"Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 153 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3) көрсетілген қаулымен бекітілген Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 153 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

Лауазымы

Кім тағайындайды

Кім ұсынады

Кіммен келісіледі

(ұсыным берген)

1

2

3

4

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

Үкімет

Премьер-Министр


Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары

Президент

Әкімшілік басшысы

Премьер-Министрмен

Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарларынан басқа, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер)

Үкімет

министрлер

Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен

Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарлары

Премьер-Министр

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы


Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

Премьер-Министр

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы


Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, бас инспекторлар, Премьер-Министрдің кеңесшілері мен көмекшілері

Премьер-Министр

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы


Премьер-Министрдің штаттан тыс кеңесшілері

Премьер-Министр

Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы


Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары

министрлер


Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен

Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда, орталық атқарушы органдар комитеттері төрағаларының орынбасарлары

жауапты хатшылар**

комитеттер төрағалары

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен

Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары

Министр

комитет төрағасы

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Әкімшілік Басшысымен

Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы

Үкімет

БҰҰДБ тұрақты өкілі


Ядролық зерттеулер біріккен институтына мүше-мемлекеттердің өкілетті өкілдер комитетіндегі (Дубна қаласы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі

Үкімет

Энергетика министрі


Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары*

Президент

министрлер

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы*

Үкімет


Президентпен

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Үкімет


Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі", "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамдарының басқарма төрағалары*

тиісті холдингтердің директорлар кеңестері

Премьер-Министр

Әкімшілік Басшысымен

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына кіретін жекелеген ұлттық даму институттарының және ұлттық компанияларының басқарма төрағалары*

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқармасы

Премьер-Министр

Әкімшілік Басшысымен

"Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі", "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі", "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамдарына кіретін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары

директорлар кеңестері

Холдингтердің басқарма төрағаларымен

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен

Холдингтердің құрамына кірмейтін жекелеген ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары

директорлар кеңестері

Премьер-Министр


"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы, "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы", "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Тараз" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамдарының басқарма төрағалары

директорлар кеңестері

Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі

Үкімет

Ұлттық экономика министрі

Президентпен

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары

Үкімет

Ұлттық экономика министрі

Президентпен

Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры

Президент

Мәдениет және спорт министрі

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен

"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы

Президент

Мәдениет және спорт министрі

Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен


      Ескертпе:

      * Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) бойынша немесе оның келісімі бойынша қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының осы қаулымен бекітілген тізімге сәйкес осы кадрлар "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы бойынша оның Әкімшілігі Басшысының міндетті түрде келісімінен өтеді.

      * "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығына сәйкес жауапты хатшы еңбек қатынастары мәселесі заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, ведомстволар басшылары тағайындау үшін ұсынған ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындайды.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 153 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке тағайындау немесе қызметтен босату туралы ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органның басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызметшілерін Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы ұсынылып отырған тағайындау немесе босату себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, жазбаша нысанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (бұдан әрі - Премьер-Министр) қарауына енгізеді.

      Мемлекеттік және өзге де лауазымға тағайындау және/немесе тағайындауды келісу үшін ұсынысқа:

      1) қағаз және электронды тасымалдағышта мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суретімен қызметтік тізім;

      2) кандидаттың өтініші;

      3) жеке куәлік көшірмесі;

      4) кадрлар есебі жөніндегі жеке парақ;

      5) өмірбаян;

      6) білімі, берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшірмелері;

      7) мөлшері 3x4 см 4 фотосурет;

      8) кандидаттың лауазымға орналасуы үшін арнайы тексеруден өткені туралы анықтама;

      9) мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімді басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі (қажет болған кезде);

      10) мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның "А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің кадр резервіне қою туралы бұйрығынан үзінді ("А" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінің лауазымдарына тағайындаған кезде) қоса берілуі тиіс.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымға ротациялау шеңберінде тағайындауды келісу ресіміне қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу ережесінде айқындалады.

      Мемлекеттік және өзге де лауазымнан босату және/немесе босатуды келісу үшін:

      1) босатудың нақты себептері мен дәлелдері көрсетілген ұсыныс;

      2) қағаз және электронды тасымалдағышта мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша түрлі-түсті суретімен қызметтік тізім;

      3) өтініш (лауазымнан өз еркімен босатылған жағдайда) ұсынылуы тиіс.

      Почта арқылы келіп түсетін пакеттерде "Кадрлар" деген мөртаңба қойылып, пакет міндетті түрде нөмірленеді. Премьер-Министр Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі пакетті Премьер-Министр Кеңсесі Басшылығының Хатшылығына (бұдан әрі - Басшылық Хатшылығы) ашпай береді.

      Басшылық Хатшылығына келіп түскен құжаттар тіркелген және зерделенген соң алдын-ала келісу үшін Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысына (бұдан әрі - Кеңсе Басшысы) беріледі, ол өз кезегінде тағайындауға немесе босатуға кандидаттар туралы Премьер-Министрге жеке баяндайды. Осы ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда құжаттар тиісті мемлекеттік органның басшысына қайтарылуы мүмкін. Мұндай құжаттарды қабылдау бөлмелерінің мамандары немесе көмекшілері арқылы беруге рұқсат етілмейді.

      2. Тағайындауға не атқарып отырған қызметінен босатуға ұсынылатын кадрларды Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесінің бөлімдері алдын ала зерделеуі мүмкін. Ұсынылған материалдарды талдау барысында қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын лауазымды тұлғаның іскерлік және жеке қабілеттерін оны Премьер-Министр Кеңсесіне әңгімелесуге шақыру арқылы зерделенеді, қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.

      3. Премьер-Министрдің келісімін алғаннан кейін Басшылық Хатшылығы кадрларды тағайындауға немесе босатуға Кеңсе Басшысына берілетін қаулы дайындайды. Кеңсе Басшысы оларды Премьер-Министрге қол қоюға енгізеді.

      4. Үкіметтің келісімі бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша келісу нәтижесі ұсынысқа қарар түрінде ресімделеді және тиісті орталық атқарушы органға беріледі.

      5. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі — Президент Әкімшілігі) Басшысымен келісім бойынша тағайындалуы немесе босатылуы тиіс мемлекеттік қызметшілер жөніндегі тиісті орталық атқарушы органның басшысы қол қойған және Басшылық Хатшылығына енгізілген ұсыныстар Кеңсе Басшысында және Премьер-Министрде алдын ала келісілгеннен кейін тағайындауға немесе қызметтен босатуға келісім беру туралы ұсыныс хатпен Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне беріледі. Ол Президент Әкімшілігінде келісуді ұйымдастырады, содан кейін Басшылық Хатшылығына ұсынылып отырған не босатылатын кандидатура жөнінде жауапты хабарлайды.

      Келісу рәсімі аяқталған соң қызметке тағайындау не қызметтен босату туралы дайындалған құжаттарды Кеңсе Басшысы Премьер-Министрге қол қоюға енгізеді.

      6. Жоспарлы ротация шеңберінде мемлекеттік әкімшілік қызметтің "А" корпусына жатқызылған лауазымға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ротация жүргізу ережелерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 153 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 16 шілдедегі
№ 784 қаулысымен
бекітілген

Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының
ТІЗІМІ

1.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ

2.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

3.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ

4.

"Қазақтелеком" АҚ

5.

"Қазпочта" АҚ

6.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

7.

"KEGOC" АҚ

8.

"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ

9.

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ

10.

"Эйр Астана" АҚ

11.

"Самұрық-Энерго" АҚ

12.

"Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі" АҚ

13.

"Қазақстан даму банкі" АҚ

14.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ

15.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ

16.

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ

17.

"Стрессті активтер қоры" АҚ

18.

"Қазақстан ипотекалық компаниясы" Ипотекалық ұйымы" АҚ

19.

"Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ

20.

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ

21.

"Kazsatnet" ҰК" АҚ

22.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ

23.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ

24.

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ

25.

"КазАгроФинанс" АҚ

26.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ

27.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ

28.

"Казгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ

29.

"Кәсіпқор" холдингі" АҚ

30.

"Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" АҚ

31.

"Қазақ ақпарат агенттігі" ҰК" АҚ

32.

"СК-Фармация" ЖШС

33.

"Қазтелерадио" АҚ

34.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

35.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

36.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

37.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

38.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

39.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

40.

Қазақ ұлттық өнер университеті

41.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

42.

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚ - акционерлік қоғам

      ҰК - ұлттық компания

      ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 "О некоторых вопросах совершенствования механизма решения кадровых вопросов по должностным лицам, назначаемым Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 153. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2023 года № 1195.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.12.2023 № 1195.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 "О некоторых вопросах совершенствования механизма решения кадровых вопросов по должностным лицам, назначаемым Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним" следующие изменения:

      1) перечень должностей политических государственных служащих и иных должностных лиц, назначаемых Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним, утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему постановлению;

      2) Правила о порядке согласования, назначения на должность и освобождения от должности политических государственных служащих и иных должностных лиц, назначаемых Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему постановлению;

      3) список национальных холдингов, компаний, институтов развития, государственных высших учебных заведений, первые руководители которых назначаются на должность или освобождаются от должности по представлению (рекомендации) Премьер-Министра или по согласованию с ним, утвержденный указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению 3 к настоящему постановлению

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 20 марта 2015 года № 153
Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 16 июля 2002 года № 784

ПЕРЕЧЕНЬ
должностей политических государственных служащих и иных
должностных лиц, назначаемых Правительством
Республики Казахстан или по согласованию с ним

Должность

Кем назначается

Кем представляется

С кем согласовывается (рекомендуется)

1

2

3

4

Руководитель Канцелярии Премьер- Министра

Правительством

Премьер-Министром



Ответственные секретари центральных исполнительных органов

Президентом

Руководителем Администрации

Премьер-Министром

Заместители министров (вице-министры), кроме заместителей министров обороны; иностранных дел; внутренних дел; юстиции

Правительством

министрами

Президентом или по его поручению с Руководителем Администрации

Заместители Руководителя Канцелярии Премьер-Министра

Премьер-Министром

Руководителем Канцелярии Премьер-Министра


Руководители структурных подразделений Канцелярии Премьер-Министра

Премьер-Министром

Руководителем Канцелярии Премьер-Министра


Заместители руководителей структурных подразделений Канцелярии Премьер-Министра, главные инспектора, советники и помощники Премьер-Министра

Премьер-Министром

Руководителем Канцелярии Премьер-Министра


Внештатные советники Премьер-Министра

Премьер-Министром

Руководителем Канцелярии Премьер-Министра


Председатели комитетов министерств, за исключением министерств внутренних дел и иностранных дел

министрами


Премьер-Министром или по его поручению с Руководителем Канцелярии Премьер-Министра, Руководителем Администрации

Заместители председателей комитетов центральных исполнительных органов, за исключением министерств внутренних дел, иностранных дел

ответственными секретарями**

председателями комитетов

Премьер-Министром или по его поручению с Руководителем Канцелярии Премьер-Министра

Заместители председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов, кроме курирующего правоохранительную деятельность

Министром

председателем Комитета

Премьер-Министром или по его поручению с Руководителем Канцелярии Премьер-Министра, Руководителем Администрации

Председатель Управляющего комитета Регионального хаба в сфере государственной службы

Правительством

Постоянным представителем ПРООН


Полномочный представитель Правительства Республики Казахстан в Комитете полномочных представителей государств-членов Объединенного института ядерных исследований (город Дубна)

Правительством

Министром энергетики


Первые руководители государственных высших учебных заведений, назначаемые на должности и освобождаемые от должностей Президентом Республики Казахстан*

Президентом

министрами

Премьер-Министром, Руководителем Администрации

Председатель правления акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына"*

Правительством


Президентом

Председатель правления акционерного общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек"

Правительством


Президентом или по его поручению с Руководителем Администрации

Председатели правлений акционерных обществ "Национальный инфокоммуникационный холдинг "Зерде", "Национальный управляющий холдннг "Казагро"*

советами директоров соответствующих холдингов

Премьер-Министром

Руководителем Администрации

Председатели правлений отдельных национальных институтов развития и национальных компаний, входящих в акционерное общество "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына"*

правлением акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына"

Премьер-Министром

Руководителем Администрации

Председатели правлений отдельных национальных компаний, входящих в акционерные общества "Национальный управляющий холдинг "Байтерек", "Национальный инфокоммуникационный холдинг "Зерде", "Национальный управляющий холдинг "Казагро"*

советами директоров

председателями правлений холдингов

Премьер-Министром или по его поручению с Руководителем Канцелярии Премьер-Министра

Председатели правлений отдельных национальных компаний, не входящих в состав холдингов

советами директоров

Премьер-Министром


Председатели правлений акционерных обществ "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Сарыарка", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Каспий", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Атырау", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Astana", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Алматы", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Ақтөбе", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Есіл", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Байконур", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация Павлодар", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Epтic", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Жетісу", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация Солтүстік", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Тобол", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Тараз", "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Орал"

советами директоров

акимами областей, городов Астаны и Алматы

Премьер-Министром или по его поручению с Руководителем Канцелярии Премьер-Министра

Торговый представитель Республики Казахстан в Российской Федерации

Правительством

Министром национальной экономики

Президентом

Заместители Торгового представителя Республики Казахстан в Российской Федерации

Правительством

Министром национальной экономики

Президентом

Директор Национального музея Республики Казахстан

Президентом

Министром культуры и спорта

Премьер-Министром, Руководителем Администрации

Руководитель некоммерческого акционерного общества "Государственный театр оперы и балета "Астана Опера"

Президентом

Министром культуры и спорта

Премьер-Министром, Руководителем Администрации

      Примечания:

      * в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 29 марта 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти" данные кадры проходят обязательное согласование с Президентом Республики Казахстан или по его поручению с Руководителем его Администрации согласно списку национальных холдингов, компаний, институтов развития, государственных высших учебных заведений, первые руководители которых назначаются на должности или освобождаются от должностей по представлению (рекомендации) Премьер-Министра или по согласованию с ним, утвержденному настоящим постановлением.

      ** в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 27 июля 2007 года № 372 "О статусе и полномочиях ответственного секретаря центрального исполнительного органа Республики Казахстан" ответственный секретарь назначает заместителей руководителей ведомств, представляемых для назначения руководителями ведомств, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законодательными актами отнесены к компетенции вышестоящих государственных органов и должностных лиц.

  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 20 марта 2015 года № 153
Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 16 июля 2002 года № 784

ПРАВИЛА
о порядке согласования, назначения на должность и освобождения
от должности политических государственных служащих и иных
должностных лиц, назначаемых Правительством Республики
Казахстан или по согласованию с ним

      1. Представления о назначении на должность или освобождении от должности политических государственных служащих и иных должностных лиц, назначаемых Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним, вносятся на рассмотрение Премьер-Министру Республики Казахстан (далее — Премьер-Министр) в письменной форме руководителем соответствующего государственного органа, государственных служащих Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан - Руководителем Канцелярии Премьер-Министра с указанием причин и мотивов предлагаемого назначения или освобождения.

      Для назначения и/или согласования назначения на государственную или иную должность к представлению должны быть приложены:

      1) послужной список с цветной фотографией по форме, утвержденной уполномоченным государственным органом в сфере государственной службы, на бумажном и электронном носителях;

      2) заявление кандидата;

      3) копия удостоверения личности;

      4) личный листок по учету кадров;

      5) автобиография;

      6) копии дипломов об образовании, присуждении ученых степеней и ученых званий;

      7) 4 цветные фотографии размером 3x4 см;

      8) справка о прохождении кандидатом на замещение должности специальной проверки;

      9) нотариально заверенная копия договора на доверительное управление имуществом государственного служащего (при необходимости);

      10) выписка из приказа уполномоченного государственного органа в сфере государственной службы о зачислении в кадровый резерв административной государственной службы корпуса "А" (при назначении на должности административной государственной службы корпуса "А").

      Перечень документов, необходимых для процедуры согласования назначения в рамках ротации на должность, отнесенную к корпусу "А" административной государственной службы, определяется Правилами проведения ротации административных государственных служащих корпуса "А", утверждаемыми Президентом Республики Казахстан.

      Для освобождения и/или согласования освобождения от государственной или иной должности должны быть представлены:

      1) представление с указанием конкретных причин и мотивов предполагаемого освобождения;

      2) послужной список с цветной фотографией по форме, утвержденной уполномоченным государственным органом в сфере государственной службы, на бумажном и электронном носителях;

      3) заявление (в случае освобождения от должности по собственному желанию).

      На пакетах, поступающих по почте, ставится штамп "Кадры" с обязательной нумерацией пакета. Отделом контроля и документационного обеспечения Канцелярии Премьер-Министра пакет передается в Секретариат Руководства Канцелярии Премьер-Министра (далее - Секретариат Руководства) без вскрытия.

      Поступившие в Секретариат Руководства документы после регистрации и изучения передаются для предварительного согласования Руководителю Канцелярии Премьер-Министра (далее - Руководитель Канцелярии), который, в свою очередь, лично докладывает о кандидатах на назначение или освобождение Премьер-Министру. В случае несоответствия требованиям настоящих Правил, документы могут быть возвращены руководителю соответствующего государственного органа. Не допускается передача таких документов через специалистов приемных и помощников.

      2. По поручению Премьер-Министра или Руководителя Канцелярии кадры, представляемые к назначению либо освобождению от занимаемой должности, могут быть предварительно изучены соответствующими заместителями Премьер-Министра и отделами Канцелярии Премьер-Министра. В ходе анализа представленных материалов по согласованию назначения на должность или освобождения от должности изучаются деловые и личные качества назначаемого или освобождаемого должностного лица с приглашением его на собеседование в Канцелярию Премьер-Министра, могут запрашиваться дополнительные документы.

      3. После получения согласия Премьер-Министра Секретариатом Руководства готовятся постановления на назначение или освобождение кадров, которые передаются Руководителю Канцелярии. Руководитель Канцелярии вносит их на подпись Премьер-Министру.

      4. По кадрам, назначаемым по согласованию с Правительством, результат согласования оформляется в виде резолюции к представлению и передается в соответствующий центральный исполнительный орган.

      5. Представления по государственным служащим, назначение или освобождение которых должно производиться по согласованию с Президентом Республики Казахстан или по его поручению с Руководителем Администрации Президента Республики Казахстан (далее — Администрация Президента) в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 29 мapтa 2002 года № 828 "О некоторых вопросах кадровой политики в системе органов государственной власти", подписанные руководителем соответствующего центрального исполнительного органа и внесенные в Секретариат Руководства, после предварительного согласования у Руководителя Канцелярии и Премьер-Министра письмом с предложением о даче согласия на назначение или освобождение от должности передаются в Отдел государственной службы и кадровой политики Администрации Президента. Последний организует согласование в Администрации Президента, после чего сообщает ответ по представляемой либо освобождаемой кандидатуре в Секретариат Руководства.

      После завершения процедуры согласования подготовленные документы о назначении на должность либо освобождении от занимаемой должности вносятся Руководителем Канцелярии на подпись Пpемьер-Министру.

      6. Назначение на должности, отнесенные к корпусу "А" административной государственной службы, в рамках плановой ротации осуществляется в порядке, предусмотренном Правилами проведения ротации административных государственных служащих корпуса "А", утверждаемыми Президентом Республики Казахстан.

  Приложение 3
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 20 марта 2015 года № 153
Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 16 июля 2002 года № 784

СПИСОК
национальных холдингов, компаний, институтов развития,
государственных высших учебных заведений, первые руководители
которых назначаются на должность или освобождаются от должности
по представлению (рекомендации) Премьер-Министра
или по согласованию с ним

1.

АО "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына"

2.

АО "НК "КазМунайГаз"

3.

АО "Национальная атомная компания "Казатомпром"

4.

АО "Казахтелеком"

5.

АО "НК "Қазақстан темір жолы"

6.

АО "KEGOC"

7.

АО "НК "Казахстан Инжиниринг"

8.

АО "Национальная горнорудная компания "Tay-Кен Самрук"

9.

АО "Эйр Астана"

10.

АО "Самрук-Энерго"

11.

АО "Национальный управляющий холдинг "Байтерек"

12.

АО "Банк развития Казахстана"

13.

АО "Фонд развития предпринимательства "Даму"

14.

АО "Казпочта"

15.

АО "Жилищный строительный сберегательный Банк Казахстана"

16.

АО "Инвестиционный Фонд Казахстана"

17.

АО "Фонд стрессовых активов"

18.

АО "Ипотечная организация "Казахстанская ипотечная компания"

19.

АО "Национальное агентство по технологическому развитию"

20.

АО "Национальный инфокоммуникационный холдинг "Зерде"

21.

АО "НК "Kazsatnet"

22.

АО "Национальные информационные технологии"

23.

АО "Национальный управляющий холдинг "КазАгро"

24.

АО "Продовольственная контрактная корпорация"

25.

АО "КазАгроФинанс"

26.

АО "НК "Қазақстан Ғарыш Сапары"

27.

АО "НК "Астана ЭКСПО-2017"

28.

АО "Национальная геолого-разведочная компания "Казгеология"

29.

АО "Холдинг "Кәсіпқор"

30.

АО "Национальное агентство по экспорту и инвестициям "Kaznex Invest"

31.

АО "НК "Казахское информационное агентство"

32.

ТОО СК Фармация"

33.

АО "Казтелерадио"

34.

Казахский национальный университет имени аль-Фараби

35.

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

36.

Казахский национальный технический университет имени К.И. Сатпаева

37.

Казахский национальный педагогический университет имени Абая

38.

Казахский национальный аграрный университет

39.

Казахская национальная консерватория имени Курмангазы

40.

Казахский национальный университет искусств

41.

Казахская национальная академия искусств имени Т.К. Жургенова

42.

Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова


      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      АО - акционерное общество

      НК - национальная компания

      ТОО - товарищество с ограниченной ответственностью