Жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 655 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2016 № 61 қаулысымен.

      Жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 маусымдағы
№ 655 қаулысына   
қосымша       

Жоғары оқу орындарын жаңғырту мәселелері жөніндегі
комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.03.2015 № 134 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары, жоғарыдан кейінгі білім беру және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, хатшы
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының вице-президенті (келісім бойынша)

Ақанов
Айқан Ақанұлы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

Сарыбеков
Махметқали Нұрғалиұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры

Қалменов
Тынысбек Шәріпұлы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

Даирова
Қадиша Нұрділдақызы

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының вице-президенті (келісім бойынша)

Ерімбетов
Нұрлан Кенжебекұлы

«Қазақстан Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады