Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 93 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 24), 25) тармақшаларын және «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды;
      2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді тиімді пайдалануын мониторингтеуді қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
      2) есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 019 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 93 қаулысымен   
бекітілген     

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және «2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 1300 қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге және профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай:
      1) 019 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      2) 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі - ағымдағы нысаналы трансферттер) бойынша пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      3. Вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.
      Вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.07.2015 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
      1) халыққа инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация жүргізуді;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін келісуді қамтамасыз етеді.

3. Профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      5. Ағымдағы нысаналы трансферттер профилактикалық дезинсекция (елді мекеннің аумағында, сондай-ақ қажет болған жағдайда елді мекенге іргелес аумақта жәндіктерді жою) және дератизация (елді мекеннің аумағында, сондай- ақ қажет болған жағдайда елді мекенге іргелес аумақта кеміргіштерді жою) жүргізуге бөлінеді.
      6. Дезинсекцияға қарсы препараттарды, сондай-ақ профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізу (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Министрлікпен профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштерін келісуді қамтамасыз етеді.

4. Нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша қаражатты пайдалану

      8. Министрлік облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының негізінде жүргізеді.
      9. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу пайда болған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары 019 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша үнемдеу сомасын Министрлікпен келісу бойынша пайдалануға құқылы.
      10. Қандай да бір облыс және Астана мен Алматы қалалары 019 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықтың иммундық профилактикасын қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» және 063 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге (инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарының аумағындағы, сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың ошақтарындағы дезинсекция мен дератизацияны қоспағанда) берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражатты, оның ішінде облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тікелей және түпкілікті көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелері бойынша толық игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне нысаналы трансферттердің сомаларын 2015 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында қайта бөлу туралы ұсыныстар енгізеді.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения и на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний)

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 93

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 января 2015 года.

      В целях реализации подпунктов 24), 25) статьи 15 Закона Республики Казахстан от 28 ноября 2014 года «О республиканском бюджете на 2015 – 2017 годы» и постановления Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2014 года № 1300 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2015 – 2017 годы» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения и на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний).
      2. Министерству национальной экономики Республики Казахстан обеспечить:
      1) перечисление утвержденных сумм целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы в установленном законодательством порядке;
      2) мониторинг за эффективным использованием целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы.
      3. Акимам областей, городов Астаны и Алматы обеспечить:
      1) своевременное и целевое использование выделенных сумм целевых текущих трансфертов;
      2) представление в Министерство национальной экономики Республики Казахстан отчетов об использовании выделенных сумм целевых текущих трансфертов до 15-го числа месяца, следующего за отчетным месяцем, по бюджетным программам 019 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения» и 063 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний)».
      4. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2015 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 26 февраля 2015 года № 93

Правила
использования целевых текущих трансфертов из республиканского
бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов
Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения и
на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за
исключением дезинсекции и дератизации на территории природных
очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в
очагах инфекционных и паразитарных заболеваний)

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2015 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения и на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний) (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 15 Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2015 – 2017 годы» и постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2014 года № 1300 «О реализации Закона Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2015 – 2017 годы».
      2. Правила определяют порядок использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения и на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний) по следующим республиканским бюджетным программам (далее – целевые текущие трансферты):
      1) 019 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения»;
      2) 063 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний)».

2. Порядок использования целевых текущих трансфертов из
республиканского бюджета на закуп вакцин и других
иммунобиологических препаратов

      3. Закуп вакцин и других иммунобиологических препаратов осуществляет единый дистрибьютор, определяемый Правительством Республики Казахстан.
      Закуп вакцин и других иммунобиологических препаратов осуществляется в соответствии с Правилами организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 08.07.2015 № 515 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Акимы областей, городов Астаны и Алматы обеспечивают:
      1) проведение вакцинации населения против инфекционных заболеваний;
      2) согласование с Министерством национальной экономики Республики Казахстан (далее – Министерство) показателей прямого и конечного результата по целевым текущим трансфертам на обеспечение иммунопрофилактики населения.

3. Порядок использования целевых текущих трансфертов из
республиканского бюджета на проведение профилактической
дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и
дератизации на территории природных очагов инфекционных и
паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и
паразитарных заболеваний)

      5. Целевые текущие трансферты выделяются на проведение профилактической дезинсекции (уничтожение насекомых на территории населенного пункта, а также при необходимости прилегающей к населенному пункту территории) и дератизации (уничтожение грызунов на территории населенного пункта, а также при необходимости прилегающей к населенному пункту территории).
      6. Организацию закупа противодезинсекционных препаратов, а также услуг по проведению профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний) осуществляют местные органы государственного управления в области жилищно-коммунального хозяйства областей, городов Астаны и Алматы в соответствии с законодательством о государственных закупках.
      7. Акимы областей, городов Астаны и Алматы обеспечивают согласование с Министерством показателей прямого и конечного результата по целевым текущим трансфертам на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний).

4. Использование средств по целевым текущим трансфертам

      8. Министерство производит перечисление целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на основании индивидуальных планов финансирования по платежам соответствующих бюджетных программ.
      9. В случае образования экономии при использовании целевых текущих трансфертов местные исполнительные органы области, города республиканского значения, столицы вправе использовать сумму экономии по бюджетным программам 019 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения» и 063 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний)» по согласованию с Министерством.
      10. В случае неполного освоения выделенных средств какой-либо областью и городами Астаной и Алматы, в том числе по результатам достижения прямых и конечных показателей областей и городов Астаны и Алматы, по бюджетным программам 019 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на обеспечение иммунопрофилактики населения» и 063 «Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на проведение профилактической дезинсекции и дератизации (за исключением дезинсекции и дератизации на территории природных очагов инфекционных и паразитарных заболеваний, а также в очагах инфекционных и паразитарных заболеваний)» Министерство в установленном законодательством порядке вносит предложения в Правительство Республики Казахстан о перераспределении сумм целевых трансфертов между областями и городами Астаной и Алматы в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2015 год.