"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Павлодар су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Семей су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Ертіс су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына бірігу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Орал су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Атырау су жолдары кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;
2) қызмет көрсетілетін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын және кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) тиісінше күтіп ұстау мен дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорындардың жарғыларын бекітуге ұсынуды;
2) әділет органдарында кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683; 29.12.2018 № 936 қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |