Стратегиялық объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу туралы және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 217 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі қабылдаған 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «ПетроКазахстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының кредит желісі бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге Шымкент мұнай өңдеу зауытының мүліктік кешеніне үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
      2. «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
«

Мұнай өңдеу өндірістері

1.

Шымкент мұнай өңдеу зауытының мүліктік кешені

                                                                 ».
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Об обременении стратегического объекта правами третьих лиц и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 апреля 2015 года № 217

      В соответствии со статьей 193-1 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть), принятого Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 года, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Разрешить товариществу с ограниченной ответственностью «ПетроКазахстан Ойл Продактс» совершить сделку по обременению правами третьих лиц имущественного комплекса Шымкентского нефтеперерабатывающего завода в обеспечение выполнения обязательств по кредитной линии акционерного общества «Банк Развития Казахстана».
      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 «Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 31, ст. 330) следующее дополнение:
      перечень стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства, утвержденный указанным постановлением, дополнить разделом следующего содержания:
      «

Нефтеперерабатывающие производства

1.

Имущественный комплекс Шымкентского нефтеперерабатывающего завода

                                                               ».
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                      К. Масимов