Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 286 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 886 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. "Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1313 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 692-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.".

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-168-жолмен толықтырылсын:

      "21-168. "Қазконтент" АҚ".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне" деген кіші бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-15-1-жолмен толықтырылсын:

      "359-15-1. "Қазконтент" акционерлік қоғамы.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      5. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2018 № 936 қаулысымен.

О внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 286.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменение и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 24 апреля 2015 года № 286

Изменение и дополнения, которые вносятся
в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 декабря 2014 года № 1313 "О некоторых вопросах государственной собственности" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 80, ст. 692):

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Передать государственный пакет акций акционерного общества "Казтелерадио" из республиканской собственности в оплату размещаемых акций акционерного общества "Национальный инфокоммуникационный холдинг "Зерде".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "г. Астана":

      дополнить строкой, порядковый номер 21-168, следующего содержания:

      "21-168. АО "Казконтент".".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      подраздел "Комитету связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан":

      дополнить строкой, порядковый номер 359-15-1, следующего содержания:

      "359-15-1. Акционерное общество "Казконтент".

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683.

      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.12.2018 № 936.