Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесін және нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 137-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";
7-тармақ алып тасталсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 272-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.".
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |