«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы» мемлекеттік мекемесіне Шырақбек Қабылбаевтың есімі берілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе заң институты» мемлекеттік мекемесіне Малкеджар Бөкенбаевтың есімі берілсін.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тiзбесiнде:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы.
13. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты.».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов