"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қарашадағы № 1260 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж.,» 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):
      1-бап мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      «мемлекеттік органның жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін іс-шараларды мемлекеттік органның жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, іске асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
      әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін іс-шараларды облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
      ұйымның жұмылдыру жоспары - жұмылдыру тапсырыстарын орындау үшін ұйымдардың іс-шараларды жүзеге асыру мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;
      тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспары - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің және Қазақстан Республикасы халқының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұйымдарға жұмылдыру тапсырыстарын белгілейтін жоспар;
      әскери міндеттілерді бекітіп қою - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және еңбек ресурстарын сақтау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар;»;
      7-1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізеді;»;
      8-бапта:
      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу кезінде ұйымдардың өндірістік, қаржылық және қоймалық мүмкіндіктеріне талдау жүргізеді;
      4-2) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 6-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-2) мемлекеттік органдардың жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, бекітеді және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ экономиканың іркіліссіз жұмыс істеуін және Қазақстан  Республикасы халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында арнайы құралымдарды ұйымдастырады және қызметін қамтамасыз етеді;»;
      9-бапта:
      1-тармақта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға тиіс азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өздерінің басқаруындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;»;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ экономиканың іркіліссіз жұмысы істеуін және Қазақстан Республикасы халқының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқарудың тиісті саласында арнайы құралымдарды ұйымдастырады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, бекітеді және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды өткізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу кезінде ұйымдардың өндірістік, қаржылық және қоймалық мүмкіндіктеріне талдау жүргізеді;
      7-2) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқуларды (жаттығуларды) өткізуге қатысады;»;
      2-тармақта:
      5), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде шақырылуға тиіс азаматтарды уақтылы құлақтандыруды және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарғы техника беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жұмылдыру және соғыс жағдайы кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өздерінің басқаруындағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігін қорғаныс мұқтаждарына береді;
      6) әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарларын әзірлейді, бекітеді және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келіседі, тиісті әкімшілік аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды өткізеді;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу кезінде ұйымдардың өндірістік, қаржылық және қоймалық мүмкіндіктеріне талдау жүргізеді;
      7-2) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқуларды (жаттығуларды) өткізуге қатысады;»;
      10-бапта:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) «жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін өндірістік, қаржылық және қоймалық мүмкіндіктері туралы мемлекеттік органдарға шынайы ақпарат береді;»;
      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «4-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқуларды (жаттығуларды) өткізуге қатысады;»;
      14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды көлік құралдарымен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының аумағында әскери-көліктік міндет белгіленеді.»;
      2. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      11-баптың 33) тармақшасы алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми-жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам мобилизационной подготовки и мобилизации"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2014 года № 1260

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам мобилизационной подготовки мобилизации».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Проект           

ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам мобилизационной
подготовки и мобилизации

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Закон Республики Казахстан от 16 июня 1997 года «О мобилизационной подготовке и мобилизации» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 11, ст. 155; 2004 г., № 23, ст. 142; 2006 г., № 16, ст. 104; 2007 г., № 10, ст. 69; 2010 г., № 17-18, ст. 108; 2011 г., № 5, ст. 43; № 11, ст. 102; 2012 г., № 4, ст. 32; 2013 г., № 14, ст. 72; 2014 г., № 1, ст. 4; № 7, ст. 37):
      статью 1 дополнить абзацами одиннадцатым, двенадцатым, тринадцатым, четырнадцатым и пятнадцатым следующего содержания:
      «мобилизационный план государственного органа - совокупность документов, определяющих содержание, объем, порядок и сроки осуществления мероприятий государственным органом для выполнения мобилизационного задания;
      мобилизационный план административно-территориальной единицы - совокупность документов, определяющих содержание, объем, порядок и сроки осуществления мероприятий акиматами областей, города республиканского значения, столицы, акиматами районов (городов областного значения) для выполнения мобилизационного задания;
      мобилизационный план организации - совокупность документов, определяющих содержание, объем, порядок и сроки осуществления мероприятий организациями для выполнения мобилизационных заказов;
      план производства товаров, выполнения работ и оказания услуг на соответствующий период - утверждаемый Правительством Республики Казахстан план, устанавливающий мобилизационные заказы организациям для удовлетворения потребностей Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных государственных органов, административно-территориальных единиц и населения Республики Казахстан в период мобилизации, военного положения и в военное время;
      бронирование военнообязанных - мероприятия, проводимые в целях обеспечения бесперебойной работы государственных органов и организаций и сохранения трудовых ресурсов в период мобилизации, военного положения и в военное время;»;
      статью 7-1 дополнить подпунктом 8-1) следующего содержания:
      «8-1) проводит военно-экономические и командно-штабные учения (тренировки);»;
      в статье 8:
      дополнить подпунктами 4-1), 4-2) следующего содержания:
      «4-1) проводят анализ производственных, финансовых и складских возможностей организаций при установлении мобилизационных заказов;
      4-2) организуют и проводят работу по бронированию военнообязанных;»;
      дополнить подпунктом 6-2) следующего содержания:
      «6-2) разрабатывают, утверждают и согласовывают с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки мобилизационные планы государственных органов;»;
      дополнить подпунктом 8-1) следующего содержания:
      «8-1) организуют и обеспечивают деятельность специальных формирований в соответствующей сфере государственного управления для выполнения задач в интересах Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных государственных органов, а также для обеспечения бесперебойной работы экономики и жизнедеятельности населения Республики Казахстан в период мобилизации, военного положения и в военное время;»;
      в статье 9:
      в пункте 1:
      подпункт 5) изложить в следующей редакции:
      «5) организуют и обеспечивают в пределах соответствующих административно-территориальных единиц своевременное оповещение и доставку граждан, подлежащих призыву, поставку техники на сборные пункты или в воинские части и специальные государственные органы, предоставляют по решению Правительства Республики Казахстан для нужд обороны находящуюся в их управлении областную (города республиканского значения, столицы) коммунальную собственность в период мобилизации и военного положения;»;
      дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      «5-1) создают специальные формирования в соответствующей сфере государственного управления и обеспечивают их деятельность для выполнения задач в интересах Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных государственных органов, а также для обеспечения бесперебойной работы экономики и жизнедеятельности населения Республики Казахстан в период мобилизации, военного положения и в военное время;»;
      подпункт 6) изложить в следующей редакции:
      «6) разрабатывают, утверждают и согласовывают с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки мобилизационные планы административно-территориальных единиц, проводят мероприятия по мобилизационной подготовке в пределах соответствующих административно-территориальных единиц;»;
      дополнить подпунктами 7-1), 7-2) следующего содержания:
      «7-1) проводят анализ производственных, финансовых и складских возможностей организаций при установлении мобилизационных заказов;
      7-2) принимают участие в проведении военно-экономических и командно-штабных учений (тренировок);»;
      в пункте 2:
      подпункты 5), 6) изложить в следующей редакции:
      «5) организуют и обеспечивают в пределах соответствующих административно-территориальных единиц своевременное оповещение и доставку граждан, подлежащих призыву, поставку техники на сборные пункты или в воинские части и специальные государственные органы, предоставляют по решению Правительства Республики Казахстан для нужд обороны находящуюся в их управлении районную (города областного значения) коммунальную собственность в период мобилизации и военного положения;
      6) разрабатывают, утверждают и согласовывают с уполномоченным органом в области мобилизационной подготовки мобилизационные планы административно-территориальных единиц, проводят мероприятия по мобилизационной подготовке в пределах соответствующих административно-территориальных единиц;»;
      дополнить подпунктами 7-1), 7-2) следующего содержания:
      «7-1) проводят анализ производственных, финансовых и складских возможностей организаций при установлении мобилизационных заказов;
      7-2) принимают участие в проведении военно-экономических и командно-штабных учений (тренировок)»;
      в статье 10:
      в пункте 1:
      дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:
      «2-1) предоставляют достоверную информацию государственным органам по производственным, финансовым и складским возможностям для установления мобилизационного заказа;»;
      дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      «4-1) принимают участие в проведении военно-экономических и командно-штабных учений (тренировок);»;
      пункт 1 статьи 14 изложить в следующей редакции:
      «1. Для обеспечения средствами транспорта Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, специальных государственных органов на период мобилизации, военного положения и в военное время на территории Республики Казахстан устанавливается военно-транспортная обязанность.».
      2. В Закон Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года «О гражданской защите» (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2014 г., № 7, ст. 36; Закон Республики Казахстан от 29 сентября 2014 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 2 октября 2014 года; Закон Республики Казахстан от 7 ноября 2014 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам дальнейшего совершенствования системы государственного управления», опубликованный в газетах «Егемен Қазақстан» и «Казахстанская правда» 8 ноября 2014 года):
      подпункт 33) статьи 11 исключить.
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан