Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 848 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарына арналған резервінен 379068343 (үш жүз жетпіс тоғыз миллион алпыс сегіз мың үш жүз қырық үш) теңге 04 тиын сомасында қаражат, оның ішінде:
1) «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі жобасын басқаруға 9900000 (тоғыз миллион тоғыз жүз мың) теңге;
2) «Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін әзірлеуге 147129920 (бір жүз қырық жеті миллион бір жүз жиырма тоғыз мың тоғыз жүз жиырма) теңге;
3) серверлік жабдықтарды сатып алуға 101360999 (бір жүз бір миллион үш жүз алпыс мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) теңге 04 тиын;
4) деректерді сақтау жүйесін сатып алуға 120677424 (бір жүз жиырма миллион алты жүз жетпіс жеті мың төрт жүз жиырма төрт) теңге бөлінсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов