Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 77, 1011-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы |
- |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры |
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы |
- |
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры |
мына: |
||
«Асылова Бибігүл Аманкелдіқызы |
- |
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау, олардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау департаментінің директоры» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын: |
||
«Асылова Бибігүл Аманкелдіқызы |
- |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры»; |
көрсетілген құрамнан Фатима Надырқызы Жақыпова және Серік Жайлауұлы Пірәлиев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов