"Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 848 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 1322 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 848 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарына арналған резервінен 379068343 (үш жүз жетпіс тоғыз миллион алпыс сегіз мың үш жүз қырық үш) теңге 04 тиын сомасында қаражат, оның ішінде:
      1) «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі жобасын басқаруға 9900000 (тоғыз миллион тоғыз жүз мың) теңге;
      2) «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін әзірлеуге 147129920 (бір жүз қырық жеті миллион бір жүз жиырма тоғыз мың тоғыз жүз жиырма) теңге;
      3) серверлік жабдықтарды сатып алуға 101360999 (бір жүз бір миллион үш жүз алпыс мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) теңге 04 тиын;
      4) деректерді сақтау жүйесін сатып алуға 120677424 (бір жүз жиырма миллион алты жүз жетпіс жеті мың төрт жүз жиырма төрт) теңге бөлінсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 848 "О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 декабря 2014 года № 1322

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2014 года № 848 «О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан» следующее изменение:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Выделить Генеральной прокуратуре Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2014 год на неотложные затраты, средства в сумме 379068343 (триста семьдесят девять миллионов шестьдесят восемь тысяч триста сорок три) тенге 04 тиын, из них на:
      1) управление проектом информационной системы «Единый реестр досудебных расследований» в сумме 9900000 (девять миллионов девятьсот тысяч) тенге;
      2) разработку информационной системы «Единый реестр досудебных расследований» в сумме 147129920 (сто сорок семь миллионов сто двадцать девять тысяч девятьсот двадцать) тенге;
      3) приобретение серверного оборудования 101360999 (сто один миллион триста шестьдесят тысяч девятьсот девяносто девять) тенге 04 тиын;
      4) приобретение системы хранения данных 120677424 (сто двадцать миллионов шестьсот семьдесят семь тысяч четыреста двадцать четыре) тенге.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов