Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 405 Қаулысы.

      "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсiпорындар) құрылсын:

      1) "Meктепке дейiнгi балалық шақ" республикалық орталығы";

      2) "Республикалық бiлiктiлiктi растау және беру орталығы";

      3) "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы";

      4) "Ұлттық аккредиттеу орталығы";

      5) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1392 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2014 № 1392 қаулысымен.

      2. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;

      2) кәсiпорындардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсiн;

      3) ocы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.

      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Pеспубликасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады