Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын іске асырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1205 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және оған Киото хаттамасының ережелерін іске асырудың кейбір мәселелері»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және оған Киото хаттамасының ережелерін іске асыруды үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тағайындалсын.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов