Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 541-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты негізінде мүліктік жалдауға тапсыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессиялар туралы заңнамалық актілерінде белгіленеді.»;
2) 883-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, концессиялар туралы заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 36-бапта:
1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартының қолданылу мерзіміне;».
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi түрiнде және тозған әрi бүлiнген жердi қалпына келтiру үшiн берiлетiн жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жер учаскелерін беру жағдайларында бес жылдан аспауға тиiс.»;
2) 48-баптың 1-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестерге не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге;»;
3) 114-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша темір жолдар мен темір жол көлігінің объектілеріне бөліп берілген жер жатады.».
3. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 19 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
8, 9-бөлiмдердiң, 30, 31, 32 және 33-тараулардың, 151, 156, 160, 161, 162, 163, 164, 165 және 230-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары»;
«9-бөлім. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер»;
«30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау»;
«31-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру»;
«32-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер»;
«33-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелері»;
«151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы жалпы ережелер»;
«156-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздер»;
«160-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер туралы, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер туралы жалпы ережелер»;
«161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді есепке алу және олардың мониторингі»;
«162-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауы және орындауы»;
«163-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауы»;
«164-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді қабылдауын шектеу»;
«165-бап. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерді орындауы»;
«230-бап. Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іріктеу»;
2) 3-бапта:
1-тармақ:
мынадай мазмұндағы 33-2) тармақшамен толықтырылсын:
«33-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы – «Мемлекеттік жекешелік-әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 56-3) тармақшамен толықтырылсын:
«56-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер – жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша белгілі бір күнге мемлекеттік бюджеттен бөлініп, мемлекеттік әріптес қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің сомасы бойынша мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;»;
3) 39-баптың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау;»;
4) 53-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындауға, халықаралық ынтымақтастыққа, қолданбалы ғылыми зерттеулерге және нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етуге;»;
5) 54-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;»;
6) 55-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;»;
7) 56-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаларға, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауға;»;
8) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»;
9) 71-баптың 3-тармағының он бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;»;
10) 79-баптың 2-тармағында:
екінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi;»;
үшінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететiн, іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесi;»;
11) 110-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға бағытталған бюджет қаражатының шығыстары бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайды.»;
12) 141-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) республикалық бюджет қаражатының, оның iшiнде нысаналы трансферттер мен кредиттердiң, байланысты гранттардың, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауды қаржыландырудың, сондай-ақ мемлекеттiң кепiлгерлiктерi мен активтерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
13) 143-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) объектiлердi мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін бюджеттiк кредиттер беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің орындалуын қаржыландыру, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн, байланысты гранттарды және мемлекет активтерiн беру шарттары мен рәсiмдерiнiң сақталуын бақылауды, сондай-ақ оларды пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;»;
151-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.»;
3-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналар:
«1) бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, концессиялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi ретiндегi меншiк түрi бойынша критерий;»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттiк инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын республикалық ретiнде айқындау үшiн олардың осы баптың 3-тармағында көрсетiлген критерийлердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.
5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген критерийлердiң негiзiнде жүзеге асырылады.»;
15) 154-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды негізінде қаржылық-экономикалық негіздемелер енгізеді.»;
16) мынадай мазмұндағы 154-1, 154-2, 154-3 және 154-4-баптармен толықтырылсын:
«154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын
жоспарлау
1. Мемлекеттік бюджеттен шығыстар көзделетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын бюджеттік бағдарлама әкімшісі әзірлейді және оларды осы Кодекстің 152-бабында көзделген инвестициялық ұсыныс кезеңін өткізбей, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы салалық сараптама жасауға жатады.
3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды дайындайды.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тұжырымдамасының орындылығы туралы экономикалық қорытынды негізінде үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) бюджетті әзірлеу сатысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу және сараптама жасау;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) шартқа қол қою.
5. Тиісті бюджеттік комиссияның оң шешімі бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуына жұмсалатын шығыстар бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, қаржылық-экономикалық негіздемені ұсыну туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
154-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының
тұжырымдамасын әзірлеу
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуге Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тұжырымдамасының негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2. Тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органдары немесе жергiлiктi атқарушы органдар республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына талдау жүргiзу және оны пысықтау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаларды тартады.
3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша қорытынды дайындайды.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға тартылатын болса, оның сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша қорытынды дайындайды.
4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган бюджеттiк комиссиялар мақұлдаған, тұжырымдамаларда қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесiн қалыптастырады, олардың конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
154-3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының
конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету,
сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
1. Бюджеттiк комиссиялар мақұлдаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тұжырымдамаларында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттамаларды әзiрлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларды әзiрлеуге немесе түзетуге бөлiнген қаражаттың игерiлу кезеңi бiр жылдан асатын, бiрақ тиiстi бюджеттiк комиссияның ұсынысында айқындалған мерзiмнен аспайтын мерзiмдi құрауы мүмкiн.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеудi немесе түзетудi қаржыландыру мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергiлiктi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына сараптамаға жiбередi.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жiбередi.
4. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалардың негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындыларды қалыптастырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi.
5. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес тиiстi сараптамалар мен келiсулер негiзiнде конкурстық құжаттама бойынша қорытындыларды қалыптастырады және оларды тиiстi бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi.
6. Конкурстық құжаттамаға тиiстi бюджеттiк комиссияның қарауынсыз мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi енгізуге жол берiлмейдi.
7. Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде не жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасында қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерiн ескере отырып, жүзеге асырады.
8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажеттi сараптамалар жүргiзуге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органы айқындайды.
154-4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын
консультациялық сүйемелдеу
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылады.
2. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиiстi бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi.
3. Бюджеттiк комиссиялар мақұлдаған әрбiр мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық сүйемелдеу жөнiндегi қызметтердi қаржыландыру көлемдерi бойынша мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi орган консультациялық сүйемелдеу жөнiндегi көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады, ол мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуге, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергiлiктi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуге, қажет болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.»;
17) 155-2-баптың 7-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер концессия жобасының маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерiн ескере отырып, конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес жүзеге асырады.»;
18) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«156-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша
мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік
концессиялық міндеттемелерді қабылдау үшін негіздер
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) келіссөздер хаттамасының, ол болған кезде;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы бюджеттік комиссия ұсыныстарының болуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау үшін негіз болып табылады.
2. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау концессия шарттарына қол қою арқылы жүзеге асырылады.
Мыналардың:
1) келіссөздер хаттамасының, ол болған кезде;
2) Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес құрылған концессия жөніндегі комиссияның конкурс жеңімпазын айқындау туралы ұсыныстарының;
3) бюджеттiк комиссияның мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау туралы ұсыныстарының болуы мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.»;
19) мынадай мазмұндағы 158-1-баппен толықтырылсын:
«158-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске
асыру
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде іске асырылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуы мониторингін шарттық қатынастарды орындау кезеңінде тиісті саланың орталық уәкілетті органы жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
20) 160, 161, 162, 163, 164 және 165-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«160-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша
мемлекеттік міндеттемелер туралы, оның ішінде
мемлекеттік концессиялық мiндеттемелер туралы жалпы
ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік және (немесе) концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер:
1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi;
2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi болып бөлiнедi.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындау республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
4. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiн орындау жергiлiктi бюджеттер қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар бiр-бiрiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерi жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер толық төленген кезде орындалған болып есептеледi.
Жекеше әріптес не концессионер мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартын тиiсiнше орындамаған жағдайда, мемлекеттік- жекешелік әріптестік не концессия шартында қамтылған, қабылданған мiндеттемелердi жекеше әріптестің не концессионердiң орындауын бағалау өлшемшарттары негiзiнде мемлекеттік әріптес не концедент мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер көлемiн азайтуды жүргiзедi.
7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
8. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн айқындау әдiстемесiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекiтедi.
161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша
мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк
концессиялық мiндеттемелердi есепке алу және олардың
мониторингi
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ол белгiлеген тәртiппен тiркеуге және есепке алуға жатады.
2. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
3. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң мониторингiн жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердiң мониторингi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
162-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша
мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк
концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы және орындауы
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер қабылдауы:
1) іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тiзбесiн қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн белгiлеу;
3) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң әрбiр жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимитпен шектеледi.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттік әріптес не концедент жүзеге асырады.
163-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік
міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық
мiндеттемелердi қабылдауы
1. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы:
1) іске асыруға жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;
2) жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн белгiлеу;
3) жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының әрбiр жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша шешiмi негiзiнде жүзеге асырады.
164-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік
міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық
мiндеттемелерді қабылдауын шектеу
1. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң белгiленген лимитiмен шектеледi.
2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн үш жылдық кезеңге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгiлейдi.
165-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауы
Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауын жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен мемлекеттік әріптес не концедент жүзеге асырады.»;
26) 226-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.»;
27) 227-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiлерiн құруға ғана пайдаланылады.»;
28) 228-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстiң 233-бабына сәйкес қарыз алушының мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiсiн мемлекетке беруiнiң мiндеттiлiгi;»;
29) 229-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыру.»;
30) 230-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«230-бап. Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн
ұлғайту үшiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік
жобаларын iрiктеу
Мемлекет кепiлгерлiктерiн беру немесе олардың көлемiн ұлғайту үшiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын iрiктеудi бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісім бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.».
4. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24,. 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.».
5. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-II, 96-құжат):
1) 13-баптың 1-тармағының 4-5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартының жобасын, оның ішінде, оларға табиғи монополиялар саласына жататын қызметтер көрсетілуге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды енгізу кезінде келіседі;»;
2) 15-1-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Өз қызметiн мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру мен бекітудің уәкілетті орган айқындайтын тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартында көзделеді.».
6. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;»;
2) 4-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы не концессиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында берілуі мүмкін.»;
3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері)
1. Қазақстан Республикасында осы Заңда және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері, көпірлер, өткерме жолдар) салынуы мүмкін. Ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) салынуы мен пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Жолдың бүкіл ұзындығы бойында көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығы қамтамасыз етіле отырып, жүріп өтудің жоғары сапада болу шарты орындалған кезде автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы төлеу енгізіледі.
3. Ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың меншікті және (немесе) қарыз қаражаты есебінен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріпстестік негізінде салынуы мүмкін.
Ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін автомобиль жолы (жол учаскесі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық операторға немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушыларына беріледі.
Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен және мөлшерлеме бойынша алынады.
4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолын пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушыларымен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушыларымен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жария шарт болып табылады.
5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы алудан түскен ақша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты негізінде алынатын ақшаны қоспағанда, Ұлттық оператордың жеке шотында есепке алынады және мынадай кезектілікпен:
1) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) жөндеуге және күтіп-ұстауға, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауға;
2) автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) ақылы қозғалысты ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталады.
6. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) салу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген қаржыландыру көздері пайдаланылады.
7. Жергілікті атқарушы органдарға автомобиль жолдарын пайдаланушылардан алынатын, қолданылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген және жүктерді алып өту мен жолаушылардың еркін жүріп-тұруын тікелей немесе жанама түрде шектейтін салықтар, алымдар және төлемдер белгілеуіне тыйым салынады.
4) 5-2-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін)
пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты негізінде салынған (реконструкцияланған) және пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген автокөлік құралдары босатылмайды.»;
5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жер пайдаланушыларға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жол сервисі объектілерін салу, күтіп-ұстау және дамыту үшін автомобиль жолының санатына қарай белгіленген нормалар негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер және жобалау құжаттамасына сәйкес жол бойындағы белдеу учаскелері беріледі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында немесе Ұлттық операторға сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажеттеріне арналған жер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жол органына - жерді тұрақты пайдалануға, автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге жерді уақытша пайдалануға бөлінеді.»;
6) 9-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеу жерлері жол органдарының және өзге тұлғалардың иелігінде және пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, аббатандыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ғана арналады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органы, Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге басқарушылар пайдаланбайтын жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеуі, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.»;
7) 12-баптың 2-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн мөлшерлемелердің мөлшерiн белгілеу;»;
8) 13-баптың 2-тармағының 2) және 2-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2-1) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін ставкалардың мөлшерін әзірлеу;»;
9) 17-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын не концессия шарттарын орындауға байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
10) 20-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) төлеу тәсілдері және (немесе) көлік құралының техникалық сипаттамалары бойынша сараланған, белгіленген ақпараттық таблоға сәйкес көлік құралдарының тиісті қозғалыс белдеуімен жүріп өтуін жүзеге асыруға, ақы алу пункті арқылы Ұлттық оператор немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолдарын өзге басқарушылары белгілеген жылдамдық режимін және жүріп өту қашықтығын сақтауға міндетті.».
7. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 23, 315-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 87-құжат; № 14, 89-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23- құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111- құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 26), 27), 28) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«26) мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша темiржолдар – мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрі магистральдық темiржол желiсiне енгiзiлмеген темiржолдар;
27) мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша темiржол көлiгiнiң объектiлерi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрі магистральдық темiржол желiсiне енгiзiлмеген объектiлер;
28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржол қызметтерi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi қызметтер;»;
2) 5-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Магистралдық темiржол желiсiне жатпайтын темiржолдар жеке пайдалану объектiсi болып табылуы және жеке меншiкте, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары негізінде жеке меншiкте болуы мүмкiн.
3. Жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша концессионерге теміржолдарға және теміржол көлігі объектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартының мерзіміне иелену мен пайдалану құқығы беріледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша теміржолдар және теміржол көлігінің объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартының мерзімі аяқталғанға дейін магистралдық теміржол желісінің құрамына енгізілмейді.»;
3) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық инфрақұрылым операторының көрсетілетiн қызметтерімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.»;
4) 16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұлттық инфрақұрылым операторы жекеше әріптеспен не концессионермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартын іске асыру үшін тараптардың өзара қарым-қатынастарын регламенттейтін шарт жасасуға міндетті.»;
5) 18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша теміржолдар мен теміржол көлігінің объектілеріне бөлінген жерлер жатады.»;
6) 49-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иеленушілердің кінәсінен орын алған магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша теміржолдарда тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына әкеп соққан вагондардың бос тұрғаны (контейнерлердің кідіртілгені) үшін олар көрсетілген жолдардың иеленушісіне соларда тұрған уақыты үшін төлеген төлемдерін тасымалдаушыға өтеуге міндетті.»;
7) 57-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе мемлекеттік- жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптестің келісімімен жүзеге асырылады.
Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптес не концессионер кiрме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады.».
8. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 3), 6), 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) инвестициялар – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа)»;
«6) инвестициялық жоба – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында құру, кеңейту, жаңарту бойынша өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi;»;
«8) инвестициялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөнiндегi, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қызметi;»;
2) 15-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты шеңберінен тыс жүзеге асырылса;».
9. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат):
5-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында қоғам құру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.».
10. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-II, 96-құжат):
1) 1-баптың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«38) инфрақұрылымдық облигация – эмитент мiндеттемелерiнiң орындалуы арасында мемлекетке берiлетiн объект құнына сәйкес сомада мемлекет пен эмитент арасында жасалған инфрақұрылымдық жобаны iске асыру жөнiндегi мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты шеңберiнде мемлекеттiң кепiлгерлiгiмен қамтамасыз етiлген облигация;»;
2) 18-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инфрақұрылымдық облигациялардың айналысы мерзiмi iшiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартының талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн кемсiтуге әкеп соқтыратындай етiп өзгертуге жол берiлмейдi не құрылымдық облигацияларды ұстаушылардың барлығының немесе олардың өкілдерінің келісімімен жол беріледі.».
11. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж, № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электр станцияларын, электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау және салу, сондай-ақ оларды пайдалану мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары негізінде салынған кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілері, шағын станциялар мен тарату құрылғылары осы шарттардың қолданылу кезеңінде жекеше әріптестің не концессионердің уақытша иеленуінде және пайдалануында болады және олар құрылған кезден бастап республикалық меншікке беріледі.
4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары негізінде салынған кернеуі 220 киловольт және одан жоғары өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желілерін, шағын станцияларды, тарату құрылғыларын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, сондай-ақ пайдалануды жүйелік оператор шарттар негізінде жүзеге асырады.».
12. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-II, 96-құжат):
1) 1-бапта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе), мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, (акциялары (жарғылық капиталына қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдарға тиесілі заңды тұлғалардан басқа), заңды тұлға;»;
19) тармақша алып тасталсын;
2) 2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
3) 1-1-тарау алып тасталсын;
4) 14-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) концессиялық жобаны іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі;»;
5) 15-2-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерiн ескере отырып, конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес жүзеге асырады.»;
6) 18-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әлеуетті концессионер бiлiктiлiк талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, ол осындай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық түрлері бойынша жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi.»;
7) 19-баптың 6-тармағы алып тасталсын;
8) 20-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгiлейтiн жобаларға қойылатын критерийлер негiзiнде үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шарты талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзедi.
13. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 6-8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-8-бап. Мемлекетке талап ету құқықтарын берудің ерекшеліктері
1. Мемлекет «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және (немесе) «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда тапсырыс беруші ретінде жобалық қаржыландыруға қатысады.
2. Базалық шарт бойынша орындаушыны таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік және (немесе) концессиялар туралы заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
3. Базалық шарт бойынша орындаушы өзінің кредиторларға немесе арнайы қаржы компаниясына талап ету құқықтарын беруді жүргізгені туралы мемлекетті күнтізбелік он күн ішінде жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.».
14. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
10-баптың 3-тармағы 5) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақта белгiленген тыйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын сатылы келiсiмдерге не егер нарық субъектiлерiнiң тауар нарығындағы жиынтық үлесi жиырма пайыздан аспаса, қолданылмайды.».
15. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-II, 94-құжат; № 19-II, 96-құжат):
1) 65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мақсатында жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шартында көзделген талаптар мен мерзімдерде, бірақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің аяқталмаған құрылысын мемлекеттік меншікке беруден кешіктірмей, олар сатып алған жер учаскелерін мемлекеттік әріптеске не концедентке беру шартымен жекеше әріптестің не концессионердің қаражаты есебінен жүзеге асыруы мүмкін.»;
2) 72-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық объектілер мен мемлекеттік мүлікті немесе тек қана мемлекетке тиесілі мүлікті пайдалануға беруге мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де шарттар бойынша кейіннен оларды жекешелендіру құқығынсыз жол беріледі.»;
3) 79-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«79-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік
не концессия шарты бойынша беру
Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарты бойынша беру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және (немесе) «Концессиялар туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 198-баптың 7-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік мүліктің құрамына кіретін, оның ішінде сенімгерлікпен басқарудағы, жалдаудағы, концессиядағы не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша берілген мүліктің барлық түрлері болып табылады.».
16. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 15, 119-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 3, 19-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 11, 63-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:
«29-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы
мемлекеттік-жекешелік әріптестік
Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
17. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 96-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті