"Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республиасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрінің                   К. Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы

      2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашғабатта жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім «Қазақстан Республикасы осы Келісімнің 1-бабында келтірілген және одан әрі Келісімнің 2-бабында пайдаланылатын «резидент-банк» терминін Қазақстан Республикасы Тараптардың бірінің заңнамасына сәйкес құрылған, осы Тараптың құзыретті органының арнайы рұқсатының (лицензиясының немесе өзге де негіздемесінің) негізінде банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар және оның заңнамасы бойынша банк деп танылған заңды тұлға деп түсінетіндігін мәлімдейді» деген ескертпемен ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады