Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2016 № 61 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 655 қаулысын мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен құрылған Жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары»;
мыналар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының вице-президенті (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Серік Мәуленұлы Өмірбаев, Зарема Кәукенқызы Шәукенова, Рахман Алшанұлы Алшанов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов