Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан
зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының
құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы
ратификациялау туралы
2014 жылғы 5 желтоқсанда Астанада жасалған 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан
зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының
құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі
2009 жылғы 6 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) шеңберінде Тараптар арасындағы салықтық реттеуді қамтамасыз ету арқылы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін, сондай-ақ ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін жеткізу және пайдалану кезінде Тараптардың ынтымақтастығын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында,
Келісімнің 13-бабын негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 2-бабы 8) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Француз тарапынан - АСТРИУМ САС ықшамдалған типтегі акционерлік қоғамның қазақстандық филиалын қоса алғанда, Нантер сауда палатасында 393 341 516 нөмірімен тіркелген 16 587 728 капиталы бар Astrium SAS ықшамдалған типтегі француз акционерлік қоғамы;».
Келісімнің 9-бабының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Кедендік және салықтық реттеу».
Келісімнің 9-бабы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Осы Келісім шеңберінде Тараптардың ынтымақтасушы ұйымдары арасында тауарларды жеткізу, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету осы Келісім күшіне енген күннен бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасында қосылған құн салығынан босатылуға жатады.
Осы Келісім шеңберінде қосылған құн салығынан босату үшін жеткілікті негіз болып табылатын құжаттар:
1) осы Келісім шеңберінде Тараптардың ынтымақтасушы ұйымдары арасында жасалған келісімшарттар;
2) Қазақстан Тарапының уәкілетті органының тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу осы Келісімнің шеңберінде жүргізілгенін растайтын тиісті құжат, ол:
мынадай келісімшарттар:
Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін жеткізу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған 2009 жылғы 6 қазандағы № 05-85 келісімшарт;
сынау учаскелерінің жабдығын (ТFЕ) жеткізуге және Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің ТFЕ жеткізу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған 2010 жылғы 27 қазандағы № 05-117 келісімшарт;
ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін жобалауды және салуды сүйемелдеу жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған 2010 жылғы 27 қазандағы № 05-118 келісімшарт;
арнайы конструкторлық-технологиялық бюроны (АКТБ) жобалау және құрылуын сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған 2012 жылғы 29 маусымдағы № 05-96 келісімшарт;
арнайы конструкторлық-технологиялық бюроны (АКТБ) жобалау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған 2013 жылғы 27 ақпандағы № 05-37 келісімшарт үшін берілген;
болашақ келісімшарттар үшін осы құжат олар күшіне енгенге дейін беріледі;
3) орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің актілері;
4) осы Келісім шеңберінде қол қойылған келісімшарттарға қатысты шот-фактуралар болып табылады.».
2-бап
Тараптар арасындағы осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар Келісімнің 12-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.
3-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күні күшіне енеді және Келісім күшіне енген күннен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
2014 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, француз және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.
Қазақстан Республикасының Француз Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Хаттаманың француз тіліндегі мәтіні берілген.