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін процестік келісімге келіспеушілік білдірілсе, сондай-ақ осы Кодекстің 614-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағында көзделген шектеулер болған кезде келісімдік іс жүргізуге жол берілмейді.
Ескерту. 622-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.623-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған, кінәні мойындау туралы процестік келісіммен, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен бірге келіп түскен іс бойынша судьяның әрекеттері
Ескерту. 623-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Судья кінәні мойындау туралы процестік келісіммен, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен және істі келісімдік іс жүргізуде қарау туралы өтінішхатпен бірге қылмыстық істі алып, жасалған процестік келісімнің заң талаптарына сәйкестігін тексереді, содан кейін:
1) келісімдік іс жүргізуде талқылауды тағайындау;
2) егер келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздер болмаса, қылмыстық істі прокурорға қайтару;
3) егер сот қылмыстың саралануымен, азаматтық талап қоюдың мөлшерімен, жазаның түрімен және (немесе) мөлшерімен келіспесе, жаңа келісім жасасу мүмкіндігін ұсына отырып, қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Тараптар соттың қылмыстың саралануы, азаматтық талап қою мөлшері, жазаның түрі немесе мөлшері мәселелері жөніндегі қаулысына сәйкес жаңа процестік келісім жасасқаннан кейін прокурор қылмыстық істі жаңа процестік келісіммен бірге оны келісімдік іс жүргізуде қарау үшін сотқа жібереді.
3. Судья жаңа процестік келісіммен келіспеген кезде ол істі келісімдік іс жүргізуде қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады және іс бойынша жалпы тәртіппен іс жүргізуді жүзеге асыру үшін оны прокурорға жібереді.
Судьяның бұл ретте шығарылған қаулысына апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
4. Сот осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша шешім қабылдау үшін осы Кодекстің 321-бабында көзделген тәртіппен істі алдын ала тыңдауды жүргізеді.
Ескерту. 623-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.624-бап. Істі келісімдік іс жүргізуде қарау кезінде сот отырысына қатысатын адамдар
Келісімдік іс жүргізу кезіндегі сот отырысына прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қатысады. Жәбірленуші, азаматтық талапкер және олардың өкілдері сот отырысына шақырылмайды.
Сот қажет болған кезде олардың келісімдік іс жүргізудегі сот талқылауына қатысуын, оның ішінде коммуникацияның ғылыми-техникалық құралдарының көмегімен қатысуын ұйымдастыра алады.
625-бап. Келісімдік іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімдері
1. Төрағалық етуші сот отырысында қарсылық білдірулер мен өтінішхаттарды шешкеннен кейін кінәні мойындау туралы процестік келісімді, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімді қараудың басталғаны туралы жариялайды және прокурорға оның мәнін баяндауды ұсынады.
2. Прокурордың сөзінен кейін төрағалық етуші сотталушыдан оның процестік келісімнің мәнін түсінгенін-түсінбегенін және онымен келісетінін-келіспейтінін сұрайды. Қажет болған кезде төрағалық етуші сотталушыға процестік келісімнің мәнін түсіндіреді, содан кейін оған келісім жасасудың мән-жайын сотқа хабарлауды ұсынады және процестік келісімнің оның ерік білдіруіне сәйкестігін-сәйкес еместігін және ол оны қолдайтын-қолдамайтынын және осы іс бойынша сотқа бірдеңе хабарлағысы келетін-келмейтінін анықтайды.
3. Төрағалық етуші сотталушының ұстанымын анықтап алып, қорғаушыға және прокурорға кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісімге қатысты өз пікірлерін хабарлауын ұсынады, сондай-ақ олардың процестік келісімді қолдайтынын не қолдамайтынын нақтылайды.
4. Сот отырысында төрағалық етуші қажет болған кезде кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанындағы процестік келісімді жасасудың заңда көзделген тәртібін сақтау мәселесі бойынша прокурордан, сотталушыдан және оның қорғаушысынан жауап алуы мүмкін.
5. Процестік келісімді қарау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сотталушыдан келісімде көзделген мүліктік өндіріп алулар бөлігінде сот актісін өз еркімен орындау үшін оған қандай мерзім қажет екенін анықтайды, бұл ретте оның отбасылық және материалдық жағдайын анықтайды. Кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісімді қарау аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сотталушыдан оның заңсыз иемденілген активтерді қайтару бөлігінде процестік келісімді қандай мерзімде орындайтынын және оларды қайтару тәсілі мен тәртібін растайтынын не растамайтынын анықтайды.
Сотталушыға сотқа қосымша бірдеңе хабарлау құқығы да берілуге тиіс. Сотталушыны тыңдап болған соң төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетеді және сот шешімін жария ету уақытын хабарлайды.
6. Істі келісімдік іс жүргізуде қарау осы Кодекстің 382-бабының екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде аяқталуға тиіс.
Ескерту. 625-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.626-бап. Соттың келісімдік іс жүргізудегі шешімдері
1. Сот процестік келісімді келісімдік іс жүргізуде қарау қорытындылары бойынша мынадай уәжді шешімдердің бірін:
1) егер келісімдік іс жүргізуді қолдануға негіздер болмаса, прокурорға қылмыстық істі қайтару туралы қаулы;
2) егер сот процестік келісімде көрсетілген қылмыстың саралануымен, азаматтық талап қоюдың мөлшерімен не жазаның түрімен немесе мөлшерімен келіспесе, жаңа процестік келісім жасасу үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы;
3) егер сотта сотталушының кінәлілігіне күмән туындаса, істі келісімдік іс жүргізу тәртібімен қараудан бас тарту туралы және қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы;
4) егер осы Кодекстің 35-бабында санамаланған мән-жайлар анықталса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
4-1) кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісіммен қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
5) процестік келісімге сәйкес сотталушыға жаза тағайындап, азаматтық талап қою және басқа да өндіріп алулар жөнінде шешімі бар айыптау үкімін шығарады.
2. Сот осы баптың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақтарында көрсетілген қаулыны шығарған жағдайда, қылмыстық іс жалпы тәртіппен тергеп-тексеру жүргізу үшін прокурорға қайтарылады.
3. Тараптар қылмыстың саралануы, азаматтық талап қою мөлшері не жазаның түрі немесе мөлшері мәселелері жөніндегі сот қаулысына сәйкес жаңа процестік келісім жасасқаннан кейін прокурор сотқа келісімдік іс жүргізуде қарау үшін жаңа процестік келісіммен бірге қылмыстық істі жібереді.
4. Судья жаңа процестік келісіммен келіспеген кезде істі келісімдік іс жүргізуде қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады және қылмыстық істі жалпы тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін прокурорға жібереді.
Судьяның бұл ретте шығарылған қаулысына апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 626-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.627-бап. Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша айыптау үкімінің құрылымы және мазмұны
1. Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша шығарылған үкімнің кіріспе бөлігі осы Кодекстің 396-бабының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Келісімдік іс жүргізуде шығарылған айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде процестік келісімге сілтеме қамтылуға тиіс және мыналар:
1) жасалуына сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық іс-әрекеттің сипаты;
2) жасалған әрекеттің саралануы;
3) жаза тағайындаудың уәждері;
4) азаматтық талап қою бойынша шешімнің уәждері, оны орындаудың тәртібі мен мерзімі;
5) заттай дәлелдемелердің тағдыры және процестік шығындарды өндіріп алу көрсетіледі.
3. Үкімнің қарар бөлігінде:
1) сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті тармағы, бөлігі және бабы бойынша кінәлі деп тану;
2) жазалау шарасы;
3) азаматтық талап қою және процестік шығындар туралы мәселе бойынша шешім;
4) келтірілген залалды процестік келісімнің талаптарына сәйкес өтеу мерзімі;
5) үкімге шағым жасау тәртібі мен мерзімі көрсетіледі.
4. Сот үкімді шығарумен бір мезгілде осы Кодекстің 401-бабында санамаланған мәселелерді шешуге тиіс.
Үкімнің көшірмесі шығарылған күнінен бастап бес тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде сотталған адамға, оның қорғаушысына және прокурорға табыс етіледі.
Келісімдік іс жүргізуде қаралған іс бойынша сот үкіміне осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдерде жалпы негіздерде шағым жасауға, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға және наразылық білдіруге болады.
Ескерту. 627-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.628-бап. Басты сот талқылауы барысында келісімдік іс жүргізуді қозғау
1. Мемлекеттік айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы барысында кінәні мойындау туралы процестік келісім, кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы.
Кінәні мойындау туралы мәміле нысанында немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат келіп түскен кезде судья сот талқылауын үзеді және тараптарға процестік келісім жасасу үшін ақылға қонымды мерзім береді.
2. Кінәні мойындау туралы процестік келісім немесе кінәні мойындау және заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы процестік келісім жасалғанынан кейін судьяға беріледі, ол оның заң талаптарына сәйкестігін тексереді және мынадай:
1) істің келісімдік іс жүргізуде қаралуын жалғастыру туралы;
2) егер сотта сотталушының кінәлі екендігіне күмән туындаса не келісімдік іс жүргізуді қолдану үшін негіздердің болмауына байланысты істі келісімдік іс жүргізуде қараудан бас тарту туралы;
3) егер сот қылмыстың саралануына, азаматтық талап қоюдың мөлшеріне, жазаның түріне және (немесе) мөлшеріне келіспесе, жаңа процестік келісім жасауға мүмкіндік беру туралы уәжді шешімдердің бірін қабылдайды.
Тараптар процестік келісімнің шарттары бойынша келісімге қол жеткізбеген жағдайда, соттың қылмыстық істі қарауы жалпы тәртіп бойынша жалғастырылады.
Ескерту. 628-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.629-бап. Сотта жасалатын процестік келісімнің құрылымы мен мазмұны
1. Сотта жасалатын процестік келісім нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 616-бабы бірінші бөлігі 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының талаптарына және 617-4-бабына сәйкес келуге тиіс.
2. Егер сотталушы қылмыстар жиынтығын жасады деп айыпталып отырса, онда келісімде әрбір қылмыс үшін жазаның түрі мен мөлшері, сондай-ақ түпкілікті жазаның түрі мен мөлшері көрсетіледі.
3. Егер сотталушыға үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалса, онда келісімде түпкілікті жазаның түрі мен мөлшері де көрсетіледі.
4. Келісім оған прокурор, сотталушы және оның қорғаушысы қол қойғаннан кейін жасалды деп есептеледі.
5. Прокурор қол қойылған келісімді сотқа береді және істі келісімдік іс жүргізу шеңберінде шешу туралы өтінішхат береді.
Ескерту. 629-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.13-1-бөлім. Бұйрықтық іс жүргізу
Ескерту. Кодекс 13-1-бөліммен толықтырылды - ҚР 21.12.2017 № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
64-1-тарау. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі
629-1-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері
1. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібі, осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің жалпы қағидаларымен айқындалады.
2. Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар бойынша іс, егер:
1) жиналған дәлелдемелер арқылы қылмыстық теріс қылық және (немесе) онша ауыр емес қылмыс фактісі және оны жасаған адам анықталса;
2) күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы өз кінәсінің қолда бар дәлелдемелеріне дау айтпаса, өз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) саралануына, келтірілген нұқсанның (зиянның) мөлшеріне (сомасына) келіссе;
3) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың санкциясы негізгі жаза түрлерінің бірі ретінде айыппұлды, оның ішінде, егер санкцияда осы құқықтан айырудың дәл мерзімі белгіленсе, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түрінде міндетті қосымша жаза түрін көздесе;
4) күдікті істі дәлелдемелерді зерттемей, өздерін істі сотта қарауға шақырмай және қатыстырмай, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау туралы өтінішхат мәлімдесе, ал жәбiрленушi, сондай-ақ азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер (олар іс бойынша қатысқан жағдайда) бұған келісім білдірсе, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.
3. Бұйрықтық іс жүргізу:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаннан кейiн өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғыну не оларды игеру мүмкіндігінен айыратын психикасының бұзылуымен ауырған адамға;
2) кәмелетке толмаған адамға немесе дене немесе психикалық кемiстiгi салдарынан өзiнiң қорғалу құқығын өзі жүзеге асыра алмайтын адамға;
3) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамға;
4) міндетті қосымша жазалау ретінде мүлікті тәркілеу, арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныптан және мемлекеттік наградалардан айыру, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін адамға қатысты қолданылмайды.
4. Бұйрықтық іс жүргізу, олардың ішінде ең болмағанда біреуі айыппұл түрінде негізгі жазаны көздемейтін қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығына қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабының қағидаларын қолдануды талап ететін үкімдер жиынтығы кезінде қолданылмайды.
5. Егер сот іс бойынша бұрын шығарылған үкімнің күшін осы Кодекстің 629-6-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойған болса, бұйрықтық іс жүргізу қолданылмайды.
6. Сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адам осы баптың екінші бөлігінде көзделген негіздердің жиынтығы анықталған кезден бастап бес тәулік ішінде бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулы шығара отырып, сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтайды.
Бұл ретте сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылықтың іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін тіркейтін тергеу әрекеттері мен өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
Күдікті, оның қорғаушысы (ол қатысқан кезде), жәбiрленушi, оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан және олардың өтінішхаттары шешілгеннен кейін сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адам бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 629-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.629-2-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулының мазмұны
Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыда:
1) оның шығарылған уақыты, орны;
2) қаулыны кімнің шығарғаны;
3) күдіктінің жеке басы туралы деректер;
4) қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаттамасы, оның ішінде оқиға, жасалу тәсілдері, уәждері, салдары мен басқа да елеулі мән-жайлар;
5) жәбірленуші, келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы мәліметтер;
6) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері;
7) жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар;
8) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану негіздері;
9) алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;10) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекіту және қылмыстық істі қарау үшін сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін қылмыстық істі прокурорға жіберу туралы көрсетіледі.
Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыға оны жасаған адам қол қояды.
2. Алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.Ескерту. 629-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
629-3-бап. Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны сотқа жіберу тәртібі
1. Қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам шығарған бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулы анықтау органының бастығына берілуге жатады, ол қылмыстық істі дереу зерделеп шығып, ол бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келіседі және қылмыстық істі прокурорға жібереді;
2) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келісуден бас тартады және осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатады;
3) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келісуден бас тартады және қылмыстық істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады.
Бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны келісуден бас тарту туралы шешім уәжді болуға тиіс.
2. Алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.3. Тергеу бөлімінің бастығы онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша тергеуші шығарған бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны прокурорға жіберуге тиіс.
4. Прокурор қылмыстық істі зерделеп шығып, іс келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей, ол бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекітеді және айыпталушыға, оның қорғаушысына (ол қатысқан кезде), жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулының көшірмесін бір мезгілде жібере отырып, қылмыстық істі қарау үшін сотқа жібереді;
2) бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулыны бекітуден бас тартады және қылмыстық істі осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер бойынша тоқтатады;
3) осы Кодекстің 629-1-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер болмаған кезде қылмыстық істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін қайтарады;
4) қылмыстық істі жекелеген күдіктілерге қатысты тоқтатады, бұл туралы тиісті қаулы шығарады және істі сотқа жібереді не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді толық көлемде тоқтатады.
Прокурор осы бөліктің бірінші абзацының 2), 3), 4) тармақтарында көзделген қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарды хабардар етеді.
5. Арасында қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бар екі және одан көп қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты қылмыстық іс осы баптың төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен сотқа жіберілуге жатады.
Ескерту. 629-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.629-4-бап. Бұйрықтық іс жүргізудегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімі
1. Судья іс сотқа бұйрықтық іс жүргізуді қолдану туралы қаулымен бірге келіп түскен кезден бастап үш тәулікке дейінгі мерзімде істі ұсынылған материалдар негізінде, сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды.
Судья істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарау қорытындылары бойынша мынадай уәжді шешімдердің бірін:
1) алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;2) егер бұйрықтық іс жүргізуді қолданудың осы Кодекстің 629-1-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздері болмаса, істі прокурорға қайтару туралы қаулы;
3) егер осы Кодекстің 35 және 36-баптарында көзделген негіздер болса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;
4) бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімін;
5) алып тасталды - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;6) егер сот сотталушыға айыппұлдан өзге қылмыстық жаза тағайындау қажет деген тұжырымға келетін болса, қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы қаулы шағым жасалуға, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды.
Ескерту. 629-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.629-5-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімінің құрылымы мен мазмұны
1. Айыптау үкімінің кiрiспе бөлiгiнде:
1) үкiмнiң Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны;
2) үкiмнiң шығарылған уақыты мен орны;
3) үкiм шығарған соттың атауы;
4) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), оның туған жылы, айы, күнi және жерi, тұрғылықты жері, жұмыс орны, айналысатын кәсiбi, бiлiмi, отбасылық жағдайы және сотталушының жеке басы туралы, іс үшін маңызы бар өзге де мәлiметтер;
5) жасалғанына сотталушы айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ) көрсетiледi.
2. Айыптау үкімінің сипаттау-уәждеу бөлігінде:
1) сотталушы кінәлі деп танылған, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаттамасы;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтың саралануы;
3) кінәсінің нысаны, қылмыстық құқық бұзушылықтың уәждері мен салдары, келтірілген нұқсанның сипаты мен мөлшері;
4) сотталушыға айыппұл тағайындау уәждері;
5) азаматтық талап қою бойынша шешімнің уәждері;
6) заттай дәлелдемелердің тағдыры, процестік шығасыларды өндіріп алу көрсетіледі.
3. Айыптау үкімінің қарар бөлігінде мыналар көрсетілуге тиіс:
1) сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде);
2) сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп тану туралы шешім;
3) сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық заң (бап, бөлік, тармақ);
4) айыппұл мөлшері, оның ішінде теріс қылықтардың және (немесе) онша ауыр емес қылмыстардың жиынтығы кезінде әрбір қылмыстық құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 58-бабы негізінде тағайындалған айыппұлдың түпкілікті мөлшері;
4-1) сотталушыны белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы шешім;
5) қойылған азаматтық талап бойынша шешім;
6) заттай дәлелдемелер туралы мәселенің шешілуі;
7) процестік шығасыларды бөлу туралы шешім;
8) үкіммен келіспейтіні туралы өтінішхат келтіру және үкімге шағым жасау тәртібі мен мерзімі туралы көрсету.
Ескерту. 629-5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.629-6-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімінің көшірмесін жіберу
1. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімі шығарылған күннен бастап бір тәуліктен кешіктірмей, сот оның көшірмесін сотталған адамға табыс ету туралы хабарламамен, оның қорғаушысына (ол қатысқан кезде), жәбiрленушiге және прокурорға, сондай-ақ тиісті өтінішхат келіп түскен кезден бастап дәл сол мерзімде процестің басқа қатысушыларына жiбередi.
2. Сотталған адам айыптау үкімінің көшірмесін алған күннен бастап жеті тәулік ішінде бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен үкім шығарған сотқа, айыппұл мөлшерін қоспағанда, үкіммен келіспейтіні туралы өтінішхат жіберуге құқылы.
Егер сотталған адамнан белгіленген мерзімде үкіммен келіспейтіні туралы өтінішхат келіп түссе, судья өзі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарған үкімнің күшін жояды және істі прокурорға қайтарады, бұл туралы қаулы шығарады.
Прокурор қылмыстық істі алып, оны одан әрі тергеп-тексеруді жүргізу үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жібереді.
Бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған үкімнің күшін жою туралы қаулының көшірмесі ол шығарылған күні – сотталған адамға, оның қорғаушысына (ол қатысқан кезде), жәбiрленушiге және прокурорға, сондай-ақ тиісті өтінішхат келіп түскен кезден бастап дәл сол мерзімде процестің басқа қатысушыларына табыс етіледі (жіберіледі).
Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі үкімнің күшін жою туралы қаулы шағым жасалуға немесе прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуға жатпайды.
Ескерту. 629-6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.629-7-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыға және айыптау үкіміне шағым жасау
Бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыға және айыптау үкіміне – көрсетілген сот актілерінің көшірмесі алынған кезден бастап жеті тәулік ішінде жәбірленушінің шағымы және (немесе) прокурордың өтінішхаты келтірілуі мүмкін, олар осы Кодекстің 8-бөлімінде көзделген апелляциялық тәртіппен қаралуға жатады.
Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыға және айыптау үкіміне, азаматтық талап қоюға қатысты бөлігінде, көрсетілген сот актілерінің көшірмесі алынған кезден бастап жеті тәулік ішінде апелляциялық тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны және айыптау үкімін қайта қарау туралы өтінішхаттарды қарау осы Кодекстің 8-бөлімінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Сотталған адам тағайындалған айыппұл мөлшеріне келіспеген жағдайда ғана айыптау үкіміне өтінішхат келтіре алады.
Бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы да және айыптау үкімі де осы Кодекстің 10-бөлімінде көзделген тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
629-8-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі істі тоқтату туралы қаулының және айыптау үкімінің заңды күшіне енуі
Егер белгіленген мерзімде сотталған адамнан, жәбiрленушiден, азаматтық талапкерден, азаматтық жауапкерден немесе прокурордан өтінішхат келіп түспесе, бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен шығарылған істі тоқтату туралы қаулы және айыптау үкімі орындауға жіберіледі, бұл туралы сотталған адамға, оның қорғаушысына (ол қатысқан кезде), жәбiрленушiге және прокурорға хабарланады.
14-БӨЛIМ. ІСТЕР БОЙЫНША АЛҚАБИЛЕРДIҢ ҚАТЫСУЫМЕН IС ЖҮРГIЗУ
65-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
630-бап. Істер бойынша алқабилердiң қатысуымен iс жүргiзу тәртiбi
Сот алқабилердiң қатысуымен қарайтын қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу осы бөлiмде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодекстiң қағидаларына сәйкес жүргiзiледi.
631-бап. Істердің алқабилер қатысатын сотқа соттылығы
1. Сот алқабилердің қатысуымен:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар туралы істерді қарайды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істерді де сот алқабилердің қатысуымен қарайды.
2. Егер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң бiрнеше бабында көзделген қылмыстарды жасады деп айыпталса, егер қылмыстардың мұндай жиынтығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 116 (екінші және үшінші бөліктерінде), 125 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 128 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 132 (бесінші бөлігінде), 135 (төртінші бөлігінің 1) тармағында), 146 (екінші және үшінші бөліктерінде), 160, 163, 164 (екінші бөлігінде), 168, 249 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 335 (төртінші бөлігінде), 337 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 345 (төртінші бөлігінде), 345-1 (төртінші бөлігінде), 346 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 380-1 (екінші бөлігінің 6) тармағында)-баптарында көзделген қылмыстың, сондай-ақ:
1) төтенше ахуал жағдайларында және жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған адам өлтіру;
2) бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекет қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар;
3) террористік және экстремистік қылмыстар;
4) соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар;
5) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстар;
6) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыстар туралы істерді қоспағанда, аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылған қылмыстың ең болмағанда біреуі кірсе, айыпталушының өз ісін сотқа алқабилердің қатысуымен қаратуға құқығы бар.
3. Егер iс бойынша бiрнеше адам айыпталса, егер олардың ең болмағанда бiреуi қылмыстық iстi алқабилердiң қатысуымен қарау туралы өтiнiшхат мәлімдесе, соттың оны алқабилердiң қатысуымен қарауы барлық сотталушыларға қатысты осы бөлiмде көзделген қағидалар бойынша жүргiзiледi.
Ескерту. 631-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізілетін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамдарын алқабилер қатысатын соттың қарауына жатқызу туралы ережелерді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 175-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.632-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы
Қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сотта және қылмыстық iстер жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық әскери сотта алқабилер қатысатын сот бiр судьяның және он алқабидiң құрамында әрекет етедi.
633-бап. Алқабиге ықпал етуге жол бермеу
Бүкiл сот талқылауы барысында іс бойынша төрағалық етушінің, мемлекеттiк айыптаушының, жәбiрленушiнің, сотталушының және оның қорғаушысының, сондай-ақ процестiң басқа да қатысушыларының осы iстi қарауға қатысатын алқабилермен белгiленген тәртiптен бөлек қарым-қатынас жасауына тыйым салынады.
Ескерту. 633-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.634-бап. Соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхат
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзудi осы бөлiмде көзделген қағидаларға сәйкес жүзеге асыру күдіктінің, айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхаты бойынша жүргiзiледi.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адам тергеу әрекеттерін жүргізу аяқталғаннан кейiн күдіктіні iстiң барлық материалдарымен таныстыру кезiнде оған соттың істі алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхат беру құқығын, сондай-ақ алқабилер қатысқан соттың үкiмiне шағым жасау және шағымды қарау ерекшелiктерiн қоса алғанда, осындай өтiнiшхатты қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсiндiруге мiндеттi.
3. Істiң барлық материалдары танысу үшiн ұсынылған кезде, сондай-ақ келесi кезеңде, оның iшiнде сотта iстi алдын ала тыңдауда, бiрақ сот басты сот талқылауын тағайындағанға дейiн күдіктінің, айыпталушының iстi соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхат мәлiмдеуге құқығы бар.
4. Күдіктінің, айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы не өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарату құқығын пайдаланудан бас тартуы туралы өтiнiшхаты күдіктіге тергеу әрекеттерiнің аяқталғанын хабарлау және оның құқықтарын түсiндiру туралы хаттамада көрсетіледі. Кейiннен мәлiмделген өтiнiшхатты күдікті, айыпталушы жазбаша түрде баяндайды және ол осы іс соттылығы бойынша сотқа дереу жiберiледi. Істі алдын ала тыңдау барысында мәлімделген өтінішхат жазбаша және ауызша болуы мүмкін.
5. Сот басты сот талқылауын тағайындағаннан кейiн айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхаты қабылданбайды.
6. Айыпталушы алдын ала тыңдау жүргiзiлгенге дейiн және алдын ала тыңдау барысында өз iсiн алқабилердiң қатысуымен қарау туралы мәлiмдеген өтiнiшхатынан бас тартуға құқылы. Айыпталушының өз iсiн соттың алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхаты алдын ала тыңдау барысында расталғаннан кейiн оның одан бас тартуы қабылданбайды.
66-тарау. СОТ ОТЫРЫСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
635-бап. Алдын ала тыңдауды өткізу
Осы Кодекстің 631-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша алдын ала тыңдау өткізу күдіктінің, айыпталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхатының болуына немесе болмауына қарамастан міндетті.
636-бап. Алдын ала тыңдау өткiзудің ерекшелiктерi
1. Судья алдын ала тыңдауды сотталушыларды, оның ішінде өздеріне iстi алқабилердiң қатысуымен қарау құқығы тиесілі емес сотталушыларды және олардың қорғаушыларын мiндеттi түрде қатыстыра отырып, жеке-дара өткiзедi.
2. Судья сот отырысының басында қай iстiң қаралуға жататынын хабарлайды, отырысқа қатысатын адамдарға өзiн таныстырады, кiмнiң мемлекеттiк айыптаушы, қорғаушы, хатшы екенiн хабарлайды, сотталушының жеке басын анықтайды, мәлiмделген қарсылық білдірулерді шешедi. Мемлекеттiк айыптаушы айыптау актісін жария етедi. Судья сотталушыға айыптаудың түсiнiктi-түсініксіз екенін анықтайды, қажет болған жағдайларда оған айыптаудың мәнiн түсiндiредi және оның өз iсiн алқабилер қатысатын сотқа қарату туралы берген өтiнiшхатын растайтын-растамайтынын сұрайды. Егер істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімделмесе, судья сотталушыға оның осы сот отырысында тікелей мәлімделуі мүмкін екенін түсіндіреді. Сотталушының ауызша өтінішхаты сот отырысының хаттамасына енгізіледі, жазбаша өтінішхат іске қоса тігіледі. Сотталушының істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өз өтінішхатынан бас тартуы, сондай-ақ оның осындай өтінішхатты мәлімдегісі келмейтіні сот отырысының хаттамасында не іске қоса тігілетін сотталушының жазбаша өтінішхатында көрсетіледі.
3. Егер сотталушы өз ісiн алқабилер қатысатын сотқа қарату туралы өз өтiнiшхатын растаса, онда судья осы өтiнiшхатты қанағаттандыру туралы шешiм қабылдайды, бұл ретте басқа сотталушылардың пікірі ескерілмейді және мемлекеттiк айыптаушы, жәбiрленушi, сотталушы және оның қорғаушысы мәлiмдеген басқа өтiнiшхаттарды қарауға көшедi.
4. Қажет болған жағдайда, алдын ала тыңдауда дәлелдемелер ретiнде жол берілетінін тексеру үшiн iс материалдары жария етiлуi мүмкiн.
5. Егер сотталушы өз iсiн алқабилер қатысатын сотқа қарату туралы өз өтiнiшхатын растамаса, судья осы Кодекстiң 321-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген басқа негiздер болмаған кезде алдын ала тыңдау аяқталды деп хабарлайды. Iс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 42-тарауында көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
6. Судьяның iстi алқабилер қатысатын соттың қарауы туралы мәселе жөніндегі қаулысы түпкiлiктi болып табылады. Одан әрі қаулы сотталушының ұстанымының өзгеруіне орай қайта қаралмайды.
637-бап. Алқабилер қатысатын сот отырысын тағайындау кезiнде алдын ала тыңдау тәртiбiмен шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi
1. Судья алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша осы Кодекстiң 322 – 327-баптарында көзделген шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
2. Егер сотталушы істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішхат мәлімдесе немесе бұл туралы бұрын мәлімделген өтінішхатты растаса, судья сот отырысын тағайындау туралы қаулыда iстi алқабилер қатысатын соттың қарайтынын көрсетедi және осы сот отырысына шақырылуға жататын алқабиге кандидаттардың санын айқындайды, олардың саны жиырма бестен кем болмауға тиiс.
3. Судья алдын ала тыңдау нәтижелерi бойынша осы Кодекстiң 112-бабына сәйкес iс материалдарынан дәлелдемелер ретiнде жарамсыз деп танылған нақты деректердi алып тастайды.
638-бап. Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау тәртiбi
1. Судья істi алқабилер қатысатын соттың қарауына тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейiн сот отырысының хатшысына саны қаулыда көрсетiлген алқабиге кандидаттарды алқабиге iрiктеу үшiн олардың сот отырысына келуiн қамтамасыз ету туралы өкiм бередi.
2. Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейiн төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысының хатшысы соттағы алқабиге кандидаттардың бірыңғай тізімінен алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдауды жүргiзедi.
3. Бiр сол адам сот отырыстарына алқаби ретiнде жылына бiр реттен артық қатыса алмайды.
4. Қылмыстық iстi қарауға қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейiн олардың тегi, аты, әкесiнiң аты және үйінің мекенжайлары көрсетiле отырып, алдын ала тiзiм жасалады, оған сот отырысының хатшысы қол қояды.
5. Алдын ала тiзiмге енгiзiлген алқабиге кандидаттарға сот талқылауы басталғанға дейiн жетi тәулiктен кешiктiрiлмей, сотқа келетiн күнi мен уақыты көрсетiлген хабарлама табыс етіледі.
6. Хабарлама алған азаматтар алқабилердi iрiктеу рәсiмiне қатысу үшiн сотқа келуге мiндеттi.
Ескерту. 638-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 67-тарау. СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ҚАТЫСУ ҮШIН АЛҚАБИГЕ
КАНДИДАТТАРДЫ IРIКТЕУ
1. Кандидаттар ішінен алқабилердi iрiктеу осы Кодекстiң 350 – 363-баптарының талаптары орындалғаннан кейiн жабық сот отырысында:
1) төрағалық етушiнiң алқабиге кандидаттарды iстi қарауға қатысудан босатуы;
2) өздiгiнен бас тарту туралы мәселелердi шешу;
3) қарсылық білдіру туралы мәселелердi шешу;
4) алқабиге кандидаттарға уәжсіз қарсылық білдіру арқылы жүзеге асырылады.
2. Сот отырысының хатшысы төрағалық етушiге алқабиге кандидаттардың сот отырысына келуi туралы баяндайды және алқабиге кандидаттың әрқайсысына оның тегiн көрсете отырып билет жазып бередi.
3. Төрағалық етушi алқабиге кандидаттар алдында:
1) өзiн таныстырып;
2) тараптарды таныстырып;
3) қандай iс қаралуға жататынын хабарлап;
4) заңға сәйкес алқабилердiң мiндеттерi және олардың осы қылмыстық iстi қарауға қатысу тәртiбi туралы хабарлап, қысқаша кіріспе сөз сөйлейдi.
4. Алқабилерге кандидатты iстi қарауға қатысудан босату туралы мәселенi объективтi түрде шешу мақсатында төрағалық етушi, сондай-ақ тараптар алқабилердi iрiктеу кезiнде кандидаттарға алқабилер алқасын қалыптастыру үшін маңызы бар сұрақтарды қоя алады. Сұрақтарды қою тәртібін төрағалық етуші айқындайды.
5. Алқабиге кандидат iстi қарауға қатысу үшiн iрiктеу кезiнде төрағалық етушi және тараптар қойған сұрақтарға шынайы жауап беруге, сондай-ақ оның талабы бойынша өзi туралы және iске қатысатын басқа адамдармен қарым-қатынасы туралы өзге де қажеттi ақпараттар беруге тиiс.
6. Төрағалық етушi алқабиге кандидаттардың абыройы мен қадiр-қасиетiн түсіретiн сұрақтар қоймайды.
Төрағалық етуші сұрақ пен жауаптың процеске басқа да қатысушылар мен залда қатысып отырған адамдар үшін қолжетімді болмауын сақтай отырып, алқабиге кандидатқа кейбір сұрақтарды қоюға құқылы, ал кандидат оған жауап беруге құқылы.
7. Төрағалық етушi алқабиге кандидатты iстi қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелердi, сондай-ақ өздiгiнен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға мәлiмделген қарсылық білдірулерді кеңесу бөлмесiне кетпей тұрып, сот отырысының хаттамасына судьяның қаулысын енгізе отырып жеке-дара шешедi.
8. Егер сотқа шақырылған алқабиге кандидаттардың жиырма бесiнен азы келсе не олардың кейбiрiн сот талқылауына қатысудан босатқаннан кейiн немесе төрағалық етушi судья өздiгiнен бас тартулар мен қарсылық білдірулерді қанағаттандырғаннан кейiн олар он жетiден азайып қалса, төрағалық етушi сот отырысының хатшысына алқабиге кандидаттар құрамының жетiспейтiн санын бірыңғай тiзiмнен толықтыру туралы өкiм бередi. Бұл жағдайда сот отырысында алқабиге бірыңғай кандидаттарды шақыру үшiн үзiлiс жарияланады.
Ескерту. 639-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.640-бап. Төрағалық етушiнiң алқабиге кандидаттарды iстiқарауға қатысудан босатуы
1. Төрағалық етушi алқабиге кандидаттарға олардың осы Кодексте белгiленген мiндеттерiн түсiндiредi, содан кейiн алқабиге кандидаттардан iстi қарауға өздерінің алқаби ретiнде қатысуына кедергi келтiретiн мән-жайлардың бар-жоғы туралы сұрайды.
2. Төрағалық етушi:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдiк келтірілетін немесе айыпталатын;
2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарды, сөйлеу қабілетінен толық айырылған адамдарды, есту қабілетінен толық айырылған адамдарды және көру қабілетінен толық айырылған адамдарды;
3) мүгедектігі бар адамдардың сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық не техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде, оларды процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби міндеттерін атқарудан босатады.
3. Төрағалық етушi:
1) алпыс бес жастан асқан адамдарды;
2) үш жасқа толмаған балалары бар әйелдердi;
3) өзiнiң дiни нанымына байланысты өзінің сот төрелiгiн жүзеге асыруға қатысуы мүмкiн емес деп есептейтін адамдарды;
4) қызметтiк мiндеттерiн орындаудан алаңдатылуы қоғамдық және мемлекеттiк мүдделерге едәуiр зиян келтiруi мүмкiн адамдарды (дәрiгерлер, мұғалiмдер, әуежолдарының ұшқыштары және басқалар);
5) сот отырысына қатыспау үшiн дәлелдi себептерi бар өзге де адамдарды, олардың ауызша немесе жазбаша өтiнiшi бойынша, процеске қатысушылармен талқыламастан, алқаби мiндеттерiн атқарудан босатуы мүмкін.
4. Төрағалық етушi алқабиге кандидаттардан сотта қаралатын iстiң мән-жайлары туралы хабардар екенін анықтайды.
5. Төрағалық етушi алқабиге кез келген кандидатты осы адамға заңсыз көрсетiлген ықпал ету, онда теріс пiкiрдің болуы, ол iстiң мән-жайларын процестік емес көздерден емес, басқа көздерден бiлуi салдарынан оның объективтiлiгiне негiздi күмән келтiрiлсе, сондай-ақ алқабиге кандидат алқаби ретiнде iстi қарауға қатысқан кезде объективтi болмау мүмкiндiгiн көрсететiн басқа да себептермен iс бойынша алқабидiң мiндеттерiн атқарудан босатады.
Ескерту. 640-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.641-бап. Алқабиге кандидаттардың өздiгiнен бас тартуы туралы мәселелердi шешу
Төрағалық етушi алқабиге кандидаттардан олардың қайсыбiрiн iстi қарауға қатысудан босату үшiн заңда көзделген себептердiң бар-жоғы туралы сұрайды. Келген алқабиге кандидаттардың әрқайсысы өзінің алқаби мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн дәлелдi себептерін көрсетуге, сондай-ақ өздiгiнен бас тартуды мәлiмдеуге құқылы. Төрағалық етуші тараптардың пікірін тыңдап, алқабиге кандидаттың өздігінен бас тартуын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
642-бап. Алқабиге кандидаттарға қарсылық бiлдiру туралы мәселелердi шешу
Алқабиге кандидаттардың әрқайсысына мынадай жағдайларда, егер:
1) алқабиге кандидат осы iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса;
2) алқабиге кандидат осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, күдіктінің, айыпталушының заңды өкiлi, жәбiрленушiнiң өкiлi, азаматтық талапкер немесе азаматтық жауапкер ретiнде қатысса;
3) алқабиге кандидат жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, айыпталушының, сотталушының немесе оның заңды өкiлiнiң, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы немесе жекжаты (аға-iнiсi, апа-қарындасы-сіңлісі, ата-анасы және ерлi-зайыптылардың баласы) болып табылса;
4) алқабиге кандидат осы iске жеке, тiкелей немесе жанама мүдделi деп санауға негiз беретiн өзге де мән-жайлар болса, прокурор, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сотталушы және оның қорғаушысы оған қарсылық білдіруді мәлiмдеуге тиiс.
Төрағалық етуші тараптардың пікірін тыңдап, алқабиге кандидатқа қарсылық білдіруді қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Ескерту. 642-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.643-бап. Алқабиге кандидаттарға уәжсiз қарсылық бiлдiру
1. Егер осы Кодекстiң 642-бабының талаптарын орындау нәтижесiнде сот отырысына қатысу үшiн алқабиге кандидаттардың он жетiден астамы қалса, төрағалық етушi алқабиге кандидаттардың қалған санын жариялайды, одан кейiн олардың тегi көрсетiлген билеттердi жәшiкке салады, билеттердi араластырады және жәшiкте он жетi билет қалу үшiн одан қанша қажет болса, сонша билеттi алып тастайды.
2. Төрағалық етушi осы баптың бiрiншi бөлiгiнің талаптары орындалғаннан кейiн мемлекеттiк айыптаушының, сондай-ақ сотталушының және (немесе) оның қорғаушысының уәжсіз қарсылық білдіруді жүргiзуі үшiн алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiлген қалған он жетi билеттi бередi, оның нәтижесiнде алқабиге он екi кандидат қалуға тиiс.
3. Мемлекеттiк айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы төрағалық етушi арқылы алқабиге кандидаттардың қайсыбірінен өзiн таныстыруын сұрауға құқылы.
4. Егер iске бiр сотталушы қатысса, алқабиге екі кандидатқа уәжсіз қарсылық білдіруді – мемлекеттiк айыптаушы, одан кейiн алқабиге үш кандидатқа уәждеусіз қарсылық білдіруді сотталушы және (немесе) оның қорғаушысы көрсетiлген кезектiлiкпен жүргiзедi.
5. Егер iске бiрнеше сотталушы қатысса, мемлекеттiк айыптаушы әрi кеткенде алқабиге екi кандидатқа қарсылық білдіруге құқылы. Бұл ретте алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру – сотталушылардың өзара келiсуi бойынша, ал мұндай келiсу болмаған жағдайда, егер мүмкiн болса, қарсылық білдірілетін алқабиге кандидаттардың санын олардың арасында тең бөлу арқылы жүргiзiледi.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнің талаптарын орындау мүмкiн болмаған жағдайда, бiрнеше сотталушының алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіруі барлық сотталушының тегі көрсетілген билеттердi жәшiкке салып, жеребе тастау арқылы жүргiзiлуге тиiс. Жеребе тастау қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың санына тең санда жүргiзiледi. Төрағалық етушi сотталушының тегi көрсетiлген билеттi жәшiктен қанша рет алса, алқабиге сонша кандидатқа сотталушы қарсылық білдіруге құқылы.
7. Сотталушылардың қайсыбiрiнiң алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығынан бас тартуы басқа сотталушылардың алқабиге кандидаттардың кемiнде он екiсi қалғанға дейiн оларға қарсылық білдіру құқығына шек қоюға әкеп соқпайды.
8. Мемлекеттiк айыптаушы, сотталушы немесе оның қорғаушысы алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттерге уәждерiн көрсетпей-ақ, қойылған қолдарымен бекітілген "қарсылық білдіру" деген жазу арқылы алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіруді мәлімдеуі мүмкiн.
9. Сотталушы өзiнiң қорғаушысына алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асыруды тапсыруға құқылы. Егер сотталушы өзiнiң алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығынан бас тартса, онда қорғаушы оның келiсiмiнсiз алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіруге өз бетiнше қатысуға құқылы емес.
10. Сотталушы немесе iске бiрнеше сотталушы қатысса, барлық сотталушы өздерiнiң алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығынан бас тартқан жағдайда, олардың қарсылық білдіруі жеребе тастау арқылы жүргiзiледi, оның барысында сот отырысының төрағалық етушiсі не хатшысы алқабиге кандидаттың қаншасына қарсылық білдірілуі мүмкiн болса, қарсылық білдірілмеген сонша алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттердi жәшiктен алып тастайды.
11. Тараптар уәжсіз қарсылық білдірген алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттер iс материалдарына қоса тiгiледi.
644-бап. Жеребе тастау арқылы алқабилер алқасын құру
1. Сотта iстi қарайтын алқабилер алқасы негiзгi құрамдағы (алқабилер алқасының құрамын құрайтын) он және қосалқы екi алқаби құрамында жеребе тастау арқылы құрылады.
2. Алқабилер алқасын құру үшiн төрағалық етушi қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың тегi көрсетілген билеттердi жәшiкке салады, оларды араластырады және бiр-бiрлеп он екi билеттi алады, әрбір ретте билетте көрсетiлген алқабиге кандидаттың тегiн жариялайды. Егер алқабилер алқасын құрудың дұрыстығына ықпал ететiн қандай да бiр бұзушылыққа жол берiлмесе, алқабилер алқасы құрылды деп танылады. Бұл ретте жеребе тастау арқылы iрiктелген алғашқы он алқаби – негiзгi құрамның алқабиi, ал соңғы екеуi қосалқы алқаби болып есептеледi.
3. Қарсылық білдіру туралы мәселенi шешу кезiнде немесе алқабилер алқасын құру кезiнде оның құрылуының дұрыстығына ықпал еткен қандай да бiр бұзушылыққа жол берiлсе, сондай-ақ бiр немесе одан да көп алқабиді мемлекеттiк құпияға жіберуден бас тартылған жағдайда, төрағалық етушi алқабилер алқасының құрылуын жарамсыз немесе ол құрылған жоқ деп жариялайды және алқабиге кандидаттарға толық көлемiнде қайта iрiктеу жүргiзедi.
4. Сот отырысының хатшысы жеребе тастау арқылы iрiктелген он екi алқабидiң тегiн жәшiктен билеттер қалай алынса, сол тәртiппен сот отырысының хаттамасына енгiзедi. Жеребе тастау арқылы iрiктелген алқабилердiң тегi және олардың саналатын реттік нөмірі көрсетiлген билеттер iс материалдарына қоса тiгiледi.
645-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары
1. Алқабилер алқасын құру аяқталғаннан кейiн төрағалық етушi алқабилердiң негiзгi құрамына алқабилердің орындығында оларға бөлiнген орындарға жеребе тастаумен айқындалған тәртiпке сәйкес отыруды ұсынады. Алқабилердiң орындығы сот отырысы залында қатысып отырғандардан бөлек болуға және, әдетте, сотталушылардың орындығына қарама-қарсы орналасуға тиiс. Қосалқы екi алқаби алқабилердің орындығынан өздері үшiн арнайы бөлiнген орындарға отырады.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, алқабилер және қосалқы алқабилер сот талқылауы кезiнде сот отырысы залында ұдайы болады.
3. Егер сот талқылауы барысында, бiрақ алқабилер мен судья кесім шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн алқабилердiң қайсыбiреуiнiң сот отырысына одан әрi қатыса алмайтыны немесе төрағалық етушiнің оны сот отырысына қатысудан шеттеткенi анықталса, онда ол қосалқы алқабилердiң тегi көрсетiлген билет жәшiктен қандай тәртiппен алынса, сол тәртiппен қосалқы алқабимен ауыстырылады. Егер шығып қалған алқабилердi қосалқы алқабилермен ауыстыру мүмкiндiгi таусылған жағдайда, төрағалық етушi өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын осы Кодекстiң 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңiне қайтарады.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Соты 645-бабы төртінші бөлігінің конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.
4. Егер алқабилердiң қайсыбiреуiнiң сот отырысына қатысу мүмкiндiгiнiң жоқтығы кеңесу бөлмесiне кеткеннен кейiн анықталса, онда судья мен алқабилер сот отырысы залына кiрiп, алқабидi қосалқы алқабимен ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесiне кетуге тиiс. Егер шығып қалған алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыру мүмкіндігі таусылған болса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және сот талқылауын осы Кодекстің 638-бабына сәйкес алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Соты 645-бабы бесінші бөлігінің конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.
5. Кез келген алқаби осы Кодекстiң 647-бабының төртiншi бөлiгiнде белгiленген шектеулердi сақтамаған жағдайда, iстi қараудың кез келген кезеңiнде iске одан әрi қатысудан шеттетiлуi мүмкiн.
Ескертпе!ҚР Конституциялық Соты 645-бабы алтыншы бөлігінің конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.
6. Алқабидi шеттетудi төрағалық етушi тараптардың қатысуымен жүзеге асырады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады.
646-бап. Алқабилердiң ант қабылдауы
1. Алқабилер алқасы құрылып болғаннан кейiн сот отырысының төрағалық етушiсі немесе хатшысы сот отырысының залында қатысып отырғандардың барлығына орындарынан тұруды ұсынады. Төрағалық етушi алқабилерге ант қабылдауды ұсынып, өтiнiш жасайды.
2. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге алқаби ретiнде қатысу үшiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен iрiктелiп алынған адам мынадай мазмұндағы мәтінін айтып, ант қабылдайды: "Алқабидiң мiндеттерiн атқаруға кiрiсе отырып, өз мiндеттерiмдi адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған істің барлық дәлелдемелерін, дәлелдерін, мән-жайларын назарға алуға, ерiктi азамат және әдiл адам ретiнде iстi өзiмнiң iшкi нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемiн".
Алқаби "Ант етемін" деген сөздерді айтып, ант қабылдағанын растайды.
3. Алқабилердiң ант қабылдағаны туралы сот отырысының хаттамасына жазба жасалады.
68-тарау. АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСАТЫН СОТТЫҢ IСТI ТАЛҚЫЛАУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
647-бап. Алқабидiң құқықтары, мiндеттерi және оның әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулер
1. Төрағалық етушi алқабилерге олардың құқықтарын, мiндеттерiн және олардың әрекеттеріне iстi қарауға байланысты қойылатын шектеулерді түсiндiредi, сондай-ақ мiндеттердi бұзу мен шектеулердi сақтамаудың салдарлары туралы ескертедi.
2. Алқабидің:
1) iстiң мән-жайларын өзiнiң iшкi нанымы бойынша өз бетiнше бағалау және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беру мүмкiндiгін алу үшiн сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысуға;
2) процеске қатысушыларға төрағалық етушi арқылы сұрақтар қоюға;
3) заттай дәлелдемелердi, құжаттарды тексерiп қарауға, жергілікті жердi және үй-жайларды тексерiп-қарауды жүргізуге, сот тергеуiндегi барлық басқа да әрекеттерге қатысуға;
4) төрағалық етушiге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етiлген құжаттардың мазмұнын және iске қатысты өзiне түсiнiксiз басқа мәселелердi түсiндiрудi сұрап өтiнiш жасауға;
5) сот отырысы кезiнде жазбалар жасауға құқығы бар.
3. Алқаби:
1) сот отырысында тәртiп сақтауға және төрағалық етушiнiң заңды өкiмдерiне бағынуға;
2) алқабидiң мiндеттерiн атқару үшiн, сондай-ақ сот отырысында үзiлiс жарияланса немесе iстi тыңдау кейiнге қалдырылса, сот талқылауын жалғастыру үшiн сот көрсеткен уақытта келуге;
3) сотқа келуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, төрағалық етушiге келмеудiң себептерi туралы алдын ала құлағдар етуге мiндеттi.
4. Алқаби:
1) iстi тыңдау кезiнде сот отырысының залынан кетуге;
2) iстi тыңдау кезiнде сот құрамына кiрмейтiн адамдармен төрағалық етушiнiң рұқсатынсыз iс бойынша сөйлесуге;
3) iстi талқылау барысында мәлiметтердi сот отырысынан тыс жинауға;
4) жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесiнiң құпиясын бұзуға құқылы емес.
5. Алқабидiң өз мiндеттерiн атқармауы, сондай-ақ осы бапта көзделген шектеулердi сақтамауы заңда белгiленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушiнiң алқабидi iстi қарауға одан әрi қатысудан шеттету мүмкiндiгiне әкеп соғады.
648-бап. Алқабилер қатысатын соттың құзыретi
1. Алқабилер қатысатын сот iстi талқылаған кезде осы Кодекстiң 390-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 14) тармақтарында көзделген мәселелер шешiледi.
2. Судья алқабилердi дәлелдемелер ретiнде жарамсыз нақты деректермен таныстыруға тиiс емес. Егер сот талқылауы барысында осы Кодекстiң 112-бабына сәйкес дәлелдемелер ретiнде жарамсыз нақты деректер табылса, төрағалық етушi оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастау туралы мәселенi алқабилер бар кезде шешуге, ал мұндай дәлелдемелер зерттелген жағдайда, олардың заңдық күшi жоқ деп, ал оларға жасалған зерттеудi жарамсыз деп тануға және алқабилерге шешімдер қабылдау кезінде оларды ескермеуін түсіндіруге мiндеттi.
3. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.Ескерту. 648-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
649-бап. Алқабилер қатысатын сотта iстiң тоқтатылуы
Төрағалық етушi, егер сот талқылауы кезiнде осы Кодекстiң 35-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар анықталса, сондай-ақ мемлекеттiк айыптаушы осы Кодекстiң 337-бабының жетiншi бөлiгiне сәйкес айыптаудан бас тартқан кезде iстi алқабилер қатысатын сотта талқылаудың кез келген кезеңiнде тоқтатады.
Алқабилерді сот талқылауына қатысудан босатқаннан кейін төрағалық етуші іс бойынша тиісті қаулыны жеке-дара шығарады.
650-бап. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуiнiң ерекшелiктерi
1. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуi осы Кодекстiң 364 – 378, 381-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
2. Мемлекеттiк айыптаушы айыптау актісінің қарар бөлiмiн жария еткен кезде сотталушының сотталғандық фактiлерi туралы еске салуға құқылы емес.
3. Алқабилер төрағалық етушi арқылы сотталушыға, жәбiрленушiге, куәларға және сарапшыларға осы адамдардан тараптар жауап алғаннан кейiн сұрақтар қоюы мүмкін. Алқабилер сұрақтарды жазбаша түрде жазып, төрағалық етушiге бередi.
4. Төрағалық етушi сұрақ қойған алқабиге өзiнiң бас тарту уәжiн хабарлай отырып, өзі iске қатысы жоқ, сондай-ақ жетелеуші немесе тiл тигiзу сипатында деп есептейтін сұрақтарды қабылдамауға құқылы.
5. Тараптар алқабилер алқасының қатысуынсыз, судья бұрын iс талқылауынан алып тастаған дәлелдемелердi, бұл ретте олардың мәнiн баяндамай-ақ зерттеу туралы өтiнiшхат беруi мүмкiн. Судья осындай өтiнiшхатқа байланысты iс бойынша сот талқылауына қатысушылардың пiкiрiн тыңдауды алқабилер жоқ кезде жүргiзедi.
Төрағалық етуші қабылдайтын, көрсетілген шаралар туралы сот отырысының хаттамасына тиісті жазба жасалады.
6. Сотталушының бұрынғы сотталғандығымен байланысты, оны психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп тану туралы мән-жайлар, сондай-ақ алқабилердiң сотталушыға қатысты терiс түсiнiгiн туғызуға ықпал ететін өзге де мән-жайлар алқабилердің қатысуымен зерттеуге жатпайды.
7. Осы бапта көзделген тәртіп бұзылған кезде төрағалық етуші процеске тиісті қатысушыға мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтіндігі туралы ескертпе жасауға және алқабилерге процеске қатысушылардың айтқанына мән бермеуді түсіндіруге міндетті. Төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған кезде процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 650-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).651-бап. Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссөзi
1. Сот тергеуi аяқталғаннан кейiн алқабилер қатысатын сот тараптардың жарыссөзiн тыңдауға көшедi. Алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады.
2. Жарыссөздiң бiрiншi бөлiгi мемлекеттiк айыптаушының, жәбiрленушiнiң, қорғаушының және сотталушының сөздерiнен тұрады, олар сотталушының бұрынғы сотталғандығын еске салмай, оның кiнәсiнiң дәлелденгенi немесе дәлелденбегенi жөнiндегi өз ұстанымдарын баяндайды.
3. Тараптар алқабилер қатысатын соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды еске салмауға және сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасамауға тиiс. Төрағалық етушi мұндай сөздердi үзiп тастайды және алқабилердiң үкiм шығару кезiнде осы мән-жайларды есепке алмауға тиiс екендiгiн оларға түсiндiредi. Төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған кезде процеске қатысушыға осы Кодексте көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
4. Жарыссөздiң екiншi бөлiгi мемлекеттiк айыптаушының, сондай-ақ жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң, қорғаушының және сотталушының сөздерiнен тұрады, оларда сотталушының әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдары баяндалады. Жарыссөздiң екiншi бөлiгi алқабилердiң қатысуынсыз өткiзiледi.
652-бап. Алқабилер қатысатын соттағы репликалар және сотталушының соңғы сөзi
1. Жарыссөздiң әрбiр бөлiгiнде сөз сөйленiп болысымен жарыссөзге қатысушылардың бәрiнiң реплика айтуға құқығы бар. Соңғы реплика айту құқығы қорғаушыға тиесiлi. Сот жарыссөздерінің екінші бөлігінде репликалар алқабилер жоқ кезде айтылады.
2. Сотталушыға осы Кодекстiң 384-бабына сәйкес соңғы сөз берiледi.
653-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың қойылуы
1. Сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi.
2. Тараптар сұрақтардың мазмұны мен тұжырымдалуы бойынша өздерiнiң ескертулерiн айтуға және жаңа сұрақтар қою туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.
3. Төрағалық етушi сот тергеуiнiң нәтижелерiн, тараптардың жарыссөзiн ескере отырып, судья мен алқабилердің кеңесу бөлмесінде шешуiне жататын сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдайды, оларды оқиды және тараптарға бередi.
4. Төрағалық етушi кеңесу бөлмесiнде алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтарды тараптардың ескертулерi мен ұсыныстарын ескере отырып, түпкiлiктi қалыптастырады, оларды сұрақ парағына енгiзедi және оған қол қояды.
5. Сұрақ парағы алқабилер мен тараптар қатысып отырған кезде жария етіледі. Содан кейін сұрақтардың тұжырымдалуын өзгертуге, сұрақ парағынан сұрақтарды алып тастауға, оған жаңа сұрақтар енгізуге жол берілмейді.
654-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың мазмұны
1. Сотталушы жасады деп айыпталып отырған іс-әрекеттердiң әрқайсысы бойынша мынадай:
1) іс-әрекеттiң орын алғаны дәлелдендi ме;
2) бұл іс-әрекеттi сотталушының жасағаны дәлелдендi ме;
3) бұл іс-әрекеттiң жасалуына сотталушы кiнәлi ме, – деген үш негiзгi сұрақ қойылады.
2. Сотталушының кiнәлiлiгi туралы негiзгi сұрақтан кейiн кiнәлiлiк дәрежесiн арттыратын немесе төмендететiн не оның сипатын өзгертетiн, сотталушыны жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын осындай мән-жайлар туралы жекеше сұрақтар қойылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайларда қылмыстық ниеттiң жүзеге асырылу дәрежесi, іс-әрекеттiң соңына дейiн жеткiзiлмеуiне түрткі болған себептер, сотталушылардың әрқайсысының қылмысты жасауға сыбайласа қатысу дәрежесi мен сипаты туралы сұрақтар да жеке қойылады. Егер бұл сотталушының қорғалу құқығын бұзбаса, оның неғұрлым жеңіл қылмыс жасаудағы кiнәсiн анықтауға мүмкiндiк беретiн сұрақтар қоюға жол берiледi.
3. Шешілуге жататын сұрақтар әрбiр сотталушыға қатысты жеке қойылады.
655-бап. Алқабилер кеңесiнiң құпиясы
1. Жарыссөз аяқталғаннан және сұрақтар тұжырымдалғаннан кейiн судья және негiзгi алқабилер үкiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi.
2. Кеңесу бөлмесiнде судья мен алқабилерден басқа, өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi. Төрағалық етуші алқабилердің кеңесу бөлмесінен шығуына болатын, сондай-ақ жұмыс уақыты аяқталған соң келесі күні ол басталғанға дейін демалыс үшін үзіліс жариялауға құқылы. Демалыс және мереке күндеріне байланысты үзіліс жасауға жол берілмейді.
656-бап. Кеңесу бөлмесiнде кеңесу мен дауыс берудiжүргiзу тәртiбi
1. Төрағалық етушi алқабилер кеңесiне басшылық етедi, шешiлуге жататын сұрақтарды рет-ретімен талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс берудi және дауыстардың есебiн жүргiзедi.
1-1. Төрағалық етуші айыптаудың мазмұнын келтіреді; қылмыстық заңның мазмұнын хабарлайды; мемлекеттік айыптаушы мен қорғаушының ұстанымдарын баяндайды; бюллетеньдерді толтыру тәртібін, сондай-ақ жазалауды тағайындауға арналған дауыс беру тәртібін түсіндіреді.
2. Алқабилер қойылған сұрақтарға байланысты өздерiнде туындаған түсiнбеушiлiктер бойынша төрағалық етушiден кеңесу бөлмесiнде түсiндірме алуға құқылы.
3. Негiзгi және қосымша сұрақтар бойынша дауыс беру жасырын және жазбаша жүргiзiледi. Судья мен алқабилердiң дауыс беру кезiнде қалыс қалуға құқығы жоқ. Судья мен алқабилердiң дауыстары тең.
4. Судья мен алқабилер сотталушылардың саны бойынша және олар жауап беруге тиіс сұрақтардың саны бойынша соттың мөртабаны басылған, дауыс беруге арналған таза бюллетеньдi алады, олардың әрқайсысында мынадай: "Өзiмнiң абыройым, ар-ожданым бойынша және iшкi нанымым бойынша менiң түйінім…" деген сөздер болады. Олардың әрқайсысы дауыс беру құпиясын қамтамасыз ете отырып, сұрақ парағында қойылған және шешiлуге жататын әрбір сұраққа бюллетеньге жауап жазады. Жауап міндетті түрде жауаптың мәнiн ашатын ("ия, дәлелдендi", "жоқ, дәлелденген жоқ", "ия, кiнәлi", "жоқ, кінәсiз") түсiндiрме сөзі немесе сөз тiркестерi болатын мақұлдаған "ия" немесе құптамаған "жоқ" дегенді білдіруге тиiс. Судья мен алқабилер өз бюллетеньдерiн дауыс беруге арналған жәшiкке салады.
5. Қойылған сұрақтардың ішінен біріншісі бойынша дауыс беру аяқталғаннан кейiн төрағалық етушi алқабилердiң қатысуымен жәшiктi ашады және әрбiр бюллетеньдегi дауыстарды санайды, дауыстарды санау нәтижесiн сұрақ парағында көрсетiлген негiзгi үш сұрақтың біріншісінің тұсына дереу жазады.
Алқабилер мен судьялар сұрақ парағында қойылған сұрақтардың әрқайсысы бойынша негізгі, одан кейін қосымша сұрақтарға сол тәртіппен рет-ретімен дауыс береді.
6. Алқабилер мен судьяның жауаптары бар бюллетеньдер қылмыстық iсте сақталатын конвертке салынып, желiмделедi.
7. Егер алдыңғы сұраққа берiлген жауап кейiнгi сұраққа жауап берудiң қажеттiгiн жойса, төрағалық етушi алқабилердiң көпшiлiгiнiң келiсуiмен сол сұрақтан кейін "жауабы жоқ" деген сөздердi жазады.
8. Егер осы Кодекстiң 654-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген үш сұрақтың әрқайсысына мақұлдаған жауаптарға дауыс берушiлердiң көпшiлiгi дауыс берсе, айыптау кесімі қабылданған болып есептеледi.
9. Егер қойылған негiзгi сұрақтардың кез келгенiне берiлген құпталмаған жауапқа дауыс берушiлердiң алтауы және одан да көбi дауыс берсе, ақтау кесімi қабылданған болып есептеледi.
10. Егер сотталушының кiнәсi туралы мәселе оң шешiлсе, онда судья бұл іс-әрекеттің қылмыс болып табылатын-табылмайтыны туралы және оның дәл қандай қылмыстық заңда көзделгенi (бабы, бөлiгi, тармағы) туралы мәселенi шешедi, сондай-ақ осы іс-әрекеттер үшiн қандай жазалау шаралары көзделгенiн алқабилерге түсiндiредi.
Егер судья осы Кодекстің 654-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген сұрақтарға алқабилер мақұлдап жауап берген кезде іс-әрекетте қылмыс құрамы белгілерінің жоқтығы, осыған байланысты оның қылмыс болып табылмайтыны туралы түйінге келген, сол сияқты осы Кодекстің 36-бабында көзделген өзге де мән-жайларды анықтаған болса, ол осы Кодекстің 657-бабының 1) тармағына сәйкес қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады.
11. Судья сотталушының іс-әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша саралауды алқабилердің қатысуынсыз айқындайды. Одан әрі судья осы Кодекстiң 390-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5), 6), 7), 8) және 14) тармақтарында көзделген, олар бойынша шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданатын мәселелерді алқабилердiң қатысуымен үзiлiс жасамай шешедi. Егер шешімге дауыс берушiлердiң көпшiлiгi жақтап дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледi.
Осы Кодекстің 390-бабы бірінші бөлігінің 9), 10), 11), 12), 13), 15), 16), 17) және 18) тармақтарында және бесінші бөлігінде көзделген мәселелерді судья дербес қарайды.
12. Он бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза, егер осындай шешiмге дауыс берушiлердiң сегiзi және одан да көбi дауыс берсе, тағайындалуы мүмкiн.
13. Өмір бойына бас бостандығынан айыру судья мен алқабилердің бiрауызды шешiмі болған кезде ғана тағайындалуы мүмкiн.
14. Судья мен алқабилердiң жауаптары бар сұрақ парағына судья мен алқабилер қол қояды және ол iс материалдарына қоса тiгiледi.
Ескерту. 656-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.657-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешiмдердің түрлерi
Алқабилер қатысатын сотта қылмыстық iстi талқылау мынадай шешiмдердiң бiрiн:
1) осы Кодекстiң 327-бабында көзделген жағдайларда, iстi тоқтату туралы қаулыны;
2) алқабилер қатысатын сот осы Кодекстiң 654-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiзгi үш сұрақтың ең болмағанда бiреуiне терiс жауап берген жағдайларда, ақтау үкiмiн;
3) осы Кодекстiң 393-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес айыптау үкiмiн қабылдаумен аяқталады.
1. Үкiмді төрағалық етушi осы Кодекстiң 46-тарауында белгiленген тәртiппен, мынадай ерекшелiктерді ескере отырып шығарады:
1) үкiмнiң кiрiспе бөлiгiнде алқабилердiң тегi көрсетiлмейдi;
2) ақтау үкiмiнiң сипаттау-уәждеу бөлiгiнде алқабилер қатысатын сот ақтау кесімін шығарған айыптаудың мәнi жазылады және кесімге сiлтеме болады;
3) айыптау үкiмiнiң сипаттау-уәждеу бөлiгiнде жасалуына сотталушы кiнәлi деп танылған қылмыстық іс-әрекеттiң сипаттамасы, жасалған іс-әрекеттiң саралануы, жаза тағайындаудың уәждері және соттың азаматтық талап қоюға қатысты шешiмiнiң негiздемесi болуға тиiс;
4) үкiмнiң қарар бөлiгiнде үкiмге шағым жасау және оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi туралы түсiндіру қамтылуға тиiс.
2. Yкiмге iс бойынша төрағалық етушi қол қояды.
Ескерту. 658-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).659-бап. Қылмыстық iстi қарауды сотталушының есi дұрыс емес екендiгiнiң анықталуына байланысты тоқтату
1. Егер алқабилер қатысатын соттың iстi талқылауы барысында сотталушы өзiнiң психикалық жағдайы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн емес не оны өзінің әрекеттерiне есеп беру немесе оларды игеру мүмкiндiгiнен айыратын, сот-психиатриялық сараптаманың тиiстi қорытындысымен расталған, жүйке ауруымен ауырды деп есептеуге негiз болатын мән-жайлар анықталса, төрағалық етушi қылмыстық iстi осы Кодекстің 657-бабының 1) тармағына сәйкес тоқтату туралы қаулы шығарады және есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені осы Кодекстiң 11-бөлімінде көзделген тәртiппен жеке-дара қарайды.
2. Қылмыстық істі сотталушының есі дұрыс еместігін анықтауға байланысты тоқтату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану не қолданбау туралы қаулыға осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 659-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).660-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргiзу ерекшелiктерi
1. Сот отырысының хаттамасы осы бапта көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып, осы Кодекстiң 347-бабының талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Хаттамада сот отырысына шақырылған алқабиге кандидаттар құрамы және алқабилер алқасын қалыптастыру барысы мiндеттi түрде көрсетiледi.
3. Алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Сот отырысының хаттамасында сот талқылауының бүкiл барысы оның өтуiнiң дұрыстығын куәландыратындай етiп көрсетілуге тиiс. Атап айтқанда, сот отырысының хаттамасында алқабилерді шеттету немесе алмастыру туралы; осы Кодексте көзделген жағдайларда алқабилерді сот залынан шығару туралы; процеске қатысушылардың заңда алқабилердің қатысуымен мәселелерді талқылауына жол берілмейтіні туралы белгіленген талаптарды сақтамауына байланысты төрағалық етушінің оларға қатысты қабылдайтын шаралары туралы; айыптаушы тараптың дәлелдемелерді беру және оларды зерттеу туралы өтінішхаты немесе мұндай өтінішхаттарының жоқтығы туралы; сұрақ парағына енгізуге жататын сұрақтарды тұжырымдау барысы туралы; алқабиді алмастыру үшін немесе сот тергеуін қайта бастау үшін судья мен алқабилердің кеңесу бөлмесінен шығуы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 660-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 69-тарау. АЛҚАБИЛЕРДIҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛҒАН IСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ
КҮШIНЕ ЕНБЕГЕН ҮКIМДЕРДI, ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНIНДЕГI
IС ЖҮРГIЗУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
661-бап. Алқабилер қатысатын сот шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдер мен қаулыларға шағым жасау және оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Алқабилер қатысатын соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына шағым жасау, оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау тәртiбi осы тарауда белгiленген ерекшелiктер ескеріліп, осы Кодексте көзделген қағидалармен айқындалады.
Ескерту. 661-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).662-бап. Алқабилер қатысатын сот қараған iстерді апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi
1. Апелляциялық сатыдағы сот алқабилер қатысатын соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, прокурордың өтінішхаттарын қараған кезде үкім, қаулы шығарған соттың қылмыстық және қылмыстық-процестік заңның нормаларын сақтағанын тексереді және осының негізінде үкімнің, қаулының заңдылығын, негізділігін және әділдігін тексереді.
2. Апелляциялық сатыда сот шешiмдерiнiң күшiн жоюға немесе оларды өзгертуге:
1) iстiң нәтижесі үшiн елеулі маңызы болуы мүмкiн, жол берілетін дәлелдемелердi талқылаудан негiзсiз алып тастау;
2) тарапқа iстiң нәтижесі үшiн елеулі маңызы болуы мүмкiн дәлелдемелердi зерттеуден негiзсiз бас тартуды білдіру;
3) сот отырысында дәлелдемелер ретiнде жарамсыз, iстiң нәтижесіне ықпал еткен нақты деректердi зерттеу;
4) осы Кодексте көзделген қылмыстық-процестік заңды елеулi түрде бұзу;
5) мыналар:
алқабилер алқасын қалыптастыру;
алқабилердiң қатысуымен талқылануға жатпайтын мәселелердi талқылау;
алқабилердiң шешуiне жататын сұрақтарды тұжырымдау;
сот жарыссөздерін жүргізу кезінде жол берілген, сот төрелігі үкімінің шығарылуына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін бұзушылықтар негіз болып табылады.
3. Апелляциялық саты сотталған адамға неғұрлым жеңіл қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған іс-әрекеттiң өзгертiлген саралануына сәйкес не жаза тағайындалған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы және Ерекше бөліктерінің нормаларын дұрыс қолданбауға байланысты жазаны азайтуға құқылы. Бұл ретте апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқылы емес.
4. Қылмыстық-процестік заңды бұзу прокурордың, жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң дәлелдемелердi ұсыну құқығын шектеген, сондай-ақ осы баптың екiншi бөлiгiнiң 5) тармағында көзделген, оның iшiнде жол берілетін дәлелдемелер негiзсiз алып тасталған жағдайлардан басқа, алқабилер қатысатын соттың ақтау үкiмiнің күшiн апелляциялық сатыда жоюға болмайды.
5. Алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 662-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.663-бап. Істі жаңа сот талқылауына жібере отырып алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою
1. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күші осы Кодекстің 662-бабында көрсетілген негіздер бойынша істі үкім шығарған сотқа, бірақ өзге құрамда жаңа сот талқылауына жібере отырып, толық немесе бір бөлігінде жойылуға жатады.
2. Бұл ретте апелляциялық сатыдағы сот айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, сол немесе өзге де дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі, бір дәлелдемелердің екіншісінің алдында артықшылығы, бірінші сатыдағы соттың сол немесе өзге де қылмыстық заңды және жазалау шарасын қолдануы туралы мәселелерді алдын ала шешуге, сондай-ақ сот жасай алатын түйінді алдын ала шешуге құқылы емес.
3. Үкімнің күші жойылғаннан кейін қылмыстық істі жаңадан қарау кезінде сот осы Кодекстің 447-бабында көзделген талаптарды сақтайды.
70-тарау. АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАЛҒАН ІСТЕР БОЙЫНША
ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН ҮКІМДЕРДІ, ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӨНІНДЕГІ
ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
664-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта қайта қарау
Ескерту. 664-бап алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
665-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
665-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау
Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша шығарылған үкімдерді, қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы осы Кодекстің 485-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағында және екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша не жаза тағайындалған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы және Ерекше бөліктері нормаларының дұрыс қолданылмағанына байланысты жүзеге асырады.
Ескерту. 665-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).666-бап. Алқабилер қатысатын соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау кезінде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу
Соттың айыптау үкiмiн, сондай-ақ қаулысын жазаның жеңiлдiгiне орай неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негiздер бойынша кассациялық тәртіппен қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкiмiн не қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулысын қайта қарауға жол берiлмейдi.
Ескерту. 666-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі). 15-БӨЛІМ. ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ
71-тарау. ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН АЛЫНҒАН МҮЛІКТІ ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН
ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
667-бап. Заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау
1. Күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздестіру жарияланған не оларға қатысты қылмыстық қудалау осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) және 11) тармақтары негізінде тоқтатылған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңсыз жолмен алынған мүлік туралы мәліметтер болған кезде, осы тарауда белгіленген тәртіппен мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғайды.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тәркілеу туралы іс жүргізу үшін материалдарды бөліп шығару туралы қаулы шығарады, оған тәркілеу үшін негіз болған қылмыс туралы қылмыстық іс материалдарының, оның ішінде осы Кодекстің 113-бабының үшінші бөлігінде көзделген мән-жайларды растайтын материалдардың көшірмелері қоса тігіледі.
668-бап. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу
1. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу осы Кодекстің ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады.
2. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізуде осы Кодекстің 113-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген мән-жайлардан басқа, мыналар:
1) мүліктің күдіктіге, айыпталушыға немесе үшінші адамға тиесілігі;
2) мүліктің тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыспен байланысы;
3) мүлікті үшінші адамның сатып алуының не мүлік құқық бұзушылық нәтижесінде сатып алынған деп пайымдауға негіз болатын мән-жайлар дәлелденуге жатады.
3. Күдіктінің, айыпталушының мүлікті басқа адамдарға қайта ресімдеу арқылы оны жасырғаны туралы куәландыратын мән-жайлар анықталған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс бойынша мемлекеттің немесе жәбірленушілердің мүддесінде мәмілелерді (сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға, сенімгерлік басқаруға беру және басқаларын) азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа өтініш жасау туралы мәселені шешу туралы өтінішхатпен прокурорға жүгінеді.
4. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тәркілеу туралы іс жүргізуде мүліктің заңсыз жолмен алынғаны туралы жеткілікті дәлелдемелер жиналды деп тани отырып, қорытынды жасайды, онда:
1) күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрғылықты немесе тұрған жері мен мекенжайы, туған жылы, айы, күні;
2) тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыс туралы мәліметтер, қылмысты саралау, оны жасаудың мән-жайы, қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
3) тәркіленуге жататын мүліктің сипаты мен тұрған жері;
4) осы баптың екінші бөлігінде көзделген, мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
5) тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінудің қажеттігі туралы түйін көрсетіледі.
5. Тәркілеу туралы іс жүргізу аяқталғаннан кейін ол бойынша қорытынды материалдарымен бірге дереу прокурорға жіберіледі.
6. Прокурор қорытындыны қарап шығып, қылмыстық қудалау органы тергейтін қылмыс туралы қылмыстық іс соттылығына жататын сотқа тәркілеу туралы өтінішхатпен жүгінеді.
Тәркілеу туралы өтінішхатта:
1) өтінішхаттың жасалған уақыты мен орны;
2) өтінішхатты жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні;
3) тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыс туралы мәліметтер, қылмыстың саралануы, оны жасаудың мән-жайлары;
4) күдіктінің, айыпталушының аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрғылықты жері мен мекенжайы, туған жылы, айы, күні;
5) қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
6) тәркіленуге жататын мүлікке тыйым салу туралы мәліметтер;
7) тәркіленуге жататын мүліктің сипаттамасы және тұрған жері;
8) осы баптың екінші бөлігінде көзделген мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тізбесі;
9) тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге негіз болатын дәлелдер;
10) тәркілеу туралы іс жүргізу шығыстарының болжамды мөлшері көрсетіледі.
Өтінішхаттың жіберілгендігі туралы қорғаушыға (ол қатысқан кезде), жәбірленушіге, оның өкіліне хабарланады.
Өтінішхатқа сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты, оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері көрсетіледі.
7. Өтінішхатпен сотқа жүгінуге негіздер болмаған жағдайда, прокурор қосымша дәлелдемелер жинау қажеттігі немесе тәркілеу туралы іс жүргізуді тоқтату туралы көрсете отырып, қорытынды мен материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады.
8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді прокурор он тәулік ішінде жүзеге асырады.
669-бап. Соттың тәркілеу туралы өтінішхатты қарауы
1. Судья тәркілеуді қолдану туралы мәселені жеке-дара шешеді.
2. Сот талқылауы осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріліп, осы Кодекстің ережелері сақтала отырып жүргізіледі.
Судья қосымша материалдарды зерттеу қажет болған кезде қылмыстық істі талап етіп алдыруға құқылы.
3. Сот отырысына өтінішхатпен жүгінген прокурор қатысады.
4. Сот отырысына қаралып отырған өтінішхатқа қатысты айғақтар беру үшін күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы қатысып отырған кезде – оның өтінішхаты бойынша басқа адамдар да шақырылуы мүмкін.
670-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері
1. Тәркілеу туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша сот қаулы шығарады.
2. Сот қаулы шығарған кезде мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, күдікті, айыпталушы мүлкінің тәркілеуге негіз болып табылатын қылмыспен байланысты-байланыссыз екені;
2) үшінші адам мүлкінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген тәсілмен сатып алынған-алынбағаны;
3) тәркілеудің қолданылуға жататын-жатпайтыны және ол мүліктің қай бөлігіне қолданылуға тиіс екені;
4) тыйым салынған немесе алып қойылған, оған қатысты тәркілеу қолданылмайтын мүлікпен не істеу керектігі;
5) тәркілеу туралы іс жүргізу шығыстарының мөлшері қандай және оның кімге жүктелетіні туралы мәселелерді шешеді.
671-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі
1. Кеңесу бөлмесінде сот:
1) өтінішхатты қанағаттандыру және мүлікті тәркілеу;
2) тәркілеу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
2. Қаулының көшірмесі прокурорға және процестің басқа да қатысушыларына табыс етіледі не тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша сот талқылауына қатыспаған қатысушыларға пошта арқылы жіберіледі.
Қаулының көшірмесі мүлкі тәркіленетін адамға табыс етіледі.
3. Қаулы шығарған сот қаулы заңды күшіне енгеннен кейін тиісті әділет органына атқару парағын, мүлік тізімдемесінің көшірмесін және қаулының көшірмесін мүлікті тәркілеу туралы үкімдерді орындау үшін белгіленген тәртіппен орындауға жібереді.
Ескерту. 671-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).672-бап. Тәркілеу туралы қаулыға шағым жасау, оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау
Соттың тәркілеу туралы қаулысына осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы, ол прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы, оған наразылық білдірілуі мүмкін.
Ескерту. 672-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 16-БӨЛІМ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
72-тарау. ОСЫ КОДЕКСТІҢ КЕЙБІР ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ
673-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі
1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қылмыстық қудалау органдарына келіп түскен және олар бойынша қылмыстық іс қозғау туралы немесе қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданбаған қылмыстар туралы арыздар мен хабарлар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Осы Кодекстің Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы 173-бабының ережелері "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңдары қолданысқа енгізілген күннен бастап және соларға сәйкес қолданысқа енгізіледі.
3. Осы Кодекстің 71-тарауының заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі туралы ережелері 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын бөлімшелердің іс жүргізуіндегі жедел есепке алу істерін жүргізу жалғастырыла береді. Тиісті негіздемелер болған кезде осындай жедел есепке алу істерінің материалдары тергеулігі ескеріле отырып, осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына беріледі.
5. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні қылмыстық қудалау органдарының іс жүргізуіндегі қылмыстық істер осы Кодекске сәйкес олардың тергеулігі өзгергеніне қарамастан, тергеп-тексеру аяқталғанға дейін осы органдардың іс жүргізуінде қалады.
6. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін басталған жедел-іздестіру іс-шаралары, тергеу әрекеттері мен процестік әрекеттер Кодекс күшіне енгізілгенге дейін қолданыста болған тәртіппен аяқталады. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгеннен кейін жедел-іздестіру іс-шаралары, тергеу әрекеттері мен процестік әрекеттер "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін алынған дәлелдемелердің жол берілетіндігі Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен айқындалады.
8. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін анықтау және алдын ала тергеу барысында қолданылған бұлтартпау шаралары, мүлікке тыйым салу, лауазымынан шеттету осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды өзгерткен, олардың күшін жойған немесе олар тоқтатылған кезге дейін өзінің қолданылуын жалғастыра береді.
8-1. Тоқтата тұру туралы шешім осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған тоқтата тұрылған қылмыстық іс бойынша іс жүргізу осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қайта басталады.
Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізуге іс қабылданған кезден бастап бір айдан асырылмай жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін одан әрі ұзарту осы Кодексте көзделген жалпы негіздерде жүргізіледі.
9. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні айыптау қорытындысымен, айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасымен, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберілмеген қылмыстық істер осы Кодекстің ережелеріне сәйкес тергеледі, сотқа жіберіледі және оларды бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттар осы Кодекстің ережелеріне сәйкес қарайды.
10. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін айыптау қорытындысымен, айыптау хаттамасымен, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасымен, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа келіп түскен қылмыстық істерді бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қарайды.
11. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген қылмыстық істерді тергеп-тексеру, осындай істерді сот прокурорға қосымша тергеп-тексеру жүргізу үшін қайтарған жағдайда, осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі.
12. Бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні заңды күшіне енгізілмеген сот актілеріне осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған апелляциялық тәртіппен және мерзімдерде шағым жасалуы мүмкін.
13. Бірінші сатыдағы сот қабылдаған және осы Кодекс қолданысқа енгізілген күні заңды күшіне енгізілмеген, шағым жасалмаған сот актілері осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен заңды күшіне енеді.
14. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қаралған қылмыстық істер бойынша немесе қаралуы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін аяқталмаған істер бойынша апелляциялық және кассациялық шағымдар, сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауы туралы өтінішхаттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен беріледі және қаралады.
15. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін тиісті прокурорларға ұсынылған, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхаттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қаралады және сотқа беріледі.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күнге дейін сотқа ұсынылған, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау туралы өтінішхаттарды, сондай-ақ ол қолданысқа енгізілгеннен кейін осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес прокурорлар ұсынған өтінішхаттарды тиісті соттар осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған тәртіппен қарайды.
16. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы не наразылық білдірілуі мүмкін.
Осы Кодекстің 484-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған сот актілеріне 2016 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық сатысына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Ескерту. 673-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.73-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
674-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және кейбір заңнамалық актілердің күші жойылды деп тану туралы
1. Осы Кодекс, 673-баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, қолданысқа енгізілуі үшін өзгеше мерзімдер белгіленген ережелерді қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап мына заңнамалық актілердің:
1) 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар; № 7, 36-құжат; № 13, 62, 64-құжаттар; № 14, 72, 74-құжаттар; № 15, 76, 78-құжаттар; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 11-құжат; № 8, 49-құжат; 2014 жылғы 14 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
2) "Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін қолданысқа енгізу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 336-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 15-16, 239-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |