Қырғыз Республикасындағы қолайсыз табиғи-климаттық жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қырғыз Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшiн мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ізгілік жүкті Қырғыз Республикасындағы межелі пунктке дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Қаржы, Инвестициялар және даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi ресми iзгiлiк көмектi алушыны анықтасын және оны көрсету жөнiндегi шараларды үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 185 қаулысына
қосымша
Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 899 қаулысымен.
Р/с |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жоғары сұрыпты бидай ұны |
тонна |
400 |
2 |
Өсімдік майы |
литр |
84 000 |
3 |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.11.2015 № 899 қаулысымен. |