Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және оған Киото хаттамасының, сондай-ақ Париж келісімінің ережелерін іске асырудың кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1205 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.09.2022 № 718 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының және оған Киото хаттамасының, сондай-ақ Париж келісімінің ережелерін іске асыруды үйлестіру жөніндегі уәкілетті орган болып тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.09.2022 № 718 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады