Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы
2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашғабатта жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім «Қазақстан Республикасы осы Келісімнің 1-бабында келтірілген және одан әрі Келісімнің 2-бабында пайдаланылатын «резидент-банк» терминін Қазақстан Республикасы Тараптардың бірінің заңнамасына сәйкес құрылған, осы Тараптың құзыретті органының арнайы рұқсатының (лицензиясының немесе өзге де негіздемесінің) негізінде банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар және оның заңнамасы бойынша банк деп танылған заңды тұлға деп түсінетіндігін мәлімдейді» деген ескертпемен ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті