"Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 182 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік  университетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 77, 1011-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:

Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлы

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы

-

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры

мына:



«Асылова Бибігүл Аманкелдіқызы

-

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау, олардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау департаментінің директоры»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Асылова Бибігүл Аманкелдіқызы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры»;
департаментінің директоры»;

      көрсетілген құрамнан Фатима Надырқызы Жақыпова және Серік Жайлауұлы Пірәлиев шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады