«Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының 7595 дана қарапайым акцияларын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысын қабылдауға келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов