Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) таратылатын кәсіпорын кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті "Ақпараттық-талдау орталығы" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683; 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 405 қаулысының 1-тармағының 5) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 221 -құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 128 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27, 36-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |